«АҚылдың ТҮбі қҰт болар»


лист атаулының өзі түрлі-ақ



жүктеу 0.98 Mb.
Pdf просмотр
бет8/11
Дата09.01.2017
өлшемі0.98 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

лист атаулының өзі түрлі-ақ. 

Біреулері барлық жанрда 

бұрқыратып бастайды, 

кейін басқа кәсіпке ауысады. 

Есесіне біреулер бар өмір 

бойы газеттің ақпараттық 

есебінен әрі аса алмаса да өз 

мамандығына адал, ақыры 

мойтап болған қаламымен 

қартаяды, зейнетке шығады. 

Асылында бастапқыда 

бәрі де журналист болғысы 

келеді, бірақ күндер өте бәйге 

алаңындағы сәйгүліктердей 

ең таңдаулылар – жазу-

ды құлай сүйгендер ғана 

қаламын ұстап төрге озады.

осы мәселелерді жан-жақты к тере 

білді. Оның проблемаларын ашық 

айтып, себептерін анықтап, салдарын 

ткір жазып келеді.

– Менің журналистика саласында 

қызмет етіп жүргеніме биыл 40 жыл 

толады. Алғашқы қадамым «Малды 

ңір» газетінен басталған. Ел таныған 

журналист болуыма Теңдік Жауыров, 

Қырықбай Бекбаев, Қабижан Сағиев, 

Сейілхан Қайыржанов, Жолдас 

Дүсіпов, Бағыт К шербаев, Жомарт 

Шегеев, Ақжібек  бдірова сияқты 

аға-апаларым зор үлес қосты, – дейді 

Құттыгерей аға.

Журналист Құттыгерей Сма-

дияр еңбектерін тұтастай алсақ, 

бүгінгі таңда халықтың  ндірістік 

саласындағы сауатын ашатындай, 

бұл бағытта қажетке жарайтын кеңес 

У

У

жолға шықты. Іссапар ұзақтығы 3 күн. 

Бірақ тапсырма салмағы ауыр, дайын-

дайтыны сын материал. Алғашқы кеш 

аға шопан Сатыбалды Мұғашевтің 

қыстағында  тті. Ол сол түнде таңға 

к з ілген жоқ, болашақ мамандығы, 

оның бұл білмейтін құпиялары жайлы 

ойлады. Ертеңгі кездесетін адамдары, 

оларға қояр сұрақтарын жұптады. 

Бірақ сол бір сапар сәтті болды. 

Бұл жазған мақала редакцияның 

апталық лездемесінде мақталды.

. . . О л   о с ы н д а   ж ү р і п   ә д е б и 

қызметкер, аға әдеби қызметкер, 

б лім меңгерушісі, жауапты хатшы 

лауазымдарына ие болды.

Бір қызығы, Құттыгерей осы га-

зетте жүрген 14 жылында барлығы 

1715 күн қызметтік іссапарда болған 

екен. Қанша жол, ел, жер к ру, еңбек 

адамдарымен жүздесу десеңізші?!

Арада он үш жыл  ткенде Құтты ге-

рей облыстық «Атырау» газетіне Иса-

тай, Махамбет, Индер, Қызылқоға 

аудандары бойынша меншікті тілші 

болып келді. Бұл  зі қиындығы мен 

қызығы қатар жүрген, бірақ абырой-

лы жылдар еді. Бірақ қанша алғыр 

болғанымен етек-жеңі кең, негізінен 

мал шаруашылығы болғанымен 

бірінде мұнай, екіншісінде тау-кен 

ндірісі, үшіншісінде к к ніс-бақша

сүт  ндіру бағыты басым аудандардың 

мірін к сілте жазу керек-ті. 

Бұл ретте Құттыгерей тіпті ұйық-

тама ды десе де болар. Алғашқы айда 

ұйымдастырғаны, қорытқаны,  зінің 

жазғаны бар 91 мақала хат б лімі нен 

тіркеуден  ткенде газет редакторы 

Т.Жауыровтың «Бұл жігіттің  зі бір 

редакция ғой» деп таңырқағанын 

к зімізбен к ргенбіз. 

Бұл кезде Құттыгерей к біне-

к п   г а з е т т е   т ы ң   т а қ ы р ы п т а р 

к терді, қандай да бір мәселеге сын 

тұрғысынан барып, оны проблемалық 

деңгейге жеткізгенді ұнататын. Жазу 

стилінде таптаурын сүрлеуден ада, 

уытты тілі  ткір,  зіндік пікір, сыни 

к зқарасы анық к рінетін-ді. Тегінде 

ол газеттің фельетон жанрына іші 

бұрып, оқырманын ұдайы ұйытып 

отыратын. 

Қ а й т а   қ ұ р у   қ а һ а р ы н а   м і н і п , 

д е м о к р а   т и я   н ы ң   б а с   к т е р г е н 

сексенінші-тоқсаныншы жылдарда 

ол «Атырау» газетінде әлі де жабық, 

жартылай жабық тақырыптар болса 

да экология, әскери сынақ полигон-

дары, олардың жергілікті халыққа 

тигізер зардаптары туралы батыл 

түрде қалам сілтеді. Атап айтқанда, 

олар – «Тайсойғанға тыныштық 

керек», «Нарын ең ырысыңды ая-

майтын», «Тайсойғандағы тажалдың 

т лемі қайда немесе әскерилер әлі 

алшаңдауда» деп аталатын матери-

алдар еді. 

Сайып келгенде меншікті тілші 

газеттің сол  ңірдегі к зі, құлағы. 

Ж ы л а ғ а н д ы   ж ұ б а т ы п ,   к з   ж а -

сын сүрту, асқақтағанды ақылға 

келтіріп, сабасына түсіру – боры-

мәселені де еркін, батыл қоя біледі. 

Соған сай ол айтқан пікірлермен іс 

басындағы басшы атаулы әрдайым 

санасып отырады. 

ткен ғасырдың тоқсаныншы 

жылдарының аяғында ол облыстағы 

т ә у е л с і з   « А р - ч е с т ь »   ( « С а х а -

ра»), «Атырау ақшамы», «Алтын 

ғасыр», облыстық «Ақиқат жолы» 

б а с ы л ы м д а р ы н ы ң   ұ й ы м д а с -

тырушылары болып, басы-қасында 

жүрді. «Жас Алаш», «Ана тілі», 

«Алтын Орда» газеттерінің Аты-

рау облысы бойынша меншікті 

тілшісі қызметтерін атқарды. Ол 

осы жылдардың бәрінде сан алуан 

тақырыпқа да қалам сілтеді.  йткені 

мір дегеннің  зі мың құбылған 

сырлы әлем, оның қатпарға толы 

құпияларын сан парақты газеттерде 

Құттыгерей сынды алуан қырлы 

журналистер ғана д п басып, дәмді 

күйінде  з оқырмандарына жеткізе 

алады. 


Сол бір тоқсаныншы жылдардың 

аяғы, жаңа ғасырдың алғашқы бес 

жылын да Құттыгерей сыни та қы рып-

тағы материалдарды к птеп жазды. 

 Сайып келгенде бұл кезде іс  басында 

оты рып, мемлекет мүлкін талан-

таражға салып, қара басын күйттеген 

«Қарабайлар» к бейді, қағаз жүзінде 

тірікті қарша боратып, ебін тауып екі 

асайтын жемқорлар, жекешелендіруді 

желеу етіп, балабақшаларды бауыры-

на, клубтарды қолтығына тыққан 

т рағалар саны артты. Міне, осы 

тұста Құттыгерейдің қаламы да 

жортағына басты, сын тезін аяма-

ды. Сол кезде аталмыш әріптестің 

«Атырау ақшамы» газетінде «Даттау 

мен ақтау», «Тендер арқылы тонау», 

«Заңдастырылған  тірік», «Дәлізде 

дайындалған дастарқан», « з бидай-

ын  зіне қуыртып», «Түйенің үстінен 

тезек теріп», «Сегіз ешкіге сексен 

теке», тағы да басқа фельетон немесе 

сол тұрпаттағы сын мақалалары жа-

рияланды. 

рине, әр газеттің  з ұстанымы, 

бағы ты болады. Соған сай олардың 

мынау біздің тақырып, анау ананікі 

деп иек к теріп, желке к рсетер 

сәттері де жоқ емес. Осы ретте 

Қ.Смадияр  зінің түрлі газеттер-

де істеген жылдарын қимастықпен 

е с к е   а л ы п ,   с а ғ ы н ы ш п е н   с ы р 

суыртпақтайды. 

«Атырау ақшамында» жүріп, талай 

дау-дамайдың шалғайына оралып, 

соттасты да. Бас редактор, газеттегі 

сыни тақырыптың шын сардары 

Нұри Мұфтахпен бірге «Алтын ғасыр» 

газетін шығарды. Сол бір жылдарын 

еске алған әріптесіміз «Біз кеңестік 

тәрбие алған журналистерміз. Онда 

бізді шындыққа тәрбиеледі. К зіңді 

бақырайтып тұрып сынады. Со-

дан қорытынды шығаруға үйретті. 

Біздің сынға жақын болатынымыз да 

сондықтан. 

Ол кезде газетте түрлі жанр болды 

және олар әрдайым к рініп отырды. 

Осы ретте облыстық Ішкі сая-

сат басқармасының бас маманы 

Нұрболат Елеусінов Құттыгерейдің 

ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы   ж

н і н д е 

«Қалам қуаты» атты еңбек жаз-

ды. Онда журналистің  неркәсіп 

т а қ ы р ы б ы н д а ғ ы   п р о б л е м а л ы қ 

мақалалары хақында сыр шертеді. 

Қазақ баспас зінде қай тұрғыда да 

ілгерілеу бар.  сіресе, әріптестеріміз 

неркәсіп саласы, экономикалық 

тақырыптарға кең түрде қалам тар-

туда. Солардың ішінде республикаға 

белгілі журналист, «Мұнайлы Астана» 

газетінің бас редакторы Құттыгерей 

Смадияр да бар.

Ол қазіргі кезде  ңіріміздегі 

нер кәсіп саласы – мұнай жаңалық-

тарын екі тілде газет бетіне жариялап 

келеді.  сі ресе, осы саладағы  зекті 

мәселелерді жиі к тереді.  ңірдегі 

мұнай саласын жетік білетін жур-

налист сонымен қатар, Атырау 

облысындағы «қара алтын» тари-

хына үңіліп, к птеген мұнайшылар 

әулеті жайында зерттеп, кітаптар 

шығарды. 

Журналист Құттыгерей Сма дияр-

дың экономика,  неркәсіп сала-

сында жазып жүрген материалдары 

негізінен мұнай кен орындарының 

зекті жинақтарын с з етуге арна-

лады. Сонымен қатар әлеуметтік 

мәселелер мен экологиялық ахуал да 

басты тақырып. Осылардың ішінде 

соңғы жылдары үзілмей жазылып келе 

жатқан тақырып – Каспий мәртебесі, 

о н ы ң   қ ұ қ ы қ т ы қ   д ә р е ж е с і н і ң 

шешілмеуі. Себебі Каспий мәселесі 

КСРО тарағаннан бері с з етілуде. 

Б і р а қ   ш е ш і л у   к е р е к .  

й т п е г е н 

жағдайда к птеген қиындықтар туын-

дап, экологиялық ахуал  нашарлауы 

мүмкін. Қарт Каспийдің түбінде 

биоқор мол, байлық к п. Таластың 

шешілмеуі – осы байлыққа деген 

қызығушылықтың барған сайын 

арта түскендігі. Соған сай 15 жылға 

созылып келе жатқан Каспий дау-

ын журналист жазудан шаршаған 

емес. Оның құқықтық мәртебесі 

тақырып  зегіне айналса да, ең 

бастысы – экологиялық ахуалы. 

Бекіре тұқымдас балықтардың аза-

юы – оған себепші болды. Сондай-ақ 

теңіз астынан құбыр жүргізіп, мұнай 

тасу  те қауіпті екенін еске сала-

ды. Каспийдің құқықтық мәртебесі 

мен оны қорғау үшін әскери күштің 

қажет екенін де мақала етіп жаза-

ды. Оның инфрақұрылымының 

дамуы үшін алдымен оны қорғау 

қажет, индустриялық нысандар-

мен қамтамасыз ету керек деген 

журналистің пікірін айтпай кетуге 

болмайды. Осындай  ткір проблема-

лар мен  зекті мәселелер – Құттыгерей 

Смадиярдың мақалаларынан түспей 

келеді.  йткені теңіз байлығын 

қорғау – халықтың қазынасын қорғау 

болып саналады. Оның астарында 

осындай мән жатыр.

Журналист Құттыгерей Смадияр 

б е р е т і н д е й   м а з м ұ н д ы ,   п а й д а л ы 

материалдардың басылым беттерінде 

ж ү й е л і   т ү р д е   ж а р и я л а н у ы н ы ң 

оқырмандар үшін, сол саладағы ма-

мандар үшін  те қажет. 

Қ ұ т т ы г е р е й   С м а д и я р   с о ң ғ ы 

о н   е к і   ж ы л д а   « М ұ н а й л ы   А с т а -

на» деп аталатын республикалық 

қоғамдық-саяси газетті шығарып 

келеді. Шығармашылық топты  зі 

жетекшілік етіп отырған басылымның 

ойы  тімді, с зі  ткір болуына 

жұмылдырады.  р с зінің ақиқат, 

пікірінің анық, болашаққа сенімді 

басылым болуына қызметтенеді. 

Г а з е т т і ң   ң і р д і ң   ш е ж і р е с і н е 

айналғанын қалайды. Ол үшін бұл 

күнде Қазақстан экономикасының 

күре тамырына айналған Атыраудың 

тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани 

міріндегі  рнекті жаңалықтардың 

жаршысы, бүгінгіміздің бүтін де 

жаңа, келешегіміздің кемел болуы-

на берік негіз қалайтын жасам-

п а з   ж е р л е с т е р і м і з д і   ж а р қ ы р а т а 

к рсету керек. Бұл жолда Жылы-

ой ауданының Құрметті азаматы, 

Қазақстан Журналис тер одағы және 

Т.Амандосов атындағы Атырау облы-

сы әкімі сыйлықтарының ие гері, түрлі 

республикалық жүлделердің бірнеше 

д ү р к і н   ж е ң і м п а з ы   Қ ұ т т ы г е р е й 

Смадиярдың қосып жүрген үлесі мол. 

Ол басшылық жасап жүрген газет 

2005-2006 жылдары «Қазмұнайгаз» 

Б  АҚ-ы ұйымдастырған «Қазақстан 

мұнайы:  ткені, қазіргісі, болашағы» 

т а   қ ы   р ы б ы н д а ғ ы   к о н к у р с т а   І 

дәрежелі дип ломмен марапатталды. 

Жақында ғана «Нұр Отан» партия-

сы ұйымдастырған республикалық 

«Нұрсұңқар» байқауында «Аймақ 

айнасы» аталымында жеңімпаз деп 

танылып, 1 млн.теңгелік жүлдені 

қанжығасына байлады. Сондай-ақ 

«Атыраудан шыққан майдангерлер» 

байқауында жүлделі ІІІ орынды жеңіп 

алды.


Журналистиканың жампозы ата-

нып, қырық жылдың үстінде қалам 

қуатымен қуаттанған Құттыгерей 

Ж ұ м а т а й ұ л ы н ы ң   қ о з ғ а м а ғ а н 

тақырыбы жоқ. Бірақ соңғы ши-

рек ғасырда  ндіріс тақырыбын 

ж и і   к т е р і п   ж ү р .   С о н ы ң   к б і 

–  зекті мәселелер. Сол үшін де 

оны оқырмандары мен әріптестері 

«Қайсар мінезді қаламгер», «Сем-

сер с здің сардары», «Құдіретті 

Құттыгерей» деп атаса, кейде «қырық 

шілтерлі Құтекең» деп те мақтайды. 

Міне, сол Құтекең бұл күнде 

60 жасқа келді. Жазар к бейсін, 

қ а р ы м ы ң н а н   қ а й т п а ,   ә р і п т е с . 

йткені сен бұл күнде Атырау-

да қалам қуатынан бақыт тапқан 

журналистиканың жампозы екенің 

айдай анық. 



тепберген  ЛІМГЕРЕЕВ, 

Қазақстанның 

Құрметті журналисі

АТЫРАУ


Ж

ампоз


ампоз

үшбу хұсни хатты зулатып-ақ жіберді. 

С йтсе аудандық партия комитетіне 

газет редакторы Т.Қамеденовтен 

болашақ тілші Қ.Смадиярды «Ле-

нин жолы» газетінің редакциясына 

жіберуді сұраған хат келеді. Бұл ха-

бар аудандық партия комитетінің 

бірінші хатшысы Қ.Қуанышбаевтың 

құлағына жеткенде ол оқымағаны 

болмаса, олқылығы жоқ жасты далаға 

қалай жіберсін,  зі басқарып отырған 

ауданның газетіне қалай да орын 

табу, алып қалу ж нінде пәрмен 

береді. С йтіп, ол хатшының жылы 

қабағымен 1974 жылдың ақырған 

ақпанында аудандық газетке радио 

хабарын ұйымдастырушы қызметіне 

алынды. Мұның қызметі әрбірі 25 

минуттан аптасына екі рет эфирге 

хабар дайындайды. Оның 15 минуты 

аудан жаңалықтары да, қалған оны 

негізгі хабарлар. Бұл Құттыгерейдің 

оң жамбасына келеді.  йткені ол 

мектеп қабырғасында жүргенде-ақ 

бірінші жолы «Кеше», «Бүгіннен» 

басталатын қысқа ақпараттық ха-

барлар дайындаудың шебері бола-

тын. Ал негізгі хабарлар дегенде – 

шағын мақала, суреттеме, репортаж, 

сатиралық әзіл-қалжың дайындау бұл 

үшін еш қиындығы жоқ. 

Аз күннен соң бұл сол кездегі «Ча-

паев» атындағы кеңшардың шопан 

ауылдарына мал қыстатудың барысы 

жайлы сын материал дайындау үшін 

шы. Егер әріптесіміздің осы тұстағы 

« Қ ы з ы л қ о ғ а д а   қ ы з д а р д ы   к і м 

қорғайды?», «Ақ үйдегі ш пшілер», 

« А й д а н   а л қ а ,   ж ұ л д ы з д а н   ж ү з і к 

іздеп», «Атыраудың алмасы қайда?», 

«Дәуғалиевше жекешелендіру» ма-

териалдарын оқысақ, оның әрдайым 

ел қамын ойлап, елегзіген тұстарын 

анық байқауға болатын. 

Жоғарыда айтқанымыздай, Құт-

ты ге рей  Жұматайұлы  болмысында 

қандай тақырыпты да уақыт, күй 

талғамай және ерінбей тез жазатын 

еңбекқор журналист. Ол үстел бағып, 

телефон құлағынан дерек іздемейді. 

Негізінен оқиға ортасында болып, 

бәрін де к збен к ріп, зерделеумен 

жазатын жол үстіндегі журналист. 

Оның бір ерекшелігі  з дүниелерінде 

әрқашан ойын ашық айтып, қандай 

Немесе біз соларды к рсету үшін 

талпындық » дейді. 

Сонымен бірге ол газеттерде 

бір кездерде кеңінен пайдаланған 

«Баспас зге шолу», «Соңғы по-

ш т а д а н »   д е г е н   а й д а р л а р д ы ң 

б ұ л   к ү н д е   ж о ғ а л ы п   к е т к е н і н е 

кінеді. «Аудандық газетте істеп 

жүргенде облыстық газеттің, ал 

облыстағылар республикалық га-

зет немесе «Қазақстан коммунисі» 

(қазіргі «Ақиқат») журналының шо-

луына ілініп қалмайық деп қатты 

қаймығатын. Ал «Соңғы поштадан» 

деген айдармен берілетін қызғылықты 

мақалаларымыз ж нінде шағын 

жағымды хабарды оқып, т беміз 

к кке жететін. Қазірде солардың бірі 

жоқ. Меніңше, әлі де пайдаланса 

артық емес дегенді айтады. 

Журналист Құттыгерей Смадияр, ардагер журналист Шопенғали 

Дәуенов және осы жолдардың авторы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау 

мемлекеттік университетіндегі академик З.Қабдолов мұражайында.


10

№36 (1294) 

10 – 16 қыркүйек

2015 жыл


АНА ТІЛІ

ПРОЗА

БҰРАЛАҢ ЖОЛ

БҰРАЛАҢ ЖОЛ

 «Анығында, Алла адам баласына 

қылдай қиянат жасамайды, тек адамдар 

өздеріне өздері қиянат жасайды».

 (Құран Кәрім. Жүніс сүресі, 44-аят)

***


Өмір жолы – темір жол.

Қарап отырса, тайқы тағдыры теміржолмен 

кіндіктес екен...

***


– Раз, два, три! Раз, два, три!

Кішкентайынан қалыптасқан дағды бойын-

ша көзін сығырайта ашып, бір жағынан жып-

жылы төсекті де қимай, тұрсам ба, тұрмасам ба 

деп ойланыңқырап жатқан ақсары баланы орыс 

мақамындағы ащы дауыс кереуеттен жұлып 

алғандай. 

Терезенің желкөзі ашық, тыстағы барлық 

дыбыс ап-анық естіледі.

– Раз, два, три! Раз, два, три!

Жылдам киініп тысқа атып шыққан. Күн тұсау 

бойы көтеріліпті. Темір жолдың арғы жағындағы 

тоғай ішінен бозторғайлардың әсем үнді әуездері 

жетіп тұр. Мамырдың мақпал шуағы төңіректі 

түрлендіріп жібергендей; күн жексенбі болғасын 

ба, он бес үйлі шағын разъездегі таң атар-ат-

пастан қайнап жүре беретін тіршілік ырғағы 

саябырлағандай бүгін. Күн шықпастан сиырла-

рын сауып, малдарын табынға қосқан әйелдер 

жағы «бір демалайыншы» деп көз шырымдарын 

алуға жантайған ба, көрінбейді; тыныштық ұйып 

қалғандай тым-тырыс.

Есінеп-құсынап, сәл-пәл дене қимылдарын 

жасаған Жанайдардың құлағы тағы елең етті.

– Раз, два, три-и...

«Бұ кім, елді дүрліктіріп жүрген?!». Дүкеннің 

арғы жағы шағын алаңқай болатын. Дауыс 

сол тұстан естіледі. Жүгіріп жетсе кокардасы 

қоқырайған әскери киімді сыптығырдай біреу 

қара жолдың шаңын көтеріп, ілгерінді-кейінді 

аттап-бұттап марш жасап жүр. Қос қолын жам-

басына таңып тастағандай, қозғалмайды.

– Раз, два, три-и!..

Ауылдың бар балалары әскеридің соңында. 

Ентігіп жеткен Жанайдар аң-таң. Сөйтсе, қара 

шал.


– Стой Асылбаев! – деді қара шал өзіне-өзі 

бұйрық беріп.

Өзі солдат болып тұра қалды.

– Докладывай! Сегодня какой праздник? За 

что народ собрался-сь?!.

Асылбаев қара кремді шылқыта жағып 

жылтыратып қойған керзі етіктерінің бастарын 

бір-біріне сарт-сұрт соғып, иегін көтеріңкірей 

кірпік қақпастан қатты да қалды.

– Што ж... ты молчиш!.. Докладывай солдат, 

- деді қара шал.

– Товарищ командир, сегодня праздник! 

Девятый май! Жеңіс күні...

– Молчать! Давай снова... по русский...

– День победі товарищ командир!

– Маладес рядобой Асылбаев! За што тебе 

благодарность обьявляю-сь!

– Ура-а-а-а!

Қозғалмай тұрған «солдат» шұғыл оңға 

бұрылды да, аяқтарын жоғары-төмен, жоғары-

төмен көтере қара жерді дүңкілдете басып, 

адымдап бара жатты...

Бұл қара шал – жынды Мәміш болатын.

***


1933 жылдың қаңтар айы үсті-үстіне төпелей 

жауған қалың қарымен, қақаған күндерімен жа-

дында қалдың қара шалдың.

Жазмыштан озмыш жоқ деген, сол!

Қалай ұмытар, қарғыс атқыр сол түнді!

Ай-хой, өмір-ай!

Жүзағаш теміржол бекетінің жол мастері 

Мәміш Асылбайұлы үйінен шыққанда жаяу 

борасын тіпті құтырып кетті. Арсы-гүрсі мінез 

танытқан табиғат қаһарына шындап мінгендей. 

«Мына боранның бет алысы қиын, – деп ойлады 

қара тонын қаусырынып, малақайын милықтата 

киген жігіт аттаған сайын адымын аштырмай 

өңменінен өтіп бара жатқан ызғарлы желден 

секем алып. – Неде болса станция бастығына 

жолығайын...».

Дәл осы кезде Жүзағашқа тақап қалған 

жүк пойызының артқы вагондары бұлғалақтап 

рельс тен шығып кеткені. Боранның ысқырған 

үні не теп ловоздың боздаған гудогі қосылып 

құлақты жарып жіберердей; жер дірілдеді ме, 

әлде қатты жел гуілінен бе, айнала төңірек 

алағай да бұлағай.

Басқару пультіндегі станция бастығы, 

теміржол формасындағы қара жігіт Сыпатайдың 

зәресі ұшты.

– Крушение! Аударылды! – деді апалақтап.

Көз қаласындағы диспетчер де телефон 

құлағын жаңғыртып айғайлап бақты. 

Алай-түлей бораннан ештеңе көрінбесе 

де, пойыз аударылған жаққа асыға адымдаған 

Мәміш те станция басындағы кеңсеге тақап 

қалған еді. Екеуі қарсы ұшырасты.

– Қайда барасың? – деді оңған шүберектей 

боп-боз Сыпатайды тоқтатып.

– Естіген жоқсың ба?!

– Нені?

– Пойыз аударылды!



– Қашан?!

– Тап, әкеңнің ауызын! Мынандай боранда 

жас қатыныңның қасында жатсаң, нені білуші 

едің сен?! Айтшы, а?!

– Кезекшілік сіздікі емес пе?!

– Болса, қайт дейсің? Осы тұрған жеріңде 

жерге қағып жіберейін бе?!

– Қаққызып қояды деген.

– Тілің шыққан екен сілімтік!

– Сиыр сипағанды, жаман сыйлағанды 

білмейді. Сыпатай аға, Сыпатай аға дегенге! 

Бүгінгі кезекшілік сіздікі, станция басындағы 

учаскеге сіз жауаптысыз.

– А-а, мына, мен-н... жауапты екенмін ғой!

Ашу-ызадан булығып-түтіккен станция 

бастығы қолындағы отыздық темір кілтпен 

Мәмішті қақ шекеден періп жіберді. Басы 

шыңылдап, көзі қарауытып бара жатқаны еміс-

еміс есінде.

Сағатқа жетпей Тоғай станциясынан келген 

НКВД қызметкерлері, станция бастығының 

м ә л і м е т і   б о й ы н ш а ,   М ә м і ш   ө з і н   к і н ә л і 

сезінгендіктен басын темір бөткеге қасақана 

соғып, жынданып кеткенін қаттап-шоттап 

қағазға түсірді де, қолына кісен салып алып 

кетті.


Кейіннен белгілі болды: Мәміштің өзін-

өзі арандатып, миы шайқалғаны қылмыстан 

құтқармайтынын мойнына қойып, жас келіншегі 

мен шиеттей егіз қызын зар еңіретіп 25 жылға 

соттап, Итжеккенге асырып жіберді.

***


Өмір жолы – темір жол.

Иә, тайғақ тағдыры осы теміржолмен бай-

ланысты екен!

Осы теміржолдағы АПАТТАН ғұмыр бойы 

азап шекті! АПАТ, АПАТТЫ, БҰРАЛАҢ ЖОЛ жол 

болды қара шалға! Араға жиырма бес жыл са-

лып, қайыра келді сол жолға!

***


Отызыншы жылдары іргетасы қаланған Көз 

қаласына жеті шақырым жердегі №22 теміржол 

бекетіне алпысты алқымдаған қара шалдың 

пайда болғанына жылдан аса қойған жоқ. Он екі 

айда бір айналып келетін қасиетті Рамазан айын-

бекетіндегі дүкенші Айткәрімнің үйіне тоқтайды 

ғой. Өздері бір мың тоғыз жүз алпыс екінші 

жылы Қытай елінен қоныс аударған, топты бала-

шағалы момын отбасына қара шал ұнайды.

***


Ертеңгілік шайларын ішіп болып қалғанда 

отағасы Айткәрім:

– Енді қайда жол тарттыңыз? – деді.

– Қайдасы қалай!.. Кетемін де...

– Немен дегенім ғой... Пошта пойызы 

келетін уақыт әлі ерте...

– Пәлі-і! Сол да сөз бе екен?! – Қара шал 

ақжарыла шалқалай күліп алды да, пышақ 

кесті тиыла қалды. Күлкісі қызық екен, қызық 

болғанда, қулық-сұмдықтан ада, риясыз таза 

күлкі. – Көшкенталың мына тұрған жер емес 

пе? Қазір-ақ жетіп барамын! Бір жағынан 

денсаулығыма пайда, екіншіден даланы 

сағындым-м! Айналайын қазағымның да-

ласындай дарқан, мейірбан не бар десейші! 

Алла Тағала ата-бабаларымыздың кең қолтық, 

көнбіс, батыр, ержүректігіне орай кең-байтақ 

жерді нәсіп еткен! Жиырма бес жылым елден 

жырақта, сонау Воркутада, орыс орманының 

ортасында, қапаста өтті ғой! Жә, оны қайтемін 

көңірсітіп.

Шайын ішіп болып, демалуға жантая беріп 

еді, дәлізден аяқ тықыры естіліп біреудің енгенін 

байқады. Артынша:

– Ассалаумағалейкүм! – деген баланың 

даусы естілді.

Терезелері тұмшаланған алакөлеңке 

бөлмеде кім екенін ажырату қиын.

– Уағалейкүмассалам! Қай баласың?!

– Аманханның ұлы Мақсатпын.

– Төрге оз, – деді Мәміш.

– Ата, маған осы жер де жетеді.

– Наннан үлкен емессің, кел ауыз ти.

– Шаруамды айтайын. Алматы жақтан көмір 

тиеген состав келе жатыр. Содан түсіреміз. Сіз 

де жүріңіз!

– Түсіргені қалай?

– Ылғи осылай етеміз.

– Рұқсатты кім берді?

– Ол жағын біле қоймадым-м.

– Е-е, оларың көпе-көрінеу ұрлық емес пе?!

– Ой, ата, теміржол бойындағылардың 

бәрінің кәсібі осы! Көрші үйдегі Нұржанның 

атасы: «өкімет теңіз, оны жемеген доңыз» деп 

отырады әуелім.

– Әй, оңбағандар-ай!

– Әне-е, келіп тоқтады! Мен кеттім, ата!

жаттым. Күнде ұру, күнде төбелес. Қойған 

сұрағына дұрыс жауап қайтарсаң да бәрібір 

тепкінің астына алады. Көрсетпеген қорлықтары 

жоқ. Статьям 58-дің 1-і. Отанын сатқан деген. 

Қасақана пойыз аударып, Отанымды сатып-

пын. Қисынға жата ма бұл?! Содан бір күні бізді 

вагонға тиеді. Ылғи 25 жылға сотталғандар. 

Арамызда ұрылар, кісі өлтіріп айдалғандар да 

бар. Воркута деген қалаға апарды. Ол жерде кім 

жоқ дейсің? Совет Одағының түкпір-түкпірінен 

жиналғандар. Украинадан, Белоруссиядан кел-

ген поляктар да жатыр. Бендерліктер дейді. Әлгі 

Ұлы Отан соғысы кезінде полиция, басқарма 

болғандар. Жазаға кесілгендер мұндай көп 

болар ма?! Барған жылы 22-ме, 23-пе шахта 

аштық. Бір шахтамен екінші шахтаның арасы 

төрт-бес шақырым. Әуелде бір линия болатын. 

Анау Орал тауын тесіп өттік қой, содан екінші 

линия жасадық! Ол жердің көмірі тамызық 

сияқты! Сіріңкемен тұтатсаң лаулап жанып жүре 

береді! Көмір тиелген эшелон-эшелон состав-

тарды зауытқа жөнелтеміз. Баяғыда-а, Николай 

заманында, орыстарға Англия, Америка сат 

депті ғой! Сатпапты сонда. Отыздағы орда бұзар 

шағым. Жұмысты апырып-жапырып істеймін. 

Соны байқап, қырық кісіге бригадир етіп 

уақытында кітаптан бас алмайтын Жақсыбай 

жаңалық ашқандай әрбір сөзін нықтап-нықтап 

жеткізді.

– Е-е-ей, балалар! Шын айтам! Бір өтірігі 

жоқ!


Шойқара ентігін баса алмай сөздерін үзіп-

үзіп шығарады.

– Қасқыр көрдің бе? – деді ұлдардың бірі 

шыдай алмай.

– Тұра тұрсаңдаршы! – Шойекең мұрнын бір 

тартып, шып-шып терлеген маңдайын түймесі 

салынбаған алды ашық жейдесінің етегімен 

сүртіп қойды. Қызықты естуге құмартқан 

ұлдарды әуестік билеп, тағаттары таусылып, 

шыдамсыздана бастаған.

– Немене соншама бәлсініп, – деді өзі де, 

сөзі де шапшаң Ниетқали шыжбалақтап.

– Дұрыс айтасың, - деді Жанасыл да тыпыр-

шып, – осының ертегісін естиміз деп ерте күнді 

кеш қылмайық балалар! Жүріңдер, кеттік өзенге!

– Қазір айтам, – деді осы кезде Шойқара 

ұлдардың алдына шығып. – Әлгінде кер атты 

ан-о-о-у ауылдың шетіне апарып арқандап келе 

жатсам, Мәміш жынды бар емес пе, кәдуілгі 

Мәміш әпендіні, қолдарын артына қайырып, екі 

солдат жаяу айдап бара жатыр.

– Қашан?


– Қай жаққа қарай?!

– Бейшара-ай!

– Жүріңдер, ата-аналарымызға хабарлайық, 

– деп үрейлері ұшқан ұлдар ауылға беттеді.

***

Арада үш күн өткенде кешке таман Көз 



қаласы жақтағы жолмен қара шал келе жат-

ты. Қысы-жазы аяғынан тастамайтын керзі 

етігін шешіп, қолына ұстаған. Шалбарының 

балағы тізесіне дейін түрілген. Жалаңаяғымен 

борпылдақ топырақты рақаттана басады. 

Көздері шүңірейіп, жағына пышақ жанығандай 

жүдеу.

Ауылдың шетіне іліге бере сақ-сақ күліп 



алды да:

Ақ қайың жалған-ай,

Кештім сайран-ай.

Халқымның ортасында,

Жүрмін жайнап-ай-й-й-й! – деп әуелетіп-

асқақтатып жіберді-ай дауысын.

Мал жайлап жүрген разъезд тұрғындары 

істеп жатқан шаруаларын қоя тұрып, мойында-

рын бұрып, қара шалдың әніне құлақ түрді.

– Пай-пай, әуелеген дауысын-ай!

– Жеткен екен-ау!

– Қайтсін-ай, қораш та болса, өз үйі өлең 

төсегі ғой! – десіп жатыр.

Қара шал қоржын тамның алдындағы ағаш 

сә кіге жайғасып, көздерінен пора-пора жас 

ағып, бордай езіліп, үн-түнсіз ұз-а-а-қ отырды-

ай...

Кенет жолаушылар пойызы құлақ жарар гу-



догын боздатып, № 22 бекетке тоқтамастан қара 

жерді тарс-тұрс солқылдата ағып өте шықты. 

Дөңгелектер тарсылы біртін-біртін бәсеңдеп, 

құмығып естілмей кетті.

Күніге көріп жүрсе де, дәл бір қимасын 

қарсы алып, шығарып салған жандай орнынан 

тұрды да, қараша тамына беттеді. Құлағында 

пойыз дөңгелектерінің тарсылы.

***

Иә, өмір жолы – темір жол қара шалдың.



Тайғақ тағдыры осы болат жолмен егіз екен! 

Ертең бақиға озғанда да, теміржолға тақау 

орнығар мәңгілік мекені.

«Япыр-ай! Жазмыш дегеніміз осы ма, сон-

да?!.».

***


Он бес үйлі шағын разъезде кеш жататын 

да, құлқын сәріден тұратын да біреу бар. Ол 

– Мәміш шал. Жалғызілікті болған соң әрнені 

ойлап түн баласы дөңбекшіп дұрыс ұйықтай 

алмай жүр. Бұл заман не болып барады, япыр-

ау?! Заманға жабамыз-ау, сол заманды жасап 

жатқан адамдардың өздері емес пе ар-ұяттан 

безген?! Әлі де аяқ басқанымды аңдып, сөзімді 

тыңдап жүрген біреудің болғаны ғой! Аузыма 

уақап едім, қалай-қалай тісімнен шығып кеткен?!

– Компартияны сайқал қатынға, жер 

шарындағы үлкен империя, мызғымайтын Со-

вет Одағын Құдайсыз қоғамға теңепсіз! – деді 

қауіпсіздік комитетінің қызметкері шілтиген 

сары орыс.

– Кімге айтыппын! – Таң-тосын қара шал 

есіне ештеңе түсіре алмады.

– Мә-ә, саған ендеше! – Оқыс тиген қатты 

соққыдан оңбай ұшып түсті қара шал. – Мә-ә, 

са-ға-ан! 

Ішке тепкілегені соншалық, есінен танып 

қалыпты. Бір кезде қараңғы бөлмеде жатыр. 

Соққы бастан тиген-ау, оң жақ шекесіндегі 

жараға қан ұйыпты. Жер тіреп тұра берді де, 

бүйірін ұстап отыра кетті. Іш құрылысында 

бірнәрсе үзіліп кеткендей.

***

Қараңғы түн.



Жел соғады уілдеп.

Терезеден ай жарығы түсіп тұр.

Күндегі уақытынан кеш жатқанымен ұйқысы 

келер емес, кірпігі айқасар емес. Көңілсіз ойлар 

қаумалап, көзі бақырайып ары жатты, бері жат-

ты. Тақа болмағасын төсектен тұрып, құбылаға 

қарап, тізерлеп қос қолын жайған.

– Е-ей, өмір-ай! – деді жөткірініп. Сөйтті де, 

жарапазан айтқандай термелете жөнелген:

Кімге мұңым шағайын,

Қайдан сая табайын.

Айтып-айтпай не керек,

Шер тарқатып алайын!

Кім тыңдар тірі жетімді,

Сарқып біттім төзімді.

Өзіме де обал жоқ,

Аузымды енді бағайын!

Рахман Рахым, бір Алла,

Кешіре алсаң, кеш мені!..

Ке-ш-ш!...

Көздерін тарс жұмып, ай нұры себездеген 

алаң-құлаң бөлмеде өзімен-өзі күбірлеген қара 

шалдың жүрегі шым-шым шымырлап, бұған 

дейін басынан өткермеген, білмеген, сезбеген... 

нұр-сәулеге елітіп... елжіреп... ұйып бара жатты.

Әңгіме


жүктеу 0.98 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет