Ала ды. Ал Линда Мэйоттқа мұндай жеңілдік 18 жылғы жа за өтеуден соң берілуі мүмкін



жүктеу 2.41 Mb.

бет9/20
Дата10.02.2017
өлшемі2.41 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Банкир жейтін нанның бағасы басқа болуы тиіс пе?

мей жатырмыз. Осыған байланысты біз 

тиіс ті сараптама жұмысын жүргізудеміз. 

Нан  ның нарықтық бағасы болуы – шарт. 

Ол – ақи қат. Мәселен, бүгінде жеңілде тіл-

ген (мем лекет қаржысының көмегімен са-

тып алынған – авт.) астықтан жасалатын 

нан  ды кедей де, бай да алып жатыр. Нан-

ның бүгінгі бағасы банкирге де, ауылда 

жәр  дем ақы алып отырған қарапайым ха-

лық үшін де бірдей болып тұр. Олай болған 

дұ  рыс емес. Біздіңше, мемлекеттік суб си-

дия бөлу арқылы әлеуметтік жағынан аз 

қор  ғалған азаматтар үшін нанның на рық-

тық бағасы енгізілуі – шарт. Біз осындай 

сая 


сатты ұстанамыз», – деп түйіндейді 

Асыл жан Мамытбеков. Алайда министр 

нанның на 

рықтық бағасының қандай 

болуы ке ректігін нақты айтпады. 

Камила БАЛАБИЕВА, әлеуметтік аз 

қорғалған отбасының мүшесі: 

– Мен министрдің мына сөзіне 

қарап былай деп ойлаймын: ертең біз 

үшін нанның бүгінгі бағасы сол күйінде 

сақталуы мүмкін. Ал өзі айтып отырған 

банкирлер сияқты, байларға нан сәл 

жоғары бағамен сатылатын шығар. 

Нанның бағасы бүгінгі деңгейде қалып, 

бізге сәл арзанға сатылса да жақсы. Ең 

бастысы, сараптама жұмысы бары-

сында зейнеткерлер, мүгедектер және 

тағы басқа әлеуметтік жағынан аз қор-

ТАЛҚЫ


 ғалған азаматтардың тұрмыс деңгейі, 

олар 

 

дың ай сайынғы жәрдемақысы 

ес ке ріл се  болғаны. 

Әйгерім БАЙНАЗАРОВА, сатушы: 

– Бұл жерде мені бір-ақ мәселе 

ойлан 

ды 

рады: біз ол нанды қалай 

сатамыз? Адам ның түріне қарап оның 

банкир еке нін анықтай алмаймыз ғой. 

Бәлкім, арзан деп отырған нанды 

азаматтардың арнайы құжаттары 

Биыл Оңтүстік Қазақстан 

об  лысының  диқандары  мен 

бағ бандары мол өнім алды. 

Тіпті кеңестік кезеңдегі ре-

корд тық көрсеткіштен асып 

түсіп, Аллаға шүкіршілік ай-

ту да. Ол кезде ең жоғарғы 

көр  сеткіш 2 миллион тонна 

бол  са, биыл күздің соңына 

де йін 2,2-2,5 миллион тон на 

жеміс-жидек, көкөніс жи на-

ла  ды деп межеленіп отыр. Бұл 

нәтижеге ең алдымен, шар-

уалардың жер қарая жат-

пай-тұрмай тер төгуі, содан 

ке йін мемлекеттің қолдауы, 

жа ңа технологияларды енгізу 

сияқты жағдайлар себеп бол-

ды. Енді осы өнімді сапасын 

жоғалтпай, жинап-теріп, 

жақсы бағаға өткізу яки өңдеу 

– бас ты мақсат. Міне, осындай 

түйт кілдерді тарқату үшін 

об лыс әкімдігі Кеден одағы 

ая сындағы мүмкіндіктерді ке-

ңі нен пайдалануға ұмтылып 

отыр.

Кеше халықаралық керуеншілер күні екен. Сонда оны кімдер атап өтеді?

Алма ЖАҚЫПҚЫЗЫ

Оны керуенбасылар, сондай-ақ көлік колон налары 

мен кеме керуендері құрамындағы адам дар, алысқа 

қатынайтын көлік жүргізушілер, сауда кемелерінің 

командалары мен эскорт кеме эки паж дары атап өтеді. 

Бұл кәсіби мерекені Халық 

аралық жүк-көлік 

рационалдау қауымдастығы 1995 жылы белгілеген 

болатын. 

Ал мереке күні ретінде 24-ші қыркүйектің таң далу 

себебі – бұл 16-17 ғасырда өмір сүрген ағыл шын 

теңізшісі мен навигаторы Уильям Адамстың ту ған күні. 

Тарихи деректерге сәйкес, ол Жапон жаға 

лауына 


тұңғыш рет жеткен еуропалық сана лады. 1597-1600 

жылдардағы теңіз саяхатынан кейін Уильям Адамс 

Күншығыс елінде 20 жыл өмір сүрді. Осы мерзім 

ішінде ол Жапонияның Англия және Голландиямен 

арадағы сауда қатынасын да 

мытуда үлкен рөл 

атқарды. Айта кетейік, Уильям Адамс – Д.Клэвелдің 

әйгілі «Сегун» романындағы Джон Блэкторнның 

прототипі. 

Екінші нұсқасы бойынша, Халықаралық кер уенші 

күнін атап өтуге Мұхаммед пайғамбар мен алғашқы 

мұсылмандардың Меккеден Мединеге қоныс аударуы 

негіз болған. «Керуен» сөзінің өзі әу баста бірге  сапар 

шегетін бір топ адам мен жүк артылған түйе, ат және 

есектердің тізбегі дегенді білдіретін. Саудагерлер 

жолдағы қауіп-қатерден сақтану үшін осылайша бірігіп 

жолға шығатын.  Ең әйгілі керуен бағыты –  Қытайды 

Орта Азия елде рімен жалғастырған Ұлы Жібек жолы.  



негізінде сатармыз. Байлар оны алуға 

ұялатын шығар. Әй, қайдам, бірақ 

біздегі бай-манаптар бүгінде бәрін 

тегін алуға тырысады ғой. Соған 

қарағанда, олар бұл бастамаға қарсы 

болатын сияқты. Негізі, әлеуметтік 

жағынан аз қорғалған азаматтар үшін 

нанның арзан бағасын ен гіз ген дұрыс. 

Өйткені олардың бүгінгі жәр дем ақысы 

дәрі-дәрмектен де артылмайды. 

КЕЛІСІМ


Оңтүстіктің көкөнісіне Мәскеу мәз болды

Жуырда құрамында шаруалар, кәсіп-

кер лер, қолөнер шеберлері, өнерпаздары 

бар арнайы делегация Ресей Фе де ра ция-

сына сапарлап қайтты. 300 тонна ти ел ген 

бау-бақша, азық-түлік өнімдері авто кер-

уен мен аттанса, ресми топ ұшақпен Мәс-

кеу ге жол тартты. Жол бойы еш кім тоқ тат-

пай, арнайы жол полиция 

сы 


ның 

же   те гімен  барған  керуен  Мәскеудің  ту ра 

ор та лығына келіп тоқтады. Мэрия Бү кіл-

ре сейлік көрме орталығының алды нан 

орын бөліпті. Жәрмеңке ресми ашы лып

со ңы мейрамға айналып кетті. Әсі ре се 

біз дің  Ресей  астанасындағы  қан дас та ры-

мыз бен студент жастардың ру хы көтеріліп 

қал ды. Салтанатты рәсімде де легация же-

тек шісі, ОҚО әкімінің орын ба сары Са пар-

бек Тұяқбаев, Қазақстанның Ре 

сейдегі 


ел шісінің кеңесшісі Эрик Яку баев, Мәскеу 

қа ласының сауда және қызмет көрсету де-

пар таментінің директоры Алексей Не ме-

рюк сөз алып, игі тілектерін білдірді. Мұ-

нан кейін Шымкенттен барған өнер 

ше 


 

берлерінің концерті басталып кетті. 

Төрт күн осы жер тегін беріліп, оңтүстік қа-

зақ стандықтар сәтті сауда жасады. Мәскеу 

халқы көптен бері осындай таза эко ло гия-

лық өнім көрмегенін, бағасының да қалта 

кө теретінін айтып, ризашылығын білдірсе, 

біздің кәсіпкерлер де өздеріне қажет ба-

ға мен сауда жүргенін айтты. Мәскеу қа ла-

сының басшылығы мен Оңтүстік Қазақстан 

об лысының әкімдігі алдағы айларда тағы 

да бірнеше жәрмеңке өткізуге келісті. 

Қазір Кеден одағы шеңберінде Мәскеу қа-

ласында осындай жәрмеңкелерге ар нал-

ған 20 алаң бар екен. «Оның жар ты сы нан 

көбін Беларусь мемлекеті пайдаланып 

отыр, сондықтан Қазақстан шаруалары да 

осы мүмкіндікті кеңінен пайдаланатынына 

сенеміз», – дейді қала басшылығы. Ал 

Мәскеу облысының губернаторы Андрей 

Во ро бьев пен  кездесу  барысында  сауда-

логис ти калық орталық ашу туралы келісім 

жа салды. 

Сапарбек ТҰЯҚБАЕВ, 

ОҚО әкімінің орынбасары:

– Мәскеу облысының губернаторымен 

келісімге келдік. Олар жер телімін беретін 

болды. Біз олармен бірге ірі жоба іске асы-

руды жоспарлап отырмыз. Негізгі бағыты 

– біз дің экспортты ары қарай дамыту, біз-

дің кәсіпкерлердің тауарларын сақтайтын 

қой малар, тұрақтарын қамтамасыз ету 

үшін жағдай жасауымыз керек. Сол се беп-

ті, бұл 1-ші жәрмеңке, Мәскеу бас шы лығы 

бұ дан ары қарай қысқа мерзімді та ғы 2-ші 

жәр меңке  ұйымдастыруға  ке лі сім  беріп 

отыр. Бұл не деген сөз? Кедендік Одақ ая-

сын да өңірлердің, екі жақтың да мүд де-

лерін ескере отырып, қарым-қатынастың 

дамуына ықпал ету.

Андрей ВОРОБЬЕВ, 

Мәскеу облысының губернаторы:

– Бұл жоба біздің көңілімізден шығып 

отыр. Қазақстанның сапалы көкөнісі мен 

же міс-жидегін мәскеуліктердің делдалсыз 

тұ тынуына біз де мүдделіміз. Оның үстіне, 

қа зіргі талаптарға сай сауда логистикалық 

ор талығын Қазақстан жағы қаржы лан-

дыр мақ. Сондықтан жобаны жүзеге асы ру 

үшін 100 гектар жер бөлініп, арнайы жұ-

мыс тобы  құрылады. Жоба алдағы жыл-

дары толық жүзеге асады деп сенеміз.

Ресейдегі Қазақстан елшілігінің ұйым-

дастырумен «Метрополь» қонақ үйінде 

өт 


кен бизнес-форумға қазақстандық 

және ресейлік кәсіпкерлер көп жиналды. 

Мұнда Оңтүстік Қазақстан облысының 

инвести ция  лық  мүмкіндіктері  баяндалып, 

елімізде 

кә сіп керлікті 

дамытуға 

байланысты жа са лып жатқан мемлекеттік 

қамқорлықтар жа 

йында кеңінен 

әңгімеленді.  Тал ды қор ған  қаласында 

дүниеге келіп, 90-жылдары Қа 

зақстан 

мен Ресей Үкіметінде вице-премьер 

қызметтерін атқарған жерлесіміз Олег 

Сосковец қазір Ресейдегі ықпалды қа-

уымдастыққа жетекшілік етеді. Шаш ба уы-

мызды көтеріп, ол да жетіпті жиынға. Биз-

нес-форумда 10-нан артық келісімге 

қол  қойылды. Ресейлік кәсіпкерлер Оң-

түс тік Қазақстан облысында энергетика, 

жы лумен қамту, жол  құрылысы сала ла-

рында жұмыс істеуге ниетті. Аймақта күн 

сәулесін өндіру арқылы 100 мгВат электр 

қуатын беретін ірі энергетикалық кешен 

са лынбақ. Жобалардың барлығы сәтті жү-

зе ге асса, барлығы 300 миллион АҚШ 

дол лары болатын инвестиция тартылады 

де ген болжам бар. 

 Мәскеуде 15 мыңнан астам қазақ тұ ра-

ды екен. Бірнеше ұлттық-мәдени орта лық-

тар да бар. Ресейдегі Қазақстан елшісі Ға-

лым Оразбақов пен ОҚО әкімінің 

орын басары Сапарбек Тұяқбаев диаспора 

өкіл де рімен кездесіп, өзекті мәселелерді 

тал қы лады. Оңтүстіктіктер мәскеулік қан -

дас тарға сыйлық ретінде жәрмеңкеге ар-

найы әкелінген қазақ үйді беретін бол ды. 

 ОҚО делегациясы сапарын Татарстан 

Рес 


публикасында жалғады. Алдымен 

Пре мьер-министр Ильдар Халықовпен 

кез десу өтіп, екіжақты іскерлік бай ла ныс-

тар ды дамыту жолдары сөз болды. Ежел-

ден тілі де, діні де, тарихы да бір бауырлас 

ха лықтар арасында ортақ тақырып көп. 

Татар халқының бүгінгі тыныс-тіршілігімен 

жа қынырақ танысу үшін біздің елдің кә-

сіп 

керлері Қазан қаласындағы Ай-Ти 



паркті, «Идея» инновациялар орталығын, 

Хим град өнеркәсіптік орталығын, «Смарт 

Си ти Қазан» кәсіпорнын аралап көрді. 

«Шым кент Инновация» ЖШС мен Татар-

стан ның сауда-өнеркәсіптік палатасы ара-

сында ынтымақтастық жөнінде келісімге 

қол қойылды. «Жетісай - Агро-Сервис» 

ЖШС мен «ЕЛАЗ» зауыты Шымкентте 

ком муналдық қызмет техникасын құ рас-

тыру жөнінде келісімге отырды. Татарстан 

– Ресейдің орталығында орналасқан, көр-

ші облыстар мен өңірлерді қосқанда бар-

лы ғы 70 млн халқы бар үлкен нарық. Та-

тар бауырлар өнеркәсібін дамытып, жаңа 

тех нологияларды жедел игеріп келе жат-

қан жайы бар. Мәселен, республикадағы 

43 мың ұстаздың әрбірінде ноутбук бар 

жә не олар ғаламтордың мүмкіндіктерін 

кеңінен пайдаланады. 

Ауыл шаруашылығы министрі әрі ви-

це-премьер Марат Ахметовпен болған 

кез десуде мұндай кездесулердің екі жаққа 

да пайдалы нәтижелі болуына сенім біл-

ді рілді. Бұған дейін Татарстанда Шығыс 

Қа зақстан, Ақтөбе облыстары мен Алматы 

қа л асының делегациясы болып қайтыпты. 

Қо нақтар қаланың көрікті жерлерін де 

ара лап көрді. Әсіресе Кремльдің ортасына 

орын тепкен көк күмбезді «Құл-Шәриф» 

ме шіті жұрттың ықыласын аударды өзіне. 

Бұл – татар елінің тұңғыш Президенті 

Мин тимер Шаймиев қарияның Қазан қа-

ла сының мың жылдығына салғызған ме-

шіті екен. Құрылысы 1994 жылы басталып, 

2005 жылы аяқталыпты түрік бауыр лар-

дың көмегімен. Жалпы, тұң ғыш Прези-

дент  ті  аса  құрметтейді  татар стан дықтар. 

Ақсақалдың елді ая ғынан тұрғызуға деген 

еңбегі де ұшан-теңіз. 

 Делегация құрамындағылар Свердлов 

облысында жалғасты. Мұнда да екі жақ-

тың кәсіпкерлері қатысқан бизнес-форум 

өтті. «Шымкент инновация» мекемесі мен 

Орал сауда-өнеркәсіптік палатасының 

ара сында ынтымақтастық жөнінде ме мо-

ран думға қол қойылды. Свердлов об-

лысындағы «СвердловЭлектро» және 

«Ав томатика» сияқты бірнеше кәсіп орын-

ды аралап көрген делегация өзара тиімді 

ын тымақтастық жолдарын қарастырды. 

Оң түстік Қазақстан облысы әкімінің орын-

ба сары Сапарбек Тұяқбаевтың вице-гу-

бер натор Яков Силинмен кездесуінде оң-

түстік шаруаларының өнімін саудалау үшін 

Ек атеринбург қаласындағы логистикалық 

орталықтан арнайы орын бөлінетіні мәлім 

болды. 

Қайрат НАЗАР, 

Шымкент – Мәскеу – Қазан – 

Екатеринбург – Шымкент

Басы 1-бетте

ӨҢІРЛІК ЖОБА



Жамбыл облысында ірі газ кен орны бар. Соған қарап бүкіл облыс 

та биғи газбен қамтылған десеңіз, қателесеріңіз анық. Дей тұрғанмен, түк-

пір-түкпірдегі ауылдардың бәрін түгелдей табиғи газбен қамту мәселесі 

күн тәртібінде тұр. Сол себептен де бұл мәселе біртіндеп шешімін тауып 

ке леді. Газдың игілігін көріп отырған ауылдар аз емес. Ал мұндай игіліктен 

ада ауылдар амалдың жоқтығынан балтаның көмегіне көбірек жүгініп, 

са йын даладағы сексеуіл біткенге жаудай тиеді. 2018 жылға дейін облыс 

ау мағындағы сексеуіл отауға тыйым салынған. Соған орай сексеуіл 

алап тарына аттап басқан адамды ату жазасына бұйырмаса да, соған 

жетеқабыл жазаға тартады.

Мәселен, биылғы жылы сексеуіл үшін 

сот талып кеткендер жетерлік. Міне, мәсе-

ле нің бір ұшы арнайы жазаға барып тіре-

ле ді. Егер барлық ауыл, аудан газбен қам-

тыл са, мұндай мәселе туындамасы анық 

еді. Облыс аумағындағы Сарысу шөгінді 

алабының Мойынқұм ойысындағы газ кен 

орны 1974 жылы сейсмобарлаумен іздес-

ті ру барысында белгілі болған-тын. 1975 

жы  лы газ бұрқағы атқылап, ірі газ кен орны 

ашылды. Сол жылдардағы барлау-зерттеу 

жұ мыстарының нәтижесінде мұндағы кен 

ор нында метан – 67,25-86,2, этан – 4,52-

10,53, пропан – 2,86-5,2, изобутан – 

0,42-0,57, н-бутан 0,82-0,95, 30 г/м3 

де   йінгі мөлшерде конденсат бар екендігі 

анық  талды. Ірі кен орны 2003 жылдан бас-

тап игеріле бастады. Амангелді газ кен 

орын дарында бұрғылау, көмірсутегі ши кі-

зат 

тарын өндіру, жинақтау, дайындау, 



өңдеу және тасымалдаудың технологиялық 

үр дістері үздіксіз атқарылып келеді. «Аман-

гелдігаз» ЖШС-нің қоршаған орта ны лас-

та 


уына алаулы шырақ қондыр 

ғы 


сынан 

шы ғарылатын зиянды заттардың әсер етуі 

өте жоғары деңгейде» деп кезінде дау кө-

те ріл ген болатын. Бүгінде ең соңғы за-

манауи тех нологияның арқасында қор ша-

ған ортаға қауіп төндіретіндей қатер жоқ. 

Бұл соны технологияның арқасында мүм-

кін болып отыр.

«Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорнында ұң-

ғы  маларды бұрғылау мен барлау жұ мыс-

та ры газ және газ конденсаттары кен орын-

да 


рын игеру, көмірсутегі шикізаттарын 

өн діру, өңдеу, тасымалдау және пайдалану 

жұ мыстары жүргізіледі. Газ өндірісін жедел 

да мыту мақсатында 2003 жылдан бастап 

17 ұңғыма пайдалануға беріліп, газ, газ 

кон денсатын өндіру көлемі жылдан-жылға 

ар тып келеді. Алдағы уақытта Шу-Сарысу 

ой паты аумағындағы Айрақты, Анабай, 

Жар құм, Кемпіртөбе, Батыс Үшарал және 

Солтүстік Үшарал газ, газ конденсаты, 

инертті көмірсутегі кен орындарын игеру 

жоспарланып отыр. Бүгінде «Амангелдігаз» 

кен орнында өндіріс толық автомат тан ды-

рылған, барлығы компьютердендірілген. 

Мұнда жұмыс істейтіндердің барлығы да 

жергілікті мамандар. Олардың білік ті лік-

терін арттыру да бүгінгі күннің басты та ла-

бы болып отыр. Мамандар алыс та жақын 

ше телдерде білімдерін жетілдіріп отырады. 

Қазіргі таңда кен орнында аккредиттелген 

хи миялық зертхана бар. Газдың құрамы 

мен конденсатын тексеруге арналған за ма-

науи құрылғы жұмыс істейді. Амангелді 

кен орны сумен және электрмен автономды 

жү йесінде жұмыс істейді. Кен орнынан өн-

ді рілген газ «КС-5» магистральды газ құ-

бы ры арқылы Тараз қаласына жеткізіледі. 

Бү гінгі таңда «Қазтрансгаз» АҚ мен «Аман-

гел 

дігаз» ЖШС-і газ конденсатын бірге 



Аман гелді газ өңдеу зауытында өңдейді. 

2009 жылдан бері УПГ-4,38 маркалы газ 

өн діріле бастады. Шырақты алаулы газды 

өң деу мен утилизациялау жүргізіледі. Со-

ның арқасында ол айнала қоршаған ортаға 

қауіп төндірмейді. 

Амангелді кен орны облыс орталығынан 

190 шақырым қашықтықта, Мойынқұм 

жә не Талас аудандарының аумағында ор-

на ласқан. Кен орны мен облыс орталығын 

жал ғайтын үлкен жол салынған. Ол жол 

Ақ көл, Ойық, Ұланбел ауылдарының орта-

лы ғынан өтеді. Осы аумақтағы ауылдардың 

барлығы да табиғи газдың игілігін көріп 

отыр. «Амангелдігаз» ЖШС-і – Жамбыл 

об лысындағы барлау, өндіру, өңдеумен 

ай налысатын жалғыз кәсіпорын. Осы уа-

қыт қа дейін 3 миллиард текше метр газ 

өн дірді. Биылғы жылдың өзінде ғана 321 

мил лион 200 текше метр табиғи газ өн ді-

руді жоспарлап отыр. Сондай-ақ 20 500 

тон на газды конденсат өндірмек. Қазірше 

Аман гелдінің 26 ұңғымасы бар, тағы біреуі 

бұр ғылану  үстінде. 



Гүлжан КӨШЕРОВА,

Жамбыл облысы

Табиғи газдан тапшылық болмайды

ҚҰРЫЛЫС


Ж

АСЫЛ ЭК


ОНОМИК

А

Тұрғын үй салуға тұтынады



Алыс ауылдарға – баламалы қуат көзі

Моноблок, құмды блок сияқты түрлі 

блок тардың қатарында Талдықорған қала-

сын дағы «АрБлок» өндірістік цехы шыға-

ратын газды блокты қосуға болады. 

Кәсіпорын директоры Бағдат Сай лау-

бай ұлының айтуынша, мұндай зауыттар 

елі мізде Алматы және Астана қалаларында 

бар. Олардың өнімдері құрылыста кеңінен 

қолданыла бастаған. Негізінен аз қабатты 

үйлер, қойма, коммерциялық ғимараттар 

салғанда көп қолданылады. 

Цехтың қажетті құрал-жабдықтарын Ре -

сейдің Барнауыл қаласынан жеткізген жә  не 

жергілікті жас мамандарға жаңа тех 

но 


-

логияның тілін үйреткен де – сол ре сей лік 

технологтер. Қазір зауытта 15 адам жұ мыс 

істеп, тәулігіне 30-40 текше метр газ  бе тон ды 

блоктар  дайындап  шығарады.  Жұ   мыс тың  90 

пайызы  механи калан ды рыл  ған.   

Зауыттың салтанатты ашылуында сөз 

ал ған Талдықорған қаласы әкімінің орын-

ба сары Қайрат Бұлдыбаев кәсіпорын бас-

шы лығына «Бизнестің жол картасы - 2020» 

мем лекеттік  бағдарламасының  мүм кін дік-

те рін түсіндіріп, оның қаржылай қолдауына 

жү гінуге болатынын жеткізді. Сонымен қа-

тар «Қолжетімді баспана» бағдар 

ла 

ма-


сының аясында жүргізілетін құрылыс жұ-

мыс 


тарының ауқымдылығын ескерсек, 

ал дағы уақытта «АрБлоктың» өнімдерін 

тұтынушы құрылыс компанияларының қа-

та ры артатыны сөзсіз. 

 Сағыныш НАМАЗШАМОВА,

Талдықорған

 «Samal Energy» компаниясының бас 

ди ректоры Дархан Доғалақовтың айтуын-

ша, екі киловаттық қарапайым қондырғы 

он жыл тоқтаусыз жұмыс жасауға кепілдік 

бе реді екен. Тек ол үшін жел генераторының 

ба 

тареяларына токтың тиісті мөлшерде 



жи  налуын, қуатының азайып кетпеуін ба-

қы лауда  ұстау  керек. 

 – Алыс елді мекенде тұрғандықтан, бү-

гінге дейін заманауи техниканы пайдалана 

ал май келген едік, – дейді жеке шаруа 

қожалығының иесі Сәбит Қуанышбаев, – 

Енді, міне, тезек жағып, самаурын қайна-

тып, та мағымызды жертөлеге тасымайтын 

бол дық. Бұл тек біз үшін ғана емес, ауыл 

шар  уа шылығы  саласына  жасалып  отырған 

үл кен қамқорлық деп білеміз.

Бір қуанарлығы, жел диірменін қон-

дыруға кеткен шығынды жергілікті бюджет 

өз мойнына алған. Аудандық жұмыспен 

қам ту орталығының директоры Қуандық 

Са риев алыс қыстақтардағы сегіз отбасыға 

– жел диірмені, екі отбасыға трансфор ма-

тор, су сорғысы қондырылмақшы. Шам 

жа ры ғымен газет оқып, теледидар көру 

түс те ріне де кірмеген малшылар қауымы 

үшін бұл – үлкен қуаныш.

    Бақытгүл БАБАШ,



Атырау

Елімізде құрылыс жүргізу қарқын алған сайын жаңа технологиямен 

жұмыс істеу алға басуда. Құрылыс материалының бағасы ғана емес, 

үнемділігі, мықтылығы, тиімділігі, қолайлылығы, экологиялық тазалығы, 

сейсмикалық шыдамдылығы, жалпы барлық қырынан сапалысын 

жасауға деген ұмтылыс зор. Кейінге дейін үй тұрғызғанда кірпіш пен 

каркас секілді дәстүрлі материалдарға жүгінсек, қазіргі уақытта үй 

қабырғасын басқа да блоктардан қалауға болатынын көріп жүрміз.

Алыстағы малшы ауылдары үшін электр жарығы – бір арман. Май 

шаммен отырған қыстақтар әлі де аз емес. Жаңа ғасырдың жетістігі – 

баламалы қуат көзі енді осы кемшіліктің орнын толтыратын болады. 

Жақында Атырау облысының Исатай ауданында тапсырыс берген 

алғашқы он адамға қосалқы технологиялық жабдықтар – жел 

генераторы, су тазартқыштар мен трасформаторлар тегін алынып берілді.

№167 (1078) 



25.09.2013 жыл, 

сә

рсенбі



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

y

y

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ




1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал