Ағылшын әдебиеті және Шекспир драматургиясы



жүктеу 17.52 Kb.
Дата08.02.2022
өлшемі17.52 Kb.
#17077
Агылшын адебиети
Ежелгі грек әдебиеті мен мәдениеті

Ағылшын әдебиеті және Шекспир драматургиясы

Ағылшын әдебиеті — Еуропадағы көне де бай әдебиеттің бірі.Классикалық ағылшын әдебиеті , шын мәнінде керемет.

Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир 1564 жылы 23 сәуірде Эйвон өзенінің бойындағы Стратфорд деген кішкентай қалада дүниеге келген. Оның әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді (саудагер болған, қала мэры болып та сайланған). Уильям Джон Шекспирдің үшінші баласы еді, одан басқа тағы жеті баласы болған. 7 жасында Уильям ең жақсы деп есептелетін грамматикалық мектепке барды (1571-1578), онда латын және көне грек тілдерін үйренді. Әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай, 16-ға толар-толмас жасында жұмыс істеуге мәжбүр болады (ет сатушының шәкірті, ауылдық мектепте репетитор т.б.). 18 жасында Уильям Анна Хесуэй деген өзінен 8 жас үлкен фермердің қызына үйленеді.
XVI ғ. аяғында театр ағылшын халқының сүйікті өнері болды. Ол кезде Лондонда онға жуық театр болған. 1585-1612 ж. Шекспир Лондонда тұрды. Ол өзі жақсы көрген театрды төңіректейді: әуелі театрға келушілердің атын бағушы, соңынан актер, режиссер, драматург болады. Лондонға келген алғашқы күндерінен-ақ Шекспир студенттермен тығыз байланысты болды. Оның пьсалары алғаш рет студент-жастардың күшімен қойылды. Сол кезден бастап Уильям Шекспирдің барлық өмірі театрмен байланысты болды.1593 ж. Шекспир Джеймс Бербедж басқарған ең жақсы труппаға кірді. Труппаның мүшелері 1599 ж. «Глобус» театрын салды. Бұл театрда Шекспирдің пьесалары жиі қойылды.1612 ж. Шекспир туған қаласына қайтып оралады. Оның айналасында туғандары болады, бірақ сүйікті театры болмайды, ал театрсыз Шекспир өмір сүре алмады. 4 жылдан соң өзінің туған күнінде 23 сәуірде 52 жасында Шекспир қөз жұмды. Ол Стратфорд шіркеуінде жерленді.
Жас ақын осы туған қаласындағы “Грамматикалық мектепте” оқиды. Бұл мектеп негізінен латын тілін, қала берді грек тілін оқытушы еді. Бірақ әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай 16-ға толар –толмастан-ақ жұмыс істеуге мәжбүр блады. Сөйтіп ол бірде ет сатушының шәкірті болса, енді бірде ауылдық мектепте репетитор қызметін атқарады.Шекспирді жергілкті ірі памещик Томаса Люси қорығындағы бұғыларды жасырын түрде ауладың және сатиралық балладаңа іліктердің деген сылтауымен жазалануға бұйырады. Осы кезде туған қаласы Стратфордты тастап Лондонға қашады. Лондонға келгеннен кейін Шекспир өзі жақсы көретін театр айналасына жақындайды.Әуелде театрға келушілердің атын бағушының міндетін атқарады. Содан бірте-бірте актерлікпен, одан әрі драмматургиямен шұғылданады.

Лондонға келген алғашқы күндерден-ақ Шекспир студенттермен тығыз байланыста болады. Оның пьесалары алғашқы рет Лондондағы студенттер күшімен қойылып, соңында театрға ауысып отырады. Ол өзі жазған пьесаларының театрда орындалуына басшылық етеді, сонымен қатар актер де болады. Шекспир өдігінен көп оқып, білімін үздіксіз арттырып отырған адам.

1612 жылдар шамасында Шекспир Лондоннан туған қаласы Стратфордқа қайтып оралады да, 1616жылы 23апрельде қайтыс болып,осы қалаға жерленеді.

Шекспир өмірінен бізге келіп жеткен мәліметтер тым аз.Оның бізге мәлім болған екі поэмасы Венера мен Адонис және Лукреция 154сонеті, 36 пьесасы бар. Поэмалары айтарлықтай болмаса да, сонеттерінің ойлылығы философиялық тереңдігі жөнінен ол орасан зор тұлға. Мысалы, “Әсемдіктің солмауы үшін”сонетін алайық!

Әсемдіктің солмауы үшін, әдетте,

Жақсы ұрықтан жақсы гүл біз дәметкен,

Семгенімен солған гүлдер жапырағын,

Жас раушан сақтап оны, сәні еткен.

Өз көркіңе өзің ғашық болған жан,

Бар нәріңді байғазы ғып, сорланған.

Бар нұрыңды жоқ ғұмырға қор еттің,

Жансыз жауыз, жауың енді қолға алған.

Бүгінгіге жасаулы сен жандайсың,

Шолақ көктем боз торғайы, алдайсың.

Болашақты сақтайсың да бойыңда, сараңдықты ысыраппен жалғайсың.

Ғұмыр тілеп, көре тықпа батырым,

Келер жылдар кереметтей дақылың!,-деп үлкен бір ой айтады.Шекспирдің тағы бір сонетін алып қарайықшы;сонет “қалай өссек”деп аталады.

Қалай өссек, солай біздер соламыз,

Ұрпақ қалсын, біз соларда боламыз.

Мұрагердің бойындағы күш-қуат,

Қаусып қалған менікі деп санаңыз.

Міне, солай, табиғаттың заңын ұқ,

Мұңсыз өмір өтер еді жабылып

өмір бітпей жерді жайлап кәрілік,

мына жалған құрыр еді қаңырап.

Жерге,өмірге сүйкімсіздер, обалсыз,

Түссіз,түлей –қайта оралмай жоғалсын

Табиғаттан қисапсыз сен сый алдың,

Мың есе енді қайтаратын боласың.

Шебер қолмен жасалған бір мөлдейсің



Ғасырларға өз белгіңді бергейсің.

Оның “Отеллосы”, “Корол Лир ”, “Гамлет”, “Дауыл”, “Қысқы ертегі” пьесалары Шекспирдің үлкен ақын, драматург екендігін танытады.
жүктеу 17.52 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет