әкімшілік айыппұл төлейтін болды.
№81 (2859)
26 шілде 2016
3
zangazet@mail.ru
ҚОҒАМ
«Жау жағадан алғанда, бөрі етек-
тен тартады» демекші, дағдарыс қы
сып тұрған қазіргідей ауыр шақта
қал тасын қалыңдатуды ойлап, түр лі
тауарлардың бағасын негізсіз көте
ре тіндер көбейіп кетті. Осыған орай,
жер гілікті құзырлы органдар бағаны
негіз сіз көтеруге жол бермеу шарала-
рын жасауда. Табиғи монополияларды
рет теу және бәсекелестікті қорғау
коми те тінің Ақмола облыстық депар-
таменті АИ92/93 және АИ95/96 бен-
зиндері бағасының көтерілуі туралы
шағымдарға орай монополиялық субь-
ектілерге тексеру жүргізген. Шара ба-
рысында астыртын өзара келісу арқылы
бензин бағасын еш негізсіз көтерген
9 жанаржағармай нарығының субь-
ектілері анықталып, олардың үстінен
әкімшілік іс қозғалды. «Қаскенов және
компания» серіктестігінің бұндай баға
ны негізсіз көтеру әрекеті бір жылдың
ішінде екінші рет қайталанған.
– Қоғамдық дүрбелең тудырған
аран датушылардың арасында жоғары
оқу орындарының бірінің студенті, 1995
жылы туылған Шынар есімді азаматша
бар. Ол әлеуметтік желіде жазылған өз
хабарламасында Алматыдағы «Сити
Плюс» сауда үйінде адамдардың кепіл
ге алынғандығы, құрбан болғандардың
бар екендігі жайында мәлімет таратқан.
Тағы бір жалған мәлімет таратушы
– 1993 жылы туған Арыстан деген
аза мат. (Атыжөндері өзгертіліп алын
ды) Ол коммуникациялық желілер
ре сур сын пайдалана отырып қаланың
төменгі бөлі гінде 100 қарулы адамның
азаматтарды қырып жатқаны жайын-
да мақсатты түрде жалған ақпарат
таратқан. Қазіргі таңда жалған ақпарат
таратушылардың екеуі де ұсталып, ҚР
ҚК 274бабының 2бөлігінде қарас
ты рылған қылмыс белгілері бойынша
сотқа дейінгі тергеу аясында жауап алы-
нуда. Жақын арада процессуалдық не-
гізде күдіктілерге қатысты бұлтартпау
шарасы тағайындалады, – деді Алматы
қалалық ІІД ресми өкілі полиция майо-
ры Салтанат Әзірбек.
(Соңы. Басы 1-бетте)
Пәрмен
Аталмыш серіктестік бағаны не-
гізсіз көтеру нәтижесінде тапқан
табы сы ның бес пайызын сот шешімі-
мен мем лекет бюджетіне салатын
болды. Заң ды бұзған тағы бір жанар
жағармай нарығының субъектісі –
«Инком Плюстің» сот шешімімен
142190 теңге көлемінде айыппұл
төлеуіне тура келді.
Ақмола облысы әкімінің жанынан
құрылған бағаны реттеу жөніндегі
комис сияның жұмыс тобы халық
тұты натын тауарларды, оның ішінде
күнделікті тұтынатын азықтүлік тауар
лары бағасының негізсіз көтерілмеуін
үнемі қадағалап отырады. Комиссия
жұмысының нәтижесі болар, соңғы
жылдарда азықтүлік бағасын негізсіз
көтеру жағдайы орын алған жоқ.
Қалкөз ЖҮСІП,
«Заң газеті»
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
АУРУ МАЛ АЖАЛ
ОШАҒЫНА АЙНАЛДЫ
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Мәселе
Оң қадам
БАСШЫЛАР НЕГЕ АЛДЫМЕН
АҚТАЛУДЫ ОЙЛАЙДЫ?
Біздегі бір жаман әдет, өліп бара
жатсақ та кемшілікті мойындағымыз
келмейді. Еркіндік ауылындағы жағ
дай соның анық көрінісі. Әйтпесе,
сол ауылда елу жылдан бері өлекселер
көміліп келген қоршаусыз мал қоры
мы болған. Елу жылда қаншама ұрпақ
жаңарып, қаншама әкім, ветеринар
өзгерді. Солардың біреуі неге да-
был қағып, күмәнді, қауіпті жер-
ді қоршауға алуға ықпал етпеген.
Бізге міндетті түрде адам жоғалту
керек, сонда ғана қимылдаймыз.
Онда да өзімізді кінәлі сезінуден гөрі
ақтауға тырысамыз. Мысалы, «Егемен
Қазақстан» газетіндегі (23.06.2016 ж)
«Шеттегі шетін мәселе» тақырыбында
осы жағдайға қатысты өткен бри-
финг барысы баяндалады. Баспасөз
мәслихатында облыстың жауапты ше-
неуніктері Қарағанды облысындағы
ауылдан сібір жарасы шықты деген
күдіктің әзірге расталмағанын алға
тартады. 4 маусымда мал ауырады,
содан кейін сойылып, елге сатылады,
18 маусымда ауыл тұрғындары ауы-
рып, «сібір жарасы» деген күдікпен
ауруханаға жатқызылады. 2021 мау
сымда екі науқас қайтыс болады.
Соның өзінде басшылар жағдайды
баспасөз мәслихаты арқылы жоққа
шығарғысы келеді. Оған мына
мәлімдеме дәлел: «Республикалық
ветеринария зертханасының»
Қарағанды облыстық филиалының
2016 жылғы 21 маусымындағы сынақ
хаттамасына сәйкес, сойылған малға
«сібір жарасы» диагнозы қойылды.
Дегенмен, мұны Ветеринария бойын-
ша Ұлттық референттік орталықтың
мамандары әзірге растаған жоқ.
Қазіргі уақытта бұл іске білікті де-
ген мамандар жұмылдырылып, жан
жақты зерттеу жұмыстары жүргізіліп
жатыр». Бұл облыс шенеуніктерінің
23 маусымдағы мәлімдемесі, адам
өліп жатса да ауру малды, сол арқылы
өздерін ақтап алғысы келеді. Бұдан
кейін не дейсіз?
Мамандардың мәліметінше, дене-
дегі кесел топыраққа тараса, бакте-
риялар 100 жылға дейін өмір сүрмек.
Бұған дейін де Шет ауданында сібір
жарасы байқалған. Ал, Еркіндікте
50 жыл бұрын тіркеліпті. Жоғарыда
айтқан, мал көметін қорымға 50 жыл
болған. Бактерияның 100 жылға дейін
өмір сүретінін ескерсек, осының
өзі біраз жайттың бетін ашпай ма?
Өкініштісі, бізде бір шындықтың шеті
шыққанымен, екіншісі жабулы қазан
күйінде қалады.
ПАВЛОДАРЛЫҚ
ВЕТЕРИНАРЛАРҒА АДАМ ӨМІРІ
ОЙЫНШЫҚ СЕКІЛДІ
Бұдан кейін көп ұзамай, яғни,
маусым айының соңғы он күндігінде
павлодарлық мал дәрігерлері ет ба-
зарына сатылымға түскен еттен сібір
жарасын анықтап, дабыл қақты. Бірақ,
облыстың бас мал дәрігерінің де
қарағандылық әріптестері сынды адам
өміріне төнген қауіптің малдан екенін
мойындағысы келмегені байқалады.
Өйткені, Павлодар облыстық зертхана
мамандары сараптамаға жіберілген
еттен ештеңе таппаған. Есесіне, Аста-
на қаласындағы орталық зертхана
облыстың өрескел қатесін түзеген.
Өрескел деп отырғанымыз, облыстық
ветеринария саласының басшысы бұл
тұрғыда өзінің «облыстық зертханаға
сау, ал, бас қалаға ауру малдың еті
жіберілуі мүмкін» деген уәжін біл-
діреді. Сонда тексеруге ойларына
келген етті жіберетіндей адам өмірін
жалмап жатқан ауруды анықтау
ойыншық болғаны ма? Мұның ар
жағында өз қызметтеріндегі кемшілік-
ті жасырыпжауып қалу сынды тағы
бір шикіліктің бары анық. Сондай
ақ, бұл жағдай облыстық зертхана
мен ветеринарлар жұмысының сын
көтермейтіндігін байқатады.
БІЗДІ ҚҰРТАТЫН –
ЖАЛҒАН ЕСЕП
Сібір жарасы Алматы облысы-
на да төтенше жағдай орнатқаны
көпке мәлім. Кербұлақ ауданында
тосын жағдайды шұғыл бақылауына
алған аудан прокурорлары ветерина-
рия саласынан біраз былық тапты.
Соның ең сорақысы, жалған есеп,
яғни, сібір жарасына қарсы вакцина
малдарға тек құжат бойынша егіл ген.
Бұдан салынбаған вакцинаға қаты
рып құжат жасау қиын еместігіне
куә боламыз. Ветеринарлардың 30
мыңнан астам вакцинаны жертөлеге
жинап қойғандағы көздегені не,
оны анықтау құқық қорғау орган-
дары қызметкерлерінің құзырында.
Құдайға шүкір дерлігі, аталған облыс
тұрғындары өлімжітімнен аман.
Үш облыстағы жағдайдың ұзын
ырғасын тағы бір шолсақ, Кербұлақ
ауданына бөлінген вакцина жертөлеге
жиналған. Еркіндік ауылының мал-
дарына вакцина наурыздың соңында,
ал, Ұзынсуда сәуірде егілген. Сөйте
тұра, халық аурудың зардабын шекті.
Қарағанды мен Павлодар облыс
тарының бірінде екі, енді бірінде бір
адам көз жұмды.
Жоғарыда айтқанымыздай, маман-
дар вакцина егілген малдан тараған
ауруға сан түрлі болжам жасауда.
Бізді таңғалдырған бір уәж – «екпе
кезінде мал жұлқынып, соның сал-
дарынан вакцина дұрыс салынбай
қалуы мүмкін» болды. Мұны ка-
рантин 26 шілдеге дейін жалғасқан
«Ұзынсу» ауылына қатысты пікірінде
облыстық аумақтық инспекция бас
шысы айтты. Біздің бұл сөзден ұққа
нымыз – ауырғанына екпені дұрыс
салдырмаған малдың өзі де кінәлі.
Жалпы, бүгінде ауыл шаруашы
лығының ветеринария саласы да «сен
салар да, мен салар, атқа жемді кім
салардың» кебін киіп тұр. Үш облыс
тағы жағдай осыны анық аңғартады.
Түймегүл СМАҒҰЛҚЫЗЫ,
«Заң газеті»
Облыс орталығы Талдықорған
қаласындағы Қаратал шағын ауда-
нында салынып жатқан көпсалалы
аурухананың халыққа толықтай
талапқа сай қызмет көрсететін
күні алыс емес. Осы нысанды өз
бақылауында ұстап отырған өңір
басшысы Амандық Баталов жуыр-
да ашылуға тиіс медициналық
мекеменің жай-жапсарымен таны-
сып, тағы бір мәрте аралап, жаңа
ғимараттың сыртқы келбеті мен
көгалдандырылуына мән беріп,
қоршаған ортаның науқастардың
тез сауығуына ықпал жасап,
жағымды әсер етуі керектігін қадап
айтты.
«Қаскенов және компания» ЖШС-і жанар-жағармай бағасын
негізсіз көтергені үшін айыпты деп танылып, сот шешімімен заңсыз
тапқан табысының бес пайызы мөлшерінде мемлекет пайдасына
айыппұл төлейтін болды.
Криминалдық полицияның дерегі бойынша, сотқа дейінгі тергеу
аясында бөлімше қызметкерлері жүргізген кешенді жедел шара-
лар нәтижесінде дәйексіз мәліметтерді белсенді таратушылардың
жеке бастары анықталды.
Әлі толық іске кірісе қоймаған ауруханада
әзірге үш бөлім жұмыс жасауда. Тәулігіне 19 адам-
ды қабылдап, портал бойынша тіркелген 8 науқасқа
медициналық көмек көрсететін дәрігерлер ота
жасауға да мүмкіндік алған. Толық пайдалануға
берілгенде 300 төсектік медициналық мекемеде
болашақта неврология, нейрохирургия, офтальмо-
логия, эндокринология, урология, пульманология,
травматология мен нейроинсульттық бөлімдер
жұмыс істейтін болады.
Жаңа нысанның кіре берісінен басталатын
қызмет сапасына зер салған әкім, анықтама бөлі
мінің компьютермен жабдықталуын, электрондық
жүйеде жұмыс істеуін, науқастарды тез тіркеп,
жедел қызмет көрсетуі үшін барлық мүмкіндіктер
болу керектігін жауапты мамандарға тапсырды.
Амандық Ғаббасұлы дәрігерлердің жиын өткізетін
мәжіліс залының безендірілуіне де мән беріп, бар
лық талапқа сай болуын қадағалады. Бұдан кейін,
бірін ші қабаттағы терапия бөлімін аралап, онда
орна тылған құралжабдықтардың сапасы мен
жатын бөлмелерді көрді. Екінші қабаттағы хирур-
гия, үшінші қабаттағы операциялық бөлімдерге
орнатылған қажетті медициналық аппараттардың
жаңа үлгісімен танысты. Жаңа салынған ғимаратта
емделіп жатқан Сарқан ауданынан келген Тілеулес
Мазимбаева мұндағы қызмет көрсету сапасы да
көңілден шығатынын айтып, дәрігерлердің көрсет
кен қызметтеріне дән риза екенін жеткізсе, зейнет-
кер Владимир Нью аурухананың Қаратал өзенінің
бойына салынуы құптарлық екенін ерекше атады.
Көпсалалық аурухана медицинаның ең озық
тех нологияларымен жабдықталған. Мекеме функ
ционал дық диагностика, компьютерлік, магнит ті
резонансты томография, лапароскопиялық құрыл
ғының бес түрімен қамтылған. Бұл технология
лар ауруды дер кезінде анықтап, жедел көмек
көрсету ге мүмкіндік береді. Анығын айтқанда, бұл
құрылғылардың республикамыз көлемінде санау-
лы ғана екенін, ол мүмкіндікке талдықорғандық
дәрігерлердің қол жеткізіп отырғандығын айтқан
Амандық Баталов, аппараттармен мамандардың
жұмыс істей білуі де маңызды екеніне тоқталып,
білікті мамандарды шақырту, дәрігерлерді қайта
оқудан өткізу мәселесінің қалай шешімін тауып
жатқанына мән беріп, бұл істің ойдағыдай жүзеге
асуын қадағалауды тиісті мамандарға қатаң тап-
сырды. Үш қабатты еңселі ғимараттың кір жуа-
тын, ас пісіретін екінші жақ бөлігін де аралаған
өңір басшысы мұндағы соңғы үлгідегі кір жуатын
машиналар мен ас пісіретін плита, бу тартатын
құрылғы, тоңазытқыштың дұрыс орналасуына
дейін зер салып, бұған жауапты мамандардың да
іс тетігін, техника тілін білуі қажеттігін ескертті.
Осы салаға жауапты облыс әкімінің орынба-
сары Бақтияр Өнербаевқа, облыстық Денсаулық
сақтау басқармасының басшысы Асқан Байду-
валиевке кейбір кемшін тұстарды атап айтып,
оны аурухананың ашылу күніне дейін ретке
келтіруді тапсырды. Бұдан бөлек, облыс басшы-
сы нысан пайдалануға берілгеннен кейін ауру-
ханада күнделікті жұмыс істейтін медициналық
қызметкерлердің қатынауында, оған қоса мұндағы
науқастар мен олардың жағдайын сұрап келетін
туыстардың келіпкетуіне ешбір қиындық туында-
мауы үшін жол қатынасы мәселесін назарға алуды
қала әкімі Бағдат Қарасаевқа жүктеді. Сондайақ,
аурухана басшысы Сәуле Құсмолдановаға жаңа
үлгіде салынған мекеменің халыққа сапалы, мінсіз
медициналық қызмет көрсетуі қажеттігін тапсы-
рып, ауруханада білікті мамандарды топтастыруды
тапсырды.
Айтақын БҰЛҒАҚОВ,
«Заң газеті»
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
БАҒАНЫ НЕГІЗСІЗ КӨТЕРГЕНДЕР
АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ
ЖАЛҒАН МӘЛІМЕТ
ТАРАТҚАНДАРҒА ЖАЗА БАР
Сонымен қатар, полиция бөлімін
дегілер көпекөрінеу жалған ақпарат
таратқан басқа да тұлғаларды анықтап,
ары қарай оларға қолданыстағы заңна
маға сәйкес жаза қолдану үшін же-
деліздестіру шарасының жалғасып
жатқандығын айтты.
«Азаматтарды тағы да заң талапта-
рын сақтауға шақырамыз. Қазақстан Ре-
спубликасы Қылмыстық Кодексінің жаңа
редакциясында БАҚ немесе басқа да
ақпараттықкоммуникациялық желілер-
ді пайдалана отырып қасақана жалған
ақпарат таратқандық үшін жауапкершілік
қарастырылған. Осыған бай ланысты,
әрбір азамат әлеуметтік желі лерде
болсын, басқа да ресурстарда болсын
өзінің ойын, пікірін, пайымын, уәждерін
ақылға салып барып жариялауы тиіс.
Сондықтан, дереккөзі белгісіз, күмәнді
мәліметтерді таратуға жағдайлар,
алғышарттар жасамауға шақы рамыз.
Тек ресми ақпараттарды ғана пайдалану
қажет», – деді майор С.Әзірбек.
Гүлнар ЖАМАНҚҰЛОВА,
Алматы қаласының
ІІД Баспасөз-қызметі
4
№81 (2859)
26 шілде 2016
zangazet@mail.ru
ТАРАЗЫ
Мінбер
Қалыптасқан жағдай кадр саяса
тының қағидаларын түбегейлі қайта
қарауды, персоналды іріктеудің алдың
ғы қатарлы құралдарын енгізуді талап
етті. «Ұлт жоспары прокурорлардың
кәсіби корпусын қалыптастыруға
мүмкіндік береді. «100 нақты қадамның»
нәтижесінде мемлекеттік аппаратқа
азаматтардың және елдің мүдделерін
қорғауға қабілетті ең үздіктер ғана ірік
телетін болады», – деп атап көрсетті Бас
Прокурор.
Жергілікті жерлердегі прокурор
лардың жұмыс тиімділігін арттыру
мақсатында олардың қызметтерін
бағалаудың өлшемдерін түбегейлі
өзгерту, жұмыстың ескірген әдістерінен
бас тарту қажеттілігі аталып өтілді.
Прокуратура қызметіне жобалық ме
неджмент қағидаларын енгізу қажет,
оның басты артықшылығы нәтижеге
бағытталған командалық жұмыста.
«Жұмыс істегісі және өскісі келетін
әрбір прокурордың тиімді болуы мін
детті саналады. Ол қазіргі заманғы
менеджменттің технологиясын игеруі
тиіс», – деді Ж.Асанов өз сөзінде.
Азаматтардың өтініштерімен жұ
мыс, халықпен кері байланысты ор
ната білу ерекше назарды талап етеді.
«Қызметкер әрбір іске, өтінішке, шағым
ға жеке жауапкершілігін сезінуі тиіс.
Жұмысты бағалаудың ұстанымдарын
өзгерту қажет. Біздер жәй есеп үшін
емес, азаматтарды қорғауға жұмыс істе
уіміз керек. Билікке деген сенім осыған
тәуелді», – деп атап көрсетті Бас Проку
рор. Шынында да, халықпен өзара тығыз
ісқимылды орнатудың, тұрғындарды
әртүрлі ақпараттықанықтамалық мате
риалдармен қамтамасыз етудің маңызы
зор. Осы мақсатта алдағы уақытта
прокурордың 100 практикалық кеңесін
жарыққа шығару көзделіп отыр, бұл
әртүрлі өмірлік жағдайлар бойынша
нақты ұсыныстардан құралады.
ХАЛЫҚ ПЕН БАҚ
ЖАҒЫМСЫЗ ПІКІРДЕ...
Қадағалау органдарының жарты
жылдық жұмысын бағалаған Бас Про
курор алға қойған міндеттердің де
салмағын бағамдады. «Азаматтардың
құқықтарын қорғауға қосқан үлесіміз
жайлы көп айта беруге болады. Бірақ,
жұмысымызға наразы адамдар аз емес.
Жұртшылық бізді, көбінесе, жазалаушы
орган деп санайды. Сөзіміз бен ісіміз
бір жерден шыға бермейді, ал бастама
ларымыз құр сөз, бос ұрандату деген
Дау мұраты — бітім
Съезд қарсаңында
Тәуелсіздік алғалы бері дамыған елдердің тәжірибесіне көбірек үңіліп,
жақсысын меңгеруге тырысып келе жатқанымыз рас. Сондайда заңгерлер
«Еуропа елдерінде даулардың 40 пайызы, АҚШ-та 80 пайызы, Қытайда
30 пайызы медиациямен шешіледі» деп өзге елдерге тамсанып жатады.
Ал, тарихты парақтар болсақ, біздің бабаларымыз дауларды 100 пайыз
медиа циямен шешкен жоқ па?
1996 жылы Қазақстан Республикасының Судьяларының бірін-
ші съезінде қабылданған Судьялар әдебі кодексі айтарлықтай ескір-
гені және ол судьялардың этикалық жүріс-тұрыс ұстанымдарындағы
көптеген бағыттарды қамтымайтындығы, сондай-ақ, нақты
шектеулердің болмауы келеңсіздіктердің орын алуын тудыратын
бірден-бір жағдай болып табылатындығы кейінгі кезде бұқаралық
ақпарат құралдарында аз айтылып жүрген жоқ.
КЕШІРІМДІ БОЛУ — КІСІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
САРАПШЫЛАР КОДЕКС ЖОБАСЫН
ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тап
сырмасына орай Жоғарғы Сотта арнайы ша
ралар қабылданып, судьялар корпусының
талаптілектері мен ұсыныспікірлері ескеріле
отырып жаңа Әдеп кодексінің жобасы жасалды.
Жаңа Әдеп кодексі судьялардың жүрістұрыс
ұстанымдарының Бангалор принциптеріне
және басқа да халықаралық кәсіби этикалық
ережелердің стандарттарына негізделген.
1011 маусымда Венеция қаласында өткен
Демократияға құқық арқылы Еуропалық
комиссиясының 107 жалпы отырысында
қазақстандық судьялардың жаңа Әдеп кодексінің
жобасы мақұлданып, бекітілді. Құрамына Еуро
па елдеріне мүше барлық 47 мемлекет кіретін
бұл беделді халықаралық ұйымға Қазақстан 2011
жылдың қарашасында мүшелікке өткеннен бері
комиссия елімізге демократияға құқық арқылы
өту мәселелері бойынша кеңес беріп келеді.
Жаңа кодексті бүкіл қоғам өкілдері талқыға са
лып, тиісті толықтырулар мен жаңашылдықтар
енгізу арқылы тәуелсіз елдің қазіргі сот билігі
өкілдерінің келбетіне қойылатын талаптар
жаңа сапалық деңгейге көтерілетіні сөзсіз.
Сондайақ, бұл кодекс жобасының халықаралық
сарапшылардың оң бағасын алғаны елім деген
әрбір азаматтың жанын қуантатындығы анық.
Жаңа Әдеп кодексі бұрынғыға қарағанда
ауқымды және судьяның жалпы этикалық
ұстанымдары мен кәсіби қызметін атқару кезін
дегі, отбасы мен тұрмыстағы әдеп ұстанымдары
бөлекбөлек үш тарауда берілген. Құжат
еліміздің бұдан былайғы даму кезеңдерінің мін
деттерін орындауға лайықты қызмет етіп, сот
жүйесінің беделі мен судьялардың мәртебесін
көтереді деп айта аламын.
пікір бар. Сондықтан ең басты сұрақ
– жұмысымызды қалай жақсартамыз?
Осыған жауап іздеп, сынға көп ұшы
рай тын келесі бағыттарды таңдап ал
дық», – деген Асановтың атап өткен
басымдықтары төмендегідей.
Ең алдымен, кадр мәселесі. Қызмет
ке кейде үздіктер емес, іскерлік қабі
ле ті төмен, тек өз пайдасын ойлай
тын кездейсоқ адамдар кіріп жатады.
Танысың, көкең болмаса, өз күшіңмен
прокуратураға орналасу мүмкін емес
деген ой қалыптасты. Баяғы тағы бір
ауру – статистикаға бағыну. Барымызды
асырып, жаманымызды жасырып, тек
көрсеткіш қуумен жүрміз. Соған етіміз
үйреніп кеткен. Екі цифрды салысты
рып, өсім болса, мәзбіз, төмендесе,
қулыққа барып, бұрмалаймыз.
Прокуратураның структурасы да
заманға бейім емес. Баяғыша. Жұмысты
ұйымдастырудың әлемде түрлі озық
технологиялары бар. Соның бірі –
жобалық менеджмент. Оған көшсек,
әрбір маңызды сұраққа арнайы команда
құрылады. Нақты мақсат қойылып,
бәрінің күші соған жұмылмақ. Про фи
лактиканың ең тиімді жолы – тұрғын
дарды осы жұмысқа тарту. Бұл – үлкен
ресурс. Осыған дұрыс мән бермейміз.
Тағы бір үлкен кемшілігіміз – өңір
лерге аз шығамыз. Ал, ел ішінде бізге
сұрақтар көп. Сондықтан кесте жа
салды. Бас прокуратура басшылары
аймақтарда қабылдау жүргізбек. Бұл
сол жердегі құқық қорғау органдарына
да жақсы сілкініс болмақ. Келешекте
осы жұмысты жүйелі түрде жүргізбек
ойымыз бар» деп саланы қатаң сынға
алған Бас прокурор өткен алты айда
атқарылған жұмыстарға «жақсы» деген
баға берді. Дейтұрғанмен, өзі басқарып
отырған қадағалау органының кем
шін тұстарын көзге шұқып көрсетіп,
халықтың қадағалау органдарына сен
бейтінін, БАҚ пен әлеуметтік желілерде
прокуратура жайлы оң пікір айты
ла бермейтінін айтып, көп жағдайда
жағымсыз пікірлерді құқық қорғау
органдарының құрығына ілініп, заң ал
дында тиісті жазасын алған адамдардың
жақындары жазатынын да жасырмады.
Поделитесь с Вашими друзьями: