Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың



жүктеу 0.78 Mb.

бет6/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

елмейір АХМеД,

 Өскемен



Тілбұзарға – тосқауыл 

Сақау жарнама, қате аударма, тіл заңдылығының бұрмалануы... 

өскемендік тіл жанашырлары осындай олқылықтармен жыл сайын 

емес, күн сайын алысып келеді. Алайда тамырын тереңге жайып 

алған «мемлекеттік тілді менсінбеушілік» мәселесі жеңіс берер 

емес.

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№203 (203) 



14.11.2009 жыл, сенбі                  

www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

Оқиға

????????????

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

алдымен алматылықтар егілді

Павлодарлық оқушылар ұзақ демалады

Жиендерім  Павлодарда  мектепте  оқитын  еді.  Бұл  өңірде  оқушылардың 

күзгі  каникулы  ұзартылды  деп  естідім.  Әртүрлі  жағдайды  көріп  жүрміз  ғой. 

Қатты алаңдап отырмын. Мұндай шешім қабылдауға не себеп болды екен?

 

 

 

Асан МОЛДАХМЕТҰЛЫ, Алматы қаласы

алматы  қалалық  денсаулық  сақтау  басқар­

масының бастығы Еркін Дүрімбетовтің айтуынша, 

маусымдық тұмау мен өткір респираторлық жұқ­

палы инфекциялардың алдын алу үшін қала хал­

қының  тәуекелді  топтарын  тегін  вакцинациялау 

жұмысы аяқталуға таяды. алматы қаласы бойын­

ша  «Ваксигрипп»  және  «инфлювак»  вакцина­

ларының 70 мың дозасы сатып алынған болатын. 

қазіргі  уақытта  69  мыңнан  астам  адамға  тегін 

вакцинация  жасалды.  Бұл  мақсатқа  жергілікті 

қазынадан 82 267 500 теңге бөлінген. ал 4000­

ға жуық тұрғын өз еркімен жекеменшік ем ха на­

лардан ақылы түрде егілді. қР Денсаулық сақтау 

министрлігі Мемлекеттік санитарлық­эпиде мио­

логиялық  қадағалау  комитеті  мамандарының 

мәліметінше,  тәуекелді  топтарға  60  жастан  ас­

қан дар, өкпе, жүрек­қан тамырлары ауруларына 

шалдыққандар, аурушаң балалар мен халықпен 

тығыз жұмыс істейтін медицина жұмысшылары 

жатады. Олар жыл сайын қазанның бірінен бас­

тап маусымдық тұмауға қарсы тегін егіледі. қо­

ға мның  бұл  топқа  жатпайтын  мүшелері  вакци­

наны  жекеменшік  емханалардан  қабылдағаны 

дұ рыс. 

Алматыда тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізіліп жатқанын естідік. Вакцина тегін бе, 

қай жерлерден егілуге болады?

 

 

 

 

 

 

 

Баян НӘБИЕВА, Алматы қаласы

ДаТ!


Атқамінер азаматтарға 

«Аяз биді» қайта оқуға 

кеңес берер едім...

Ақұштап БАҚТЫгЕрЕЕВА, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын: 

Бір МЫсАЛ 

Қазір тағы бір белең алып келе жатқан дерт – дүниеқоңыздық. Ол 

жайлы баяғыда әжелеріміз былай деуші еді: көңді арқалап жүрген 

қоңыз бір кезде бай болыпты. Байыған үстіне байи түсуді ойлап, жоқ-

жұтаңға көмектесуге дүниесін қимапты. содан сараңдықтың шегіне 

жеткенде, Құдайдың қаһарына ұшарып, жылқылары қоянға айналып 

секіріп кетіпті де, қалған мүлкі қиға, өзі қоңызға айналып кетіпті. Енді 

ол ақыретке дейін мәңгі  бақи сол дүниесін арқалап жүреді екен. Неге 

біз осыны немеремізге ертегі қылып айтып, мультфильм түсірмейміз? 

Тәрбие ғой тұнып тұрған?!. Ал мұндай аңыз, мұндай философия 

қазақта көп. Мен билік басындағы атқамінер азаматтардың 

барлығына «Аяз биді» қайта оқуға кеңес берер едім. Кабинеттерінің 

төріне өмірінің ең бір қиналған кезінде киген шоқпыт шапандарын 

ілгізіп қояр едім. «Ей, Аяз, әліңді біл!» деп отырса, осыншалық 

тоңмойын болмас па еді?

АЛАшҚА АйТАр ДАТЫМ...

 Тәуелсіздігіміз бізден басқа кімге керек? Ұлымыз қызтеке, 

қызымыздың бәрі қытайға тиіп кететін болса, сонда біз кім үшін 

егемендік алдық? Кім үшін біз «халық жауы» боп атылдық? Осы 

жолда құрбан болған батырлар мен Әлихан, Ахаң, Мағжан сынды 

арыстарымызды ұмыттыратын болсақ, бұл Тәуелсіздік неге керек? Он 

шақты байларымыз халқын тонап, шетелге қашатын болса, ата-баба 

жеріне кім ие болып қалады? Мұның барлығы – анау-мынау емес, 

кәдімгідей қоғам болып ойланатын нәрсе.

– «Жайықтың Ақшағаласы» – Ақ ұ ш-

 тап  апамыз  Алматыға  келіпті»  деп 

естіген бетте өзіңізбен тілдесуге асық-

тық.  Кіндік  қаныңыз  тамған  Орал ға 

қоныс  аударғаныңызға  да  бір шама 

жы л дың  жүзі  болды.  Ол  жақта  ру ха-

ния тқа  қандай  үлес  қосып  жат қа-

ныңызды білеміз. «Алаш айна сының» 

тұрақты  оқырманы  екеніңізді  айтып 

қалдыңыз,  жалпы,  осы  «Алаш»  сөзі 

сізге  қалай  әсер  етеді,  Алаш  десе,  сіз 

нендей күйге енесіз? 

– алаш десе, алдымен ұлтымның тари­

хы, өткен тағдыры еске түседі. «алаш ай­

на сын»  оқыған  сайын  «сол  алаш  жұрты­

ның өткені мен ертеңі, бүгіні қандай болуы 

керек,  қазір  Тәуелсіз  ел  атанған  қазақтың 

не жетістігі, не қиындығы бар» деген сияқ­

ты алуан ойлар қамауға алады. Біз кешегі 

желтоқсанды  көрдік.  Желтоқсан  жастары 

не үшін арпалысты, не үшін өздерінің жас­

тық шақтарын қиып, өмірлерін қатерге тік­

ті? Өйткені олар – алаштың тарихын аз да 

болса  білгендер,  сол  өз  ұлтының  тарихы 

мен намысының тапталып бара жат қа нын 

көргендер.  қашанғы  өзге  тілде  сөй лей ді? 

қашанғы өзге елдің ықпалында өз ге елдің 

әнін айтып, жырын жырлайды? Міне, ос ы н ­

дай  намысты  шақта  оларды  қор ғайтын 

еш кім болмай, қорлықпен тізе бүктіргенін 

көзіміз көрді. Бұл – енді тари хтың мойнына 

жүк.  алаштың  нағыз  жоқ тау шылары  сол 

желтоқсаншылар еді.



–  Бүгінгі  «Алашым»  деушілердікі 

бекер ме сонда? 

– Жоқ, бәрі бекер дей алмаймын, қазір 

біздің жоғалған, тапталған тарихымыз оя­

нып  жатыр.  Бірақ  кейде  осы  жолда  көңіл 

толмайтын  әрекеттер  де  орын  алып  кетіп 

жатады. Әсіресе, мәдениетте осы олқылық 

қатты  білінеді.  Мұның  басты  себебін  мен 

кейде  істің  басында  отырғандардың  сол 

орынға сай еместігінен деп түсінем. Себебі 

біз  ұлт  руханиятының  басына  бірыңғай 

тәжірибесіз жастарды қойып қойған сияқ­

тымыз. Бұл сөзімді біреулер жастарға мүл­

дем  қарсылық  деп  ұқпасын,  оның  да  өз 

жөні, өз реті бар. Кезінде ұлы жазушымыз 

Мұх тар Әуезов айтқан мына бір сөзді қа­

пер ге алсақ: «Жас баланың қолына беріл­

ген билік  жас сәбидің қолындағы қанжар 

секілді. Не ол өзін кеседі, не өзгені жаралап 

алады».  Ұлттық  тілді  білмеген,  ұлт  тамы­

ры нан сусындамаған, ел сыйлау, ата сый­

лау, тамыр сыйлау, тек сыйлауды білмеген 

жастар  басшылық  орындарға  отыр ды  да, 

не  өздері  ұқсата  алмады,  не  өзгеге  билік 

бермеді. Сол кезде біздің небір таланттар, 

небір керемет жазушы ларымыз шетте қал­

ды, өткен тарихымыз бүгінгімен жалғаспай 

қалды.  Бүгінде  біздің  әр  жерден  үйреген 

әуенге селкілдеп отыр ғанымыз соның кесі­

рінен.  Сонау  ұлттық  рухқа  тәрбиелейтін 

құралдар – батырлар жыры, ғажайып дас­

тандарымыз тек қазақ ша тіл білетіндердің 

үлесіне ғана қалды. ал 60 пайызы өз тілін­

де сөйлемейтін ұлт тан басқа не күтуге бо­

ла ды?


–  Мемлекеттік  тіл  мәртебесі  деген 

мәселе бізде Тәуелсіздік алғалы бері 20 

жылға жуықтаса да, әлі бірінші орын  да 

тұр.  Осы  жиырма  шақты  жыл да  талай 

айтылып  та,  жазылып  та  жатыр,  ай-

ғайлай-айғайлай шарша ған дар да бар, 

талай    жобалар        мен  бағ дарлама лар 

да қолға алынды, бі рақ неге осыны бір-

жақты ете алмай жүрміз? Әлде атал ған 

іс-әрекеттің  бар  лығы  жұртты  алдау-

сырату  үшін  жасалған  көзбояу шылық 

та, тілдің жоғын жоқтап жүр ген дер тек 

ұлт жанашыры шекпенін киіп алғандар 

ғана ма? 

–  Бұл  –  түгелдей  ұлттың  намысының 

жолға  қойылмағандығының  бірден­бір 

дә лелі.  Бірер  адамның  «тілім  керек,  дінім 

керек» деп шырылдағанынан ештеңе шық­

пайды. Бізде, жалпы, тілді дамыту тек әде­

биет  пен  мәдениеттің  айналасында  жүр­

гендердің ғана ісі деп қараушылық басым 

да, содан келіп басқа саладағылар қа зақ­

шаға мүлдем мән бермейді. Біздің ұлттың 

бір мақтанар тұсы бар еді, ол ар жағында 

жатқан текті тұлғалары болатын. Біз өзімізді 

қобыланды  батырдың,  абылайханның, 

жаудан қайтпайтын Кенесары сынды батыр 

қолбасшының ұрпағымыз дейміз, біз Ма­

ха м бетті  бетке  ұстаймыз  дейміз.  Бірақ 

солай дегеніміз болмаса, оны дәлелдейтін 

ұрпақ жоқ! Ең соңы, кешегі Бауыржан Мо­

мышұлы мен Жұбан Молдағаливтер бол­

ған секілді. қазақтың қайсар рухы солар­

мен бірге қаза болғандай. Бәрінің алдында 

жалпылдап тұрған қазақты көргенде, «Бұ­

лар  неге  осылай  етеді?»  деген  алаштың 

намысы  жүрегіңді  ауыртады.  «Көкбөрінің 

ұрпағымыз,  ұлы  даланың  перзентіміз» 

дей міз, бірақ өзіміз сол ұлы даланың мәде­

ниетінен  жұрдаймыз.  Өзге  тілде  сөйлесе, 

өзге  мәдениетті  қабылдаса,  өзге  киімді 

кисе, ол ұрпақ қалай алаштың намысын ту 

ете алмақ? Мен, әрине, өз киіміміз дегенде, 

«байырғы қос етек көйлекті қайта ки» деп 

отырған  жоқпын,  осы  заманның  киіміне 

кішкентай  болса  да  өз  ұлтыңның  белгісін 

қосуға  болмай  ма?  Неге  біздер  елор да­

мыздың өзінде жаңа ашылған әсем ғима­

раттар мен дүкендерге ағылшынша «palas­

се», «paty» деген бірдеңелерді қосып жазып 

қоямыз?  «Біз  –  алаштың  ұрпағымыз»  деп 

имен бей айту үшін ұрпағымыз ұлттық рухта 

тәрбиеленуі  тиіс.  қазақ  мектебінде  қазақ 

қызының ұлттық тәрбиесі жүруі ке рек. 

– Біз – «ұл тәрбиелей отырып, жер 

ие сін,  ал  қыз  арқылы  ұлтты  тәрбие-

лейміз»  дейтін  халықпыз.  сіз  Оралға 

ба ра  салысымен,  бірінші  осы  қыздар 

тәр биесіне кіріскен сыңайлысыз. Оған 

не түрткі болды? 

– Мен өзімнің өсіп, қалыптасып, саналы 

өмірімді  өткерген  алматымнан  неге  Ба­

тысқа  көшіп  кеттім?  Өйткені  ол  –  бірін ші­

ден, менің кіндік қаным тамған жер. Сон­

дағы  қыз  Жібектің  сіңлілерінің  жағдайы, 

олардың орыстанып, тіпті Батысқа біржола 

бет бұрып, кіндік ашып жүруге арланудан 

қалып бара жатқаны мені қатты алаңдатты. 

«Сен сөйттің» деп өрімдей жас қыздардың 

қайсыбірін  кінәлаймыз,  онымен  қызды 

жөн демек  былай  тұрсын,  біржола  теріс 

қаратып алмаймыз ба? Бар кілтипан олар­

дың анасында болып тұр ғой, ана сүтімен 

бірге  ана  тілін  үйретпесе,  бесік  жырының 

орнына басқа тілдегі әнді айтсақ, одан қа­

лай қыз қазақы болып бойжетпек? Елімізде 

күн  сайын  перзентхана  табалдырығынан 

табылып жатқан тастанды балалар қайдан 

шығып жатыр? қаракөз қазақ баласын қа­

зақ қызынан басқа кім туады? Бәрінің әке­

сі­шешесі, ата­әжесі бола тұра, баласы мен 

немересін  тірі  жетім  атандырып  жатқан­

дардың  арасында  бақуатты  отбасылар  да 

бар. Олай болса, қыздары перзентін кө ше­

де тастап кету арқылы ұлтқа зардап келтіріп 

отырған  осындай  жандарды  біз  егеменді 

елдің толыққанды мүшесі деп айта аламыз 

ба? Тастандыларға арнап кезінде еліміздің 

барлық    аймақтарында  балалар  қалашы­

ғын салдық. Ол жерде кәдімгі үй тәрбиесін 

кө ріп,  білім  алып­ақ  өседі,  бірақ  бәрібір 

18­ге  толғаннан кейін бала   өзінің жетім­

дігін сезі неді. Себебі ол жерден кетуі керек. 

Мі не,  сол  кезде  әлгі  жетім  бала  екі  көзі 

жәу  діреп, «тағдыр» атты теңіздің асау тол­

қы нымен бірге  жағаға лақтырылып  қа л ­

ған дай болмай ма? Барар жер, басар тауы 

жоқ  жас  жеткіншек  сонан  соң  түрлі  жағ­

дай лармен ұшырасады. Сөйтіп жүріп, аяғы 

ауырлайды. Әсіресе қыз бала, өзі жетімдер 

үйінен  шықты,  сондықтан  ол  өзінің  туған 

перзентін  кімнің  үйіне  апарады?  Міне, 

тастанды қайдан шығады. «Сол тастан ды­

лар  ертең  өсіп  шыққанда,  бұл  қоғам  не 

болады?» деген ой мені қатты мазалайды. 

Тас тан дының  18­ге  толғаннан  кейінгі  тағ­

дырын  кім  шешуі  керек?  Министрлік  пе? 

Үкімет  пе?  Әлде  облыс  басшылары  ма? 

Бәлкім, «мен – алаштың азаматымын» де й ­

тін саналы азаматтары шығар. 

– сана дейсіз, әңгімемізді сол арна-

ға  бұрсақ...  Біз  бүгінде  барлығын  ақ-

ша ға  әкеп  тіреп,  ақшамен  өлшейтін 

бол  дық.  Ал  сана  ше?  сана  байлығы 

жайлы  біздер  ойланамыз  ба  осы?  Ол 

жа йлы  әңгіме  бар  ма  өзі,  қай  жерде 

ай тылып жатыр?

–  Мен  тап  осы  тұста  ақылы  оқудың 

санаға  кері  әсері  жайлы  айта  кеткім  келіп 

тұр. қазір ешкім оны елең қылып отырған 

жоқ. Бірақ бұл – бүгін білінбегенімен, күн­

дердің  күнінде  бізді  құрдымға  апарып 

тірейтін мәселе. Білім сапасын былай қой­

ғанда, адамгершілік сапасын да төмендетті. 

Мен оған бірнеше мысал келтіре аламын. 

айталық, ақылы оқуда оқыған дәрігер се­

нің қай жеріңнің ауырып отырғанын емес, 

«қанша  ақша  төледі  екен?»  деген  ой мен 

отырып,  қайта  сенің  жаныңды  жа ра лап 

жібереді.  ақылы  оқуды  бітірген  заңгер 

«осы  адам  қанша  ақша  төлейді  екен,  қа­

лай да  осыдан  көбірек  ақша  алып,  қым­

батырақ  көлік  мінсем»  деп  отырып,  адам 

тағдырын  қорлап  жатыр.  Осы  бір  ақылы 

оқу мәселесін шешпесек, біз оңбай ұтылып 

отырмыз. Біз білімді, парасатты жоғалтып 

отырмыз. Себебі ол жерде ондай нәрселер 

айтылмайды  және  жүрмейді,  тек  ақша 

ғана  үстемдік  құрады.  Бәлкім,  бұл  басқа 

елдерде  дұрыс  қабылданып  жатқан  шы­

ғар, ал бізде «ақшамды төлеп, диплом ал­

сам  болды»  дейтін  түсінік  қана  бар.  қай 

мамандық болсын алдымен сана тәр биесі 

мен ұлттық рух, Отанды сүю деген қасиет­

тер  керек.  Бұлардың  барлығы  да  бесікте 

жатқан  кезден  ананың  әлдиімен,  әже нің 

ертегісімен, домбыраның үнімен беріледі. 

Біз сияқты ешбір елде әбден үл кен болып 

өскен балаға жиналыс ашып, «Отанды сүю 

керек»  деп  айтпайтын  шы ғар?!.  Осындай 

кісінің  күлкісін  келтіретін  тәрбиеден  кейін 

шетелге  оқуға  жіберген  балаларымыз, 

әри не,  барған  елінен  қайт пайды.  Себебі 

ол Отанды сүю дегенді сезін бейді, сөйтеді 

де, жанының рахаты үшін туған елін сатып 

жебере  салады.  қа зақстанға  еңбек  ету, 

елі нің  ешкімнен  кем  болмауын  ойлаған 

бала  өз  басының  тәтті  тұрмысы  үшін  ше­

телде қалып қоймас еді. қазір қарасаңыз, 

қалталылар  шетелден  есепшот  ашып, 

балаларын  сонда  оқуға  жіберіп  жатыр, 

тура ертең ел басына күн туа қалса, өзіне 

қашатын пана іздеп жүр гендей... 

–  «Жапон  жапонды  елден  жырақ 

жүргенде көзіне қарап-ақ түсіне бере-

ді»  деген  сөз  бар.  Ал  қазақ  қазақты 

дәл солай ұға ала ма? 

–  Ұлттық  тәрбие  берілмеген  жерде 

біздің  Тәуелсіздігіміздің  көрінісі  үстірт  бо­

ла ды. Әйтпесе, қазақ ұлты талантты. Суы­

рыпсалма,  яғни  импровизациясы  қазақ­

тай  мықты  ел  аз.  Өкінішке  қарай,  біз  сол 

қасиетімізді  бүгінде  сақтай  алмай,  «сен 

барасым ба, мен келесім бе?» деген дүбара 

жағдайға  жетіп  отырмыз.  Біле­білгенге 

қазақтың бір мақалының өзі – тұнған фи­

лософия!  Мағынасыз  сөздермен  сөйлей­

міз, арзан әзілге құмармыз. Мәселен, Жи­

рен шені, одан да басқа би­шешендеріміз 

бен  жырауларымыздың  айтқандарын 

оқып, сондағы ойды тоқитындар бар ма? 

Сол Жиренше шешен бірде жанына ерген 

жас жігіттердің бірін жүгіртіп, «анау ауыл­

дан  кімдер  көшіпті,  байқап  келе  қойшы» 

деп  жұмсапты.  Сөйтсе,  әлгі  құйғытып  ба­

рып ты да, қайтып келгенде: «Бұл өңірден 

ауыл көшіп кетіпті, бейбастақ елдің жұрты 

жатыр», – дейді. Көшіп кеткен елдің жұр­

ты на баға береді. Сонда Жиренше: «Шы­

ра  ғым, бейбастақ деп неге айттың?» – дейді. 

«Кө ш  кен орнын жинамай, ошағының күлін 

көмбестен,  көсеулерін  күйе­күйе  қылып 

тас тап  кеткен  елді  бейбастақ  демей  не 

дейін? Оған «орныңды жина» дейтін ақса­

қалы,  «ошағыңды  өшіріп,  күліңді  көм» 

дей  тін әжесі болмаған, келіндері көргенсіз, 

балалары  бетімен  кеткен  ел  екенін  бей­

берекет  жатқан  көш  ізі  көрсетіп  отыр»,  – 

деп ті.  Тұнып  тұрған  экология  емес  пе? 

«Оты р  ған орныңды ретке келтір, далаңды 

қайта  қалпына  келтір»  деп  тәрбиелеген 

қазақ. қазір дәл сол Жиреншенің жанына 

ерген жас жігіт айтқан бейбастақ жұрт біз 

болып  отырмыз.  Жағажайға  барсақ  та, 

саяжайға  барсақ  та,  орнымызды  жина­

май  мыз. Кере мет көлік мінген қыз бен жігіт 

қоқы сын өзе н ге лақтырып, біз қойған ес­

керт кіш тердің түбінде сырасын ішіп, бөтел­

кесін сындырып кете барады. ал ол оқыған 

қыз  бен  оқыған  жігіттің  істеп  тұрғаны! 

Немене, біреуді біреу «әй, өйтпе, әй, сөйт­

пе» деп қашанғы күзетіп жүреді? алаштың 

үміт  артар  ұрпағының  санасы  осындай 

болса,  онда  біз  немізбен  мақтанамыз? 

қарт әжем: «ақырзаман болғанда, су тар­

ты лады, қа рап тұрған жігітке қыз артылады. 

Сондай  кез  келеді,  көрерсіңдер,  ұят  кетіп 

барады  ғой»,  –  деуші  еді.  Расында,  қазір 

көшеде  қазақ  қызы  жігітті  өзі  ұстап  алып 

сүйе ді.  айналада  адамдар  кетіп  барады, 

оны тіпті елең де қылмайтын сияқты. Еркін­

дік, жас тық деген күннің өзінде, оның кіш­

кентай да болса қазақ қызына тән инабат­

тылығы  болуы  керек  қой.  ал  егер  бірі 

–   фр ан цуз,  бірі  ағылшын,  қытай  болам 

деп,  соларға  күйеуге  шығып,  азып­тоза 

берсе, алаштың арманын аяққа таптағаны 

емей немене? Одан қыздарымыз күндердің 

күнінде өзін, тегін жоғалтады да, өмірінің 

соңында «мен осы дұрыс өмір сүріппін­ау» 

дейтін  нүкте  болмайтын  секілді  көрінеді 

маған.  Жұрт  тіпті  қыздарының  шетелге 

тұр мысқа шық қанына мақтанып жүр. «Он­

сыз  да  аз  халық пыз,  қыздарымызды  өзге 

ұлтқа берсек, басымыз кеміп, келесі ғасыр­

ларда  жойы лып  кетпейміз  бе?»  деген  ой 

санада үрей туғызады. 

–  Біз  тағы  нені  ескермей,  қандай 

қауіпті сезбей отырмыз? 

– Ұлттық сезімді тәрбиелейтін ауыл еді 

ғой,  мейірімді  ауыл  еді  ғой,  «көршіңмен 

тату  тұр»  дейтін  ауыл  еді  ғой.  ауылдан 

шыққан ұл мен қыз англия мен америкадан 

махаббат іздемей­ақ, бір­бірімен үйленіп, 

балаларын  өсіріп,  бақытты  болып  еді 

ғой?..  Міне,  біз  осылай  өз  мәдениетімізді 

тона тып,  қазір  енді  әр  баламыз  теледи­

дарды  жастанып  жатып,  шетелдің  шектен 

шыққан  көргенсіз  көріністерін  тайсалмай 

тамашалауда.  Соны  көрген  қыздарымыз 

жалаңаштанды.  Өзім  үш  қыз  өсірдім,  қа­

зақ ша оқыттым, ешкімнен кем емес. Керек 

десеңіз,  төрт тілде сөйлейді. итальянмен  – 

итальянша,  ағылшынмен  –  ағылшынша, 

ис панмен – испанша, орыспен орыс ша сө й­

лесе алады. Баласын да туып үл герді. Мен 

оларға бесіктен қазақша сөй ле дім, осында 

қазақ  мектептері  жабы лып  жатқанда  да, 

қазақ  мектебіне  бердім,  домбыра  күйін 

тыңдаттым, оқимын деген оқуын оқыттым 

және ең бастысы, «сен – қазақтың қызы­

сың» деп өсірдім. Әр үй, әр ата­ана өзінің 

бесі гіне ие болуы керек. Ол үшін сол шаңы­

рақтың әйелі мықты болуы шарт. Неге тек 

«қыз­қыз»  деп  кетті  деме ңіздер,  оның 

себебі қазақ қызын қолға алмайынша, біз 

шәлдір­шатпақ  жігіт тері мізді  тәрбиелей 

алмаймыз.  Себебі  қыз  –  ұлттың  анасы. 

Әрине,  мен  оларды  қайта  ХVІІ  ғасырдың 

қызы  еткім  келмейді,  ете  де  алмаймын, 

жұмысын  істесін,  көлігін  айда сын,  ешкі м­

нен кем болмасын. 



– Қазір онсыз да қыздар күш алып 

бара  жатқан  сияқты,  өзін-өзі  қамта-

масыз ету жағынан да, қызметтегі бе л-

сен ділігі жағынан да қыздар алдыңғы 

шепте  көрінеді.  Осыдан  ба,  әйтеуір, 

қа зір  қазақ  қыздарының  арасында 

оты рыңқырап барып, өзінен 5-10 жас 

кіші жігітке тұрмысқа шығу үрдісі кең 

етек  алып  бара  жатқандай.  Бұл 

алаңдарлық мәселе емес пе? 

– Бұл да – сол ұлдарымыздың бойында 

ұлттық  намыстың  оты  сөніп  бара  жатқан­

дығының белгісі. «Мен – қазақтың қайсар 

рухты  перзентімін,  өз  жеріме,  өз  жарыма 

қорған боламын» дейтін жігіт бұлай етпес 

еді.  Мысық  құсап  басынан  сипағанның 

бауы рына кіріп кете баратын ол қандай ер, 

қандай жігіт? ата тек қасиетін бойына сі ңі р­

 меген  соң, ұл осылай өз бетімен өседі де, 

әншейін  бір  жәндік  сияқты  жүреді.  Оның 

кеудесіне  елдік  намыс,  азаматтық  ар  мен 

абырой, батырлық рухтың дәні егілмеген. 

Ел  билеп  отырған  жігіттеріміз  Жиреншені 

оқыса ғой, шіркін! Шешендік сөздер, жыр­

дастандар,  білгенге  –  қазақтың  ғасырлап 

жинаған  рухани  байлығы.  Бірақ  сол  бай­

лығымыз  қадірін  білмес  ұрпаққа  қор  бо­

лып  кете  ме  деп  қорқам.  «Мәдени  мұра­

мен» әр жерге кесене саламыз, ескерткіш 

қоямыз. ал ұл­қызымыз оны жай қара тас 

құрлы көріп, төбесінде ойнақ салады. ал­

дымен саналы бала өсіруіміз керек, со сын 

барып ескерткіш қойсақ, ұрпағымыз оның 

қадірін білетін болады. 

сұхбаттасқан 

Мәриям ӘБсАТТАр

АлАш АзАмАты

алаШ­ақПаРаТ

Бір тәулікте 

үш ірі өрт 

болды

Ойын 

автоматтары 



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал