Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың



жүктеу 0.78 Mb.

бет5/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

фы,  тарих  ғылымының  докторы, 

профессор Халел Арғынбаевты еске 

алуға  арналған  «І  Халықаралық 

Арғынбаев  оқулары»  ғылыми  кон-

ференциясының  ашылу  салтанаты 

болды.

Конференцияның  ашылу  рәсіміне  Қр 

мемлекеттік орталық музейінің директоры 

Нұрсан Әлімбай арнайы сөз сөйлеп, мем­

лекеттік  «мәдени  мұра»  бағ дар ламасы 

аясында  атқарылған  және  енді  қолға 

алына  бастаған  игі  шаралар  тө ңірегінде 

баяндап берді.

Біліктілер  бас  қосқан  алқалы  жиынға 

тек  қана  Қазақстаннан  емес,  ресейден, 

Қырғызстаннан,  Үндістаннан,  моңғо лия­

дан және тағы басқа да елдерден белгілі 

тарихшы­этнограф  ғалымдар,  музей та­

нушы  ғалымдар  қатысты.  Қазақстанның 

мемлекеттік  орталық  музейі  мен  Шоқан 

Уәлиханов  атындағы  тарих  және  этноло­

гия институтының бас тамасымен өткізіліп 

отыр ған  бұл  шара  рухани  өміріміздегі 

маңызы  зор  оқиға лардың  бірі  деп  баға­

ланып  отыр.  Бұл  қазіргі  кезеңде  елімізде 

этнология  ғылымы  мен  музейтану  мәсе­

лелеріне деген дұрыс көзқарас қалыптаса 

бастағанының  бір  айғағы  болса  керек. 

Осы  басқосуға  арнайы  келген



  Моңғо-

лияның Қазақстандағы Төтен ше және 

өкілетті  елшісі  Хоравч  Аюра зана 

жергілікті  журналистерге  берген  сұх ба­

тында екі ел арасындағы тамыры те реңде 

жатқан  рухани  байланыстар  жөнінде  ой 

өрбіткен еді:

– Біздің халықтарымыздың тек тарихы 

ғана  емес,  ортақ  мәдениеті  мен  дәстүрі 

бар.  1991  жылдан  кейін  Қазақстан  мен 

Моңғолия  арасында  40-тан  астам  екі-

жақты келісім мен шарттарға қол қойылды. 

Оның сегізі мәдени-гума нитарлық салада 

жасалды.  Моңғолиядағы  қазақтарды  та-

рихи-этнографиялық, 

этно-әлеуметтік 

және осы елдің аумағындағы ежелгі түркі 

ес керткіштерін 

сәулет-археологиялық 

зерт теу  мақсатында  жыл  сайын  Шоқан 

Уәли ханов  атындағы  тарих  және  этноло-

гия  институты  кешенді  экспедициялар 

өткізеді.  Қазақстанның  орталық  музей 

қыз меткерлері  де  Баян  Өлгей  аймағын-

дағы  экспедицияларға  бірнеше  мәрте 

қатысты.  Соның  нәтижесінде  олар  Моң-

ғолия музейлеріндегі әріптестерімен бай-

ланыс орнатты.

Таңатар АЙТҰЛЫ

Музей 

мамандары 

бас қосты

«Айгүлден» шыққан ғалым

Сақыпжамалдың  осындай  дәреже­дең­

гейге жетуінің алғышарты от басынан бас­

тау алғаны күмәнсіз.

Ол 1968 жылы Қазақтың мемлекеттік 

қыздар  педагогикалық  институтының 

музыка­педагогика  факультетіне  оқуға 

түсіп, оны 1972 жылы үздік бітіреді. Содан 

соң  ректораттың  ұсынысымен  институтта 

қалдырылып,  1976  жылға  дейін  өзі 

бітірген  факультетте  дирижерлау  пәнінен 

дәріс  береді.  Оқытушылық  қызметпен 

айналыса  жүріп,  мектеп  жасына  дейінгі 

тәрбие  факультетінің  көркемөнерпаздар 

үйірмесінде хор ұжымын ұйымдастырады. 

Оның  хормен  жұмыс  істеу  шеберлігінің 

нәтижесінде  хор  ұжымы  жылда  болатын 

конкурс, 

фестивальдерде 

жүлделі 


орындарды  иеленіп  отырғанын  айта 

кету  ләзім.  Ол  вокалдық  ансамбль 

ұйымдастыруда  да  өз  қабілет­дарынын 

көрсете білді. 

Әсіресе  «айгүл»  ансамблінде  жүріп 

контрабаста,  бас  және  ритм  гитараларда 

ойнап үйреніп, қазақ халық музыкасының 

Та

лғам



ҚаТЕлІК

Қай халық болсын 

әрдайым білім сырын, 

ғылым тілін түсінген, 

еліне енші етіп 

ұстатқан ұстаздар мен 

ғалымдарды құрметтеген. 

Сондай ғалымдардың 

бірі – Халықаралық 

педагогика білімдері 

ғылым академиясының 

академигі, Қазақстан 

Республикасының 

Жаратылыстану ғылым 

академиясының академигі, 

педагогика ғылымының 

докторы, Абылай 

хан атындағы Қазақ 

мемлекеттік халықаралық 

қатынастар және әлем 

тілдері университетінің 

педагогика кафедрасының 

профессоры, белгілі 

ғалым-ұстаз Сақыпжамал 

Ұзақбаева.

Сақыпжамал  асқарқызы  Ұзақбаева 

Семей  облысының  аягөз  қаласында 

көп балалы,  ынтымақты,  халықтың  үз­

дік  дәстүрлерін  ұстанған  отбасында 

туып­өскен.  «ата  көрген  оқ  жонады, 

ана  көрген  тон  пішеді»  делінген  халық 

даналығы  тұрғысынан  таразылағанда, 



Түркі әлемінің 

тұтасуына не кедергі?

Көктемде себілген 

тұқым күзде өнімін беретіні 

секілді, кешегі кеңес өкіметі 

тарапынан жүргізілген 

отарлық саясаттың нәтижесі 

бүгінде өз «жемісін» беруде. 

Ұлтсыздандыру саясатына 

өз кезінде оңайлықпен 

көнбей, тілімізді, дінімізді, 

ділімізді сақтау жолында 

күрескенімізбен, бүгінде 

руханият мәселесіне 

келгенде көзқарастарымыз 

қақ айырылып, құлдық 

санадан арыла алмай 

келеміз. Ұлтымызды дүбәра 

күйге шалдықтырып, 

еңсемізді езген осындай 

кеселден құтылудың жолы 

бар ма? Әлемді дағдарыс 

жайлап, аждаһадай ақырған 

АҚШ-тың өзі есеңгіреп 

тұрғанда, түбі бір түркі 

бірігіп, әлеуетіміз бен 

мәдениетімізді тығырықтан 

алып шыға алар ма екенбіз? 

Туысын  түгендемек  түгіл,  өзінің  кім 

екенін  зорға  ажыратқан  кешегі  «байтал 

түгіл,  бас  қайғы»  болған  заманда  көк 

бөрінің  ұрпақтары  жан­жаққа  шашырап 

кеткен­ді. Егемендік алып, ес жиғалы бері 

түркі  жұрты  түп­тамырын,  туыстарын  із­

деп, ендігі уақытта жаһанданудың жалы­

нынан аман қалуға ұмтылуда. Осының бір 

дәлелі – соңғы уақыттарда қаны бір, жаны 

бір, мүддесі бір түркі бауырларымыз ата­

жұрты Қазақстанда бас қосып, түркі әлемі­

нің  өзекті  мәселелерін  талқылауды  дағ­

дыға айналдырғаны. Кешегі түркіге ортақ 

қайраткер  мұстафа  Шоқай  сынды  аза­

матымыздың  түрікшілдік,  түркі  жұртын 

тұтастандыру  идеясы,  Түркістанды  «екі 

дүниенің есігіне, ер түріктің бесігіне» бала­

ған  мағжандай  арысымыздың  арманы 

бүгін де маңызын жойған жоқ. Кеше біреу­

дің жетегіне ерген елдер бүгінде алпауыт­

тарға  бәсекелес  болуға  талпынған  шақта 

түркі жұртының жұдырықтай жұмыла әре­

кет етуі шарт. Осы орайда түркі жұртының 

өкілдері күні кеше екі күн бойында алматы 

шаһарында  өткен  «Түркі  әлемінің  бүгінгі 

өзекті мәселелері» атты халықаралық ғы­

лы ми­тәжірибелік  конференцияда  бас 

қосты. Түркі халықтарының мәдени қоры 

ұйымдастырып отырған жиын Елбасының 

таяуда Әзірбайжан астанасы Бакуда өткен 

Айнұр СенбАевА 

саммитте  Орта  азиядағы  түркітілдес  ха­

лық тардың бірлігін арттыру туралы айтқан 

идеясына арналып отыр. Конфе ренцияға 

еліміздің  белгілі  ғалымдары,  мәдениет 

және өнер қайраткерлері, сондай­ақ Түр­

кия,  Өзбекстан,  ресейден  келген  ға лым­

дар, экономистер, тарихшы лар, түркі тану­

шы  лар, ТҮрКСОЙ халық аралық ұйы мы ның 

өкілдері атсалысты. 



Мұхтар ШАХАнОв, 

ақын, қоғам қайраткері: 



  –  Кезінде  АҚШ-тың  150  миллионға 

жуық  жергілікті  халқы  өлтірілген.  Жан-

жақтан  келгендер  олардың  жерін  тартып 

алып,  халыққа  улы  киім,  тамақ  беріп, 

жаппай  қырды.  Егер  қазақ стандық  ұлт 

болсақ,  онда  Қазақ стан дағы  басқа  түр-

кітілдес ұлттар да жойылады. Ұлтты сақтап 

қалу – басты мәселе. Әрқайсы мыз дың өз 

ата-бабаларымыздан  бері  қарай  жал-

ғасып  келе  жатқан  генетикалық  ақпа рат-

тық  қозғалыс  болады.  Әркім  өз  тілінде 

ойлауды,  сөйлеуді  тоқтатқан  кезде  сол 

ақпараттық  қозғалыс  үзіледі.  Ата-баба-

ларымыздың  рухы  бізге  арыз  айтады.  Өз 

ұл тының  рухына  қарсы  шығу  –  Аллаға 

қарсы  шығу.  Ұлтты  еш кім  ойлап  тапқан 

жоқ. Ұлтты Алла жаратты. Көп ұлттардың 

аз  ұлттарға  қысым  жасауына  жол  бер-

меуіміз ке рек. 

Совет-Хан ҒАббАСОв, 

медицина  ғылымының  докторы,  про-

фессор: 

–  Түркі  жұрты  «бірігейік-бірігейік»  де-

ген нен  біріге  алмаймыз.  Бізге  керегі  – 

бірігудің тәсілдері. Біз – әлемге бүкіл білім 

мен  ғылымды  таратқан  елміз.  Адамзат 

өркениеті Қытайдан, Египет тен, Грекиядан 

тарапты-мыс  дейтін  тарихи  бұрма лау-

лардан  арылып,  ақи қатқа  жетуіміз  керек. 

Еуропаце нтристік  көзқарасқа  барынша 

тө теп бермесек, ұлт болып қала алмаймыз. 

Кешегі  цунами,  топан  су  секілді  апаттар, 

Спид,  құс  және  шошқа  тұмауы  секілді 

індеттер  неге  етек  жайып  кетті?  Бұл 

табиғаттың  қателігі  ме?  Бұл  табиғат 

тылсымдары күн жүйесінде емес, адамзат 

тіршілік  ететін  жер  бетінде  белең  алды. 

Яғни  бұл  –  адамзаттың  қателігінен.  Сон-

дық тан  біз  Батыстан  ділімізге  жат  дүние-

лерді қабылдай бермей, ұлттық иммуни-

тетімізді күшейткеніміз жөн. 

ТүРКІ ӘЛеМІнІң бүгІнгІ 

өзеКТІ МӘСе ЛеЛеРІ: 

• түркітілдес халықтардың 

әлемде бейбітшілікті сақтай 

отырып, әлеуметтік жағдайды 

жүйеге келтіруі;

әлемдік дағдарысты 

еңсеру, дағдарыстан шығудың 

тиімді жолдары;

• түркілер тарихының 

бұрмаланған тұстарына 

жаңаша көзқарас;

• түркіге ортақ тіл, дін және 

жазу мәселелері; 

• түркі тілдеріне арналған 

сөздік жасау және интернет-

ресурстарды тиім ді пайдалану;

• түркі елдеріне тарайтын 

телеарна ашу.

Мекемтас МЫРзАХМеТҰЛЫ, 

филология ғылымының докторы, 

профессор: 

– Біз, түркітілдес халықтар, сөйле генде 

бір-бірімізді  түсіне  аламыз,  бірақ  жа-

зуымыз әртүрлі. Міне, қанша жыл дан бері 

біз түркітілдес халықтарға ортақ тіл, жазу 

мәселесін шеше алмай келеміз. Түбіміз бір 

болғанмен, жиын дарда орысша сөйлесек, 

онда  несіне  бірігеміз?  Түркі  елдерінің 

кейбірі  латын  әліпбиіне  көшіп  те  алды. 

Алайда латын әліпбиінің өзін әркім әртүрлі 

қол данады. Біріміздікі біріміздікіне сәйкес 

келмейді.  Мен  осы  мәселені  Елбасының 

алдына да қойған болатынмын. Сонда ол 

Тү

ЙІ

н

«

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді халық даналығы. Алайда түркі 

әлемі бірігіп, түгенделу үшін ең жетіспейтіні – ауызбірлік. Түркітілдес елдерді 

айтпағанда,  бір  ғана  қазақтың  өзі  қырыққа  бөлініп,  өзінен  асып  кетсе, 

көре  алмай,  жоқ  болып  қалса,  бере  алмай  отырған  жоқ  па?!  Мүддемізді 

біріктірейік  деген  мақсатта  өткізілетін  жиындардың  өзінде    жиналғандар 

бірін-бірі  құттықтап,  мадақтаумен  немесе  даттаумен  уақыт  ұтқызады.  Ал 

аз  ғана  уақытта  көп  проблеманы  шешу  мүмкін  емес.  Дәме  бар,  дәрмен 

жоқ болып қалатыны да сондықтан. Дегенмен бір жеңнен қол, бір жағадан 

бас шығаруға талпынған зиялы қауымның бүгінгі еңбегі ертең жеміс беріп 

қалатынына үміттенейік. 

өзіне тән ерекшеліктерін меңгере отырып, 

жақын  шетел  халықтарының  музыкалық 

шығармашылықтарының  таңдаулы  үл гі­

лерімен  танысты.  Сөйтіп,  оларды  эстра­

далық вокалдық­аспаптық әуенге келтіріп 

өңдеуге үйреніп, квартетте ән орындағаны 

ел  есінде.  «айгүлдің»  қазіргі  вокалдық­

аспаптық әуенге келтіріліп өңделген қазақ 

халқының ән мен күйлерін республикаға, 

жақын  (Қырғызстан,  Өз бекстан,  Ресей 

(Мәскеу,  Новосибирск,  Барнаул,  Астра-

хань,  Ставрополь  өлке лері  және  т.б.) 

және алыс (польша, Франция, Жапония, 



Венгрия)  шетелдерге  танытқанын  да 

әуенсүйер қауым әлі ұмыта қойған жоқ. 

Кезінде  халық  әндерін  қазіргі  музыка 

тілімен жеткізе білу мәнерімен халқының 

жүрегін жаулап алған, әлем халқын қазақ 

өнеріне  бас  идірткен,  ұлттық  өнерді 

тірілткен «айгүл» бүгінде қалың қауымның 

сағынышына айналған тұста, жиырма алты 

жылдан  кейін,  құрылғанына  қырық  жыл 

толған шақта сахна төріне қайта көтерілді. 

аға  буынның  көзіне  жас  алдырып,  орта 

буынды  тамсандырып,  жастарға  таңдай 

қақтырды.  Бұрынғы  «ай гүлдің»  балғын 

қыздарының  қазірде  профессор,  доктор 

атанғандарына  қарамастан,  өнерлерін 

шыңдай түскеніне халық дән риза болды. 

ансамбль мүше лерін қайта жинап, халық 

алдына  шыға руда,  әндерін  жаңаша 

өңдеп, 

кон церт терін 



ұйымдастыруда 

Сақыпжамал  Ұзақ баеваның  да  еңбегі 

орасан екендігін «айгүлдің» әрбір мүшесі 

мақтанышпен айтады. 

Кезінде  Сақыпжамал  асқарқызының 

Қазақстан республикасына еңбек сіңірген 

қызметкер,  композитор  Б.Байқадамов 

пен  педагогика  ғылымының  кандидаты, 

доцент  а.мұхамбаевамен  кездесуі  де 

оның өміріне өлшеусіз із қалдырды, оның 

музыкаға  терең  бойлауына  себепкер 

болды.  С.а.Ұзақбаеваның  өнерге,  оның 

ішінде музыкаға ден қойып, оны тереңдеп 

игеруінің өзі оның ғылыммен айналысуына 

кедергі келтірмегені былай тұрсын, қайта 

керісінше  оның  кемел  ғалым  болып 

шығуына түрткі болғанын аңғарамыз.

Ойды  тұжырымдап,  қорытындылай 

айтқанда,  С.а.Ұзақбаеваға  тән  мына 

бір  адамгершілік  асыл  қасиеттер  –  ғы­

лыми  және  кәсіби  тұрғыда  жетілу,  қа ра­

пайымдық, жүректен шыққан жо марттық, 

адалдық  оны  ғалым­ұстаз  етіп  көрсетеді. 

Жеке 


тұлғаның 

айшықты, 

өзіндік 

ерекшелігі,  бағдар  беретін  еңбектері, 

өмірі  –  оқырманға  ой  салар,  бүгінгі  жас 

ізденуші ғалымдардың қайсыбіріне болса 

да үлгі­өнеге. 

Ұлжарқын ӘбДІҒАПбАРОвА,

педагогика 

ғылымының докторы

кісі:  «Егер  біз  өзімізше  латын  әрпіне 

көшсек, басқа туысқандарымыз не дейді?» 

–  деген  еді.  Бұл  сөздің  де  жаны  бар. 

Өйткені біз алдымен барлық түркі тілдеріне 

лайық латын әліпбиінің үлгісін таңдауымыз 

ке рек. 

Жаһандану  процесі  бүкіл  әлемде 

өзгеше  қанат  жая  бастады.  Баршаңызға 

аян,  бұл  дегеніміз  –  ұлттық  мүддені 

тұқырту, өзгенің тілін, салт­санасын енгізу. 

Бүгінде алпауыт елдер – ресей мен Қытай 

билігі  ашықтан­ашық  аз  ұлттарға  қысым 

көрсетіп,  ұлттық  мектептерді  жауып  жа­

тыр. ал біздің елде мемлекеттік қызметте 

істейтіндердің  85  пайызы  орыс  тіліне 

жетік, ана тілін керек те қылмайды. Өйткені 

қазақ  тіліне  деген  қажеттілік  жоқ.  аты­

жөніміздің  өзі  не  қазақ,  не  басқа  ұлт 

екенімізді  айқындай  алмайды.  Өйткені 

құжатымызда  тегіміз  орысша  жазылған. 

Дербес  мемлекет  бола  тұра,  бірде­бір 

қазақтілді  телеарнамыз  жоқ.  мұндай 

проблема бізден басқа кейбір түркітілдес 

елдерге де тән. міне, алыстан ат сабылтып 

келген  бауырларымыз  да,  еліміздің 

беткеұстар зиялылары мен ғалымдары да 

осы  мәселелерді  шешудің  өзіндік  жол­

дарын ұсынды. 

МеРеЙ

Кезінде Киров атындағы 

университет жанынан «Қарлығаш» 

атты вокалдық ансамбльдің 

құрылуына сеп болғандардың бірі де 

осы Сақыпжамал болатын. Бұл шағын 

өнер ұжымы 1978 жылы Венгрия 

республикасына барып, өз өнерін 

көрсетіп, лайықты бағасын алғаны ел 

есінде.

С.Ұзақбаева – аты әйгілі «Айгүл» 

ансамблінің белді мүшелерінің бірі.

Бүгінгі кезеңге дейін Сақыпжамал Асқарқызының жетекшілігімен 

орындалған зерттеулердің нәтижелері бойынша даярланған 

150-ге жуық ғылыми-әдістемелік нұсқаулар оқу мекемелерінің 

іс-жоспарларына енгізілген. С.А.Ұзақбаеваның жетекшілігімен 14 

докторлық диссертация, 46 кандидаттық диссертация даярланып, 

қорғалды. Екі оқушы кандидаттық, үш оқушы докторлық 

диссертацияларын аяқтау үстінде. Қазірде оның шәкірттері – білім 

және мәдениет саласындағы республикалық ұйымдар басшылары, 

университет проректорлары, декан, кафедра меңгерушілері

профессорлар, доценттер және т.б.

Із. Ден. Іс

Қайролла 

ҒАбЖАЛИЛОв,

 «Алаш» 

тарихи зерттеу 

орталығының 

директоры:

Ғаббас 

ҚАбЫШҰЛЫ, 

жазушы:

? а л а ш т ы   а л а ѓ д а т ћ а н   с а у а л

а л а ш т ы   а л а ѓ д а т ћ а н   с а у а л

Дайындаған Алмат ИСӘДІЛ

–  Қазіргі  кезде  әкімдер  ғана  емес,  жалпы  халықтың  өзі  жалтақ. 

атау лардың  бәрін  қазақша  ғана  жазсақ,  бізге  кім  қой  деп  отыр? 

мысалы, Талдықорған қаласындағы көше аттарының басым бөлігі тек 

қазақ тілінде жазылған. Демек, бұл – сол жердегі әкімнің азаматтық 

позициясы. Басқа қалаларда неге осы үрдіс жалғасын таппайды? мен 

таяуда  ғана  Украинада  болып  қайттым.  міне,  орыстармен  етене 

араласып, орысша оқыған олардың өзі украин тіліне ең биік мәртебе 

беріп  қойған.  Көшелері  мен  қоғамдық  орындарындағы  барлық 

жазулар тек қана украин тілінде сайрап тұр. Бұған орыстар бәлендей 

деп отырған жоқ қой. Біз ғой баяғы «орысшамыз болмаса, күн көре 

алмайтын». Бір­біріне туыс болып келетін орыс, украиндердің өзі тіл 

мәселесіне  келгенде  бір­бірінен  дербес.  Біз  орыспен  «үш  қайнаса, 

сорпасы  қосылмайтын»  ұлт  емеспіз  бе?  Дүниенің  бәрін  заңмен 

байланыстыра  беруге  болмайды.  Екі  тілде  жазуды  міндеттейтін  заң 

жоқ, тек белгілі бір жазу талаптары мен нормалары  ғана бар. Ендеше, 

көше,  мекеме  және  өзге  де  атауларды  тек  мемлекеттік  тілде  жазуға 

ешкім кедергі бола алмайды.

Көше, мекеме атауларының тек мемлекеттік тілде жазылмауы әкімдердің жалтақтығынан ба?

– мен бұл мәселені осыдан 12 жыл бұрын көтерген едім. Осы орайда 

бір қа тар республикалық басылымдарда мақалаларым жарияланды. Оның 

сыртында тиісті құзырлы орындарға қаншама рет арнайы хат та жолдадым. 

алайда «көрген көргенін істейді, көсеу түрткенін істейді» дегендей, менің 

жанайқайыма үн қосып, нәтиже шығарған ешкім болмады.

Біздің елімізге әр тараптан күнделікті неше мыңдаған сырттың адамдары 

келіп­кетіп жатыр. Егер де әлгіндей қосарланып екі тілде жазылған көше, 

мекеме,  дүкен  аттарын  бір  ғана  тілде,  яғни  тек  қазақша  жазып  қоятын 

болсақ,  өзгелер  де  бізбен  санасатын  болар  еді.  ал  түрлі  деңгейдегі 

әкімдердің қо лында не бар? Олар да сол жоғарыдағылардың айтқанынан 

шыға алмайды. 

Екі тілде жазу міндет емес. Неге бір­ақ тілде жазылған деп бізді ешкім 

сөкпейді ғой. Әрине, кейбір ресми мекемелерге, кеңсе аттарына қатысты 

атауларды қос тілде жазу қажет шығар ең болмаса іздеп келгендерге обал 

болмасын деп... ал заңды жағынан келетін болсақ, бұл мәселені жергілікті 

жердегі мәслихаттардың мақұлдауымен­ақ жасай беруге болады. 

–  Бұл  жерде  барлық  мәселе  орыс  тіліне  қазақ  тілімен  бірдей 

мәртебе беретін заңға тіреліп отыр. алдымен сол шикі заңымызды 

қайта қарап, онда  «Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп 

қана жазуымыз керек. Бұған қоса өзін қазақпын деп санайтын кез 

келген  азамат  мемлекеттік  тілдің  мәртебесін  көтеру  үшін  саналы 

түрде өз тарапынан үлес қосуға міндетті. ал көше аттарын немесе 

басқа да атауларды тек қана қазақ тілінде жазуға тыйым салатын 

заң  жоқ.  Демек,  бұл  әрбір  әкімнің  өзінің  нақты  ісінен,  саяси 

мәдениеті  мен  сауатынан  көрініс  табуы  керек.  мысалы,  бірде­бір 

орысы  жоқ  қазақы  ауылдарда  кездесетін  атаулардың  өзі 

орысшасымен қосарланып жазылады. Бұл не үшін, кім үшін қажет?

Басқа­басқа,  елорданың  өзінде  ана  тіліміздің  ала­құла  болуы 

сол  жақтағы  шенеуніктерге  қолайлы,  ал  алматы  –  мүлде 

жаһанданып  кеткен  мегаполис.  Осындай  сапырылысқан  дүниенің 

арасынан  қазақ  тілін  аман  алып  шығу  үшін  еліміздің  барлық 

аймақтарында, қала, ауылдарындағы атауларды тек қазақ тілінде 

жазатын уақыт әлдеқашан жеткен.



ерлан САИРОв,

саясаттанушы, 

Мәдени саясат 

және өнертану 

институтының 

директоры:

Осы  аптада  Өскемен  қалалық 

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 

тайлы­таяғы қалмай тағы да акцияға 

шықты. «Тіл бұзарға – тосқауыл» атты 

бұл шараның мақсаты да – аты айтып 

тұрғандай, тіл бұзарларды жолға салу.

Жалпы  саны  10­нан  астам  адам 

бұл  күні  Қазақстан  көшесін  басынан 

аяғына  дейін  аралады.  Қатеден  көз 

аша  алмайсыз.  Сауда  үйлерінің  бас­

тықтары: «Бұл аудар малар алматыдан 

жасалып  келген,  сондықтан  ештеңе 

істей алмаймыз», – деп міз бақпайды. 

Кейбір  дүкен,  кәсіп орындарда  ау­

дарма  тіпті  атымен  жоқ.  Іздегеніңіз 

туралы  мәліметті  тек  орыс  тілінде 

оқисыз.  акцияны  басқарып  жүрген 

Өскемен  қалалық  мәдениет  және 

тілдерді  дамыту  бөлімі  бастығының 

орынбасары  Елдар  Төлеубеков:  «Кә­

сіпкерлер  ұяттан  безген.  Ешқандай 

айыппұл  салынып,  жаза  қол да ныл­

май тынын  біледі.  Барлығы  нем­

құрайдылықпен қа райды. Сондықтан 

қазақтілді аудармалардың қатесі үшін 

олардың мазасы  кетіп  отырған жоқ», 

– дейді.


 Журналист ретінде өзім куә болып, 

көзім  жеткен  бір  жайды  тырнақша 

ішінде  айта  кетуге  тура  келіп  тұр: 

«Қалалық  мәдениет  және  тілдерді 

дамыту  бөлімі  бастығының  өзі 

қазақша мүлде тіл сын дыра алмайды. 

мемлекеттік тіл сауат тылығын сақтауға 

байланысты  ат қарылған  істердің  кері 

кетіп тұрғаны, мүмкін, осыдан болар? 

Балық басынан шірімеуші ме еді? 

 



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал