Айтбаев Н. Б. (Қарағанды, Қармту) Айтбаев Б



жүктеу 31.27 Kb.
Pdf просмотр
Дата10.03.2017
өлшемі31.27 Kb.

ӘОЖ  94(574)=512.122  

Айтбаев Н.Б. (Қарағанды, ҚарМТУ) 

 

 



 

 

 



Айтбаев Б. (Ж.Кеңесбаев атын. ЖОББМ) 

 

 



 

 

 



Жакыпбекова А. (Ж.Кеңесбаев атын. ЖОББМ) 

 

ҰЛЫТАУ ТӨРІНДЕГІ ТОЛҒАНЫС - ТАРИХИ МАҢЫЗҒА 



ИЕ ЗОР СҰХБАТ 

 

Ұлытау  –  Еуразия  құрлығындағы  ӛркениет  тарихында  ерекше  орын 



алатын  аймақ.  Ұлытау  –  ұлы  тарихи  оқиғалар  мен  тарихи  тұлғаларды  еске 

салатын қасиетті мекен. Ол ӛзінің айрықша археологиялық ескерткіштерімен 

де  ерекшеленеді:  Теректі  Әулие  тастағы  таңбалары,  қола  дәуірінің 

металлургиялық  орталықтары,  түркілік  тас  мүсіндер,  сақ  қорғандары  мен 

оғыз-қыпшақ қалалары.  

Елбасымыздың  Ұлытау  тӛріне  барған  сапарында  берген  сұхбатын  шын 

мәніндегі  тарихи  маңызы  зор  сұхбат  дер  едім.  Бұл  -  саяси  баяндама  емес, 

елім  деген  Ұлт  Кӛшбасшысының  шын  жүрегімен  халқына  ақтарыла  айтқан 

сыры.  Ендігі  міндет    осы  тарихи  сӛзді  негізге  ала  отырып,  елге  қызмет  ету 

болмақ. 


Оймақтай  ой  айтса  да,  әрбір  сӛзін  тереңнен  толғап,  саралап,  салмақтап 

айтар  Президент  бұл  жолы  да  ұлтымыздың  тарихы  мен  руханияты, 

экономикасы мен саясаты жӛнінде парасатты ой қозғады. Әңгіменің тарихы 

бай,  табиғаты  ӛзгеше  Ұлытаудың  тӛрінде  ӛтуінің  ӛзінде  үлкен  мән-мағына 

жатыр.  Әулиетаудың  етегіндегі  Әулиебұлақ  басындағы  сұхбатында  Елбасы 

«Ұлытауымыз  бен  Ордабасымыз  досымызға  да,  дұшпанымызға  да  ұялмай 

кӛрсетер  айбарымыз,  ардағымыз,  асылымыз  болуға  тиіс»  деп  қадап  айтты. 

Тарих  тереңіне  үңілсек,  бұл  екі  киелі  мекен  де  қазақ  халқының  басынан 

ӛткен  қилы  замандарында  бірлікке,  ынтымақтыққа  арқау  болғанын,  ұлтты 

ұйытуға  себепкер  болғанын  кӛреміз.  Сондықтан  да  Елбасы  Ордабасы  мен 

Ұлытауда келелі, ұлт мүдесін кӛксеген әңгімелер ӛрбітті [2].  

Елбасының  Ұлытау  тӛріндегі  толғанысы  да  бұдан  бұрынғы  сӛздері 

сияқты  жүректен  шығып,  жүрекке жетті.  Себебі,  ол  сӛздер  – іштен  шыққан 

шын сӛз. Мұхаммед пайғамбар айтқандай: «Шын сӛз – құдіретті сӛз». Кісіге 

қарап  сӛз  алма,  сӛзіне  қарап  кісіні  ал»  деген  хакім  Абай  ойын  еске  салған 

Ұлытау тӛріндегі ұлы толғаныс еліміздің бүгіні бекем, келешегі бүгіннен де 

жарқын екенін, Елбасының кемел данышпандығын тағы бір мәрте дәлелдеді. 

Ел  тарихынан  бастап  тіл  тағдыры,  діннің  жай-жапсары,  экономика  мен 

саясаттың  ӛзекті  де  ӛткір  мәселелері  тӛңірегінде  ӛрбіген  ӛрелі  әңгіме  алшы 

түсер асыққа құйылған қорғасындай кӛкейге қона кетті. 

Әлемдегі  бес  мыңнан  астам  ұлт  пен  ұлыстың  бар  болғаны  жүз  тоқсан 

екісі  ғана  мемлекеттік  деңгейге  жетті.  Сол  биікке  кӛтерілгендердің 

қатарында тәуелсіз Қазақстан әлемдік қауымдастықтан ӛз орнын ойып тұрып 

алды.  Алла  тағала  қазаққа  ақ  адал  ниет,  кең  пейіліне  орай  Тәуелсіздікпен 

бірге  ӛзі  –  дара,  сӛзі  –  сара  Нұрсұлтан  сынды  Президент  те  сыйлады. 

Тәуелсіздікке  жету  қандай  қиын  болса,  оны  сақтап  тұру  одан  да  қиын. 

Құдайға шүкір, қиыншылықта қайыспайтын еңбексүйгіш халқымыздың, дара 


туған  Елбасымыздың  арқасында  Тәуелсіздігіміздің  бүгіні  бекем,  келешегі 

кемел, болашаққа нық қадам басуда. 

Ұлттық  сананы  қалыптастыру,  ұлттық  рухты  асқақтату,  қазақстандық 

патриотизм – Тәуелсіздікті сақтап, нығайта берудің басты шарттарының бірі. 

Президент  осыған  орай  әр  жылдары  қадау-қадау  парасатты  ойлар  айтып 

келеді. Ұлытау тӛрінде айтылған ұлағатты ойлар соның заңды жалғасы. 

Сұхбатта  кеңінен  әңгімеленген  ӛткір  проблеманың  бірі  –  діннің  қазіргі 

ахуалы.  Бұл  ӛзекті  мәселе  тӛңірегіндегі  Елбасы  кӛрегендігін  бүкіл  әлем 

кӛріп,  мойындап  отыр.  Ӛзгесін  айтпағанның  ӛзінде  әрқилы  кӛзқарастағы 

әртүрлі 


дін  ӛкілдерін 

Астанаға 

жинап,  бір  үстелдің 

басында 


тоқайластыруының  ӛзі  дара  туған  даналықтың  бір  белгісі  емес  пе?!  Діннің 

жеке  тұлғаның  ғана  емес,  қоғам,  мемлекет  ӛміріндегі  маңызы,  жастардың 

әртүрлі  теріс  ағымдарға  еріп,  адаспау  жолдары  жайлы  Елбасы  айтқан 

ұлағатты ойлары – ақиқаттың адастырмас ақ жолы деп бағалауға лайық. Сан 

салалы  діннің  жолы  –  сан  тарау.  Сол  кӛп  жолда  адаспай  дұрыс  бағытпен 

жүру аса маңызды [1]. 

Кения  мемлекетінің  тұңғыш  президенті  Джомо  Кениата  (1894-1978) 

былай  депті:  «Батыстың  адамдары  келгенде  қолдарында  інжіл,  ал  біздің 

қолымызда  жеріміз  болатын.  Біздің  кӛзімізді  байлап  шоқынуды  үйретті. 

Кӛзімізді  ашқанда  алақанымызда  інжіл,  ал  олардың  қолында  біздің  жеріміз 

тұрды».  Бұл  әркез  әрқайсымыздың  жадымызда  болатын  сӛз  емес  пе?!  Осы 

тұста  Черчилльдің:  «Ақымақтар  ӛз  қатесінен,  ақылдылар  ӛзгелердің 

қатесінен үйренеді» деген сӛзі ойға оралады. 

Мына  дӛңбекшіген  дүние  қысқа  күнінде  қырық  құбылған  алмағайып, 

аласапыран уақытта адаспаудың бағытын белгілеп берген бағдаршам болды. 

Елбасының  дін  жайлы  толғанысы.  «Алашқа  аты  шыққан  адамдар! 

Кӛсемдіктеріңді  адаспай  түзу  істеңдер!  Сендер  адаспаңдар  –  арттарыңнан 

алаш  адасады:  арттарыңнан  ергендердің  обал-сауабына  сіздер  қаласыздар» 

деп 

еді-ау 


ақылман 

Ахаң 


– 

Ахмет 


Байтұрсынов. 

Президент 

Н.Ә.Назарбаевтың сӛзі мен ісінен ғасыр басында айтылған осы қасиетті сӛзді 

қастерлейтіні  анық  аңғарылады.  Соның  айқын  бір  айғағы  Ұлытау  тӛрінде 

айтылған ұлағатты ойлар. 

Тіл  мен  дін  ғана  емес,  ел  тарихы,  қазіргі  экономика  мәселелері, 

Украинадағы  шиеленіс  тудырған  проблемалар,  тағы  басқа  да  ӛмірдің  ӛзекті 

мәселелерін  жан-жақты  қамтып,  кеңінен  толғаған  ұлт  ұясы  –  Ұлытаудағы 

толымды  толғанысынан  Н.Ә.  Назарбаевтың  ғаламдық  деңгейдегі  ұлағатты 

ойшыл екенін тағы бір мәрте таныдық. 

Елбасының биліктің биігінде жүрген білімді кадрларға қарата айтқан сӛзі 

Әлихан  Бӛкейхановтың:  «Әр  ұрпақ  ӛзіне  артылған  жүкті  жетер  жеріне 

апарып  тастағаны  дұрыс,  әйтпегенде,  болашақ  ұрпағымызға  аса  кӛп  жүк 

қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор 

шарттар  бар»  деген  сӛзімен  үндес.  Ұлттың  ұлағатты  ұстаздарының  бірі 

Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы қазан айының екінші жұлдызында «Абай» 

журналында жарияланған «Ұлтты сүю» атты мақаласында: «Оқығандар! Бұл 

уақыт  жан  тыныштығын  іздейтін,  қызық  қуатын  уақыт  емес,  қызмет 



қылатын, еңбек сіңіретін уақыт. Ойлаңыздар: халық біз үшін емес, біз халық 

үшін  туғанбыз,  олай  болса,  мойнымызда  халықтың  зор  борышы,  ауыр  жүгі 

жатыр»  –  деп  жазды.  Ұлытау  тӛрінде  айтылған  ұлағатты  ойлардың  бір 

парасы осы парасатты пікірді жаңаша жаңғыртып тұр [3]. 

Ұлытау  тӛрінде  айтылған  ұлағатты  сұхбат  –  тәуелсіз  Қазақстанның 

әлемнің  дамыған  отыз  елінен  ӛз  орнын  алуға  беттеген  қасиетті  жолын 

нұрландырып тұрған шамшырақ! 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 



 

1.  Қазақстан  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Ұлытау  тӛріндегі  сұхбаты 

25.08.2014//  http://www.akorda.kz/kz/page/page_217691_kazakstan-prezidenti-n-

a-nazarbaevtyn-ulytau-torindegi-sukhbaty 

2.Ұлытау 

тӛріндегі 

ұлағатты 

әңгіме// 

http://asylarna. 

kz/informaciya/stati_i_publikacii/lytau_trndeg_laatty_gme/ 

3.  Ол  сӛздер  -  жүректен  шыққан  шын  сӛздер  19.09.2014 

//http://www.mtdi.kz/til-saiasaty/til-tynysy/4065-ol-sozder-jurekten-shykkan-shyn-



sozder 

 

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қ 25 Еуразияшылдық: теория және практика. Оқу қҧралы
publications -> Макашева К. Н., Идрышева Ж.Қ
publications -> История развития теоретической метеорологии в ХХ веке
publications -> И. Р. Гальперин: Мәтін әр түрлі лексикалық
publications -> С. Б. Бөрібаева Борибаева Сафура Болатовна Boribaeva Safura Bolatovna
publications -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰу жоо-ға дейінгі дайындық факультеті
publications -> Л. Толстойдың «Той тарқар» шығармасының қазақ тіліне аударылу тарихы
publications -> Жоо-ға дейінгі білім беру факультеті Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәні сабағында пайдаланудың маңызы
publications -> Биология пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері
publications -> Темірбек қожакеев

жүктеу 31.27 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет