Қалмахан Ержан Сейтұлы асылдың сынығы имам матуриди астана 2014



жүктеу 326.34 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата11.02.2017
өлшемі326.34 Kb.
  1   2   3   4

Қалмахан Ержан Сейтұлы

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ

__________________________

ИМАМ МАТУРИДИ

Астана - 2014

Қалмахан Ержан Сейтұлы, Нұр Египет ислам мәдениеті университетінің 

доценті, PhD докторы

Бұл   кітапшада  «Әһли   сүннет   уәл-жамағат»   ғұламаларының   бірі,   Әбу 

Ханифаның   ізбасары,   ақида   ілімінің   білгірі   Имам   Матуриди   жайлы   сөз 

болады. 


Имам Матуриди өз дәуірінде тура жолдың имамы, Ақида ғалымдарының 

имамы деген құрметке ие болған. 

Имам   Матуридидің   еңбектерін   оқи   отырып,   оның   кәлам,   мәзһабтар 

тарихы,   фиқһ   әдістемесі   мен   тәпсір   саласында   өзіндік   орны   бар   ірі   ғалым 

екендігін   пайымдауға   болады.   Кітапшада   ғалымның   өмірі,   ұстанымдары, 

ұстаздары мен шәкірттері жайында сөз болады.

Кітапша барша оқырман қауымға арналған.

2


Алғысөз

Жаратушы Хақ Тағала адам баласын ең кемел әрі көркем бейнеде жарата 

отырып, оны сансыз нығметтерге бөлеген. Бұған қоса, сол нығметтердің қадірін 

түсіндірсін,   адамның   әрі   бүкіл   болмыс   атаулының   жаратылыс   мақсаты   мен 

сырларын ұғындырсын деп әр қауымға өз елшілерін жіберіп отырған.

Ол елшілер өмірдің түпкі мәнін ұқтырып, жаратылыстың мақсатын ашып 

баяндады. Адамдарға ақиқатты дәріптеп, тура жолды нұсқады. Осы тура жол – 

Ислам діні. Ол ең алғашқы, әрі ең соңғы дін. Аллаһ осы дінін адамдарға Өзінің 

пайғамбарларына   түсірген   кітаптары   арқылы   жеткізді.   Ислам   дінінің   соңғы 

кітабы – Құран еді. Хақ Тағала оны соңғы елші хазіреті Мұхаммед пайғамбарға 

түсірді. Аллаһ бұл пайғамбардан өзге пайғамбарларды белгілі елдерге жіберсе 

осы   соңғы   елшісін   қияметке   дейінгі   барша   адамзатқа   жіберді.   Сол   себепті 

Құран да өзі түскеннен кейінгі күллі адамзатқа жететін кітап еді. Оның негізгі 

түсірушісі Ұлы Жаратушы Құранды ақырзаманға дейін Өзі қорғайтындығын 

білдірген. Ол жайлы Құран Кәрімде:  «Құранды біз түсірдік, қияметке дейін 

оны біз қорғаймыз», -делінген.

Құран – жаратылысты жоқтан жаратқан Ұлы Жаратушы Аллаһ Тағаланың 

өзгермес сөзі. Хаким Абай айтқандай: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз 

ешуақытта жалған болмас». Жаратушы Жаппар Ие оны қияметке дейінгі жалпы 

адамзаттың   екі   дүниелік   бақыты   үшін,   Жебірейіл   періште   арқылы   адамдар 

арасындағы   ақырғы   елшісі   Мұхаммед   Мұстафаға   (саллаллаһу   аләйһи   уә 

сәлләм) уахимен жеткізген еді.

Хазіреті   Адам   заманынан   басталған   Ислам   діні   Мұхаммед   пайғамбар 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дәуірінде толық түсіп кемеліне келді. 

Сондай-ақ, Мұхаммед Мұстафа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмір сүру 

барысында мұсылмандардың ойында шешімін таппай жүрген сұрақтарға дер 

кезінде   жауап   беретін.   Алайда  632   жылы  Мұхаммед   пайғамбарымыз 

(саллаллаһу   аләйһи   уә   сәлләм)  дүниеден   өткен   соң,   Ислам   діні   әкелген   ой 

еркіндігінің нәтижесінде мұсылмандар Құран мен хадиске түрлі түсінік беріп, 

ағымдарға бөліне бастады. 

Құрандағы күрделі әрі кең мағыналарды қамтитын сөздердің қай мағынада 

қолданылғанын   анықтау   үшін   әр   нәрсенің   парқын   білетін   мамандарға 

қажеттілік туды.

Исламдағы   ақылдың   орнын   бағамдайтын   әһли   сүннәт   кәламы   ғылым 

саласы  пайда   болды.  Бұл  ғылымның  негізін   Ирактық  Әбу   Хасан  әл-Әшғари 

және Самарқандық жерлесіміз имам Әбу Мансур әл-Матуриди қалады. Имам 

Матуриди – Әһли-сүннет мектебі бойынша екі ғалымның бірі әрі Матуриди деп 

аталатын үлкен теологиялық мектептің құрушысы. 

Бүгінгі   әлем   мұсылмандарының   90   пайызын   сунниттер,   ал   қалған   10 

пайызын шииттер құрайды. Статистикалық есепке сүйенсек, сол тоқсан пайыз 

сунниттердің   87,2   пайызын   «Матуридилік»   пен   «Әшғарилік»   мектебін 

ұстанатын Әһли сүннет уәл-жамағаты құрайды. Әһли сүннәт фиқһта Ханафи, 


Шафиғи, Ханбали, Малики болып бөлінсе, сенім мәселесінде Матуриди және 

Әшғари мектептерінің қағидалары арқылы танылған. 

Қазіргі таңда әлемдегі суннит мұсылмандардың жартысынан көбі Ханафи 

мәзһабын ұстанады. Ал Ханафилердің басым көпшілігі имам Матуридидің бір 

жүйеге  келтірген   сенім  негіздерін   басшылыққа  алады.   Бұл  жүйе  Орта  Азия, 

Түркия, Балқан түбегі, Қытай, Үндістан, Пәкістан аймағындағы мұсылмандар 

арасында   кеңінен   жайылған.   Әсіресе,   түркі   халықтары   арасында   көбірек 

таралған. Әрине, оның ішінде Қазақстан мұсылмандары да бар.

Олар ғасырлар бойы исламның сенім тұрғысынан матуридия бағытын, ал 

тағат-құлшылықта   Əбу   Ханифа   мәзһабын   ұстанған.   Оны  Қазақстан 

Республикасының   Президенті   -   Елбасымыз   Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050» 

стратегиясы   қалыптасқан   мемлекеттің   жаңа   саяси   бағыты»   атты   Қазақстан 

халқына   Жолдауында   да  «Біз   мұсылманбыз,   оның   ішінде   Әбу   Ханифа 

мәзһабын   ұстанатын   сүнниттерміз.   Бабаларымыз   ұстанған   бұл   жол   ұлттық 

салт-дәстүрді,   ата-ананы   сыйлауға   негізделген.   Ендеше,   бүгінгі   ұрпақ   та 

әлемдегі ең ізгі дін – Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны 

абзал», - деп айтып өтті. 

Алайда   Әбул-Хасан   Әшғари,   Ғазали   секілді   танымал   тұлғалармен 

салыстырғанда, Имам Матуриди белгісіз себептерге байланысты өз деңгейінде 

зерттеліп, танылмаған. 

Сондықтан да асылдың сынығы имам Матуриди жайында қысқа болса да 

мағлұмат беруді жөн санадық.

4


ИМАМ МАТУРИДИДІҢ

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

5


Әбу Мансур әл-Матуриди

Әбу Мансур Мұхаммед – өз есімімен қоса Шейх, Самарқанд шейхтерінің 

басшысы, Әһли сүннәт имамы және кәламшылар имамы деген сияқты лақап 

аттармен де кеңінен танылған.

Сондай-ақ, кей деректерде оның аты көбіне «Әбу Мансур әл-Матуриди», 

«Әбу   Мансур   ас-Самарқанди»,   «Әбу   Мансур   әл-Матуриди   ас-Самарқанди» 

және   «аш-Шейх   Әбу   Мансур»   деп   те   кездеседі.   Толық   аты   Әбу   Мансур 

Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Махмуд әл-Матуриди ас-Самарқанди.

Имам Матуриди Самарқанд қаласының Матурид деген ауылында дүниеге 

келген. Имамның туған жылы туралы нақты деректер жоқ. Кей зерттеушілер 

оның  Имам  Ағзам  Әбу   Ханифа   қайтыс  болғаннан   кейін  бір  ғасырдан   астам 

уақыт өткен соң дүниеге келгендігін айтады. 

Имам   Матуриди   333/944   жылы   Самарқандта   дүние   салып,   «Чакардиз»

 



атты   ғалымдарға   арналған   зиратында   жерленді.   Алайда   1940-1950  жылдар 

аралығында  зират   жермен-жексен   етілген.   Кейіннен   зират   толықтай   қайта 

қалпына келтіріліп, көпшілікке ашылды. 

«Матуриди»   деген   есім   оның   туған   жеріне   байланысты   берілген.   Оның 

туып   өскен   жері   Бұхара,   Термез   секілді   «білім   орталығы»   деген   атаққа   ие 

болған   маңызды   мәдени   қалаларды   қамтыған   Мауараннаһр   аймағы   еді. 

«Мауараннаһр»   сөзі   араб   тілінде   «Екі   өзеннің   арасындағы   өлке»   деген 

мағынаны   білдіреді.   Бұл   Орта   Азияда   Амудария   өзенінің   арғы   жағындағы 

түркілер   қоныстанған   территорияға   берілген   жеке   географиялық   атау.   Бір 

кездері   КСРО-ның   құрамына   кірген   бұл   аймақ   қазір   Өзбекстанды, 

Қарақалпақстанның  шығыс  бөлігін, Тәжікстанды,  Қырғызстанның  оңтүстігін, 

Қызылқұм шөлі мен Қазақстанның бір бөлігін алып жатыр.

Имам Матуридидің ұлты туралы тарихшылар арасында екі түрлі көзқарас 

бар.  Бір   деректер   оны   түркі   тектес   халықтарға   жатқызса,  Сәмани,   Зәбиди 

еңбектерінде   араб   яғни,   Мәдиналық   атақты   Әбу   Әйюб   әл-Ансари   әулетінен 

шыққан деп  тұжырымдалған.  Кейбір  отбасылардың   Мәдинадан   Самарқандқа 

келіп қоныстанғаны туралы мағлұмат осы пікірді қуаттайды. Имамның есімі 

кей деректерде «әл-Имам Әбу-Мансур Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Махмуд 

әл-Матуриди әл-Әнсари» деп берілуі де осыдан. 

Десе де Матуридидің еңбектеріне үңілер болсақ екінші көзқарастың дұрыс 

емес екендігіне көз жеткізуге болады. Өйткені алғашқы қайнар көздерінен оның 

араб екені туралы еш кездестілмейміз. 

Деректерде Матуридидің отбасына қатысты негізінен тек әкесі мен атасы 

жайлы ғана айтылады. Әкесі – Мұхаммед, атасы – Махмуд. Бір жағынан ол 

көпшілікке   Әбу   Мансур   (Мансурдың   әкесі)   деп   танылған.   Бұл   бізге   оның 

Мансур есімді ұлы болғандығын білдіреді. Алайда Матуридидің ешқандай ұлы 

болмағандығы анық. Өйткені, Матуридидің өзі бұл лақап есімнің Мансур деген 

ұлы болсын деген ниеттен туғанын айтады. 

  Чакардиза  –  Орта ғасырдағы Самарқандтағы Шахристан аймағына қарай аққан канал атауы. Осы каналдың 



шығыс жағалауында «диза» деген қамал болған. Онда «чокар» атты әскер тобы орналасқан. Сондай-ақ, IX соңы 

-  Х   ғасырдың   басында   Саманиттер   мен   Қараханиттердің   дәуірінде   өмір   сүрген   танымал   кәламшылардың 

жерленген зират атауы. Бұл кезең Матуриди мектебінің қалыптасып жатқан дәуірге тура келеді.

6


Сондай-ақ,  кей  зерттеулерде  Матуридидің  бір  қызы   және  осы  қызының 

баласы   (Матуридидің   немересі)   болған   деген   мәліметтерді   де   кездестіреміз. 

Абдулқадир   әл-Қураши:   «Қазы   Әбул   Хасан   Әли   ибн   Хасан   әл-Матуриди, 

Шейху-л Ислам Әбу Мансур әл-Матуридидің немересі. Нағашы атасынан фиқһ 

ілімін оқыған. Ол 511/1117 жылы қайтыс болып, Чакардизада жерленген» деп 

Матуридидің бір немересі болғандығын айтады. 

Кейбір дереккөздерде имам Матуриди және оның тұлғалық қасиеті жайлы 

қиссалар   баяндалады.   Бартольд,   Әбу   Хафс   ән-Нәсафидің   «Китабул   Канд   фи 

тарихи   Самарқанд»   атты   еңбегінің   қолжазба   нұсқасында   Матуриди   жайлы 

былай   дегендігін   айтады:   Шейх   Әбу   Мансур   әл-Матуриди   мен   Шейх   Әбул 

Қасым Хаким Самарқанди теккеде дәріс беретін. Шииттер мәзһаб тақырыбында 

осы екі ғалыммен көп пікірталастырады. Сол кезде шейх Әбу Мансур теккеде 

Қызырды   (а.с.)   көріп,   одан   көмек   сұрайды.   Қызыр   (а.с.)   дұға   етеді.   Дұғасы 

қабыл   болып,   Аллаһ   Тағала   имам   Матуридиге   хикмет   ілімін   нәсіп   етеді. 

Осылайша, имам Матуриди бұрыс мәзһабтарды жеңеді. 

Әбу-л Хасан  ар-Рустуғфани «Фауаид»  атты еңбегінде  имам Матуридиді 

жасаған дұғасы кері қайтарылмай, қабыл болатын тұлға деп сипаттайды. Оған 

мына   қисса   дәлел:   Бірде   Самарқанда   патша   қызметкерлерінің   бірі   күш 

қолданып,   Имам   Матуридидің   шәкірттерінің   бірінің   үйін   тартып   алады. 

Мұндай  жағдайға  тап болған  шәкірт имам Матуридиге шағымданады.  Имам 

Матуриди қызметкердің әлімжеттігін айтып патшаға кісі салады. Алайда, патша 

Матуридидің   бұл   сөзіне   құлақ   аспайды.   Имам   Матуриди   патшаның   бұл 

қылығана қатты ашуланса да, ашық наразылық білдірмейді. Халықты патшаға 

қарсы айдап салмайды. Тіпті, бұл амалдың әділетсіз екендігін білген патшаға 

теріс бата да жасамайды. Бірақ қол ұшын беру мақсатында шәкіртіне қысым 

жасап үйін тартып алған қызметкерге амалсыз теріс батасын береді. Көп ұзамай 

патша қызметкері ауруға шалдығады. Аурудың себебін түсінген қызметкер үйді 

иесіне босатып берген екен.

Бұхаралы   Әбу   Мұхаммед   ар-Риғдамунидің   (IV/Xғ.)   айтуына   қарағанда, 

билікпен   қарым-қатынасы   түзу   болған   Әбу   Ахмед   әл-Ийади,   сол   дәуірдегі 

саяси жағдайға аса риза болмаған ұстазы имам Матуридиді бір қызметкердің 

үйіне қонаққа алып барады. Үйге кірісімен үй иесі ғалияны

  ұсынады. Имам 



Матуриди   қатты   ашуланып,   бұл   хош   иісті   қолданудан   бас   тартады.   Бұған 

қарамастан   үй  иесі   имам   Матуридидің   рұқсатынсыз   атының   құйрық-жалына 

хош   иісті   ғалияны   жағады.   Үйіне   қайтпақ   болған   имам   Матуриди   атының 

құйрық-жалынынан   ғалияның   иісін   байқап   қалады.   Бұған   ашуланған   имам 

аттың   құйрық-жалын   жудыртады.   Тіпті,   жалыннан   ғалияның   иісі   кеткенше 

орнынан тапжылмаған екен. 

Бұл   қиссалардан   имам   Матуридидің   өмір   сүрген   дәуірінде   құрметті, 

абыройлы және беделді тұлға екендігін байқаймыз. 

Басқа   бір   қиссада   имам   Матуридидің   Ислам   әлемінде   беделді,   ғұлама 

екендігімен қатар қарапайым көппен бірге өмір кешкендігі баяндалады. 

 Егер де үйге бай дәулетті адам қонаққа келе қалса, «Ғалия» атты хош иісті ұсыну Самарқандықтардың дәстүрі 



болған.

7


Бірде Бағдат халифасы Имам Матуридиден пәтуа сұрау үшін Самарқандқа 

елші   жібереді.   Елші   пәтуаға   жауап   алу   үшін   (Имам   Матуридидің)   бау-

бақшасына барады. Беліне жүзім сабағын байлаған, басында қамыстан қайық-

кескінді бас киімі бар, жұпыны киінген, қарияны көреді, оған: 

–Біздің Мәулана (қолдаушы) қайда екен? – деп сұрайды. Қария: 

–Біздің қолдаушымыз Аллаһ, – дейді. Сонда елші: 

–Ал қожамыз (жол көрсетушіміз) қайда екен?  

–Қожамыз – Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.), – дейді әлгі ақсақал. 

–Әбу Мансур (Матуриди) қайда екен? – деп сұрады елші. 

–Ол кісіңіз алдыңызда тұр, – деп жауап береді. 

Елші алып келген пәтуаның жауабын ақсақалдан алған кейін, өз жөніне 

кеткен екен. 

Сондай-ақ, Әбул Муин ән-Насафи имам Матуриди жайлы былай дейді: Ол 

пікірталастарда   қарсыластарын   уәжге   жығып,  бар   сұрақтарға   егжей-тегжейлі 

жауап беретін. Оның пікірлеріне сүйсінген ұстазы Шейх Әбу Насыр әл-Ийади: 

«Раббың қалағанын жаратады да, таңдау жасайды» («Қасас» сүресі, 68) 

деген   аятты   оқып,   Матуридиді   мақтайтын.   Тіпті   ұстазы   Әбу   Мансур   әл-

Матуриди келмей дәрісін бастамайтын. 

Кейінгі дәуір ғұламалары да «Матуриди алдыңғы қатарлы имамдардан. Ол 

хақ дінді тура түсіндіру жолында ерекше қызмет еткен тұлға» деп мақтан еткен.

8


ИМАМ МАТУРИДИДІҢ 

ӨМІР СҮРГЕН ДӘУІРІ

9


Имам Матуридидің өмір сүрген кезеңі Аббаситтер мемлекетінің әлсіреп, 

соның нәтижесінде бірқатар Ислам мемлекетінің пайда болған уақытпен тұспа-

тұс   келеді.   Маураннаһрда   Саманидтер   мемлекетінің   құрылғаны   тәрізді, 

бастапқыда   Иран,   Хорасан,   Систан   және   Кирманды   құрамына   алған 

Саффариттер мемлекеті пайда болған еді. 

Имам Матуридидің ислам әлеміндегі сенімге байланысты арпалыстың ең 

өршіген   уақытына   тап   келген.   Бұл   кезде   Ислам   халифаты   күн   өткен   сайын 

ұлғайып,   көптеген   халықтар   Ислам   дініне   кіріп   жатты.   Бір   жағынан   халифа 

Мәмун (813-833) дәуірінен бастап, ежелгі грек және үнді пәлсапасы араб тіліне 

көптеп   аударылды.   Мұсылмандардың   өзара   мәзһабқа   бөлінгендері   аздай, 

сырттан   келген   яһуди,   христиан   пәлсапашылары   мен   дін   басылары   сенімге 

байланысты   түрлі   пікірлер   айтып,   халықтың   санасына   көптеген   күмәнді 

мәселелерді ұялатып, дел-сал күйге түсіріп қойды. Осындай  сәтте исламның 

иман негіздерін қорғау мақсатында ақыл мен қисындық қағидаларды пайдалану 

қажет   болды.   Нәтижесінде,   иман   негіздерін   әрі   аят-хадиспен,   әрі   ақылмен 

бекітетін   «Кәлам»   атты   жаңа   әдіс   пайда   болды.   Мұның   латынша   ұғымы   − 

«теология».   Имам   Матуриди   осы   дәуірде   шыққан   әйгілі   мутакаллим,   яғни 

теолог еді. Имам Матуридидің шыққан жері Мауараннаһр өлкесі болғандықтан, 

ғалым сол  аймақтағы  Ханафилардың  ақида  мектебінің имамы атанып,  сенім 

негіздерін жүйеге келтіруші болып саналады.

Матуриди   ақида   саласында   ұстаздарының   тізбесі   Әбу   Ханифаға   барып 

тіреледі.   Ол   Әбу   Ханифаның   ақидаға   байланысты   еңбектерін   оқып,   өз 

көзқарасын   Әбу   Ханифаның   пайымдауларының   шеңберінде,   «кәлам»   әдісі 

арқылы жүзеге асырған. Сол себепті имам Матуриди Әбу Ханифаның ізбасары 

ретінде саналып, мәзһабы ханафи мәзһабы болып саналған.

Әбу Ханифа мен Матуриди еңбектерін салыстыра зерттеген Әбу Зәһра Әбу 

Ханифа көзқарастары Матуриди тұжырымдарының қайнар көзі екенін, мұны 

Матуридидің   өзі   де   мойындағанын   дәлел   ретінде   келтіреді.   Ханафи 

мәзһабының үлкен ғалымдарының бірі Захид әл-Кәусари де өзінің еңбегінде 

Матуридидің   Әбу   Ханифаның   еңбектерін   нақты   қолданып,   оларды   жете 

зерттегенін айтады. Бұл жерден имам Матуриди мен имам Ағзамның сенімдік 

көзқарастарын тереңдете зерттелгенін аңғарамыз. 

Шынтуайтында, Матуриди Әбу Ханифаның көзқарастарын оқып үйреніп, 

осы көзқарас аясында аят хадистерді қолданып, ақыл ойға да аса мән берген. 

Самарқанд   аймағындағы   ағымдар   мен   бағыттарға   қарсы   пікірталастарында 

кәлам әдіс арқылы үлкен жетістіктерге жеткен.

711-жылы   Мауараннаһрды   Құтайба   ибн   Муслим   басып   алады.   Басқару 

жүйесі Әмауи халифаты Мәмуннің Саман ұлдарына яғни Әсад ибн Саманға 

берілгенше, (819ж.) орталықтандырылған халифалық арқылы басқарылды.

Мұғтасым   дәуірінде   (833-842жж.)   Мауараннаһр   тұрғындары   толықтай 

мұсылман   болып,   шапқыншылыққа   қарсы   тұрды.   Сол   кезде   олар   ханафи 

мәзһабын ұстанатын. 

Саманидтер әулеті дәл осы кезеңде жаңа мемлекет құрып, Мауараннаһр 

аймағына иелік етті. Мәселен: 819-жылы Нұх ибн Әсад − Самарқандқа, Ахмед 

10


ибн Әсад − Ферғанаға, Йахия ибн Әсад − Шашқа, Илиас ибн Әсад − Хератқа 

әкім болды.

Орталық   Бұхара   қаласы   болғанымен,   Самарқанд   халқының   саны   көп 

болатын.   Ірі   қалаларға   жағдай   жасалып,   олар   ғылым   орталықтарына 

айналдырылды. Мәзһабаралық пікірталастар кеңінен етек алып, қызу тартыстар 

жүргізілгендіктен, ел билеушілері оқымыстылар мен діндар ғұламаларды, дін 

мен ғылымды жандандыруға жағдай жасады. Сөйтіп, Саманидтер әулеті Ислам 

дініне   қатысты   ғылыми-зерттеу   жұмыстарының   дұрыс   жолға   қойылып, 

кемелденуіне елеулі үлес қосты. 

Абдулла ибн Тахирдің (829-844ж) «Ғылыммен айналысатын адамға жағдай 

жасалу   керек.   Ғылым   –   жалқаудың   емес,   ізденушінің   жанынан   табылады», 

деген сөзінен сол дәуірде ғылымға өте көп мән берілгендігін көруге болады. 

Мауараннаһрдың   Хорасаннан   басқа   аймақтарында   мұғтазилиттердің 

сенімге байланысты көзқарастары  кеңінен тараған  еді. Бұған  Матуридидің – 

«Бәйану   уәһмил   мұғтазиләт»   деген   мұғтазилиттерге   бағытталған   шығармасы 

дәлел   бола   алады.   Сондай-ақ,   танымал   хадисші   ғұламалардың   шығуына   да, 

бәлкім, осы мұғтазиланың көзқарастары бірден-бір себеп болуы керек. Өйткені, 

хадис әдебиетінде бірнеше маңызды қайнаркөздерді жинақтаған ғалымдар осы 

аймақтан шыққан. Олар ислам әлемін шарлап Пайғамбарымыздың (саллаллаһу 

аләйһи уә сәлләм) хадистерін бір жерге жинаған. 

Мауараннаһр   аймағынан   шыққан   Кутуби   Ситта   яғни   ең   сенімді   деп 

табылған   6   хадис   жинағы   имамдары   секілді   бірқатар   танымал   хадис 

ғұламаларын кездестіруге болады. 

Сондай-ақ, Мауараннаһр аймағы тек ғылыми және мәдени тұрғыда ғана 

дамып қоймай саудамен де өзін таныта білген. Мәселен Абдулла ибн Тахирдің 

тұсында мемлекеттің кірісі 40 миллион дирхамнан асқан екен. 

Осы   саманидтер   дәуірінде   Матуридидің   жұлдызы   оңынан   туған   еді. 

Себебі, Саманидтер 874-999-жылдар арасында Иранды толығымен қол астына 

алғаннан   кейін,   ғылым   мен   әдебиетке   белсенді   түрде   қамқорлық   көрсетті. 

Сарайларға көптеген ғалымдарды жинады. Қала кітапханаларымен қатар, әрбір 

мешіт жанында арнайы кітапханалар жұмыс істеді. 

Саманидтер мемлекеті (999) қолынан билік кеткенге дейін өз ғалымдарын 

ұдайы қорғап, қолдап отырды. Имам әл-Матуриди сондай ғылымға құрметі мол 

ортада ғылым-білімнен әбден қаныға сусындап, жемісті еңбек етті. 

Ірі   қалаларда   бай   кітапханалар   ашылды.   Олардың   ең   үлкені   −   Мерв 

қаласында   еді.   Мәселен,   әл-Мақдиси   (990)   өз   еңбегінде:   «Бұл   өлкенің 

ғалымдары ғылым-білімнің шырқау шыңына қол жеткізген. Ол жер – оқу-білім 

мен   жақсылықтың   қазынасы,   Исламның   алынбас   биік   қамалы.   Бұл   жерде 

шариғат ғалымдары патшалардай сыйлы» деген мәлімет келтіреді.  

Өмірін білім жолына сарп еткен Имам Матуриди түрлі діни мәліметтерді 

игере отырып, өз дәуірінің беделді ғалымдарының бірі болған. Бір өкініштісі, 

ғалымның құнды еңбектерінің басым бөлігі күнімізге дейін жетпеген. 

11


ИМАМ МАТУРИДИДІҢ 

ҰСТАЗДАРЫ, ШӘКІРТТЕРІ 

ЖӘНЕ ІЗБАСАРЛАРЫ

12


Ұстаздары

Имам Матуридидің үлкен ғалым ретінде жетілуіне көптеген ғұламалардың 

септігі   тигендігі   шүбәсіз.   Қайнар   көздерде   имам   Матуридидің   тізбесі   имам 

Ағзам Әбу Ханифаға барып тіреледі. Олар: 

1.

Әбу Ханифа (150/767)



2.

әл-Имам Әбу Абдуллаһ Мұхаммед әл-Хасан аш-Шайбани (189/804)

3. Әбу Сүлеймен Мұса әл-Жүзжани

4.

әл-Фақиһ әл-Имам Әби Абдуллаһ ибн Әби Бәкір әл-Жүзжани (285/898)



5.

аш-Шейх   әл-Фақиһ   Әбу   Бәкір   Ахмед   ибн   Исхақ   әл-Жүзжани   (III/IX 

ғасырдың екінші жарты жылдығы)

6.

Әбу Насыр Ахмед ибн әл-Аббас әл-Ийади (260/874)



7.

Әбу Мансур әл-Матуриди



Шәкірттері

Имам Матуридидің ұстанымдарын шәкірттері жалғастырған. Олар:

1. Қазы Әбул Қасым Исхақ ибн Мұхаммед әс-Самарқанди (342/953). 

2. Әбул Хасан Әли ибн Саид ар-Рустуғфани әл-Ханафи (345/956). 

3. Әбу-л Ләйс әл-Бұхари ас-Самарқанди (373/983).

4. Әбу Мұхаммед Абду-л Кәрим ибн Мұса ибн Иса әл-Паздауи (390/1000). 

5. Әбу Ахмед әл-Ийади (IV/X ғасырдың басы).

Ізбасарлары

Матуридилік   жүйесі   мен   әдісін   ұстанған   және   осы   жолда   еңбек   етіп 

танымал болған көптеген ғалымдар болған. Олардың ең бастылары мыналар:

1. Садру-л Ислам Әбу-л Юср Мұхаммед әл-Паздауи (1027-1099).

2. Әбу-л Муин Мәймун ибн Мұхаммед ән-Нәсафи (508/1114).

3. Ферғаналық Сиражу-д дин Әли ибн Осман әл-Уши (Оши) (-1179).

4. Әбу Мұхаммед Нурад-дин Ахмед ибн Махмуд ибн Әбу Бәкір ас-Сабуни 

әл-Бұхари (580/1184).

5. Камаладдин ибнул Хуммам (1388-1457). 

6. Мұхаммед ибн Абдурразақ Хұсейн Забиди (1732-1791).

7. Алауид-дин Әбу Бәкір ас-Самарқанди (540/1145). 

8. Бурхан ад-дин ән-Нәсафи (687/1289).

9. Әбул Бәракат Хафизуд-дин Нәсафи (-710/1310). 

10. Молла Әли әл-Қари атымен танылған  Ханафи фақиһ ғұламаларының 

бірі  Әбул   Хасан   Нуруддин   Әли   ибн   Сұлтан   Мұхаммед   әл-Қари   (1014/1605) 

сынды тәпсір, әдебиет және тарих саласын жетік меңгерген ғалымдардың да 

Матуриди мектебіне сіңірген еңбегі зор. 

Бұдан   басқа  бертін  келе яғни,   XIX-XX  ғасырларда  ғұмыр  кешкен Абай 

Құнанбайұлы,   Шәкәрім   Құдайбердіұлы,   Мәшһүр   Жүсіп   Көпейұлы,   Ыбырай 

Алтынсарин т.б. сияқты қазақтың қай ғұламасын алсаңыз да ақидада Матуриди 

сенімін, амалда ханафи мәзһабын ұстанғандығы, яғни қазақ даласына 13 ғасыр 

бұрын   келіп   орныққан   дәстүрлі   Ислам   жолынан   ауытқымағанына   тарихи 

деректер айқын дәлел.

13


Қорыта келе айтарымыз, түркі халқы мұсылмандарының арасында туған, 

қазіргі Өзбекстан өңірінен шыққан имам Матуриди фиқһ пен ақида саласында 

ханафилікті ұстана отырып, заманының қажеттілігіне орай, ақида саласын кең 

дамытты.   Міне,   сондықтан   ақида   саласында   матуридилікті   ұстанамыз. 

Матуридиліктің   өзі   Әбу   Ханифаның   көзқарасының   негізінде 

қалыптасқандықтан мәзһабы ханафилік деп аталып кеткен. Яғни оның жолы 

ханафиліктен бөлек емес, қайта оның жалғасы. 

Имам   Матуриди   заман   талабына   қарай   исламды   бұра   тартпақ   болған 

ағымдардың   жаңсақ   пікірлерінің   мұсылмандар   арасында   таралуын   тізгіндеу 

мақсатында,   дәстүрлі   сүнниттік   көзқарастың   шеңберінен   шықпай   қажырлы 

еңбек   етіп,   жүздеген   шәкірт   тәрбиелеп,   Орта   Азияда   ханафиліктің   дамуына 

үлкен үлес қосқан ғұлама.

Осы тұрғыда айналасына білім нұрын шашқан заңғар имам Әбу Мансур 

әл-Матуриди   жайлы   әрі   оның   қазіргі   таңда   қоғамға   қажетті   еңбектері   жан-

жақты зерттеуді әлі де қажет ететін тың тақырып болып саналады. 

14


жүктеу 326.34 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет