Қалиева Арай м-20-1 Практикалық сабақ №10. Отбасы – оқушылардың тәрбиелік және дамытушы ортасының негізі. Мұғалім мен оқушы ата-аналарының ынтымақтастығы



жүктеу 34.99 Kb.
бет1/2
Дата01.03.2022
өлшемі34.99 Kb.
#17715
түріСабақ
  1   2
11 апта тарбие

Қалиева Арай М-20-1
Практикалық сабақ №10. Отбасы – оқушылардың тәрбиелік және дамытушы ортасының негізі. Мұғалім мен оқушы ата-аналарының ынтымақтастығы
Ата-аналар жиналысы – сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының негізгі формасы. Сыныптық ата-аналар жиналысының сан алуан түрлері, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы – ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, балалардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу, тәрбие жұмысы және т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады. Сыныптың ата-аналар жиналысында ата-аналар комитеті, олардың төрағасы сайланады.
Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге, ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдарыбелгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары балалар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.
Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың тәрбиелік мәні зор. Мұндай жиналыстардың мақсаты – ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.
Ата-аналар қауымының тұрақты органы – ата-аналар комитеті. Ол мектеп ұжымымен бірге, оқу-тәрбие және жұртшылық көмегін пайдалана отырып, оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады. Ата-аналар комитеті айналысатын басты мәселелерге мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстары, конференциялар, семинарлар өткізуге көмектесу; үлгермейтін және қиын балаларды назарда ұстау, сынып жетекшілеріне көмектесу; үйірме жұмыстарын басқару; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; экскурсия, жорықтарды ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөндеу және т.б. жұмыстар жатады.
Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен комиссия құрылып, мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалық ұжым мүшелерімен одақтасып бірге басқарады (оқу-тәрбие жұмысы; педагогикалық насихат; қоғамдық пайдалы еңбек; мәдени көпшілік жұмысы және т.б.).
Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік немесе сыныптық жиналыстарда сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын төрағадан және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда, ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Сыныптағы ата-аналар жиналысына дайындалу және өткізудің әртүрлі тиімді әдіс-тәсілдері бар. Осы әдіс-тәсілдер арқылы сынып жетекшілері:
а) ата-аналардың мәдениеттілігін қалыптастыруға;
ә) психология мен педагогиканың түрлі проблемаларына қызығушылығын арттыруға;
б) бала тәрбиелеу барысында түрлі жағдаяттарда шешім жолдарын таба алуға көмектеседі.
Сыныптағы ата-аналар жиналысының басты мақсаты – бүкіл сынып ата-аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың зор нәтижелі формасы және сынып жетекшісінің ата-аналар жүрегіне жол табу әдісі болып есептеледі.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарының бағыты – жалпымектептік ата-аналар комитеті, сыныптар бойынша ата-аналар комитеті, «Әкелер» мектебі, «Аналар» мектебі, Ата-аналар университеті.


жүктеу 34.99 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет