«Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы


[gl] № 7 тақырып Келіссөздер жүргізудің кейбір ұлттық ерекшеліктері [:]



жүктеу 1.16 Mb.
Pdf просмотр
бет8/9
Дата04.05.2017
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

[gl] № 7 тақырып Келіссөздер жүргізудің кейбір ұлттық ерекшеліктері [:] 

Мақсаты: 

 



Келіссөздер жүргізудің кейбір ұлттық ерекшеліктерін қарастырып, талдау; 

Дәріс құрылымы: 

1. 


Келіссөздер жүргізудің кейбір ұлттық ерекшеліктері 

Дәріс мазмұны: 

1. 


Келіссөздер жүргізудің кейбір ұлттық ерекшеліктері 

Халықаралық  келіссөздер  ең  алдымен  ортақ  келісімдерге  қол  жеткізудегі 

дипломатияның  ерекше  формасы  саналады.  Егер  бұл  екі  жақты  келісөздер  сипатында 

өтсе,  онда  оған  конференциялық  сипат  берудің  қажеті  жоқ.  Жалпы  алғанда,  көпжақты 

келіссөздер  ресми  конференция  деңгейінде  өткізіледі.  Мемлекетаралық  қатынастардың 

және  олардың  арасындағы  мәселелердің  жаһандық  сипат  алуымен  халықаралық  және 

дипломатиялық  конференцияларды өткізу дәстүрге айналды. 

Конференцияның  процедурасы  мен  практикасы,  оны  басқару,  ұйымдастыру  мен 

дипломатиясы  мәселелерін  жан-жақты  зерттеуге  Джон  Кауфманның  «Конференция 

дипломатиясы»  еңбегі  арналған.  Конференцияларды  өткізудің  практикасы  мен 

процедурасы ең алдымен мүмкіндігінше оң нәтижеге қол жеткізуге және конференцияның 

барлық қатысушыларының мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған жалпы қабылданған 

ережелерге  қатысты.Ал  конференцияның  дипломатиясы  өз  еліне  неғұрлым  көп  пайда 

алып  келуге    ұмтылып  отырған  нақты  делегаттың  білімі  мен  тәжірибесіне  көңіл  бөледі. 

Конференция  сәтті  аяқталуы  үшін  оның  төрағасынан  немесе  президентінен  жоғарғы 

дипломатиялық тәжірибе мен қабілеттілік талап етіледі. Ол конференцияның проктикасы 

мен процедурасын, сонымен қатар оны басқару өнерін жақсы білуі тиіс. 

Халықаралық конференцияларды төмендегі қағидалар бойынша жіктеуге болды: 

1. Екіжақты немесе көпжақты;  

2. 


Бір немесе бірнеше мәселеге арналған; 

3. Арнайы (ad hoc) немесе әдеттегі; 

4. Тұрақты хатшылығы бар немесе онсыз. 

Мақсаттарына  сәйкес  халықаралық  конференцияларды  төмендегідей  жіктеуге 

болады:  

1) бір немесе бірнеше мәселелерді ортақ талқылау мақсатындағы форум; 

ТБН 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТБ МСЖ. Екінші басылым 

 

55 



 

 

2)  үкіметтерге  немесе  халықаралық  ұйымдарға  міндетті  емес  ұсыныстарды 



дайындау; 

3) үкіметтер үшін міндетті шешімді шығару

4)  үкіметаралық  ұйымның  хатшылығының  қызметін  анықтайтын  шешім  шығару 

немесе нұсқауларды дайындау; 

5)  келісімдерді  және  өзге  де  ресми  халықаралық  құжаттарды  талқылау  және 

дайындау; 

6)  халықаралық  деңгейде  ақпарат  алмасуды  қамтамасыз  ету,  мәселен,  БҰҰ-ның 

атомды бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі Конференциясы; 

7)  халықаралық  бағдарламаларға  ерікті  түрде  қаржы  құюға  қол  жеткізу,  мәселен, 

БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі комиссияға, Азық-түлікпен қамтамасыз етудің бүкіл 

әлемдік бағдарламасы және т.б. 

Конференцияларды өткізудің практикасы мен процедурасы 

Кез келген ресми конференция бірқатар жазбаша ережелер негізінде жұмыс істеуі 

тиіс. Олар қатысушылардың қызметін бағыттап, анықтайды, сонымен қатар, конференция 

төрағасы қандай да бір мәселеге байланысты күмән немесе келіспеушілік туындай қалса 

олардың  көмегіне  жүгінеді.  Мұндай  жазбаша  ережелер  бұдан  бұрынғы  сессияларда 

қабылдануы тиіс және кейінгі өтетін сессиялаарда оларды басшылыққа алуы қажет немесе 

жазбаша ереженің жаңа жобасы жаңа конференцияның қарауына және бекітілуіне берілуі 

қажет.  Мұндай  жағдайда  ереже  жоба  түрінде  алдын  ала  таратылады.  Онда 

конференцияның өтетін уақыты және жері көрсетіледі. 

Күн тәртібі 

Конференцияның  күн  тәртібіне  әдетте  қаралстырылу  ретіне  қарай  талқыланатын 

мәселелер енгізіледі. Жоба немесе алдын ала белгіленген күн тәртібі негізінен комиссия 

мүшелерінің немесе конференция хатшылығының тарапынан дайындалады. Қатысушылар 

талқылануға  ұсынылған  мәселелермен  толық  танысуы  үшін  күн  тәртібі  мәселелері 

конференция  басталғанға  дейін  таратылуы  қажет.  Осылайша,  күн  тәртібіне  енгізілетін 

мәселелер  алдын  ала  конференция  хатшылығына  немесе  комиссия  мүшелеріне 

бағытталуы  тиіс.  Өз  кезегінде  олар  күн  тәртібіндегі  мәселелерді  өңдеп,  қатысушыларды 

хабардар етуге үлгеруі тиіс. Кейбір конференциялардың аясында (мәселен, БҰҰ-ның Бас 

ассамблеясы)  күн  тәртібіндегі  жекелей  пункттерді  түсіндіретін  түсіндіру  меморандумы 

мідетті түрде таратылады. 

Делегациялар құрамы 

Делегацияның  құрамын  анықтау  барысында  процедуралардың  ережелері 

басшылыққа алынады. БҰҰ өкілдерді (бестен аспайтын) немесе балама өкілдерді (бестен 

аспайтын) және осындай құрамдағы қажетті кеңесшілер мен эксперттерді мойындайды.  



Сенім грамоталары  

Сенім  грамотасы  –  бұл  қандай  да  бір  тұлғаның  конференцияға  қатысуға  өкілетті 

екендігін  куәләндыратын  құжат.  Ережеге  сәйкес  арнайы  комиссия  грамотаның 

шынайылығы  мен  түпнұсқалығын  тексеріп,  оның  нәтижесін  пленарлы  мәжілісте 

баяндайды.  Сенім  грамоталары  тиісті  мемлекеттік  органдар  тарапынан  беріледі  және 

конференцияларды өткізу процедурасының ережелеріне сәйкес келуі қажет. Толыққанды 

өкілеттілік нақты жағдайларда талап етіледі. Мәселен, қандай да бір келісімнің мәтініне 

қол қою кезінде. 



Бақылаушылар 

Бақылаушыларды  конференцияға  жіберу  және  олардың  статусы  ең  алдымен 

конференция процедурасының ережесіне тәуелді. Алайда, Қандай жағдай болмасын олар 

дауыс  беру  құқығын  иеленбейді.  Дегенмен,  БҰҰ  Бас  ассамблеясында  бақылаушылар 

мәселені талқылауға қатыстырылуы мүмкін, ал Қауіпсіздік кеңесінде әдеттегі процедура 

басшылыққа алынады. 



Ресми және жұмыс тілдері  

ТБН 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТБ МСЖ. Екінші басылым 

 

56 


 

 

Ресми  тілдер  деп  мәтіндер  мен  резолюциялар  жарияланатын,  пікір-таластар 



ұйымдастырылатын тілдерді айтады. Жұмыс тілдері пікір-таластарда және конфренцияға 

қатысушылардың тілінен немесе тіліне аударған кезде қолданылады.  



Жариялылық және ашықтылық  

Конференциялар негізгі үш категориядан тұрады: 

1. Қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін толық ашық; 

2.  Толық  жабық.  Қоғам  мен  бұқаралық  ақпарат  құралдары  тиісті  ақпаратты 

конференция қатысушалары қабылдаған коммюнике арқылы ғана біле алады. 

3.  Қатысушыларының  саны  шектеулі  конференциялар.  Қоғам  мен  журналистер 

болып  жатқан  жағдайлар  туралы  ақпаратты  қатысушылардан,  яғни  олардың  өткізген 

баспасөз-конференцияларынан, телеинтервьюлерінен  немесе өзге де жолдармен алады. 



Хаттамалық жазбалар  

Кез  келген  конференцияға  қойылатын  негізгі  талаптардың  бірі  –  шешімдердің 

қабылдануы немесе қабылданбауы деген мәселеге қатысты толық ашықтылықтың болуы. 

Осы мақсатта конференцияны өткізу мен қол жеткізілген келісімдер бойынша хаттамалық 

жазбалары  түпнұсқасында  сақталынады.  Ал  конференцияға  қатысушылар  олардың 

дұрыстығын растауы қажет. Бұл жазбалар негізгі үш категорияға бөлінеді: 

1. Стенографиялық есеп (қолдан немесе аудижазбаға жазылған); 

2.  Арнайы  баяндамашының  бақылауымен  әдетте  хатшылық  дайындайтын 

қорытынды есеп; 

3. келісімдер мен резолюциялар мәтіні. 

Жалпы  қабылданған  ережеге  сәйкес  конференцияға  қатысушылар  қабылданған 

құжаттың мазмұндық жағын жетілдіру үшін оған шағын ғана өзгерістер енгізуге құқылы. 



Қатысушылардың құқығы 

Қатысушылардың  құқығы  мен  олардың  іс-қимылының  шектеулі  сипаты  әдетте 

процедуралық  ережеде  алдын-ала  белгіленеді.  Егер  конференция  төрағасы 

қанағаттанарлық  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  және  конференцияның  дұрыс  жұмыс  істеуі 

үшін  қажет  деп  тапса,  онда  оған  өзгерістер  енгізе  алады.  Әдетте  бұл  ережеге  мыналар 

кіреді: 


1. Әр мәселе талқыланған кезде бір мәрте сөз сөйлеу құқығы; 

2. Қарсылық білдіру құқығы (егер қатысушылардың бірінің сөйлеген сөзі мен пікірі 

орынсыз немесе намысқа тию деп бағаланса); 

3.  Процедуралық  ұсыныс  жасау  құқығы  (бұл  мәжіліс  өткізудің  әдісі  ретінде 

қарастырылады және конференция төрағасы оны міндетті түрде дауысқа салуы қажет); 

4. Қандай да бір қатысушының сөйлеген сөзі мен пікіріне жауап беру құқығы. 



Ұсыныстар жасау және шешім қабылдау 

Конференцияда  шешім  әдетте  қатысушылардың  бірінің  немесе  бірнешеуінің 

қарауына  берілген  жазбаша  ұсыныстар  арқылы  қабылданады.  Ұсыныстар  резолюция 

жобасы  ретінде  қарастырылады.  БҰҰ-да  ол  негізінен  преамбула  және  жұмыс  бөлігі 

формасына ие болады. Жалпы қабылданған ереже бойынша жалпы қарау мен талқылауға 

түсіндіру меморандумы берілуі қажет. 

Резолюция  жобасына  енгізілетін  өзгертулер  мен  шағын  өзгертулер  (олар  кейін 

қайтарылуы  да  мүмкін)  дауыс  беруге  дейін  берілуі  мүмкін.  Дауыс  беруге  ең  алдымен 

шағын өзгертулер, содан кейін ғана өзгертулер берілуі қажет. Өзгертулер құжаттың негізгі 

мазмұнына қайшы келмеуі тиіс. Олардың негізінде құжат жобасының белгілі бір бөлігін 

толықтыруға, алып тастауға немесе қайта қарауға болады. Осы мәселеге қатысты шешім 

қабылдаудың  себептерін  қатысушылардың  бірі  оған  дауыс  беру  кезеңінде  ауызша 

түсіндіре алады.  

Дауыс берудегі кворум және басымдылықты талап ету 

Дауыс  беру  әдетте  қатысушылардың  басым  бөлігінің  дауыс  беруі  (яғни 

қатысушылардың  жартысынан  көбі)  негізінде  жүргізіледі.  Кейбір  жағдайларда  (әсіресе, 

маңызды мәселелерді талқылау барысында) процедура ережесіне сәйкес қатысушылардың 

ТБН 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТБ МСЖ. Екінші басылым 

 

57 



 

 

үштен  екісінің  дауысы  қажет  немесе  шешім  басым  көпшілікке  ие  болу  арқылы 



қабылданады.  

Конференцияларда әр мемлекет әдетте бір дауысты иеленеді. Алайда Халықаралық 

еңбек ұйымы, Халықаралық валюта қоры секілді ұйымдарда (олардың процедураларының 

ережелері  бойынша)  қандай  да  бір  елдің  ұйымның  жарғылық  капиталына  қатысу 

деңгейіне  немесе  қаржылай  жарна  құюының  ауқымына  негізделген  дауыс  беру  ережесі 

қабылданған.  

Процедура ережесі аясында екі түрлі кворум қабылданған: 

1.  Қатысулары  дауыс  беруге  қажетті  мүшелердің  немесе  қатысушылардың  ең 

төменгі (минималды) саны; 

2. Келіссөздерді бастауға қажетті мүшелердің немесе қатысушылардың ең төменгі 

(минималды) саны; 

БҰҰ-ның  Қауіпсіздік  кеңесінде  дауыс  беру  қатысушылардың  екі  категориясы 

бойынша  жүзеге  асырылады:  тұрақты  және  тұрақты  емес  мүшелер.  Әр  мемлекет  бір 

дауыстан  иеленетін  Бас  Ассамблеяда  егер  қандай  да  бір  мәселеге  байланысты  дауыс 

теңдей  екіге  дауыстар  екіге  айырылса,  онда  дауыс  беру  48  сағат  ішінде  өтуі  тиіс  келесі 

мәжіліске ауыстырылады, ал егер дауыс беру тағыда алдындағыдай қайталанатын болса, 

онда  шешім  қабылданбайды.  Дегенмен,  бұл  процедура  лауазымды  тұлғаларды  сайлауда 

қолданылмайды.  

Дауыстарды санау мынадай әдістер арқылы жүзеге асырылады: 

1. Қол көтеру арқылы

2. Тізім арқылы; 

3. Орнынан тұру немесе түймені басу арқылы; 

4. Құпия дауыс беру немесе пошта арқылы дауыс беру негізінде. 

Консенсус арқылы ұсыныстарды айқындау 

Консенсус  –  латыншадан  «consensus»  –  келісім,  бірауыздан  қолдау  деген  мағына 

береді.  Ол  ең  алдымен  дауыс  бермей-ақ,  түрлі  позицияларды  өзара  табыстыру  немесе 

келістіру арқылы шешім қабылдау процудрасын білдіреді. Қабылданған ережеге сәйкес әр 

жекелей ұсынысқа байланысты дауыс берудің қажеті жоқ (мәселен, конференцияны түскі 

асқа  байланысты  уақытша  үзуге  байланысты).  Барлық  қатысушылардың  ашығуына 

байланысты  төраға  үзіліс  жасау  туралы  ұсыныс  жасайды.  Бұл  шешім  резолюцияны 

қабылдамай-ақ  дауыстардың  консенсусына  негізделеді.  Ол  төрағаның  резолюцияны 

қабылдауға  уақытты  бөлудің  қажеті  жоқ  деген  ұсынысына  негізделіп,  көбіне 

процедуралық шешімдерге қатысты қолданылады.  

Дауыстардың  консенсусы  жағдайында  резолюция  қабылдау  негізінен  ресми 

шешімдер  категориясына  жатқызылады.  Ол  ағымдағы  және  қайшылықты  емес 

мәселелерді,  сонымен  қатар  қатысушылардың  азғантай  бөлігі  қарсы  болған  сұрақтарды 

(бірақ  ашық  дауыс  беруге  келгенде  оз  позицияларын  жарияламауды  жөн  көреді) 

қарастыру барысында қолданылады. Консенсус термині «бір ауыздан қолдау» түсінігінің 

синонимі  ретінде  түрлі  үкіметаралық  ұйымдарда  кеңінен  қолданылуда.  Оған  сәйкес 

барлық  делегаттар  ұсынысты  толық  бекіткенге  дейін  өз  көзқарастарын  білдіре  алғады 

және олар резолюция жобасын толық қолдамауы да ықтимал. Алайда барлық делегаттар 

оның дұрыстығына күмән келтірмеуді жөн көреді.  

Шағын комитеттер және жұмысшы топтар 

Мәселелердің  түрлі  аспектілерін  қарастырып,  содан  кейін  барлық  есептерді  бір 

пленарлы  мәжілісте  талқылау  үшін  конференциялар  шағын  комитеттер  мен  жұмысшы 

топтарына бөлінуі мүмкін. Шағын комитеттер және жұмысшы топтар арнайы мәселелер 

бойынша  ұсыныстар  жасаудың  нәтижелі  құралы  бола  алады.  Егер  конференциялар 

айтарлықтай ұзақ уақытта жиналатын болса, онда олар сессиялар арасында жұмыстарды 

үздіксіз жүргізудің құралы ретінде қарастырылады.  

Лауазымды тұлғаларды сайлау 

ТБН 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТБ МСЖ. Екінші басылым 

 

58 


 

 

Президент,  вице-президенттер  және  тиісті  жағдайларда  арнайы  баяндамашы  өз 



қызметіне сайлау арқылы (көптеген конференцияларда қабылданған жалпы норма) немесе 

ротациялық  принципке  сәйкес  (мәселен,  Қауіпсіздік  кеңесінің  төрағасының  ауысуына 

байланысты)  кіріседі.  Ad hoc  конференцияларда  конференцияны  өткізуші  елдің  өкілі 

әдетте уақытша төраға міндетін атқарады.  



Мәжіліс, хаттама, ағалық рет 

Екіжақты  конференцияларда  негізінен  әдеттегі  дипломатиялық  хаттама  жүргізілді. 

Көпжақты  конференцияларда  ағалық  рет  елдердің  алфавиттік  тәртібіне  (не  ағылшын 

немесе  француз  тілдері  негізінде)  сәйкес  жүзеге  асырылады.  БҰҰ-ның  Бас 

Ассамблеясында  ағалық  рет  алфавиттік  тәртіп  бойынша  бір  сессиядан  екіншісіне  өткен 

уақытта өзгеріп отырады. [kgl] 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ТБН 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТБ МСЖ. Екінші басылым 

 

59 


 

 

БЕКІТІЛДІ 



«Аймақтану және халықаралық қатынастар» 

кафедрасының отырысында 

«

Тұран» Университеті» мекемесі 



Хаттама № ____ «___»_____ 2012 ж. 

Кафедра меңгерушісі



 

___________________

Камалов А.К

.

 



 

 

«Халықаралық келіссөздер»  

пәнін оқу бойынша әдістемелік нұсқау 

(

оқу-әдістемелік кешенмен жұмыс істеу бойынша) 

 

Негізгі оқу залы және оқу-әдістемелік кешеннің бағыталуы 

 

 

«Халықаралық  келіссөздер»  оқу-әдістемелік жүйесі «Халықаралық қатынастар» 

мамандығының  студенттеріне  арнайы  курс  ретінде  дайындалған    және  аталған  мәселе 

бойынша    қазіргі  заманғы  зерттеулер  беріледі.  Курстың  мақсатталған  аудиториясы  - 

«

Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері. 



Бірінші  кезекте,  курс  берілгін  пәнді  оқытушының  басқаруымен  меңгеруге 

негізделген  (күндізгі  бөлім),  сонымен  қатар,  аталған  пәнді  өздігінен  үйрену  барысында 

қосымша, оқу әдістемелік және тексерілетін ақпарат ретінде қолданылуы мүмкін.  

 

Оқу- әдістемелік кешеннің  құрылымы, мазмұны және білім деңгейі. 



 

Кешеннің  негізі оның мақсаты мен тапсырмасына сәйкес құрастырылған дәріс мазмұны  

болып табылады (тақырып). Арнайы бөлімдерде  СӨЖ және СОӨЖ- на арналған сұрақтар 

берілген.  

           

Сонымен  қатар  оқу-әдістемелік  кешен  берілген  сұрақтар  мен  тест    тапсырмалары 

арқылы студентке өз білімін тексеруге мүмкіндік береді.  

          

Оқу-әдістемелік  кешеннің  ерекшелігі  рефераттар  жазу  және  тақырып  бойынша 

творчествалық тапсырмаларды орындау арқылы материалды тереңірік  меңгеруде болып 

табылады. 

  

Оқу-әдістемелік кешенмен  жұмыс істеу кезіндегі ұсынылатын жұмыс               



                                                               

реті. 

Оқу-әдістемелік кешенмен жұмыс істеуді оның құрылымы мен курстың бағдарламасымен 

танысудан  бастаған  жөн.  Бұл  студентке  қарастырылған  кешеннің  құрамына  кіретін 

барлық  ресурстарды  толықтай  қолдануды  үйенуіне,  оқу-әдістемелік  кешенмен  жұмыс 

істеу кезіндегі, материалдың қиындық деңгейін түсінуіне мүмкіндік береді. 

          

Тақырыппен  танысуды  мәтінді  толық  көлемде  оқудан  бастаған  жөн.  (тақырыптың 

мағынасын түсіну үшін зейінмен оқу). 

Тақырыптың  мазмұнымен  танысуды  аяқтағаннан  кейін  бақылау  жұмыстары  мен  тест 

сұрақтарын  қою  арқылы  дәрістің  негізгі  мазмұнымен  танысудағы  студенттердің  білім 

деңгейін анықтаған дұрыс. 

Әрине, берілген оқу-әдістемелік кешенмен жұмыс істеу кезіндегі жұмыс реті студенттің 

дайындығы мен жеке психологиясына байланысты  қысқартылуы мүмкін. 

 

 



 

 

 



ТБН 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТБ МСЖ. Екінші басылым 

 

60 



 

 

БЕКІТІЛДІ 



 

«Аймақтану және халықаралық қатынастар» 

кафедрасының отырысында 

«

Тұран» Университеті» мекемесі 



Хаттама № ____ «___»_____ 2012 ж. 

Кафедра меңгерушісі



 

___________________

Камалов А.К

.

 



 

«Халықаралық келіссөздер» 

ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА МАТЕРИАЛДАР 

СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар 

 

1.  Рефераттар.  Жоғарғы  оқу  орнында  реферат  жазу  теориялық  білімді  терең  меңгеріп, 

берілген тапсырманы жан-жақты талдап меңгеруге бағытталған. Реферат жазу – студентке 

ақпараттар ағымын еркін меңгеріп, керекті мағылұматтарды жинақтауға, материалдарды 

іріктеуге,  кәсіби  ойлауға,  ғылыми-  ізденушілік  жұмыстың  алғашқы  белгілерін 

қалыптастыруға  көмектеседі.  Реферат  студенттің  өзіндік  жұмысының  бір    түрі  ретінде 

қарастырылады. Реферат жазуға келесі талаптар қойылады: 

1. Жұмыс жақсы теориялық деңгейде жазылуы тиіс, оны дайындауға оқулықтар

оқу құралдары, баспасөз басылымдары, журналдар, газеттерді пайдаланылуға 

болады. 


2.  Жұмыс  өздігінше  жазылуы  тиіс,  тақырыпты  жан-жақты  ашу  нақтылығымен 

ерекшеленуі  тиіс.  Әдеби  алынған  материалдар  таңдалған  тақырыппен  органикалық 

байланыста болуы және ө сөздерімен жеткізілуі қажет. 

3. Қорытындыларды аргументтеу, ұсыныстар мен кеңестерді нақтылау. 

4. Жұмыс нақты, сауатты тілмен жазылуы және дұрыс рәсімделуі қажет (титулдық беті, 

беттердің  номерленуі  тиіс  және  жұмыстың  соңында  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі 

көрсетілуі тиіс). 

Реферат 10-15 компьютерлік текст көлемінде орындалып, төмендегі ретте 

орналастырылады: 

 



титул (сыртқы) беті; 

 



жоспар-мазмұны; 

 



рефератты мәтіндік баяндау (жоспарда көрсетілген бөлімдер ретімен); 

 



әдебиеттер тізімі; 

 



жұмыста  көрсетілген  көрнекіліктер,  таблица,  сызбалар  жұмыс  соңынақосымша 

ретіне жалғанады. 

Реферат  А4  форматындағы  ақ  қағаздың  бір  жағына  жазылады.  Жұмыстың  әр  бетінің 

жиектері: сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см, жоғарғы жағы – 2 см, төменгі жағы  2 см. Әрбір 

бөлім  немесе  тарау  жаңа  беттен  басталады.  Тақырып  пен  мәтін  арасында  бір  жол  таза 

қалдырылады.  Кестелер  немесе  график,  диаграммаларды  жұмыстың  соңына  қосымша 

ретінде  жалғанады  немесе  баяндау  барысында  сілтеуден  кейін  орналастырылады. 

Кестелерді бір беттен екінші бетке тасымалдауға, араларын бөлуге болмайды. Кесте, сурет 

немесе  көрнекілік  соңында  аты  сөзбен  көрсетілуі  тиіс.  Қорғау  ауызша  түрде.Реферат 

жазуға  қолданылған  барлық  материал  жұмыстың  мазмұнына  сәйкес  болуы  керек, 

тақырыпқа қатысы жоқ артық мәліметтер мен материалдарды жазу қажет емес. 

2. 


Терминдермен  және  ұғымдармен  жұмыс,  глоссарий.  Курсты  зерделеу  барысында 

кездесетін терминдер мен ұғымдарды әдебиеттерден іріктеп ала отырып, студент оларды 

дәптерге  жазып,  оқытушыға  тексеруге  береді  және  ауызша  жауап  беруге  дайын  болуы 

керек. Семестр бойынша осындай 2 тапсырма қарастырылған (тапсыру уақыты – 9-шы, 

12-

апталардың аралығында). 



3. Эссе жазу: эссе – белгілі бір мәселеге немесе тақырыпқа байланысты студенттің өз ойы, 

көзқарасы  бойынша  еркін  түрдегі  ойлары,  очерктік  пайымдаулары.  Эссе  тақырыбы  әр 

ТБН 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТБ МСЖ. Екінші басылым 

 

61 



 

 

студентке  бөлініп  беріледі  немесе  оқытушының  мақұлдауымен  2-аптада  студент  өзі 



таңдап  алады.  Эссе  жазуға  қойылатын  талаптар  көлемі  5-7  баспа  бет,  қажетіне  қарай 

әдебиет  тізімі  көрсетіледі.  Эссені  тексергенде  тақырыптың  толық  әрі  терең  талдануына, 

пайымдаулардың  нақтылығы,  жүйелілігі  мен  реттілігіне  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Әссе 

жазғанда  белгілі  фактілермен  тексті  ретсіз  ұлғайтып,  жекелеген  сұрақтарды  талғамсыз 

мазмұндай берудің қажеті шамалы. 

«

Қазақстан  Республикасының  сыртқы  саясаты»    пәні  бойынша  дәріс  мазмұны  оқу 



бағдарламасымен  белгіленіп,  оның  сәйкес  болуы  қадағаланса,  студенттердің  өзіндік 

жұмысының мазмұнын таңдауда біршама еркіндік болады. өзіндік жұмыстардың еріктілік 

сипаты  студенттердің  қызығушылығы,  қабілеті,  дербес  бейімділігі,  танымдық 

бастамашылығы  мен  дербестігі  бойынша  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.  Жалпы, 

студенттердің  өзіндік  жұмыстары  кредиттік  оқыту  жүйесіндегі  оқу  үрдісінің  басты  бір 

бөлігі  болып  саналады.  Кредиттік  оқыту  жүйесі  білім  алушы  мен  оқытушының  оқу 

жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім 

алушының  пәндерді  таңдауы  және  реттілікпен  оқуын  өз  бетінше  жоспарлауы  негізінде 

оқыту  болып  табылады.  Студенттің  оқытушының  басшылығымен  орындайтын  өзіндік 

жұмыстары  (СОӨЖ)  –  арнайы  белгіленген  уақытта  алдарына  қойылған  дидактикалық 

мақсатты  орындау  үшін  оқытушының  ұйымдастыруымен  жүретін  білімді  іздеуге  оны 

ұғыну  мен  бекіту,  біліктіліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыру  және  дамыту,  алған 

білімдерді  жинақтау  және  жүйелеуге  негізделген  студенттің  іс-әрекеті.  СОӨЖ  кезінде 

студентке  консультация  беріледі,  бақылау  және  орындалған  жұмыстарға  тексеру 

жүргізіледі.  Студентің  өзіндік  жұмысы  (СӨЖ)  –  оқытушының  тапсырмасымен  және 

әдістемелік  басшылығымен,  оның  тікелей  қатысуынсыз  орындалатын  студенттің 

жоспарланған  жұмысы.  СӨЖ  сабақтарының  мақсаты  –  студенттердің  кәсіби  қызметіне 

қажетті гуманитарлық ойлау және интелектуалды қабілеттерін жаңа оқу пәнін меңгеруде 

қажетті  жаңа  білімдермен  қаруландыру.  СӨЖ  арқылы  студенттер  жаңа  материалдарды 

логикалық,  өзара  байланысты  негізде  меңгеруге  дағдылануға  және  оқылған  материалға 

талдау  жасап  өз  ойын  сенімді  дәлелдей  білуге  үйренеді.  Студенттердің  өзіндік 

жұмыстарының  мазмұнын  пән  бойынша  берілген  тапсырмалардың  жекелеген  бөлімінің 

немесе  тақырыптарының  негізгі  мазмұны  құрайды.  Олар,  ең  алдымен,  дәріс  курсының 

материалдарын  қайталауға  және  пысықтап,  тиянақтауға,  сондай-ақ  ішінара  пәннің  дәріс 

курстарында қаралмайтын 

бөлімдері бойынша қосымша білім алуға арналады. Әдістемелік нұсқау: сұрақ-жауап әдісі 

бойынша оқу тобы шағын топтарға бөлініп, қарастырылатын мәселелер жөнінде өзіндік 

пікірлері мен көзқарастары тыңдалады, түп-деректермен жұмыстарына көңіл бөлінеді. 




жүктеу 1.16 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет