Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 1.18 Mb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата22.04.2017
өлшемі1.18 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

         Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Иленькова С.Д.,Гохберг Л.М.,Ягудин С.Ю.Инновационный менеджмент. -  

    банки и биржи,ЮРИТИ – 1997. - 327с 

2.Гончарова Н.П.,Перерва П.Г.Маркетинк инновационного процесса.-   

   Киев,1998.- 264с 

1.

 



Абдыгаппарова С.Б.Инновационный потенциял Казахстана:механизмыактивизации. - 

Алматы Экономика,2001. -158 

2.

 

Абдыгаппарова С.Б.Инновационный менеджмент:Алматы, Экономика,2003. - 164с. 



3.

 

Нарибаев К. Джумамбаев С.К. Нусупова А.Инновационный менеджмент:Алматы,1998. - 



60с 

4.

 



Инновационный менеджмент И.В.Афонин Москва, 2005 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіші инновациялық бизнестің ҧйымдық қҧрылымы. 

 

                       

 

2  –  тақырып.  Инноватика  теориясының  қалыптасуы  және  онын  қазіргі  кездегі 

концепциялары. 

 

Дәріс мақсаты: Инновация процесіндегі стратегияның мағызын түсіндіру жіне стратегияны 



таңдауды үйрету. 

Дәріс жоспары: 

1.Стратегияның мәні және оны әзірлеу. 

2.Инновациялық стратегияны таңдау әдістері. 

3.Әзірлемелер  мен зерттеулердің басым бағыттарын таңдау. 

Негізгі түсінік 

Стратегия 

Капитал 


Технология 

Фактор  


 

1. Стратегияның мәні және оны әзірлеу. 

Стратегияны таңдау – инновациялық менеджменттің маңызды құрамдас кезеңі.Стратегияны 

шешім қабылдау процесі ретінде анықтауға болады. 

Стратегия  бұл қойылған мақсатқа жетудегі барлық жан-жақты кешенді жоспар. 

Стратегиялық жоспарлау екі негізгі мақсатты қамтиды: 

1)

 



Ресурстарды  тиімді  үлестіру  және  пайдалану.Мұны  ішкі  стратегия  деп  те 

атайды.Капитал,  технология,  адам  сияқты  шектеулі  ресурстарды  пайдалану 

жоспарланады. 

2)

 



Сыртқы  ортаға  бейімделу.Сыртқы  факторлардың  ӛзгеруіне  (экономикалық  ӛзгерістер, 

саяси  демографиялық  жағдайлар)  тиімді  бейімделу,  қамсыздандыру  міндеттері 

қойылады. 

Стратегияны  әзірлеу  ұйымның  жалпы  мақсатын  тұжырымдаудан  басталады.Мақсаттың 

қойылуы фирмаға байланысты сыртқы ортамен, нарықпен, тұтынушылармен маңызды роль 

атқарады. 

Инновациялық 

орталықтар 

 

Инженерлік орталықтар 



 

Инжинирингтік 

фирмалар 

 

Басқалай фирма типтері 



 

Ақпараттық қамсыздандыру 

фирмалары 

 

Консалтингтік және 



аудиторлық фирмалар 

 

Жарнама қызметімен 



байланысты фирмалар 

 

Басқа да фирма типтері 



 

Кіші кәсіпорындардың ұйымдық типтері 



Ұйымның жалпы мақсаты мыналарды қамтиды: 

-

 



фирма қызметінің негізгі бағытын; 

-

 



сыртқы  ортадағы  жұмыс  принциптерін  (сауда  принципі,  тұтынушыларға  деген  қарым-

қатынас іскерлік байланысты жүргізу) ; 

-

 

ұйым мәдениетін, оның дәстүрлерін, жұмыс ахуалын қадағалау. 



Мақсатты  таңдау  кезінде  екі  аспектіні  білу  қажет:кім  фирманың  клиенті  болып  табылады 

және ол қандай қажеттіліктерді қанағаттандыра алады? 

Жалпы  мақсаттар  қойылғаннан  кейін  стратегиялық  жоспарлаудың  екінші  кезеңі  жүзеге 

асырылады. 

Онда негізгі мақсаттар анықталуы керек: 

1)

 



Пайдалылық. 

2)

 



Нарықтар. 

3)

 



Ӛнімділік. 

4)

 



Ӛнім. 

5)

 



Қаржылық ресурстар. 

6)

 



Ӛндірістік қуаттар. 

7)

 



Ғылыми  зерттеу  және  тәжірибелік  құрастырушылық  жұмыстар  мен  жаңа 

технологияларды енгізу. 

8)

 

Ұйымдық құрылым мен қызметтегі ӛзгерістер. 



9)

 

Адам ресурстары. 



10)

 

Әлеуметтік жауапкершілік. 



 

2. Инновациялық стратегияны таңдау әдістері. 

Инновациялық стратегияны ӛндірудің негізін ӛнімнің ӛмірлік циклінің теориясы фирманың 

нарықтық ұстанымы мен оның жүргізілетін ғылыми-техникалық саясаты құрылады. 

Ӛнімнің ӛмірлік циклінің теориясы негізінде ӛндірілген инновациялық стратегия ӛнімі бар 

фазаларды есепке алады: 

1)

 



Жаңадан  ӛмірге  келу.Бұл  ескі  немесе  бастапқы  ортада  жаңа  жүйенің  пайда  болуымен 

сипатталады. 

2)

 

Ӛмірге келу.Мұнда түбірлі ӛзгеріс жаңа жүйенің нақты пайда болуымен құрылады. 



3)

 

Бекіту. 



4)

 

Тұрақтандыру. 



5)

 

Ықшамдау. 



6)

 

Құлдырау. 



7)

 

Таралу. 



8)

 

Тоқтатылу.Мұнда ӛзгеріс жүйенің ӛмірлік әрекетінің барлық процестері тоқтатылады. 



Ғылым  мен  техниканы  дамытудың  әлемдік  және  отандық  үрдістерін  анықтаудың 

методологиялық ақпаратын келесі бес әдіс-тәсілмен салыстыруға болады: 

1)

 

Құрылымдық  морфологиялық  талдау  әдісі.Ол  жаңа  әзірлемелердің,  идеялардың 



техникалық  шеімдер  және  т.б.  пайда  болуын  тіркеу  үшін  пән  аймағының  ішкі 

құрылымын анықтау үшін арналған. 

2)

 

Жарияланған  белсенділік  мінездемесін  анықтау  әдісі.Бұл  ӛзіндік  ерекшелік  құжаттар 



ағымына ӛзін кезеңдік дамуға бағынышты жүйе ретінде кӛрсетумен байланысты. 

3)

 



Ұқсас патенттермен қоса патент құжат тобын анықтауға негізделген әдіс  немесе ұқсас 

патенттер  әдісі.Оның  мәні  тәжірибелік  мәні  бар  идеяларды  фирмалар  шетелдерде 

растайды. 

4)

 



Терминологиялық  және  лексикалық  талдау  әдісі.Терминологиялық  талдау  басқа  білім 

аймақтарында зерттеушілердің идеяларын пайдалану кезінде терминологиялық ақпарат 

ауысымымен негізделеді. 

Лексикалық  талдау  терминологиялық  талдауға  ұқсас.Оның  айырмашылығы  нақты 

терминологиялық емес, сӛз құрамының (лексикалық бірліктің) қарастырылуында. 

5)

 



Кӛрсеткіш әдісі техникалық жүйе кӛрсеткіш жиынтығымен сипатталады. 

 

3. Әзірлемелер  мен зерттеулердің басым бағыттарын таңдау. 

Әзірлемелер  мен  зерттеулердің  басым  бағыттарын  таңдау  мемлекет  ғылыми-техникалық 

саясатта  маңызды  роль  атқарады.Олардың  басым  бағыттары  технологияларды  тарату  , 

меңгеру  мен  құру  бойынша  ірі  салааралық  жобалар  түрінде  ӛткізіледі.Ғылым  мен  техника 

дамуының  сыни  технология  тізбесінде  бӛлшектенеді.Бұл  технологиялар  салааралық 

сипатын иеленеді және ғылым мен техниканың кӛптеген аймақтарында дамуы үшін елеулі 

мәнге ие.Ғылым мен техника дамуының басым бағыттары болып ақпараттық технологиялар 

мен  электроника,  ӛндірістік  технологиялар  (лазерлік,  роботтық  техника,  икемді  ӛндірістік 

жүйелер,  т.б.)  ,  жаңа  материалдар    мен  химиялық  ӛнімдер,  нақты  жүйе  технологиялар, 

экология және табиғатты ұтымды пайдалану, кӛліктер, отын және энергетика табылады.Осы 

отырған  бағыттарды  әзірлеу  мемлекеттік  ғылыми-техникалық  бағдарламалар,  мемлекеттік 

ғылыми  бағдарламалар,  халық  шаруашылық  бағдарламалар,  халықаралық  және  аймақтық 

бағдарламалар мен жобалар аймағында жүргізіледі. 

Мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарлама – бұл ғылым мен техника дамуының маңызды 

ғылыми-техникалық  мәселелерді  тиімді  шешуге  қамтамасыздандыратын  шараның 

ресурстары және орындаушылармен ӛзара байланысты кешен. 

Бағдарламалар  әлеуметтік-экономикалық  болжамдар  құрылымдық  сонат  мақсаттары 

халықаралық міндеттемелер есебінен іріктеледі. 

Аймақтық ғылыми-техникалық бағдарлама – ғылыми зерттеулер мен әзірлеулердің орындау 

мерзімімен байланысты кешен. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 



1. Иленькова С.Д.,Гохберг Л.М.,Ягудин С.Ю.Инновационный менеджмент. -  

    банки и биржи,ЮРИТИ – 1997. - 327с 

2.Гончарова Н.П.,Перерва П.Г.Маркетинк инновационного процесса.-   

   Киев,1998.- 264с 

3.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный потенциял Казахстана:механизмыактивизации. - 

Алматы Экономика,2001. -158 

4.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный менеджмент:Алматы, Экономика,2003. - 164с. 

5.

 



Нарибаев К. Джумамбаев С.К. Нусупова А.Инновационный менеджмент:Алматы,1998. - 

60с 


6.

 

Инновационный менеджмент И.В.Афонин Москва, 2005 



 

 

3 – тақырып. Мемлекеттік ғылыми – техникалық тәуелсіздік 

Дәріс  мақсаты:  Инновациялық  жобаны  басқару  және  инновациялардың  экономикалық 

тиімділігін    бағалау 

Дәріс жоспары: 

1.Инновацялық жобаның түрлері мен олардың ерекшеліктері. 

2.Инновациялық жобаларды басқарудағы менеджердің міндеттері мен функциялары. 

3.Зерттеушілердің жобаларын басқару ерекшеліктері. 

Негізгі түсінік 

Моножобалар; 

Мультижобалар; 

Мегажобалар. 



 

1. Инновацялық жобаның тҥрлері мен олардың ерекшеліктері. 

Зерттеушілер  жобасы  –  әлеуметтік-мәдени,  халық  шаруашылық,  саяси  мағынасы  бар 

теоретикалық  және  тәжірибелік  тапсырмаларды  шешуге  бағытталған  зерттеулер  мен 

әзірлемелер 

жоспары.Зерттеушілер 

жобаларда 

ғылыми 

дәлелденген 



техникалық, 

экономикалық және технологиялық шешімдер қарастырылады. 

Ынталы  жобалар  ғылыми  жобалармен  немесе  ғалымдармен  жүзеге  асырылады.Ынталы 

жобаның орындалу мерзімі 1,5 немесе 3 жыл. 

Ғылыми  зерттеудің  материалдық-техникалық  базасын  дамыту  жобасы  ӛзіне  мыналарды 

қосады: 


-

 

түбірлі мәселелер; 



-

 

жабдықтарды пайдалану саласын нұсқау; 



-

 

жабдықтардың құрылымына енгізу мен оны сатып алу жұмысының жалпы жоспары; 



-

 

жабдықтар мен материалдың тізбесі



-

 

сатып алуға арналған ӛзара шарт. 



Деректер қорлары мен ақпараттық жүйелерді құру жобасында мыналар кӛрсетіледі: 

-

 



білім саласы; 

-

 



ғылыми мәселелер; 

-

 



нақты түбегейлі тапсырмалар; 

-

 



ұсынылатын әдістемелер мен кӛзқарастар; 

-

 



жобаның толық орындалу мерзіміне арналған жұмысшының жалпы жоспары. 

Баспа жобасында мыналар кӛрсетіледі: 

-

 

түбегейлі ғылыми мәселе; 



-

 

берілген мәселелер айналасындағы нақты тапсырма; 



-

 

анықтамалық жоспар басылымы, басылым мӛлшері және таралым. 



Экспедициялық жұмыстарды жүргізу жобасы мыналарды ашып кӛрсетеді: 

-

 



шешуге бағытталған ғылыми мәселе; 

-

 



ұсынылған жоба бойынша босалқы дайындық; 

-

 



қажетті жабдықтардың тізбесі. 

Ұжымдық пайдалану орталығын құру жобасы мыналарды кӛрсетеді: 

-

 

мәселелерді шешудегі білім саласы



-

 

жабдықтардың тізбесі, техникалық жағдайы, негізгі сипаттамалары; 



-

 

түбегейлі  зерттеулер  үшін  жабдықтар  кешенін  ғылыми-әдістемелік  пайдаланудағы 



тәжірибе; 

-

 



кешеннің ғылыми-әдістемелік дамуының негізгі бағыттары. 

Зерттеушілер  жобалары  салыстырмалы  экономикалық  әсердің  тұрақсыздықтың  жоғары 

деңгейін  иемдейді  және  жоғарғы  тәуекелмен  сипатталады.Сондықтан  пайда  алуға 

бағдарланған  қаржылық  институттар,  басқа  да  құрылымдар  оларды  инвестициялауға 

мүдделі емес.Мұндай жобалар мемлекеттік бюджетпен қаржыландырылады. 

Венчурлық  жобалар  жаңа  кәсіпорынды  құрумен,  ӛнім  топтамасын  немесе  тәжірибелі 

үлгілерді  ӛндірумен,  құралдар  мен  басқа  да  ірі  қымбат  жұмыстарды  сатып  алумен  бай

 

ланысты болып келеді.Олар коммерциялық болып табылады.Кӛптеген коммерциялық 



банктер арнайы бӛлімдер құрады және инвестициялық қызмет принциптерін әзірлейді. 

Инновациялық жобалар шешілетін тапсырмаларды ауқымдылығына байланысты мыналарға 

бӛлінеді: 

1)

 



Моножобалар; 

2)

 



Мультижобалар; 

3)

 



Мегажобалар. 

Моножобалар бір ұйыммен немесе бір бӛлімшемен орындалады.Мысалы, нақты бұйымды, 

технологияны құру. 

Мультижобалар  күрделі  инновациялық  мақсатқа  жетуге  бағытталған.Мысалы,  ғылыми-

техникалық кешенді құру, ірі технологиялық мәселені шешу.Олар бірнеше моножобаларды 

біріктіреді. 

Мегажобалар  орталықтанған  қаржыландыру  мен  үйлестіру  орталығының  басшысын  қажет 

ететін  кӛп  мақсатты  кешенді  бағдарламаларды  ұсынады.Мысалы,  техникалық  сала 

жобалары, ӛнім мен технологияның бәсеке жарамдылығын кӛтеру, т.б. 

 

2. Инновациялық жобаларды басқарудағы менеджердің міндеттері мен функциялары. 

Инновациялық  жобаларды  ӛткізу  үшін  жаңа  енгізілімнің  түрлі  ұйымдық-экономикалық 

аспектілермен  айналысатын  мамандар  қажет,  яғни  инновациялық  менеджерлер.Олар  түрлі 

ұйымның құрылымында әрекет етуі мүмкін. 

Инновациялық  менеджерлер  ғылыми-техникалық  және  экономиклық-психологиялық, 

инженерлік-экономикалық  білімдерді,  дәстүрлі  менеджерлер  мен  ғылыми  зерттеушілердің 

қасиеттерін иелену қажет. 


Инновациялық  жобаның  менеджері  ғылым  мен  техника  саласындағы  оның  білімі  үшін, 

ынтасы  үшін  таңдалады.Егер  жобаға  қатысушылар  жастары  ӛмірлік  және  кәсіптік 

тәжірибелері әр түрлі болып келетін адамдар болса, онда инновациялық жобаның менеджері 

мәселелермен  кездеседі.Осыған  байланысты  сӛйлесу  және  жанжал  мәселері  туындауы 

мүмкін.Сондықтан  инновациялық  менеджер  адамдарды  басқара  білуі  қажет  және 

жанжалдарды шешуі үшін тәсілдер қолдана білуі қажет.Инновациялық жобаның менеджері 

ұйымның жоғарғы басшысымен әрдайым қарым-қатынаста болады. 

Инновациялық  жобаларды  қалыптастыра  отырып,  басшы  оның  ерекшеліктері  мен 

тиімділігін есепке алуы қажет: 

-

 



ең  тӛменгі  тәуекелі  бар,  бірақ  аз  пайда  беретін  және  қысқа  мерзімді  нәтиже  алуға 

бағытталған жобалар; 

-

 

тәуекелдіктің орта деңгейі мен орта пайдалы орта мерзімді жобалар; 



-

 

тәуекелдіктің жоғары деңгейі мен жоғары пайдалы ұзақ мерзімді жобалар. 



Инновациялық  жобаларды  басқару  фирма  стратегиясының  байланысынан  тыс 

жүргізілмейді, ол фирма стратегиясына енгізілуі керек. 

Инновациялық  жобаны  әзірлеу  мен  оны  ӛткізуді  басқару  кезінде  ғылым  мен  техниканың 

қазіргі  жетістіктері  туралы,  ақпаратты  реттеуі  және  басқа  компаниялармен  стратегиялық 

одақ құруы тиіс. 

Басқарудың  дәстүрлі-ұйымдық  құрылымы  менеджментте  вертикалдық  ретінде  белгілі.Ол 

барлығын  тӛменнен  жоғары  қарай  бағындыруды  болжайды.Ұйым  құрылымы  жобаны 

ӛткізуді бірнеше ӛндірушінің қатысу керектігін есепке алуы қажет. 

Ұйымдық құрылымды инновациялық жобаларды басқару үшін мынадай себептер бойынша 

таңдайды: 

-

 

кӛптеген жобаның ағымдағы мәртебесін анықтауға рұқсат береді; 



-

 

түрлі  жобаларды  дайындау  кезінде  пайда  болатын  қарама-қайшылықтарды  шешуге 



кӛмектеседі; 

-

 



жобаларды басқару жүйесінің икемділігін кӛтереді; 

-

 



басшыға қызметкерлерді жақсы бақылау мүмкіндігін береді; 

-

 



жобаның мақсатын, оның мәртебесі мен қиындықтарын анықтауға мүмкіндік береді; 

-

 



ұйымдағы басқаратын лауазым санының ӛсуін қамсыздандырады. 

 

3. Зерттеушілердің жобаларын басқару ерекшеліктері. 

Зерттеушілер  жобалар  ғылымының  мемлекет  экономикасының  дамуына  ,  әлеуметтік 

мәселелерді шешуге , экономикалық жағдайға әсер етеді. 

Зерттеушілік инновациялық жобаның жетістігі зерттеулер мен әзірлемелермен айналысатын 

ұйымдағы  дарынды  ғалымдарға  байланысты.Зерттеушілер  жобаның  басшысын  таңдау 

зерттеушілер жобасы бойынша тиімді  жұмыс үшін үлкен мәнге ие.Жобаның басшысы кең 

ой-ӛріске  және  ӛз  мамандығы  саласындағы  қабілетке  ие  болуы  керек.Жұмысты 

ұйымдастыру  жоба  мақсатына  жетуге  үлкен  әсер  етеді.Мұнда  маңызды  элемент  болып 

инновациялық 

жобаны 


орындайтын 

ұйымның 


материалдық-техникалық 

базасы 


табылады.Жұмыс  жағдайы  мен  психологиялық  ахуал  инновациялық  жоба  мақсатына  жету 

факторларының  бірі  болып  табылады.Қолайлы  психологиялық  ахуал  басшылық  сапасын 

куәландырып, кадрлардың тұрақты жұмыс жасауына мүмкіндік береді. 

Зерттеушілік жобаның басшысы ӛз уақытының 80 

-ын арнауы тиіс, яғни: 



-

 

ғылыми-техникалық ақпараттың талдауына; 



-

 

жобаны орындау басшылығына



-

 

зерттеулер мен әзірлемелер нәтижесінің ғылыми және практикалық мәнін бағалауға; 



-

 

жұмыстарды жоспарлауға; 



-

 

ғылыми есептемелерді құруға; 



-

 

кітаптар мен монографияларды жазуға. 



Зерттеушілік  жобаларды  тиімді  басқару  келісім-шарт  негізінде  олардың  жұмыстарын 

жоспарлау мен жүргізу жолымен қамтамасыз етеді. 

Зерттеулер  мен  әзірлемелер  тақырыбын  таңдау  кезінде  ғылым  саласына  сәйкес  дамуының 

әлемдік  деңгейі  туралы  сапалы  ақпараттың  барлығын  есепке  алу  қажет.Себебі,  тек 



зерттеулер  қандай  да  бір  саладағы  жетістіктерін  білу  негізгі  тақырыпты  таңдауды 

қамтамасыз  етеді.Ғылым  қызметін  басқару  тиімділігін  бағалаудың  сапалық  және  сандық 

әдістері бар. 

Сапалық әдістерде қойылған тапсырмаларға ғылыми жұмыстың нәтижесінің сәйкестігі және 

оларды ӛткізу тәсілдері бағаланады.Сапалық әдістер сандық әдістерді толықтырады: 

-

 



орындалған зерттеушілік жұмысының саны; 

-

 



баспа парақтарға жарияланатын кӛлемі; 

-

 



патенттік ӛтінім саны; 

-

 



алынған патенттер саны. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 



1. Иленькова С.Д.,Гохберг Л.М.,Ягудин С.Ю.Инновационный менеджмент. -  

    банки и биржи,ЮРИТИ – 1997. - 327с 

2.Гончарова Н.П.,Перерва П.Г.Маркетинк инновационного процесса.-   

   Киев,1998.- 264с 

3. Абдыгаппарова С.Б.Инновационный потенциял Казахстана:механизмыактивизации. - 

Алматы Экономика,2001. -158 

4.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный менеджмент:Алматы, Экономика,2003. - 164с. 

5. Нарибаев К. Джумамбаев С.К. Нусупова А.Инновационный менеджмент:Алматы,1998. - 

60с 

6.Инновационный менеджмент И.В.Афонин Москва, 2005 



 

 

4 – тақырып. Инновациялық салада қызмет етуші қҧрылымдардың кӛп тҥрлілігі және 



инновациялық бизнестің тҥрлері 

 

Дәріс мақсаты: Инновациялық жобалар тәуекелдігі және олардың ерекшелігін үйрету. 



Дәріс жоспары: 

1.Инновациялық жобаның тәуекелдер классификациясы. 

2.Инновациялық жобаның тәуекелдігін басқарудың негізгі амалдары. 

Негізгі түсінік 

Тәукел 

Жоба 


Демография 

 

1. Инновациялық жобаның тәуекелдер классификациясы. 

Экономикалық  әдебиеттерде  тәуекелдік  мәселесі  ең  маңызды  орталық  орынды 

қамтиды.Тәуекелдік  теориясын  ӛңдеуге  американдық  экономисттер  Г.Марковиц,  Шарп, 

Найт, Бирман, Шмидт ат салысқан.Марковиц портфельдік инвестициясын таңдау теориясын 

ӛңдеді.Ол тәуекелдік деңгейін дисперсия деп есептеуді ұсынды. 

Ал  Шарп  акционерлік  капиталдың  бағалы  моделін  ӛңдеп  шығарды.Жаңа  ӛнімдерді 

шығарумен  байланысты  ғылыми  жұмыстарды  қаржыландыру  шешімін  қабылдаған  кезде 

ғана тәуекелдік туындауы мүмкін. 

Инновациялық жобалар инвестицияның жоғары тәуекелдік категориясы болып табылады. 

Инновациялық  жобаның  тәуекелдігі  белгісіз  жағдайдағы  күтілетін  қорытындының 

мүмкіндігінің болуын белгілейді.Сонымен , инновациялық жобаның тәуекелдігі дегеніміз – 

шешім қабылдаудағы белгісіздік мүмкіндігінің болу ықтималдығы. 

Тәуекелдік бағасы  –  бұл әр түрлі  кәсіптік шешімнің бӛлігі болып табылады.Сонымен қоса 

инновациялық жобалармен де байланысты инновациялық жобалар кәсіпорын мен ӛндірістің 

әр саласына салынған капиталға тәуелді болып келеді. 

Инновациялық  жобалар  тәуекелдің  классификациясын  құруда  блоктік  принципін  қолдану 

керек.Бұл тәуекелдік категорияға, түрлерге, топтарға және басқа да деңгейге бӛлуді айтады. 

Тәуекелдік аралас, ішкі, сыртқы болуы мүмкін. 


Сыртқы  тәекелдік  жалпы  экономикалық,  нарықтық,  әлеуметтік,  демографиялық, 

ақпараттық, ғылыми-техникалық және нормативті-құқықтық тәуекелдер жатады. 

Аралас тәуекелдер инновациялық жобаларды ӛндірушілердің қызметімен байланысты. 

Кәсіпорынның ішкі экономикалық тәуекелдігі  мынадай түрде болады:  

-

 

болжау мүмкіндігі бойынша (болжанатын, болжанбайтын); 



-

 

шығу себебі бойынша; 



-

 

табу орны бойынша; 



-

 

уақыты бойынша; 



-

 

шығу себепкерлері бойынша; 



-

 

сақтандыру мүмкіндігі бойынша; 



-

 

мерзімі бойынша; 



-

 

табу әдістері бойынша; 



-

 

ӛндірістік цикл этапы бойынша



-

 

техникалық процес этапы бойынша; 



-

 

ӛндірістік жағдайлар бойынша; 



-

 

кәсіпорын ӛндіретін жаңа ӛнімнің ӛмірлік циклінің этапы бойынша; 



-

 

ӛнімді іздестіру орны бойынша; 



-

 

ӛнім түрі бойынша; 



-

 

ӛндіріс ұйымының типі бойынша; 



-

 

ӛндірілген ӛнімнің баға деңгейі бойынша; 



-

 

ӛнім типі бойынша. 



Инновациялық жобаның тәуекелдік бағасы ретінде ғылыми зерттеулер жұмысының деңгейі, 

ӛедіріс деңгейі, инновациялық маркетинг, т.б. жатады.Инновациялық жобаларды қажет емес 

жаңа ӛнімнің тәуекелдік және жаңа жобаның шешімдер тәуекелдігін ұмытпау керек. 

Қажет емес ӛнімдер тәуекелдігі – тұтынушының ӛнімді қажет етпейтіндігі , яғни тұтынушы 

сол тауардан бас тартуы. 

Қажет емес ӛнімдер тәуекелінің себептеріне мыналар жатады: 

-

 

нормативтік-құқықтық; 



-

 

әлеуметтік-экономикалық; 



-

 

демографиялық; 



-

 

географиялық; 



-

 

саяси, т.б. 



Экономикалық  тәуекелдік  –  бұл  экономикалық  шешімдерді  ӛткізу  мен  қабылдаудағы 

мүмкін  болу  ықтималдығы.Экономикалық  тәуекелдер  жобаны  қаржыландырады.Олар 

жоспарлау қателігінде , бағалау қателігінде пайда болуы мүмкін.Бұл тәуекелдің шығу себебі  

болып жалпы жобалық шығындар табылады. 

Жобаның  қоршаған  орта  тәуекелдігі  –  бұл  басқа  да  тәуекелдің  шығуының  баасты  себебі 

болып табылады. 

Ішкі  тәуекелдер  қоршаған  орта  тәуекелінен  пайда  болады.Жобаның  қоршаған  орта 

тәуекелдері халықаралық инновациялық жобалар кезінде пайда болған.Бұл тәуекелдің тобы 

жалпы  мемлекет  жағдайына  байланысты.Инновациялық  жобаларды  ӛткізуге  қатысушылар 

тәуекелдік жағдайындағы кәсіпкерлік шешімдерді қабылдаудағы мәселерді қарастырады. 



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 1.18 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет