«Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы



жүктеу 1.16 Mb.
Pdf просмотр
бет5/9
Дата04.05.2017
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 

 

 

 

ТБН 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТБ МСЖ. Екінші басылым 

 

31 


 

 

[gl] № 2 тақырып Келіссөздер жүргізу ережелері және келіссөздерге дайындық [:] 



Мақсаты: 

 



Келіссөздер жүргізу ережелері және келіссөздерге дайындықтың мәнін ашып көрсету

Дәріс құрылымы: 

1. 


Келіссөздердің сипатты белгілері. 

2. 


Келіссөздер жүргізудің формалары мен типтері 

Дәріс мазмұны: 

1. 


Келіссөздердің сипатты белгілері. 

Халықаралық  келіссөздердің  адамдардың  арасындағы  әдеттегі  әрекеттесуден 

айырмашылығы неде? Бұл сауалға жауап беру үшін келіссөздердің негізгі ерекше сипатты 

белгілерін анықтау қажет. Сонымен келіссөздердің сипатты белгілері төмендегідей: 

1. 

Мәселенің болуы.  



Шынымен  проблеманың  болуы  кез  келген  келіссөздерді  жүргізуге  қажетті  басты 

себеп екені даусыз 

2. 

Тараптардың  мүдделерінің  ортақтығы  және  айырмашылығы  (қарама-



қайшылығы). 

Бұл  мәселе  келіссөздердің  ең маңызды  белгілерінің  бірі  саналады.  Егер  мүдделер 

ортақ болса, мемлекеттер арасында байланыстар бейтарап болуы мүмкін, ал қайшылықты 

болған жағдайда конфронтация орын алуы ықтимал. Келіссөздер жүргізу үшін негізінен 

аралас мүдделер болу қажет.  

3. Келіссөздерге қатысушылардың өзара тәуелділігі. 

Өзара  тәуелділік  келіссөздерге  қатысушыларға  өз  мүдделерін  жеке  дара  жүзеге 

асыруға  мүмкіндік  бермейді.  Мұндай  өзара  тәуелділік  деңгейі  неғұрлым  жоғары  болған 

сайын, келіссөздерді табысты аяқтауға деген мүмкіндік солғұрлым мол болады. 

4. Күрделі құрылым.  

Мұнда мәселе келіссөздер процесінің кезеңдері туралы болып отыр. Зерттеушілер 

келіссөздердің үш кезеңін көрсетеді: біріншісі, дайындық; екіншісі, өзара әрекеттесу, яғни 

келіссөздердің өзі; үшіншісі, имплементация (ағылшынша – жүзеге асыру; келіссөздердің 

нәтижелеріне талдау жасау және қол жеткізілген келісімдерді орындау). 

5. Тараптардың сұхбаты (диалогы). 

Кез  келген  келіссөз  қандай  да  бір  проблеманы  талқылауды  білдіреді.  Сондықтан, 

сұхбаттасу  келіссөздердің  ажырамас  элементі  болып  табылады.  Басқаша  айтқанда, 

тараптардың сұхбатынсыз келіссөздер ешқашан болмайды. 

6. Мәселені бірігіп шешу.  

Бұл келіссөздердің ең маңызды сипатты белгісі саналады. 

Осылайша,  келіссөздер  –  дегеніміз  ортақ  шешім  мен  мәмілеге  келу  мақсатында 

тараптардың  идеяларды,  ақпараттарды,  альтернативаларды  (баламаларды)  талқылау 

бағытындағы сұхбаты (диалогы). 

 

2. Келіссөздер жүргізудің формалары мен типтері 



Халықаралық  және  дипломатиялық  практикада  келіссөздер  жүргізудің  өзіндік 

формалары  мен  типтерінің  болатынын  көрсетеді.  Келіссөздердің  типтерін  анықтау  үшін 

ең  алдымен  оны  жікке  бөліп  қарастыру  қажет.  Келіссөздерді  жіктеуге  мынадай 

критерийлер негіз бола алады: 

тараптардың келіссөздерді жүргізуге деген қызығушылығы; 



келіссөздердегі өкілділік деңгейі; 

келіссөздерге қатысушылардың мұқтаждықтары; 



талқыланатын мәселелер; 

келіссөздерге қатысушылардың саны; 



келіссөздердің тұрақтылық деңгейі

келіссөздердің формасы. 



ТБН 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТБ МСЖ. Екінші басылым 

 

32 



 

 

Американ  ғалымы  Дж.  Дин  тараптардың  қызығушылық  деңгейіне  байланысты 



келіссөздердің үш типін көрсетеді: 

1.  Қатысушылардың  (немесе  олардың  бірінің)  оның  нәтижелі  болуына  аса 

қызығушылық танытпауы; 

2. Қатысушылардың орташа деңгейде қызығушылық танытатын келіссөздер; 

3.  Қатысушылардың  шынайы  нәтижеге  қол  жеткізуге  қызығушылық  танытатын 

келіссөздер. 

Өкілділік  деңгейіне  байланысты  келіссөздерді  саяси  және  дипломатиялық 

келіссөздер болып екіге бөлінеді. 

Саяси  келіссөздер  аса  жоғары  (саммиттер)  деңгейде  (мемлекет,  үкімет 

басшыларының  қатысуымен)  және  жоғары  деңгейде  (сыртқы  істер  министрлерінің 

қатысуымен) өтеді. Онда әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардың аса маңызды әрі 

төтенше  өзекті  мәселелері  қарастырылады.  Ережеге  сәйкес,  олардың  қатысушылары 

арнайы өкілеттілікті қажет етпейді және өз елдерінің ұлттық мүдделерін басшылыққа ала 

отырып  жеке  дара  шешім  қабылдауға  толық  құқылы.  Мәселен,  Қазақстан 

Республикасының  заңдары  бойынша  арнайы  өкілеттіксіз  келіссөздер  жүргізу  құқығы 

Президентке, премьер-министрге, сонымен қатар сыртқы істер министріне берілген.  

Дипломатиялық  келіссөздер  дипломатиялық  өкілдіктер  деңгейінде  өткізіледі. 

Олардың қатысушыларының нақты нұсқаулар негізінде іс-әрекет жасауы және жеке дара 

шешім қабылдай алмауы дипломатиялық келіссөздердің басты ерекшелігі саналады.  

Қатысушылардың  мұқтаждығына  байланысты  француз  ғалымы  Ж.-И.  Нирамбер 

келіссөздерді мынадай типтерге бөлуді ұсынды: 

1.  Қатысушының  қарама-қарсы  жақтың  мүддесін  қанағаттандыруға  ұмтылыс 

білдіруі; 

2. Қатысушының екінші тарапқа өз мұқтаждықтарын қанағаттандыруға мүмкіндік 

беруі; 

3. Өзінің де, қарама-қарсы жақтың да мүдделерін қанағаттандыруға тырысу. 



Талқыланатын  мәселелерге  байланысты  келіссөздерді  төмендегідей  етіп  жіктесек 

болады: 


экономикалық мәселелер бойынша келіссөздер

саяси мәселелер бойынша келіссөздер; 



әскери-қауіпсіздік мәселелер бойынша келіссөздер; 

экологиялық мәселелер бойынша келіссөздер; 



гуманитарлық мәселелер бойынша келіссөздер; 

мәдени мәселелер бойынша келіссөздер және тағы басқа. 



Қатысушылардың  деңгейіне  байланысты  келіссөздер  екі  жақты  (екі  мемлекеттің 

қатысуымен)  және  көп  жақты  (үш  және  саны  одан  да  көп  мемлекеттердің  қатысуымен, 

халықаралық ұйымдар аясында) болып бөлінеді. 

Тұрақтылық деңгейіне байланысты келіссөздер бір реттік (бір мәрте болатын) және 

тұрақты (үзіліспен тұрақты түрде өтетін) болып бөлінеді. 

Өткізу формасына байланысты келіссөздер былайша бөлінеді: 

конгресстер; 



саммиттер; 

конференциялар; 



кездесулер;  

сессиялар; 



форумдар; 

кеңестер және тағы басқа. 



Келіссөздерді функциялары.  

Кез  келген  келіссөздердің  басты  функциясы  –  даулы  мәселелерді бірге  талқылап, 

ортақ  пікірге  келу,  келісім-шарт  жасасу.  Келіссөздер  мемлекеттердің  сыртқы  саясаатын 

ТБН 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТБ МСЖ. Екінші басылым 

 

33 


 

 

жүзеге  асырудың  маңызды  құралы  болғандықтан  өзге  де  функцияларды  атқаратыны 



сөзсіз. Бірқатар зерттеушілер келіссөздердің мынадай функцияларын көрсетеді: 

ақпараттық-коммуникативтік; 



реттеушілік; 

үгіт-насихат; 



өзінің ішкі және сыртқы саяси міндеттерін шешу; 

халықаралық сахнада іс-әрекеттерді үйлестіру; 



бүркемелеу және тағы басқа.  

Ақпараттық  функция  –  қарама-қарсы  тараптың  қандай  да  бір  мәселеге  қатысты 

көзқарасын  айқындау,  өз  мүдделері  мен  мәселелері  туралы  ақпарат  беру. 

Коммуникативтік  функцияның  басты  міндеті  –  байланыстарды  ретке  келтіру,  пікірлер 

алмасу. 


Реттеушілік  функцияның  басты  міндеті  –  келіссөздерге  қатысушылардың  іс-

қимылдарын бақылау және ретке келтіру. 

Кейбір келіссөздерді қандай да бір мемлекет өзінің халықаралық сахнадағы беделін 

арттыру, аса жоғары саяси мәртебеге қол жеткізу мақсатында пайдалануы әбден мүмкін.  

Кей  кездерде  келіссөздер  арқылы  қандай  да  бір  тарап  өзінің  шынайы  позициясын 

жасыруға,  өзгелердің  назарын  екінші  деңгейдегі  мәселеге  аударту  мақсатында 

қолданылуы да ықтимал. [kgl] 

 

 



[gl] № 3 тақырып Келіссөздердің негізгі кезеңдері [:] 

Мақсаты: 

 



Келіссөздердің негізгі кезеңдерін қарастыру; 

Дәріс құрылымы: 

1. 


Келіссөздердің үш кезеңі.  

2. 


Келіссөздердің ұйымдастырушылық және теоретикалық кезеңдері. 

Дәріс мазмұны: 

1. Келіссөздердің үш кезеңі.  

Келіссөздер бір сәттік үрдіс емес, керісінше ол өте күрделі және ұзақ процес болып 

табылады.  Сондықтан  келіссөздер  бірнеше  кезеңдерден  тұрады.  Іс  жүзінде  барлық 

зерттеушілер келіссөздер процесін үш кезеңге бөліп қарастырады: 

1. бастапқы; 

2. пікір-талас

3. қорытынды. 

Келіссөздердің бірінші кезеңінің міндеті – тараптардың мүдделерін, көзқарастары 

мен  ұстанымдарын  зерттеу,  анықтау.  Бірінші  кезеңде  тараптар  мәселе  бойынша  өз 

позицияларын  түсіндіреді,  ұсыныстар  жасайды,  осы  ұсыныстар  бойынша  қажетті 

түсініктемелер  береді  және  екінші  жақтың  позициясы  бойынша  мәліметтерді  тыңдайды. 

Осы  кезеңде  келіссөздердің  ақпараттық-коммуникативтік  функциясы  толық  көлемде 

орындалады.  Тараптар  бір-бірінің  позициялары  мен  мүдделері  турасында  неғұрлым  көп 

мағлұматтар ала отырып, ортақ тіл табуға, ұстанымдарын ортақтастыруға тырысады.  

Екінші кезеңнің міндеті – күн тәртібіндегі мәселені талқылау және мүмкін болатын 

шешімдердің  нұсқаларын  анықтау,  негіздеу.  Яғни  пікір-таластар  жүргізу.  Түрлі 

тактикалық амалдарды қолдана отырып қатысушылар екінші жақты өзі ұсынып отырған 

нұсқаның  немесе  ұсыныстыңЯғни  пікір-таластар  жүргізу.  Түрлі  тактикалық  амалдарды 

қолдана  отырып  қатысушылар  екінші  жақты  өзі  ұсынып  отырған  нұсқаның  немесе 

ұсыныстың  анағұрлым  дұрыс  екеніне  көзін  жеткізуге  барынша  тырысады.  Кей  кездерде 

тараптар  мәселе  бойынша  ортақ  тіл  таба  алмаса,  келіссөздер  осы  кезеңде  аяқталып 

жатады.  Егер  тараптар  ортақ  тіл  табуға ерік-жігер  білдіріп,  ұстанымдарын  ортақтастыра 

алса, онда екінші кезеңнің соңында болашақ шешімнің жобасы анықталады. Өз кезегінде 

бұл үшінші, яғни ақтық кезеңге өтуге зор мүмкіндік береді.  

ТБН 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТБ МСЖ. Екінші басылым 

 

34 


 

 

Үшінші кезеңнің міндеті – позицияларын келістіру және қорытынды келісімдерді 



дайындап,  аяқтау.  Келісімнің  сұлбасы  анықталған  соң  келісім-шарттың  мәтіні  бойынша 

жұмыстар жасалынады. Бұл кезеңде кәсіби мамандар жұмысқа тартылады.  

Келіссөздерді  тараптардың  мүдделері  еш  сәйкес  келмейтін  мәселеден  бастау  оны 

соза  түсудің  немесе  сәтсіздікпен  аяқтаудың  жарқын  жолы  саналады.  Сондықтан 

келіссөздерге аса байыппен әрі тыңғылықты дайындалған абзал.  

 

2. Келіссөздердің ұйымдастырушылық және теоретикалық кезеңдері.  



Келіссөздерге дайындалу шартты түрде екі кезеңнен тұрады:  

1. ұйымдастырушылық кезең; 

2. теоретикалық кезең. 

Ұйымдастырушылық  кезең  келіссөздерді  жүргізудің  мән-жайын  анықтап  алу 

мақсатында  екінші  жақпен  байланысқа  түсуді,  ал  теоретикалық  –  оған  тыңғылықты 

дайындалуды білдіреді.  

Келіссөздерге дайындалудың бірінші кезеңінің негізгі міндеттеріне бұдан бөлек – 

келіссөздерді қайда, қашан және кіммен өткіземіз деген сұрақтарға тиісті жауаптар табу да 

кіреді. Тиісінше ұйымдастырушылық дайындықтың мынадай кезеңдері болады: 

кездесудің орны мен уақытын анықтау; 



келіссөздерді өткізудің деңгейін анықтау; 

күн тәртібін анықтау.  



Келіссөзді  өткізудің  орны  мен  уақытын  анықтау  ең  алдымен  келіссөздер  өтетін 

елді,  уақытын,  тиісті  ғимаратты  анықтауды,  делегацияларды  өз  деңгейінде 

орналастырудың  ыңғайлы  шарттарын  іздеуді,  делегацияларды  қажетті  байланыспен, 

техникамен, көлікпен және өзге де құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді, үстел басына 

отырғызу жоспарын жасауды білдіреді.  

Келіссөздерді  өткізудің  деңгейін  анықтау  делегациялардың  сандық  және  сапалық 

құрамын,  олардың  деңгейлерін  (делегациялардың  жетекшілері,  өкілділік  деңгейі) 

қатысушылардың функцияларын анықтауды білдіреді.   

Күн тәртібін анықтау мына мәселелерді талқылауды білдіреді: күн тәртібіне қандай 

мәселелерді  қою,  мәселелерді  ретімен  талқылау,  олардың  регламенті,  келіссөздердің 

ресми және жұмыс тілдерін анықтау және т.с.с. 

Келіссөздердің табысты аяқталуы немесе керісінше болуы осы мәселелерді дұрыс 

шешуге тікелей байланысты.  

Халықаралық  келіссөздерді  өткізудің  орны  негізінен  өзіне  барлық  міндеткерлікті 

(қаржылай,  қауіпсіздік  т.с.с.)  алатын  мемлекеттің  астанасы  немесе  инфрақұрылымы 

дамыған өзге де қаласы бола алады. Келіссөздер негізінен ірі халықаралық ұйымдардың 

штаб-пәтерлері  немесе  хатшылықтары  орналасқан  қалаларда  жиі-жиі  өткізіледі.  Париж, 

Нью-Йорк, Женева, Вена, Брюссель, Страсбург қалалары осы санатта лидерлер саналады. 

Кейінгі  уақыттарда  Алматы  мен  еліміздің  саяси  орталығы  –  Астана  қаласы  да 

халықаралық келіссөздерді өткізудің маңызды орталығына айналу үстінде.  

Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтері 38 қабаттан тұратын алып 

ғимарат. Бұл ғимараттың жалпы пайдалы көлемі – 700 мың шаршы метрді құрайды. Бас 

Ассамблеяның мәжіліс залына шамамен 3,5 мың адам сыйып кетеді.  

Төменде  халықаралық  келіссөздерді  өткізуде  делегациялардың  оналасу  тәртібін 

көрсетеміз. 

Екі  жақты  келіссөздер  тік  төрт  бұрышты  үстелде  өткізіледі.  Ортада  бір-біріне 

қарамас  қарсы  делегация  басшылары,  олардың  оң  және  сол  жағында  дәрежесі  бойынша 

делегация  мүшелері,  үстелдің  екі  басында  –  хатшылар  жайғасады.  Ал  аудармашы 

делегация басшысының сол жағында немесе сәл арт жағында отырады. 

Келіссөздер барысындағы аса өткір мәселелердің бірі – оның ресми және жұмыс 

тілін анықтау болып табылады. Әсіресе келіссөздерге түрлі тілде сөйлейтін мемлекеттер 

қатысқанда ресми тілді таңдау біршама қиынға соғады. Келіссөздердің тілі – ресми және 

ТБН 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТБ МСЖ. Екінші басылым 

 

35 



 

 

жұмысшы  болып  бөлінеді.  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  басты  органдарында  (арнайы 



мамандандырылған органдар мен Халықаралық сотты есптемегенде) француз, ағылшын, 

араб,  испан,  қытай  және  орыс  тілдері  ресми  болып  есептелінеді.  Қауіпсіздік  кеңесі  мен 

БҰҰ-ның  Бас  Ассамблеясының  сессияларында  бұл  тілдер  жұмысшы  (пікір-таластар 

жүргізіледі, құжаттар толтырылады т.с.с.) болып саналады.  

Келіссөздердегі регламент мәселесінің маңызды бөлігі ретінде – шешім қабылдау 

тәртібін  жатқызуға  болады.  Қазіргі  кезеңдегі  халықаралық  келіссөздерде  шешім 

қабылдаудың негізгі екі түрі қолданылады: дауыс беру және консенсус.  

Дауыс  беру  барысында  негізгінен  мына  қағидалар  қолданылады:  қарапайым 

басымдық  қағидасы  (50%  астам,  50%+1  дауыс),  квалификациялық  басымдық  (ереже 

бойынша дауыстың 2/3 бөлігі), дауыс берудің аралас жүйесі.  

БҰҰ  Бас  Ассамблеясында  шешімдер  мүше-мемлекеттердің  өкілдерінің 

квалификациялық  басымдықпен  дауыс  беруі  арқылы  қабылданады.  БҰҰ  Қауіпсіздік 

Кеңесінде дауыс берудің арнайы тәртібі орнатылған. Оған сәйкес 15 мүшенің 9-ы жақтап 

дауыс берсе шешім қабылданды деп есептелінеді.  

Консенсус  (латынша  consensus  –  келісім,  бірауыздан)  –  дауыс  бермей, 

позицияларды  жақындастыру  (бір  нүктеге  қиылыстыру)  арқылы  шешім  қабылдау 

процедурасы.  

Келіссөздерге теоретикалық дайындық.  

Келіссөздерді өткізу, оның барысы мен нәтижелі болуы оған деген тыңғылықты 

дайындыққа  тікелей  байланысты  екені  сөзсіз.  Күн  тәртібінде  қарастырылатын 

мәселелердің  күрделігіне  байланысты  теоретикалық  дайындық  бірнеше  күннен  бірнеше 

жылға  созылуы  әбден  ықтималы.  Теоретикалық  дайындық  негізінен  екі  аса  маңызды 

сұраққа жауап іздейді: 1. Келіссөздер не үшін қыжет? 2. Келіссөздерден мен нені күтем, 

қандай нәтижеге қол жеткізуді көздеймін?  

Зерттеушілер теоретикалық дайындықтың келесі негізгі кезеңдерін көрсетеді:  

1.  Мәселеге  талдау  жасау  және  мүмкін  болатын  ATNA  дайындау  (ATNA  – 

келіссөздердің шешімдеріне балама (ағылшынша Alternatives To a Negotiated Agreement).  

2. Келіссөздердің концепциясын және ондағы өз позицияңды анықтап, дайындау. 

3. Келіссөздердің стратегиялары мен тактикасын дайындау. 

4.  Қажетті  құжаттарды  дайындау  (сөйлейтін  сөздер,  мәлімдемелер, 

резолюцияларды жобалары т.с.с.). 

Келіссөздердің түпкілікті мақсаты – оң нәтижеге қол жеткізу екені айқын. Бірақ 

кей  мемлекеттер  келіссөздерден  басқа  да  нәтижелер  күтуі  мүмкін.  Осы  бағытта 

келіссөздердің  мақсатын  анықтау  үшін  келіссөздердің  мәнін  және  тақырыбын  мұқият 

зерттеп,  талдау  қажет.  Бұл  жұмысқа  эксперттер  тартылады  және  мынадай  мәселелерден 

тұрады:  өз  мүдделері  мен  келіссөздердің  шешімдерінің  балама  нұсқаларын  анықтау, 

қарама-қарсы жақтың мүдделері мен баламаларын болжап, талдау жасау.  

Келіссөздердің  концепциясын  дайындау  –  негізгі  мақсаттарды  анықтау,  басым 

бағыттар  деңгейін,  талқыланатын  мәселелер  бойынша  шешім  қабылдаудың  мүмкін 

нұсқаларын айқындау және келіссөздердегі позициясын белгілеу.  

Бұдан кейін келіссөздердің стратегиялары мен тактикалары айқындалады.  

Келіссөздердің  қарсаңында  тараптарға  «келіссөздердің  ісін  (досье)»  дайындау 

қажет.  Оған  анықтама  материалдары  (келіссөздерге  байланысты  БАҚ  материалдары, 

қатысушы  елдер  туралы  анықтама,  ғылыми  әдебиеттердің  аннотациясы),  құжаттар 

(келіссөздерге  қатысушыларға  арналған  нұсқаулықтар,  сөйлейтін  сөздердің  мәтіні, 

ұсыныстар, қорытынды құжаттардың жобалары) кіреді. 

Келіссөздерге  дайындық  үшін  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Әкімшілігі 

мен  Премьер-министр  Кеңсесіне  жолданатын  ақапарттық-талдау  материалдарының 

тізіміне мыналар кіреді:  

шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерге арналған тезистер



келіссөздерге қатысушы тұлғалардың өмірбаяны, саяси портреті; 

ТБН 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТБ МСЖ. Екінші басылым 

 

36 



 

 



елдер туралы анықтама;  

екі  жақты  қарым-қатынастар  туралы  анықтама:  қысқаша  тарихи  анықтама, 



ресми  және  саяси,  сауда-экономикалық,  мәдени,  ғылыми-техникалық,  гуманитарлық 

байланыстар хронологиясы; 

елдің экономикасы туралы анықтама



елдің ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы анықтама; 

елдің сыртқы саясаты туралы анықтама; 



екі  жақты  келісім-шарттар  кешені  туралы  анықтама:  жасалынған  келісімдер 

тізімі, олардың орындалуын талдау, болашаққа деген ұсыныстар; 

делегациялар туралы анықтама.  



Келіссөздер  барысында  қол  қойылуы  ықтимал  құжаттардың  тізіміне  мыналар 

жатады: 


құжаттардың ағымдағы жағдайы туралы ақпарат; 

тараптардың позицияларын бағалау; 



қорытынды  құжаттарға  қол  қоюға  байланысты  «жақтау»  немесе  «қарсылыққа» 

байланысты аргументтер. [kgl] 

 

 



 

[gl]  №  4  тақырып  Келіссөздер  жүргізудің  негізгі  стратегиялары  мен  тактикалық 

амалдары [:] 

Мақсаты: 

 



Келіссөздер жүргізудің негізгі стратегиялары мен тактикалық амалдарын қарастыру; 

Дәріс құрылымы: 

1. 


Келіссөздер жүргізудің негізгі стратегиялары. 

2. 


Келіссөздер жүргізудің негізгі тактикалық амалдары 

Дәріс мазмұны: 

1. 


Келіссөздер жүргізудің негізгі стратегиялары. 

Келіссөздер  жүргізу  барысында  түпкілікті  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  түрлі 

стратегиялар мен тактикалық амалдар қолданылады. 

Стратегия – дегеніміз іс-қимылдың түпкілікті мақсаты. Ал мақсат – бұл күтілетін 

іс-әрекеттің нәтижесі. Келіссөздерде қолданылатын стратегиялар мемлекеттердің сыртқы 

саяси стратегияларына, оның мәдениеті мен тәжірибесіне тікелей тәуелді болып келеді.  

Зерттеушілердің басым бөлігі стратегиялардың мынадай түрлерін көрсетеді: 

саудаласу стратегиясы; 



әріптеспен бірлесе отырып мәселені шешу; 

принципиалды стратегия. 



Британ  дипломаты  Гарольд  Никольсон  саудаласу  стратегиясын  – 

«жауынгерлердің»  әдісі,  ал  екіншісін  –  көпестердің  қаруы  деп  бағалаған.  Біріншісі  – 

қатаң, екіншісі – жұмсақ стратегия болып табылады. 

Қатаң  стратегия  тұрғысынан  келгенде  келіссөздердің  қатысушылары  – 

қарсыластар,  келіссөздердің  мақсаты  –  кез  келген  жолмен  жеңіске  жету,  кез  келген 

әдестерді  қолдануға  болады.  Жұмсақ  стратегия  тұрғысынан  келгенде  келіссөздерге 

қатысушылар – дос, мақсаты – тіпті ұлттық мүддеге нұқсан келіп жатса да қарама-қарсы 

тараппен дұрыс байланыстарды сақтап қалу.  

Принципиалды стратегияның мәні – басты назар тараптардың позицияларына емес, 

олардың мүдделеріне аударылады. Мақсат – келіссөздер бойынша әріптестің мүдделерін 

ескере  отырып,  мәселені  бірлесіп  шешу.  Ғалымдар  бұл  стратегияны  ең  нәтижелі  деп 

бағалайды. 

 

2. 


Келіссөздер жүргізудің негізгі тактикалық амалдары 

ТБН 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТБ МСЖ. Екінші басылым 

 

37 


 

 

Тактика  –  бұл  стратегияға  (мақсат)  қол  жеткізу  әдіс-тәсілдері.  Келіссөздер 



процесінде  қолданылатын  тактикалық  амалдар  Ф.Ч.  Икле,  Р.Фишер  және  У.  Юри,  Я. 

Нергеш,  М.  Лебедева,  Л.  Белланже,  В.  Исраэлян,  Ж.-К.  Альтман  және  өзге  де 

ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып, талданады.  

Тактикалық амалдардың түрлері: 

Қысым көрсету тактикасы.  



Оның түрлері: 1. сес көрсету; 2. жалған сес көрсету; 3. ультиматум (шартымызды 

қабыл алыңдар, болмаса біз кетеміз т.с.с.). 

Бастапқы кездегі талаптарды көтеру тактикасы.  



Оның  басты  мәні  –  келіссөздерге  қатысушылар  өздері  шынайы  қол  жеткізетін 

мүмкіндіктен әлдеқайда көп нәрсені талап етуі.  

Дисквалификация тактикасы. 



Оның  мәні  –тараптың  ұсынып  отырған  аргументінің  шынайылығын  немесе 

жалғандығын  негіздеудің  орнына  қатысушылардың  бірі  екінші  жақтың  жеке  басының 

артықшылықтары  мен  кемшіліктерін  бағалауға  тырысады.  Бұл  тактикалық  амалдың 

көріністері: 1. дүрсе қою (Сіздің түріңіз шаршаңқы, солыңқысыз, Мен Сізден әйеліңіздің 

кетіп  қалғанын  естідім  т.с.с.);  2.  жала  жабу;  3.  қасақана  әдейі  алдау,  жаңылыстыру;  4. 

шантаж; 5. мазақтау, келемеждеу; 6. өсек-аяң тарату; 7. айғай-шу шығару. 

Өз позицияң туралы жалған түсінік беру тактикасы. 



Оның мәні – қарама-қарсы тараптың назарын сіз үшін екінші кезектегі мәселеге 

аударту,  яғни  сіз  үшін  оның  маңызы  барлығынан  жоғары  екеніне  оның  көзін  жеткізу. 

Бұдан  кейінгі  уақытта  бұл  мәселені  амалын  тауып  күн  тәртібінен  алып  тастап,  шынайы 

мүддені көрсетеді. 

Екі жақты түсіндіру тактикасы. 



Оның мәні – келіссөздер нәтижесінде жасалынған келісімнің кейбір шарттарына 

екі түрлі сипат беру. Яғни екі түрліше бағалау. Қарама-қарсы жақты жаңылыстыру. 

Талейран тактикасы. 



Белгілі  француз  дипломаты  Шарль-Морис  Талейранның  атымен  тікелей 

байланысты  бұл  тактикалық  амалдың  мәні  –  алдымен  келіссөздердің  қаруын 

(аргументтер,  принциптер)  табу,  оларды  қолдану  тактикаларын  меңгеру  (жаттығулар 

арқылы), одақтастарды өз араларындағы болмашы қайшылықтары мен келіспеушіліктерін 

пайдалана отырып, ыдыратып, бөліп тасту, оларды тізе бүктіру.  

Блок құру тактикасы.  



Негізінен көп жақты келіссөздер барысында қолданылады. Оның мәні – келіссөздер 

процесі барысында мүдделері бір-біріне сәйкес келетін тараптар бір блок құрады. [kgl] 

 

 



жүктеу 1.16 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет