АҢдатпа дедім-ай, ау! -бетте



жүктеу 2.07 Mb.
Pdf просмотр
бет9/18
Дата16.02.2017
өлшемі2.07 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

Хисмет ЕСМҰХАНОВ, Қазақ балық 

шару

ашылығы ғылыми-зерттеу институты 

их

ти

ол

огия

 з

ертх

ан

асын

ың

 меңгерушісі: 

– Балық шаруашылығын дамыту 

үшін әуелі су керек. Содан соң балығы 

бар өзен-көлдерге қамқорлық жасалуы 

тиіс. Қазір елдің бәрі  балығы  бар көл-

дер ге ықыласты. Бірақ оны мемлекетке 

салығын төлеп отыратын а

дамд

ар ала-

ды. Дегенмен кейде осы салада заң

бұзу 

шылықтар кездесіп жатыр. Олай 

болмас үшін жұмысты мықтап ұйымдас-

ты рып,  қадағалауды босаңсытпау керек.

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ,

Орал

Дәрігерлердің есебін-

ше, адам жылына 14 келі

балық жеуі тиіс екен. Біздің 

жеп отырғанымыз бес-ақ 

келі. 80 мыңнан 

ас

а өзені,

 

50 мыңға жуық көлі

 бар

 

Қазақстанда сенсеңіз де, 

сен бесеңіз де балық тап-

шы. Бекіресі тайдай тула-

ған Жайық, шортаны шор-

шы

ға

н Ал

ак

өл,  ақ ша бақ-

тың айдыны ерке Ертісте

бұрынғыдай дәурен жоқ. 

1990 жылы елімізде 

80 мың тонна балық аулан-

са, қазіргі жа

ғд

ай 20 мың-

ның төңіре

гі

не

 күрт ке

мі

п 

кетті. Тұрғындарды балық 

өнімдерімен толық қамту 

үшін жылына 230 мың тонна

балық аулау қажет. Ол бізге 

әз

ірге

 а

рм

ан б

олғандықтан, 

импорт қа  тәуелдіміз. Балық 

өні мі бізге дүниенің төрт 

бұры шынан әкелінеді. Ба-

сым бөлігін Ресей, Норвегия 

мен Қытай береді. Мысалы



2012 жылы Ре

сейд

ен 

10 мың тонна, Норвегиядан 

25 мың тонна, Қытайдан 

3 мың тонна балық өнімі 

импортталған.

Тестілеуге қажетті құжаттар тізімі:

1. Нысандағы өтініш;

2. Бiлiмi туралы қ

ұжат

та

рд



ың

 көш


ір

ме

ле



рі

 (са


лы

с-

тыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нота-



риат та  куәландырылған);

3. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі 

(салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда 

нотариатта куәландырылған);

4. ЖСН б

ар

 жеке басын куәландыратын құжаттың



 

көші


рм

есі.


Егер азамат еңбек қызметін атқармаған  болса 

немесе оның өтінішінде көрсетілген лауазым санаты 

бойынша жұмыс өтілі талап етілмесе, осы тармақ-

тың 3-тармақ шасында көрсетілген құжатты ұсыну 

та лап  етілмейді.

* қосымшасымен д

ип

лом 


Бо

лашақ»



 б

ағ

да



рл

а-

масының  бітірушілері нотариатта куәландырылған 



орыс немесе мемлекеттік тілге аударылған дипломды, 

сон дай-ақ  «Халықаралық бағдарламалардың орта-

лы ғы» АҚ-ның анықтамасын тапсырады).

Мемлекеттiк әкiмшiлiк бос лауазымына ор-

наласуға конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құ

-

жа



ттар

:

1. Нысанға сәйкес өтініш;



2. 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толты-

рылған сауалнама; 



«Б» корпусының лауазымдарын алу үшін тестілеуге және мемлекеттiк әкiмшiлiк бос 

лауазымына орналасу үшін конкурсқа қандай құжаттар тізімі керек? 

Айгүл МЫҢЖАСАРОВА, Астана қаласы

3. Бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәлан-

ды рыл

ға

н 



көшi

рм

ел



ерi; 

4.

 Е



ңб

ек қ


ыз

ме

ті



н 

ра

стайтын құжаттың нотар



иа

л-

дық куәландырылған көшiрмесi;



5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ми-

нистрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұй ры-

ғымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нор ма-

тивтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жы лы 21 

желтоқсанда №6697 болы

п 

ті



рк

елге


н)

 ны 


са

н 

дағы 



ден саулығы туралы анықтама; 

6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке 

куәлігінің көшірмесі;

7. Құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен 

белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тесті-

ле

уден өткені туралы қолданыстағы сертификат.



Ег

ер а


за

мат 


ең

бе

к қызметін жүзеге асырмаған жә



 н

е 

конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұ мыс өтілі 



талап етілмейтін жағдайларда осы тармақтың 4-тармақ-

шасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Мұнд


ай

 ж

оғ



ар

ы көрсеткі

ш 

бұ

ған де



йін 

өңірімізде тіркелмеген көрінеді. Шаруашы-

лықтың бас көкөніс өсірушісі Тамара Ош-

ла кова аталған жетістікке жету үшін көп 

жыл дар аянбай тер төккендерін айтады. 

Өсіру технологиясы, сапалы тұқым мұқият 

таңд

алып


ты. «Дайтон» деп аталатын тұ қ

ым

-



ды т

аңдаға


нда ғана осындай нәтижег

е 

қол 



жеткен.

Тамара ОШЛАКОВА, «Екімбаев» шаруа 

қожалығының бас көкөніс өсірушісі: 

– Биыл көктем күрделі  болып, өс-

кін дер жетілгенше қатты алаңдадық.

Олар көтерілме

йі

нш

е,

 с

уа

руға б

ол май-

ды ғой. Суықта бірден өсіп кете алған 

жоқ. Күн жылынып, жерден едәуір кө-

те ріл гесін  ғана  суаруды  бастадық. 

Биыл  бұған дейін қол жетпеген мол 

өнім алсақ та, әлі де көңілім толмай ты-

ны

н 

жасыра а

лмаймын. Бұдан да 

жо

ға

ры

  ж

етіс

тікк

е жетуге болар еді. 

Келер жылы барынша тырысатын 

боламыз.

Азамат ҚАСЫМ,

Өскемен

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы диқан 

Төлеген Екімбаевтың көкөніс шаруашылығында биыл пияздан 

бұрын-соңды болмаған мол өнім алынды. Мұндағы 18 гектардың 

әрқайсысынан 50 тоннадан пияз жиналған көрінеді.

Гүлнар

 А

ХМ

ЕТОВА

Нұрғ


иса 

ЕЛЕУБЕКО


В (ф

ото)


Нұр

ғиса ЕЛЕУ

БЕКО

В 



ото

)


                

www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№179 (1090) 



11.10.2013 жыл, 

жұма


ӨРКЕНИЕТ

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы 

кімге бұйырды?

Биыл әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына қай елдің қаламгері лайық деп танылды?

Сәкен ТҰРЛЫБЕК, Қызылорда облысы 

Корольдік швед ғылым академиясы таратқан 

мәліметтерге сүйенсек, кеше ғана белгілі болғандай, 

Швеция астанасы Стокгольмде өтіп жатқан Нобель 

апталығы шарасында әдебиет саласы бойынша 2013 

жылғы Нобель сыйлығы лауреатының есімі 

жарияланды.

Бұл жолы осынау беделді сыйлыққа Канадалық 

жазушы әйел Элис Мунро лайық деп танылған. Ол 

1901 жылдан бергі Нобель сыйлығы тарихында аталған 

марапатқа ие болған 13-інші әйел саналып отыр. Бұған 

дейін бұл сыйлыққа бірден-бір үміткерлер қатарында 

жапон жазушысы Харуки Мураками мен американдық 

Джойс Кэрол Оутст және Беларусь жазушысы Светлана 

Алексиевичтің есімдері аталып келген.

Өз туындыларын ағылшын тілінде жазатын 82 жасар 

Мунроның негізгі тақырыбы – әйел тағдыры. Десек те, 

қарт қаламгер биыл шығармашылық еңбектен біржола 

қол үзгендігін жария еткен болатын. Бүгінде қысқа 

прозалық әңгімелердің шебері атанып жүрген 

Мунроның кітаптары әлемнің көптеген тілдеріне 

аударылып, бірқатар әдеби байқауларда жоғары баға 

алып жүр.

Елбасы шәкіртақысы кімдерге берілді?



Жыл сайын жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына тағайындалатын 

Н.Назарбаев шәкіртақысы биыл кімдерге берілді?

Назира ДҮКЕНҚЫЗЫ, Алматы облысы

Биыл аталған шәкіртақыға еліміздің жоғары оқу 

орындарынан 10 магистрант ие болды. Олар – Еркеш 

Біржантиев (Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университеті, саясаттану), Жансая Багитова (Әл-Фа-

раби атындағы Қазақ ұлттық университеті, химия), 

Алмас Мұхаметов (Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ 

ұлттық аграрлық университеті, экономика), Елена 

Панова (Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техни-

калық университеті, мұнай химиясы), Саят Ыбырайы-

мов (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 

университеті, педагогика және психология), Венера 

Қалиева (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 

университеті, қазақ тілі және әдебиет), Ақмарал Есім-

ханова (Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлт тық 

медициналық университеті, мейірбике ісі), Ренат 

Алманов (Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық 

өнер академиясы, режиссура), Элеонора Жұмадьярова 

(Қазақ ұлттық өнер университеті, хореография) және 

Эмиль Сакавов (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық 

консерваториясы, вокалдық өнер). Мұндай қолдауға 

ие болғандарды жуырда ҚР Білім және ғылым министрі 

Аслан Сәрінжіпов қабылдап, Н.Назарбаев шәкіртақы-

сына ие болған магис транттарға шәкіртақы ның ресми 

куәліктерін табыс еткен болатын.

Қалижан ақынның есімі ардақталды

ТАҒЫЛЫМ 


Жуырда Павлодар 

жерінде бүкіл аймағы-

мызды, тіпті барша елімізді 

қуанышқа бөлеген ұлағатты 

той өтті. Өңірімізге алты 

Алашқа аты мәлім жыр 

дүлдүлдері мен көркемсөз 

зергерлері, қоғам 

қайраткерлері мен ұлт 

жанашырлары ат басын 

тіреді. Бұған халқымыздың 

аяулы перзенті, ақын, 

драматург, Мемлекеттік 

сыйлықтың лауреаты, 

көрнекті ақын Қалижан 

Бекқожиннің 100 жылдық 

мерейтойы себеп болды.

ТАМЫР


Ақынның 100 жылдығына орайлас-

тырылған мерейтойлық шара Павлодар 

қаласында Қалижан Бекқожинге арналған 

асқақ ескерткіштің ашылуымен басталды. 

Салтанатты жиынға республика мен облы-

сымызға белгілі азаматтар, ақын-жазу-

шылар, ақынның ұрпақтары, зиялы қауым 

өкілдері, шетелдік қонақтар, облыс және 

қала әкімшілігінің басшылары, жоғары 

оқу орындарының ректорлары мен жастар 

қауымы атсалысты.

Салтанатты жиында облыс әкімі Ерлан 

Арын алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан 

Назарбаевтың құттықтау хатын оқып 

берді. «Қалижан Бекқожин – қазақ хал-

қының көрнекті тұлғаларының бірі. ХХ 

ғасыр поэзиясында өзінің сүбелі мұрасын 

қалдырған жыр дүлдүлі. Оның шығарма-

шылығында халқымыздың басынан кеш-

кен толқымалы кезеңдер көрініс тапқан. 

Ана тіліміздің асқақтауына өлшеусіз үлесін 

қосқан өлең-жырлары – біздің әрдайым 

рухани нәр алатын қазынамыз. Мұндай 

асыл азаматтың мерейтойы оны дүниеге 

әкелген қасиетті туған жеріне де, барша 

елімізге де құтты болсын!» делінген 

Мемлекет басшысы жолдаған құттықтауда.

– Жерлесіміз Қалижан Бекқожин – 

әлем әдебиетінде өзіндік жолын қалып-

тастырған елеулі тұлға. Ол шығарма-

шылығын ерлік жолына арнап, шындық 

үшін өмір сүрді. Сонымен бірге шебер 

аудармашы ретінде танылып, ұлттар 

достығының нығаюына үлесін қосты. 

Бүгінде жерлестері ғана емес, бүкіл ел оны 

мақтан тұтып, жарқын тұлғасынан үлгі 

алуда, – деді Е.Арын өз сөзінде.

Тұлғасы ақындық шабытқа толы ес-

керткішті ашу рәсімі ақынның жұбайы Зай-

да апайға және ұлы Ерланға берілді.

– Қалижан Бекқожин өмірінің соңына 

дейін жүрегінде туған жеріне деген сүйіс-

пеншілігін, сағыныш сезімін аялап өтті. 

Кереку-Баян өңіріне қатысты жақсы жаңа-

лықты құлағы шалған сәттерде көңілі 

қуанышқа толатын. Міне, бүгін жерлестері 

оның жарқын бейнесіне құрмет көрсетіп, 

есімін қайта жаңғыртуда. Мен үшін бұл 

Қалекеңнің тіріліп келуімен тең болды. Әлі 

талай ұрпақ оның ескерткішіне көз салып, 

ақын жүрегімен табысқандай, сырласқан-

дай болады. Сіздерге Жаратқан разы бол-

сын! – деді жүрекжарды лебізін білдірген 

ақын ағамыздың өмірлік жары Зайда апай.

Ескерткіштің ашылу рәсімі сол күні С.

То райғыров атындағы Павлодар мемле-

кеттік университетінде өткен «Қалижан 

Бек қо жиннің  шығармашылығы  және 

қазіргі қазақ поэзиясы» атты республика-

лық ғылыми-тәжірибелік конферен ция-

сына ұласты. Оның пленарлық отырысында 

облыс әкімі Ерлан Арын, ҚР Президенті 

телерадиокешенінің бас директоры, ақын-

ның ұлы Ерлан Бекқожин, Қазақ станның 

Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы 

Тұрсынбек Кәкішұлы, Халықаралық 

«Алаш» сыйлығының лауреаты Ибрагим 

Исаев, Қазақстан Жазушылар одағының 

Батыс Қазақстан облыстық филиалының 

жетекшісі, ақын Ақұштап Бақтыгереева, ҚР 

Ұлттық мұражайының директоры Дархан 

Мыңбай, республикалық «Жұлдыз» жур-

налының бас редакторы Ұлықбек Есдәулет, 

ҚР Президенті баспасөз хат 

шы 


сының 

орынбасары, Ұлттық Ғылымдар акаде-

миясының коррес пондент-мүшесі Бауыр-

жан Омаров және шетелден келген 

қонақтар қатысты.

Конференция барысында ақынның 

қазақ әдебиетіндегі орны, өз заманындағы 

тұлғалық портреті, шығармашылығындағы 

халық тіршілігінің көріністері жайлы ой-

пікірлер айтылып, заманауи қазақ әдеби 

тілінің мәселелері қарастырылды.

Қалижан Бекқожиннің мерейтойына 

жиналған дүйім жұрт Павлодар қаласын-

дағы ақын атындағы №12 мектепке 

аялдап, мұндағы «Қалижантану» орталы-

ғы 


ның тыныс-тіршілігімен танысты. 

Сондай-ақ бұл күні Мәшһүр Жүсіп орталық 

мешітінде ақын рухына арналған ас 

беріліп, дұға бағышталды.

Бүгін мерейтой қонақтары ақынның 

кіндік қаны тамған жері – Баянауылдың 

Мойылды шатқалына да ат басын бұрды. 

Мұнда атақты жерлесіміздің есімін ұлықтау 

шаралары жалғасын тапты.

Қалижан Бекқожин – қазақ әдебиетін-

дегі алтын дәуірдің ұлы ақындарының 

тұяғы. Оны жай ғана жазушы, ақын деп 

білу аздық етеді. Оның мол мұрасы – 

халқының өмір айнасы, сөз өнерін 

сусындатар қайнар бұлағы. Қалижан 

Нұрғожаұлының туған жері – Кереку-Баян 

өлкесіндегі ұлық той ақын тұлғасына 

көрсетілген биік құрметтің бір шоғыры 



ғана.

Әбдіжәміл НҰРПЕЙІСОВ,

Қазақстанның Халық жазушысы:

Жұрт менің Арал теңізінің 

жағасында дүниеге келгенімді жақсы 

біледі. Мұны айтқан себебім – сіздер, 

павлодарлықтар, бақыттысыздар. Арал 

айдыны тарылғаннан бері біздің жер 

аппақ сорға айналды, жаздың күні 

Бетпақдалада шелегі даңғырлаған 

қыз-келіншектер ауыз шаяр су іздеп зар 

болса, сіздер ұлы Ертістің суына шөл 

қандырып, Баянтаудан ескен самал 

желге еркелеп жүресіздер. Әр аттаған 

он қадам сайын ұлы перзенттер дү-

ниеге келген, қызмет еткен киелі 

орындарға тап боласыз. Міне, бұл 

бақытты бағалай білу керек.

Тұрсынбек КӘКІШҰЛЫ, 

әдебиет зерттеушісі, ҚР еңбек сіңірген 

қайраткері:

– Кеше ғана Абылай ханның 300 

жылдығына арналған тойда болып 

қайттым. Қазақты бір бүтін еткен 

көрнекті саясаткердің мерейтойы 

көптің көңілінен шықты деп ойлаймын. 

Бүгінде Керекуге жол тартып, осы 

тарихи тұлғаның халық жадында 

сақталуына елеулі үлесін қосқан 

көрнекті азамат – Қалижан Бек қожин-

нің 100 жылдығына шақыру алдым. 

Осы екі тұлғаның мерейтойлары бүкіл 

қазақ даласын шаттыққа бөлегені өмір 

заңдылығы, тарихи әділдіктің орнағаны 

деп білемін. Сіздер Қалижан ақынның 

жерлестеріміз деп шаттансаңдар, біз 

қазақ поэзиясының қайталанбас өр 

тұлғасымен замандас болдық деп 

мақтанамыз. Қазақтың тойы көп 

болсын, ағайын!

Әсемгүл ҚАБДУАХИТ, 

Павлодар облысы

«Батыр ана» Украинадағы халықаралық 

телефестивальде үздік деп танылды

Қазақстанға «Шахнаменің» көне 

қыпшақ тіліндегі қолжазбасы келді

Украинаның Каменец-Подольский қаласында «Агросвет-2013» 

ХХ халықаралық телевизиялық фильмдер мен бағдарламалар 

фестивалінен қазақстандықтар олжалы қайтты.

Әлемдік әдебиеттің 

көрнекті өкілі, парсы-тәжік 

ақыны Фирдоусидің 

«Шахнаме» дастаны қыпшақ 

тілінде жазылғанын көпшілік 

жұрт біле бермейді. Күллі 

Дешті-Қыпшақ даласының 

тілі болғандықтан, Фирдоуси 

де осы тілдегі шығармасын 

мұраға қалдырған секілді. 

Өкінішке қарай, бүгінге 

дейін аталған шығарманың 

бір-ақ данасы жеткен екен. 

Тарихқа қатысты тың 

серпіліс аясында бұл жазба 

кітап болып бізге де жетіп 

отыр. 

Өнер бәсекесінде қазақстандық Батима 

Қабдолданованың «Батыр ана» авторлық 

бағдарламасы «Батыр өз арамызда» ата-

лымы бойынша бірінші орынды жеңіп 

алды.


1993 жылы Латвияда алғаш рет 

басталған бұл телефестивальге биыл Ук-

раинадан басқа Әзірбайжан, Болгария, 

Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қытай, Латвия 

мен Ресей елінен аграрлық салаға қалам 

тартып жүрген 45 журналист өз материал-

дарын ұсынған болатын. Украина ғылым 

академиясының академигі, Украина батыры 

Петр Саблук бастаған қазылар алқасының 

саралауына тоғыз мемлекеттен  127 жұмыс 

түсті. Бәрі екшеле келе, 13 аталым бойынша 

үздіктер анықталып, 13 жұмыс қазылардың 

арнайы дипломына ие болды.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ

ІЗ.ДЕН.ІС



Махамбет қашан толық зерттеледі?

Биыл – Махамбет 

Өтемісұлының туғанына – 

210 жыл. Осы атаулы күн 

Атырау аймағында сан түрлі 

мәдени шаралар арқылы 

көрініс тауып жатыр. 

«Тәуелсіздік жолындағы 

қайсар күрескер» атты 

конференция да – соның бір 

парасы. Облыстық мәдениет, 

мұрағаттар және құжаттама 

басқармасы мен тарихи-

өлкетану мұражайы, Индер 

аудандық мұражайы бірлесіп 

ұйымдастырған 

конференцияда ұлтының 

ары, ұрпақтың ұраны атанған 

Махамбет жайлы біраз тың 

деректердің беті ашылды. 

Өткір тіл мен өжет ойдың, өрліктің 

алдаспаны, дауылпаз ақын, дулығалы 

батыр Махамбет жайында ұзақ жылдар 

бойы зерттеп жүрген ғалым Амангелді 

Шам ғоновтың баяндамасы үлкен пікір-

талас тудырды. Амангелді Шамғонұлы – 

1991 жылы батыр бабамыз Исатай 

Тайманұлының туғанына 200 жыл толуына 

орай «Қазақфильм» студиясы түсірген 

«Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай» атты 

фильмге түсушілердің бірі. Ол дайындаған 

«Исатай Тайманұлы мен Махамбет 

Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көте ріліс 

(1836-1838 жылдар)» атты сызба карта 

ҚР Білім және ғылым министрлігі 

тарапынан қолдау тауып, мектептерде 

Қазақстан тарихы пәні бойынша көрнекті 

құрал ретінде пайдалануға ұсынылды. 

«Өткен жылы «Мектеп» баспасынан 

шыққан 8-сыныпқа арналған «Қазақстан 

тарихы» оқулығында Махамбеттің туған 

жылы 1803 жыл деп, ал «Атамұра» баспа-

сының оқулығында 1804 жыл деп көр-

сетіліп жүр, – деді ол. – Бұл аздай, мектеп 

түлектері ҰБТ-ға дайындалатын «Шың» 

баспасынан шыққан «Қазақстан тарихы» 

оқулығында 1803-1804 жылы туған деп 

қатар көрсетілген. Негізінде, Махамбет 

1803 жылы Нарын құмының шығыс 

бөлігіндегі Бекетай құмында дүниеге 

келген. Біз ұлы ақынның туған жері мен 

туған жылына байланысты осы тұжырым-

ның барлық оқулықтарға енгізілуін 

қалаймыз». 

Сондай-ақ конференция барысында 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау 

мемлекеттік университетінің профессоры 

Лесқали Бердіғожин, доцент Төлеген 

Жаңабаев, Жеңісбек Мұстафиндер ғылы-

ми ізденістерімен таныстырып өтті. Жазу-

шылар Одағы Атырау облыстық бөлім-

шесінің төрағасы Қойшығұл Жылқышиев 

бүгінгі тарихты зерттеп-зерделеуде 

кеңестік ізден ажырау керектігіне тоқталды. 

«Махамбет – ұлттың патриоттық ұраны, 

– деді Қойшығұл Өмірұлы, – Біздің 

тарихшыларымыз кеңестік дәуірдегі 

тарихқа жаңаша қарау керек деп 

санаймын. Кейбір орыс жазбаларында 

Махамбетті қарақшы, басбұзар ретінде 

көрсетеді. Орынбор мұрағатындағы 

материалдар осыған дәлел. Махамбеттің 

балалық, жастық шағы әлі дұрыс 

зерттелген жоқ. Атасы Құлмәлінің парсы 

жақтан кемемен адасып келіп қолға түсуі 

– күмәнді нәрсе. Махамбеттің Бөкей 

ханның грамотасын Сарайшықта отырып 

алды дегеніне де мен қарсымын. 1801 

жылы Бөкей хан патшаның келісімін алып, 

көшкенге дейін қазақтарға Жайыққа 

жақындауға рұқсат берілген жоқ. Ол кезде 

Сарайшықта казак-орыс жасағы тұрған. 

Осындай жағдайда Бөкейдің Сарайшықта 

жалғыз үй отырып, патшадан хандық 

грамотаны күтуі қисынға келмейді. 

Халықтың айтуынша, ол Индердің 

Сарытоғай деген жерінде отырған. Сол 

секілді, Махамбеттің Баймағамбетке 

айтқан «Хан емессің, қасқырсың, қас 

албасты басқырсың» деген сөзі Жәңгірге 

арналған деп жаңсақ айтылып жүр. Жәңгір 

мен Махамбеттің атысып-шабысатыны 

туралы оны зерттеген Халел Досмұхамбетов 

те, Ығылман Шөреков те жазбаған. Міне, 

осындай өлке тарихының беймәлім 

тұстарын ашуымыз керек». 

Конференциядан соң Индер аудандық 

мұражайы дайындаған «Дауылпаз ақын, 

ақберен батыр» атты көрме таныстырылды, 

Махамбет атындағы мектепте жаңа 

экспозиция ашылды. 



 Атырау

МЕРЕЙ


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 2.07 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет