Қалмахан Ержан Сейтұлы асылдың сынығы имам матуриди астана 2014


Иман мен амал арасындағы байланыс



жүктеу 326.34 Kb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата11.02.2017
өлшемі326.34 Kb.
1   2   3   4

Иман мен амал арасындағы байланыс

Ислам мәзһабтары арасында иман мен амалды бір ұғым ретінде, немесе 

екеуінің   екі   бөлек   ұғым   ретінде   қарастырылуы   мәзһабтар   арасында 

пікірталастарға себеп болған. Мұғтазила, харижит және шия ғалымдары амалды 

иманның   ажырамас   бөлігі   ретінде   қабылдап,   амалды   тәрк   еткен   кісіні 

мұсылман ретінде санамаған. 

Мысалы харижит ғалымдарының бір бөлігі настармен (Құран мен хадис) 

бекітілген иләһи әмірлердің бірін тәрк еткен адам кәпір болып саналады дейді.  

Имам   Матуриди   амалдарға   сену   басқа,   оның   парыз   екенін   біле   тұра 

орындамау басқа дейді. Парыз амалды мүлдем мойындамау адамды күпірлікке 

алып   барады,   ал   мойындап   тұрып   оған   амал   етпеген   адам   күнәһар   мүмин. 

Ислам   шарттары   (намаз,   ораза,   қажылық,   зекет)   иманның   шарттарына 

жатпайды, олар иманнан бөлек парыз дейді. 

  Әһли  сүннет  ғалымдары  амал  мен  иман  екеуі  екі  нәрсе   болғандықтан, 

жүрегінде   иманы   бар   және   оны   тілімен   айтқан   кісі   мұсылман.   Мұндай 

жағдайда, әлгі кісі амалды тәрк еткендігі үшін кәпір болмайды, тек күнәһар 

мүмин болады деген. 

Имам Матуриди де амал иманның бір бөлігі емес. Өйткені Құран Кәрімде: 

«Иман еткендер және ізгі амал істегендер...» деп келетін көптеген аят бар. 

24


Бұл жерде иман мен амал «және» деген сөз арқылы бір-бірінен бөлектеніп тұр,- 

дейді.


Имам   Матуриди   иманды   жүректің   қуаттауы   ретінде   қабылдағандықтан 

амалды иманнан бөлек қарастырады. Өйткені Аллаһ Тағала Құранда иман мен 

амалды бөлек баяндаған. Сондай-ақ, амал етпегендер айыпталса да, олар мүмин 

деп   сипатталған.   Құранда  «Еркектен   немесе   әйелден   кім   иман   келтіруші 



болып, ізгі істерден істесе, міне солар жәннәтқа кіреді» («Ниса» сүресі 106-

аят), - деген аят бар.

Имам   Матуриди   бойынша   бұл   аят   амалдың   иманға   қатысы   жоқ   екенін 

көрсетеді. Өйткені «кім иман келтіруші болып, ізгі істерден істесе» деген аят 

амал ету жөнінде айтылуда. Егер де ізгі амал жасау иман болып саналғанда, ол 

кезде «Кім мүмин болып, ізгі істерден істесе» деп келер еді дейді. Сондай-ақ, 

имам   Матуриди   «мүмин   болып»   деген   сөз   бен   ізгі   амалдың   тек   иманмен 

пайдалы   болатынын   айтады.   Сондықтан   да   амалды   иманның   бір   бөлшегі 

ретінде   қарайтын   харижит   және   мұғтазила   мәзһабының   көзқарастарымен 

келіспеген.  «Шынайы   мүминдер   Аллаһтың   (есімі)   зікір   етілгенде, 



жүректеріне қорқу түсетін, Оның аяттары оқылғанда, имандары артатын 

және жалғыз Раббыларына ғана сүйенетін кісілер.  Олар намазды толық 

орындайды   және   оларға   берген   несібемізден   тиісті   орынға   жұмсайды» 

(«Әнфал»   сүресі,   2-3   аят),-   деген   аяттардан   жоғарыдағы   мәзһабтардың 

айтқандары   секілді   амал   болмай   иман   да   болмайды   деген   мағына   шығаруға 

болмайтынын   айтады.  Имам  Матуриди  бұл  жерден  мүминдердің   амал  етуде 

жауапты   екендіктері   меңзелуде   деген   қорытынды   шығаруда.   Сондықтан   да 

Имам Матуриди амалды иманның шарты ретінде санамайды және амалдардың 

тәрк   етілуімен   адамның   иманнан   шықпайтынын   айтады.   Алайда   амалдарын 

толық орындаған адам Аллаһ Тағалаға мойынсұнған мүмин болса, орындамаған 

адам аси

 мүмин болып саналады.  



Әһли сүннет ғалымдары амалды иманның бір бөлігі деп есептемегенімен 

екеуінің арасындағы  ажырамас байланыстың бар екенін жоққа шығармайды. 

Себебі,   амалсыз   иманның   ақыретте   пайда   беруі   екіталай.   Иманның   кәміл 

болуы, жетілуі, қуатты болуы амалға байланысты. Амал болған жағдайда иман 

қуатты болады. Ал иман қуатты, күшті болса, адамның ықыласы соншалықты 

артады. Иман жанып тұрған шам болса, амал сол шамды қалқалап, жарығын 

күшейтетін шыны іспетті.

Пенделердің   жәннәтқа   иманымен   кіретіндігі,   иманына,   амалына   қарап 

мәртебелерімен баратын жәннәт орындары болатындығы Құранда баян етілген. 

Сондықтан   да  имам  Матуриди  адамдар   амал  еткені   үшін  иман  етпейді, 

иман еткені үшін амал жасайды деген.  

Иманның артып-кему мәселесі

Иман   тек   жүрекпен   бекіту   дегендермен   қартар,   тек   тілмен   айту   немесе 

жүрекпен бекітіп, тілмен айту дегендердің көзқарасы бойынша иманның артып 

  Аллаһтың   бұйырған   әмірлерін   орындамаған,   Аллаһтың   үкімдеріне   қарсы   шыққан   күнәһар   мұсылманның 



атауы.

25


кемуі мүмкін  емес.   Ал  амалды   иманның  бір  бөлігі   ретінде  санағандар  иман 

артып кемиді деген көзқарасты ұстанған. 

Құрандағы «Әй, мүміндер! Сендер Аллаһқа бойсұныңдар, пайғамбарға 

бойсұныңдар,   әрі   өздеріңнен   болған   әмір   иелеріне   де.   Егер,   бір   нәрсе 

үстінде талас-тартыста қалсаңдар, Аллаһқа және пайғамбарға жүгініңдер. 

Егер сендер Аллаһқа, ақырет күніне сенетін болсаңдар, осылай істеу әрі 

қайырлы, әрі жақсы нәтижелі болмақ» («Ниса» сүресі, 59-аят); 

«Әй   мүміндер!   Сендерге   не   болды?   «Аллаһ   жолында   соғысқа 

шығыңдар»,-   дегенде,   салмақтарыңды   жерге   салдыңдар.  (Жерден 

қозғалғыларың келмеді) Ақыреттен гөрі дүние тіршілігін қоштадыңдар ма? 



Негізінде   дүние   тіршілігінің   пайдасы   ақыретке   қарағанда   өте   аз   ғана». 

(«Тәубе» сүресі, 38-аят).



«Әй   мүміндер!   Аллаһтан   қорқыңдар,   Елшісіне   иман   келтіріңдер. 

Сендерге мәрхаметінен екі есе береді. Әрі сендерге сонымен жүретін нұр 

жаратады.   Сендерді   жарылқайды.   Аллаһ   тым   жарылқаушы,   ерекше 

мейірімді». («Хадид» сүресі, 28-аят),- деген үш аятта да Аллаһтың әмірлеріне 

иман келтіріп бойсұнғандар мен Оның әмірлерін орындамай үлкен күнәға бой 

алдырғандарға да «Әй, мүминдер!» деген. Имам Матуриди мен Әшғари да осы 

секілді аяттарға қарап иман артып кемімейді деген тоқтамға келген.

  Амалды   иманның   бір   бөлігі   деп   санаған   харижит,   мұғтазила,   зайдия 

секілді   мәзһабтар   иман   сан   һәм   сапа   жағынан   да   артады,   кемиді.   Иманның 

артуы жақсы амал істеумен жүзеге асса, кемуі жаман амал істеумен болады деп 

сенген. 


Әбу   Ханифаның   сөзіне   қарағанда,   жүрекпен   қабылдау   иманның   негізгі 

талабы   болғандықтан,   иманның   артып-кемуі   турасында   сөз   қозғаудың   өзі 

ақылға   сыймайды.   Негізінен,   иманның   артып-кемуі   таза   теориялық   мәселе. 

Өйткені,   имам   Әбу   Ханифа   пайғамбарлар   мен   періштелерді   де   қосқанда 

мүминдердің иманы бір-біріне ұқсас деумен қатар араларында айырмашылық 

бар екенін де атап көрсетеді. Осыған байланысты «әл-Алим уәл-мутааллим» 

атты   кітабында:   Иман   амалдан   бөлек   болғандықтан   артып-кемімейді.   Олай 

болса, біздің иманымыз періштелер мен пайғамбарлардың иманымен бірдей. 

Өйткені,   біз   Аллаһ   Тағаланың   жалғыз   даралығын,   Оның   Жаратушылығын, 

құдыретін, Оның жіберген барлық үкімдерін періштелер мен пайғамбарлардың 

бізге айтып, растағанындай растаймыз. Сондықтан, иманымыздың періштелер 

мен   пайғамбарлардікіндей   екенін   айта   аламыз.   Өйткені,   біз   періштелер   мен 

пайғамбарлардың   көзбен   көріп,   иман   келтірген,   Аллаһ   Тағаланың   ақылмен 

танып-білу қиын ақиқаттарын көрмесек те, толықтай иман келтіреміз. 

Бірақ,   мына   негіздерге   орай   бізге   қарағанда   олар   Аллаһтан   тереңірек 

қорқып,   көбірек   мойынсұнады.   Имандары   мен   құлшылықтарының   сауабы 

тұрғысынан бізден артық деп түйеді. 

«Иман амалдан бөлек болғандықтан артып-кемімейді. Өйткені, иманның 

артуы тек күпірдің кемуімен, иманның кемуі де тек күпірдің артуымен жүзеге 

асады. Бір кісінің бір уақытта әрі мүмин, әрі кәпір болуы мүмкін емес, бұл қате 

түсінік»,- деген.

26


Иман шарттарына толықтай сенуде иманды арттырып кемітпейді. Ешкім 

өзгеше   иман   ете   алмайды.   Сондай-ақ,   бір   адам   иман   негіздерінің   барлығын 

қабыл   ете   тұрып,  кейбіріне   сенбесе   иман   еткен   болып  саналмайды.   Мұндай 

жағдайда иман толық қамтылмағандықтан оның артып, кему мәселесі туралы 

сөз   қозғаудың   өзі   артық.   Сондықтан   да   иман   ету   қажет   болған   шарттар 

тұрғысынан   иманның   артуы   не   кемуі   мүмкін   емес.   Иман   негіздеріне   сену 

баршаға ортақ.

Ал иман күшті немесе әлсіз болуы мүмкін. Кімнің иманы күшті, кімдікі 

әлсіз. «Бақара» сүресінің 260-аятында 

«Сонау   заманда   Ибраһим   (а.с.)   Раббым!   Өлікті   қайтып   тірілтесің, 



маған көрсет, деді. (Аллаһ Тағала) Маған сенбейсің бе?, деді. (Ибраһим (а.с.) 

Әрине сенемін, бірақ жүрегім орнықсын, деді...».

Ибн Касир тәпсірінде бұл аят жайлы: ғұламалар Ибраһимнің (а.с.) бұлай 

мінәжат   етуіне   бірқатар   себептерді   тізбектеп   келтірген.   Соның   бірі   патша 

Намруд   өзін   тәңрімін   деп   айтқанда,   оған   Халилуллаһ   (а.с.)   «Менің   Раббым 

тірілтеді және өлтіреді», деп жауап берген,- дейді.

Халилуллаһ Ибраһим неге бұлай мінәжат етті? Ибраһим (а.с.) пайғамбар 

иманда   илмул   яқиннан   (біліммен   танудан)   айнул   яқин   (көзбен   көріп   тану) 

мәртебесіне   көтерілуді   қалады.   Әбу   Һурайра   (р.а.)   пайғамбарымыздың 

(саллаллаһу   аләйһи   уә   сәлләм)   «Біз   Ибраһимнен   қарағанда   көбірек 

күдіктенеміз. Ол кісі: Раббым! Сен өлгендерді қалай тірілтесің?, деп сұрады. 

Аллаһ   Тағала:   сен   сенбейсің   бе?,   деді.   Ибраһим:   керісінше,   сенемін,   бірақ 

жүрегім орнықсын, дедім», -деген (Бұхари).

Шын мәнінде үмбеттің қатардағы мұсылмандарының имандары Мұхаммед 

пайғамбардың   (саллаллаһу   аләйһи   уә   сәлләм)   немесе   Әбу   Бәкірдің   (р.а.) 

иманымен тең деп айтпаймыз. Осы мағынада пайғамбарымыздың (саллаллаһу 

аләйһи уә сәлләм): «Егер Әбу Бәкірдің иманы мен барша мұсылмандар иманы 

таразыға салынса, Әбу Бәкірдің иманы басып кетеді», дегені иманның кемелдік 

жағы меңзелген.



Үлкен күнә жасаушының үкімі

Құран аяттары мен хадис арқылы қатаң тыйым салынған амалдардың үкімі 

«үлкен   күнә»  деп   аталады.   Сонымен   қатар   кейбір   амалдарға   тікелей   қатаң 

тыйым салынбағанмен, олардың да үлкен күнәға жататынын білдіретін аяттар 

мен хадистер кездеседі.

Ғалымдар арасында күнәнің үлкені не, кішісі болмайды дегендермен қатар 

басым  бөлігі үлкен  және кіші күнәлар  деп  бөліп қарастырады.  Әһли сүннет 

сенімінде   күнәлар   үлкен   және   кіші   болып   бөлінеді.   Себебі   күнәлардың   ең 

үлкені – Аллаһқа серік қосу екендігі Құран аяттарында анық айтылған.

Хадистерде   үлкен   күнәлардың   сандық  мөлшері  жайында  түрлі  деректер 

берілгендіктен ғалымдар да бұл мәселе жайында әр түрлі пікірлер білдірген. 

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадис шәрифінде: «Сіздерге 



үлкен күнәлардың ең үлкенін айтайын ба? Олар: Аллаһқа серік қосу, ата-анаға  

қарсы келу және жалған куә жасау» (Бұхари. Әдеб, 6; Муслим. Иман, 38),- деп 

27


үш үлкен күнә аталса, басқа бір хадисте «Азапқа ұшырататын жеті күнәдан 

сақтаныңыздар!-   дегенде   сахабалар:   Олар   не?–   деп   сұрады.   Олар:   Аллаһқа  

серік қосу, сиқыр жасау, хақсыз (орынсыз) адам өлтіру, жетімнің малын жеу,  

өсім жеу,  майданды тастап қашу,  намысты және  иманды  бір әйелге зина  

жаласын жабу деп жауап береді»,-  деп жеті үлкен күнә айтылады. (Бұхари, 

Уасия. 1200).

Тағы   басқа   бір   хадисте   осы   аталған   жеті   күнәмен   қатар   ата-анаға 

құрметсіздік пен Мәсжидул Харамда күнә жасауды да үлкен күнә қатарынан 

санаған. 

Кейбір ғалымдар Құран аяттары мен хадистерге сүйеніп үлкен күнәлардың 

санын одан да көп етіп көрсетеді. 

Ендігі кезекте осы аталмыш үлкен күнәларды мұсылман баласы жасаған 

жағдайда   үкімі   не   болмақ   деген   сұрақ   алғашқы   мұсылмандар   мен   ислам 

мәзһабтарының өзекті мәселесіне айналған. 

Харижиттердің   көзқарасы   бойынша   «үлкен   күнә   жасап   тәубесіне   келмей 

өлген адам – кәпір. Ол отта мәңгі қалады». Оған Құранның: 



«Кім   Аллаһқа,   Елшісіне   қарсы   келіп   Оның   шектерінен   шықса,   ол, 

ішінде мәңгі қалатын отқа кіргізіледі. Оған қорлаушы азап бар»  («Ниса» 

сүресі, 14-аят),- деген аятын дәлел ретінде келтіреді. 

Мұғтазила мәзһабы «үлкен күнә жасап тәубесіне келмей өлген адам – мүмін 

де, кәпір де емес, ол иман мен күпірліктің ортасында, солай бола тұра ол отта 

мәңгі қалады»,– дейді. Олар бұл пікірлерімен үлкен күнә жасаушы отта мәңгі 

қалады   деген   харижиттердің   пікірлерімен   келіскенімен,   үкіміне   келіспейді. 

Өйткені олар үлкен күнә жасаушыны харижиттер секілді кәпір деп атамайды.

Муржиялардың көзқарасы бойынша «жасаған күнәлары имандарына зиян 

тигізбейді».

Имам Матуриди болса күнәһар мұсылманның ақыреттегі жағдайын Аллаһ 

Тағалаға   қалдырғанымыз   жөн.   Жаратушы   Хақ   Тағала   өте   мейірімді.   Қаласа 

рахым   етіп,   күнәһар   пендесін   кешіреді.   Қаласа   күнәсіне   қарай   азап   береді. 

Бірақ, өзіне иман келтірген пендесін мәңгілік тозақта азаптамасы анық. Осы 

тұрғыдан қарағанда адам баласы «үміт» пен «үрейдің» арасында күн кешеді 

дейді. 

Құрандағы  «Әй мүміндер! Аллаһқа шынайы тәубе етіңдер»  («Тахрим» 



сүресі,   8-аят),-   деген   аятқа   негізделген   әһли   сүннет   сенімі   бойынша   үлкен 

күнәлар   адамды   иманнан   шығармайды.   Тек   жасаған   күнәсі   үшін   күнәһар 

болады. Ол күнәдан арылудың тек жолы Хақ Тағалаға жалбарынып, тәубеге 

келу. Күнәні қайта жасамауға сөз беріп, уәдесінде бек тұруы маңызды. Өйткені 

Құран   Кәрімде   Аллаһ   Тағала   үмітін   үзбей   тәубе   еткен   құлын   кешетіндігін 

айтқан. Құранда: 



«Әй мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді Азатқа азат, 

құлға   құл,   әйелге   әйел   (өлтіріледі).   Дегенмен   оған   туыс   жағынан 

кешірілсе...»  («Бақара»  сүресі, 178-аят),-  деген  аятта  әдейі  кісі өлтірген адам 

жайлы айтылуда. Әдейі кісі өлтіру – үлкен күнә. Солай бола тұра өлтірген адам 

мен   өлген   адамның  жақындары   бір-біріне   жақын,  туыс   деп   келген,   әрі  өлген 

28


адамның жақындары өлтіушіні күпірлікке шығармады. Бұл әдейі өлтірген кісінің 

иман сипатын жоққа шығармау болып табылады. Сол секілді Аллаһ Тағаланың: 



«Аллаһ   өзіне   ортақ   қосуды   кешірмейді   де,   одан   өзге   қалаған   кісісін 

кешіреді»,-  деген   сөзі   дәлел.   Демек   Аллаһ   Тағала   өзіне   ортақ   қосудан   басқа 

үлкен, кіші күнәлардың барлығын кешіруі мүмкін. Имам Ағзам Әбу Ханифа:

«Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үмбетінен күнәһар болғанның 

барлығы мүмін» (Әбу Ханифа, әл-Уасия, 80-б.), - деген.

Үлкен   күнәлардан   сақтанған   адамның   кіші   күнәлары   кешіріледі.   Оған 

Аллаһ Тағаланың: 



«Сендерге   тыйым   салынған   үлкен   күнәлардан   сақтансаңдар,   кіші 

күнәларыңды кешеміз...» («Ниса» сүресі, 31-аят),- деген сөзі дәлел. Сол секілді 

Құрандағы:



«Әй   мүміндер!   Аллаһқа   шынайы   тәубе   етіңдер.   Раббыларың 

жамандықтарыңды жояды...» («Тахрим» сүресі, 8-аят) және

«Әй   мүміндер,   түгел   Аллаһқа   тәубе   етіңдер!   Әрине   құтыларсыңдар» 

(«Нұр» сүресі, 31-аят),- деген  аяттар үлкен күнә жасаған мүминді тәубе етуге 

шақыруда. 

Бірде Әбу Ханифа мешітте отырғанында бір қарулы харижит (суниттерге 

қарсы топ өкілі) үстіне баса-көктеп кіріп сынау үшін оған: «Босағада екі өлік 

жатыр. Бірі арақтан  өлген ер кісі, екіншісі зина жасап  қойып, сонысы үшін 

ұялып асылып өлген әйел. Бұл екеуіне қатысты не айтар едіңіз?» – деп сұрайды. 

Харижиттердің   сенімі   бойынша,   үлкен   күнә   жасаған   кісі   кәпір   саналып, 

мәңгілік тозаққа түседі.

Ол кісінің ниет–пиғылын бірден түсінген Әбу Ханифа: 

– Ол екеуі яһуди ме, әлде христиан ба, не пұтқа табынушы ма? Мұның 

қайсысы? – деп қарсы сұрақ қояды.

– Олардың ешқайсысы да емес.

– Сонда қай үмметтен?

– Аллаһтан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі дейтін қауымнан, – 

деп жауап берген харижитке:

– Куәлік кәлимасы иманның үштен, төрттен яки бестен бірі ме?, – деп тағы 

сауал қояды.

–   Иманның   ондай   үштен   де,   төрттен   де,   бестен   де   бірі   болмайды.   Ол 

бөлінбейді.

– Иманның қаншасы сонда?

– Тұтасы.

–   Ендеше   жауабын   өздерің   бердіңдер.   Олардың   мұсылман   екенін 

айттыңдар.

–   Сен   мұны   қой.   Олар   жәннаттық   па,   әлде   жәһәннәмдық   па?,   –   деп 

харижит сүріндіру үшін сұрақты бастырмалата бастайды.

–   Ибраһим   пайғамбар   мүшріктерге:   «Уа,   Аллаһ   Тағала!   Маған 

бойсұнғандар мен қарсы шыққандарға Сен кешірімді әрі рақымдысың», – деп 

дұға етті. Иса (а.с.) пайғамбар: «Уа, Аллаһ Тағала! Егер оларды азапқа салсаң, 

олар Сенің құлдарың, егер кешірсең, Сен мейірбан әрі рақымдысың», – деді. 

29


Иманды   жандарды   қудалауға   себеп   те,   негіз   де   жоқ»,   –   деп   түйіндейді   өз 

жауабын Әбу Ханифа. Сөзге тоқтаған харижиттер қаруларын тастап, мешіттен 

шығып кеткен екен.

Ақыретте Аллаһ Тағаланың көрінуі (руятуллаһ)

Ақыретте   Аллаһтың   көріну   мәселесі   өзекті   тақырыптарының   бірі.   Бұл 

тақырып көбіне әһли сүннет пен мұғтазила мәзһабының арасында ұзақ жылдар 

бойы пікірталасқа айналып келген.

Әһли   сүннет   сенімі   бойынша   ақыретте   мүминдер   Аллаһ   Тағаланың 

көрінуін ақли, әрі нақли тұрғыдан уәжіп деп есептейді. Ал ақыретте мүминдер 

Аллаһты көретін болса, қалай және немен көреді? деген сауалға ғалымдарымыз 

«Аллаһ бір мекенде, бір бағытта, бір жерде болмастан, бетпе-бет те болмастан, 

көзге   шағылыспастан   және   көруші   мен   Аллаһ   Тағала   арасында   белгілі   бір 

қашықтық болмастан көрінеді»,- деп жауап беруге тырысқан. Сонымен қатар 

Аллаһты көру үшін осы дүниедегі тіршілік әлемін көрудегі шарттар қажет емес.

Бұл туралы имам Тахауи өзінің «Тахауи ақидасы» атты еңбегінде:

«Жәннатты мекендеушілердің Аллаһты көретінін қиялға санаған немесе өз 

ойымен   жорамалдаған   кісінің   иманы   шынайы   болмайды.   Аллаһты   көру 

мәселесі   және   Аллаһ   Тағаланың   кез   келген   сипатының   негізгі   жорамалы, 

жоруды доғарып, тек бағыну ғана қажет. Міне мұсылмандардың діні осымен 

құрылған»,- дейді.

Имам Матуриди де мүминдер ақыретте  Аллаһты екі жанарымен көреді. 

Бірақ,   қалай   көретіндігі   (яғни,   тікелей   мағынасындағы   екі   көзбен   бе,   әлде 

көкірек көзімен бе) беймәлім. Бұған қатысты Құранда: 



«Көздер Оған жете алмайды. Ол көздерді көреді» («Әнғам» сүресі, 103-

аят),- деген аят бар дейді. 



«Қиямет   күні   кейбір   жүздер   жарқырап   Раббысына   қарайды» 

(«Қиямет» сүресі, 22-23 аяттар),- деген аят та Аллаһтың көрінетіндігіне басты 

дәлел   бола   алады.   Бірақ,   имам   Матуриди   бұл   жерде   «Аллаһтың   ақыретте 

көрінетіндігін оймен елестете алмаймыз және де оны ақли дәлелдер арқылы  

жеткізу мүмкін емес. Сол үшін ешқандай жорамалға, тәпсірге жүгінбестен  

мұның солай болатындығына толықтай сену керек»,- деген мәселені айтып 

өтеді.


Әһли   сүннет   ғалымдары   Аллаһ   Тағаланың   мүмин   пенделеріне 

көрінетіндігіне мынадай дәлелдерді келтіреді:

1.   Құранда:  «Қиямет   күні   кейбір   жүздер   жарқылдап,   Раббына 

қарайды»  («Қиямет»   сүресі,   22-23   аяттар)   мағынасында   айтылған   аят,- 

мүминдердің қиямет күні жәннәтта Аллаһты көре алатындығының дәлелі.

2.  «Сондай   жақсы   іс   істегендерге   жақсылық   әрі  артығы  да   бар» 

(«Юнус» сүресі, 26-аят) аятында айтылған артық – сөзінің екінші бір мағынасы 

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтқаны секілді Аллаһты 

көру.   Пайғамбарымыз   (саллаллаһу   аләйһи   уә   сәлләм)   бір   хадисінде: 



«Жәннәттықтар   жәннәтқа   кірген   кезде   Аллаһ   Тағала   жәннәттықтарға:  

Тағы да беруімізді қалаған бір нәрсе бар ма?- дейді. Олар: Сен біздің жүзімізді  

30


ағартпадың ба? Бізді жәннәтқа  кіргізіп, оттан құтқармадың ба?  Тағы не  

сұраймыз?-дейді.   Осыдан   кейін   Аллаһ   пердені   ашады.   Бұдан   кейін  

жәннәттықтарға   Раббыларына   қараудан   да   ұнамды   болатын   бір   нәрсе  

берілгендей   болмайды»,   деп  айтып   болған   соң,   жоғарыда   айтылған   аятты 

оқыған» (Муслим, Иман. 80; Тирмизи, Жәннәт. 16).

3. Бұл тақырыпқа келесі бір дәлел – Мұсаның (а.с.) Аллаһ Тағаладан өзіне 

көрінуін өтінуі. «Ағраф» сүресінің 143-ші аятында Мұса (а.с.): «Раббым маған 



өзіңді көрсет. Сені көрейін»,-  дейді. Шындығында Мұса (а.с.) Аллаһтың ең 

ұлы   елшілерінің   бірі   болғандықтан   Аллаһты   жетік   біліп,   жаратылғандарға 

ұқсаудан   пәк   екендігін   айдан   анық   білетін.   Сонда   да   ол   Аллаһтың   көріну 

сипатына сеніп, өзіне көрінуін өтінеді. Егер Аллаһты көру мүмкін болмағанда, 

Мұса (а.с.) мұндай тілек білдірмес еді.

Имам   Матуриди   бұл   аят   Аллаһ   Тағаланың   көрінетіндігінің   мүмкін 

екендігіне дәлел бола алады дейді. Өйткені, Мұса (а.с.) Аллаһтан мүмкін емес 

нәрсені талап етуі, Оның Жаратушы Иесін толық білмейді деген ұғымға келеді. 

Ал сауатсыз бола тұра, оның пайғамбар болуы ақылға қонымсыз жайт.

4.   Пайғамбарымыз   (саллаллаһу   аләйһи   уә   сәлләм)   Аллаһтың   ақыретте 

көрінетіндігі жайлы басқа бір хадисте былай дейді: «Жәрир ибн Абдуллаһтың 

(р.а.) былай дегені риуаят етіледі. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә 

сәлләм)   жанында   отырған   едік.   Сол   түні   толған   айға   қарап   былай   дейді: 

«Әлбетте,   сіздер   мына   айды   көрген   сияқты   Раббыңызды   да   осылай  

көресіздер. Оны көруде қиыншылыққа кездеспейсіздер. Күн шықпастан және  

батпастан   бұрын   сіздерге   ауырлық   келтірмейінше,   күшіңіз   жетсе,  

намаздарыңызды уақытында оқыңыз, уақытын жіберіп алмаңыздар» (Бұхари, 

Мауақитус-Салат.   16;   Муслим,   Мәсажид   211).  Жәрир:   «Аллаһтың   Елшісі 

осыдан кейін мына аятты оқыды», - дейді. «Күн шығудан бұрын да, батудан 


Каталог: uploads
uploads -> Лекция: 20 Семинар 10 СӨЖ 30 соөЖ 30 Аралық бақылау 4 Консультация 2 Емтихан: 3
uploads -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
uploads -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
uploads -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
uploads -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
uploads -> Өмірбаяны Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897
uploads -> Филология кафедрасы
uploads -> Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі -2014» байқауының ережесі
uploads -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары

жүктеу 326.34 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет