Қайрат МӘМИ, Қр жоғарғы Cотының Төрағасы: Барлық құқық қорғау органдары ішінде ең жоғары тұрғаны


– Қайрат Әбдіразақұлы, судьяларды ірік­



жүктеу 0.76 Mb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата06.05.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

– Қайрат Әбдіразақұлы, судьяларды ірік­

теудің жаңа жүйесі енгізілді. Былайша айтқанда, 

судьяларға қойылатын талап тым жоғары. Су­

дьялар корпусын білікті мамандармен қамта­

масыз етуге бағытталған мұндай талап өзін­өзі 

ақтайды деп ойлайсыз ба?

– Жоғарғы Сот Жоғары Сот Кеңесімен бірлесіп 

елімізде сапалы судьялар корпусын қалыптастыру 

жанжалды жағдайлардан бойын аулақ ұстап, өзінің 

процестік тәуелсіздігін сақтап, істі қарауда әділдік 

қағи дасын ұстауына мүмкіндік бермек. Біз кодекс-

тің жобасы бойынша Еуропа Кеңесі Венециялық 

комиссиясының оң қоры тын дысын алдық. Судья-

лар дың жаңа Әдеп кодексінің осындай прогрессив-

ті жақтарын ескере отырып, оны съезд делегаттары 

бірауыздан қабыл дайды деп сенемін. Осы кодекстің 

қабылдануымен біз Мем лекет басшысының Ұлт 

Жоспары мен судьялардың VІ съезінде берген тап-

сырмаларын толық орындап шықтық деп қанағат-

танарлық сезіммен айтуға болады. 

Әрине, тоқмейілсуге әлі ерте. Соттар жұмысын-

дағы институционалдық қайта құрулар заңнамалық 

деңгейде жүзеге асырылғанымен, оны іске асыру 

бағытында атқарылатын жұмыс көп. Меніңше, бұл 

бірлікпен қам тамасыз етуге 

мүмкіндік берді. Жүктемені 

азайту есебінен жергілікті 

соттардағы жұмыс сапасы 

жақсарды. Жоғарғы Сотқа 

жүгінуді заңнамалық негіз де 

шектеудің нәтижесінде көп-

теген істер облыстық сот-

тардың апелляциялық сатыла-

рында қараумен аяқ талуда. 

Бұрындары кейбір санаттағы 

істерді қарау мерзімі бір жа-

рым жылға созылған болса, 

қазір ол үш сатылы сот жүйе-

сінің негізінде әрі кеткенде 

6-9 ай аралығында шешімін 

(Соңы. Басы 1-бетте)

№130 (2908)

21 қараша 2016

5

zangazet@mail.ru

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ VII СЪЕЗI

ТӘУЕЛСІЗ ЖӘНЕ ДЕРБЕС 

СОТ ЖҮЙЕСІ БОЛМАЙ, 

ДАМЫҒАН 

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ЕЛ 

БОЛУ ТУРАЛЫ АЙТУ 

МҮМКІН ЕМЕС

Құрметті Қайрат Әбдіразақұлы!

Құрметті Съезд 

делегаттары мен қатысушылары!

Сіздердің назарла ры ңызға құттық­

тауым ды жеткізіп отырға ны ма қуаныш­

тымын!


Бүкіл мемлекет пен қоғамның дамуы 

туралы сот билігінің жай­күйіне қарап 

айту ға болады. Шын мәнінде тәуелсіз 

және дербес сот жүйесі болмай, дамыған 

демокра тиялық  ел  болу  туралы  айту 

мүмкін емес. Бұл ретте, ең алдымен, 

мемлекет өзі мүдделі болуы тиіс.

Сот жүйесіне тұрақты назар аударып 

отыратын және барлық сот қоғамдас ты­

ғының терең түсіну нысанасы болып та­

былатын ел дамиды. Сот жүйесі одан әрі 

жетілдіруді және дамытуды талап етеді.

Толық тәуелсіз сот жүйесі туралы біз 

қоғамда құқық пен заң үстемдігі диктату­

расы орнаған кезде айта аламыз. Қазақ­

стан Республикасы Мемлекет басшы­

сының  қолдауымен  Сіздің  елде  сот 

жүйесін же тіл діруге бағытталған қомақты 

жұмыс тар жасалды. Сот тәуел сіздігінің 

кепілі – Қазақ стан Республи ка сының Кон­

ституциясы!

Судьялар съезі – тек сот жүйесі үшін 

ғана емес, сондай­ақ мемлекеттiк билiк­

тiң барлық тармақтары үшін маңызды 

оқиға болып табылады. Съезд сот билі гін 

нығайтуға қатысты кең тал қылау жасауға, 

қоғамның соттарға және судья лар ға сені­

мін артыруға мүмкіндік ашады.

Қазақстанның сот жүйесіндегі консти­

туциялық реформаларды ерекше риза­

шылық  сезіммен  атап  өтуге  болады.  

2007 жылғы реформаның арқасында сіз­

дің әділет жүйесі азаматтардың құқық та­

рын қорғауда тиімді, жаңа мүмкін дік терге 

алды, оған тек сот рұқсатымен қа мау ға 

алу механизмін жатқызуға болады. 

Сонымен бірге сотқа беруді және сот 

жүйесінің жұмыстарын реттейтін бірқатар 

заңдар қабылданды.

Соттық iс қараудың барлық кезеңдерін 

жетілдіру,  судьялардың  мәртебесін 

нығай ту, сот жүйесінің ашықтығы мен 

айқын ды ғын қамтамасыз ету үшін тиісті 

тұжы рым дама  әзірленді.  Қазақстан 

Республи касы ның 2010­2020 жылдарға 

арналып  бекітіл ген  құқықтық  саясат 

тұжырымда масының  жемісті  жүзеге 

асуына тілектеспін!

Сондай­ақ, құжат айналымының кағаз­

 дық нұсқасынан электрондық тех ноло­

гияларға көшу, сол арқылы қазіргі заманғы 

сот жүргізу ісіне аса қажет құжаттық қор 

қалыптастырған сіздердің маңдайалды 

сот практикаларыңызды атап өткен жөн. 

Барлық осы шаралар бір мақсат – 

демо  кратиялық мемлекетте өз құқық­

тарын қорғау үшін тәуелсіз әрі бейтарап 

сот билі гі объективті және бейтарап ше­

шім дер қа был дай алатынына деген қо ғам 

мүше лерінің сенімін ұялату үшін қабыл­

дануда.

Съездің барлық қатысушыларына фо­



рум жұмысының жемісті болуын тілейміз!

Құрметпен,

Айнаш Абдыманқызы ТОҚБАЕВА,

Қырғыз Республикасы 

Жоғарғы Сотының Төрағасы

СЪЕЗДЕН СЪЕЗГЕ  ДЕЙІН

2005

2009

2013

Қазақстан Республикасы 

судьяларының IV съезі Астана қаласында 

2005 жылы 3 маусымда ұйымдастырылды. 

Қазақстан Республикасы Судьялар 

одағының төрағасы Б.Тұрғараевтың есебі 

мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы 

Сотының төрағасы Қ.Мәмидің баяндамасы тыңдалды. 

Республика Президентінің Қазақстан халқына жол-

дауында айтылған тәуелсіз, объективті, бейтарап 

сотты құруға, сот төрелігін жүзеге асырудың 

халықаралық стандарттарына қол жеткізуге, 

соттардың қоғам алдындағы жауапкершілігінің 

деңгейін арттыруға, сот қызметінің жариялылығын 

жетілдіруге бағытталған міндеттерді іске асыру 

мәселелері талқыланды. Аталған шаралар 

съезд қаулысымен нақтыланды.

Қазақстан Республикасы судьяларының V съезі 

2009 жылы 18 қарашада Астанада өтіп, оған Президент 

Н.Ә.Назарбаев қатысты. Елбасы съезде: «Соттардың 

шешімдеріне қарап қоғамның мемлекетке деген 

көзқарасы қалыптасады, заңның үстемдігін 

қамтамасыз ету және азаматтардың мүдделерін 

қорғау қабілеті бағаланады», – деді. Съезде алдыңғы басқосуда 

белгіленген тапсырмаларды орындау жолындағы судьялардың 

жұмыстары қорытындыланып, сот реформасының нәтижесі 

талқыға түсіп, заңнамаларды жетілдіру мен сот-құқықтық ре-

форманы жүзеге асырудағы судьялардың қоғамдық 

бірлестігінің рөлі қаралды. V съезден кейін Жоғарғы Соттың 

бастамасымен іс жүргізу заңнамасына тиісті толықтырулар 

мен өзгертулер енгізіліп, соның негізінде үш сатылы сот 

жүйесі – бірінші саты, апелляциялық және кассациялық 

сатылар құрылды.



Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезі 2013 

жылы 20 қарашада Астанада Елбасының қатысуымен өтті. 

Бұл басқосуда да Президент бірқатар нақты міндеттер 

мен межелерді алға қойды. Олардың қатарында 

судьялардың жүктемесін азайту мақсатында дауларды 

шешудің баламалы әдістерін, соның ішінде медиа-

ция ны, сондай-ақ, аралық соттарды дамытуды жан-

дандыру, әкімшілік әділет шеңберінде мамандан-

дырылған әкімшілік соттардың қызметін жаңғырту 

жөніндегі шаралар бар. Сыбайлас жемқорлыққа жол 

бермеу мәселелері қарастырылып, судьялар мен сот 

қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын 

жақсартуға арналған ауқымды бағдарламалар бекітілді. 

Бұл тұста Елбасының съезде айтқан «Әділетті, сатылмай-

тын сот – демократиялық, құқықтық мемлекеттің ең 

маңызды негізі» деген сөзін атап өтуге болады.

игілігі үшін жүзеге асырылуда

мақсатында бірқатар кешенді шараларды қолға 

алды. Бұл – сот жүйесі мен қоғам үшін ең өзекті 

мәселелердің бірі. 

Жоғары Сот Кеңесі іріктеу жұмыстарын жүр-

гізіп, судьяларды тағайындайтын дербес мекемеге 

айналды. Бұл процеске құрамына мәслихат депутат-

тары  мен  азаматтық  қоғамның  өкілдері,  сот 

жүйесінің ардагерлері енетін қоғамдық кеңестер 

тартылды. Үміткерді таңдап, талқылау неғұрлым 

ашық жүргізілсе, біз қателіктердің алдын аламыз. 

Соның негізінде судьялар корпусын жасақтаудың 

ескі тәсілдері тәжірибеден шығарылып, облыстық 

сот төрағаларының кадр іріктеудегі өкілеттіктері 

шектелді. Судья лауазымына үміткерлерді іріктеу 

тетіктері жетілдіріліп, оларға қойылатын біліктілік 

талаптары неғұрлым күшейтілді. Судьялыққа 

үміткерлер біліктілік емтиханын тапсырумен қатар, 

сервис арқылы құжатының тіркелген сәтінен бас-

тап, ол жөнінде сот отырысының тағайындалғанын, 

судья ның  анықтамасынан  бастап,  шешім 

қабылдағанға дейінгі қозғалыс кестесін қадағалай 

алады. Бұл аза мат тың бұрынғыдай сотқа келіп не-

месе қажетті ақ па ратты анықтау үшін телефон ша-

лып, әуре болып, уақыт жоғалтуын азайтады. 

Мұның бәрі автоматты түрде жүзеге асырылады. 

Бүгінгі күні ТМД елдеріндегі көршілеріміз элек-

тронды сот ісін жүргі зудегі тәжірибемізбен бөлісуге 

дайын екендігін білдіріп отыр. Мәселен, осы жазда 

ресейлік әріптес теріміз электронды сот жүйесін 

дамыту жөніндегі тәжіри бемізді игеру үшін елімізге 

арнайы келіп қайтты. 

Сот залдарының барлығы аудиобейнетіркеудің 

жаңа жүйесімен жарақтандырылды. Мұндай жүйе 

бейнежазбаны тоқтатып немесе өңдеуге мүмкіндік 

төрелігі акаде мия сының құрылуы оқу процесі мен 

сот тәжіри бе сін жақсартып, жоғары білікті судьялар 

корпусын нығайтуға ықпал етіп, осы саладағы 

ғылыми-зерт теу жұмыстарын жетілдіруге жол аша-

ды деп ойлаймын. Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 

бастап академияның 1-курсына 60 адам қабылданса, 

57 тыңдаушы екінші курстағы оқуларын одан әрі 

жалғастыруда. 

Жұртшылық пен сот қауымдастығы Жоғарғы 

Соттың принциптік ұстанымын нақты түсінсе дей-

мін. Судьялар жұмысының ерекшеліктері мен 

маңызын ескере отырып, судьялар қатарына дайын-

дығы жоғары және қойылатын барлық талаптарға 

жауап беретін үміткерлер алынуы керек. Бұл олар-

дың біліміне, моральдық болмысына, жауапкер-

шілік деңгейіне, еңбек тәртібіне қатысты. Бұл жай 

сөз емес, іске асуы тиіс негізгі қағидаттар болып 

табылады. 

– Қайрат Әбдіразақұлы, жақында сіздің 

қаты суыңызбен «Закон.кз» сайтында интернет-

конференция өтті. Осы ретте сіздің жаңа техно-

логия мен медианы меңгергеніңіз көрініп тұрды. 

Ал, мұндай жағдай соттарда қаншалықты жолға 

қойылған. Электронды сот төрелігіне көшу 

қажет деп есептейсіз бе?

– Расында, соңғы үш жыл ішінде бұл салада 

айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Сот жүйе-

сі еліміздің басқа құрылымдары сияқты қазіргі 

ақпа раттық-коммуникациялық технологияның 

игіліктерін пайдалануға жаппай көше бастады. Ең 

бастысы, біз азаматтардың сотқа жүгінудегі өзара 

қарым-қатынасын өзгерттік. Қазір азаматтарымыз 

ғаламтор игілігін пайдалану арқылы үйлерінен 

шықпай-ақ, өзіне қолайлы уақытта «Сот кабинеті» 

сервисі арқылы сотқа жүгіне алады. Ол, тіпті, осы 

бермейді. Қазіргі кездегі алдымызда тұрған басты 

мақсаттың бірі – азаматтар дың сот жүйесіне деген 

сенім деңгейін көтеру. Осыған байланысты элек-

тронды сот ісін жүргізу ісі белсенді дамытылу 

үстінде.  «Сот  кабинеті»  сервисі,  «Төрелік» 

ақпараттық  жүйесі,  «Талдау»  форумы  сотқа 

қолжетімділіктің тиімді құралдарына айналуда. 

Биылдың өзінде ғана «Сот кабинеті» сервисі 

арқылы барлық шағымдар мен өтініштердің 75,6 

пайызы жолданған. 

Соттарда бейнебайланыс жүйесінің кеңінен 

қолданылуы бұрынғыдай сотталушыны айдауыл-

мен жеткізусіз және сотқа қатысушылардың еліміз-

дің кез келген аймағы мен шетелде тұрғанына 

қарамастан, істі қашықтан қарауға мүмкіндік бе-

реді. 

– Отандық сот жүйесі тиімді жұмыс істеуі 

маңызды екені анық. Басшы ретінде соттар жұ-

мы сының қазіргі деңгейін қалай бағалар едіңіз? 

– Тұтастай алғанда, қазақстандық сот жүйесі 

тиімді жұмыс істеуде, өйткені, ол азаматта ры-

мыздың жоғары сұранысына ие. Судьялардың VІ 

съезі өткелі бері соттарға түсетін өтініштер мен 

істердің саны жыл сайын көбейіп келеді, бұл 

көрсеткіш жылына орта есеппен 200 мыңнан ар-

тып отыр. Соттарға жүгінудің артуы қоғамда 

заңдардың жұмыс істейтіндігіне деген сенімнің 

қалыптасып, әрбір адамның өз мүддесін заңдық 

негізде қорғауға мүмкіндігінің кеңейе түс кен дігін 

көрсетеді. Соттардың тиімді жұмыс істей бас-

тағандығын дәлелдейтін тағы бір дерекке жүгі-

нейін. 2015 жылы Қазақстан Жаһандық бәсе кеге 

қабілеттілік рейтингісіндегі «Соттардың тәуел сіз-

дігі» индексі бойынша 14-орынға көтерілді. Бүкіл-

әлемдік банктің «Келісімшарттардың орындалуын 

қамтамасыз ету» индексі бойынша 2015 жылы 

отандық соттардың жұмысы 5 позицияға көтеріліп, 

Қазақстан 189 мемлекеттің арасынан 9-орынға 

көтерілген. БҰҰ ДБ сарапшы ларының 2015 жылы 

азаматтар арасында жүргізген тәуелсіз сауалнама-

сы ның нәтижесінде респон денттердің 71,4 пайызы 

қазақстандық судьялардың жұмысына қанағаттана-

тындығын білдірген. Биыл сот процестеріне қаты-

су шылардың арасында online-сауалнама жүргіздік, 

оның қорытындысы бойынша респондент тердің 

74,4 пайызы соттар жұмысының сапасына қанағат-

та натындығын жеткізді. Өзіңіз байқағандай, 

азамат тардың  сот  жұмысының  сапасына 

қанағаттанатын дығы мен қолжетімділігі тәуелсіз 

зерттеулер мен сұрау салуға қатысқан әр түрлі 

санаттағы  респон денттердің  жауаптарымен 

дәлелденіп отыр. 



– Қайрат Әбдіразақұлы, газетіміздің осы 

нөмірі жарыққа шыққан күні республика 

судьяларының VІІ съезіне қатысатын делегат-

тар Астанада бас қосады. Съезд делегаттары мен 

меймандарына  қандай  тілек  тілер  едіңіз? 

Алдағы форумнан не күтесіз? 

– Съезд – атқарылған жұмысты бір судьяның 

немесе заңгерлердің шағын тобының көзқарасымен 

емес, зияткерлік және кәсіби қуатқа ие судьялар 

корпусының  қатысуымен  қорытындылайтын 

алқалы жиын. Съезд соттар жұмысындағы, соның 

ішінде заңнамалардағы өзекті мәселелерді талдап, 

оларды шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан да, 

съезді корпоративтік демократияның жарқын үлгісі 

деуге болады. Судьялар съезін өткізу тәжірибесі 

әлемнің көптеген елдерінде қалыптасқанын атап 

өткен жөн. 

Осы мүмкіндікті пайдаланып отырып, судьялар 

съезіне қатысушыларға «Съезге қош келдіңіздер!» 

дей отырып, форумның нәтижелі өтуіне тілектестік 

білдіремін. 

Астанадағы Тәуелсіздік сарайына еліміздің 

түкпір-түкпірінен осы съезге 600 делегат қатысады 

деп күтілуде. Бұл форумда судьялардың VІ съезі 

мен Ұлт Жоспарында белгіленген тапсырмалардың 

орындалу қорытындысы шығарылады. Соттар 

жұмысын жетілдірудің маңызды мәселелері бойын-

ша Мемлекет басшысының ұстанымын тыңдау 

қашанда қызықты болып табылады. Сондықтан, 

съезд жұмысы маңызды шешімдер қабылдауға 

мүмкіндік береді деп сенемін.



– Әңгімеңізге рақмет.

Пікірлескен Елеусіз МҰРАТ,

 «Заң газеті»

соттағы тағы лымдамадан және 

полиграфтық зерттеуден өтеді. 

Кадрларды қатаң іріктеуден 

өткізудің тиім ді лігін мына дерек-

тен  көруге  болады:  ағымдағы 

жылғы нау рыз айындағы іріктеуде 

судьялыққа үміткер лер дің әрбір 

төртіншісі  іріктеудің  қатаң 

тәртібінен өте алмай қалды. Осын-

дай жоғары талаптарды ескере 

отырып жергілікті соттарға 120 су-

дья тағайындалды. Бір жылдық 

тө лемақысы бар тағылымдама ен-

гізілді.

Қызметтегі судьяларға қойыла-

тын талап та ана ғұрлым күшейтілді. 

2016 жылы 1220 судья бағалаудың 

жаңа рәсі мінен өтеді. Бүгінгі күнге 

дейін баға лаудан 978 судья өтті, 

43-і бір жылдан кейін қайта тексе-

руден өте ді, үш судья басқа қызмет-

ке  ауыстырылды.  Бірін  ші  рет 

бағалаудан өте алмай қалған судья-

ларға талапты күшейту мәселесі 

қазір талқы лану үстінде. Жалпы 

алғанда, Жоғарғы Сот кадр лық 

жұмысқа енгі зілетін жағымды 

үрдістерді күшейтуді көздеп отыр. 

Жоғарғы Соттың жанынан Сот 



4

№130 (2908)

21 қараша 2016

zangazet@mail.ru

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ VII СЪЕЗI

СЪЕЗДЕН СЪЕЗГЕ  ДЕЙІН

1996

1999

2001

Қазақстан Республикасы судьяла рының тұңғыш 

съезі 1996 жылы 19 желтоқ санда Алматы қаласында өтті. 

Оған Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев қатысып, 

Қазақстан соттарының алдында тұрған мақсат-мін дет тер-

ді айқындап берді. Сол кездегі Қазақстан Рес публикасы 

Жоғарғы Сотының Төрағасы М.Нәрікбаев пен Әділет ми-

нистрі К.Колпаков баяндама жасады. Тұңғыш съезде Қазақстан 

Республикасының Судьялар одағы және оның атқарушы органдары 

– Орталық кеңес пен Тексеру комиссиясы құрылып, олардың 

құрамын сайлау, Судьялар әдебінің кодексін қабылдау туралы 

қаулы қабылданды. Мақсұт Нәрікбаев Судьялар одағының және 

Орталық кеңестің төрағасы болып бекітілді. Сонымен қатар, 

съезде сот приставы институтын құру, сот құзыретін кеңейту, 

судьялардың жалақысын көтеру, судьяларды баспанамен 

қамтамасыз ету, соттарды қаржыландыру, тәуелсіз сот 

төрелігін қамта масыз ету мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасы судьяларының II съезі 

1999 жылы 25 қаңтарда Алматы қаласында өтіп, онда 

Қазақстан Республикасы судьялардың I съезінде 

қабылданған Жарғысына өзгерістер мен 

толықтырулар енгізілді. Бұдан бөлек, Қазақстан Рес-

публикасы Судьялар одағының басшы органдарын 

сайлау мәселелері II съездің күн тәртібіне 

қойылып, судьяларды тағайындау жариялы 

түрде болуы керектігі мен судьялыққа 

үміткерлердің тізімі бұқаралық ақпарат 

құралдарында жариялануы тиістігі көтерілді. Со-

нымен қатар, съезд барысында «Қазақстан 

Республикасының сот жүйесі және судьялар мәртебесі 

туралы» заңына өзгерістер енгізіліп, судьяларды кезең-

кезеңмен аттестациялаудың қажеттілігі жоқтығы туралы 

мәселе шешімін тапты.



Қазақстан Республикасы судьяларының 

III съезі 2001 жылы 6 маусымда Астана 

қаласында өтті. Бұл съезде 1996 жылғы 19 

желтоқсанда қабылданған Судьялар 

әдебінің кодексін өзгерту туралы қаулы 

қабылданды. Съезге қатысқан Прези-

дент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

елдің сотқа деген сенімінің арта 

бастағанын ерекше атады. Мемлекет 

басшысы ел азаматтарының 

құқықтарын сотта қорғауға ұмтылуын 

саладағы реформаның айқын нәтижесі 

деп санады. Форум жұмысының қоры тын-

дысы бойынша делегаттар Қазақстан Респуб-

ликасы судьяларының III съезі  нің қарарың 

қабылдады.

Сот реформасы мемлекет пен халық



Қайрат МӘМИ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы:

Сәті түскен сұхбат

арттыруға мүмкіндік берді. Дауларды сотқа дейін 

және соттан тыс реттеу институтын қолдануды 

кеңейту үшін Қазақ стан халқы Ассамблеясымен 

бірлесіп медиация институтын дамыту туралы 

мемо рандумға қол қой дық. Мұндай меморан-

думдар барлық облыс әкімдіктерімен де жасалды. 

Бүгінгі күні әкімдіктер жанынан ашылған 827 ме-

диаторлар кабинеті та быс  ты жұмыс істеуде. 

Прокурордың  соттағы  аза мат тық-құқықтық 

дауларға қатысуын шек теу жөніндегі Ұлт Жоспа-

рында қарастырылған шаралар да жүзеге аса баста-

ды. Бүгінгі күні про курор  лардың қатысуымен 

қаралатын істер саны 2,4 есеге азайды.

«Жазалау» тәжірибесінің деңгейі айтарлықтай 

төмендеді. Қылмыстық істерді қарау өндірісінде 

сотқа дейінгі тек серуді жеделдету, келісім өндірісі, 

істі қысқар тыл ған негізде қарау секілді институттар 

тиімді жұ мыс істеуде. Соттарда бас бостандығынан 

айырумен байланысты емес жазаларды қолдану 

тәжірибесі тұрақтана бастады. Айыппұлдарды 

қолдану 9,4 есе   ге, қоғамдық жұмыстарға тарту 5,9 

есеге, түзеу жұмыстарына тарту 2,2 есеге кө бей ді. 

Соттарда қорғау мен айыптаудың теңгері мін 

қамтамасыз ету, сот бақылауын кеңейту жөніндегі 

шаралар да өзінің оң нәтижесін көрсетуде. Бұл-

тартпау шарасын белгілеуге қатысты жаңа төрт 

тергеу әрекетінің тергеу судьясының құзыретіне 

берілуі азаматтардың конституциялық құқықтарын 

бұзу жағдайларын азайтуға мүмкіндік беріп отыр. 

Тергеу судьялары қа райтын материалдардың саны 

2,9 есеге артты. Ағымдағы жылдың 10 айында 

ақталған тұлғалар саны 66,4 пайызға артты. Жалпы, 

соң ғы үш жылда түрмедегілер саны үш есеге азай-

ды. Өйткені, соттар бас бостан дығын шектеу, айып-

қалай десек те, еліміздің жаңа тарихындағы соттар-

ды дамытудағы ерекше кезең болып қала бермек.

Бүгінгі таңда біз судьялармен ағымдағы ахуал-

ды талқылап, жеткен жетістіктерімізді саралап, сот 

жүйесін одан әрі дамыту бойынша алдағы басым 

бағыттарымызды анықтауымыз керек. Съезд – осы 

мақсатқа алып келетін бірден-бір пікір алаңы. Бұл 

жерде әрбір судьяның еркін сөйлеп, ой-пікірін 

ашық білдіруіне мүмкіндігі бар. Бұдан тыс, бұл 

съездің тағы бір ерекшелігі – оның жұмысына бей-

небайланыс арқылы аймақтардағы барлық судья-

лар қатыса алады. Оларға да күн тәртібіндегі 

мәселеге орай пікірі мен көзқарасын білдіруге 

техникалық мүмкіндік берілмек.



– Судьялардың VІ съезінен кейінгі Ұлт 

Жоспарын жүзеге асырудың қорытындысы 

бойынша сот жүйесі қол жеткізген жетістіктер 

жөнінде толығырақ айтып берсеңіз.

– Жүргізілген реформалар отандық сот жүйесін 

неғұрлым жаңғырта түскенін айта кеткім келеді. 

Соңғы үш жыл ішінде түбегейлі қайта құруларды 

бастан өткерген отандық сот жүйесі сот ісін 

жүргізу ісін барынша оңтайландыра отырып, сот 

төрелігінің сапалық тиімділігін арттырды. Сот са-

тыларын оңтайландыру сот төре лі гінің қолжетім-

ділігіне жол ашып, түбегейлі шешім қабылдау 

мерзімін айтарлықтай қысқар туға ықпал етті. 

Облыстық соттардағы кассациялық саты ларды 

қысқарту апел ля циялық соттарды 104 штаттық 

Ұлттық сот жүйесін дамыту жолындағы қы ру ар 

жұмыстардың Мемлекет басшысының қол дау 

көрсетуі арқасында жүзеге асырылғанын айта кет-

кен ләзім. Нұрсұлтан Әбішұлы еліміз азат тық алған 

тұстан бастап сот жүйесінің тәуел сіздігі мен оны 

нығайтуға бағытталған жұмыс тар ды қолдады. 

Мұның барлығы Елбасының қабылдаған шешім-

дері мен сот жұмысы туралы сөйлеген сөздерінде 

айтылды. Тәуелсіздіктің алғашқы үш жылында 

жаңа сот жүйесінің іргетасы қаланып, әділ сот 

жүйесінің материалдық-техникалық мә се лелері 

реттелді. Соттар мен судьялардың мәрте бесі 

нығайтылып, сот құры лымы мен сот өндірісін 

жүргізу тәртібі түбегейлі өзгеріске ұшырады.

Соттар қызметінің негізгі нормалары 1995 

жылғы реформа арқылы қаланды. Прези дент тің 

«Қазақстан  Республикасының  соттары  мен 

судьяларының мәртебесі туралы» жар лығы шықты. 

Жоғарғы Сот пен облыстық соттар таратылған 

арбитраждық соттардың шаруа шылық істері 

жөніндегі алқасын қосу арқылы қайта құрылды. 

Мұның өзі елімізде біртұтас сот билігін құруға 

мүмкіндік берді. Оның дұрыс шешім екендігін 

өмірдің өзі дәлелдеді. Еліміздің сот жүйесіндегі оң 

істерден үлгі алған ТМД елдері де кейін осы ізбен 

даму жолына түсті.

Жоғары Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы 

құрылды. Сот қызметін қамтамасыз ету жүйесі ре-

формаланды.

Сот жүйесін одан әрі жетілдіру бағытында сот-

тарды мамандандыруға басымдық берілді. Еліміздің 

барлық өңірлерінде мамандандырылған экономи-

калық соттар мен әкімшілік соттар, қылмыстық 

істер бойынша мамандандырылған ауданаралық 

соттар, сондай-ақ, кәмелетке толма ғандардың істері 

жөніндегі мамандандырылған соттар құрылды. 

Соның арқасында қаралатын істердің сапасы едәуір 

жақсарып, сот төрелігінің қолжетімділігі мен 

әділдігі артты. 

Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді 

қарайтын қазақстандық сот ісін жүргізу моделі 

қаралды. 2007 жылдан бастап соттарға қамауға алу 

құзыретінің берілуі азаматтары мыздың бостандық-

тары мен конституциялық құқығын қорғауға беріл-

ген кепілдікті одан әрі нығайта түсуге ықпалын 

тигізді.


2000 жылдан бастап Қазақстан ТМД мем ле-

кеттерінің ішінде алғашқы болып сот ісін жүргі зуге 

ақпараттық технологияларды енгізді. 

Осы атқарылған шаралар сот төрелігін жүзе ге 

асыру бойынша тұрақты әрі тиімді жұмысты 

қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде 

тәуелсіздік жылдары қоғамда заңдарымыз жұмыс 

істеп, әрбір адамның құқықтық негізде өз мүдде сін 

қорғауға деген сенімі нығайды. Азаматтардың 

соттарға жүгіну көрсеткішінің жыл сайын артып 

отырғандығы осыған айқын дәлел. Егер 1992 жылы 

соттар 270 мыңға жуық істі қараса, 2015 жылы бұл 

көрсеткіш 4 есе артып, 1,1 мил лион нан асты. 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 0.76 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет