Қайрат МӘМИ, Қр жоғарғы Cотының Төрағасы: Барлық құқық қорғау органдары ішінде ең жоғары тұрғаны



жүктеу 0.76 Mb.
Pdf просмотр
бет7/8
Дата06.05.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Жақсылық АЛАНОВ

Маңғыстау облыстық сотының 

төрағасы 

6

№130 (2908)

21 қараша 2016

zangazet@mail.ru

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ VII СЪЕЗI

Бітімге келудің берекелі жолы қалыптасуда

Кеңес үздіктерді іріктеуге көмектеседі

жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар 

аударуды, соттан тыс реттеудің баламалы тетік-

терін, соның ішінде бітімгершілік және медиация 

рәсімдерін енгізуді тапсырған болатын. Президен-

ті міздің сын ескертпелерінен кейін, медиация заңы 

мен татулас тыру рәсімдерінің маңыздылығы мен 

мақсаты елімізде қарқынды түрде насихатталып, 

іске  асып  жатыр.  Ең  бастысы,  «Медиация 

заңының» қолданыс аясы кеңейіп, дауларды шешу 

кезінде тараптарды бітімге келтірудің берекелі 

жолы қалыптасуда.

Қоғам болған соң түрлі мәселелер, түрлі түйт-

кілдер орын алмай тұрмайды. Ондай мәселе лерді 

сауатты, салиқалы, байыппен шешудің жолы сот 

процестеріне татуластыру рәсімдерін кеңірек 

қолдану болып табылады. Айталық, партисипатив-

тік рәсім заңды және жеке тұлғалардың азаматтық, 

еңбек, отбасылық, басқа да құқықтық қатынас тар-

дан туындаған азаматтық-құқықтық дауларда қол-

данылады. Бұл көптеген өркениетті елдерде сәтті 

қолданылуда. Осындай түрлі балама тәсілдерді 

тәжірибеге енгізу қоғамның дамуына тың серпін 

береді. Медиацияның шешімі сот шешімімен бір-

дей екенін халық арасында әлде де ұтымды түрде 

ұғындырған абзал деп есептейміз. 

Биылғы жылдың 24 ақпаны күні облыстық 

әкім дікпен бірлесіп, арнайы медиация бойынша 

оқу орталықтар мен кабинеттерді өңірдегі қалалар 

мен аудандарда ашу туралы келісімге келдік. 

Келіссөз  қорытындысы  бойынша  облыстық 

соттың және Қазақстан халқы Ассамблеясы ШҚО 

хатшылығының бастамасымен облыстық Достық 

үйінде – Шығыс Қазақстан облыстық соты, Қазақ-

стан халқы Ассамблеясы ШҚО хатшылығы, ШҚО 

Әділет департаменті, ШҚО Ішкі істер департамен-

ті, ШҚО Білім басқармасы және Денсаулық сақтау 

басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының Адво-

каттар  алқасын,    «Шанырақ»  медиа ция 

ӘДЕП КОДЕКСІ

ӘДЕП КОДЕКСІ

орталықтары араларында татуластыру шарала-

ры бойынша өзара әріптестік жөнінде мемо-

ран думға қол қойылды. 

Осы Меморандумды орындауда респуб-

лика бойынша Өскеменде облыстық Достық 

үйінде ең алғашқы «Медиация бойынша оқу 

орталығы» және «медиация кабинеті» ашыл-

ды. Аталған Меморандумда тараптар болашақ-

та медиация институтын дамыту шаралары 

бойынша қажетті іс-қимылдар жасауы тиіс. 

Бекітілген келісім негізінде облыстағы 14 

Достық үйінде осындай орталықтар ашу тура-

лы шарт жасалып, Шығыс Қазақстан облысы-

ның барлық аудан орталық та  ры мен қалала-

рында, тіпті, ауылдық округтерінде медиация 

орталықтары мен кабинеттері толық ашылып, 

жүйелі жұмыс атқаруда.

Өңіріміздегі медиация кабинеттері мен 

орталықтарының тиісті дәрежеде жұмыс істе-

уіне тек мемлекеттік органдардың ғана емес, 

ауыл, аудан, қала ақсақалдарының, зиялы 

қауым  өкілдерінің  белсенді  атсалысуы, 

қоғамдағы бірлікті ұйытуға үлес қосуының 

маңызы зор. Сондықтан да, облыс орталығын-

дағы медиация орталығынан кейін алғашқы 

медиация орталы ғы мен кабинетін ұлы Абай 

бабамыздың кіндік қаны тамған өлкеден 

бастадық. Игілікті шараға Шығыс Қазақстан 

облыстық  сотының  судьяларымен  қатар, 

өңірімізге, тіпті елмізге белгілі зиялы қауым 

өкілдері Арап Еспенбетов, Кенжеш Мұ қаш ұлы 

сынды белгілі азаматтар арнайы барып, ақ ба-

таларын беріп, қолдауларын білдірді. Осындай 

көргені мен түйгені мол ел ағаларының қол-

дауынан қанаттанған бастамамыз бүгінгі таңда 

барша облысымызда қанат жайып, халық тың 

алғысы мен ақ батасын алып жатырмыз. Еура-

зия кіндігі Жидебай өлкесінде дүние есігін 

ашқан дана Абай барша қазаққа шуақ нұрын 

шашқандай, осы қасиетті өлкеден бастау ал ған 

бастамамыз барша елімізге бірлік пен бере-

кенің нұрлы шуағын шашып, ынтымағы-

мызбен ырысымыз жараса берсін де-

ген ниетпен бастадық.

Досжан ӘМІРОВ,

Шығыс Қазақстан 

облыстық 

сотының төрағасы 

ті  соттары  судья ларының  қызметтеріне  жа-

рияланған кон курсқа қатысушы судья лауазымын 

атқарып жүр ген және басқа судьялық бос орынға 

ауысуға ниет білдірген судьялар мен судьялыққа 

канди дат  тар дың жинақталған құжаттарын тал-

қылаумен  шектелмей,  олардың  моральдық-

адамгершілік  қа сиет  терін  білу  үшін,  әрбір 

қатысушыны оты рыс қа жеке шақырып, ол бойын-

ша тиісті қоры тынды берді.

Облыстық соттың және Соттармен өзара іс қи-

мыл жөніндегі кеңестің тарапынан судьялық 

лауазымға кандидаттарды іріктеу және олардың 

моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалауға 

айрықша назар аударылып, кандидатқа тағылым-

дамадан  өтуге  байланысты  жауапкершілікті 

күшейту бағытында бірқатар жұмыстар атқа рылды.

Мәселен, біздің облысқа тағылымдамадан 

өту ге 8 орын бөлінген болса, осы 8 орынға 15 

үміткер құжат тапсырып, соның 5-еуі ғана ірік-

теліп алынды. Тағылымдаманың қорытындысы 

бойынша, судья лауазымына ең лайықтылары 

ғана таңдалып алынатын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орын-

дау мақсатында Жоғарғы Сот төрағасының 2016 

жылғы 28 сәуірдегі өкімімен Соттардың бұқара-

лық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тұжы-

рымдамасы қабылданды. Онда: «Тұжырымдаманы 

іске асыру шеңберінде судьялыққа кандидаттарды 

қарастыру барысында Соттармен өзара іс-қимыл 

жөніндегі кеңестер жұмысының ақпараттық 

ашықтығын арттыру мәселелеріне айрықша назар 

аударылатын болады», – делінген. Осыған байла-

нысты, кеңестің отырысына БАҚ өкілдері ша-

қырылады және облыс соттарының тарапынан 

өтетін түрлі жиындарға Соттармен өзара іс-қи-

мыл жөніндегі кеңестің мүшелері келіп қатысуда.

Нұрсерік ШӘРІПОВ, 

Оңтүстік Қазақстан облыстық 

сотының төрағасы

Кешегі дана қарттарымыздың, орақ ауыз­

ды, алмас тілді шешендеріміз бен қара қыл ды 

қақ жарған абыз билердің ел басқару, әсіре се, 

халықтың  тұрақтылығы  мен  бірлігін 

ұйыстырып, еліміздің шетелдермен өзара 

ынтымақтастығын реттеп отырған бітімгер­

шілік үрдісінің бүгінгі заман талабына сай 

Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен 

ұштасып, жандануы қуантарлық жайт. Еге­

мен еліміздегі 100­ден астам этностың басын 

қасиетті  қазақ  елінің  киелі  қара  шаңы­

рағының астына жинап, ынтымағы мен бір­

лігі, ырысы мен несібесі жарасқан мемлекет 

болып қалыптасуымыздың негізі Елбасы­

мыздың көрегендігі мен саяси алғырлығы­

ның арқасы.

Елімізде «Медиация туралы» заңның қабыл-

дануы, өркениет көшіне бет түзеген батыл қадам-

дардың жасалуы біздің қоғамымызда оң өзгеріс-

тердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын 

көрінісі екендігін айғақтайды. Бұл заң – қазақ 

хал қының дәстүрлі билер мен ата-бабалар тағы-

лы мын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келті ру-

ге жасалған игі қадамдардың бірі. Кешегі ба ба   ла-

рымыздың бітімгершілік заңымен бүгінгі Ме диа-

ция заңынның арасында үлкен сабақтастық жа-

тыр. Сондықтан да, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 

Судьялардың VІ съезінде сот тәртібімен қаралуға 

Судья діни 

нанымдарын 

жария етуге, 

насихаттауға 

тиісті емес

Судьялардың діни көзқарасы, 

ұстанымына қатысты заң талабы 

7-бапта белгіленген. Осы бапта «Су-

дья  өзінің  діни  нанымдары  мен 

көзқарастарын насихаттауға, діни 

нышандарға деген өз көзқарасын 

жария түрде білдіруге тиіс емес» 

деп көрсетілген. Сондай-ақ, судья-

лар «діни ұйымдардың, рес ми де-

легация лардың, комиссия лардың, 

діни конференцияларды, съездерді, 

өзге де іс-шаралар мен әдет-ғұрып-

тарды өткізу жөніндегі  ұйымдастыру 

коми теттерінің құра мында қызметті 

жү зеге асыруға, діни ұйымдардың 

қызметіне кез келген нысанда жәр-

демдесуге құқылы емес» екендігін 

ескерген жөн. Алайда, осы баптың 

ережелері судьяның  діни сенімінің 

еркіндігіне сай, құлшылық ету орын-

дарына баруына тыйым салмайды.  



Сот және БАҚ 

«Судья сот қызметінің бұқара лық 

ақпарат құралдарында кәсіби көр-

сетілуіне ықпал етуге тиіс» деп көр-

сетілген 8-бапта. Осы бапқа сай, 

судья бұқаралық ақпарат құралда-

рына істі қараудың процестік саты-

лары туралы ақпаратты, қабылдан-

ған сот шешіміне түсіндірмені, ма-

териалдық және процестік құқық тың 

нормаларын қолданудың қалып-

тасқан сот практикасы туралы ақпа-

ратты  беруге құқылы.  «Егер судья-

ның  қызметі  бұқаралық  ақпарат 

құралдарында оның беделіне негіз-

сіз  нұқсан  келтіріліп  көрсетілсе, 

онда өз құқық тарын қорғаудың өзге 

тәсілдері таусылған айрықша жағ-

дайларда судьяға абыройын, қадiр-

қасиетiн және iскерлiк беделiн қор-

ғау мақсатында құқық қорғау және 

сот органдарына жүгінуге болады» 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сот са-

ласын ешқашан назарынан тыс қал дырған 

емес. Қазақстан Республикасы судья ларының 

VІ съезінде сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан 

Әбішұлы: «Сот жүйесін дегі кадр саясаты 

әзірге мінсіз емес. Соттарға қолы таза емес 

тұлғалардың енуін болдырмайтын кедергілер 

жеткіліксіз. Судьялар – барлық мемлекеттік 

қызметші  тәрізді  халық  қыз метшілері. 

Олардың тікелей міндетіне аза  маттардың 

құқықтары мен мүдделе рін қор ғау жөніндегі 

барлық мүмкін болатын ша ра  ларды қабыл-

дау жатады», – деген болатын.

Шындығында, сот төрелігін жүзеге асыру 

барысында азаматтардың конституциялық 

құқықтарының сақталуы мен олардың білік-

ті заң көмегін алуын қамтамасыз ету судья-

лардың басты міндеттерінің бірі. Сондық тан, 

осы айтылған талаптардың орындалуы судья 

лауазымына таңдау мен тағайындау тетік-

терін жетілдіріп, судьялардың біліктілі гін 

жоғарылатқанда ғана мүмкін болады.

Мемлекет басшысы айтқан тапсырманы 

орындап, оны іске асыру мақсатында Жоғар-

ғы Сот тарапынан жедел іс-шаралар қолға 

алынып, жүзеге асырылуда.

Жалпы, судья лауазымына үміткерге 

қойыла   тын талаптарды күшейту мәселесі 

Жоғарғы Сот басшылығының күн тәртібінен 

түскен емес. Себебі, судьяларды таңдау, ірік-

 теу және тағайындау мәселелері еш  уақыт та 

өзектілігін жоймайтыны анық.

Елбасы ұсынған бес институттық рефор-

маның екінші бөлігіндегі «Заң үстемдігін 

қамтамасыз ету» бойынша 17-қадамында 

судья лауазымына кандидаттарды іріктеу 

тетіктері көрсетілген.

Осы 17-қадамда айтылған нақты талап-

тарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету 

мақсатында Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат 

Мәмидің  басшы лы ғымен  жүйелі  түрде 

атқарылған  жұмыстардың  нәти-

жесінде, 2015 жылы «ҚР Сот жүйесі 

мен судья лардың мәртебесі тура-

лы»  2000  жылғы  25  жел тоқ-

сандағы конституциялық заңына 

тиісті өзгерістер енгізілді және «Жоғары Сот Кеңе-

сі туралы» жаңа заң қабылданды. Осыған сәйкес, 

елімізде сапалы судьялар корпусын қалыптастыру 

үшін судья лауазымына кандидаттарды іріктеу 

тетіктері кө бейтіліп, біліктілік талаптары барынша 

қатай тыл ды және олардың кәсіби дағдысы мен 

іскерлігін тексеру барысында ахуалдық тестілеу 

жүйесі енгізіліп, судьялыққа үміткерлер негізгі 

жұмыс орнынан қол үзіп, сотта ақы төленетін бір 

жылдық тағылым дамадан өтуі міндеттелді.

«Сот жүйесі мен судьялардың мәр те бесі тура-

лы» Конституциялық заңның 11-бабы: «Судья ла-

уазымына кандидаттардың моральдық-адамгерші-

лік қасиеттерін бағалау үшін облыстық сот жаны-

нан консультативтік-кеңесші орган – Соттармен 

өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады. Соттар-

мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытын-

дысы ұсынымдық сипатта болады», – деген сөз-

дермен толықтырылды. Сонымен бірге, Қазақстан 

Респуб ликасы Жоғары Сот Кеңесінің 2016 жылғы 

17 ақпандағы №1-2/1 шешімімен «Сот тармен 

өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің Ережесі» 

бекітілді.

Қабылданған заңнамаларға сәйкес, Жоғарғы 

Соттың Төрағасы Қ.Мәми Соттармен өзара іс-

қимыл жөніндегі кеңес құрып, оның ойдағыдай 

жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырған бола-

тын. Соған байланысты ОҚО сотының жалпы оты-

рысында, осы соттың жанынан Соттармен өзара 

іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылып, оның мүшелері 

бекітілді. Сондай-ақ, оның жұмыс істеуі үшін 

облыстық сотта Қазақстан Судьялар ода ғы облыс-

тық филиалының және Соттармен өзара іс-қимыл 

жөніндегі кеңестің мүшелеріне ар налған орталық 

ашылып, оларға жағдай да жасалды.

Кеңестің құрамында ОҚО сотының отставкадағы 

судьялары Г.Ағаділова мен М.Әмі ров, «Қазақстан – 

Шымкент» телеарнасының директоры У.Қыдыров, 

ОҚО шешен-ингуш этно мәдени орталығының 

төрағасы  Х.Бациев,  «Адам  құқық тары  мен 

заңдылықты  сақтау  жөніндегі  Қазақстан  ха-

лықаралық бюросы» ОҚО бойынша филиалының 

директоры Ә.Сейтқазиев, Оңтүстік Қазақстан құқық 

және салалық технология кол лед жі  нің директоры, 

з.ғ.д. Қ.Досалиев және ОҚО Адвокаттар алқасының 

мүшесі, з.ғ.к. М.Сейт  жанов бар. Кеңес өз жұмысын 

ашық әрі өз ерікте рі бо йын    ша және жау-

апкершілікпен жүзеге асырады. Кеңестің 

құзырына судьялыққа үміткер жө    нін   де 

объективті және дұрыс мәлімет алу, су-

дья қызме тіне кандидаттарды іріктеу, 

сот жүйесі нің сапасын көтеру, тағы 

басқа да міндеттер кіреді.

Кеңес  мүшелері  өздеріне 

бекітілген осы мін дет  тері мен 

құқықтарын жүзеге асырып ке-

леді. Бүгінгі күнге дейін Оңтүстік 

Қазақстан облыстық сотының жанындағы Соттар-

мен өзара іс қимыл жөніндегі кеңестің екі отырысы 

өтті. Кеңесте Қазақстан Республикасының жергілік-



Судья және оның 

отбасының беделі

Судья өз беделін қорғауда от-

басының да абыройын ойлауы тиіс. 

Сондай-ақ, ол өзінің қызметтік жағ-

дайын өзінің жеке мүддесіне не от-

басы мүшелерінің пайдасына қол-

данбауы тиіс. Мұндай заң нормасы 

12-бапта көрсетілген. Сондай-ақ, 

«Отбасы мүшелерінің, жақын туыс-

тарының қылмыс жасаған фактісі 

туралы судья белгіленген тәр тіппен 

уәкілетті органның кадр қызметіне 

шынайы ақпаратты кідіріссіз ұсынуы 

тиіс». 


Судья өз отбасы мүшелерінің ма-

териалдық мүдделері туралы хабар-

дар болуға және ол үшін ақылға 

қонымды шаралар қолдануға тиіс. 

Сондай-ақ, судья өз отбасы мүше ле-

ріне, жақын туыстарына және басқа 

да адамдарға оның сот төре лігін іске 

асыруға байланысты іс-әре кеттеріне 

ықпал етуге жол бермеуі тиіс. 

Әдептен озбайық!

 Жаңа кодекстің 14-бабына сай, 

әдептен озған судьялардың әрекеті 

де жауапсыз қалмайды. Айталық, 

судьяның заң бұзу фактісі туралы 

жазбаша өтініш түскенде немесе 

судьяның судьялық әдепті бұзғаны 

туралы бұқаралық ақпарат құрал-

дарында жарияланым жарық көрген 

жағдайда Судья әдебі жөніндегі ко-

миссия ережесіне сәйкес қоғамдық 

ықпал ету шаралары қолданылуы 

мүмкін. 

Судья әдебі жөніндегі комиссия-

ның шешімінде көрсетілген қорытын-

ды Сот жюриі өзінің регламентінде 

көзделген тәртіппен тәртіптік өнді-

рісті қараған кезде ескерілуі мүмкін. 



№130 (2908)

21 қараша 2016

7

zangazet@mail.ru

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ VII СЪЕЗI

ЖИЫРМА ЖЫЛДА 

ОДАҚ ТОЛЫҚҚАНДЫ 

ҚҰРЫЛЫМҒА 

АЙНАЛДЫ

1996 жылдың мамыр айында ЮСАИД-тың 

арнайы бағдарламасы бойынша судьялардың 

мәслихаты өтіп, оған Американың бір топ судья-

лары қатысты. Жиында әлемдегі сот жүйесіне 

қатысты жаңалықтар мен қабылданып жатқан 

шешімдер таныстырылып, саланың даму бағыты, 

жетістіктері мен кемшіліктері жайлы келелі 

әңгіме қозғалды. Қазақстан мен өзге елдің сот 

жүйесі салыстырылды. Алғаш рет Судьялар 

одағы туралы ұсыныс та осы басқосуда ортаға 

тасталған болатын. 

Шетелдік әріптестерді тыңдап отырып, судья-

лардың дербес ұйымының болуы сот саласына 

қатысты маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік 

бере тінін  пайымдадық.  Сөйтіп,  сол  кездегі 

Жоғар ғы Сот Төрағасы Мақсұт Нәрікбаевтың 

тап сы руымен судьяларды ортақ қауымдастыққа 

біріктірудің пайдасы, мүмкіндігі зерделенген еді. 

Көп уақыт өтпей одақтың жарғысы мен Судьялар 

кодексінің жобасын әзірледім. Бұл құжаттар сол 

жылы болған Судьялар одағының бірінші съезін-

де Елбасы қолдауымен қабылданды. Кейін одақ-

тың жұмысын жандандырып, судьяларға ол жай-

лы ақпараттарды жеткізіп тұру үшін «Заңгер» 

жур налы ашылды. Сонымен қатар, бүгінде бедел-

ді, мәртебелі марапат саналатын «Үш би» төс бел-

гісі бекітілді. Оған Өскемендегі Теңге сарайына 

тапсырыс беріп, жақсы істің басында сол кез дегі 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы 

Асқар Секишевтің жүргенін айта кеткен орынды. 

Алғашқы кезден бастап Судьялар одағы сот 

жүйесінің тәуелсіздігін арттырып, судьялар 

мәртебесін көтеру, сот қызметін уақыт талабына 

сай жетілдіру бағытында белсенді жұмыс жүр-

гізді. Бұл ұйымның аясында көптеген заңна-

маларға, құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді. 

Сот билігінің Әділет министрлігі құрамынан 

шығуында да осы ұйымның еңбегі бар. Одақ 

төрағалығына мен 2001 жылы Судьялар одағының 

екінші съезінде сайландым. Сол кезде Жоғарғы 

Сотты басқарған Қайрат Мәми Судьялар одағына 

ерекше көңіл бөлді. Соның арқасында одақ 

облыстық соттың төрағаларына ең жақын және 

судьялардың тәуелсіздігін қорғайтын, оларға жан-

жақты көмек көрсететін орган ретінде танылды. 

Судьялар қызметіне көмек беретін әдістемелік, 

зерт   теу еңбектері жарыққа шыға бастады. Судья-

лар құзырлы орындар жанынан құрылған жұмыс 

топтарына шақырылып, нормативтік актілер, 

заңнамалық құжаттар талқылауына қатыса тын 

болды. Осы ретте сот аппаратының Әділет ми-

нистр лігінен Жоғарғы Сотқа ауысуы жөнінде 

Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы қабылдан-

ғанын ерекше атап өтуге болады. Сот жүйесінің 

тәуелсіз орган болуы алғаш осы құжатта дәйек-

телген еді. Сондықтан, еліміздің сот жүйесі үшін 

оның рөлі 1991 жылы Қазақстанның егемендік 

алған кезінде қабылдаған Тәуелсіздік деклараци-

ясына тең болды. 

2000 жылдан бастап Судьялар одағы толық-

қанды құрылым ретінде аяғынан тік тұрып, 

Халық аралық судьялар одағына мүше болуға 

ұсы ныс берді. Әлемдік деңгейдегі бұл мәртебелі 

ұйым құрамына қабылдану оңай болмады. Осы-

ған қомақты үлес қосқан сол кездегі Жоғарғы Сот 

судьясы Әуезнұр Қаженов пен Солтүстік Қазақ-

стан облыстық сотының төрағасы Бекет Тұр-

ғараев ты атап кеткенім дұрыс.

Бүгінде Судьялар одағы сот жүйесінің белсен-

ді органы. Заң жүзінде оның мәртебесі, міндеті 

толықтай айқындалып, белгіленген. Ұйым сот 

жүйесі ардагерлерін әлеуметтік тұрғыда қолдауға 

үлкен маңыз береді. Мереке күндері олардың ба-

сын қосып, кездесу өткізу одақ құрылғаннан бері 

дәстүрге айналған. Сонымен қатар, спорттық 

шаралардың өтуі де осы ұйымның тікелей баста-

масы және қолдауымен жүзеге асуда. Бұл заң 

бойынша түрлі шектеулер аясынан шыға алмай 

жүрген судьяларды біріктіріп, олардың бір-бірі-

мен араласуына дәнекер болып, қазіргі тілмен 

айтқанда қарым-қатынасқа корпоративтік рух 

беріп отыр.

Бақытжан ӘБДІРАЙЫМ, 

Парламент Мәжілісінің депутаты

ҚР ҰҒА академигі, 

«Құрметті судья» атағының иегері

Айтарым бар



Қазақ даласындағы билер соты

Тарихи  деректер  бойынша  Қазақ  хан-

дығының күш-қуаты өсіп, бірлігі артқан кез – 

Тәуке ханның Қазақ хан    дығына билік ету 

кезеңінен, яғни, 1680 жылдан басталады. 

Өйткені, ол асқынған ішкі феодалдық алауыздық 

пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа 

бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы 

қайрат жұмсады. Хандық билікті күшейтуге 

бағытталған реформалар жүргізді.

Ол қазақтың атақты билерімен ақылдаса 

отырып, қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, билер 

сотының тәжі рибелерін, аса дарындылықпен 

айтылған түйінді биліктерді жинақтап, өзінен 

бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім 

ханның ескі жолы» атты қазақ заңдарына өзге-

рістер мен толықтырулар енгізе отырып, дамы-

ту негізінде «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын 

құрастырды. «Жеті жарғы» орыс деректерінде 

«Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. 

 Жеті жарғыға әкімшілік, қылмыстық істер, 

азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ, салық-

тар, діни көзқарастар туралы ережелер ен-

гізілген, яғни, онда қазақ қоғамы өмірінің 

барлық жағы түгел қамтылған. Оларда орта 

ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-

феодалдық құқығының негізгі принциптері мен 

нормалары баян етілген. Қазақша «жарғы» 

әділдік деген ұғымды білдіреді. 

 «Жеті жарғы», негізінен, көшпелі қазақ 

қоғамының әлеуметтік тұрмыс-тіршілігіне, 

қарым-қатынастарына, моральдық ұстаным да-

рына қатысты негізделіп жазылды. Бұл заңның 

негізгі бағыттары елдің бүтіндігін, шаңы рақ тың 

беріктігін сақтау, адам өмірінің құнды лығын 

арт тыру, ер азаматтың тұлғасын асқақтату.

 Тарихи деректерге қарағанда, «Жеті жарғы» 

үш жүздің атақты заңгерлері Төле би, Қазыбек 

би, Әйтеке билер қатысқан Түркістан маңында-

ғы жиында қабыл данған. Құжатқа енген норма-

лар халқымыздың сол уақыттағы өміріне тән 

қоғамдық қатынастардың негізгі салалары: жер 

дауы, мал дауы, жесір дауы, жан дауы, құн 

дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жа-

уапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіп-

сіздігін қам тамасыз ету, хандық пен билік және 

басқа да мәселелерді қамтыған. Мұның өзі 

бұрыннан келе жатқан заңдарды жинақтау ғана 

емес, сонымен қатар, оларға маңызды өзге-

рістер, шаруашылық, әдет-ғұрып салттарына 

орай толықтырулар жасалған. 

Негізінен, заң жинағының тілі тұжырымды, 

есте сақтауға ыңғайлы, шешендік сөздермен 

келтірілген. Мысалы: «Әділ билік – әділ тара-

зы», «Қара қылды қақ жарған», «Тура биде 

туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», «Ханға 

хандық, биге билік», «Иілген басты қылыш 

шаппайды», «Алдыңа келсе атаңның құнын 

кеш», «Мал ашуы – жан ашуы», «Қойманы не 

көрген алады, не көмген алады», «Ат тұяғын 

тай басар», «Әке өлсе мүлкі мұра, «Аға өлсе 

жеңге мұра», «Ерден кетсе де елден кетпейді», 

«Судың түбін шым бөгейді, даудың түбін қыз 

бөгейді» деген шешендік сөздермен кел-

тірілген. 

Сонымен қатар, «Жеті жарғы» атты заңның 

жасалуымен қатар, құқықтық-тәртіптік жүйе 

құрастырылып, сот билігі дүниеге келді. 

Ханның қолында негізінен атқарушы билік 

шоғырланса, заң шығарушылық қызмет пен сот 

билігін билер кеңесі атқарған. 

«Билер кеңесінің» құрамына аттары аңызға 

айналған, сот төрелігін шынайы әрі турашыл-

дық пен жүзеге асыруда әділ билігімен танылған, 

дауға түскенде топ алдында алмастай жарқыл-

дап, қабілет дарынын көрсете білген, көкірек 

көзі ояу, өмірден көргені көп білікті, әділ сөй-

лей тін шешендігімен орап әкететін ерекше көз-

ге түскен билер Төле, Қазыбек, Әйте келер және 

басқа да орақ тілді шешендер, өз жүздеріне та-

нымал болған ақылды кемеңгерлер: Досай, 

Едіге, Сырымбет, Қабек, Даба, Есейхан, Жал-

ған, Ескелді, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, 

Қоқым сияқты дарынды қайраткерлер енді. 

Осы Кеңестің шешімі негізінде ғана Тәуке хан 

мемлекеттік мәселелерді шешуге құқықты 

болған және билер кеңесі қабыл даған заңдар 

мен шешімдерді жүзеге асырып отырған. Соны-

мен қатар, «Билер кеңесі» хандық билікті шек-

теу құқығына ие болған. Билер кеңесі ханның 

қызметіндегі кейбір мәселелер бойынша да 

таласқа түсіп, оны қайта қарауға құқылы бол-

ған. Дәстүр бойынша, хандық билік мұрагерлік 

жолмен беріліп отырса да, мемлекеттік маңызды 

мәселелер Билер кеңесінсіз шешілмеген. 

Тарихқа көз салсақ, қазақ даласында би-

лердің үлкен маңызға ие болған жағымды да 

асқақ бейнесі ХVII ғасырдың аяғы мен ХVIII 

ғасырдың бірінші жартысында болған. Олар тек 

үлкен беделге ие болып қана қоймай, қазақ мем-

лекеттігінде басты тірек бола білді. Олар қай 

кезде де қоғамдық өмірдің қайнаған ортасында, 

саяси қайшылықтар мен шиеленістердің басы-

қасында, халықтың, мемлекеттің мүдде лерін 

қорғауда алдыңғы қатарда көріне білді.

Тәуке ханнан тамыр тартқан «Жеті жарғы» 

заңының ережелері XIX ғасырдың екінші жар-

тысына дейін қазақ даласында өмір сүріп келді. 

Ал кейбір ережелер Қазан төңкерісіне дейін, 

яғни, ХХ ғасырдың басына дейін қолданылып 

келді. Осынау дала конституциясы атанған 

заңымыздың бүгінгі ұрпаққа әлі де болса берері 

мол екеніне сенімдіміз, себебі, қазақтың ұлы 

билері бүгінгі ұрпаққа бай рухани мұра қал-

дырды әрі бүгінгі күнде өзектілігін жоғалтқан 

жоқ. Елімізге тәуелсіздік туы орнағаннан кейін 

де бабаларымыздан қалған құнды мұраның 

қағидалары Ата Заңымыздың ережелеріне ен-

дірілді. Сондықтан, әділдікті еңсерген ұлы 

билеріміздің қалдырған құндылықтарының 

бүгінгі ұрпаққа берері мол деп білеміз.

Бүгінгі билерімізге Төле би бабамыздың «Би 

– төрттің құлы: адал еңбек, таза ниет, терең ой, 

әділдік» деген қағидасын алға тартып, дана би 

бабаларымыздың көрсетіп берген әділдігі мен 

ұстанымдарын  біліктілігі  мен  білгірлік, 

турашылдық қасиеттерін кейінгі ұрпаққа үлгі 

етіп  ұстансақ,  сот  билігінің  мәртебесін 

асқақтататын сенімге ие болатынымыз анық. 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 0.76 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет