Аға оқытушы Наурызбаева Г.Қ. құрастырды



жүктеу 341.57 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.09.2017
өлшемі341.57 Kb.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

«Алматы энергетика және байланыс университеті» 

коммерциялық емес акционерлік қоғамы 

Жылуэнергетика факультеті 

Физика кафедрасы 

 

 

                                                    «Бекітемін» 



 

                                                       ЖЭФ деканы  

                                                                               ___________М.У. Зияханов 

                                                                                   « ___» _______2016 ж. 

 

 

Fiz 1229 – Физика 

пәнінің 

Syllabus-ы  



 

 

 

5В060200 – «Информатика» мамандығы үшін 



 

Курс 


Семестр 

Барлық кредиттер саны 

Барлық ECTS кредиттер саны 

Барлық сағаттар саны 

Оның ішінде: 

Дәрістер  

Машықтандыру сабақтары 

Зертханалық сабақтар 

CӨЖ   

Оның ішінде: 



ОСӨЖ  

ЕСЖ  


Емтихан  



90 



 

15 


 

30 


45 

 

15 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Алматы, 2016  



 Syllabus  -  ты  5В060200  –  «Информатика»  мамандығының  жұмыстық 

оқу жоспары негізінде аға оқытушы Наурызбаева Г.Қ. құрастырды.  

 

 

Syllabus физика кафедрасының отырысында қаралып, мақұлданды. 



«20» 06 2016 ж. № 9 хаттама 

 

 



      Кафедра меңгерушісі 

АЭжБУ профессоры Қарсыбаев М.Ш. 

 

 

Syllabus 



жылу 

энергетикасы 

факультетінің 

оқу-әдістемелік 

комиссиясының отырысында қарастырылды және бекітілді, «22» 06 2016 ж., 

№ 4 хаттама. 

 

 

 



 

 

  


1 Оқытушы:  

Наурызбаева Г.Қ. – аға оқытушы, 317А бөлме.  

Байланыс телефоны: 8(727)2927923, physics@aipet.kz 

 

2  Аудиториялық  сабақтардың  өту  уақыты  мен  орны  оқу  сабақтарының 

кестесінде,  ОСӨЖ  кеңес  беру  кестесі  аэроғарыш  және  ақпараттық 

технологиялар  факультеті  деканатының  (409С)  және  физика  кафедрасының 

(309А) хабарландыру тақталарында көрсетілген. 



 

3 Оқу пәніне сипаттама 

3.1  Пәннің  мақсаты  –  студенттерге  физика  пәнінен  білім  беру,  онда 

классикалық  және  заманауи  физика  мен  физика  теорияларын,  физиканың 

негізгі  заңдарын,  сондай-ақ  физиканың  әр  тарауындағы  теориялық  және 

тәжірибелік-машықтану  есептерін  шешудің  физикалық  зерттеу  әдістерін 

қолдануда  дағдылары  мен  біліктерін  қалыптастыру,  өзіндік  танымдық  іс-

әрекетінің  дағдыларын  қалыптастыру;  болашақта  кәсіптік  іс-әрекеттеріндегі 

нақты  есептерді  шешуге  көмектесетін  физикалық  құбылыстарды  ғылыми  - 

тәжірибелік зерттеудегі әдістерді меңгеріп, қолдана білуін қамтамасыз ету. 



3.2  Пәннің  міндеттері  –  бакалаврлар  үшін  физикалық  ұғымдар  мен 

құбылыстарды  және  олардың  заңдарын  игеріп,  қажетті  жағдайда  тиімді 

пайдалана  білудің  қаншалықты  маңызды  екендігіне  көз  жеткізу; 

студенттердің  жоғарғы  курстарда  арнайы  пәндерді  оқып-үйренулері  үшін 

білім  негізін  қалау,  ол  үшін  физика  мен  арнаулы-техникалық  пәндердің 

интеграциясын  жүзеге  асыру;  студенттерде  болашақ  мамандықтарымен 

байланысты  қолдану  сипатындағы  мәселелерді  шешуде  оқып-үйренген 

физикалық әдістерді пайдалануда дағды қалыптастыру. 



3.3 Пәннің сипаты 

«Физика»  пәні  5В060200  –  «Информатика»  мамандығының  бакалаврларын 

даярлауда  олардың  кәсіби  іс-әрекетінің  негізін  қалай  отырып  және  ғылыми 

көзқарасы мен құзырлығын қалыптастыратын базалық курс болып табылады. 

 

«Физика» 



курсында: 

Механиканың 

физикалық 

негіздері; 

Статистикалық  физика  және  термодинамика;  Электрдинамика;  Тербелістер 

мен  толқындар  физикасы;  Кванттық  физика;  Атом  ядросы  және  элементар 

бөлшектер физикасы оқытылады. 

Физика курсының соңында студенттің 



болуы керек:  

 



классикалық  және  заманауй  физиканың  нақты  физикалық  және 

әлемдік көзқарастар байланысы туралы түсінігі;  

 

ғылыми  және  техниканық  алдыңғы  қатарлы  үрдістерді  қолдануда 



өзінің санасында қалыптасқан жаңаша ойлау қабілеті, 

білуі керек: 

 



негізгі  физикалық  теориялар  мен  принциптердің,  физикалық 

зерттеулер әдістерінің, негізгі заңдылықтар және олардың қолданылу шегін;  



дағдысы болуы керек: 

 



нақты  физикалық  есептер  мен  жағдайларды  шешу  үшін  теорялық 

білімді  қолдану,  физикалық  эксперименттің  қорытындысын  талдау, 

компьютерді пайдалана отырып физикалық жағдайларды моделдеу; 

 

физикалық  эксперименттерді  жасау,  өлшеу  аспаптарымен  жұмыс 



істеу, алынған мәліметтерді есептеу және талдау. 

3.4 Пәннің пререквизиті – аналитикалық геометрия және сызықты алгебра

математикалық талдау. 



3.4  Пәннің  постреквизиті  –  Электр  тізбектерінің  теориясы,  электрондық 

аспаптар, схемотехника. 



 

4 Пәннің мазмұны мен құрылымы 

4.1 Теориялық дайындық (15 сағат) 

Тақ


ыр

ып 


№ 

Тақырып (модульдер, бөлімдер) 

Әдебиет 

нөмірі 


 



Механиканың физикалық негіздері 



Кіріспе.  Материалдық  нүкте  және  қатты  дене 

кинематикасы мен динамикасы.Механикадағы сақталу 

заңдары 

Физика пәні және зеттеу әдістері. Физика және техника. 

Физика курсының ЖОО-дағы міндеттері. Механикалық 

қозғалыс.  Кеңістік  және  уақыт.  Санақ  жүйесі. 

Қозғалыстың  кинематикалық  теңдеулері.  Ілгерілемелі 

және  айналмалы  қозғалыстың  кинематикасының 

элементтері,сипаттамалары.                                                                                                                      

Классикалық  механикадағы  күй  түсінігі.  Ньютонның 

бірінші  заңы.  Инерциалды  санақ  жүйесі.  Масса  және 

импульс.  Күш.  Ньютонның  екінші  заңы.  Материалдық 

нүкте  динамикасының  теңдеуі.  Механикалық  жүйе. 

Ішкі  және  сыртқы  күштер.  Ньютонның  үшінші  заңы. 

Қатты  дененің  айналмалы  қозғалысының  динамикасы. 

Энергия  және  жұмыс.  Механикадағы  сақталу  заңдары. 

(2 сағат) 

 

Ә. 1, 18 



 



Статистикалық физика және термодинамика 



Статистикалық үлестірулер. 

Статистикалық  және  термодинамикалық  зерттеу 

әдістері.  

Термодинамика негіздері. 

Термодинамиканың 

бірінші 

бастамасы, 

оның 

изопроцестерге қолданысы. Қайтымды және қайтымсыз 



жылулық процестер. Жылу машиналары және олардың 

ПӘК.  Карно  циклі.  Карно  теоремасы.  Энтропия  және 

оның қасиеттері. Термодинамиканың екінші бастамасы. 

Термодинамиканың  екінші  бастамасы  және  оның 

статистикалық 

мағынасы. 

Энтропияның 

күй 


 

Ә. 1, 2, 

18

 


ықтималдылығымен байланысы. Ашық сызықтық емес 

жүйелер энтропиясы. Өздігінен ұйымдасатын жүйелер. 

(2 сағат)  



Электрдинамика 



Вакуумдегі және заттардағы электрстатикалық өріс. 

Классикалық  электрдинамика  пәні.  Электрстатикалық 

өріс.  Электростатиканың  негізгі  есебі.  Кернеулік 

векторының 

ағыны. 

Гаусс 


теоремасы. 

Электрстатикалық  күштің  жұмысы.  Электрстатикалық 

өріс  кернеулік  векторының  циркуляциясы.  Потенциал. 

Потенциал  мен  электр  өрісі  кернеулігінің  арасындағы 

байланысы. Электр өрісінің ығысуы. 

Тұрақты электр тогы. 

Электр тогының бар болу шарттары және оның жалпы 

сипаттамалары. 

Электр 


өрісінің 

үздіксіздік, 

стационарлық 

теңдеуі. 

Металдардың 

электр 


өткізгіштігінің  классикалық  электрондық  теориясы 

және оның қолданылу шегі. Дифференциал түрдегі Ом 

және Джоуль-Ленц заңдары. (2 сағат) 

Ә. 1, 3, 

18, 19

 



Вакуумдегі және заттардағы магнит өрісі.  

Магнит  индукциясы  векторы

.

  Суперпозиция  принципі. 



Био-Савар-Лаплас заңы. Қарапайым жүйелердің магнит 

өрісін  есептеу.  Лоренц  күші.  Ампер  күші.  Магнит 

өрісіндегі  тогы  бар  рама.  Рамккаға  әсер  ететін  күш 

моменті.  Магнит  ағыны.  Магнит  өрісі  үшін  Гаусс 

теоремасы.  Магнит  өрісіндегі  тогы  бар  өткізгіштің 

орын ауыстыру жұмысы. 



Электрмагниттік индукция

Электрмагниттік индукция құбылысы.

 

Электрмагниттік 



индукция  заңы.

 

Ленц  ережесі.  Өздік  және  өзара 



индукция 

құбылыстары. 

Ұзын 

соленоидтың 



индуктивтілігі.

 

Өзара  индукция  коэффициенті.



 

Токтың


 

магнит өрісінің энергиясы.

 

Магнит өрісі энергиясының 



тығыздығы. 

Максвелдің теңдеулері. Электрмагниттік өріс. 

Электрмагниттік  индукция  құбылысына  Фарадей  және 

Максвелл  түсіндірмесі.  Ығысу  тогы.  Максвелл 

теңдеулері  жүйесі.  Электр  және  магнит  өрістерінің 

салыстырмалылығы. (2 сағат) 

Ә. 1, 3, 

18, 19

 

 





Тербелістер мен толқындар 

Тербелмелі процестер. 

Гармоникалық  тербелістердің  жалпы  сипаттамасы. 

Гармоникалық 

тербелістердің 

дифференциалдық 

теңдеулері.  Гармоникалық  тербелістердің  энергиясы. 

Векторлық диаграмма. Тербелістерді қосу. Соғу. 

 

Ә. 1, 4, 



18, 21, 

22, 23


 

Еркін  өшетін  тербелістер.  Өшетін  тербелістердің 

амплитудасы мен жиілігі. Мәжбүр тербелістер. Мәжбүр 

тербелістердің амплитудасы мен жиілігі. 

Толқындық процестер. 

Серпімді  ортадағы  толқындар.  Умов  векторы. 

Электрмагниттік 

өріс 


үшін 

толқын 


теңдеуі. 

Электромагниттік  толқындардың  қасиеттері.  Пойтинг 

векторы. 

Жарық–электрмагниттік толқын. 

Толқындар  суперпозициясы.  Дисперсия.  Толқындар 

интерференциясы.  Толқындар  дифракциясы.  Гюйгенс-

Френель принципі. Френельдің аумақтар әдісі.

 

Френель 


дифракциясы. 

Фраунгофер 

дифракциясы. 

Бір 


саңылаудағы  және  көп  саңылаудағы  дифракция. 

Спектрлік жіктелу. (2 сағат) 



Кванттық физика 

Жарықтың  кванттық  табиғаты.  Абсолют  қара  дененің 

сәуле  шығаруы.  Планктың  кванттық  гипотезасы  және 

формуласы. 

Фотоэффекті. 

Фотондар. 

Жарық 

кванттарының  энергиясы  мен  импульсі.  Комптон 



эффектісі. 

Электромагниттік 

сәуле 

шығарудың 



корпускулалық-толқындық дуализмі. 

Заттың корпускулалық-толқындық дуализмі.  

Де  Бройль  гипотезасы.  Де  Бройль  толқындарының 

қасиеттері.  Микробөлшектердің  толқындық  қасиеттері 

және  Гейзенбергтің  анықталмағандықтар  қатынасы.  (2 

сағат)

 

Ә. 2, 4, 



12, 15, 

25

 





Кванттық механика элементтері. 

Кванттық  механикадағы  микробөлшектердің  күйі. 

Толқындық 

функцияның 

статистикалық 

мәні. 


Шредингердің  уақыт  бойынша  және  стационар 

теңдеулері. 

Қарапайым 

кванттық 

жүйе 

үшін 


Шредингердің 

стационар 

теңдеуінің 

шешімі. 


Қабырғалары  шексіз  биік  бірөлшемдік  потенциалдық 

шұңқырдығы  бөлшектер.  Потенциалдық  тосқауыл 

арқылы  бөлшектердің  өтуі.  Туннелдік  эффекті.  Сутегі 

атомы  үшін  Шредингер  теңдеуі.  Энергетикалық 

деңгейлер. 

Деңгейлердің 

ені. 

Электрон 



спині. 

Кеңістіктік квантталу. Паули принципі. (2 сағ.) 

Ә. 1, 5, 

18, 23


 

 



Атом ядросы және элементар бөлшектер 

Атом ядросы. 

Атом  ядросының  құрылысы  және  сипаттамасы. 

Массалар  ақауы  және  ядролар  байланыс  энергиясы. 

Ядролық  күштер.  Ядролық  күштердің  ауыспалы 

сипаты.  Ядро  моделі.  Ядролық  реакциялар.  Элементар 

 

Ә. 1, 5, 



18, 23, 

24

 



бөлшектер.  Лептондар,  адрондар.  Кварктар.  Күшті, 

электромагниттік, 

әлсіз, 

гравитациялық 



өзара 

әсерлесулер. (1 сағ.) 



 

4.2.1 Зертханалық жұмыстардың тізбесі (30 сағат) 

№ 

Тақырыптар 



Әдебиет-

тер 


Қателіктер теориясына кіріспе. Өлшеулер нәтижесін 

статистикалық өңдеу. 

ММФ-1 өлшеу практикумы (2 сағат) 

Ә. 10 

 



 

Механика (8 сағат):  

ММФ-5  Максвелл  маятнигінің  инерциия  моментін 

анықтау. 

ММФ-6  Бұралу  тербелістері  көмегімен  қатты  денелердің 

инерция моментін анықтау 

ММФ-7  Баллистикалық  бұралмалы  маятник  арқылы 

снарядтың ұшу жылдамдығын анықтау 

ММФ-8  Обербек  маятнигі  арқылы  айналмалы  қозғалыс 

динамикасын оқып үйрену 

ММФ-9 Гироскоптық эффектіні оқып үйрену  

ММФ-10 Стокс әдісімен сұйықтың тұтқырлығын анықтау 

ММФ-15  Капиллярлық  әдіспен  ауаның  тұтқырлық 

коэффициентін анықтау  

Ескерту: Әрқайсысы 2 сағаттық 2 жұмыс орындайды. 

Ә. 10, 11 

 



Статистикалық физика және термодинамика (6 сағат) 

ММФ-11  Ауа  молекуласының  эффективті  диаметрін  және 

еркін жүру жолының орташа ұзындығын анықтау  

ММФ-12 Ауа үшін адиабаттық көрсеткішті анықтау  

ММФ-13  Дыбыс  жылдамдығы  бойынша  ауа  үшін 

изобарлық  және  изотермдік  жылусыйымдылықтардың 

қатынасын анықтау  

ММФ-17  Бірінші  текті  фазалық  ауысуды  оқып  үйрену. 

Ескерту: Әрқайсысы 2 сағаттық 1 жұмыс орындайды. 

Ә. 11 


 

 

Электрдинамика (6 сағат): 

ЭМК-2 Электр өрісін модельдеу тәсілімен зерттеу 

ЭМК–3 Конденсаторлардың сыйымдығын анықтау 

ЭМК-24 Катушканың индуктивтілігін анықтау 

ЭМК–6 Жалпыланған Ом заңын оқып үйрену  

ЭМК-7 Тұрақты ток тізбегінде қуаттың берілуі  

ЭМК-11 Жердің магнит индукциясының горизонталь 

құраушысын өлшеу 

ЭМК-13 Ферромагнетиктердің магниттік сипаттамалары 

мен гистерезис тұзағын айнымалы магнит өрістерімен 

анықтау 


ЭМК-14 Темірдің магниттік қасиеттерін оқып үйрену 

ЭМК-15 Электронның меншікті зарядын магнетрон 

тәсілімен анықтау  

Ескерту: Әрқайсысы 1 сағаттық 1 жұмыс, 2 сағаттық 1 

жұмыс орындайды. 

Ә. 12, 13 

 



 



Тербелістер мен толқындар физикасы (4 сағат) : 

ЭМК-18 Тербелмелі контурдағы еркін өшетін тербелістерді 

оқып үйрену. 

ЭМК-19  Айнымалы  токты  қолданып  еріксіз  тербелістерді 

оқып үйрену. 

ЭМК-20  Айнымалы  ток  қуатын  өлшеу  және  қуат 

коэффициентін өлшеу. 

ЭМК-21 Математикалық маятник көмегімен гармоникалық 

тербелістерді оқып үйрену. 

ЭМК-22 Маятниктің еркін тербелісін оқып үйрену. 

ОТТ-2 Лазер сәулесінің толқын ұзындығын анықтау. 

ОТТ-3 Тар саңылаудағы жарық дифракциясын оқып 

үйрену.  

Ескерту: Әрқайсысы 2 сағаттық 1 жұмыс орындайды. 

Ә. 14, 15 

 



Кванттық физика (4 сағат):  

ОТТ-6 Фотоэлемент сипаттамаларын зерттеу 

ОТТ-7 Стефан-Больцман тұрақтысын анықтау 

ОТТ-8 Стефан-Больцман заңын тексеру 

ОТТ-9  Жұтылу  спектрі  бойынша  Планк  тұрақтысын 

анықтау 


ОТТ-10 Мыс ионының дифракциясын бақылау 

ОТТ-11 Жартылай өткізгішті диод жұмысын оқып үйрену 

ОТТ-12  Жартылай  өткізгіштердің  жарық  өткізгіштік 

құбылысын оқып үйрену 

ОТТ-13 

Жартылай 



өткізгіштердің 

кедергілерінің 

температураға тәуелділігін оқып үйрену 

Ескерту: Әрқайсысы 2 сағаттық 1 жұмыс орындайды. 

Ә. 16 

 

 



4.3 Есептеу-сызба жұмыстары тапсырмалары: 

   Пән бойынша келесі тақырыптарда екі есептеу-сызба жұмысы орындалады:  

№1 ЕСЖ Механиканың физикалық негіздері: материалдық нүкте және қатты 

дене  кинематикасы  мен  динамикасы;  жұмыс  және  қуат;  механикадағы 

сақталу заңдары. 



Статистикалық  физика  және  термодинамика:  статистикалық 

үлестірілулер;  термодинамиканың  бірінші  бастамасы;  жылу  машиналары; 

энтропия және термодинамиканың екінші бастамасы. 

Электрдинамика.:  вакумдегі  және  заттардағы  электрстатикалық  өріс. 

Тұрақты  электр  тогы.  Вакуумдағы  және  магнетиктегі  магнит  өрісі. 

Электрмагниттік индукция. 

№2  ЕСЖ.  Тербелістер  мен  толқындар:  гармоникалық  тербелістер; 

тербелмелі  контур;  гармоникалық  тербелістердің  энергиясы;  векторлық 

диаграмма әдісі. Бір бағыттағы және өзара перпендикуляр тербелістерді қосу. 

Серпімді және электромагниттік толқындар. Толқын энергиясы. 

ЕСЖ тапсырмалары Ә. 17 -де келтірілген 

   Студенттер үшін ЕСЖ тапсырмаларын беру және қабылдау кестесі кафедра 

мен деканаттың хабарландыру тақтасында ілінген.  



 

4.4 СӨЖ мазмұны (45сағат) 

  4.4.1 Механикадағы күштер: Механикадағы күш. Гравитациялық күштер. 

Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Серпімділік күштері. Гук заңы. Үйкеліс 

күштері: тыныштық, сырғанау, домалау. Инерциалды емес санақ жүйесі. 

Инерция күштері. 

   4.4.2  Изопроцестер.  Күй  теңдеуі:  Термодинамикалық  параметрлер.  Тепе-

тең  күйлер  және  процестер.  Тепе-тең  термодинамикалық  процестердің 

термодинамикалық диаграммалары. Идеал газ күйінің теңдеуі.  

   4.4.3  Термодинамиканың  бірінші  бастамасы:  Ішкі  энергия  күй  функциясы. 

Жылу  және  жұмыс  процестің  функциясы.  Әртүрлі  процестерде  идеал  газ 

жасаған жұмысты есептеу. Термодинамиканың бірінші бастамасы және оны 

изопроцестерге қолдану.  

   4.4.4  Электр  өрісі.  Электр  диполі  өрісі:  Электр  зарядтарының  өзара  әсері. 

Электр  өрісі.  Электр  өрісінің  кернеулігі.  Суперпозиция  принципі.  Электр 

дипольі,  электр  моменті.  Біртекті  және  біртекті  емес  электр  өрісіндегі 

диполь.  

   4.4.5 

Конденсаторлар:  Жазық,  сфералық  және  цилиндр  тәрізді 

конденсаторлардың сыйымдылығы.  

   4.4.6  Тұрақты  ток:  Бөгде  күштер.  Ток  көзінің  электр  қозғаушы  күші.  Ток 

көзі бар тізбек бөлігі үшін жалпылама Ом заңы 

   4.4.7  Электр  және  магнит  өрістеріндегі  зарядталған  бөлшектердің 

қозғалысы.  

   4.4.8 

Ферромагнетиктер: 

Ферромагнетиктер 

қасиеттері. 

Магиттік 

гистерезис. Кюри температурасы. 

   4.4.9  Айнымалы  ток  тізбегі:  Айнымалы  электр  тогы.  Айнымалы  ток  үшін 

Ом заңы. Айнымалы токтың қуаты. 


   4.4.10  Жарық  толқындары:  Жарықтың  заттармен  әрекеттесуі.  Жарық 

дисперсиясы.  Жарықтың  жұтылуы  және  шашырауы.  Жарықтың  үйектелуі. 

Үйектелген жарықты алу тәсілдері. Голография. 

   4.4.11 

Фотоэффект: 

Фотоэффект 

заңдары. 

Эйнштейн 

теңдеуі. 

Фотоэффектіні қолдану. 

   4.4.12 Өздігінен және мәжбүрлі сәуле шығару. Лазерлер. 

   4.4.13  Металдардың  электрөткізгіштігінің  кванттық  теориясы  элементтері. 

Асқын өткізгіштік. Джозефсон эффектісі. 

   4.4.14  Атом  ядроларының  радиоактивтік  ыдырауы:  Радиоактивтік  ыдырау 

заңы. Альфа-, бета- және гамма сәуле шығару заңдылықтары. 

 

5 Аралық және қорытынды бақылауға арналған сұрақтар: 

 

1. 



Материялық  нүкте  кинематикасы.  Санақ  жүйесі.  Қозғалыстың 

кинематикалық теңдеулері. Траектория теңдеуі.  

2. Жылдамдық пен үдеу уақыт бойынша радиус-вектордың туындысы. 

3. Тангенциал және нормаль үдеу. 

4. Айналмалы қозғалыстың кинематикасының элементтері. Бұрыштық 

жылдамдық. Бұрыштық үдеу. Сызықтық және бұрыштық кинематикалық 

шамалардың байланыстары. 

5. Классикалық механикадағы күй түсінігі. Ньютонның бірінші заңы-инерция 

заңы. Инерциалды санақ жүйелері..  

6. Масса және импульс. Күш. Ньютонның екінші заңы. Материалдық нүкте 

динамикасының теңдеуі.  

7. Механикалық жүйе. Ішкі және сыртқы күштер. Ньютонның үшінші заңы. 

Механикалық жүйенің массалар центрі және оның қозғалыс заңы.  

8. Күш моменті және импульс моменті. Материалдық нүктелер үшін 

моменттер теңдеуі. 

9. Қатты дененің қозғалмайтын оське қатысты айналмалы қозғалысының 

динамикасының теңдеуі. Инерция моменті. 

10. Энергия - қозғалыстың әртүрлі формалары мен әсерлесудің әмбебап 

өлшемі. Жұмыс. Айнымалы қүштің жұмысын есептеу. Қуат. 

11. Күш жұмысы және оның қисық сызықты интеграл арқылы өрнегі.  

Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы және оның жүйеге түсірілген 

ішкі және сыртқы күштердің жұмысымен байланысы.  

12. Қатты дененің қозғалысы кезіндегі кинетикалық энергия және жұмыс. 

13.  Консерватив  және  консерватив  емес  күштер.  Сыртқы  күш  өрісіндегі 

материялық  нүктенің  потенциалдық  энергиясы  және  оның  материялық 

нүктеге әсер етуші күшпен байланысы. 

14.  Толық  механикалық  энергия  және  оның  өзгеру  заңдары.  Механикадағы 

энергияның сақталу заңы. Энергияның сақталу және айналу заңы. 

15.  Материялық  нүктенің  тұйық  жүйесі.  Импульс  және  импульс  моментінің 

сақталу заңдары. 

16. 

Максвелл  үлестірулері.  Бөлшектердің  жылулық  қозғалысының 



жылдамдықтары.  

17.  Барометрлік  формула.  Сыртқы  потенциалдық  өрістегі  бөлшек  үшін 

Больцман үлестірілуі.  

18. 

Еркіндік  дәрежесі  бойынша  энергияның  үлестірілуі.  Еркіндік 



дәрежелерінің  саны.  Молекулалардың  жылулық  қозғалысының  орташа 

кинетикалық энергиясы. 

19. Қайтымды және қайтымсыз жылулық процестер. Карно циклі және оның 

ПӘК-і. Карно теоремасы.  

20. Энтропия және оның қасиеттері. Термодинамиканың екінші бастамасы. 

21. 


Энтропияның 

термодинамикалық 

ықтималдықпен 

байланысы. 

Термодинамиканың 

екінші 


бастамасы 

және 


оның 

статистикалық 

түсіндірмесі. 

22.  Электрстатикалық  өріс,  оның  кернеулігі.  Нүктелік  зарядтың  өрісінің 

кернеулігі. Суперпозиция принципі. 

23. Кернеулік векторының ағыны. Гаусс теоремасы. Гаусс теоремасын электр 

өрістерінің кернеуліктерін есептеу үшін қолдану. 

24.  Электрстатикалық  өрістің  жұмысы.  Электрстатикалық  өріс  кернеулік 

векторының  циркуляциясы.  Потенциал.  Электрстатикалық  өріс  потенциалы 

мен кернеулік векторының байланысы.

 

25.  Электр  тогының  бар  болу  шарттары  және  оның  жалпы  сипаттамалары. 



Стационар электр өрісі. Үздіксіздік теңдеуі. 

26. Бөгде күштер. Ток көзінің ЭҚК-і. Гальваникалық элементі бар тізбек үшін 

жалпылама Ом заңы. 

27. Токтың жұмысы мен қуаты. Дифференциалдық түрдегі Ом және Джоуль-

Ленц заңдары. 

28. Магнит өрісі. Ампер күші. Магнит индукциясы векторы, магнит өрісінің 

күш сызықтары. Суперпозиция принципі.

 

Био-Савар-Лаплас заңы. Түзу және 



дөңгелек токтар өрісі. 

29.  Магнит  өрісіндегі  тогы  бар  рамка.  Магнит  моменті.  Рамкаға  әсер  ететін 

күш  моменті.  Магнит  өрісіндегі  өткізгіш  пен  контурдың  орын  ауыстыруы 

кезіндегі жұмыс. 

30.  Магнит  ағыны.  Магнит  өрісі  үшін  Гаусс  теоремасы.  Магнит  өрісіндегі 

тогы бар өткізгіштің орын ауыстыру жұмысы. 

31.  Заттағы  магнит  өрісі  үшін  толық  ток  заңы.  Магнит  өрісінің  кернеулігі. 

Магниттік өтімділік. 

32.  Электрмагниттік  индукция  құбылысы.

 

Электрмагниттік  индукцияның 



негізгі заңы. Ленц ережесі. 

33.  Өздік  және  өзара  индукция  құбылысы.  Индуктивтілік.  Өзара  индукция 

коэффициенті.  

34. Магнит өрісінің энергиясы. Магнит өрісі энергиясының тығыздығы. 

35.  Электрмагниттік  индукция  құбылысының  максвеллдік  және  фарадейлік 

тұжырымдаулары. Құйынды электр өрісі.  

36.  Ығысу  тогы.  Максвелл  теңдеулері  жүйесі.  Электр  және  магнит 

өрістерінің салыстырмалылығы. 



37.  Тербелмелі  процестер  туралы  түсінік.  Гармоникалық  тербелістердің 

жалпы  сипаттамасы.  Табиғаттағы  кез  келген  тербелістерді  түсіндіру 

аналогиясы. Векторлық диаграмма. 

38. 


Гармоникалық 

тербелістердің 

дифференциалдық 

теңдеулері. 

Гармоникалық  осцилляторлар:  маятниктер,  серіппедегі  жүк,  тербелмелі 

контур. Гармоникалық тербелістердің энергиясы. 

39.  Еркін  өшетін  тербелістер.  Өшетін  тербелістердің  амплитудасы  мен 

жиілігі. 

40. Еріксіз тербелістер. Еріксіз тербеліс фазасы және амплитудасы. Резонанс. 

41. Айнымалы электр тогы. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Айнымалы токтың 

қуаты. 

42. 


Серпімді  толқындар.  Жазық  және  сфералық  толқын  теңдеуі.  Фазалық 

жылдамдық. Толқын теңдеуі. 

43. Серпінді толқын энергиясы және энергия тығыздығы. Умов векторы. 

44.  Электрмагниттік  өріс  үшін  толқындық  теңдеу.  Электрмагниттік  толқын 

қасиеттері. 

45. Жарық – электромагниттік толқын. 

46. 

Толқындардың  суперпозиция  принципі.  Толқындық  пакет.  Топтық 



жылдамдық. Дисперсия. 

47. Толқындардың интерференциясы. 

48.  Толқындардың  дифракциясы.  Гюйгенс-Френель  принципі.  Френельдің 

аумақтар әдісі. 

49. Саңылаудағы жарық дифракциясы. Спектрлік жіктелу. 

50.  Электрмагниттік  сәуле  шығарудың  кванттық  табиғаты.  Жылулық  сәуле 

шығару.  

51. Абсолют қара дененің сәуле шығаруы. Планк кванттық гипотезасы және 

формуласы.  

52. Фотондар. Жарық кванттарының энергиясы мен импульсі. Фотоэффект. 

53.  Комптон  эффектісі.  Электрмагниттік  сәуле  шығарудың  корпускулалық  - 

толқындық дуализмі.  

54.  Заттың  корпускулалық-толқындық  дуализмі.  Де  Бройль  гипотезасы.  Де 

Бройль  толқындарының  қасиеттері.  Микробөлшектердің  толқындық 

қасиеттері және Гейзенбергтің анықталмағандықтар қатынасы. 

55.  Кванттық  және классикалық  механикадағы бөлшектің күйін  анықтаудың 

принципті  айырмашылықтары.  Шредингердің  уақыттық  және  стационар 

теңдеуі. 

56.  Қарапайым  кванттық  жүйе  үшін  Шредингер  теңдеуінің  шешімі.  Тік 

бұрышты бір өлшемді потенциалды шұңқырдағы бөлшек. Туннелдік эффекті. 

57.  Шредингер  теңдеуі  және  оның  шешімдері,  кванттық  сандар.  Сутегі 

атомының  энергетикалық  деңгейлері.  Кванттық  сандардың  толық  саны. 

Паули принципі. 

58.  Атом  ядросы.  Атом  ядросының  құрылысы.  Ядролық  күштер.  Ядро 

моделі.  

59.  Массалар  ақауы  және  ядролар  байланыстарының  энергиясы.  Энергия 

көздерінің мәселелері. 


60.  Радиоактивті  сәуле  шығару  және  оның  түрлері.  Радиоактивті  ыдырау 

заңы. Альфа-, бета- және гамма сәулешығару және олардың қасиеттері.  

61. Элементар бөлшектер. Лептондар, адрондар. Кварктар. 

 

6 Студенттердің жетістіктерін бағалау туралы ақпарат  

 6.1 Бағалау жүйесі 

          Сіздің 

жетістіктеріңіз 

оқытудың 

кредиттік 

технологиясында 

қабылданған,  қорытынды  бағалар  шкаласы  бойынша    курстық  бағдарлама 

бойынша бағаланады (кесте 1). 

 

Кесте 1 


Баға 

Балдың 


сандық 

баламасы 

Пайыздық 

мазмұны 


Бағаның бұрынғы түрі  

А 

4,0 


95-100 

Өте жақсы 

 

А- 

3,67 


90-94 

В+ 

3,33 


85-89 

Жақсы 


 

В 

3,0 


80-84 

В- 

2,67 


75-79 

С+ 

2,33 


70-74 

Қанағаттанарлық 

 

С 

2,0 


65-59 

С- 

1,67 


60-64 

Д+ 

1,33 


55-59 

Д- 

1,0 


50-54 

0-49 



Қанағаттанарлық 

емес 


 

Жіберілу ретингі (ЖР) сіз семестр бойы жинайсыз. Әрбір оқу жұмысы 

100  баллдық  шкала  бойынша  бағаланады  және  2  -  кестедегідей    салмақтық 

коэффициенті ескеріле отырып жіберілу рейтингісіне  енеді. 

 

        2 кесте. Жіберілу рейтингі. 



Параметр 

Салмақ коэффициенті 

Дәрістік сабақтарға қатысу  

0,05  


СӨЖ 

0,10  


Машықтандыру сабақтарындағы жұмыс 

0,25 


ЕСЖ қорғау 

0,35 


Зертханалық жұмыстар 

0,25  


Жіберілу рейтингінің қорытындысы (Орт) 

1,00 


 

Аралық  бақылау  (АБ)  семестрде  екі  рет  өткізіледі  (Б1  және  Б2)  және  әр 

қайсысы 

оқытушымен 

100-баллдық 

шкаласымен 

бағаланады. 

Бақылау рұқсаттамасы PLATONUS ақпараттық жүйесімен есептеледі: 



БР=(Б

1



2

)/2*0,2+Ор*0,8 

Қорытынды баға келесідей шығарылады 

Қ=0,6БР+0,4Е, 

Е – емтихандық бағасының сандық баламасы. 

 

6.2 Балл қою саясаты: 

 

Бағалау  баллдары  ең  жоғарғы  болып  саналады.  Олар  жұмыстың 



орындалу  сапасына  қойылады.  Тестілеу  және  дәріске  қатысуды  бағалау 

баллдары  дұрыс  жауаптар  санына  және    дәріске  қатысу  күндерімен 

есептелінеді.  

6.3 

Университетте 

оқитындардың 

академиялық 

икемділігін 

уйымдастырудағы бағаны ауыстыру 

       ECTS (Трансферттің (ауыстырудың) Еуропалық жүйесі және кредиттерді 

жинақтау) бойынша бағаларды ҚР оқитындардың оқу жетістіктерін балдық-

рейтингтік, әріптік бағалау жүйесіне  ауыстыру немесе керісінше 4 және 5 – 

кестелерге сәйкес жүргізіледі. 

                                                                                                        

Кесте 3 - ECTS бойынша бағаларды ҚР оқитындардың оқу жетістіктерін 

балдық-рейтингтік, әріптік бағалау жүйесіне  ауыстыру 

 ECTS 

бойынша  

бағалалар 

 

Әріптік 

жүйедегі 

бағалар 

Балдардың 

сандық 

баламасы 

Пайыздық 

мазмұны 

Бағаның бұрынғы түрі 

А 

А 

4,0 



100 

Өте жақсы 



В 

В+ 


3,33 

85 


Жақсы 

С 

В 

3,0 



80 

С 

2,0 



65 

  Қанағаттанарлық 



1,0 



50 

FX, F 



Қанағаттанарлық емес 

 

 Кесте  4  -  ҚР  -  ндағы  балдық-рейтингтік,  әріптік    жүйесіненен  



бағаларды ауыстыру ECTS бойынша бағаларға ауыстыру 

Әріптік 

жүйедегі 

бағалар 

Балдардың 

сандық 

баламасы 

Пайыздық 

мазмұны 

Бағаның бұрынғы түрі 

ECTS 

бойынша  

бағалау 

 

А 

4,0 



95-100 

Өте жақсы 



А 

А- 


3,67 

90-94 


В+ 

3,33 


85-89 

Жақсы 


В 

В 

3,0 



80-84 

  Жақсы 


С 

В- 


2,67 

75-79 


С+ 

2,33 


70-74 

Қанағаттанарлық 

С 

2,0 


65-69 

  Қанағаттанарлық 



С- 


1,67 

60-64 


D+ 

1,33 


55-59 

1,0 



50-54 

  Қанағаттанарлық 





0-49 

Қанағаттанарлық емес 



FX, F 

 

7 Курс саясаты: 

- сабақты жібермеу және кешікпеу; 

- машықтандыру және зертханалық сабақтарға дайындалу;  

- кестеге сәйкес есептеу графикалық жұмыстарды орындау және тапсыру; 

- зертханалық жұмыстарды орындау, сабақты тек себепті жіберу

- үйде және кітапханаларда өздігінен дайындалу. 

  

8 Академиялық этика нормалары: 

- ұқыптылық; 

- тәрбиелілік; 

- қайырымдылық; 

- турашылдық; 

- жауаптылық; 

- аудиторияда жұмыс жасалғанда телефон өшірілуі керек. 

Қайшылық  туған  жағдайларда  оқу  тобында  оқытушымен  немесе 

эдвайзермен,  күрделі  жағдайда  деканат  қызметкерлері  ашық  талқылану 

қажет. 


 

9 Әдебиеттер тізімі 

Негізгі: 

1. Трофимова Т.И. Физика. - М.: «Академия», 2006, 2012 

2. 

Трофимова  Т.И.  Основы  физики.  Молекулярная  физика. 



Термодинамика. –М.: «Кнорус», 2011 

3.  Савельев  И.В.  Жалпы  физика  курсы:  2–ші  кітап:  Электр.  –М.: 

«Издательство АСТ», 2004  

4. Савельев И.В. Жалпы физика курсы: Кн. 4: Толқындар. Оптика. –М.: 

«Издательство АСТ», 2004 

5.  Савельев  И.В.  Курс  физики:  Кн.  5:  Квантовая  оптика.  Атомная 

физика. Физика твердого тела. Физика атомного ядра и элементарных частиц. 

–М.: «Издательство АСТ», 2004 

6.  Волькенштейн  В.С.  Жалпы  физика  курсының  есептер  жинағы.  -  А., 

2012 


7.  Чертов  А.Г.,  Воробьев  А.А.  Задачник  по  физике.  -  М.:  Физматлит., 

2006 


8. Байпақбаев Т.С., Қарсыбаев М.Ш. Жалпы физика курсының есептер 

жинағы.- Алматы: АЭЖБУ, 2015. 

9.  Трофимова  Т.И.  Физика  курсы  бойынша  шешулері  қоса  берілген 

есептер жинағы.- М.: «Жоғары мектеп»,2010 

10. 

Механика.  Зертханалық  жұмыстарды  орындауға  арналған 



әдістемелік  нұсқаулар.  Байпақбаев  Т.С.,  Қалықпаева  Р.С,  Саламатина  А.М.- 

Алматы: АЭжБУ, 2015 ж. - 40 б.  



11.  Статистикалық  физика  және  термодинамика.  Зертханалық 

жұмыстарды орындауға  арналған  әдістемелік  нұсқаулар.  /Байпақбаев  Т.С.,  -

Алматы: АЭЖБИ, 2011 ж.- 33 б. 

12.  Электростатика  және    тұрақты    ток.  Зертханалық  жұмыстарды 

орындауға    арналған  әдістемелік  нұсқаулар(  Барлық  мамандық  пен  барлық 

оқу  түріне  арналған  )Т.С.  Байпақбаев,  Л.В.  Завадская,  Л.Х.  Мажитова,  Л.А. 

Тонконогая. - Алматы: АЭЖБИ, 2007.- 35 б. 

13.  Электр  және  магнетизм.  Зертханалық  жұмыстарды  орындауға  

арналған  әдістемелік  нұсқаулар(  Барлық  мамандық  пен  барлық  оқу  түріне 

арналған )Т.С. Байпақбаев, Л.В. Завадская, Л.Х. Мажитова, Л.А. Тонконогая. 

- Алматы: АЭЖБИ, 2008.- 36 б. 

14.  Тербелістер.  Барлық  мамандық  студенттері  үшін  зертханалық 

жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар. Сыздықова Р.Н., 

Кенжебекова А.И. - Алматы: АЭжБУ, 2015. -32 б. 

         15.  Қарсыбаев  М.Ш.,  Дәуменов  Т.Д.,  Қалықпаева  Р.С.  Толқындық 

оптика.  Оқытудың  барлық  бөлімінің    және  барлық  мамандық  студенттері 

үшін  зертханалық  жұмыстарды  орындауға  арналған  әдістемелік  нұсқау.  - 

Алматы: АЭЖБИ, 2008 

 

16. Сыздықова Р.Н., Қарсыбаев М.Ш., Дәуменов Т.Д. Кванттық физика. 



Оқытудың  барлық  бөлімінің    және  барлық  мамандық  студенттері  үшін 

зертханалық жұмыстарды орындауға арналған өдістемелік нұсқау. - Алматы: 

АЭжБИ , 2015.-36 б. 

17. 5В060200 – «Информатика» мамандығының студенттері үшін 

есептеу-сызбалық жұмыстарды  орындауға әдістемелік нұсқаулар / Искаков 

Ж. – Алматы: АЭЖБУ, 2015. – 21 б. 

 

Қосымша: 

18.  Дуаметұлы  Б.  Жалпы  физика  курсының  негіздері-А.:  «ҚазҰТУ», 

2012 

19. Баиімбетов Ф.Б. Электр және магнетизм.-А.: «Қазақ университеті», 



2011 

20. Қойшыбаев Н.Қ. Физика. Т.3. Электр және магнетизм. –А., 2006 

21.  Коразов  Т.А.  Тербелістер  және  толқындық  процестер.  Акустика 

негіздері.  

–А., 2011 

22. Жұманов К.Б. Оптика негіздері. .-Алматы, 2004.-т. 2 

23.  Қойшыбаев  Н.Қ.  Физика  Т.4.  Оптика,  Атом,  Ядро,  Элементар 

бөлшектер.- А, 2006 

24. Жұманов К.Б. Атомдық физика. –А.: «Қазақ университеті», 2011 

25. Бектенов Ә.М. Физика есептерін шығару. –А., 2013 



 

 

 



Каталог: student -> sillabus -> fizika kz
fizika kz -> Жэф деканы М. У. Зияханов 2016 ж
fizika kz ->  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
fizika kz -> Жэф деканы М. У. Зияханов 2016 ж
fizika kz -> М.Ө. Зияханов 2016 ж
fizika kz -> М.Ө. Зияханов 2016 ж
fizika kz -> Кафедрасының аға оқытушысы Далелханқызы А. құрастырды
fizika kz -> Жэф деканы М. У. Зияханов 2015 ж
fizika kz -> Т.ғ. к, доцент Байпақбаев Т. С құрастырды
fizika kz -> Силлабустыфизика кафедрасының аға оқытушысы Сыздықова Р. Н
fizika kz -> Кафедрасының аға оқытушысы Далелханқызы А. құрастырды

жүктеу 341.57 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет