Қалмахан Ержан Сейтұлы асылдың сынығы имам матуриди астана 2014


бұрын да Раббыңды мадақта»



жүктеу 326.34 Kb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата11.02.2017
өлшемі326.34 Kb.
1   2   3   4

бұрын да Раббыңды мадақта» («Таһа» сүресі, 130-аят). 

5. Сүннит кәламшыларының көпшілігі бұл жайында «уужуд» дәлелі деген 

дәлелді   алға   тарта   отырып,   Аллаһтың   ақыретте   көрінетіндігін   айтады.   Бұл 

дәлел   бойынша,   бір   нәрсенің   көрінуінің   басты   себебі,   оның   бар   болуында. 

Аллаһ Тағала бар болғандықтан Оның көрінуі хақ.

6.   Сахабалар   Пайғамбардың   (саллаллаһу   аләйһи   уә   сәлләм)   Миғражда 

Аллаһты   көріп-көрмегендігі   жайында   тартысады.   Бұл   дегеніміз   Аллаһтың 

көрінетіндігіне дәлел бола алады. Себебі ақылды кісілер тек мүмкін болатын 

нәрсе жайында ғана тартысады.

7. Бір күні имам Шафиғиға қолдарында қағаз ұстаған бірнеше адам келіп, 

имамнан  «Жоқ   олай   емес.   Негізінде   олар   ол   күні   Раббыларының 

дидарынан махрұм қалады» («Мутаффифин» сүресі, 15-аят) деген аят жайлы 

сұрайды.   Имам   Шафиғи   олардың   қолдарындағы   қағазына   былай   деп 

жаздырады: «Олай болса кейбіреулер азапқа душар болғандықтан, Оны көруге 

күнәләрі кедергі болады. Ал Оның разылығын алғандар Оны көретіндігі осы 

мағынадан шығып тұр». Сонда әлгілер имамнан: «Тақсыр, сіз осыған сенесіз 

бе?» деп сұрайды. Имам Шафиғи: «Аллаһқа ант етемін. Мұхаммед ибн Идрис 

31


(Шафиғи) қиямет күні Раббысын көретіндігіне толық сенбегенде, дүниеде Оған 

ешқандай құлшылық пен ғибадат етпес еді»,- деп жауап береді.

Қорыта айтқанда, мүминдердің Аллаһ Тағаланы көздерімен бе әлде жүрек 

көзімен бе көретіндігі беймәлім. Оған ақыл жетпейді. 

Бұл   тақырып   бойынша   мәзһабтардың   өз   арасында   біркелкі   көзқараста 

болмаған. Мысалы мұғтазила өкілі Дырар ибн Амр қиямет күні адам баласына 

алтыншы сезім жаратылып, Аллаһты көру мүмкіндігі беріледі деген көзқарасты 

ұстанған.   Ал   мұғтазила,   харижия,   зайдия,   муржия   және   жәһмия   мәзһабтар 

өкілдерінің   басым   көпшілігі   әһли   сүннеттің   көзқарастарымен   келіспейді. 

Мұғтазила мәзһабы Аллаһ Тағаланың ақыретте көрінуі мүмкін емес. Егер де 

көрінеді деген күннің өзінде мына ерекшеліктер болуы керек дейді. Олар:

1.

Көрінетін болмыс мекенде болуы керек;



2.

Көрінетін болмыс бір жақта (бағытта) болуы керек;

3.

Көруші мен көрінетіннің арасында қашықтық болуы керек,



4.

Көру   процесі   іске   асу   барысында   көрінетін   болмыстан  шағылсқан 



сәулелер көзге жетуі керек.

Мұғтазила көзқарасы бойынша «егер де Аллаһ ақыретте көрінеді дейтін 

болсақ, онда осы аталмыш мекен, жақ, қашықтық және шағылысқан сәулені 

Аллаһқа тән еткен боламыз. Алайда, бұл таухид принциптеріне қайшы. Аллаһ 

мекеннен, заттан пәк»,- дейді. 

Бұған қоса өздерінің пікірлерін қуаттау үшін Құранның: 



«Көздер Оған жете алмайды. Бірақ Ол (ілімі арқылы) барлық көздерді 

көреді» («Әнғам» сүресі, 103-аят),-деген аятын дәлел ретінде келтіреді. 

Олар   аяттағы   «идрак»   сөзін   «көру»   деген   мағынада   ұққан.   Сондай-ақ, 

Құранның «Ағраф» сүресіндегі Мұса пайғамбар (а.с.):  «Раббым маған өзіңді 

көрсет. Сені көрейін»,- деді.  Сонда  «Мені ешқашан көре алмайсың»  (143-

аят),- деген аятты да дәлел ретінде алға тартады. Яғни, Аллаһ Тағала Мұсаға 

(а.с.) аятта  «Мені ешқашан көре алмайсың»  деуі бұл дүние мен о дүниені 

бірдей қамтып тұр. Сондықтан да адам екі дүниеде де Аллаһ Тағаланы көруі 

мүмкін емес,- дейді.

Бұл   мәселе   түрлі   көзқарастармен   ұзақ   уақыттар   бойы   пікірталасқа 

айналған. 

Әһли   сүннет   ғұламалары   аталмыш   аяттағы   «идрак»   сөзін   «қамту», 

«меңгеру»,  «ұғу» деген  мағынада  тәпсірлеген.  Осы тұрғыда  көздер  Аллаһты 

қамтып, меңгере алмайды, бірақ көреді деген. 

Ал  «Мені   ешқашан   көре   алмайсың»  деген   аятта  Аллаһ   Тағала   Мұса 

пайғамбардың   осы   өмірдегі   сұранысына   жауап   қайырған.   Сондықтан   мүмин 

осы дүниеде Жаратушысын көре алмайды. 

Матуриди мектебінің ғалымдарынан Нуриддин ас-Сабуни «аяттағы «лән» 

сөзі   мәңгілік   деген   ұғымды   білдірмейді.   Тек   тәкид   (қуаттау)   мағынасын 

береді»,- дейді. Бұған дәлел ретінде Құрандағы



«Бүгін ешбір адаммен сөйлеспеймін»  («Мариям» сүресі, 26-аят),-деген 

аяттағы «лән» сөзін «әл-яум» (бүгін) сөзімен бірге қолданып, шектеулі уақыт 

үшін айтып отыр. Олай болса, «мәңгілік» пен «шектеулі» бір-біріне қарама-

32


қарсы   түсінік   болып   тұр.   Сондықтан   «лән»   сөзі   осы   дүниеде   деген   ұғымда 

дейді.


Иә, Аллаһ Тағаланы бұл дүниеде ешкім көре алмайтындығы анық. 

«Бірде Мәсруқ деген кісі бірнеше кісімен бірге Айша анамыздан (р.анһа): 

«Әй, анашым! Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Раббысын көрді ме?» - 

деп сұрадық. Айша (р.анһа) анамыз: «Айтқан сөзіңнен денем тітіркеніп кетті. 

Сенің үш қателі сөзден хабарың жоқ па еді? Кім оларды айтса өтірік айтқан 

болады»,- деді.

1. Кім саған: «Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Раббысын көрді 

десе, өтірік айтқан болады, деп «Көздер Оған жете алмайды. Бірақ Ол (ілімі 



арқылы)   барлық   көздерді   көреді»  («Әнғам»   сүресі,   103-аят),-   деген   аятты 

оқыды.


2. Кім саған:  «Мұхаммед  (саллаллаһу  аләйһи уә сәлләм) ертең  болатын 

нәрсені   біледі   десе,   өтірік   айтқан   болады,   деп   «Ешкім   ертең   не   істейтінін 



білмейді» («Луқман» сүресі, 34-аят),- деген аятты оқыды.

3. Кім саған: «Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) уахиден бір нәрсе 

жасырып   қалғанын   айтса,   ол   өтірік   айтқан   болады,   деп:  «Әй,   Пайғамбар! 

Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең,  елшілік 

міндетті жалғастырмаған боласың»  («Майда» сүресі, 67-аят),- деген Құран 

аятын оқып жауап береді» (Муслим, Иман-287),- деді.

Олай болса, біз де Пайғамбарымыздың Миғражда Раббысын тікелей емес, 

тек   перде   арқылы   нұрын   ғана   көргендігі   жайында   айта   аламыз.   Бірақ, 

Пайғамбарымыздың   Миғражда   Аллаһтан   Жәбірейл   періштенің   көмегінсіз 

тікелей уахи алғандығы рас. 

Бір күні Әбу Зәрр әл-Ғыффари (р.а.) Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи 

уә сәлләм) «Сен Рабб Тағаланы миғражда көрдің бе?», - деп сұрайды. Сонда 

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Ол нұр ғой! Мен Оны 

қалай көремін»,- деп жауап берген еді (Муслим, Иман, 261).

Құранда   Жаратушыға   иман   ету   мен   иман   келтірмеу   тұрғысынан 

адамдардың діни дәрежесі әр түрлі болатындығы анық баян етілген. 



Имам Матуридидің басқа да ұстанымдары:

Ақыл – иләһиәт (құдайлық) пен нубууатты (пайғамбарлықты) түсіну 



мен ұғынудағы қайнар бұлақ.

Құранда, хадисте және тілде астарлы мағыналы сөздер бар.



Иманды жан екенін білдіру үшін «Иншаллаһ мүминмін» (Құдай қаласа 

мүминмін)   деп   айтуға   болмайды,   оның   орнына   «Әлхамдулилләһ,   мен 

мұсылманмын» (Аллаһқа шүкір мен мұсылманмын) деп айту керек.

Адам   баласы   жаны   алқымына   келгенде   тәубе   ететін   болса,   қабыл 



болады. Бірақ, жан алқымға келгенде иман етсе, қабыл болмайды.

Аллаһ Тағаланың субути сипаттарының саны сегіз. Олар: 1. Хаят (Тірі 



болу); 2. Илм (Білу); 3. Самиғ (Есту); 4. Басар (Көру); 5. Ирадә (Қалауы болу); 

6. Құдырет (Күші жету); 7. Кәлам (Сөйлеу құдыреті болу); 8. Тəкуин (Жарату, 

жоқтан бар ету).

33




Жеке дара ерік туралы: Матуриди бойынша адам жеке дара ерікке ие. 

Олай болса адам баласы өзінің қалауы арқылы бір істі жасауға нақты шешім 

қабылдап, оған бет бұрғанда, Аллаһ Тағала ол істі сол адам үшін жаратады. 

Аллаһ Тағала бұл істі жаратуға мәжбүр болғандығы үшін жаратпайды. Адамға 

жауапкершілік жүктеумен қатар, оның еркін әрекет жасай алуы үшін бұл істі 

жаратады. Аллаһ Тағала қаласа адамның нақты қалаған нәрсесін жаратпауы да 

мүмкін.   Алайда   Аллаһ   Тағала   адам   баласына   жеке   дара   ерік   берген.   Сол 

еркіндігінің   нәтижесінде   Аллаһ   Тағала   жасаған   амалдарына   қарай   оны 

тозағымен жазалайды не жұмағымен сүйіншілейді.    



Бір   нәрсенің   жақсы   (сүйкімді)   не   жаман   (сүйкімсіз)   болуы   туралы: 

Кәлам ғылымында жақсы мен жаманды беске бөліп қарастырған. Олар:

1.

Мақсатқа   сай   болған   жақсы,   болмаған   жаман.   Әділдіктің   жақсы, 

зұлымдықтың жаман болғаны секілді.

2. Табиғатқа бейім болған жақсы, болмаған жаман. 



3.

Кемел сипатқа ие болған жақсы, болмаған жаман. Ілімді болу жақсы, 

надан болу жаман болғаны секілді. 

4.

Мадақ пен мақтауға лайық болу жақсы, жамандауға лайық болу жаман. 

Жомарттықтың жақсы, сараңдықтың жаман болғаны секілді. 

5.

Аллаһтың   мақтап   мадақтаған   нәрсесі   жақсы,   жамандауы   және 

азапталуға себепкер болатын нәрселер жаман. Имам Матуриди бойынша әрбір 

затта жақсы мен жаман деген нәрсе бар. Ол жақсы мен жаманның өлшемін 

ақылмен   білуге  болады.   Аллаһ   бір   нәрсенің  жақсы   болғаны   үшін  әмір  етсе, 

жаман болғаны үшін тыйым салған дейді.



Аллаһты   тану   туралы:  имам   Матуриди   адам   баласына   діни   уағыз 

жетпесе   де   Аллаһты  ақылымен   тани   алады   дейді.   Себебі  Қасиетті   Құранда: 

«ақылға  салмайсыңдар   ма?»,   «ойланбайсыңдар   ма?»,   «пікір  жүгіртпейсіңдер 

ме?» деген мазмұндағы аяттар өте көп. Мысалы, тау басында өмір сүрген адам 

Аллаһтың бар екенін ақылымен тауып, оған сенуі керек. Ал дінді оған ешкім 

үйретпегендіктен діни міндеттерден жауапқа тартылмайды. Бірақ Аллаһқа сену 

мәселесінде сұралады. Себебі соны түсінетін ақыл берілді.



Жарату сипаты туралы:  Жарату, жоқтан бар ету (Тәкуин) – Аллаһ 

Тағаланың субути сипаттарының бірі. Матуридилік мектебі бойынша бұл сипат 

Аллаһта әзәли, яғни әуел бастан бар және құрастырылмаған, тікелей Аллаһқа 

негізделген, Оған ғана тән. Шексіз құдірет иесі Аллаһ Тағала тәкуин сипатымен 

қалаған нәрсесін жаратады, жоқтан бар етеді. Әлемде Аллаһтың жаратуынсыз 

пайда болған ешбір нәрсе жоқ. Тәкуин сипаты – жарату, рызық беру, азап беру, 

тірілту,   өлтіру,   нығмет   беру   секілді   т.б.   сипаттарды   қамтитын   аса   ауқымды 

ұғым.  Аллаһтың   Құдірет,   Ирадә   деген   жеке-жеке   сипаттарының   болғаны 

тәрізді, Жарату да сол сипаттардың бірі.



Пайғамбарлық   туралы:  Ғұламалар   пайғамбарлардың   жай   адамдар 

арасынан   таңдалғаны   туралы   ортақ   шешімде   болғанымен,   әйел   затынан 

пайғамбардың   шыққаны   –   шықпағаны   жайлы   мәселеде   біркелкі   ымыраға 

келмеген. Имам Матуриди пайғамбардың ер адам болуы шарт деген.  Өйткені 

пайғамбарлық – аса ауыр міндет. Пайғамбарлық жүктелген жан қашан да қалың 

34


қауіп-қатер мен небір қиыншылықтардың бел ортасында, қылыштың жүзінде 

жүреді. Пайғамбарлар – адамзат баласын тәрбиелейді. Пайғамбар хақ дінді жаю 

жолында   Аллаһ   тағаламен   және   адамдармен   тығыз   байланыста   болады.   Ал 

нәзік жанды  әйел затының бұған шамасы әркез жетпейді. Осы тұрғыда имам 

Матуриди әйел кісілерден пайғамбар келмейді деген.



Аллаһ   Тағаланың   пендесіне   күші   жетпейтін   нәрселерге   жауапты  



етіп-етпеуі туралы (Тәклифи ма-ла иутақ):  Имам Матуриди бойынша Аллаһ 

Тағала   адам   баласына   күші   жетпейтін   нәрсені   жүктемейді   және   оны   күші 

жетпейтін   нәрсеге   жауапты   етпейді.   Себебі,   Құран   Кәрімде:  «Аллаһ   кісіге 

шамасы келмейтінді жүктемейді...» («Бақара» сүресі, 286-аят), - деген аят бар 

дейді. 




Себеп пен хикмет туралы: Имам Матуриди бойынша Аллаһ Тағаланың 

жасаған   нәрселерінің   бір   хикметі   бар   және   себепке   сүйенеді.   Өйткені, 

Аллаһтың әрбір ісінде бір хикмет бар. Ол бәрін біледі және Хәкім иесі дейді.



Иман туралы:  имам Матуриди бойынша иман кемімейді де артпайды 

да.



Діннен шығу туралы:  Матуриди діннен шыққан мұсылман кісі қайта 



иман   ететін   болса,   оның   алдыңғы   жасаған   жақсы   не   жаман   амалдары   амал 

дәптеріне қайта тіркелмейді дейді.



Құлшылық   туралы:  имам   Матуриди   бойынша   мұсылман   болмаған 

адам құлшылық етуге міндетті емес және ақыретте бұл үшін оған бөлек жаза 

берілмейді.

Осылайша Әбу Мансур әл-Матуриди имам Мұхаммед  аш-Шайбани мен 

Әбу   Юсуфтың   шәкірттерінен   ілім   алған.   Ғұмырының   соңына   дейін   діни 

тақырыптарда   зерттеулер   жасап   өткен.   Тәпсір,   кәлам,   фиқһ   және   фиқһ 

әдістемесі   салаларында   маңызды   еңбектер   қалдырып,   көптеген   шәкірттер 

тәрбиелеген. Ханафи мәзһабын еңбектері мен шәкірттер арқылы жайған. Осы 

тұрғыда, ол Ханафи мәзһабының имам Ағзамнан кейінгі екінші үлкен ғалымы 

деп танылған.

35


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Құран кәрім. Қазақша мағына және түсінігі. 

2. Алау   Әділбаев.   «Орта   Азиядан   шыққан   ғұлама   –   Матуриди», 

Исламтану   және  араб  филологиясы   мәселелері  атты  конференция   жинағы.   – 

Алматы 

3. Ахмет   Ак.   Матуриди   кайнакларда   Матуриди   ве   Матуридилик 



(докторлық диссертация). – Анкара: 2006.

4. Әбу   Зәһра   Мұхаммед.   Исламда   итиқади   сияси   ве   фықхи   мезхеплер 

тарихы (ауд: С.Кая). – Стамбул: 1996.

5.

Әбу Мансур ал-Матуриди. Китабу-т Таухид (ауд:Ф.Хулейф).



6. Әбу   Мансур   ал-Матуриди.   Тәуилату   әһли   сунна   (И.Авазайн, 

С.Авазайн) – Каир: 1971

7. Әбул Юсур Мұхаммед Паздауи. Әһли суннат Ақаиды (ауд:Ш.Гөлжук). 

– Стамбул: 1988

8. В.В.Бартольд. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. – Москва: 

1963


9. Ибн   Халдун   Абдуррахман   ибн   Мұхаммед.   Муқаддима   (ауд:   Закир 

Кадири Уған). – Стамбул: 1990

10. Имам   Ағзам   Әбу   Ханифа   мәзһабы   және   қазіргі   заман   атты 

халықаралық   ғылыми-тәжірибеслік   конференция   материалдары.   –   Алматы: 

2009 

11. Кайышоглы Нурулла. Әбул Муин ән-Насафие гөре исбаты нубууа. – 



Стамбул: 1999

12.


Мұстафа Мұхаммед ар-Рахман. Имам Матуридидің Тәуилату Әһли-с 

Суннасына жазылған алғысөз. – Бағдад: 1983

13. Насафи. Табситату-л әдилла. дай: Клод Салам. – Дамаск: 1990, I

14.


Нури Туглы, Матуриди кәлам эколу черчевесинде кәлами хадислерин 

дегерлендирмеси (докторлық диссертация). – Спарта: 2003 

15.

Сонмез   Кутлу.   Исламлашма   сүрежинде   муржия   ве   тесирлери.   – 



Анкара: 2000 

16. Сейтұлы Қ. Матуриди ақидасы (пайғамбарларға иман), Алматы 

17. Тажуддин   Субки.   Матуридинин   ақида   рисәлеси   ве   шархы   (дай: 

С.Эпрем). – Стамбул: 2000

18. Топалоглу Бекир-Аручи. Китабу-т Таухид. ИСАМ баспасы. – Анкара: 

2005  


19. Ульрих Рудольф, Ал-Матуриди и суннитская теология в Самарканде. 

(неміс тілінен аударған Л.Трутанова). – Алматы: 1999



36

жүктеу 326.34 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет