Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер



жүктеу 0.59 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы 

Жоғарғы Сотының төрағасы      

 

Қ.МӘМИ

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 

судьясы, жалпы отырыс хатшысы 

               Қ.ШАУХАРОВ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ

 №  5 НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫСЫ

2016 жылғы «7»  шілде                   Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы 

Сотының кейбір нормативтік 

қаулыларына өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу туралы

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай 

нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар 

енгізілсін:

1) «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың 

кейбір мәселелері жөнінде» 2009 жылғы 12 қаңтардағы 

№ 1:


1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жалған кәсіпкерлік дегеніміз кінәлі адам кәсіпкерлік 

қызметті жүзеге асыру ниетінсіз Қазақстан Республикасы 

Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 215-бабының дис-

позициясында көзделген құқыққа қарсы мақсаттардабұл 

іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал 

келтіретін жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерін құра-

тын (иемденетін) және пайдаланатын, сол сияқты оларға 

басшылық жасайтын экономикалық қызмет саласындағы 

қылмыстық құқық бұзушылықтың түрі. 

Бұл ретте, ҚК-нің 215-бабында көрсетілген мақсаттарды 

көздейтін әрекеттер деп тек тергелген және айыпталушыға 

(сотталушыға) нақты қылмыстық іс шеңберінде тағылған 

әрекеттерді ғана түсіну керек. 

Объективтік  себептер  бойынша  сотқа  дейінгі  тергеу 

сатысында қосымша және ұзақ тексеру талап етілетін же-

келеген әрекеттер мен мән-жайларбөлігінде қылмыстық 

іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 

(бұдан әрі – ҚПК) 44-бабының тәртібінде жеке іс жүргізуге 

бөлінуі мүмкін.

ҚК-нің 216-бабына қатысты, мүліктік пайда алу мақ-

сатында  іс  жүзінде  жұмыстар  орындалмай,  қызметтер 

көрсетілмей,  тауарлар  тиеп-жөнелтілмей  шот-фактура 

жазу бойынша жекелеген әрекеттерді жасаған кәсіпкерлік 

қызметті тұрақты жүзеге асыратын және жүйелі сипаттағы 

құқыққа қарсы мақсаттарды көздемейтін адамдарды жеке 

кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу керек. Жалған кәсіпо-

рынды құрған (иемденген) және бұл ретте бірлі-жарым 

(бірнеше) жарамды мәмілелерді жасау жолымен ғана адал 

кәсіпкерлік қызметті имитациялаған адамның әрекеттері 

ҚК-нің 215-бабы бойынша саралауға жатады.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жалған кәсіпкерлік кезінде қол сұғу объектісі болып 

салық салу, кредиттеу және өзге де заңды экономикалық 

қызмет саласындағы қоғамдық қатынастар табылады.»;

3-тармақта: 

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Жалған кәсіпкерліктің объективтік жағы өзіне жеке 

кәсіпкерлік субъектісін құру және олардың шешімдерін 

айқындау  құқығын  беретін  басқа  заңды  тұлғалардың 

акцияларын (қатысу үлестерін, пайларын) иемденуді өзі-

неқамтиды.»;

екінші абзацтағы «Коммерциялық ұйыммемлекеттік тірке-

уден өткенкезден бастап құрылған болып есептеледі,»деген 

сөздер «Жеке кәсіпкерлік субъектісі мемлекеттік тіркеуден 

өткен кезден бастап құрылған болып есептеледі,» деген 

сөздермен ауыстырылсын; 

үшінші абзацтағы «қылмыстың» деген сөз «қылмыстық 

құқық бұзушылықтың» деген сөздермен ауыстырылсын; 

4-тармақтағы «Коммерциялық ұйымды», «қылмыс» деген 

сөздер тиісінше «Жеке кәсіпкерлік субъектісін», «қылмы-

стық құқық бұзушылық» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақта: 

екінші абзацтағы «айыпталушы ретінде жауапқа тарту ту-

ралы қаулыда,айыптау қорытындысында,», «коммерциялық 

ұйым» деген сөздер тиісінше «күдіктінің әрекетін саралау 

туралы қаулыда, айыптау актісінде,», «жеке кәсіпкерлік 

субъект» деген сөздермен ауыстырылсын»;

6-тармақтағы «құру» деген сөзден кейін «(иемдену)» 

деген сөзбен толықтырылсын;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«7. Жалған кәсіпорын құрған кезде кінәлі адамның әуел 

бастан ҚК-нің 215-бабының диспозициясында көрсетілген 

мақсаттардың бірін (немесе бір мезгілде бірнешеуін) көзде-

уіжалған кәсіпкерліктің міндетті белгісі болып табылады.»;

9-тармақтағы «189-бабының ескертпесінде» деген сөздер 

«3-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Жалған кәсіпкерлікпен ұласқан залал контрагент 

төлеуден жалтарған салық сомасы ретінде немесе контр-

агент заңсыз алған кредит, кіріс, мүліктік пайда сомасы 

ретінде айқындалады. Осыған байланысты төленбеген 

салықтар, заңсыз алынған кредит, кіріс, өзге де пайдалар 

түрінде жалған кәсіпорын контрагенті келтірген залал, 

сондай-ақ бұл контрагенттің басшысының (қатысушының) 

кінәсі осы қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылда-

на отырып дәлелденуге жатады немесе бұрын қабылданған 

және заңды күшіне енген әкімшілік жауаптылыққа тарту 

туралы қаулымен, соттың айыптау үкімімен не қылмыстық 

істі ақтамайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулымен 

белгіленуге тиіс.

ҚК-нің  215-бабында  көзделген  қылмыстық  құқық 

бұзушылық құрамы жалған кәсіпкердің, контрагенттің са-

лықтар төлеуден жалтаруына дем берушілік әрекетін толық 

қамтитындықтан, оның бұл әрекеттері ҚК-нің 245-бабы 

бойынша қосымша саралауды талап етпейді.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Егер адам тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсе-

туді) сатуды бухгалтерлік және салықтық есепте көрсетпей 

іс жүзінде жүзеге асырса, оның әрекеттері жалған кәсіп-

керлік ретінде саралануға тиіс емес, өйткені бұл жағдайда 

қол сұғу объектісі болып бухгалтерлік есепке алудың және 

аталған бұзушылықтармен жүзеге асырылатын нақты кәсіп-

керлік қызметке салық салудың белгіленген тәртібі болып 

табылады.»;

12-тармақта:

бірінші абзацтағы «Салық кодексінде» деген сөздер ««Са-

лықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем-

дер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 

кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацтағы «ҚҚС» деген аббревиатура «қосымша 

құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС)» деген сөздермен ауысты-

рылсын;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:



«13. Жалған кәсіпорынды құрған және/немесе шешім-

дерін айқындау құқығына ие адамдар, оның басшылары 

сияқты жалған кәсіпкерлікті біргеорындаушылар ретінде 

жауапты болады.»;

14-тармақта:

«қылмыстар»  деген  сөздер  «қылмыстық  құқық 

бұзушылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;

«177», «192» деген цифрлар тиісінше «190», «215» деген 

цифрлармен ауыстырылсын;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Жалған кәсіпкерлік кезінде жарамды мәмілелер, 

оның ішінде кредиттік мекемелермен жасалмайды, сон-

дықтан адамның кредитті заңсыз алуы немесе алынған 

кредитті мақсатсыз пайдалануы ҚК-нің 215-бабы бойынша 

қосымша сараланбастан ҚК-нің 219-бабы бойынша ғана 

қудаланады. Егер жалған кәсіпкер контрагентке кредитті 

заңсыз алуға немесе мақсатсыз пайдалануға мүмкіндік бе-

ретін жалған келісім-шарт жасаса, онда жалған кәсіпкердің 

әрекеті ҚК-нің 215-бабы бойынша, ал оның контрагентінің 

әрекеті  ҚК-нің 219-бабы бойынша саралауға жатады.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Соттарға жалған кәсіпкерлік экономикалық қызмет 

саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа, атап 

айтқанда, салықтарды төлеуден жалтару, кредитті заңсыз 

алу, заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге 

де мүлікті заңдастыру және тағы басқа түрлерін жасаудың 

тәсілі болып табылатындығын ескеру қажет. Демек, жалған 

кәсіпорындардың  қызметтерін  пайдаланатын  адамдар 

осы қоғамдық қауіпті әрекеттің бенефициарлары болып 

табылады. Сондықтан қылмыстық істі қарау барысында  

істің мән-жайларын жан-жақтылы, толық және объективті 

зерттеу туралы ҚПК-нің 24-бабының талаптарын ескере 

отырып, контрагенттер басшыларының (қатысушылардың) 

жалған кәсіпкерлікпен ұласқан құқық бұзушылық жасауға 

қатысуының  нақты дәлелдемелері болуы тиіс.»;

18-тармақта:

бірінші абзацтағы ««Нормативтiк құқықтық актiлер ту-

ралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 

1-тармағына» деген сөздер «Құқықтық актiлер туралы» 

2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасы 

Заңының 43-бабының 1-тармағына» деген сөздермен ауы-

стырылсын;  

екінші абзацтағы ««Салық және бюджетке төленетін 

басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 ма-

усымдағы  Қазақстан  Республикасы  Кодексінің  (Салық 

кодексі)» деген сөздер «2001 жылғы 12 маусымдағыСалық 

кодексінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші абзацтағы «258-бабы 1-тармағының 5) тармақ-

шасы» деген сөздер «257-бабы 3-тармағының 1) тармақша-

сы» деген сөздермен ауыстырылсын;

19-тармақта:

«Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 

71-бабының үшінші бөлігіне» деген сөздер «Қазақстан Ре-

спубликасының Азаматтық процестік кодексінің 76-бабының 

үшінші бөлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;  

«192» деген цифрлар «215» деген цифрлармен ауысты-

рылсын;

««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті 



төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан 

Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің)» деген сөздер 

«2001 жылғы 12 маусымдағы Салық кодексінің» деген сөз-

дермен ауыстырылсын;

20-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

21-тармақта:

«192» деген цифрлар «215» деген цифрлармен ауысты-

рылсын;


«құрған коммерциялық ұйымы» деген сөздер «құрған 

жеке кәсіпкерлік субъектісі» деген сөздермен ауыстырыл-

сын;  

23-тармақтағы «коммерциялық ұйымдар» деген сөздер 



«жеке кәсіпкерлік субъектілер» деген сөздермен ауысты-

рылсын;  

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Жалған кәсіпорын адамның кәсіпкерлік қызметті 

жүзеге асыру ниетінсіз құрылуына байланысты, бұл жеке 

кәсіпкерлік субъектісінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік 

тіркелуі соттың шешімі бойынша жарамсыз деп танылуы 

мүмкін.»;

2) «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды 

саралаудың кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 18 

маусымдағы № 2 нормативтік қаулысына (Қазақстан Ре-

спубликасы Жоғарғы Сотының 2011жылғы 21 сәуірдегі №1, 

2014 жылғы 4 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулыларымен 

енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге):

тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша «қылмыстар-

ды»,  «қылмыстар»,  «қылмыс»  деген  сөздер  тиісінше 

«қылмыстық құқық бұзушылықтарды», «қылмыстық құқық 

бұзушылықтар», «қылмыстық құқық бұзушылық» деген 

сөздермен ауыстырылсын;

бүкіл мәтін бойынша«190» деген цифрлар «214» деген 

цифрлармен ауыстырылсын, «Қазақстан Республикасы 

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің» деген сөздер «Қазақстан 

Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің» деген сөз-

дермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

бірінші абзацта:

«және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының 

Азаматтық кодексінде, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қа-

зақстан Республикасының Заңында және кәсіпкерлік қыз-

метті реттейтін өзге де заңнамалық актілерде көрсетілген 

тәртіппен» деген сөздер «, оралмандардың, мемлекеттік 

емес коммерциялық заңды тұлғалардың (жеке кәсіпкерлік 

субъектілерінің), мемлекеттік кәсіпорындардың (мемлекет-

тік кәсіпкерлік субъектілерінің) Қазақстан Республикасының 

Конституциясына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік 

кодексіне және кәсіпкерлік қызметті реттейтін өзге де 

заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын» деген 

сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацтағы «Тұлғаның тиісті органдарда алдын ала 

тіркелуі не осы қызметпен айналысуға рұқсат ететін өзге 

арнайы рұқсатының (лицензиясының) болуы» деген сөздер 

«Кәсіпкерлік қызмет субъектісін мемлекеттік тіркеу, қажет 

болған жағдайларда қызмет түрімен айналысуға арналған 

арнайы рұқсаттың (лицензияның) болуы және рұқсаттар 

мен хабарламалар туралы заңнаманың сақталуы»;

мынадай мазмұндағы  үшінші абзацпен толықтырылсын:

««Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті 

төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республика-

сы кодексінің 177-бабына және 180-бабы 1-тармағының 3) 

тармақшасына сәйкесжеке тұлғаның салық агенті болып 

табылмайтын адамдарға жалға беруден тапқан мүліктік 

табысы жеке кәсіпкердің табысына жатпайтыны назарға 

алына отырып, осындай адамның жеке кәсіпкер ретінде 

тіркеуде болмауы Қазақстан Республикасының Қылмыстық 

кодексі (бұдан әрі – ҚК) 214-бабының құрамын құрамайды. 

Егер аталған адам мүліктік табыстан салықтарды және 

(немесе) басқа міндетті төлемдерді төлеуден жалтарса, 

онда бұған негіздер болған кезде оның әрекеттері ҚК-нің 

244-бабы бойынша саралауға жатады.»;

3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

6-тармақта:

«басқа қылмыс» деген сөздер «өзге де қоғамдық қаты-

настарға қол сұғатын басқа қылмыстық құқық бұзушылық 

(заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, заңсыз медициналық 

және фармацевтикалық қызмет және тағы басқа),» деген 

сөздермен ауыстырылсын;

«Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі - ҚК) бабының» деген 

сөздер «ҚК-нің баптарының» деген сөздермен ауыстырыл-

сын;

9-тармақта:



бірінші абзацта «алынған пайда» деген сөздер «алынған 

таза табысты» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Ірі және аса ірі залалды, ірі және аса ірі табыс мөлшерін, 

елеулі зиянның айтарлықтай залалын және айтарлықтай 

мөлшерін анықтау кезінде соттар ҚК-нің 3-бабында келтіріл-

ген осы ұғымдардың түсіндірмесін басшылыққа алуға тиіс.»; 

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. ҚК-нің 218-бабында көзделген ақшаны немесе өзге 

де қылмыстық жолмен табылған мүлікті заңдастыру (жылы-

стату) деп мүліктің криминалдық пайда болу фактісін жасы-

ру мақсатында, конверсия (қайта құру) түрінде мәмілелер 

мен өзге де формальды заңды әрекеттер жасау жолымен 

қылмыстық құқық бұзушылықпен табылған кірістерді заңды 

айналымға қосуды түсінген жөн.

Көрінеу заңсыз жолмен табылған ақшалай қаражат-

ты немесе өзге де мүлікті бір мезгілде иемденген және 

заңдастырған жағдайда, кінәлі адам қылмыстық құқық 

бұзушылықтар жиынтығы бойынша – ҚК-нің 218-бабы және 

осы қаражатты немесе мүлікті заңсыз иемденгені үшін жа-

уаптылықты көздейтін қылмыстық заңның тиісті нормасы 

бойынша қылмыстық жауаптылықты көтеруге тиіс.   

ҚК-нің  218-бабының  мағынасы  бойынша,  азаматтық 

құқықтар мен міндеттерді анықтауға, өзгертуге немесе-

тоқтатуға, тап солай азаматтық құқықтар мен міндеттердің 

туындау  немесе  көшу  көрінісін  туғызуға  бағытталған 

мәмілелер конверсиялық мәмілелерге жатады. Осы ретте 

қаржылық операциялар мен мәмілелер заңдастырылатын 

мүліктің негізгі қылмыстық құқық бұзушылықпен байланы-

сын кінәлі адам үшін көрінеу жасырады,мұны мүлікті қылмы-

стық жолмен иемдену фактісін жасыруға және оның ашық 

айналымын қамтамасыз етуге бағытталған осы әрекеттердің 

сипаты көрсетеді. 

Жасалған әрекетті ҚК-нің 218-бабы бойынша саралау 

үшін кінәлі адамның заңдастырылатын мүліктің қылмыстық 

жолменшығу тегі туралы көрінеу білгені қажет. Осы ретте 

адамның негізгі қылмыстық құқық бұзушылықтың нақтылы 

мән-жайлары туралы білуі міндетті емес.»;

11-тармақта «194» деген цифрлар «219» деген цифрлар-

мен ауыстырылсын;

13-тармақта«206», «177» деген цифрлар тиісінше «231», 

«190» деген цифрлармен ауыстырылсын;

14-тармақта «189-бабына жасалған ескертпеде» деген 

сөздер «3-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;

14-1-тармақта «220» деген цифрлар «243» деген цифр-

лармен ауыстырылсын;

16-тармақта «224» деген цифрлар «247» деген цифрлар-

мен ауыстырылсын;

18-тармақта:

бірінші сөйлемде «41» деген цифрлар «50» деген цифр-

лармен ауыстырылсын; 

екінші сөйлемде  «41-бабының үшінші бөлігіне» деген 

сөздер «50-бабының екінші бөлігіне» деген сөздермен 

ауыстырылсын;

19-тармақта «7» деген цифр «8» деген цифрмен ауы-

стырылсын;

20-тармақта:

бірінші абзацта «121» деген цифрлар «118» деген цифр-

лармен ауыстырылсын;

үшінші абзацта «206» деген цифрлар «231» деген цифр-

лармен ауыстырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына 

сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құра-

мына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады 

және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа 

енгізіледі.



Қазақстан Республикасы 

Жоғарғы Сотының төрағасы                            Қ.МӘМИ

 

 

 

Қазақстан Республикасы  Жоғарғы 

Сотының судьясы, жалпы отырыс 

хатшысы   

 

 

 Қ.ШАУХАРОВ

6

№81 (2859) 

26 шілде 2016

zangazet@mail.ru

НОРМАТИВТІК  ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ

№ 6 НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫСЫ 

2016 жылғы 7 шілде 

 

 

 



Астана қаласы

Мәмілелер жарамсыздығының және олардың 

жарамсыздығының салдарларын соттардың 

қолдануының кейбір мәселелері туралы

Мәмiлелердің жарамсыздығы және олардың жарамсыздығының 

салдарларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы заңнама-

сының кейбір нормаларын сот практикасында біркелкі және дұрыс 

қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 

жалпы отырысы

қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 

нормаларына сәйкес сот мәмілені жарамсыз (даулы мәміле) деп 

таныса не осындай тануға қарамастан оның жарамсыздығы заңда 

тікелей көрсетілсе (мәніссіз мәміле), мәміле заңда белгіленген не-

гіздер бойынша жарамсыз болуы мүмкін. 

Даулы мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаптарды, оның 

салдарлары жөніндегі талаптарды қолдану туралы талапты мүдделі 

адам, тиісті мемлекеттік орган не прокурор қоюы мүмкін. 

Мәміленің заңмен мәніссіз деп анықталуы мүдделі адамның осын-

дай мәмілені сот арқылы жарамсыз деп тануды талап етуіне кедергі 

болмайды. 

Мәніссіз мәміленің жарамсыздығының салдарын қолдану туралы 

талапты мәніссіз мәмілені жарамсыз деп тану туралы талапты кез 

келген мүдделі адам қоюы мүмкін. 

Сот АК-нің 157-бабының 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарында көз-

делген жағдайларда мәмілелердің жарамсыздығының салдарларын 

өз бастамасы бойынша қолдануға құқылы.

2. АК-нің 9-бабының 1-тармағына сәйкес соттың мәмiленi жарам-

сыз деп тануы азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдерінің бірі болып 

табылады. 

Мәмiленi  жарамсыз  деп  тану  арқылы  азаматтық  құқықтарды 

қорғауға байланысты дауларды соттар Қазақстан Республикасы 

Азаматтық  процестік  кодексінде  (бұдан  әрі  –  АПК)  белгіленген 

істер ведомстволығының және соттылығының қағидаларын сақтай 

отырып қарайды.

3. Егер қойылған талап жарамсыз мәміле бойынша алынған мүлік-

тің кейін қайтарылуына байланысты болса, талап қоюдың бағасы 

АПК-нің104-бабы бірінші бөлігінің 13) тармақшасына сәйкес айқын-

далады және талап қою арызында көрсетіледі.

Заңның осы нормасына сай барлық алынған мүліктің кейін қайта-

рылуына байланысты шарттарды жарамсыз деп тану туралы істер 

бойынша талап қою бағасы мүліктің сотқа талап қойылған күнге 

нарықтық құнымен айқындалады.

Егер қойылған талап мүлікті жарамсыз мәміле бойынша заттай 

кері қайтару мүмкін болмаған жағдайда, кері қайтарылуға жататын 

мүліктің құнын, мүлікті пайдаланудың, орындалған жұмыстың неме-

се көрсетілген қызметтің құнын ақшалай түрде өтеуге байланысты 

болса, талап қоюдың бағасы АПК-нің 104-бабы бірінші бөлігінің 1) 

тармақшасына сәйкес талап арызда айқындалады және көрсетіледі.

Аталған  жағдайларда  мәмілелерді  жарамсыз  деп  тану  туралы 

сотқа берiлетiн талап қою арыздарынан мемлекеттік баж мүліктік 

сипаттағы талап қою арыздарынан алынатын мөлшерде алынады 

(«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ту-

ралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің 535-бабы 

1-тармағының 1) тармақшасы).

Мүлікті кері қайтаруға немесе оның құнын өтеуге байланысты 

емес мәміленің жарамсыздығы туралы қойылған талап бойынша 

мемлекеттік баж мүліктік емес сипаттағы талап қою арыздарынан 

алынатын мөлшерде алынады (Салық кодексінің 535-бабы 1-тар-

мағының 7) тармақшасы).

Егер мәмілені жарамсыз деп тану туралы қойылған талапты қа-

былдау сатысында сот талап-арызда мәмілені жарамсыз деп тану-

дың салдарларын қолдану туралы талап көрсетілмегенін анықтаса, 

онда осы мән-жай талап қою арызын қабылдаудан бас тарту немесе 

оны кері қайтару үшін негіз болуы мүмкін емес. АПК-нің 152-бабы 

бірінші бөлігінің 3) тармақшасының нормалары бұл жағдайда қол-

данылмайды, өйткені осы талаптың талап қою арызында болмауы 

талап  қою  арызын  кері  қайтаруға  әкеп  соғатын  жойылмайтын 

кемшілікке жатпайды. Мәміленің жарамсыздығының салдарларын 

қолдану туралы талапты істі сот талқылауына дайындау сатысында 

сот нақтылайды.

4. АПК-нің 163-бабына сәйкес сот істі сот талқылауына дайын-

дау сатысында істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды 

нақтылап, даудың қандай құқықтық қатынастан туындағанын және 

істі шешу кезінде заңның қандай нормалары қолдануға жататынын 

анықтауға тиіс. 

5. Мәміленің жарамсыздығы және олардың жарамсыздығының 

салдарларын қолдану туралы мәселені шешу кезінде соттар осы 

құқықтық қатынастар туындаған кезде қолданыста болған заңна-

маны басшылыққа алуға тиіс. 

Жарамсыз  мәмілелер  бойынша  қатынастарды  реттеудің  және 

олардың  жарамсыздығының  салдарларын  қолданудың  бұрынғы 

тәртібіне түзетулерді көздейтін нормативтік құқықтық акт, ол қол-

данысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтық қатынастарға қол-

данылады. Нормативтік құқықтық актінің не оның бөлігінің кері күші 

оның өзінде немесе оны қолданысқа енгізу туралы актіде көзделген 

кезде айырықша жағдайлар болып табылады. 

6. Соттар осы санаттағы істерді қарау кезінде АК-нің 147-бабы 

бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар 

мен мiндеттерді белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған 

әрекеттерi мәмiлелер деп танылатынын негізге алуы қажет.

Мәмілелерді жарамсыз деп тану және олардың жарамсыздығының 

салдарларын қолдану туралы істерді қарауға кірісе отырып, соттар 

сотқа жүгініп отырған талап қоюшы қойған талаптың нысанасы 

мен негізін, iс үшiн маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталға-

нын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, тараптардың 

құқықтық  қатынастары  қандай  екенін  айқындауға  және  осыған 

байланысты  даулы  құқықтық  қатынас  реттелетін  материалдық 

нормаларды қолдануға және осы нормалардың негізінде талапты 

шешуге тиіс (АПК-нің 225-бабының бірінші бөлігі). 

Осы  мән-жай  АПК-нің  4-бабына  сай  келеді,  оның  қағидалары 

бойынша азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұ-

зылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүд-

делерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және 

жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт 

жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу 

мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру 

азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады. 

7. Мәмiленің жарамсыздығының негiздерiн, сондай-ақ оны жа-

рамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар тұлғаларды анықтау 

кезінде соттар АК-нің 157-бабының 2-тармағына сәйкес олар тек 

АК-мен ғана емес (158, 159, 160, 337, 411-баптар және басқалар), 

сонымен  қатар  өзге  де  заңнамалық  актілермен  анықталатынын 

қаперге алуға тиіс. 

Мәмілелердің жарамсыздығы туралы нормалар «Неке (ерлі-за-

йыптылық)  және  отбасы  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

кодексінде (43-бап), «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 

13  мамырдағы  №  415-II  (74-баптың  1-тармағы),  «Iшкi  су  көлiгi 

туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 (82-бабының 2-тармағы), 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 

24 маусымдағы № 291-IV (36-бабының 14-тармағы), «Оңалту және 

банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V (7-бап) 

Қазақстан Республикасының заңдарында және басқа да заңнамалық 

актілерде қамтылған. 

АК-нің  аталған  нормалары  және  өзге  де  заңнамалық  актілер 

мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы істерді қарау кезінде де, сот-

тар осы не өзге мәмілелерге (тараптар өздерінің талаптарын және 

қарсылықтарын негіздеуге сілтеме жасаған) олардың жарамдылығы 

немесе жарамсыздығы нысанасы бойынша баға беретін басқа санат-

тағы істерді қарау кезінде де қолданылады. 

Егер сот тараптар іс бойынша дәлелдеме ретінде осы немесе өзге 

мәмілелерге сілтеме жасаған дауды қарау кезінде мәміле оның ны-

санына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік 

білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылып жасалғанын 

анықтаған жағдайда,онда сот осы мәміленің мүдделі адамның талап 

қоюы бойынша заңның талаптарына сай жарамсыз деп танылуын 

(даулы  мәміле)  немесе  заңда  тікелей  көрсетілуіне  байланысты, 

яғни осындай тануға қарамастан (мәніссіз мәміле),жарамсыз екенін 

айқындайды.

Егер сот мәміленің даулы екенін анықтаса, онда ол тараптарға осы 

мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа дербес талаппен жүгінуге 

құқылы екендігін түсіндіруге тиіс. 

Егер  сот  мәміленің  заңда  тікелей  көрсетілгендей  жарамсыз 

екенін анықтаса (мысалы, АК-нің 23-бабында (АК-нің 159-бабының 

3-тармағы) көзделген мәмілелерден басқа, он төрт жасқа дейiнгi 

кәмелетке  толмаған  (жас  бала)  жасаған  жарамсыз  мәмілелер), 

онда сот мәмілені толығымен немесе оны жекелеген шарттар бөлі-

гінде жарамсыз деп таниды, мәміленің жарамсыз екенін растайды 

және оның жарамсыздығының салдарларын қолданады. Аталған 

мән-жайларда сотқа осындай мәмілені жарамсыз деп тану туралы 

талап қою арқылы жүгіну қажет емес. 

8. Тараптардың бірінің мәміле бойынша алынғанның барлығын 

екінші  тарапқа  қайтарып  беру  міндеті  (екітарапты  реституция) 

түріндегі салдар, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдай-

да  (оның  ішінде,  мүлікті  пайдалану,  орындалған  жұмыс  немесе 

көрсетілген қызмет түрінде алынған болса), қайтарылуға жататын 

мүліктің құнын, мүлікті пайдаланудың, орындалған жұмыстардың 

немесе көрсетілген қызметтердің құнын ақшалай түрде өтеу, егер 

мәмілелер жарамсыздығының өзге де салдары АК-де көзделмеген 

жағдайда ғана қолданылады. 

Мәміленің  жарамсыздығының  өзге  де  салдарлары  157-баптың 

4және 5-тармақтарында (тәркілеу), 260-бапта (виндикация) және 

АК-нің басқа да нормаларында көзделген.

9. Соттарға меншік иесінің мүлікті АК-нің 260-бабына сай өзгенің 

заңсыз иелігінен талап етуі (виндикация) бір жағдайларда мәмілені 

оның болмауына байланысты жарамсыз деп танымастан меншік 

құқығын  қорғау  ретінде,  ал  басқа  жағдайларда  –  орын  алған 

мән-жайларды ескере отырып, мәміленің жарамсыздығының сал-

дарлары ретінде қолданылуы мүмкін екені түсіндірілсін.

10. Мәміленің жарамсыздығының салдарларын дұрыс қолдану 

мақсатында соттар мәміле тараптарын, тараптардың бірі меншік 

иесі болып табылатынын-табылмайтынын, жарамсыз мәміле бой-

ынша қандай нақтылы салдарлар туындағанын және осыны негізге 

ала отырып, аталған салдарларды қолданудың АК-нің қандай нор-

масымен реттелетінін анықтауы қажет.

11. Егер мәмілені оны жасауға құқығы жоқ адам жасаса, онда 

мәміленің жарамсыздығының салдарлары, жалпы қағида бойынша, 

меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз иелігінен АК-нің 260-бабының 

негізінде талап етуі түрінде туындайды (виндикация).

12.  Меншік  иесі  мүлікті  басқа  адамдардан  талап  етуді  жүзеге 

асырған жағдайларда, салдарларды виндикация түрінде қолдану 

мына мән-жайлардың болуына немесе болмауына: мүлікті иеліктен 

шығару жөніндегі мәміленің ақылы немесе ақысыз болып табыла-

тынына-табылмайтынына; иеленушінің адалдығына немесе жосық-

сыздығына; мүлікті меншік иесінің: иелігінен соңғының еркінен тыс 

немесе оның еркімен айыру тәсіліне байланысты. 

АК-нің 261-бабының 2-тармағына сәйкес, егер мүлiк оны иелiктен 

шығаруға құқығы жоқ адамнан өтеусіз түрде алынса, меншiк иесi 

барлық жағдайларда мүлiктi талап етiп алдыруға құқылы.

Орын алған жағдайға, мәміленің жасалу орнына, бағаларға және 

басқа  да  факторларға  қарап,  сатушының  осы  мүлікке  иелік  ету 

құқығының болмағаны туралы білген немесе болжаған адам жо-

сықсыз иеленуші болып табылады. Осындай мән-жайлар кезінде 

меншік иесінің барлық жағдайларда да өзінің мүлкін виндикация-

лауға құқығы бар.

Адал алушы - бұл оған мүлік ақылы түрде берілгенге дейін осы 

мүлік сатылып алынған адамның оны иелiктен шығаруға құқығы 

болмағанын  бiлмеген  және  бiлуге  тиiс  болмаған  адам  (АК-нің 

261-бабының 1-тармағы). 

Егер даулы мүлікке қатысты ақылы мәміле жасау кезінде үшiншi 

тұлғалардың заңды талаптары болса, олар туралы ол білсе және 

осындай талаптар кейiннен белгiленген тәртiппен жөні бар деп 

танылса, алушы адал болып саналуы мүмкін емес. 

13. Соттар мәміленің жарамсыздығының салдарларын қараған 

кезде адамды адал иеленуші деп тану туралы жауапкердің қарсы 

талап қоюы талап етілмейді, өйткені бұл мәселені шешу іс бойынша 

дәлелдемелерге баға беру кезінде соттың міндетіне кіреді.

Соттың иеленушіні адал иеленуші деп тануы адал иеленушіден 

мүлікті талап ету туралы меншік иесі қойған талапты қанағаттанды-

рудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

Меншік  иесі  АК-нің  261-бабында  көзделген  негіздер  болған 

жағдайда  ғана  адал  алушыдан  мүлікті  талап  етуі  мүмкін  (адал 

алушының мүлiкті өтеусіз алуы, меншiк иесiнің немесе меншiк иесi 

мүлiктi иеленуге берген адамның мүлiктi жоғалтуы не мұның еке-

уiнен де ұрлануы не бұлардың еркiнен тыс өзге жолмен олардың 

иелігінен шығып қалуы).

Мүлікті  адал  алушыдан  талап  ету  құқығын  беретін  негіздерді 

зерделей  отырып,  соттар  мүліктің  меншік  иесінің  еркінен  тыс 

шығып кету фактісін анықтау үшін олардың туындау мән-жайларын 

айқындағаны жөн. Сот бұл фактіні мән-жайларды және тараптар 

ұсынған дәлелдемелерді негізге алып, әрбір нақтылы іс бойынша 

жеке анықтауға тиіс. 

Мүлiктi меншiк иесi немесе меншiк иесi мүлiктi иеленуге берген 

адам жоғалтқан жағдайда мүлікті адал иеленушіден талап ету ту-

ралы мәселені шешу кезінде соттар мән-жайларды және айырылуға 

әкеп соққан себептерді назарға алуға және баға беруге тиіс.

Меншік иесінің мүлікті басқа адамның иелігіне беру (жалға беру, 

өтеусіз пайдалану, сақтау шарттары бойынша және тағы сол си-

яқты) негізі құқыққа сыйымды әрі заңды болуға тиіс. 

Мүліктің иеліктен шығуының өзге жолдарына, атап айтқанда ал-

даудың, күш қолданудың, қорқытудың әсерімен мәмілелерді жасау, 

меншік иесі өкілінің адасудың әсерімен басқа адаммен теріс ниетпен 

келісім жасауы және тағы басқа жағдайлар жатады. 

Орынды сақтық, парасаттылық, құнттылық танытқан адал алушы-

ның мүдделері, егер меншік иесі сотта мүлiктi меншiк иесi немесе 

меншiк иесi мүлiктi иеленуге берген адам жоғалтқанын, не біреуі-

нен немесе екіншісінен ұрланғанын не бұлардың еркiнен тыс өзге 

жолмен олардың иелігінен шығып қалғанын дәлелдемеген жағдайда 

ғана қорғалуға жатады. 

14. Мәміленің жарамсыздығының салдарларын қолдану кезінде, 

егер сот бір (бірінші) жарамсыз мәмілені жасаудың нәтижесінде 

даулы мүлікті келесі мәмілелердің негізінде жаңа алушының қай-

тадан иеліктен шығарғанын анықтаса, екіжақты реституция салдар 

ретінде қолданылмайтынын соттардың ескергені жөн. 

Соттың АПК-нің 157-бабының 8-тармағы бойынша бірінші мәмілені 

жарамсыз деп тануы оның жарамсыздығына байланысты емес заң-

дық салдарларды қоспағанда, қандай да бір заңдық салдарларға 

әкеп  соқпайды  және  егер  АК-де,  заңнамалық  актілерде  өзгеше 

көзделмесе немесе мәміленің мәнінен немесе мазмұнынан өзгеше 

туындамаса, жасалған сәттен бастап жарамсыз болып танылады. 

Мәмілені жарамсыз деп танудың салдарынан талап қоюшыда АК-

нің 260 және 261-баптарының тәртібімен адал иеленушiден мүлiктi 

талап ету не жарамсыз мәмілелер бойынша өзге де салдарды қол-

дану құқығы туындайды. 

15.  Соттар  мәмілелер  жарамсыздығының  салдарлары  ретінде 

қолданылатын  реституция  мен  виндикацияның  мақсаттары  ұқ-

сас:жоғалтқан мүлікті қайтару болатынын түсіндірсін. 

Реституция кезінде жарамсыз мәміле бойынша алынған мүлікті 

қайтару туралы талап жалпы қағида бойынша алынған мүлік үшін 

осы мүліктің барлығын кері қайтаруға әкеп соғады. Виндикация 

кезінде  талап  қоюшы  мен  жауапкердің  арасында  міндеттемелік 

қатынастардың болмауына байланысты, соңғысы талап қоюшыға 

(виндикантқа) қандай да бір талаптарды мәлімдей алмайды.

Мәміленің жарамсыздығының салдары ретінде виндикацияны қол-

дану жауапкерді оның даулы мүлкін сатқан адамға жарамсыз мәміле 

бойынша алынған ақша қаражатыннемесе өзге де мүлікті қайтару 

туралы өз бетімен талап қою, сондай-ақ келтірілген залалды өтеуді 

талап ету құқығынан айырмайды.

16. АК-нің нормаларында мүлікті адал алушыдан талап ету бой-

ынша шектеу жағдайлары көзделеді.

АК-нің 262-бабы бойынша ақшалар, сондай-ақ ұсынушыға ар-

налған бағалы қағаздар адал иеленушіден талап етілуі мүмкін емес. 

АК-нің 261-бабының 3-тармағына сәйкес егер мүлiк сот шешiм-

дерiн орындау үшiн белгiленген тәртiпте сатылса, осы баптың 1-тар-

мағында көрсетiлген негiздер бойынша мүлiктi талап етіп алуға жол 

берiлмейдi. Мұндай құқықтық реттеу сот актілерінің орындалуының 

тұрақтылығын қамтамасыз ету және адал алушыны қорғау мақсат-

тарына сай келеді.

Осы  норманың  мағынасы  мен  мазмұны  бойынша  сот  шешімін 

орындау тәртібімен сатылған мүлікті талап етуге сот орындаушы-

ның әрекеттері, оның ішіндеөткізілген сауда-саттықтың нәтижелері 

заңсыз деп танылған жағдайда ғана мүмкін болады. 

17. Жарамсыз мәмілені және оның жарамсыздық салдарларын 

қолдану туралы мәселелер тек азаматтық істі қарау кезінде ғана 

емес, қылмыстық істі қарау кезінде де қолданылатынына соттардың 

назары аударылсын.

Атап айтқанда, жалған кәсіпкерлік туралы қылмыстық істі қарау 

кезінде  сотталушының  мүліктік  пайда  табу  фактісін  анықтаған 

соттар, олар құқықтық тәртiп негiздерiне немесе адамгершiлiкке 

көрiнеу  қайшы  келетiн  мақсатпен  жасалғандықтан,  кәсіпкерлік 

қызметпен айналысу ниетінің болғанын куәландырмайтын (ақша 

қаражаттарын қолма қол ақшаға айналдыру, делдалдық қызмет-

тер және тағы сол сияқтылар) және заңға сәйкес жарамсыз болып 

табылатын (мәніссіз), нысаны бойынша заңды, бірақ мақсаты мен 

мазмұны бойынша жалған болып табылатын мәмілелерге баға бе-

руге тиіс (АПК-нің 158-бабы 1-тармағы).

Сот  қылмыстық  істі  қарау  кезінде  сотталушының  меншігінде 

тұрған  мүліктің  қылмыстық  жолмен  табылғанын  не  қылмыстық 

жолмен табылған қаражатқа сатып алынғанын, үшінші тұлғаларға 

ресімделгенін анықтаған жағдайда, сот осындай мәмілелерді қарай 

отырып, оларды заң бойынша жарамсыз (мәніссіз) мәміле ретінде 

бағалап, АК-нің 158-бабының 1-тармағын басшылыққа алуға тиіс.

Сот мәміленің қылмыстық мақсаттарға бағытталғанын анықтап 

және екі тараптың да жымысқы ниеті болған кезде АК-нің 157-бабы 

4-тармағының негізінде мәміленің жарамсыздығының салдарларын 

тараптар  заңсыз  мәміле  бойынша  алған  немесе  алуға  арналған 

барлық мүлікті тәркілеу түрінде қолдану туралы шешім қабылдайды.

Бір тарап осындай мәмілені орындаған кезде басқа тараптан ол 

алғанның бәрі және мәміле бойынша бірінші тарапқа одан тиесілінің 

бәрі тәркіленуге жатады. Тараптардың бірде бірі орындауға кіріспе-

се, мәміле бойынша орындау үшін көзделгеннің бәрі тәркіленуге 

жатады.

Егер сот қылмыстық мақсатқа жету жөніндегі жымысқы ниеттің 



тараптардың бірінде ғана бар екенін анықтаса, онда оның мәміле 

бойынша алғандарының бәрі басқа тарапқа қайтарылуға жатады, 

ал соңғының алғандары не мәміле бойынша оған тиесілінің бәрі 

тәркiленуге тиiс(АК-нің 157-бабының 4-тармағы).

Мүлікті тәркілеу бір жақтылы реституция жағдайында, сондай-ақ 

мәміленің жарамсыздығына кінәлі тараптың мүлкі мемлекет кірісіне 

өндірілген не екі тараптың да арам ниеті болған кезде тараптардың 

мәміле бойынша алған барлық мүлкі өндірілген кезде мәміленің 

жарамсыздығының салдарлары ретінде қолданылатынын соттар 

назарда ұстаулары қажет.

Сотталғанның меншігі болып табылатын, сондай-ақ қылмыс жасау 

тәсілі немесе құралы болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір 

бөлігін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу түрінде қолда-

нылатын мүлікті тәркілеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық 

кодексінде (бұдан әрі – ҚК) көзделген жағдайларда қосымша жаза 

түрі болып табылады.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде қолданылатын мүлікті тәркілеугеқа-

рағанда, азаматтық-құқықтық қатынастарда тәркілеу санкция ретін-

де, оның ішінде ҚК-нің нормаларымен (мысалы, ҚК-нің 215-бабының 

бірінші бөлігі – жалған кәсіпкерлік бойынша) қылмыстық сот ісін 

жүргізуде тәркілеу қосымша жаза ретінде белгіленбеген жағдайлар-

да да мәміле жарамсыздығының салдары болып табылады.

18. Сот істің нақты мән-жайларын ескере отырып, ҚК-нің 157-ба-

бының 4 және 5-тармақтарында көзделген салдарларды жарамсыз 

мәміле  бойынша  алынған  не  алынуға  жататын  мүлікті  тәркілеу 

бөлігінде ішінара не толық қолданбауға құқылы. Онда осы бөлікте 

АК-нің 157-бабының 3-тармағында көзделген салдарлар туындайды.

 19. АК-нің 157-бабының 1-тармағына сәйкес мәміленің нысанына, 

мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру 

бостандығына  қойылатын  талаптар  бұзылған  жағдайда  мәміле 

мүдделі тұлғалардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың 

талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін. 

Осы ретте мүдделі тұлға деп көрсетілген мәмілені жасаудың нәти-

жесінде құқықтары және заңды мүдделері бұзылған немесе бұзылуы 

мүмкін тұлға түсініледі. 

Егер  даулы  мүліктің  меншік  иесі  болып  табылмайтын  мүдделі 

тұлға мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қою арқылы сотқа 

жүгінсе, онда мәміленің жарамсыздығының салдарларын қолдану 

туралы мәселені шешу кезінде осы тұлғалардың заттық құқықтары 

қорғалуға жатады. 

АК-нің 265-бабының мағынасы мен мазмұны бойынша АК-нің 259, 

260, 261, 262, 263 және 264-баптарында көзделген құқықтар меншiк 

иесi болмағанымен, бірақ заңды негізде мүлiктi иеленетін адамға 

да тиесілі. Осы адам өз иелiгiн меншiк иесiнен де қорғауға құқылы.

20. АК-нің 160-бабының 1-тармағына сәйкес заңдық салдарлар 

туғызу ниетiн көздемей, тек көз алдау үшiн ғана жасалған жалған 

мәмiле жарамсыз болады.

Тараптардың белгілі бір әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) бо-

луымен немесе болмауымен және іс бойынша басқа да дәлелде-

мелермен (мысалы, мүліктің берілмеуі және сол сияқты) расталуы 

мүмкін белгілі бір заңдық салдарлардың туындауына тараптардың 

мәміле бойынша еркінің болмауы жалған мәмілелердің жарамсыз-

дығына (мәніссіз болуына) әкеп соғады. 

21. Бүркемеленген мәміле бойынша істерді қарау кезінде сотта-

рАК-нің 160-бабының 2-тармағының мағынасын негізге алулары қа-

жет. Заңның аталған нормаларының қағидалары бойынша мәміле-

лердің қаралып отырған санаты екі түрден: бүркемелейтін және 

(бүркемеленген)мәміледен тұрады (мысалы, сатып алу және сату 

шарты сенімхатпен, қарыз және одан кейінгі кепілдік шарты сыйға 

тарту, сату және сатып алу шарттарын ресімдеумен, өсиет шарты 

сыйға тарту шартымен бүркемеленеді және сол сияқты).

Басқа мәмілені жасыру мақсатында қулықпен жасалған мәміле 

жарамсыз (мәніссіз) болып табылады. Сондықтан мәмiленiң сипатын 

ескере отырып, соттар тараптар шын мәнiнде ойлаған мәмiлеге 

қатысты қағидалардықолдануы қажет.

22. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу ту-

ралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 

310-III Заңының 33-бабына сәйкес құқықтық кадастрдың тіркеу 

парағындағы жазбалардың күшін жоюды соттың заңды күшіне енген 

шешімінің негізінде тіркеуші орган жүзеге асырады.

Ауыртпалықтардың болуы мәмілені немесе өзге де құқық бел-

гілейтін құжатты жарамсыз деп тану туралы сот актісінің орында-

луына кедергі болмауға тиіс. 

Ауыртпалықтар болған кезде жылжымайтын мүлікке құқықтың 

туындағанын тіркеу туралы жазбаның күші жойылған жағдайда тір-

кеуші орган сот актісі келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні 

ішінде кепіл ұстаушыны немесе шешімі бойынша шектеу қойылған 

тиісті уәкілетті органды құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы 

жазбаның күші жойылғаны туралы хабардар етуге тиіс. 

Осыған  байланысты,  жылжымайтын  мүлікке  құқықтарды  мем-

лекеттік  тіркеуді  заңсыз,  жарамсыз  деп  тану  туралы,  құқықтық 

кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күшін жою туралы талап-

кердің талап қоюы қанағаттандырылуға жатпайды.

Уәкілетті  орган  заңды  күшіне  енген  сот  актілерінің  негізінде 

құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күшін жоюдан 

бас тартқан жағдайда, осы бас тартудан құқығы бұзылған адам АПК-

нің 29-тарауында белгіленген тәртіппен көрсетілген әрекеттерге 

(әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы. 

23. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес 

осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, 

жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғаш ресми жари-

яланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 0.59 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет