Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер



жүктеу 0.59 Mb.

бет6/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6

– Қазақ «Ұлық болсаң, кішік 

бол» дейді ғой...

– Рас, бұл мақалды өмірлік ұста­

ным дарымның бірі десем болады.

– Қалалық соттың тыныс-тір-

шілігі  қалай?  Қазір  алты  айды 

қорытындылап жатырсыздар. Не-

мен мақтанасыздар?

– Өткен алты айда қалалық сотқа 

5 877 арыз келіп түсті. 48 арыз қабыл­

даудан  бас  тартылса,  188­і  қайта­

рылды. 3963­іне қатысты іс қозғалды, 

олардың 2 832­сі қанағат тандырылды. 

Бітімгершілікпен 20 іс аяқталса, ме­

диациямен 55­і аяқталды. Ал, парти­

сипативтік келісім арқылы 1 іс тәмам­

далды. Соңғы уақытта істерді ортақ 

келісіммен бітіруге күш салынуда. 

Нәтиже жаман емес.



– Жөн екен. Өзіңіз қай жылдан 

бері  судьясыз?  Жалпы,  қызмет 

жолыңыз қалай басталды?

«ҰЛЫҚ БОЛСАҢ, КІШІК БОЛ!»



Аида МОЛДАБЕКОВА, Қызылорда қалалық сотының судьясы:

(Соңы. Басы 1-бетте)

– Мен Жамбыл облысының тума­

сымын. 1993 жылдың шілде айын­

да Қордай аудандық халық сотында 

сот  отырысының  хатшысы  болып 

еңбек  жолымды  бастадым.  Кейін 

осы ауданның ішкі істер  бөліміне 

ауыстым, одан соң облыстық адво­

каттар алқасында қызмет атқардым. 

2003  жылы  Алматы  қалалық  сот­

тар әкімшісінің сот орындаушысы 

болдым.  2007  жылы  Елбасының 

№430  Жарлығымен  Қызылорда 

қалалық сотының судьясы қызметіне 

тағайындалдым. Яғни, судья болып 

келе жатқаныма 9 жылдай уақыт бол­

ды.

– Осы уақыт аралығында шы-

ғар ған шешімдеріңізде есте қалар-

лық  жағдайлардан  бірді-екісіне 

тоқталсаңыз.

– Осындайда бәрі бірдей еске түсе 

бермейді, ең бірінші некені бұзу тура­

лы шешімге қол қойдым. Сол кезде ба­

рып адам тағдырының жауапкері екен­

дігімді сезінгендей болғанмын. Бір­

неше айға созылған өте ауыр істерді 

де қарадым. Менде бір қызық жағдай 

болды, бір ерлі­зайыптының некесін 

бұзғанмын, арада 2 жыл өткенде ана 

екеуі қайта ажырасуға келіп отыр. 

Сөйтсем, қайта қосылған екен, тағы 

ажыраспақ болғанда маған түсіпті.

– Айтыңызшы, қазіргі таңдағы 

ажырасу оқиғаларына қандай баға 

бересіз?

– Осыдан 5­6 жыл бұрын ажыра­

су, некені бұзу әрине болды, бірақ, 

бүгінгідей емес­тін. Қазір отау құр­

ғанына  1  жеті  өтпей  жатып  сотқа 

жүгіреді. Сәл түсініспеушілік болса, 

«ажырасам» деп аттандап шығады. 

Әрине, біз алдымен некені бұзудың 

салдарын, шаңырақты шайқалтпау ке­

ректігін барынша түсіндіріп айтамыз, 

бірақ, оны тыңдайтындар аз. Соны­

мен қатар, қазір мұндай қынжылтар 

оқиғалар жиілеп кетті. Бәленбай жыл 

отасқандардың өзі екі жаққа кетіп 

жатыр. Ортада балалар зардап ше­

геді, олардың тағдыры қиындайды. 

Көбінесе ажырасуға себепкер әйел 

адамдар,  күйеуімді  қорқытам  деп 

әдейі арыз жазатындар да бар.

– Алда кезектен тыс Судьялар 

съезі  өткізілмек.  Жалпы  өзіңіз 

бұрын-соңды  мұндай  жиынға 

қатысып па едіңіз?

– Әрине, 2009 жылы 18 қарашада 

өткен судъялар съезінің қатысушысы 

болдым. Ондай мүмкіндіктің болғаны­

на өз басым қуаныштымын.

– Алдағы жиын туралы не айтар 

едіңіз?

– Өзіңіз білесіз, бүгінде судьяларға 

деген талап күшеюде. Алдағы съезд 

Судьялардың әдеп кодексін талқыға 

салады деп күтілуде. Өз басым бұған 

оң пікір айтар едім, судья қай жерде 

де – судья. Сондықтан, оның ел сенімі­

нен шығуы, жауапкершілігін сезінуіне 

қатаң талап керек. Қазір жас судьялар 

көбейіп келеді. Сот құрылымын сапа­

лы кадрлармен қамтамасыз ету үшін 

Әдеп кодексінің жасақталғаны дұрыс. 

Бұл тәрбиені, тәртіпті жетілдіре түсер 

еді.


– Бос уақытыңызда немен айна-

лысасыз?

– Менің бос уақытым жоқ десем 

болады, балабақшаға баратын егіз 

ұлымның тәрбиесімен айналысам. 

Сенбі, жексенбі күндері қарауымдағы 

істерге шұқшиып, одан бөлек жаңадан 

қабылданған  заңдармен  танысам. 

Жұмыс, бала тәрбиесі, үй шаруасы 

алма­кезек келіп отырады.

– Тұрғындардың судьяларға де-

ген шағымдары кездесіп тұра ма?

– Жуырда бір азамат судьяны «сот 

отырысында  дөрекі  сөйледі»  деп 

арызданған болатын. Әдеп жөніндегі 

комиссияда бұл шағым қаралып, бей­

нетаспа көрілді. Ешқандай дөрекі 

сөйлеу болмаған, әлгі тұрғын жала 

жабуды көздеген болуы керек. Ондай 

жағдай жиі кездесе бермейді.

– Шешіміңіздің бұзылған сәттері 

болды ма?

– Жоқ деп айта алмаймын. Деген­

мен, биыл қателіктен аманмын.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан

 Нағымжан САУЯЕВ,

«Заң газеті»

Білген жөн

Пайым

Кесел


Азаматтық құқықтық қатынастар бойынша 

тараптардың құқықтары мен бостандықтарының 

теңдігіне халықтың бір-біріне деген өзара 

адалдығының нәтижесінде ғана қол жеткізу-

ге болады. Бір тараптың әділетсіздігінен екін-

ші тараптың зардап шегуі әбден мүмкін. Кез 

келген келіспеушіліктерді, дауларды әділ және 

заңды шешу мемлекет үшін басты мақсат. 

Бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына 

келтірудің негізгі жолдарының бірі талап 

арызбен сотқа (яғни, мемлекетке) жүгіну болып 

табылады.

Қазақ қашаннан дау-

ды бейбіт шешуге тырысқан 

халық. «Алдыңа келсе атаңның 

құнын кеш» деп, ұрпағын 

кешірімшіл, ымырашыл болуға 

үндеген елміз. Соңғы жылда-

ры сот табалдырығын аттаған 

азаматтардың ниет-пейіліне 

қарап, бабалар тәрбиесінің 

ескерілмейтіндігін байқайсың. 

Керісінше, азаматтарда ашу

ыза басым. Кешірімге, ортақ 

мәмілеге келудің орнына 

қарсы тарапты жермен жексен 

етсем, тұралатсам деген жа-

ман пиғыл басым. Қылмысты, 

құқықбұзушылықты білместік-

пен, абайсызда жасадым деп 

ағынан жарылған жандарға 

сенетіндер аз. Тіпті, бірін-

ші рет қылмыс жасағандарға 

жеңіл жаза тағайындалса 

күдіктіні былай ысырып қойып

судьяның жеке басына, кескен 

үкіміне шүйлігетіндер бар. 

«Нұрлы  жол  —  болашаққа  бастар  жол»  бағдарламасы  енді  «100  нақты 

қадаммен» толықты. «100 нақты қадам» — бұл әлемнің ең дамыған 30 елінің 

қатарына  жетудегі  ғаламдық  қадам.  Ұлт  жоспарының  он  үшінші  қадамы 

сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алуға  бағытталған.  Қылмыс  үшін  жаза 

қолданумен  қатар,  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алуға  жүйелі  түрде 

қарағанда ғана осы қоғам індетімен тиімді күресуге болады. 

ТАЛАП АРЫЗДЫ 



УАҚТЫЛЫ БЕРГЕН АБЗАЛ

«ДАУ ҚУҒАН 



БӘЛЕГЕ 

ЖОЛЫҒАДЫ...»



ХАЛЫҚТЫҚ  БАҒДАРЛАМА

Алайда, кей жағдайда талап арызды беру мерзімін өткізіп 

алуына байланысты көптеген азаматтардың жоғарыда аталған 

құқықтары шектелуі мүмкін. Азаматтардың құқықтары мен 

бостандықтарының бұзылуы кезінде бұзылған уақыттан бері 

неғұрлым ұзақ уақыт өтсе, соғұрлым құқықты қалпына келтіру 

сот алдында күрделене түседі немесе азаматтар ұзақ мерзімді 

өткізген сайын кейбір негізгі мәселелер ұмытылып, оларды 

қалпына келтіру қиынға соғуы мүмкін.

Сонымен  қатар,  сот  алдына  дәлелдемелер  ретінде 

ұсынылатын құжаттар ұзақ уақыттың өтуіне байланысты 

өзінің заңды күшін жоюы мүмкін. Осыған орай, азаматтардың 

қарым­қатынастары тұрақсыздандырылып, мерзімсіз уақыт 

шеңберінде бұзылған құқықтарды қалпына келтіру жайлы 

талап қою қиынға түспек. Аталған мән­жайларды шешудің 

реті Азаматтық кодекс заңнамасымен нақты белгіленген. ҚР 

Азаматтық кодексінің 178­бабына сәйкес, талап арыздың 

жалпы мерзімі 3 жыл, яғни, кез келген адам құқығы бұзылған 

күнінен бастап үш жыл ішінде сотқа талап арыз беруге құқылы.

Егер азамат талап арыз беру мерзімін (3 жыл) өткізіп алған 

жағдайда (ерекше жағдайларда) оның ҚР АК­нің 185­бабына 

сай, талап қою мерзiмi өтiп кетуiнiң себебiн сот орынды деп 

таныған кезде, қайта талап қою мерзiмiн қалпына келтiруге 

құқығы бар. Азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес, 

талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен та­

лап қоюдың жалпы мерзiммен салыстырғанда қысқартылған 

немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн 

(мысалға, 10 жыл бұрын жасалған келісімшартты жарамсыз 

деп тану жөніндегі талап арыздар).

Сонымен қатар, аталған заңнамада көзделгендей, та­

лап арыз беру мерзімі шексіз болуы да мүмкін. Оларға 

адамның өмірі мен денсаулығына залал келтірілген жағдайда 

шығындарды өндірумен байланысты талап арыздар, мүліксіз 

жеке құқықтармен байланысты даулар және т.б. талап арыздар 

жатқызылады.

М.КЕРІМБЕКОВ,

Алатау аудандық прокуратурасының бөлім басшысы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

Ондай шараларды қолға алудың маңыз­

дылығы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

жаңа заңнама жобасына да арқау болған. 

Шындығында, ел экономикасының одан әрі 

дамуына кедергі келтіріп, қоғамның дертіне 

айналған мәселе – сыбайлас жемқорлық. 

Бұл – адамзатқа ертеден таныс, заманмен 

бірге тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, 

қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге 

тамыр жайып, жойылмай отырған қауіпті 

кеселдің бірі.

Жемқорлықтың алдын алу, онымен күрес 

мақсатында қыруар шаруа атқарылып, арнайы 

заңдар мен бағдарламалардың қабылдануына 

қарамастан, бұл дерттің тамырына балта шабу 

оңай болмай тұр. Қылмысқа және сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес мәселесi жыл 

сайын Мемлекет басшысының Қазақстан 

халқына Жолдауында да айтылып келеді. Және 

де Қазақстан Республикасының 2015­2025 

жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы стратегиясына сәйкес, мемлекеттің 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 

тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың 

кез келген көрінісіне «төзбеушілік» ахуалын 

жасау арқылы оған қарсы қозғалысқа бүкіл 

қоғамды тарту және деңгейін төмендету 

бойынша кешенді жұмыстар жүруде. 

Онымен күрестің тиімділігін арттыру кез 

келген мемлекеттің болашағы үшін стратегия­

лық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып 

келе жатқан, бәсекеге қаблетті әлем елдерінің 

қатарына кіруді мақсат еткен біздің еліміз 

үшін өте маңызды. Ұлт жоспарын қазақ қоға­

мын да заңның үстемдігін арттыру, қазіргі 

заман ға лайық мемлекет құру, орнықты эко­

но  микаға бағытталған индустриялық елді 

қалыптастыру, сондай­ақ, елімізде болашағы 

жарқын, біртұтас ұйысқан ұлттың мекенін 

орна туды көздейтін бағдар ретінде айқын 

танып отырмыз. Ұлт жоспары елдің бірлігі 

мен ынтымақтастығын одан әрі дамытып, 

өркендететін  халықтық  реформа  болып 

саналады. Сондықтан, мемлекет басшысы 

ұсын ған 5 институционалдық реформаның 

еліміздің бұдан былай да оң қадаммен алға 

басуына септігін тигізері сөзсіз.

Ғылым КЕЛДІБАЕВ,

 Алматы қаласы мамандандырылған 

ауданаралық әкімшілік сотының 

судьясы 

Бір қуанарлығы, қазір барлық сот 

залдары  толықтай  дыбыс­бейнежа­

зу құрылғыларымен жабдықталған. 

Сот отырыстары жазылған таспаны 

судьяның тоқтатуына, редакциялауына, 

қысқартуына ешқандай мүмкіндігі жоқ. 

Және бұл таспаларды кез келген азамат 

сұратып, қайта қарап шыға алады. Бұл 

жаңалық судьялардың үстінен арыз­

шағым жазылған кезде де пайдалы бо­

лып отыр. Өйткені, ендігі жерде «судья 

келесі тарапқа іш тартып отырды, бізді 

тыңдамады, сөзімді бөле берді, маған 

зекіп сөйледі» деген сияқты желеумен 

шағым жазғандар сөзінің ақиқатына 

көз жеткізу оңай. Ол үшін таспаны бір 

айналдырып қарап шықсаң болғаны. 

Кімнің сөзінің дұрыс, кімнің сөзінің 

бұрыс екені анықталып шыға келеді.

Бар мәселе сөзімнің басында айт­

қандай, азаматтардың ниетінде. Кейбір 

азаматтар сот отырысына кіргеннен 

тиісерге қара таппай, кемшілік іздеп 

отырады. Олар үшін істің қалай таразы­

ланатыны, қандай үкім шығарылатыны 

аса маңызды емес. Ілік іздеушілердің 

сот ғимаратына кіргендегі тексеруге 

де көңілі толмайды. Ортақ талапқа 

бағынғысы келмей, сот залына телефон, 

фотоаппарат алып кіргісі келетіндер 

бар. Алайда, сот залына кірудің тәртібі 

баршаға ортақ. Ешкімге артықшылық 

жасалмайды. Және мұндай талап жайдан 

жай енгізіліп отырған жоқ. Сот залына 

телефонын алып кіріп, мәжілістің өз 

ретімен өтуіне кедергі келтірушілер 

болғандықтан, сотта ісі қаралған аза­

маттар мен олардың жақындары суретке 

түсіруге рұқсат бермегендіктен осын­

дай жаңа ереже жасақталып, бүгінде 

барлық сот оны басшылыққа ала отырып 

жұмыс істеуде. Ендеше, «бүйректен 

сирақ шығарып», «телефонымды өшіріп 

қоямын, өзіммен бірге алып кірейін» 

деу қандай ақылға сияды? Егер өшіріп 

қоятын болсаңыз, онда сақтау камера­

сында қалдыра салған жөн емес пе? Кей­

де дәл осындай қарапайым сұрақтарды 

да азаматтарға түсіндіру қиын соғып 

жатады.

Сонымен қатар, судьяның шығарған 



үкімінен ілік іздейтіндер де баршылық. 

Істі жан­жақты зерттеп, куәлардың сөзін, 

ұсынылған дәлелдерді сарапқа салған су­

дья заң талаптарын басшылыққа ала оты­

рып үкім кеседі. Соңғы сөз айтыларда 

құқықбұзушының жастығы, қылмысты 

алғаш рет жасағаны, жәбірленушілерден 

кешірім  алғаны,  өкінетіндігі  түгел 

есепке алынады. Ал, осыны біле тұра, 

«Айыптыға жазаның ең жоғары мөлшері 

тағайындалуы керек еді» деп судьяның 

артынан сөз айтып жатады. Қазының 

мақсаты – жазалау емес. Өйткені, сот 

жазалаушы орган емес. Қазының негізгі 

міндеті – заңға сәйкес жаза тағайындау. 

Солай  бола  тұрса  да  ол  азаматтың 

қоғамнан  оқшауланбауына,  түзеліп 

қайта оралуына ықпал етуге тырысады. 

Оның үстіне, біздің заңдарымызға сай, 

жазаны ізгілендіруге барынша жағдай 

жасалған. Осының арқасында түрме 

тұрғындары да жыл санап азайып ке­

леді. Сондықтан, мүмкіндік болса, қиыс 

кеткен жанның қатесін түзеуіне қоғам 

болып көмектесейік. Біз бір ортада, бір 

қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Ал, ол 

ортаның қылмыстан таза, мейірімге 

толы болуы сіз бен бізге байланысты. 



Н.БАТЫРХАН,

Жетісу аудандық №2 сотының 

судьясы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал