Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің


 ҒЗТЖ – кәсіпорынның ӛндіріс тиімділігін жетілдіру қҧралы есебінде



жүктеу 1.18 Mb.
Pdf просмотр
бет8/10
Дата22.04.2017
өлшемі1.18 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.  ҒЗТЖ – кәсіпорынның ӛндіріс тиімділігін жетілдіру қҧралы есебінде 

 

Ұйымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған деп бӛлуге болады. 

Бағдарланған  шешім  –  математикалық  теңдеулерде  қолданылатын  әрбір  қадам  мен 

қимылдың  белгілі  бір  сәйкестілігін  жүзеге  асырудың  нәтижесі  болып  табылады.  Немесе  іс 

қимылдың айқын, белгілі бір қисынға (логика) сәйкес, нәтижелі түрде жүзеге асырылуы. 

Мұнда альтернативаның мүмкіндік саны шектеулі және таңдаулар ұйымдар белгіленген 

бағыттарда  жүзеге  асырылады.Мысалы,  аурухана  инспекторы,  медбикелер  мен  санитарлар 

жұмысының графигін жасағанда қызмет кӛрсететін жеке адамдар құрамы (персоналдар) мен 

емделушілер санының бір бірімен сәйкестігін талап еиеиін формулаға сүйенуі мүмкін. Егер 5 

емделушіге  1  медбике  болса,  онда  шешімдер  автоматты  түрде  қабылданады.Бағдарлау  – 

тиімді  ұйымдық  шешімдер  қабылдаудың  кӛмекші  құралы.  Шешімдердің  қабылдануына 

қарай басшылар кемшіліктерді жояды. 

Бағдарланған  шешімдер:  Мұндай  шешімдер  белгісіз  фактормен  ілесе  жүретін 

анықталған  ӛлшемде,  жаңа  болатын  жағдайларда  талап  етіледі.  Сол  себепті  қажетті 

қадамдардың  нақтылы  реттілігін  алдын-ала  құру  мүмкін  емес.Бағдарланбаған  шешімдер 

қатарына мына типтегі шешімдер жатады: ұйым мақсаттары қандай, ӛнімді қалай жақсартуға 

болады,  бӛлімшенің  құрылымын  қалай  жетілдіру  қажет,  бағыныштыларды  қалай 

ынталандыру керек. 

Келісімдер. 

Басқару проблемаларын зерттеу жӛнінде маман ретінде Роберт Кац былай деді: 

«Әрбір шешім аса қайшылықтарды, мақсаттарды және белгілерді теңгеруі керек. Ол кӛзқарас 

жағынан  үйлесімдіден  тӛмен  болады.  Ұйымдарға  әсерін  тигізетін  әрбір  шешім  немесе 

таңдаулар  (  ұйғарымдар)  оның  қайсы  бір  бӛлігінде  негативтік  салдар  ретінде 

қарастырылады». 

Шешімдерді  қабылдау  процесін  қарастыра  отырып,  ондағы  екі  мәселені  немесе 

жағдайды қарастырған жӛн. Оның біріншісі, шешім қабылдау қиын емес, бұл  кезекте  адам 

баолық іс қимылын таңдауға негіздейді. Жақсы шешім қабылдау қиын.. 


  Ал,  екіншісі,  шешім  қабылдау  –  психологиялық  процесс.  Адамның  іс-қимылы, 

әрекеттері әрқашанда қисынды бола бермейді. Бізді кейде логика(қисын) билесе, кейде сезім 

билеп кетеді. Басшы қабылдаған ұйғарымдарға осындай екі тұрғыдан қараған дұрыс. 

Әрине, нақтылы бір ұйғарымды аталған екі түрдің тек біреуіне жатқызу дұрыс болмас. Екеуі 

де қатар қолданылуы мүмкін. Дегенмен, мәселені тек сезім арқылы ғана шешем деген адам 

күтпеген кӛптеген кедергілерге тап болады. 

Статистика  мынаны  анықтаған,  қисынсыз(логика)  қабылданған  ұйғарымнан  шығатын 

нәтиже шамалы. Сезуге негізделген шешімдер – бұл оның дұрыс екендігін түсінік – түйсігі 

негізінде  жасалған  таңдау.  Шешім  қабылдаушы  бұл  жағдайда  «қостаушылар»  және 

«қарсыластар»  тәрізді  сапалы  ӛлшемдермен  айналыспайды,  олармен  санаспайды.  Ол  тек 

таңдауға ғана сүйенеді. 

Пікірлерге  негізделген  шешімдер.  Мұндай  шешімдер  кейде  интуициялық  болады, 

сондықтан олардың қисыны да айқын емес. 

Пікірлерге  негізделген  шешімдер  –  білім  немесе  жинақталған  тәжірибе  арқылы  келісілген 

таңдау. Пікір ұйымдық шешімнің негізі ретінде ғана пайдалы. Сол үшін ұйымдарда кӛптеген 

жағдайлардың жиі қайталану тенденциясы бар. 

Нарықты экономикаға ӛту кезеңінде кәсіпорындардағы ӛндірістік процестер мен әлеуметтік 

–  экрнрмикалық  қарым  –  қатынастардың  күрделілігі  соғұрлым  алуан  түрлі  шешімдер 

қабылдау  қажеттігін  туғызады.  Алайда  кейбір  елеулі  белгілерді  пайдалана  отырып, 

басқарушылық  шешімдерді  жүйе  –  жүйеге  жіктеп,  олардың  негізгі  түрлерін  бӛле  кӛрсетіп, 

сипаттауға болады. 

Басқарушылық шешімдерді жіктеудің елеулі белгілеріне мыналарды жатқызу керек: 

1) шешілетін мәселелерді қамту дәрежесі ( ауқымдылығы) 

2) қабылданған шешімдердің  жүзеге асырылуының ұзақтығы; 

3) қабылданған шешімдердің ықпал ететін обьектісі; 

4) шешімдердің функциялық сипаты;  

Шешілетін  мәселелердің  ауқымдылығы  жағынан  басқарушылық  шешімдердің  жалпы 

және жеке түрлері бӛлініп кӛрсетіледі. Жалпы шешімдерге жататындар – тұтас алғанда бүкіл 

шаруашылыққа  қатысты  шешімдер.  Жеке  шешімдерге  жататындар  -  ӛндірістің  жекелеген 

жақтарын, қызметкерлердің жекелеген топтарын қамтитын шешімдер. 

Жалпы және жеке басқарушылық шешімдердің арасында тығыз байланыс бар. Әдетте, жеке 

шешімдер  жалпы  басқарушылық  шешімдерді  нақтылаудың  және  оларды  орындаушыларға 

жеткізудің тәсілі болып қызмет етеді. 

Шешімнің жүзеге асырылу ұзақтығы жӛнінен шешімдердің мынандай негізгі түрлерін: 

ұзақ  мерзімді(перспективалық),  орташа  мерзімді(ағымдағы),  қысқа  мерзімді(оперативті) 

шешімдер деп бӛлу керек. 

Ұзақ  мерзімді  шешімдерге  жүзеге  асырылуы  бірнеше  жылдарды  керек  ететін  шешімдер 

жатады. 


Орташа  мерзімді  шешімдер  бір  жыл  ішінде  жүзеге  асырылады  және  әдетте  ӛндірістің 

жылдық циклімен байланысты болады. 

Қысқа мерзімді  шешімдер мәселелердің неғұрлым шағын  тобын қамтиды да, ӛзінің сипаты 

жағынан кӛбінесе жеке шешімдер болады. 

Ықпал ету обьектілері жӛнінен сыртқы және ішкі шешімдер деп бӛлуге болады. 

Сыртқы  шешімдер  белгілі  бір  шаруашылықтың  жоғарғы  ұйымдармен,  басқа 

кәсіпорындармен қарым – қатынастарын қамтиды. 

Ішкі шешімдер шаруашылықтың ӛз ӛмірінің түрлі жақтарын қамтиды. Сыртқы шешімдердің 

белгілі бір тобын орындамайынша, ішкі шешімдер, кӛп ретте жүзеге асырылмай қалады. 

Функциялық  сипаты  жӛнінен  экрнрмикалық,  технологиялық,    қаржылық  әкімшілік 

шешімдер болады. 

Экономикалық  шешімдер  жоспарлардың,  нормалар  мен  нормативтердің,  еңбекке  ақы 

тӛлеудің  бүкіл  жүйесін  жасаумен,  бағамен,  ӛнімді  ӛткізу  және  табыстарды  бӛлумен 

байланысты. 



Технологиялық  шешімдер  ӛндіріс  процестерін  ұйымдастыру  мәселелеріне  қатысты.  Бұл 

шешімдер  әрбір  салада  тиімді  тезнологияны  таңдап  алуды,  жұмыстарды  материалдық  – 

техникалық жағынан қамтамасыз еиуді белгілеп береді. 

Қаржылық шешімдер жоспарлық және есеп беру қаржы баланстарын белгілеп, бекітуге, 

түрлі қорларды бӛлуге, несиелер алып, оларды ӛтеуге бағытталады. Ол шешімдерге ақшалай 

есеп айырысудың бүкіл жүйесі  жӛніндегі шешімдер де жатады. 

Әкімшілік  шешімдер  әдетте  басқару  аппаратының  ӛз  жұмысына  қатысты  болады  және 

қызмет бабындағы адамдардың, бӛлімшелердің құқықтары мен міндеттерін реттеп отыруға, 

олардың жұмыс істеуі мен ӛзара қарым–қатынасының тәртібін белгілеуге бағытталады. 

Басқару саласындағы шешімдердің сапасына қойылатын негізгі талаптар: 

 Ғылыми  жағынан  негізделуі:  Шешім  экономикалық  және  басқа  әлеуметтік  заңдардың 

әрекеттерін  есепке  алу  және  ӛндірістің  нақты  жағдайларына  талдау  жасау  арқылы 

қабыодануға  тиіс.  Басқару  обьектісінің  жай–күйі  туралы  дұрыс,  орнықты,  сапасы  толымды 

хабарлама негізінде әзірденіп, қабылданған шешім ғана ғылыми негізделген болуы мүмкін. 

Шешім ӛндірісте ғылыми- техникалық прогресті тездету талаптарына сай брлуға тиіс. 

Бірлік.  Белгілі  бір  міндетті  шешер  кезде  әдетте  басты  міндеттер  келіп  туатын  бірқатар 

қосалқы, екінші дәрежелі міндеттермен де айналысуға тура келеді. Олар шешім қабылданып 

отырған басты міндетке бағындырылуы тиіс. Екінші дәрежелі міндеттер негізгі міндеттермен 

сәйкестендіріліп  және  ӛзара  үйлестіріліп  отырады.Шешімнің  барлық  қағидалары  да  ӛзара 

байланыстарыла  тұжырымдалады,  сондай-ақ  бұрын  қабылданған  және  қазір  басшылыққа 

алынып жүрген шешімдермен үйлестіріліп, сәйкестендіріледі. 

Ӛкілдігі  болу.  Шешім  басшыға  берілген  құқықтар  шеңберінде  ғана  қабылданады. 

Шешім оны даярлауға міндетті органдар мен адамдардан ғана шығуға тиіс. 

Бағытталуы.  Әрбір  шешім  нақты  бір  адреске  бағытталуы  және  орындаушы  адамдарға 

түсінікті  болуы  тиіс.  Шешім  тұжырымдамасы  ойда  айқын  құрылуы  керек  және  түрлі 

мағынада болмауға тиіс. 

Формаларының қарапайымдылығы, айқындығы, логикалық, дәйектілігі, ықшамдылығы 

немесе қысқалығы. Айқындық  – шешімге іскерлік сипат береді; басшы тарапынан берілген 

әмірдің мағынасын түрліше түсіндіруге, бұрмалауға жол бермейді. Ақпаратпен жұмыс істеу 

уақытын  үнемдеу  -    шешімнің  қысқаша  түрде  тұжырымдалуы  туралы  ұдайы  ойланып- 

толғануды талап етеді. 

Мерзімнің  нақтылығы.  Басшы  бағынышты  адамға  тапсырманы,  және  оны  орындау 

мерзімін  кӛрсетпей  бермеуге  тиіс.  Шешімде  нақты  іс-қимыл  бағдарламасы  баяндалып, 

орындалуына жауапты адамдар және орындалу мерзімдері белгіленуі қажет. 

Оперативтілік. Шешім - ӛндіріс жағдайы нақ соны талап еткен күнде ғана қабылдануға тиіс. 

Кеш  қабылданған  шешім  де,  асығыс  қабылданған  шешім  де  бірдей  зиянды.  Шешімдер 

ӛндіріс жағдайларының ӛзгеруін бейнелеп кӛрсетуге тиіс. 

Тәуекел элементтерінің болуы. Экономиканың үздіксіз ӛзгеруі, тұрақталынбауы 

жағдайында ұзақ уақыт брйы қолданылатын тиімді шешімдер күтілетін нәтижелерді 

мейлінше дәл қарастыру мүмкін емес. Сондықтан, шешімдер белгілі бір тәуекелді және 

қалыптасқан жағдай үшін, ең оңтайлы шешімді таңдай білуі қажет. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 



1. Иленькова С.Д.,Гохберг Л.М.,Ягудин С.Ю.Инновационный менеджмент. -  

    банки и биржи,ЮРИТИ – 1997. - 327с 

2.Гончарова Н.П.,Перерва П.Г.Маркетинк инновационного процесса.-   

   Киев,1998.- 264с 

3.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный потенциял Казахстана:механизмыактивизации. - 

Алматы Экономика,2001. -158 

4.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный менеджмент:Алматы, Экономика,2003. - 164с. 

5.Нарибаев К. Джумамбаев С.К. Нусупова А.Инновационный менеджмент:Алматы,1998. - 

60с 

6.Инновационный менеджмент И.В.Афонин Москва, 2005 



 

 

9  –  тақырып.  Қазақстан  республикасының  индустриалды-инновациялық  даму 

стратегиясы.  

 

Дәріс 



мақсаты: 

Қазақстан 

Республикасының 

индустриалды-инновациялық 

даму 

стратегиясын талдау. 



Дәріс жоспары: 

1. Әртүрлі салалардағы кәсіпорындардың инновациялық қызметтерінің жағдайы 

2. Қазақстан Республикасының индустриялық дамуы. 

Негізгі түсінік 

Индустрия 

Стратегия 

 

1. Әртҥрлі салалардағы кәсіпорындардың инновациялық қызметтерінің жағдайы 

2003 жылғы мамыр айында «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған 

индустриялық-инновациялық  даму  Стратегиясының»  бекітілуімен  елдің  экономикалық 

дамуында  экономиканы  диверсификациялау  арқылы  шикізаттық  бағыттан  тартып,  сыртқы 

экономикалық,  инвестициялық  және  инновациялық  қызметтерді  жандандыру  негізінде 

бәсекеге қабілетті ӛңдеу ӛнеркәсібін дамыту кезеңі басталды.  

 «Қазақстан  Республикасының  2003-2015  жылдарға  арналған  индустриялық-

инновациялық даму стратегиясын» жүзеге асыру мақса-тында Ақтӛбе облысы әкімдігі үлкен 

ұйымдастыру жұмыстары мен іс-шаралар ӛткізуде. 

Облыста  индустриялық-инновациялық  стратегияның  негізгі  бағытына  сай  келетін 

инвестжобаларды таңдап алу және жүзеге асыру жүйесі жасалды. 

Ол тӛменгі үш буыннан түрады: 

1)      Облыс    әкімі    жанынан    индустриялық-инновациялық    даму      бойынша    Қеңес   

құру,  оның    мақсаты    -    аймақтық  даму    стратегиясын  жасау      және      инвестжобалардың   

дайындалу барысы мен жүзеге асырылуын бақылау. 

2)      Қазақстан      Республикасының      2003-2015  жылдарға  арналған  индустриялық-

инновациялық  даму  Стратегиясының  негізгі  ережелерін  ескере  отырып,  инвестжобаларды 

жүзеге асыру схемасын дайындайтын,  ақпарат  ӛңдейтін  жүйелі  талдау және мониторинг 

жасау орталығын құру. 

3)      Инвестжобаларды      тәжірибелік      жүзеге  асырумен  жергілікті  атқару 

органдарының,  облыс  кәсіпорындары  мен  ұйымдарының  қатысуымен  жауапкершілігі   

шектеулі      серіктестік      түрінде  қүрылған      инновациялық-енгізу      орталығы  айналысады. 

Бүгінгі  күні  құрылтайшылар  тобы  мен    облыс    әкімдігінің    50    %    үлесімен    жарғы 

капиталының      кӛлемі      анықталған,      2005      жылы  облыс    бюджетінде      1,5    млн.    теңге  

мӛлшерінде қаржы белгіленген. «Инжиниринг жэне трансферт технологиялар орталығы» АҚ 

жарғы капиталының жалпы сомасының 51 % күрайтын үлесімен құрылғалы жатқан орталық 

жұмысына қатысуға келісім берді. 

Берілген  схема  облыс  үшін  стратегиялық  маңызы  бар,  ӛміршең  инвестжобаларды 

дайындап,  ӛндіріске  енгізу  бойынша  цикл  құруға  мүмкіндік  беретін  кешенді  жүйе 

қалыптастырады.  Алға  қойған  міндеттерді  шешуге  мұндай  кешенді  кӛзқарас  тӛмендегідей 

мүмкіндіктер береді: 

• облыс   экономикасы   дамуының   басым бағыттарын таңдау

•  жобаларды    таңдау    және    талдау    процесінде  кемшіліктерді  жоюға  күш  салып, 

жетістіктерін экономикалық  және   әлеуметтік  міндеттерді шешу үшін тиімді қолдану; 

• болашағы бар жобаларды тәжірибеге енгізіп, нақты нәтижелерге қол жеткізу; 

• аймақ экономикасының қарқынды және жан-жақты дамуына ықпал жасау.  

Индустриялық-инновациялық  Стратегияны  орындау  мақсатында  Атырау  облысы 

әкімдігі тӛмендегі бағдарламалық құжаттарды дайындап қабылдады: 

• «Облыстың ӛндіріс күштерін 2015 жылға дейін дамыту және орналастыру схемасы». 


• «Облыстың   Қазақстан   Республикасының индустриялық-инновациялық   даму 

стратегиясын жүзеге асыру бойынша 2003-2005   жылдарға   арналған   іс-шаралар 

жоспары». 

•   Аудандар мен Атырау қаласының мұнай-газ, құрылыс   және   аграрлық 

секторлардағы   потенциалы   ескерілген «Облыстың 2007 жылға дейінгі даму схемасы». 

Кӛрсетілген  шаралар  жергілікті  деңгейде  индустриялық  жэне  инновациялық 

саясаттың  басым  бағыттарын  айқындауға,  ӛндірістік,  индустриялық  және  инновациялық 

потенциал мониторингін жасауға мүмкіндік береді. 

Ӛткен  жылы  облыс  әкімінің  шешімімен  сыртқы  экономикалық  байланыстар  және 

инвестиция  басқармасы  құрылды.  Ол  осы  бағытта  мақсатты  түрде  жұмыс  істейді. 

Басқарманың  облыста  қолайлы  инвестициялық  климат  құру  және  инвестиция  тарту 

жұмыстары  қалыптасқан  жағдайды  жан-жакты  талдау,  инвестицияның  басым  бағыттарын 

айқындау  негізінде  жүргізіледі.  Басқарманың  әрбір  қызметкері  бір  немесе  бірнеше  жобаға 

бекітіліп,  жүйелі  түрде  мониторинг  жүргізеді.  Ӛнеркәсіп  ӛнімдерін  ӛткізетін  жаңа  нарық 

және  перспективті  инвестжобаларды  жүзеге  асыруға  қажетті  инвесторларды  іздеу 

мақсатында сыртқы экономикалық байланыстар мен инвестиция басқармасының ВЕБ-сайты 

ашылды.  Сайтта  Ақтӛбе  облысының  мүмкіндіктері  мен  инвестициялық  жобалары  туралы 

материалдар,  сыртқы  инвестициялық  және  экономикалық  қызметі  туралы  мәліметтер 

орналасқан.  

 

2. Қазақстан Республикасының индустриялық дамуы. 

Облыстың  инвестициялық  жобалар  тізімі  Қазақстан  Республикасының  сыртқы  істер 

Министрлігіне,  сонымен  қатар  ҚР-ның  перспективті  инвестжобаларының  базасына  еніп, 

болашақ  инвесторлар  табу  мақсатында  ҚР-ның  индустрия  және  сауда  Министрлігінің 

инвестиция комитетіне жіберілді. Ағымдағы кезеңде Қазақстан Республикасының Франция, 

Иран,  Канада,  Германия,  Польша,  Түркия  елдеріндегі  ӛкілеттіктерінен  біздің 

ұсыныстарымызды алғандығы жӛнінде мәліметтер бар. 

Инвестжобаларды  қаржыландыру  және  жүзеге  асыру  мәселелері  халықаралық 

ұйымдар,  қорлар,  банктермен  тұрақты  негізде  қарастырылады.  Инвестиция  саласында 

ТұранӘлемБанкі 

және 

Евразия 


Ӛнеркәсіп 

Ассоциациясымен 

ынтымақтастық 

Меморандумына қол қойылды. 

Ӛткен  жылы  облыстың  индустриялык-инновациялық  Кеңесінің  үш  отырысы 

ұйымдастырылды. 

1. Кеңестің бірінші отырысында инвестициялық қаржы тартудың түрлі механизмдері 

мен схемалары талданды, олардың ішінде: 

• Құнды   қағаздарды   шығару   (муниципалды облигация). 

• Вексель механизмін енгізу. 

• Шетел инвестициялары. 

•  Шаруашылык  субъектілерінің  қаржылары,  бұған  шағын  кәсіп-керліктің  дамуы  да 

кіреді. Республикалық   бюджет   пен   облыстың   даму бюджетінің қаржылары. 

Қазақстан  Республикасының  кӛптеген  облыстарының  муниципалды  облигациялар 

шығару  тәжірибесін  ескере  отырып,  Кеңес  аймақтық  құнды  қағаздар  нарығын  дамыту 

мақсатында 1,5 млрд. теңге кӛлемінде муниципалды облигациялар шығаруды ұйғарды. Оны 

ендіру бойынша іс-шаралар жоспары құрылды. 

2.   Кеңестің   екінші   отырысында   аймақтық инвестициялық жобалар тізімі қаралды. 

Тізімнің қүрамына түрлі бағыттағы 50-ге жуық жоба енді: ӛңдеуші   ӛнеркәсіп, энергетика, 

машина  жасау,  мұнай  ӛңдеу  және  химиялық      ӛнеркәсіп,  ауыл  шаруашылығы  мен  ауыл 

шаруашылығы  ӛнімдерін  ӛңдеу.      Талқылау  нәтижесінде    облыстың  14  перспективті 

инвестициялық жобасы   жүзеге асырылуға ұсынылды. Жұмыс онымен аяқтала қойған жоқ, 

мәліметтер жинау, таңдау жұмыстары әрі қарай жалғасуда. 

3.  Кеңестің  соңғы  отырысында  аймақтың  энергетикалық  тэуелсіздігін      қамтамасыз 

ету  мақсатында  энергетика  саласының  бірнеше  жобасы  қарастырылып,  Ақтӛбе  облысы 

энергетикалық комплексінің даму   перспективалары   белгіленді. 



 Ақтӛбе  облысы  125  МВт-тан  астам  электр  қуатының  жетіспеушілігін  бастан  кешіп 

отыр.  Қазақстанның  басқа  ӛңірлерімен  салыстырғанда,  Ақтӛбе  облысының  Республиканың 

ортақ  энергия  жүйесімен  нақты  байланысы  жоқ.  Осыған  байланысты  облыстың  электр 

қуатына деген сүранысын қамтамасыз ету үшін, Ресейден алуға тура келді. 

Мәселені шешудің бір жолы Мамыт кенішінде қуаты 140 МВт ЖЭС-н салу жобасын 

жүзеге асыру. Аталған жоба аймақтың 14 басым жобасына енді. 

Сонымен  қатар,  қуаты  120-150  МВт  ГТЭС  құрылысының  жобасы  іске  асырылуы 

мүмкін. 


Республиканың орталық және солтүстік аймақтарын электр қуатымен қамтамасыз ету 

мақсатында «Жетіғара Атырау» жоғары вольттік желісін салу ұсынылды. 

Ақтӛбе  облысының  әкімдігі  басқа  жобалар  бойынша  аймаққа  шетел  инвесторларын 

тарту жұмыстарын  белсенді  жүргізеді. Жапония, АҚШ,  Түркия, Германия, Оңтүстік Корея, 

Қытай жэне Ресейдің болашақ инвесторларымен келіссӛздер жүргізілуде. 

Қазақстан  Республикасының  индустриялық  инновациялық  даму  Стратегиясының 

жүзеге  асырылуы  біздің  мемлекеттің  алдағы  уақытта  Дүниежүзілік  Сауда  Ұйымының 

мүшелігіне  енуіне  байланысты.  Осының  аясында  облыс  делегациясы  қыркүйек  айында 

Ақтӛбе  қаласында  ӛткен  аймақтық  «Қазақстан,  Дүниежүзілік  Сауда  Ұйымы  жэне  Бизнес 

мүдделері» тақырыбындағы конференцияға қатысты. Дүниежүзілік Сауда Ұйымының жүйесі 

мен  Қазақстанның  осы  үйымға  ену  процесі  туралы  сұрақтар  талқыланып,  баяндамалар 

тыңдалды. 

Конференцияда 

Стратегияның 

негізгі 

ережелеріне 

сәйкес 

аймақаралық 



ынтымақтастық 

мәселелері 

талқыланды. 

Облыстағы 

инновациялық 

процестерді 

жандандыруда  екі  елдің  жоғары  оқу  орындарының  ролін  арттыру  жӛнінде  шешім 

қабылданды.  2003  жылғы  желтоқсанда  Аймақтық  семинар  және  кәсіпкерлердің  облыстық 

кеңесі ӛткізілді. Онда Ел Президентінің Қазақстан кәсіпкерлерінің XI Форумы мен Қазақстан 

Республикасының  индустриялық-инновациялық  дамуының  2003-2015  жылдарға  арналған 

Стратегиясында қойылған міндеттерді орындау мақсатында облыс және аймақ кэсіпкерлігін 

дамыту мәселері қарастырылды. 

Облыста  халықаралық  ИСО-9000  сериясының  стандартына  сай  сапа  менеджментін 

сертификаттау жүйесін ендіруге ерекше мән беріледі. 

Шаруашылық 

субъектілеріне 

сапаны 

сертификаттау 



мәселелері 

бойынша 


үйымдастыру-әдістемелік  кӛмек  және  кеңес  беру  мақсатында  «¥лттық  сараптау  және 

сертификаттау орталығы» ААҚ-ның Ақтӛбе филиалы базасында нормативтік құжаттар қоры 

құрылып, осы бағытта кітапхана ашылды. 

Жүргізілген  жұмыс  ИСО-9000  сериялы  стандартты  енгізу  бағытында  «Әлібек»  ЖАҚ, 

«Атырау НИГРИ» ААҚ, «КТП» ЖАҚ, «ТрансЭПО» ЖШС, «Геос» ЖШС, «Дефектоскопия» 

ЖШС-гі кэсіпорындарының жұмысын жандандыруға ықпал етті. 

«Құрылысбӛлшек»  ЖШС,  «Қүрылыстрансгаз»  ЖШС,  «Сынақ  орталығы»  ЖШС-гі 

сияқты  кәсіпорындарында  ИСО-9000  сериялы  халықаралық  стандартты  енгізу  бағытында 

жұмыс  жүргізілуде.  «Владик»  ЖШС  5ОС  (Швейцария)  жүйесінде,  «Геос»  ЖШС-де 

халықаралық сертификаттау қызметінен сапа жүйесіне берілген сертификат бар. Дӛң тау кен 

байыту комбинаты - ТОҮ 8ЕКТ (Германия) жүйесінде. 

Ақтӛбе  облысының  әкімдігі  мемлекет  Басшысының  қойған  мақсат-міндеттерін 

орындауға  барлық  қажетті  шараларды  қолданады.  Орталық  пен  аймақ  біріге  отырып,  жаңа 

құрылған  қаржы  институттарының  қатысумен,  Қазақстан  Үкіметінің  мақсатты  қолдауымен 

индустриялық-инновациялық саясатты табысты жүзеге асыруға болады. 

Ақтӛбе облысы әкімдігі қызметінің 2005 жылғы басым бағыттары: 

• Халықтың ӛмір деңгейін кӛтеру, кедейшілікпен күрес. 

•  Индустриялық-инновациялық  Стратегияны  жүзеге  асыру,  ӛнеркәсіп  ӛндірісін 

тұракты арттыру. 

• Ауыл шаруашылығы мен ауыл аумақтарын қалпына келтіру және дамыту. 

• Әлеуметтік саланы жақсарту: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт. 

• Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, газдандыру. 



• Халықтың білім деңгейі мен кәсіптік дайындығын кӛтеру арқылы адам ресуртарын 

дамыту. 


Аймақтың инновациялық негізде индустриялық даму перспективалары: 

Болашақта  облыстың  ғылыми,  ӛндірістік  жэне  шикізаттық  потенциалы  негізінде 

Ақтӛбе облысының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын белсенді түрде жүзеге 

асыру арқылы тӛмендегідей нэтижелерге қол жеткізу күтіледі: 

•  жаңа  ӛндірістердің  ашылуына  байланысты  облыстың  ӛнеркәсіп  ӛндірісі 

құрылымының ӛзгеруі. 

 

• ӛнеркәсш ӛнімдерінің жалпы кӛлемінде инновациялық ӛнім үлесінің артуы; 



•  инновациялық  жобаларды  жүзеге  асыру  процесінде  ӛнеркәсіп    ӛнімінің    негізгі  

түрлері  құрылымының ӛзгеруі; 

•  экспорт-импорт қүрылымының ӛзгеруі; 

• ӛнім шығарудың жалпы кӛлемінде шағын жэне орта бизнес ролінің артуы; 

• стратегияны   жүзеге   асыру   аясында   сыртқы инвестиция бағыттарының ӛзгеруі; 

•  басқалары. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 



1. Иленькова С.Д.,Гохберг Л.М.,Ягудин С.Ю.Инновационный менеджмент. -  

    банки и биржи,ЮРИТИ – 1997. - 327с 

2.Гончарова Н.П.,Перерва П.Г.Маркетинк инновационного процесса.-   

   Киев,1998.- 264с 

3.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный потенциял Казахстана:механизмыактивизации. - 

Алматы Экономика,2001. -158 

4.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный менеджмент:Алматы, Экономика,2003. - 164с. 

5.Нарибаев К. Джумамбаев С.К. Нусупова А.Инновационный менеджмент:Алматы,1998. - 

60с 

6.Инновационный менеджмент И.В.Афонин Москва, 2005  



  

 

 



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 1.18 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет