Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі–Сипанова Меңсұлу Сүндетқалиқызы



жүктеу 25.64 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.02.2017
өлшемі25.64 Kb.

 

 

 

Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебінің Бастауыш 

сынып мұғалімі–Сипанова Меңсұлу Сүндетқалиқызы.  

Проблемалық тақырыбы:“Адамгершілік құндылықтар негізінде 

– құзіретті кемел адам қалыптастыру”.  

Қолданатын технологиясы: саралап оқыту педогокикалық 

технологиясы. 

Іс- тәжірибе тарату. 

Аудандық тамыз мәслихатының секциялық жетекші 

жүргізушісі,  

2011-2012 жыл  

“Білім беру кеңістігін ізгілендірудегі “Өзін-өзі тану рухани 

адамгершілік білімінің мүмкіндіктері” аудандық ғылыми-

практикалық конференциясына баяндама “Өзін-өзі тану пәнін 

оқытудағы шығармашылық жұмыс мүмкіндіктері” 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Обал мен сауап 

Мақсаты: «Мейірімділік», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. 

Міндеттері:  

-Обал мен сауап туралы түсінік беру. 

- Халықтың дәстүрлі игі әрекеттеріне қызығушылықтарын арттыру.  

- Мейірімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу. 



Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер, оқулық, дәптер, слайд. 

Шаттық шеңбері. 

Бәрі шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі.  



Ой, обал – ай, обал – ай! 

- Енді қарным ашпайды! 

Деп, Кер сұмдық бастайды: 

Нан артылса, қоқысқа 

Лақтырып тастайды. 

Ой, обал – ай, обал – ай! 

Ас «артық» деп төгеді, 

Аш қап, азап шегеді. 

«Үнемді жасай біл!» десең, 

Сөлекеттеп, сөгеді. 

Ой, обал – ай, обал – ай! 

Шығармашылық жұмыс: 

        Шығармашылық жұмысты орындау үшін оқулықта бірнеше сурет ұсынылған. Оқушыларға 

суретке қарап, қандай жағдайларда обал болатының айту тапсырылады. 

Жаңа ақпарат: 

      Мұғалім сабақта оқушылардың алған білімдерін бекіту мақсатында оқу ақпаратын ұсынады. 

 Халқымыз «обал болады» деп ескерту арқылы адамның, жан – жануардың, табиғаттың қадірін 

білуге шақырады. Басқаларға жақсылық жасап үйренген адам сауапқа кеңеледі.  

Оқушылар осы ақпаратпен танысып, ой түйіндейді.  

Мәтінмен жұмыс: 

      Сабақта мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Ол үшін Ө.Тұрманжановтың «Құс ұясын бұзбайық!» атты 

өлеңі ұсынылады. Оқушылар өлеңді түсініп оқиды. Сұрақтарға жауап береді. 

Құс ұясын бұзбайық! 

Ей, балалар, балалар! 

Аман болсын аналар! 

Құстада да ана бар, 

Құстада да бала бар, 

Кім сүймейді баласын?! 

Осылар еске түскенде, 

Бір ойланып қаласын! 

Өсіруге баланы, 

Құстар ұя салады. 

Жасауға жұмсақ ұяны, 

Жабағы жүнді жияды. 

Жайлы қып жасап ұяны

Жұмыртқасын салады. 

Бір қуанып қалады. 

Тақия тұзақ салмайық! 

Қарғысына қалмайық! 

Әдейі көздеп атпайық! 

Көп күнәға батпайық! 

Құс ұясын бұзбайық! 

Жұмыртқасын алмайық! 

Обалына қалмайық. 


- Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастық бар? 

- Құс өз балапанын қалай мәпелейді? 

- Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасай алады?   

Сергіту сәті:  

Сабақты қорытындылау алдында балалардың бір сәт денесі сергітіледі.  



Аппақ болып таң атып, (құшағын кең ашады) 

Түтін тікке ұшады. (қолдарын толқындата жоғары көтереді) 

Қарлығаштар қанатын, (қанатын жаяды) 

Самғап биік ұшады. (құсша ұшады)  

Тапсырма:  

     Мұғалім оқушылардың оқулықта берілген суреттерге қарап, табиғатқа обал жасау дегенді қалай 

түсінетіндері туралы тапсырма береді. 

Дәптермен жұмыс:  

     Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді. Немесе үйге тапсырма 

береді.  

Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды. И. Тургеневтің «Торғай» әңгімесін балалар әр 

түрлі бағытта жалғастыруы мүмкін. Орындап біткен соң жария етеді.  

                   Торғай 

     Бақша арасындағы жолмен аяндап келемін. Итім алдымда жүгіріп бара жатқан. Ол кенет 



жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей – ақ төрт тағандап бұға бастады.  

     Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапаның көрдім. Ол 

ұясынан құлап түсіпті. ... 

 - Әңгімені жалғастырыңдар.  

 - Иә, балалар, балапандарға көмектескендерің үлкен сауап болды, өйткені адамның жануардың

табиғаттың қиналғаның көре тұра, оған жақсылық жасамау обал болады.  

- Сендер, үлкендер «обал болады», «сауап болады», «сауабын ал» деген сөздерді қандай 

жағдайларда айтады? 

Балалардың жауаптары. 

Қорытындылау: 

       Мұғалімнің бүгінгі сабақты былайша қорытындылауына болады: 

- Балалар, бүгінгі сабақта «Обал мен сауап» туралы білдік. Қазақ халқы балаларының адал, жақсы 

болып өсуін, адамдарға, айналасына жақсылық жасай алатын ізетті адам болып қалыптасуын 

қалаған. Осы мақсатта – тағамды төкпе, шашпа, аяққа баспа, ысырап етпе, көкті жұлма сияқты 

сөздер айтып отырған. Біреуге жақсылық етсең, сауабын аласың, деп үйреткен. Балалар бүгінгі 

сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. әрқашан қайырымды, мейірімді болыңдар. Сендерге мен мейірім 

гүлін таратып беремін. (қағаздан жасалған гүлдерді барлығына таратып беру.) 



 Жүректен жүрекке. 

     Мұғалім оқушыларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырады. Балалар мұғаліммен, бірге 

қосылып, ән айтады.  

Жарқын заман бөбегі. 

Таң атады арайлап, 

Күн күлімдеп туады. 

Жадырайды бар аймақ, 

Жарқырайды шуағы. 

Дала гүлін жинаған, 

Жазып ерлік дастанды. 

Аталарым аспанды. 

Бізге ашық аспанда. 

Жарқын заман бөбегін, 

Аялайды нұрлы таң. 

Алтын бесік өз елім, 

Туған өлкем Ұлы Отан. 

           



 

                                                                                 

Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 25.64 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет