Ахмет тоқтабай, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қазақ – Жоңғар шайқасы



жүктеу 59.26 Kb.
Pdf просмотр
Дата06.02.2017
өлшемі59.26 Kb.

Ахмет ТОҚТАБАЙ, 

тарих ғылымдарының докторы, профессор 

 

Қазақ – Жоңғар шайқасы 

 

1643  жылғы  көктемде  Жәңгір  сұлтан  бастаған  қазақ  жасақтарының 



өзінен  саны  анағұрлым  көп  Батур  қоңтәжінің  армиясын  тас-талқан  қылып 

жеңуі  кезінде  үлкен  халықаралық  жаңғырық  туғызған.  Қазақ  тарихында 

Қайыр  ханның  Отырарды  ерлікпен  алты  ай  қорғағанындай,  бұл  оқиға  да 

еуропа,  азия,  үнді  т.б.  деректеріне  түскен.  Зая-Пандитаның  өмірбаянында, 

Фишердің  Сібір  тарихында,  орыс  офицерлері  мен  шолғыншыларының 

есептерінде, шығыс дерекнамаларында таңдана да, таңырқай жазылады.  

Осындай  деректердің  біріне  көңіл  аударайық:  «...Гришка  мен 

Кучембердейко  деген  татардың  (Көшербай  болу  керек,  орыс  деректерінде 

түркі  халықтарын  жалпы  бір  атпен  татар  деп  жазды.  –  А.Т.)  айтуынша... 

қоңтәжі  Жәңгір  ханзада  мен  Жалаңтөске  соғыс  ашып,  олардың  екі  жерін 

тартып алады. Алай қырғыздары (Алатау қырғыздары. – А.Т.) мен Тоқмаққа 

дейін және он мың адамын айдап әкетеді. Бұл хабар Жәңгірге жетісімен 600 

адам  жинап,  қоңтәжіге  қарсы  шығады.  Әскерінің  жартысын  тастардың 

арасына  ор  қазғызып  жасырып,  қалған  300-іне  өзі  бас  болып  жартастардың 

арасында  тосқауылда  тұрады.  Жәңгір  осы  жолы  қоңтәжімен  екі  рет  ұрысқа 

кіріп, 10 000 адамын қырғынға ұшыратты. Осы кезде 20 мың әскермен бірге 

Жалаңтөс ханзада да келіп жетті. Мұны көрген қоңтәжі кейін шегініп кетті, 

өзімен бірге Жәңгірдің қолға түскен адамдарын да ала кетті». А. Левшиннің, 

В.В. 

Вельяминов-Зерновтың, 



Фишердің, 

Красовскийдің, 

А.П. 

Чулошниковтың,  М.  Тынышпаевтың,  А.  Позднеевтің  жазғандарына 



қарағанда,  бұл  дерек  біреудің  айтқан  сөзі  негізінде  хатқа  түсірілген 

эпизодтық  әңгіме  ғана,  бірақ  жеңістің  өз  заманында  қаншама  маңызды 

болғанын көрсетеді.  

Біз  1643  жылғы  шайқас  жайында  жазылған  әдебиеттердің  барлығын 

тізіп,  сілтеме  жасағанымыз  жоқ,  біріншіден,  бәрі  бірін-бірі  дерлік  қайталай 

береді,  екіншіден,  В.З.  Галиевтің  белгілі  зерттеуінде  бұл  деректердің 

барлығы  дерлік  жинақталған.  Біздің  мақсатымыз  оқиғаның  өткен  жерін, 

Жәңгірдің өмір сүрген жылдарын анықтауға байланысты болып отыр, ал бұл 

деректердің  бірде-бірінде  шайқастың  өткен  жері  тұрмақ,  ешқандай 

географиялық атау, ұғым жоқтың қасы.  

Жоғарыдағы  зерттеулерден  көңіл  аударатын  жай:  біріншіден,  Жәңгір 

екі  таудың  ең  қысылтаяң  тар  жерінен  ор  қазғызады  да,  жасақтарының 

жартысын орға жасырып, екінші жартысымен өзі тылынан ұрады. Екіншіден, 


қазақтардың  барлығы  дерлік  мылтықпен  қаруланғаны  байқалады.  Орыс 

деректерінде  «винтовка»  деп  жазылып  жүрген,  аузынан  оқталатын  шиті 

мылтық болуға тиіс. Ұрыста оқ-дәрілі мылтықтың қолданылуы шешуші рөл 

атқарған, сондықтан қару жағынан қазақтар  жоңғарларға қарағанда біршама 

алда болғаны көрініп тұр. Жоңғарлардың қару-жарағы жайында жазылғанда, 

оларда  мылтық  болды  деген  факті  кездеспейді.  Ал  1723  жылы  жоңғарлар 

қазақ  жеріне  тұтқиылдан  шабуыл  жасағанда,  швед  Густав  Ренат  құйып 

берген  зеңбіректі,  атты  әскерді  соғыс  тактикасында  өте  жақсы  қолданған. 

Мұны орыс офицерлері де тәптіштеп жазып отырған.  

Себебі,  олардың  міндеттері  де  екі  жақтың  қарулану,  қару-жарақ, 

әскерлерінің  санын  барлап  жоғарыға  мәлімет  беріп  отыру  болған.  Батур 

қоңтәжі  қазақтарға  тұтқиылдан  шабуыл  жасауды  1643  жылдың  көктемінде 

бекер  таңдап  алмаған.  Қазіргі  күнге  дейін  Есім  хан  өлген  жылы  нақты 

белгісіз: 1628  жыл, болмаса 1643 жыл, тіпті 1645 жыл деп  те  айтылады.  М. 

Тынышпаев  Есімнің  өлгені  1635-1643  жылдардың  арасы  деп  шамалайды. 

Біздің ойымызша, Есімнің өлген уақыты 1643 жыл болуы керек, яғни Есімнің 

өліп,  Жәңгірдің  хан  болып  сайланбай  тұрған,  қазақ  елі  кімге  ант  беретінін 

білмей аңтарылып тұрған «өліара» кезді Батур қоңтәжі тұтқиылдан шабуыл 

жасауға  пайдаланған.  Екіншіден,  Жәңгірдің  бұл  кезде  хан    болмағанына 

бүкіл  қазақтан  небәрі  600  жасақ  шығара  алғаны  себеп.  Үшіншіден,  1643 

жылғы шайқастың қай дерегін алсаңыз да Жәңгірді хан деп атамайды. Демек, 

Жәңгірдің  хан  болып  сайлануы  1643  жылғы  шайқасты  жеңіспен  аяқтап, 

халық алдында өлшеусіз абыройға ие болып, «Салқам Жәңгір» деген атаққа 

ие болған соң өткен. 

Әлемдік тарихқа бір елдің екінші елге тұтқиылдан шабуыл жасауы сол 

елді  билеп  тұрған  беделді  басшы  өліп,  ел  иесіз  қалып  тұрған  «бұлыңғыр-

бұлғақ»  уақытта  болған,  бұған  толып  жатқан  фактілер  келтіруге  болады. 

Төртіншіден, Жәңгір жоңғарлардың қандай маршрутпен келетінін алдын-ала 

білген,  яғни  қорғаныс  шараларын  жүргізген,  оған  дәлел  –  ор  қазып,  әскери 

тілмен айтсақ, окоп қазып дайындалып, 300 мылтықпен қаруланған сарбазын 

орналастырған, өзі 300 сарбазбен жартастың арасында торуылда тұрған. 

Жоңғарлар  жорығының  үнемі  бір  бағытта  болғанын  қырғыз 

тарихшылары да көрсетеді.  

«...Первый  крупный  военный  поход  джунгарского  Батура  хунтайджи 

состоялся в 1635 г. на казахского хана Ишима, ставка которого находилась в 

г.Туркестан.  Сын  Ишима  (Есім)  Янгир  (Жәңгір)  султан  выступил  против 

Батура  хунтайджи,  возглавив  объединенные  силы  киргизов  и  казахов,  но, 

потерпев  поражение,  попал  в  плен  к  джунгарам.  Впоследствии  Янгир, 

освободившись  из  плена,  не  переставал  беспокоить  калмыков  своими 


набегами... ...судя по тому, что военные походы джунгарских князей против 

киргизов в 1643, 1652 и 1658 гг. совершались в одном и том же направлении, 

то  киргизы,  проживающие  на  одной  территории,  а  также  казахи  Старшего 

жуза вели упорную борьбу против джунгарских завоевателей...». 

Бесіншіден,  оқиға  жоңғар,  қазақ,  қырғыз  жерлерінің  шекарасында  тау 

шатқалдағы асуда, жалама-жартас ортасындағы тас қақпада өткен. Қақпаның 

алдына  ор  қазып,  300  сарбаз  мылтықпен  дүркін-дүркін  оқ  атып  қорғаған. 

Батурдың  авангарды  орға  кеп  киліккен  кезде  артындағы  әскер  ешқайда 

бұрыла алмаған.  

Оқиғаның Жетісу жерінде өткеніне күмән жоқ. Бір кезде ұрыс Жоңғар 

қақпасында  өтіпті  деген  сөз  болды,  айналасы  атшаптырым  Жоңғар  қақпасы 

мұндай  табиғи  қорғаныс  бола  алмайды.  Біздің  ойымызша,  ұрыстың  болған 

жері – ежелгі Сантас асуы, Кеген арқылы Ыстықкөлге түсетін тар сай Қияқты 

деген  жер.  Айнала  қоршаған  биік  таудан  өтетін  бір-ақ  жер  бар,  ол  ежелгі 

Сантас.  300  спартандықтың  Фермипиль  шатқалында  парсы  әскерлерін 

тоқтатқаны іспеттес Сантас стратегиялық жағынан ерекше тау асуы. 

Орбұлақ – Белжайлау айқас өткенге ұқсамайды. Жәңгірдің 300 сарбазы 

бекініп  жатыр-ау  деп  Батур  қоңтәжінің  өзі  арнайы  келіп соғыспаса,  10  мың 

әскер  сайдың  оңынан  да,  солынан  да  орағытып  өте  береді.  Мысалы,  Отан 

соғысында Батыс Украина мен Белоруссияда маршал Тимошенконың «үркеп 

райондары»  деген  болған.  Немістің  танк  колонналары  алдын-ала  бекінген 

дот,  дзоттарға  соқпай-ақ  айналып  өтіп  кете  берген.  Сөйтіп,  тылда  қалған 

«үркеп  райондардың»  бөлімшелері  лажсыздан  немістерге  берілуге  мәжбүр 

болған. 


Мұндай  табиғи  қолайлы  қорғаныстардың  бірі  ретінде  «Қызылайыр 

асуын» айтуға болады. 1750 жылдары Шорға соғысында Тарбағатай тауының 

бір  асуына  бекінген  қалмақтарды  Қабанбай  мен  Бөгенбай  батыр  бастаған 

қазақ  жасақтары  ала  алмай,  сонан  соң  асудың  екінші  жағынан  тауды 

қашатып  жол  салып,  қалмақтардың  ту  сыртынан  соққан.  Тарбағатайдан 

мұндай жасанды жолдың жасалуы туралы Бұқардың өлеңінде де бар. 

Маңырақ тауынан басталып, Зайсан көліне дейін созылған сайды халық 

осы  күнге  дейін  «Жәнделі  сайы»  деп  атайды.  1867  жылдары  қызылаяқтар 

(манчжурлар,  алысқа  жаяу  жүруге  шыдау  үшін  аяқтарын  қызыл  матамен 

таңып  тастайтын  болған,  бір  жағынан  әскери  белгісі  болған,  жез  айылмен, 

ұзын  найзамен  қаруланған,  офицерлері  ғана  атқа  мінген.  –  А.Т.)  осы  сайды 

құлдай Зайсан көліне жетпекші болған.  

Сайдың  тар  шатқалында  Жәнделі  қыз  бастаған  қазақтар  күні  бұрын 

домалататын  тастарға  дейін  әзірлеп,  екі  жақтан  садақ  оғын  қарша  боратып 

қарсы  алған.  Сайдың  алды  бекітілген.  Ұзын  найзалы  (6  м-ге  дейін  жеткен) 


манчжурлар  тар  сайда  ешқандай  маневр  жасай  алмай,  бір-біріне  соқтығып 

жеңіліске  ұшыраған.  Ел  мұны  «Жәнделі  сайы»  немесе  «Қызылаяқтың 

қырғыны» деп атайды. 

Жәңгірдің  1635  жылы  ойраттардың  қолына  тұтқынға  түскені,  одан 

қашып  шығып,  қайта-қайта  шабуыл  жасап  жоңғарлардың  мазасын  ала 

бергені  көп  деректерде  баяндалады.  Бұдан  Жәңгірдің  тірі  кезінде  де  талай 

шайқастарға  қатысып,  жау  жүрек  батыр  болғанын,  қол  бастаған  тәжірибелі 

сардар екенін байқаймыз. 

Жәңгірден  жеңілістің  ащы  дәмін  татқан  Батур  қоңтәжі  тағы  да  бір 

әскери  одақ  жасап,  яғни  қара  қалмақты,  құба  қалмақты  біріктіріп  қазақтан 

кек алмақшы болады, бірақ бұл ойы іске аспайды. Еділ қалмақтарының ханы 

Хо-Урлюк, дүрбіт ханы Далай-тайшы, хошоут тайшысы Күнделен бас болып 

қазақтарға қарсы жорықтан бас тартады. 

Орыс  деректері  Кузнец  уезінен  Батурдың  адамдарының  ұйымдасқан 

түрде қару-жарақ сатып алып жүргенін мәлімдейді. 

Батур қоңтәжі Күнделен тайшыға келіп одақтасайық дегенде, ол өзінің 

Жәңгір  сұлтанмен  достықта  екенін  және  Жәңгірді  өзінің  ұлы  деп 

есептейтінін  айтады.  Ежелден  шығыс  билеушілері  аға-іні,  әке  деп  бірін-бірі 

құрметтеп,  туысқан  болдық  деп  біріне-бірі  адал  болып,  сөздерін  жерге 

тастамаған.  Мысалы,  Хорезм  шахы  Мұхамед  Шыңғыс  ханды  өзіне  әке  деп 

таныған. 

Деректер 1645 жылғы көктемде Батур дайындаған қазақтарға жасалған 

жорық  болды  ма,  болмады  ма,  ол  жағынан  ештеңе  айтпайды.Көптеген 

зерттеушілер «Зая-Пандитаның өмірбаяны» атты индустық хроникаға сүйене 

отырып,  1652  жылы  ойрат-қазақ  соғысында  Очирту-Цецен  ханның  ұлы  17 

жастағы Галданмен жекпе-жекте Жәңгірдің өлгенін айтады.  

Тарихтан белгілі, Жәңгір ханның ұлы Тәуке 1680 жылы хан болды, ал 

1652 жылы Жәңгір шынымен өлсе, 30 жылға жуық қазақ мемлекеті  хансыз, 

яғни елбасысыз болған ба? 

Жәңгір  1680  жылға  дейін  қазаққа  хан  болғаны  туралы  бұлтартпас  үш 

дерек бар. 1673-1676 жылдары Шығыс Түркістанда құрастырылған «Тарих-и-

шаһ  Махмуд  Ибн  Мырза  Фазыл  Чурас»  атты  деректе  1670  жылы  Шығыс 

Түркістан  билеушісімен  Жәңгірдің  жоңғарларға  қарсы  одақтастық  жайында 

келіссөз жүргізгені баяндалады. Шығыс Түркістан ұйғырларының  билеушісі 

Жәңгір  ханның  ұлы  Тәуке  сұлтан  бастаған  елшілерді  өте  жақсы,  жоғары 

дәрежеде қабылдап, өзінің сенімді адамы Қошқарбекті қосып кері қайтарады. 

Ал  осы  кезде  Жәңгір  ханның  Шығыс  Түркістаннан  келген  елшілер  Ахуын 

молда мен Вафа қожаны аса қатыгездікпен өлтіргені баяндалады.  



Себебі,  Жәңгір  хан  ұйғыр  елшілерінің  астыртын  жоңғар  жақпен 

сатқындықпен сөз байласқанын білген еді. Бұл фактілерден, біріншіден,  

Жәңгірдің  үлкен  ұлы  –  атақты  әз  Тәукенің  дипломатиялық  жұмысқа 

араласа  бастағаны,  екіншіден,  Жәңгірдің  Орталық  Азияда  қаншалықты 

қаһарлы хан екені ұйғыр елшілерін ешқандай сотсыз жазалағанынан көрінеді. 

Ең  бастысы,  Жәңгірдің  1670  жылдары  тірі  екені,  хижраның  1091  жылына 

дейін, яғни 1680 жылға дейін хан болғаны көрінеді.  

Жәңгірдің  хандық  құрған  жылдары  1643-1680  аралығы  екенін 

М.Тынышпаев  та  жазады.  Жәңгірдің  Түркістанда  жерленгені  туралы  1950 

жылдары  Қожа  Ахмет  Ясауи  сәулет-ғимараттарында  археологиялық  қазба 

жұмысын жүргізген Б.М. Немцева былай дейді: «... из литературы известно, 

что  своей  архитектурной  выразительностью  отличались  мавзолеи  Есима 

(1628)  и  Джангира  (1680),  построенные  в  Туркестане  близ  мечети  Ходжа 

Ахмеда Яссави...». 

Жәңгірдің заманында өлшеусіз даңққа  бөленіп, батыр, қолбасшы, ұлы 

хан  болғанын  соңғы  кезде  табылған  «Салқам  Жәңгір  хан  өлгенде  Еміл 

Бөртіш  жыраудың  айтқаны»  деген  құнды  қолжазба  да  айғақтайды.  Жырды 

«Отырар  кітапханасы»  ғылыми  орталығы  ашылғанда  Астана  қаласындағы 

бас мешіттің кітапханасы сыйға тартқан екен, жариялаған И. Нұрахметұлы.  

Жырдың мәтіні: 

 

Салқам да салқам соқталы ер, 



Салпаң да салпаң жортқан ер, 

Кезеніп садақ атылса, 

Кеудесін тосып, бет берер, 

Айнымас аңдаң мен едім

Тереңге түссең ат берер. 

Керторы қалды жүрістен, 

Керіме иық қалды керістен, 

Сенсіз де күнім қараң-ды. 

Бұл, бұл қалды, бұл қалды. 

Зарланған ұлар шу қалды 

Жұртына жора хан кетті

Айықпас лаң ду қалды. 

Үдерген елді тоқтатар, 

Тиянақ, тоқтату кім қалды. 

Көксүңгі найзаң иесіз, 

Көбеген жетім ұл қалды, 

Ақжелең қатын ту қалды, 


Ақмоншақ атың ту қалды, – 

 

деген  жолдардан  тұрады.  Халық  аңызында,  жоңғардың  қалың  қолы  келе 



жатқанын естіген Салқам Жәңгір хан жұртқа хабар беріп, қол жинайды. Қол 

жиналған  кезде  «Ақмоншақ»  атына  мініп,  ел  алдына  шығып,  жиналған 

қолдың қанша екенін сұраса керек. Сонда жиналған қол небәрі 600 адам екен 

дейді.  Мұны  көрген  хан  «Фа!  Тым-ақ  аз  екенбіз»  деп,  Ақмоншақ  атына 

қамшы  басып  жүріп  кетіпті.  Ханның  ақ  тұлпарының  жүні  ұзын  әрі  бұйра 

болғандықтан «Ақмоншақ» атаныпты делінеді. Жыр жолдарынан ханның өз 

ажалынан  өлгені  байқалады.  Олай  дейтініміз,  жырда  ханның  екі  сәйгүлігі 

Керторы  мен  Ақмоншақтың  тұлдауға  арналғаны  көрініп  тұр.  Қазақтың 

қазалау рәсімінде өлген адамның атын тұлдау – ұзақ процесс. Алдымен жал-

құйрығы  кесіледі,  бір  жыл  қоя  беріледі,  сонан  соң  барып  қана  жылына 

сойылады.  Жорықта,  жаугершілікте  өлсе,  ханды  Қожа  Ахмет  Ясауи 

кесенесіне жерлеуге жағдай да, уақыт та бола қояр ма еді. 

Шетелдерде,  Ресейде  тарихи  оқиғалардың  өткен  жерлерін  анықтау 

(локализациялау  –  А.Т.)  үлкен  бір  ғылымның  саласы.  Бұған  тарихшыларды 

қоспағанның  өзінде  географтар,  ботаниктер,  геодезистер,  топографтар, 

әскери мамандар, т.б. қатыстырылып, кешенді зерттеу жүргізіледі. Мысалы, 

Ресейде Куликово шайқасының орнын анықтау ХVIII ғ. аяғында  сөз болып, 

1880  жылы  ескерткіш  қойылды.  А.  Невскийдің  бастауымен  өткен  «Мұз 

қырғынының» орнын анықтауға байланысты 50-ден аса зерттеулер бар екен, 

бірақ әлі де шайқастың дәл орны анықталған жоқ. 

Қорыта айтқанда, 1643 жылғы ұрыстың өткен жерін анықтау үшін сол 

жерлерге  археологиялық  қазба  жұмыстарын  жүргізу  қажет.  Орбұлақтағы 

орлар ортағасырлық па, әлде Азамат соғысы кезіндегі Дутов пен Анненков ақ 

гвардияшыларынан  қалған  ба,  оны  анықтау  археологиялық  жұмыстардан 

кейін  қиынға  түспейді.  Қырғыз  тарихшыларымен  бірге  жұмыс  істеп,  осы 

оқиғаға  арналған  біріккен  конференциялар  өткізсе,  көп  нәрсенің  беті 



ашылатыны сөзсіз.  

Каталог: media -> upload -> 4624 -> 2015
2015 -> Қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба
2015 -> Жылдың 29 қарашасы күні Лондонда өткен баспасөз мәжілісінде
2015 -> Шежіре – ұлттың ой-толғамы
2015 -> Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н
2015 -> Інжу-маржан
2015 -> Ұлттың оянуы, жетілуі, өркениетті жұрт санатынан орын алуы қай
2015 -> Бауыржан Момышұлы – елі үшін туған ер
2015 -> Мәңгілік ел идеясы және патриотизм мәселесі
2015 -> Міржақып Дулатұлы және қазақ жәдитшілдігі
2015 -> «Сығанақ – қыпшақ даласының қақпасы»

жүктеу 59.26 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет