Африка мен таяу шығыстағы толқулардың ТҾркіні неде?



жүктеу 69.09 Kb.
Pdf просмотр
Дата28.04.2017
өлшемі69.09 Kb.

АФРИКА МЕН ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ТОЛҚУЛАРДЫҢ ТҾРКІНІ НЕДЕ? 

 

Әлімханҧлы Еркебҧлан Л.Н. Гумилев 



атындағы Еуразия Ҧлттық Университеті 

 

Халықаралық және Аймақтық Зерттеулер Орталығының аға ғылыми қызметкері, Астана қ. 



 

Еуропалық империялар ӛздерінің империялық саясатын христиан ӛркениетін жаюдың 

астына жасырса, модерн либерал империялар адам қҧқықтарын ту етіп кӛтеріп отыр 

Сеумас Милн 

 

ХХ ғасырдың ортасынан бастап отарлық жҥйе кҥйреді. Кӛптеген елдер тәуелсіздігін 



алды. Осыдан кейін отарлық жҥйе деген тҥсінік жоғалуы тиіс болатын. Бірақ қазіргі таңда 

шын  мәнінде  бҧл  жҥйенің  жоғалмағандығын  тек  қана  бейнесін  ӛзгерткендігін  кӛріп 

отырмыз.  Сондықтан  державалар  әлі  де  ӛзінің  бҧрынғы  отарларын  айтқанына  жҥргізіп 

дегеніне  кӛндіруде.  Шын  мәнінде  елдер  тек  қана  кӛрінер  кӛзге  тәуелсіздігін  алды.  Егер  ол 

бҧрынғы метрополиясының айтқанымен жҥрмейтін болса онда ол елдің басшысы ауысады. 

Оның  мысалын  қазіргі  (2011  ж.)  Таяу  Шығыс  пен  Африкада  болып  жатқан  оқиғалар 

дәлелдейді.  Ӛздеріне  ыңғайсыз  басшылықты  аударып  тастауға,  жаңасын  әкелуге  тырысып 

отырған метрополиялар қайтадан еркіне кеткен отарларын дегеніне жҥргізіп қоймақшы. 

 

 

 



 

1

 Лахор декларациясына А.Б. Ваджпаи мен Пәкістан премьер-министрі Н. Шариф қол қойған. Қҧжатта екі 



тараптың бейбіт ӛмір сҥру, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, екі арадағы қайшылықтарды келіссӛздер 

арқылы шешу ҧстанымдары айтылған.

 

 

21



 

Бҧл  жолы  соғыстың  тҧтануына  негіз  салған  Франция.  Себебі  соның  ескі  отарлары, 

қазіргі  әсер  аймағы  тым  еркінсіп  кеткен  еді.  Бҧл  сӛзімізге  Кот  Д  Ивуардың  президенті 



Лоран  Гбагбоның  «әрбір  державаның  ӛз  әсер  аймағы  бар.  Францияның  аймағы  Француз 

тілді  Африка,  ал  БҦҦ  мен  басқа  да  халықаралық  ҧйымдар  соның  жетегінде  жҥреді»  (1) 

деген сӛзін дәлел ретінде келтіруге болады. Осыдан-ақ ӛзінің әсер ету аймағы туралы белгілі 

бір  держава  қандай  шешім  шығарса  басқа  державалардың  кӛп  тартыспай  оны  қолдайтыны 

белгілі  болды,  себебі  «ӛгізге  туған  кҥн  бҧзауға  да  туады»  демекші  ертең  ӛзінің  де  сондай 

әрекеттерге  баруы  мҥмкін  ғой.  Африканың  қалған  бӛлігі  Англияға  тиесілі,  АҚШ  әлемге 

ҥстемдігін  орнатып  қойған,  Ресей  сол  баяғы  дәстҥрімен  айналасын  уысында  ҧстап  отыр, 

Қытай болса оңтҥстік кӛршілеріне ықпал етеді. 

 

Әрине  империялар  әдеттегідей  бҧл  жолы  да  ӛздерінің  империялық  пиғылдарын 



белгілі  бір  идеологияның  артына  жасырып  отыр.  Идеологияны  алға  қойып  ӛздерінің  тҥпкі 

пиғылдарын  жҥзеге  асыру  империялардың  барлығының  ежелден  бері  ҧстап  келе  жатқан 

саясаты.  Егер  тарихқа  ҥңілсек  ежелгі  дҥниеден  бері  қаншама  империялардың  ӛткенін 

кӛреміз.  Ал  олардың  барлығы  дерлік  екінші  бір  елді  жаулап  алу  ҥшін  ӛздерінің  ниеттерін 

жасырып  беттеріне  жалған  бетперде  жамылды.  Империялар  -  тҥпкі  ойларын,  бір  елге 

кӛмектесу,  сауатын  ашу,  дамуына  ҥлес  қосу  немесе  әділдік  орнату  дей  отырып  жҥзеге 

асырған  еді.  Ал  кейбір  алып  империялар  болса  белгілі  бір  идеологияны  негізге  алып  сол 

идеяны  тарату,  қору  сияқты  желеулерді  алға  тартып,  басқа  елдерді  жаулап  алды  немесе 

ықпал  аймағына  айналдырды.  Дәлел  ретінде  тарихтағы  империялардың  бірнешеуін  алуға 

болады. 


 

Ескендір  Зҧлқарнайын  халқына  Батыс  пен  Шығысты  біріктіру  идеясын  ҧсынды. 

Осындай идеямен әскерлерін рухтандырған ол, алып империяның негізін қалай білді. 

 

Ежелгі  Рим  империясы,  Жерорта  теңізі  аумағында  бір  мемлекет  қҧру  идеясын 



ҧсынды.  Осындай  мақсатпен  кӛші  елдердің  барлығын  дерлік  жаулап  алды.  Бҧл  жерде 

Римде  жеңімпаз  әскерлер  мен  қолбасыларға  ҥлкен  қҧрмет  кӛрсетілгенін,  басқа  елге 

жорыққа шыққан оларды халық батыры санағанын айтып ӛту кету керек. 

 

Осман  империясы  ислам  дінін  жаюды  алға  қойды.  Біз  Алланың  дінін  әлемге 



таратуымыз  керек  деген  Османдықтар,  «тҥріктер  -  исламға  кӛп  еңбек  сіңіретін  болады» 

деген Пайғамбар хадисін ҧран етіп алды. Кәпірлерден  «азат етуіміз» керек деп(жаулап алу 

емес) Таяу Шығыс аймағына ӛз ҥстемдігін орнатты. 

 

Англия,  Франция,  Патшалық  Ресей  сияқты  жаңа  заманның  империялары  жабайыларға 



«ӛркениетті  ҥйрету»  керек  деген  идеологияны  ҧстанды.  Ӛркениет  пен  библияны  жаямыз  деп 

әлемді  бӛліп  алған  жоғарыдағы  елдердің  отарларына  қаншалықты  мәдениет  әкелгені  белгілі. 

Британияның  империялық  саясатының  әлемде  орасан  зор  қателіктердің  пайда  болуына  себеп 

болғанын  ӛткен  аптада  Пәкістанға  жасаған  ресми  сапарында  Ҧлыбритания  премьер-министрі 

Дэвид  Кэмеронда  айтып  қалды.  «Британия  әлемдегі  кӛптеген  проблемалардың  шығуына 

себепкер болды» (2) - деп Англияның отарлық саясатының зардабын кӛрсетіп берді.

 

 

Кеңес  Одағы  да  коммунизмді  таратуды  мақсат  етіп  қойды.  Әлемнің  барлық  елінде 



революция  жеңеді,  социализм  орнайды  деген  Кеңес  Одағының  тоталитарлық  жҥйесінің 

жетістігі бәрмізге аян. Бірақ осы идеологияның арқасында олар әлемнің 1/6 бӛлігін уысында 

ҧстаған біртҧтас мемлекет қҧра білді. Ал оған жартылай тәуелді елдерді қосатын болсақ, 

онда империя әлемнің жартысына  ҥстемдік қҧрған болып табылады. Егер  әлемнің барлық 

елдерінде  дерлік  коммунистік  не  социалистік  партия  жҧмыс  жасағанын,  ол  елдерде 

революциялық  пиғылдағы  адамдардың  санының  кӛбейгенін  ескерсек  бҧл  идеологияның 

қаншалықты жемісті болғанын кӛреміз. 

 

Тіпті  фашистік  Германияда  ӛзіне  ыңғайлы  идеология  тауып  алды.  Арий  ҧрпақтары 



басқа  әлемге  ҥстемдік  жҥргізуі  тиіс  деген  идеяны  алға  ҧстаған  олар  ӛз  отарлық  саясатын 

осылай бҥркемелеуге тырысты. 

 

Осы  жерде  империялардың  барлығы  неге  мҧндай  идеологияларға  жҥгінді  дейтін 



заңды  сҧрақ  туындайды.  Ӛйткені  мҧндай  идеологиялар  бірнеше  маңызды  мәселелердің 

шешілуіне кӛмектесті: 

 

22

 



1.

 

Бҧл  идеологиялар  империялық  пиғылды  жасырушы  бет  перде  ретінде 



қолданылады;  

 

2.



 

Империя халқын біріктіруші тиімді қҧрал болады;  

 

3.

 



Империя  -  «дамымаған,  мақҧрым,  жабайы»  басқа  халықтарға  мәдениет  пен 

ӛркениет,  дін  мен  ғылым  сияқты  қҧндылықтарды  ҥйретуіміз  керек  деп  ӛз  халқын  алдай 

отырып  олардың  биліктің  саясатын  қолдауына  қол  жеткізді.  Осылайша  жаулап  алушы 

халықты басқа халыққа ҥстемдік етуге итермелеуші тәсіл ретінде пайдаланылады.  

 

4.

 



Жаулап  алынған  халықтың  арасынан  ӛзін  қолдаушылардың  шығуына  жол  ашты. 

Идеологияға  алданған  жергілікті  халықтың  арасынан  отаршылардың  сойылын  соғушылар 

шықты, олар әрине жаулап алуды оңайлатады.  

 

Ал  енді  бҥгіннің  империясы  саналатын  АҚШ  тың  идеологиясы  не?  Ол  әрине 



«демократия» мен «адам қҧқықтары». АҚШ демократия талаптарын бҧзды деп кез- келген 

әлі жететін елге әскер кіргізе алады. АҚШ тың халқы да бҧған сенеді, ӛйткені олар ӛздерінің 

әскері  «дамымаған,  диктаторлық  немесе  авторитарлық  жҥйе  ҥстемдік  қҧрған,  халқы 

биліктен зәбір кӛріп, аш отырған» елдерге кӛмектесу жолында қҧрбан болуда деп ойлайды.  

 

АҚШ  идеологиясының  (империализмінің)  басқалардан  ерекшелігі  жаппай 



мемлекеттерді жаулап алудың қажеті жоқ. Айтқанына кӛніп, айдағанына жҥрмегендерге ғана 

кҥшін  кӛрсетіп  қояды,  қалғандары  мҧны  кӛрген  соң  амалсыз  ӛздері  сҧрағанын  береді.  Ал 

олар барлық отарлаушылар сияқты отар елді қанауды ойлайды. Егер ойы жҥзеге аспаса, онда 

империалистік кҥшін кӛрсетеді.  

 

Сондай-ақ Ауғанстандағы және Ирактағы соғыстар тәжірибиесі кӛрсеткендей бір елге 



басып  кіру  экономикалық  тҧрғыдан  да,  саяси  тҧрғыдан  да  тиімсіз.  Бір  елге  басып  кіріп 

соғыс  ашқанға  қарағанда,  ол  елді  ӛз  ішінде  белгілі  топтарға  бӛліп,  ӛзіне  керекті  топқа 

қаржылай кӛмек беру әлдеқайда тиімді. Бҧл:  

 



 

соғыс ашуға кететін милиардтаған қаржыны ҥнемдеуге; 



 



әскерлерін шығынға ҧшыратпауға; 



 

саяси иммиджине нҧсқан келмеуіне кӛмектеседі. 



 

Әрі бӛлініп ӛзара қырқысып жатқандарға тӛреші болып майдан алаңының сыртынан 



бақылайды.  Қалаған  тобын  билікке  әкелгеннен  кейін  ол  топ  ҧнамаған  кҥні  басқа  адамды 

билікке  отырғызады.  Яғни,  «империялардың  идеологиясы  -  олардың  империялық 



мақсатын жасыру қҧралы» деп атауға толық негіз бар. 

 

2010 жылдың соңғы ширегінде басталған Африка мен Араб елдеріндегі толқулардың 



шығуына  шоқты  ҥрлеп  отырған  сол  империялар  екені  айдын  анық.  Ал  бҧл  толқулардың, 

ойынды  жҥргізіп  отырған  мемлекеттерге  қандай  пайда  әкелетінін  олардың  арасындағы 

мҥдделер  қайшылығын  ескере  отырып  қарастырып  кӛрейік.  Ол  ҥшін,  аймақта  белсенді 

қимыл жасап отырған әрбір мемлекетке жеке-жеке тоқталып ӛтсек. 

 

АҚШ: Мҧндай толқулар аталған мемлекетке тӛмендегідей пайдаларын тигізеді: 

 



 

Осындай  қақтығыстар  нәтижесінде  жаппай  қарулануға  кӛшетін  басқа  елдерге 

ескіре бастаған кӛптеген қару-жарақтарын сатуға мҥмкіндік алады; 



 

Жаңа қару тҥрлерін сынақтан ӛткізеді; 





 

Ӛздерінің  демеуімен  отырған  жаңа  билікпен  әр  тҥрлі  салада  тиімді  келісім-

шарттар жасасады; 



 

Халықтың назарын басқа жаққа аударып, ішкі кейбір мәселелердің бетін бҥркеп 



қалады; 




 

Әлемге ӛзінің «жуан жҧдырық» екенін тағы бір рет кӛрсетеді. 

 

Франция:  Бҧл  жолғы  толқуларда  ӛте  белсенді  роль  ойнауда.  Себебі  Француз  тілді 



Африка державалардың арасындағы ӛзара келісімде Францияға тиесілі болып табылады. Бҧл 

толқулардан Францияның ҧтатын жері: 

 



 



Билікті жаңадан алған басшылықтармен әр тҥрлі салада тиімді келісім-шарттар 

жасайды; 





 

Ӛзінің әсер ету аймағындағы басқа елдердің басшыларына сабақ болады; 

 

 



23

 


  Соңғы  жылдары  босаңсып  кеткен  державалық  пиғылының  жоғалмағандығын 

кӛрсетеді. 

 

Ҧлыбритания:  Ағылшын  тілді  Африканың  қожасы  ӛзінің  ескі  отарларына  ҥлгі 

болсын деп отыр. Британдық компаниялар да жаңа билікпен әр тҥрлі салада тиімді келісім-

шарттар жасауға тырысып жатыр. 

 

Ресей:  Ҥнемі  Батыс  әрекетіне  қарсы  шығып  келген  Ресей  бҧл  жолғы  толқуларда 

Батыс позициясына қарсы шықпады, бірақ қолдамады да, тек қана ойынның аңысын аңдып 

отыр.  Ресей  осылайша  сырт  кӛзге  Батысты  қолдамайтынан,  бірақ  диктаторлардың  да 

жағында  бола  алмайтынын  білдіргендей  болды.  Ресейлік  сарапшылар  бҧл  толқулардың 

Ресейге  тигізер  пайдасы  кӛп  пе,  зияны  кӛп  пе  деп  дауласуда.  Әрине  аталған  аймақтағы 

тынышсыздық  нәтижесінде  де  Ресей  де  қару-жарақтарын  кӛбірек  сатуға  мҥмкіндік  алады. 

Әрі жаңа билікпен тиімді келісімдер жасауға қҧмбыл Ресейлік компаниялар да қарбаласып 

жатыр. 


 

Қытай:  Ресеймен  бірдей  позиция  ҧстап,  сырт  кӛзге  Батысты  қолдамайтындығын 

кӛрсетті, оның ҥстіне бҧлар қарсы шыққанымен де ҥлкен ӛзгеріс жасай алмайтынын Қытай 

билігі  сезеді,  себебі  экономикасы  әлемде  екінші  орынға  айналғанымен  әлі  де  Батыс 

державалары  онымен  толық  санаса  қоймайды.  Оның  ҥстіне  Оңтҥстік  Шығыс  Азияда 

бҧлардың ықпалы жоғары, алысты болжайтын Қытай, ертең онда да бір проблема туындай 

қалса бҧлар да қару қолдануға мҥмкіндік алатынына сенімді. 

 

Германия:  Соңғы  жылдары  толқулар  мен  қақтығыстарға  селқос  қарауымен,  НАТО 

операцияларынан тыс қалуымен ерекшеленуде. Бҧл жолы да Африка мен Араб елдеріндегі 

толқуларға  бейтараптық  танытты.  Бірақ,  А.Меркель  партиясының  жергілікті  сайлауда 

жеңіліске  ҧшырауы  олардың  Ливиядағы  соғыстан  тыс  қалуына  себеп  болды  деген  Батыс 

сарапшыларының пікірі басқаларды жаңылыстыру сияқты болып кӛрінеді. Ал шын мәнінде 

ІІ  Дҥниежҥзілік  соғыстан  кейін  әсер  аймағынан  айырылған  бҧл  мемлекет,  қазір  ӛзінің 

Франция  мен  Ҧлыбританиядан  әлдеқайда  қуатты  екеніне  қарамастан  сырт  аймақта  әсер 

аймағысыз отырғанына наразы. Сондықтан Ирак пен Ауғанстандағы және қазіргі Солтҥстік 

Африкадағы операцияларды қолдамай отыр. Бірақ Орталық Еуропаға қайта ҥстемдік қҧрған 

Германия Италияға қарағанда тынышырақ. Әрі әлемдегі ҥшінші қару экспорттаушы елдің де 

бҧл жерде ҧтыла қоймайтыны белгілі. 

 

Италия: С. Берлусконидің жеке басының проблемалары бҧл елдің тыныш жатуына 

себеп  деген  тҧжырым  да  басқаларды  алдап  отырғандай,  бҧлар  да  Германия  сияқты 

соғыстан кейін әсер ету аймақтарынан айырылған. Сондықтан Италия басқа державалардың 

ӛзін  менсінбеуіне  наразы.  Әсіресе  ӛзімен  деңгейлес  Францияның  ӛзін  Жерорта  теңізінің 

қожасымын деп санауы бҧл елдің жоғарғы топтарының ызасын келтіруде. Бірақ амалы жоқ, 

қолынан бар келер әрекеті Ливияға қарсы әуе шабуылын ашқандарды (әсіресе Францияны) 

ӛткір сынау болып отыр. Бәрібір бҧл әрекетінің жеміс бермейтінін білген Рим, ендігі жерде 

қарымды қимылдап билікке жаңа келген басшылықтармен ӛздеріне тиімді шарттар жасасуға 

кірісті. Ливиядағы кӛтерілісшілердің де ҥкіметін танып, олармен байланыс орнатып жатыр. 

 

Тҥркия:  Биліктегі  АК  (Әділет  және  Даму)  партияның  сыртқы  саясатта  ҥлкен 

бетбҧрыс  жасап  «бҧрынғы  Осман  империясының  территориясындағы  елдермен  тығыз 

қарым-қатынаста»  болуға  ҧмтылуына  Батыс  елдерінің  сарапшылары  кҥдікпен  қарайды. 

Себебі  Тҥркияның  бҧл  аймақта  қайта  ҥстемдікке  қол  жеткізіуі  Батыс  елдері  ҥшін  тиімсіз. 

Тҥркияның  да  мақсаты  белгілі,  Батыс  «бӛтенсің»  деп  кеудеден  итергеннен  соң  ӛзінің 

бҧрынғы отарларымен қарым-қатынасты жандандырмақшы. Алғашқыда Ливиядағы соғысқа 

қарсы екенін білдірген ресми Анкара артынан басқа араб елдерінің бәрі бҧл ҧрысты қолдап 

отырғанын  кӛріп,  ӛзінің  баррикаданың  екінші  жағында  қалып  кететінін  тҥсініп  райынан 

қайтты. Қазір соғысты қолдап қана қоймай ӛздері де араласып, тіпті Измир қаласын операция 

орталықтарының  біріне  айналдырды.  Тҥркияның  кӛздеген  мақсаты  айқын,  ӛзін  аймақтың 

лидері  болуға  лайық  екенін  кӛрсетуге  тырысу  және  соңғы  жылдары  жиі  айтыла  бастаған 

Тҥркиялық моделді жаю. 

 

 

 



24

 


Бҧл  жерде  назар  аударатын  басқа  бір  мәселе  шағын  Катар  мемлекетінің 

белсенділігі.  Мҧнай  мен  газдың  арқасында  жан  басына  шаққандағы  табыс  кӛлемі 

бойынша  әлемде  бірінші  орын  алатын  бҧл  мемлекет,  соңғы  жылдары  әлемдік  аренада 

белсенді  роль  ойнай  бастады.  Ливияға  қарсы  ӛз  әуе  кҥштерін  жіберген  Катар,  кӛрші 

елдердегі басқа да саяси оқиғаларға жиі араласуда. Катар, Араб Лигасының хатшысы Әмір 

Мҧсаны қаржыландырып алдағы сайлауда Мысырдың президенті етуге тырысып жатыр 

деген де ақпарат бар. (3) Сондай-ақ Ливиядағы кӛтерілісшілердің ҥкіметін таныған Катар, 

олармен мҧнай экспорты туралы келісім жасап та ҥлгерді.(4) Катардың бҧл әрекеттерін 

Батыстың кейбір сарапшылары «отпен ойнап отыр» (5) деп бағалауда. 

 

Кӛріп отырғанымыздай сыртқы кҥштердің барлығы бҧл толқулардан ҧтып отыр. 



Ҧтылған  тек  толқу  болған  елдердің  халқы  ма  деп  ойлайсың...  Ӛйткені  сарапшылар 

олардың  жағдайы  қазіргі  деңгейге  қайта  жету  ҥшін  біраз  уақыт  керектігін  айтады. 

Сондықтан «батыстан» келіп жатқан идеологиялар мен қҧндылықтарға сын кӛзбен қарап, 

оның  тҥбіне  ҥңілгеніміз  дҧрыс  сияқты.  Әйтпесе  «іштен  шыққан  жау  жаман»  деп  дана 

халқымыз айтып кеткендей сол идеологияға алданған адамдар ӛз елінің отарға айналуын 

тездете  тҥсері  анық.  Мҥмкін,  шынайы  демократияны  басқа  жақтан  емес  ӛзіміздің  ата 

дәстҥрімізден іздеген жӛн болар. Ӛйткені қазіргі демократияның бастауы саналатын Афин 

демократиясымен салыстырғанда «дала демократиясы» кӛш ілгері болған. 

 

Әдебиеттер 



 

1.

 



http://ru.euronews.net/2010/12/31/laurent-gbagbo-if-these-pressures-continue-it-

will-make-confrontation-more-/  

 

2.

 



http://www.guardian.co.uk/politics/2011/apr/05/david-cameron-pakistan-raise-taxes-

rich  


3.

 

http://ru.euronews.net/2011/03/16/exclusive-saif-al-gaddafi-wants-money-back-from-  



sarkozy/  

4.

 



http://www.allvoices.com/contributed-news/8663037-qatar-will-market-libya-oil  

5.

 



http://www.nytimes.com/2011/04/04/world/middleeast/04qatar.html?_r=1  

 

Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> №1 (74) 2010 Р. т саДыҚова мҰхтаР Әуезов ЖӘне халел ҒаббасовтыҢ Рухани-ӘРІптестІк баЙланысы
123456789 -> Мұхтар Әуезовтың "Хан Кене" трагедиясындағы Алашшылдық идеяның көріністері
123456789 -> Абайдың инновациялық Ұлы жаңалығы а.Қ. Омаров
123456789 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы н б. аҒалиева ШӘкӘРІм өлеҢДеРІнДегІ лиРикалыҚ кеЙІпкеР
123456789 -> Ш. айдарбекова ж. Аймауытұлы әҢгімелеріндегі кейіпкерлер жүйесі мен сюжеттік арналар

жүктеу 69.09 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет