Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер



жүктеу 0.59 Mb.

бет3/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6

ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТІНЕ 

ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ 

ӘДІСТЕРІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Бірінші жартыжылдықтың қорытын­

дыларына арналған Бас прокуратура 

алқасының жиналысында Жақып Аса­

нов салада құрылымдық өзгерістер 

болатынын мәлімдеді.

«Біз консервативті және жартылай 

жабықпыз. Бірақ айналамызда бұрын 

барлығы өзгеріп кеткен. Елбасы атап 

көр сеткендей, құқық қорғау жүйесі 

кеңес тік кезеңнің құндылықтарына 

жүгінеді және қоғам сұраныстарына жа­

уап бермейді. Сондықтан құрылымды 

үш блокқа бөлеміз. Бірінші. Қоғаммен 

байланыс. Басымдықтарды халықтың 

сұраныстарын  негізге  ала  отырып 

айқын даймыз. Дәл осы қоғам – біздің 

жұмысымызға тапсырыс беруші. Екінші 

блок. Алдын алу. Біз бұзушылықтар мен 

жазалауды анықтауға дағдыланғанбыз. 

Алдағы уақытта бұзушылыққа жол бер­

меуге күш саламыз. Үшінші. Бұл жедел 

бөлімшелер. Олардың міндеті – тергеу, 

соттарға қатысу, өтініштермен жұмыс, 

қадағалап тексеру», – деді Ж.Асанов.

Бас прокурордың айтуынша, сенім­

нің төмендігінің бір себебі – жұмыстың 

ескірген әдістері. Осы жағдайды жа қ­

сар ту үшін ол жұмысқа жобалық әдісті 

енгізуді ұсынды.

«Президент 90­шы жылдары жо­

ба лық  менеджмент  туралы  айтқан 

бола тын.  Оның  басты  басымдығы 

– нәтижеге бағытталған командалық 

жұмыс.  Бүгінгі  күнде  біз  процеске 

ба са  назар  аударамыз.  Сондықтан 

аза мат  тар үшін сезімтал мәселелер 

бойын   ша жобалық тәсілді қолданамыз. 

Тәжірибеміз бар. Бұл – түрмедегі халық 

бойынша, татуласу бойынша жобалар. 

Бүгінде қоржынымызда 22 жоба бар. 

Оларды іске асыру үшін нақты ірік­

телген прокурорларды үйреттік», – деп 

атап көрсетті қадағалаушы орган бас­

шысы. 

АЛЫСТАҒЫ АЗАМАТТАРДЫҢ 

ПІКІРІН ТЫҢДАУ МАҢЫЗДЫ

Ж.Асанов есепті жиын барысын да 

Бас прокуратура басшылығы жыл дың 

соңына дейін өңірлерде азаматтар ды 

қабылдайтынын айтты. «Әрбір ша­

ғым – бұл адамның жан айқайы. Оны 

қарауымызға қарай билікке деген сенім 

қалыптасады. Әр азамат біздің одақта­

сымызға  айналуы  керек.  Тіпті  заң 

бойынша бас тартуға мәжбүр болғанда 

да. Барлығы біздің тілімізге және сен­

діре білуімізге байланысты.

Күрделі ойлар. Құрғақ сілтемелер. 

Қатаң тіл. Адамдар біздің жауапта­

рымызды түсінбейді. Біз әртүрлі пла­

не тадан  сияқтымыз.  Ештеңе  түсін­

беген соң, БАҚ­қа, үкіметтік емес және 

халықаралық ұйымдарға барады. Сон­

дықтан да шағым артуда. Бұны қалай 

түзетуге болады? 

Жауапты  адами  тілмен  беру  ке­

рек.  Тіпті  білімі  жоқтың  өзі  бізді 

оңай түсінуге тиіс. Арыз берушінің 

барлық  дәлелдерін  нөмірлеу  керек 

және оларға дәлел келтіріп жауап беру 

керек. Шағымның мәнін түсіну керек. 

Кейде адамның нақты нені қалайтыны 

анық болмай жатады. Соншама көңіл­

күйін білдіреді де, дәлел келтірмейді. 

Сондықтан өтініште не болуға тиістігі 

анық жазылуға тиіс және өзінің талап­

тарын қалайша дұрыс жеткізу керек­

тігін көрсететін шаблонды дайындадық. 

«Тиімді шағымдар қоғамына» жобасын 

іске асырамыз.

Өңірлерге шығу керек. Көптен бері 

мұны  істемедік.  Кабинеттерде  жа­

былып  отырмыз.  Арыз  берушімен 

жеке байланыс ол үшін де, біз үшін де 

маңызды. Барлық басшылық жылдың 

соңына дейін өңірлерде азаматтарды 

қабылдайтын болады», – деді Ж.Асанов.

 Алқа жұмысының қорытындысы 

бойынша Бас прокурор қадағалау және 

құқық қорғау қызметінің тиімділігін 

арттыру бойынша бірқатар жауапты 

міндеттер  қойды.  Прокурорлардың 

қызметі алдағы жарты жылда қылмысты 

ескерту жөніндегі профилактикалық іс­

шараларды күшейтуге, азаматтардың, 

қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен 

мүдделерін тиімді қорғауға бағытталған 

шараларды қабылдауға бағдарлануы 

тиіс.


Жер қатынастарын реттеу, еңбек 

дауларын  ескерту,  үлескерлер  мен 

ипотекашылардың құқықтарын қорғау, 

теріс пиғылды құрылысшылардың қыз­

метіне бақылауды күшейту мәселелері 

прокурорлардың ерекше назарын та­

лап ететін өзекті проблемалар ретінде 

белгіленді. Осы жұмыстардың аясында 

үлескерлік құрылысқа қатысушыларды 

қорғауға бағытталған алдағы заңна­

малық өзгерістерді түсіндіру бойын­

ша  ауқымды  ақпараттық  жұмысты 

ұйымдастыру тапсырылды. Сондай­ақ, 

экстремистік көріністердің профилак­

тикасына, терроризм қаупін, олардың 

қоғам мен мемлекетке тигізетін теріс 

әсерлерін азайтуға бағытталған жүйелі 

жұмысты қамтамасыз ету жүктелді.

Кәсіпкерлікті  қорғау  саласында 

мемлекеттік органдардың бизнеске 

заңсыз араласуынан қорғау кепілдігін 

қамтамасыз ету, негізсіз тексерістер 

санын қысқарту тапсырмасы қойылды.

Сотқа дейінгі тергеу, есепке алу­тіркеу 

тәртібі, соттарда мемлекет мүддесіне 

өкілдік ету, мемлекеттік айыптауды 

қолдау салаларына, сот актілеріне, 

атқарушылық өндіріске қадағалауды 

күшейтудің  маңыздылығы  аталып 

өтілді.


К.ЫСҚАҚОВА,

«Заң газеті»

(Соңы. Басы 1-бетте)

Жақып АСАНОВ, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры:

«ЕСЕП ҮШІН ЕМЕС,  ЕЛ  ИГІЛІГІ ҮШІН 



ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ТИІСПІЗ»

Тереңінен үңілсек, қазаққа бітімгершілік жат 

емес. Бабаларымыз дауды да, келіспеушілікті де 

алысқа созбай, ағайын арасындағы татулықты 

сақтай отырып бейбіт шешкен. Тіпті, құн дауының 

өзі тараптарды татуластыру арқылы бейбіт мәреге 

жеткен. Сонда темір торсыз­ақ тентекті түзеген, та­

раптарды бірден мәмілеге келтірген дала заңының 

құдыреті неде?

Осы сұраққа жауап іздегенде, ең алдымен, 

ағайын арасындағы сыйластық ауызға оралады. 

Өйткені, ол заманда да тентектер, ол кезде де 

келіспеушіліктер болған. Жерін тартып алып, ма­

лын барымталап, әлсізге күш көрсетпек болған 



Марат КҮЗДЕУБАЕВ,

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының 

мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы

жуан жұдырықтар қай кезде де кездескен. Бірақ, 

арысынан айырылып, барын біреуге қолды ет­

кен ағайынның өзі ашу шақырып, істі насырға 

шаптыруға тырыспаған. Ортаға кісі салып, мәселені 

мейлінше бейбіт шешуге тырысқан. Ал, бізде 

көршілер арасындағы келіспеушіліктің өзі сотта 

шешіліп жатады. Мәселен, қоршауды орнынан 

қозғау, қоқыс төгу, белгіленген жерден өтіп кету 

деген сияқты түйткілдерді ақсақалдарды ортаға 

салып­ақ шешуге болмай ма? Жоқ, бізде қасарысқан 

қос тарап міндетті түрде сотқа келіп, мәселесін 

үлкен мінберде талқылауы керек. Одан кейін жер, 

үйін тастап басқа жаққа көшіп кетсе бір сәрі. 

Осындай болмашы дауды қуып жүргендер «Көрші 

ақысы, тәңір ақысы» «Үй алар болсаң, алдымен 

көршіңді таңда» деген халық даналығын ескермей­

тін сияқты. Ертеңін ойлаған адам көршісімен жау­

ласпас болар. Өйткені, үлкендер бір­бірімен араз 

болған соң ертең олардың баласы, немересі бір­бірі­

не қырын қарайды. Мұның барлығы сот отырысы 

барысында азаматтардың қаперіне салынады. Бірақ, 

содан нәтиже шығарып, көршілердің кешірім­

ге келуі сирек. Бұл қарапайым ғана мысал. Ал, 

«үйімнің төбесін бүлдірдің, қоршауын қираттың» 

деп қасқайып сотқа келетіндерді медиацияға 

шақыру мүмкін болмай отырғанда басқа құқық 

бұзушылықтар бойынша ортақ мәмілеге келтірудің 

қаншалықты қиын тиетіні айтпаса да түсінікті. 

Кешірім берудің азаюы кісілік қасиеттің кеміп бара 

жатқанын көрсететіндей.

Г.ЖЕКСЕМБІНОВА,

Қаратал аудандық сотының судьясы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ



№81 (2859) 

26 шілде 2016

5

zangazet@mail.ru



НОРМАТИВТІК  ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ

 № 4  НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫСЫ

2016 жылғы 7 шілде                                  Астана қаласы

Соттардың қылмыстық істер бойынша келісімдік 

тәртіпте іс жүргізу практикасы туралы

Соттардың қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу практи-

касын талқылай келіп, сот практикасының бірлігін қамтамасыз ету және кінәні 

мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу және соттардың 

қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу кезінде заңнаманы 

дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы 

отырысы 


қаулы етеді:

1. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім (бұдан 

әрі - кінәні мойындау туралы келісім) жасасудың негізгі мақсаты қылмыстарды 

жылдам және толық ашу, тергеп-тексеру және Қазақстан Республикасы Қыл-

мыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 8-бабында көзделген өзге де 

қылмыстық процесс міндеттерін заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары 

мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, кінәсіздік презумпциясы және қылмы-

стық процестің басқа да негізгі бастапқы қағидаттарын қатаң ұстана отырып, 

жасалған келісімге сәйкес соттың сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруі 

және істің қысқартылған тәртіппен сотта талқылауын  жүзеге асыруы жолымен 

шұғыл орындауы болып табылатыны түсіндірілсін.

2. Кінәні мойындау туралы келісім онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа 

не ауыр қылмыстарға немесе олардың жиынтығы бойынша ғана жасалуы мүмкін.

ҚПК-нің 613-бабының екінші бөлігінің 1) тармағының талаптарына сәйкес, 

егер қылмыстардың жиынтығы орын алса, олардың ең болмағанда біреуі аса 

ауыр қылмыстар санатына жатса, не күдікті, айыпталушы, сотталушы жиын-

тыққа кіретін қылмыстың ең болмағанда біреуін жасаған дегенкүдікпен, айып-

таумен келіспесе, онда кінәні мойындау туралы келісім жасасуға жол берілмейді.

Егер мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу іс бойынша 

тараптар болып табылмайтын басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүд-

делеріне әсер ететін болса, онда кінәні мойындау туралы келісімді жасасуға 

болмайды. 

3. Кінәні мойындау туралы келісім күдіктінің, айыпталушының, сотталушының 

немесе оның қорғаушысының өтінішхаты бойынша не прокурордың бастамасы 

бойынша жасалуы мүмкін. Қорғаушының өтінішхаты бойынша немесе проку-

рордың бастамасы бойынша кінәні мойындау туралы келісім жасасу кезінде 

күдіктінің, айыпталушының осындай келісімді жасасуды қалайтынын ерікті түрде 

білдіруі сотқа дейінгі тергеу сатысында қылмыстық істе тиісінше анықталуға 

және тіркелуге тиіс.

Қылмыстық-процестік заң кінәні мойындау туралы келісім жасасу  жөніндегі 

өтінішхаттың белгілі бір нысанын белгілемейді, сондықтан ҚПК-нің 99-бабының 

екінші бөлігінің талаптарына сәйкес жазбаша өтінішхат қылмыстық іс матери-

алдарына тіркелуге, ауызша өтінішхат – тергеу әрекеті немесе сот отырысы 

хаттамасына енгізілуге тиіс.

4. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының не оның қорғаушысының не-

месе прокурордың кінәні мойындау туралы келісім жасасу жөніндегі өтінішхаты 

сотқа дейінгііс жүргізу сатысында – адамның күдікті мәртебесін алған сәтінен 

бастап, бірінші және апелляциялық сатыдағы сотта – соттың кеңесу бөлмесіне 

кетуіне дейін берілуі мүмкін. 

5. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша кінәні мойындау туралы 

келісім жасасу заңда көзделмеген.

Адам қылмыстық теріс қылық және кінәні мойындау туралы келісім жасала-

тын қылмыс жасаған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы олар бойынша 

істерді біріктірмеуі тиіс, өйткені қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша сотқа 

дейінгі іс жүргізу хаттамалық нысанда, ал қылмыс туралы іс бойынша іс жүргізу 

процестік келісім шеңберінде ҚПК-нің 63-тарауында көзделген қағидаларға 

сәйкес жүзеге асырылады.

Адам қылмыстық теріс қылық және кінәні мойындау туралы келісімге қол жет-

кізілмеген және жасалмаған қылмыс жасаған кезде, олар бойынша қылмыстық 

істер ҚПК-нің 526-бабының төртінші бөлігіне сәйкес анықтау не алдын ала тергеу 

нысанында бірыңғай іс жүргізу үшін біріктірілуі мүмкін.

6. Егер сотқа кінәні мойындау келісімі жасалған аса ауыр қылмыстар санатына 

жатпайтын қылмыстар мен қылмыстық теріс қылық істері біріктірілген іс келіп 

түссе, онда сот ҚПК-нің талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді 

жүргізу мүмкіндігін бере отырып, істі алдын ала тыңдаудан прокурорға кері 

қайтарады.

7. Егер сотқа ең болмаса біреуі аса ауыр қылмысқа жататын екі немесе одан да 

көп қылмыс жасаған адамға қатысты кінәні мойындау туралы жасалған келісімі 

бар қылмыстық іс келіп түссе, онда сот істі келісімдік іс жүргізу тәртібінде қарауға 

негіздің болмауына байланысты алдын ала тыңдаудан прокурорға қайтарады.

8. Егер бірнеше адамды айыптау туралы қылмыстық іс бойынша сот талқыла-

уы барысында олардың біріне қатысты кінәні мойындау туралы келісім жасасу 

жөнінде өтінішхат келіп түссе, онда сот ҚПК-нің 628-бабына сәйкес сот талқыла-

уында үзіліс алып тараптарға оны жасасу үшін ақылға сыйымды мерзім береді. 

Кінәні мойындау туралы келісім жасалған жағдайда, судья ҚПК-нің 44-бабының 

бірінші бөлігінің 4) тармағына сәйкес кінәні мойындау туралы келісім жасасқан 

сотталушыға қатысты қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөледі және ҚПК-нің 

64-тарауының қағидалары бойынша келісімдік іс жүргізу тәртібінде қарауға не 

оны қарау үшін басқа судьяға жіберуге құқылы. 

Сот қылмыстық істен кінәні мойындау туралы келісім жасаған сотталушыға 

қатысты істі жеке іс жүргізуге бөлген кезде, басқа сотталушыларға қатысты 

қылмыстық іс бойынша сот талқылауы жалпы тәртіппен жалғасады.

9. Егер аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық іс бойынша басты сот талқы-

лауы барысында мемлекеттік айыптаушы айыптаудан ішінара бас тарту жо-

лымен айыптауды неғұрлым жеңіл қылмысқа өзгертсе әрі жәбірленуші бұрынғы 

айыпты талап етпесе, онда сот істің бөлігін тоқтатып, ал   тараптарға жаңа 

айыптау бойынша олардың кінәні мойындау туралы келісім жасасу құқықтары 

барын түсіндіруі тиіс.

10. Қылмыстық процесті жүргізуші орган кінәні мойындау туралы келісім жа-

сасу жөніндегі өтінішхатты прокурорға жібергенге дейін жәбірленушіге ҚПК-нің 

71-бабы алтыншы бөлігінің 22) тармағының талаптарына сәйкес тараптардың 

келісім жасасу ниеті туралы, оның шарттары мен салдарлары туралы білуге, 

қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жа-

сасуға қарсылық білдіруге құқығы бар екенін түсіндіруге міндетті. Сотқа дейінгі 

тергеп-тексеру сатысында аталған әрекетті жүргізу туралы ҚПК-нің 199-бабы-

ның талаптарын сақтай отырып, хаттама жасалады, ал сот талқылауында – сот 

отырысының хаттамасына енгізіледі. 

Қылмыстық процесте кінәні мойындау туралы келісім жасасу сатысында жәбір-

ленушінің құқықтарын тиісінше қамтамасыз ету және жәбірленушінің келісімді 

жасасуға келісімін алу мақсатында прокурор жәбірленушіге оның кінәні мойын-

дау туралы келісім жасасуға келісуінің ҚПК-нің 614-бабында көзделген құқықтық 

салдары туралы қосымша түсіндіруі тиіс. Осы әрекетті жүргізу туралы прокурор 

ҚПК-нің 199-бабының талаптарын сақтай отырып, хаттама жасайды. 

Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші (жеке немесе заңды тұлға) жоқ болған 

жағдайды қоспағанда, жәбірленушінің кінәні мойындау туралы келісім жасасуға 

келісуі оны жасасудың міндетті шарты болып табылады, сондықтан жәбір-

ленушінің мұндай келісімі қылмыстық іс материалдарына жазбаша нысанда 

жәбірленушіге оның құқықтарын және кінәні мойындау туралы келісім жасасуға 

келісім беруінің салдарларын түсіндіру хаттамасымен қоса  тігілуге тиіс.

11. ҚПК-нің 614-бабының екінші бөлігіне және 63-тарауының басқа норма-

ларына сәйкес күдікті, айыпталушы, сотталушы ғана кінәні мойындаудан бас 

тартуға құқылы. Жәбірленушінің келісім жасасуға берген өзініңкелісімінен бас 

тарту құқығы заңда көзделмеген. Одан басқа, ҚПК-нің 614-бабының бірінші 

бөлігінің 3) тармағына сәйкес кінәні мойындау туралы келісім жасасуға келісімін 

берген жәбірленуші залалды өтеу мөлшері туралы талапты одан әрі өзгерту 

құқығынан айырылады. Алайда, ҚПК-нің 614-бабының үшінші бөлігіне сәйкес  

кінәні мойындау туралы келісім жәбірленушіні және азаматтық талапкерді осы 

қылмыстық іс бойынша немесе азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде азаматтық 

талап қою құқығынан айырмайды. 

ҚПК-нің 614-бабының үшінші бөлігінің нормасы жәбірленушінің келісімімен 

кінәні мойындау туралы келісім жасалғаннан кейін қылмыспен келтірілген 

зиянды өтеу мәселесі бойынша олардың ұстанымы келісім жасалғаннан кейін 

туындаған мән-жайларға байланысты (мысалы, емделуге жұмсалатын шығын-

дар, дәрі-дәрмек сатып алу және тағы басқа) өзгерген жағдайларда, жәбірле-

нушінің және азаматтық талапкердің талап қою құқығын  бекітеді. Бұл ретте, 

жаңа мән-жайлар болмаған кезде жәбірленуші мен азаматтық талапкер өзінің 

келісімімен кінәні мойындау туралы келісімде көрсетілген зиян сомасын ұлғайту 

туралы мәселе қоюға құқылы емес. 

12. Егер қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып заңды тұлға танылса, 

онда кінәні мойындау туралы келісім жасасуға келісімді заңды тұлғаның осындай 

өкілеттілік берген өкілі береді.

Кінәні мойындау туралы келісім қылмыстық іс бойынша жәбірленуші – жеке 

немесе заңды тұлға жоқ болған кезде де жасалуы мүмкін (мысалы, есірткі зат-

тарының заңсыз айналымы және тағы басқа істер бойынша). 

13. Кінәні мойындау туралы келісімде соттың сотталушыға жазаның белгілі бір 

түрі мен мөлшерін тағайындауға тиісшарт болмауы керек, онда ҚПК-нің 616-ба-

бының бірінші бөлігінің 8) тармағына сәйкес прокурордың сот  алдында өтініш 

білдіретін жазаның түрі мен мөлшері көрсетілуі тиіс. 

14. Кінәні мойындау туралы келісімді жасаған кезде прокурор оған күдіктінің, 

айыпталушының өз кінәсін мойындауы шарт деп тануға құқылы емес. Кінәні 

мойындау туралы келісімде ҚПК-нің 613-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағына сәй-

кес күдікті, айыпталушы келтірілген күдікке, айыптауға және жасалған қылмыс 

туралы істегі бар дәлелдемелерге, өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне 

дауласпағанын көрсету жеткілікті болып табылады.

15. Егер өзінің құқығын сотта пайдаланған сотталушы кінәні мойындау туралы 

келісім жасасудан бас тартса, онда сот қылмыстық істі ҚПК-нің 626-бабы бірінші 

бөлігінің 1) тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді жалпы тәртіппен жүргізу 

үшін прокурорға кері қайтарады. Келісімдік іс жүргізуде сотталушының кінәлі 

еместігі және кінәні мойындау туралы келісімді мәжбүрлеп жасағаны туралы 

өтініші де сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін прокурорға кері қайтаруға 

әкеп соғады.

16. Кінәні мойындау туралы келісімде маскүнемдіктен, нашақорлықтан немесе 

уытқұмарлықтан емделуді қажет етеді деп танылған сотталғанға медициналық 

сипаттағы мәжбүрлеп емдеуді тағайындау туралы шарт болмаған кезде, осы 

мәжбүрлеу шарасын сот өз бастамасы бойынша тағайындай алмайды. Мұндай 

жағдайда сот ҚПК-нің 623-бабы бірінші бөлігінің 3) тармағының немесе 626-ба-

бының бірінші бөлігінің 2) тармағының негізінде жаңа келісім жасасу үшін қыл-

мыстық істі прокурорға кері қайтаруға құқылы.

17. Сотталушының кінәні мойындау туралы келісімді жасасудан бас тар-

туына сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін жол беріледі. Келісімдік іс жүргізу 

қорытындысы бойынша айыптау үкімі шыққаннан кейін сотталғанның кінәні 

мойындау туралы келісімді жасасудан бас тартуға құқығы жоқ, бірақ ҚПК-нің 

48-тарауында көзделген тәртіппен үкімге шағым жасай алады. Бұл ретте, сот-

тың кеңесу бөлмесіне кеткеннен кейін сотталушының кінәні мойындау туралы 

келісімді жасасудан бас тартуы  сот үкімінің күшін жоюға негіз болып табыл-

майды. Келісімдік іс жүргізуде істі қарау қорытындысы бойынша шығарылған 

сот үкімінің күшін  апелляциялық сатыдағы сот тек ҚПК-нің 433-бабында 

көзделген негіздер бойынша, оның ішінде кінәні мойындау туралы келісімді 

жасасу  немесе келісімдік іс жүргізу тәртібінде қылмыстық істі қарау барысында 

қылмыстық процестік заңның едәуір бұзылуына жол берілген кезде ғана  жоя 

және өзгерте алады.  

18. Күдікті, айыпталушы, сотталушы немесе прокурор кінәні мойындау тура-

лы келісімді жасасу жөніндегі өтінішті мәлімдеген және оны жасаған жағдайда 

қорғаушының қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуы ҚПК-нің 67-бабының 

бірінші бөлігінің 11) тармағының талаптарына сәйкес міндетті болып табылады. 

Кәмелетке толмаған күдікті, айыпталушы, сотталушы  прокурормен кінәні мой-

ындау туралы келісім жасаған кезде ҚПК-нің 537-бабының үшінші бөлігінің және 

542-бабының үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес осы процестік әрекетке олар-

дың  қорғаушысымен қатар міндетті түрде ҚПК-нің 7-бабының 13) тармағында 

көрсетілген адамдар қатарынан  заңды өкілі де қатысады.  

19. Судья кінәні мойындау туралы келісімі бар қылмыстық іс бойынша сот 

талқылауын тағайындау туралы тиісті қаулы шығарады. Бұл ретте, соттың 

қылмыстық істерді келісімдік іс жүргізу тәртібінде қарауы ҚПК-нің 625-бабында 

көзделген қағидалар бойынша сот тергеуін, сот жарыссөзін жүргізбестен және 

сотталушыға соңғы сөз берместен жүзеге асырылады.   

20. Сот келісімдік іс жүргізуді кінәні мойындау туралы жасалған келісім шегінде 

жүргізеді. Сот келісімдік іс жүргізуде, егер сотталушының жағдайын нашарлат-

паса және оның қорғану құқығын бұзбаса, кінәні мойындау туралы келісімде 

көзделмеген шешімді қабылдауға құқылы.

21. Қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібінде ҚПК-нің 625-бабының алтын-

шы бөлігіне және 382-бабының екінші бөлігіне сәйкес он тәулікке дейінгі мерзім-

де қаралуға тиіс, ерекше жағдайларда осы мерзім судьяның уәжді қаулысымен 

жиырма тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін. 

22. Басты сот талқылауы барысында кінәні мойындау туралы процестік келісім 

жасасу туралы өтінішхат келіп түскен жағдайда, судья ҚПК-нің628-бабының бірін-

ші бөлігінің талаптарына сәйкес сот талқылауында үзіліс алып, тараптарға келісім 

жасасуы үшін ақылға қонымды мерзім береді. Бұл ретте, қылмыстық іс прокурорға 

жіберілмейді, сотта қалады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, процестік 

келісім жасасу туралы мәселені шешу үшін келіп түскен өтінішхатты қылмыстық 

іс материалдарымен бірге прокурорға жіберетіні туралы ҚПК-нің 615-бабының 

екінші бөлігінің ережелері сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында ғана қолданылады.

23. Сот келісімдік іс жүргізудің нәтижелері бойынша сотталушыға прокурордың 

өтінішхатпен кінәні мойындау туралы келісімге сәйкес соттың алдында сұраған 

жазаның түрі мен мөлшерінен неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға да, процестік 

келісімде көрсетілген жазаның түрімен және мөлшерімен келіспеуге байланысты 

жаңа келісім жасасуға мүмкіндік беріп, істі прокурорға кері қайтаруға да құқылы.  

24. Сот кінәні мойындау туралы келісімде көзделген жазадан неғұрлым қатаң 

жаза тағайындауға құқылы емес. Егер сот кінәні мойындау туралы келісімде 

көзделген жазаның түрімен және мөлшерімен оны жеңіл деп есептей отырып 

келіспесе, онда қылмыстық іс ҚПК-нің 623-бабының бірінші бөлігінің 3) тар-

мағына және 626-бабының бірінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес жаңа келісім 

жасасуға мүмкіндік бере отырып, прокурорға кері қайтарады.

25. Істі келісімдік іс жүргізу тәртібінде қарау кезінде Қазақстан Республикасы 

Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 67-бабын қолдануға жол берілмейді, 

өйткені бұл норма  ынтымақтастық туралы процестік келісім жасаған тұлғаға 

және ол келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда ғана қолданылады.

26. Келісімдік іс жүргізуде ҚК-нің 68-бабының бірінші бөлігінде көзделген 

жағдайлар анықталған кезде, сот ҚПК-нің 35-бабының бірінші бөлігінің 12) 

тармақшасына және ҚПК-нің 626-бабының бірінші бөлігінің 4) тармақшасына 

сәйкес татуласуға байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату 

туралы қаулы шығарады.

Келісімдік іс жүргізуде кінәні мойындау туралы келісімді қарау қорытындысы 

бойынша соттың ҚПК-нің 36-бабында және ҚК-нің 68-бабының екінші және үшін-

ші бөліктерінде көзделген негіздер бойынша істі тоқтату туралы қаулы шығаруы-

на жол берілмейді. Бұл жағдайда сот қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, 

айыптау үкiмiн шығаруға немесе қылмыстық істі прокурорға қайтаруға құқылы.

27. Келісімдік іс жүргізуде кінәні мойындау туралы келісімді қараудың қоры-

тындылары бойынша ақтау үкімін шығару көзделмеген. ҚПК-нің 35-бабында 

көрсетілген мән-жайлар анықталған кезде және олар зерттеуді қажет етпесе, 

сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтату  туралы қаулы шығарады.

28. ҚПК-нің 626-бабының бірінші бөлігінің 5) тармағына сәйкес айыптау 

үкімінде азаматтық талап және кінәні мойындау туралы келісімге сәйкес басқа да 

жазалар бойынша сот шешімі болуға тиіс. Заңның көрсетілген талаптарын қамта-

масыз ету мақсатында кінәні мойындау туралы келісімде іс бойынша процестік 

шығындар болған кезде, оларды сотталғаннан өндіріп алу не оларды мемлекет 

есебіне жатқызу туралы көрсетілуге тиіс.

29. ҚПК-нің 87-бабының мағынасы бойынша істі прокурорға келісімдік іс жүр-

гізу тәртібінде қарауға негіздердің болмауына байланысты кері қайтарған судья, 

бұл іс кінәні мойындау туралы жаңа келісіммен бірге сотқа қайтадан келіп түскен 

кезде осы негіз бойынша ғана қарсылық білдірмеуі тиіс және ол бұл істі келісімдік 

іс жүргізу тәртібінде қарауға құқылы.   

30. Келісімдік іс жүргізу тәртібінде кінәні мойындау туралы мәміле нысанын-

дағы процестік келісіммен бірге сотқа келіп түскен қылмыстық істер, сондай-ақ 

басты сот талқылауы барысында не істі апелляциялық іс жүргізуде қарау кезінде 

кінәні мойындау туралы келісім жасалған қылмыстық істер қаралады. 

Ынтымақтастық туралы келісім жасаған және оның шарттарын орындаған сот-

талған адамға қатысты іс прокурордың өтінішхатымен бірге келісімдік іс жүргізу 

тәртібінде қаралуға тиіс емес, ол ҚПК-нің 476, 477 және 478-баптарына сәйкес 

үкімді орындау тәртібімен қаралуға жатады.

31. Апелляциялық сатыдағы сотта сотталғанға қатысты кінәні мойындау тура-

лы процестік келісім жасалуы мүмкін емес, өйткені ҚПК-нің 615-бабына сәйкес 

осындай келісім жасасу туралы өтінішхатты беруге қорғаушы мен прокурордан 

басқа күдікті, айыпталушы және сотталушы ғана құқылы. Одан басқа, ҚПК-нің 

65-бабының жетінші бөлігінің 5) тармағына сәйкес сотталған ынтымақтастық 

туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты беругеғана құқылы. Осыған 

байланысты, ҚПК-нің 429-бабының бесінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, 

апелляциялық сатыдағы сот отырысында кінәні мойындау туралы келісім бірінші 

сатыдағы сот үкімі заңда көзделген негіздемелер бойынша жойылған соң және 

апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бой-

ынша қылмыстық істі қарауға ауысқаннан кейін ғана жасалуы мүмкін. Бұл ретте, 

кінәні мойындау туралы келісім жасалған жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот 

қылмыстық істі келісімдік іс жүргізу тәртібінде қарау туралы қаулы шығарып, істі 

ҚПК-нің 64-тарауының қағидалары бойынша қарайды және ҚПК-нің 626-бабын-

да көзделген шешімдердің бірін шығарады.

32. Кассациялық сатыдағы сотта, яғни сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін 

қылмыстық іс бойынша кінәні мойындау туралы келісім жасасуға жол берілмейді.

33.Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының  1-тармағына сәй-

кес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі, жалпыға 

бірдей міндетті болып табылады және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 

қолданысқа енгізіледі.




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал