АҢдатпа дедім-ай, ау! -бетте



жүктеу 2.07 Mb.
Pdf просмотр
бет7/18
Дата16.02.2017
өлшемі2.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

ТҮЙІНТҮЙІН

Нұрғ


иса ЕЛЕУБЕКО

В (ф


ото

)


№179 (1090) 

11.10.2013 жыл, 

жұма


www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

НАРЫҚ


 

«Б» корпусына қалай тіркеледі?

Бастықтарды жазаға тартатын заң

Биржалардың басын қосу – бүгін шық-

қан жаңалық емес. Әлемдік биржаларды 

біріктіру үрдісі ХХ-ХХІ ғасыр аралығында 

шыққан болатын. 2000 жылы Амстердам, 

Брюссель және Париж қор биржаларының 

бірігуі нәтижесінде еуропалық Euronext 

бир жасы құрылды. 2002 жылы Euronext-

ке Лондон халықаралық биржасы (LIFFE) 

және Португалия биржасы қосылды. 2003 

жылы Стокгольм мен Хельсинки қор бир-

жа 


ларының қосылуынан ОМХАВ элек-

трон ды биржасы пайда болды. Екі жылдан 

кейін оған Копенгаген қор биржасы енді. 

Қысқасы, айта берсе мысал көп. 

Сонда неліктен биржа атаулы бірігуге 

ұмтылады? 

Кезінде әлемдік биржалардың бірігу 

себебін іздеген мамандар мынадай ортақ 

тұжырымға келген еді: құнды қағаздар кө-

ле мінің өсуіне қоса, биржалар шығынын 

азай тып, сауда жүргізудің бірлескен тәжі-

ри бесін пайдалануды көздейді. Ал Кеден 

одағындағы қор биржаларын біріктіру 

идеясының ар жағында не тұр? 

Бұлай дейтініміз, Кеден одағына мүше 

елдердің бірыңғай қор биржасы 2014-

2016 жылдары құрылуы мүмкін деген сөз 

бар. «Альпари» компаниясының сарапта-

ма департаменті директорының орынба-

сары Дарья Желаннованың айтуынша, 

бир жалық сауда жүйесін ұйымдастыру ба-

Қор биржаларын біріктіру 

идеясы тиімді бола ма?

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ

ғы тындағы жұмыстар қазірдің өзінде жүр-

гізіліп жатыр. 

Нақты айтқанда, Бірыңғай экономика-

лық кеңістіктегі ортақ биржалық ереже лер-

ді үйлестіру жұмысы қолға алынған. Ал ай-

да әр елдегі қор биржасының мүмкін дігі 

мен мемлекеттік реттеу өзгешеліктеріне 

бай ланысты халықаралық биржалық ын-

ты мақтастыққа қол жеткіздік деуге әлі ерте. 

Дегенмен биылғы жылғы қаңтарда 

БЭК елдерінің банк-резиденттерін валюта 

нарықтарына жіберуге және саудаға қосу-

ға арналған өзара Жол картасы әзірленген. 

Ал ақпан айында БЭК ішінде ұлттық валю-

талардың биржалық саудасы жолға қо-

йылды. Былайша айтқанда, мүше елдердің 

интеграцияланған биржа-валюталық сау-

дасы жүргізіле бастады. Бұл одақтағы банк-

резиденттердің бір-бірінің қаржы нары-

ғына шығуына теңдей шарттарды қамта-

масыз етеді. 

Ақтау халықаралық 

деңгейге шықты

САММИТ


Ақтау қаласы «Біріккен қалалар мен жергілікті билік» 

бүкіләлемдік конгресіне мүше болды. Дүниежүзіндегі 136 

мемлекеттің 3 мыңнан астам шаһарын біріктірген бұл одақ қалалар 

деңгейіндегі ең беделді де үлкен ұйым саналады. Осылайша Ақтау 

да әлемдік қалалар қауымдастығына кіріп отыр. Ұйым құрылғалы 

бері оның құрылтайлық саммиті үш жылда бір рет қана өтеді. Бұған 

дейін басқосу 2004 жылы Парижде, 2007 жылы Чеджуда (Оңтүстік 

Корея), 2010 жылы Мехикода өткен болса, бұл жолы қала басшы-

лары Марокконың астанасы Рабат қаласына жиналды. Қазақстан 

атынан саммитке Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин 

де қатысты. Конгресте ақтаулық делегацияға ерекше құрмет 

көрсетіліп, қала әкімі ұйымның Атқарушы бюросының құрамына 

қабылданды.

Әлем қалаларының саммиті Рабатта 

өтуі тегін емес. Марокко астанасы – ЮНЕС-

КО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енген 

тарихи қала. Кезінде араб мәдениеті мен 

ғылымын Жер шарына паш еткен орталық. 

Бұл қаланың аты арабтың «жиналу» деген 

сөзінен шыққан екен. Кезінде ислам дінін 

тарату үшін арабтар осы жерде бас қосып, 

қол жиған. 

Саммитке әлемнің 3000 қаласынан 

3700 делегат қатысты. Басқосуда, негізі-

нен, қалалар арасындағы ынтымақтастық-

ты жол ға қою, қала тұрғындарына қолай-

лы жағ 

дай жасау бағытында тәжірибе 



алмасу мәселелері сөз болды. Бір қызығы, 

дамы ған қалалардың мэрлері денсаулық 

сақ тау, білім беру, тұрғындар үшін қолже-

тім ді баспана салу, халықтың демалысына, 

бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы жағ-

дай жасау сынды мәселелерді қозғады. Ал 

енді дамып келе жатқан шаһар басшы-

ларын экологиялық ахуал мен жол қауіп-

сіздігі, халықты азық-түлікпен қамтамасыз 

ету және коммунальдық қызмет көбірек 

тол ғандырады  екен.

«Біздің мақсатымыз да – осы. Біз 

осын дай басқосуларда проблемалары-

мыз ды талқылап, тәжірибе алмасуға тиіс-

піз. Мы салы, кеше ғана Токио, Стамбул 

сияқты алып мегаполистер бетпе-бет кел-

ген қи ын шылықтарды шағын қалалар не-

ге қай талауы тиіс. Одан да осындай жи ын-

дарда оны болдырмаудың жолын сұ рап, 

проб леманы алдын ала шешкені дұ рыс 

емес пе? Ал, жалпы, Жер шарын ур ба ни-

зация, яғ ни халықтың қалаларға қа лай 

ағылу процесі жау лап алды. Біз бұдан еш-

қайда қаша ал маймыз. Қалалар дың бү гін 

бас тарынан  өт ке ріп  отырған  қи ын шы-

лықтары болашақта бүкіл әлем нің бас 

ауруына ай налады. Се бебі көп ұза май-ақ 

адамзат тың басым бөлігі қала ларға шо-

ғыр ланады. Сондықтан біз бүгін тек қа ла-

лардың ғана емес, бүкіл әлемнің мә се ле-

лесін шешіп жатырмыз», – деді өз сөзінде 

БҰҰ Хабитат ұйымының өкілі Аиша 

Кираба. 

Осы саммитте, сонымен қатар үлкен қа-

ла лардың адамдардың емес, техниканың 

мекені болып бара жатқаны да айтылды. 

Мы салы,  қазір  Штутгарт  қаласында  бала-

лар дың санынан автокөліктердің саны төрт 

есе көп болып кеткен. Барлық мегаполис-

тер үшін көлік кептелісі деген үйреншікті 

көрініске айналып отыр. 

Ерекше атап өтетін нәрсе – бұл ұйым-

ның президенті бауырлас Түркиядағы 

Стам бул қаласының мэрі Қадір Топбаш 

бо лып табылады. Яғни ол – әлемдегі бар-

лық қала жетекшілерінің көшбасшысы. Қа-

зақстаннан келген делегацияға ол кісі 

ерек ше ықылас көрсетті. Басқа 3 мың мэр 

тұр ғанда  Еділ  Жаңбыршинді  бөлек  шақы-

рып тілдесті, тек қазақстандық журналис-

терге ғана сұхбат берді. 

«Мен Астана мен Алматыда бірнеше 

рет болдым. Бауырлас елдің әрбір жетіс ті-

гіне қуанып отырамыз. Ақтаудың біздің 

ұй ым ға мүше болуы осындай жетістіктердің 

бірі деп ойлаймын. Яғни енді Ақтау да ха-

лық аралық  аренаға  шықты.  Менің  тәжі ри-

беме сеніңіздер, мұндай кездесулерден 

сіздердің алар пайдаларыңыз көп болады. 

Себебі үлкен мегаполис болып отырған 

Стамбулдың өзінде біз осында айтылған 

тәжірибелердің біршамасын пайдалану-

дамыз», – деді Қадір Топбаш. 

Ақтаулық делегация болса, осы саммит 

аясында Волгоград мэрімен қалалар ара-

сында бауырластық орнату мәселесін де 

шеш ті. Сондай-ақ ұйымның қолдауымен 

Ақтауда Еуразия қалаларының бүкіләлем-

дік мұралары атты конференция өткізу мә-

селесін де шешті. Ал жиын соңында Стам-

бул мэрі Қадір Топбаш ұйым Президент-

тігіне қайта сайланса, 2016 жылғы келесі 

сам митті  өткізу  құқын  Колумбияның  Баго-

та қаласы жеңіп алды. 



Ахмет КӘРІМ,

Марокко-Ақтау

Өзбекстанда энергия қуатын тиімді, үнемдеп пайдалану мақсатында лауазымды 

тұлғаларға әкімшілік жаза қолдану туралы жаңа заң нормаларын қарастырып қойыпты. 

Ол қандай жаза?

Расул КЕНЖЕҰЛЫ, Оңтүстік Қазақстан облысы

Рас, бұдан былай энергия қуатын ысырап 

қылған мемлекеттік қызметкерлерге ірі көлемде 

айыппұл салу туралы Кодекске өзгертулер мен 

толықтырулар енгізілген. Жылу және энергия 

қуатын үнемдеп пайдаланбай тын дарға алды-

мен ескерту жасалады. Егер ережені екінші рет 

бұзса, онда 500-1000 АҚШ доллары көлемінде 

айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Айта кете-

йік, мұндай әкімшілік жауапкершілікке тар-

тыла тын  тікелей тұлға – жылу және энергия қуа-

тын шамадан тыс қолданған кәсіпорынның бас-

шылығы.

Қазіргі кезде ТМД 

елдерінің қор нарығы 

дамудың әртүрлі 

сатысында. Ресей, Украина 

және Қазақстанның 

қор нарығы анағұрлым 

дамығандар қатарында 

болса, Түрікменстан мен 

Тәжікстанда қор нарығы 

мүлде жоқ дерлік. Бірақ 

ТМД елдері арасындағы 

биржа алаңдарының 

бірігуі қазіргі кезде 

келешегі бар жоба ретінде 

қарастырылады.

Ресейлік сарапшы Антон Сороко «әзір-

ге бірлескен биржа туралы сөз қозғауға 

ер те» деген пікірде. «Егер де қандай да бір 

бірлескен алаң жайында айтар болсақ, ол 

қазір жұмыс істеп тұрған алаңның негізінде 

құрылуы қажет. Мұндай жағдайда, менің 

ойымша, таңдау Мәскеу биржасына түсуі 

тиіс. Себебі Кеден одағы аймағында ең ірі 

биржа – соның өзі. Біздің болжам бойын-

ша Мәскеудің қор биржасы таза пайдасын 

15-20 пайызға арттыра алады. Әрі тұрақ-

ты түрде таңсық өнімдер пайда болып оты-

рады, ал бұл инвесторлардың белсен ді-

лігін ынталандырады» дейді ол. 

Сороконың айтуынша, Қазақстан, Бе-

ларусь және Ресейдің сауда алаңдарын-

дағы өтімділікке мемлекеттік активтерді 

жекешелендіру бағдарламалары түрткі 

бола алады. Өйткені дәл осылар батыс 

инвесторлары үшін тартымды. Сарапшы-

ның ойынша, қазақстандық активтерді та-

ны мал етудің бір жолы – МОЕХ (Мәскеу 

қор биржасы) пен KASE-де (Қазақстан қор 

биржасы) қос листинг рәсімін жүргізу. 

Осы лайша  қазақстандық  активтерге  Мәс-

кеу биржасының қызметін пайдаланатын 

инвесторлар да оңай қол жеткізе алар еді. 

Бұл өз кезегінде осы елге келетін шетелдік 

капитал ағымын арттырады. 

Айта кету керек, Кеден одағы шең-

берінде біртұтас қор биржасын құру – 

Ресей тарапынан айтылған ұсыныс. Алай-

да бұл әлі ресми сипатқа ие болған жоқ. 

Мұндай ортақ биржа құрыла қалған жағ-

дайда ресейлік алаңның негізгі биржа рө-

лі не ие болатыны күмән тудырмайды. 

Мәселен, инвестициялар рентабель-

ділігін зерттеу агенттігінің аға сарапшысы 

Жаннұр Әшіғали «Біздің еліміздің өз алаңы 

негізінде ортақ биржа құруға мүмкіндігі 

аз. Біріншіден, сауда көлемі жағынан Қа-

зақ стандық қор биржасы (KASE) ресейлік 

биржаға ілесе алмайды. Екіншіден, тұтас 

ал ғанда, терістік көршіміздің қор нарығы 

анағұрлым серпінді дамыған» дейді. 

Біздің сарапшының айтуынша, Кеден 

одағының өзі эмитенттердің санын көбей-

туге ықпал етпейді. «Меніңше, Кеден ода-

ғы аясында басқа алаңдар эмитенттерді 

өзіне тарта алмайды. Өйткені бұл нарық 

онсыз да мобильді. Ал эмитенттер қорлан-

дыру үшін қай кезде де Кеден одағы шең-

берінен шыға алады және осылай болып 

та жатыр. Алайда келешекте бірігу әрекеті 

жасалатын болса, Қазақстанға өз қор на-

ры ғының  тәуелсіз  инфрақұрылымын  қол-

дап, реттеу құзырын бекітіп алғаны дұрыс 

бо лар еді. Керісінше, жағдайда тәуекел қау-

пі арта түседі», – дейді Жаннұр Әшіғали. 

Оның үстіне, егер де Кеден одағы идея сы 

биржаға да қатысты болса, бұл жай ға на Ке-

ден одағы емес, толық жұтылу бол мақ. Ал ол 

экономикалық тәуелсіздікке қа уіп төнді реді. 

МӘСЕЛЕ

«Балық тапшылығының себебі – бір 



емес, бірнешеу» дейді мамандар. Климат-

тық өзгерістерге байланысты ел аумағы 

шө лейттеніп барады. Яғни ірі өзендер тар-

тылып, шағындары мүлде жойылу үстін де. 

Тағы бір себеп – трансшекаралық су ай-

дындарының ауыр ахуалы. Аспанасты 

елінде Ертістің алқымынан алушылар көп. 

Өзбектер Сырдың суын аяусыз пайда ла-

нуда. Ресейден басталатын Жайықтың да 

жайы сондай. Жайық-Каспий бассейндік 

инс пекциясының басшысы Бисен Қуанов-

тың айтуынша, Қазақстан-Ресей бірлескен 

комиссиясының өткен жылғы шешіміне 

сай Жайық өзені бассейніне келген су көзі-

нің мөлшері – 0,82-0,89 текше шақырым. 

Бұл бекітілген талаптан екі есеге аз.



Бисен ҚУАНОВ, Жайық-Каспий 

бассейндік инспекциясының басшысы: 

– Негізі, 2008 жылдан бері Жайық 

өзе нінде су көлемі қатты азая бастады. 

Өткен ғасырдың 90-ыншы жылдарымен 

са лыстыр ғанда су жиналу көлемі екі есе-

ге дейін кеміді. Көлдіктер мен тоғайларға 

су мүлде шықпайтын болды. Нәтижесін-

де ағаштар қурады, қуаңшылық күшей-

ді. Балық шар уа шылығы үшін де бұл 

үлкен проблемаға айналып тұр. Комис-

сия ның отырысы бір не ше рет өтті. Бірақ 

Ресей жағы «бізде басы артық су жоқ» 

деуінен танар емес. Се бебі Жайық бо-

йын дағы Ириклин су қоймасы бүкіл суды 

өзіне қотарып алады да, Қазақстан 

жағы на қарай су жетпей қа лады. Біздің 

ендігі талабымыз – осы су қой масына су 

жинау және су жіберу тәртібі қай тадан 

қаралып, екі жаққа да тиімді шешім 

алынуы тиіс. Әйтпесе таяқтың екі ұшы 

бар. Экологиялық апат орын алса, одан 

Ресей жағы да зардап шегетіні сөзсіз.

Егер су ресурстарын пайдаланудың 

жә 

не басқарудың тиімділігі артпайтын 



болса, онда су тапшылығы күшейіп, рес-

пуб ликадағы сегіз су бассейнінің алтауы 

2020 жылға қарай едәуір кемуі мүмкін. 

Оны болдырмау үшін ҚР Экология ми-

нистр лігі су ресурстарын басқару жөніндегі 

мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуде. Ол 

сәтті жүзеге асса, 2050 жылға қарай Қа-

зақ станда су ресурстарына байланысты 

барлық проблемалар шешілуі тиіс. Биыл 

Нұра, Елек өзендерін тазарту бойынша 

жо ба лар жалғасуда. Сонымен қатар ел-

дегі барлық су тоғандарын тазалау, жаңа 

суқоймаларын салу жұмысы да бір тіндеп 

шешімін таба бастамақ.



БАЛЫҚҚА ДА БАП ҚАЖЕТ

Алдағы уақытта елдегі балық қорын 

молайту үшін Каспий теңізінде бекіре тұ-

қым дас балықтарды аулауға бесжақты 

мо раторий енгізу мәселесі талқылануда. 

Қазақстан өз тарапынан ондай тыйымды 

қабылдады. Сонымен қатар жыл сайын 

мем лекеттік кәсіпорындар республиканың 

өзен-көлдеріне 158 млн дана құнды ба-

лық шабақтарын жіберуде. «Жасыл» эко-

номикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы 

іске асыру шеңберінде 2020 жылға дейінгі 

балық шаруашылығын дамыту бағдарла-

масы әзірленбек. 

«Келешек тауарлы балық өсіруде» 

дейді мамандар. Мысалы, 2012 жылы біз-

де 300 тонна тауарлық балық өсірілсе, 

2025 жылға дейін оның мөлшерін жылына 

50 мың тоннаға жеткізу жоспарланған. 

Кү ні бүгін Балық шаруашылығы комитеті-

нің қарамағында жеті республикалық 

мем лекеттік-қазынашылық  кәсіпорын 

жұмыс істеуде. Олар: Атырау бекіре өсіру 

зауыты, Жайық-Атырау бекіре балық за-

уы ты, Қапшағай уылдырық шашу-өсіру 

шаруашылығы, Қамыстыбас балық пи-

том 

нигі, Петропавл балық питомнигі, 



Май балық балық питомнигі және Қазақ 

өндірістік-акклиматизациялық стансысы. 

Бұл кәсіпорындар жыл сайын еліміздің су 

айдындарына сазан, бекіре, албырт, тұқы 

секілді құнды балық түрлерін жіберуде. 

Сондай-ақ жеке кәсіпорындар да ортақ 

іске үлес қосуда. 

Атырау облыстық Ауыл шаруашылығы 

басқармасы басшысының орынбасары 

Ер 


болат Қадымовтың айтуынша, 2013 

жылы облыстағы балық аулау кәсіпорын-

дары 180 млн теңгені игермек. «Облыста-

ғы балық аулау шаруашылықтары үлкен 

әлеуметтік-экономикалық мәнге ие. Өз-

деріңіз білесіздер, Каспий теңізі, Орал мен 

Қиғаш өзендері еліміздегі балық аулана-

тын негізгі су көздері болып табылады. 

Атырау облысында балық өнімдерінің 

жартысынан астамы өндіріледі. Жылдық 

орташа балық аулау көлемі шамамен 13-

17 мың тоннаны құрайды. Жеті балық 

аулау кәсіпорны сапа менеджменті жүйе-

сін енгізді. «Амангелді» өндірістік коопера-

ти ві өткен жылы еуронөмір алды, бұл оған 

өзі өндірген өнімін Еуропалық одақ ел-

деріне тікелей өткізуге мүмкіндік береді. 

Облыста екі бекіре зауыты бар, онда ба-

лық тың осы түрін сақтап қалу мақсатында 

жылына 7 млн жас бекіре өсіріліп, Каспий 

теңізіне жіберіледі. Бүгінгі күні балық шар-

уашылығына едәуір инвестиция тарты-

луда, биыл да жоспардағы 180 млн тең-

геден астам қаржыны игереміз деп отыр-

мыз», – деді Е. Қадымов.

Хисмет ЕСМҰХАНОВ, Қазақ балық 

шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 

ихтиология зертханасының меңгерушісі: 

– Балық шаруашылығын дамыту 

үшін әуелі су керек. Содан соң балығы 

бар өзен-көлдерге қамқорлық жасалуы 

тиіс. Қазір елдің бәрі балығы бар көл-

дер ге ықыласты. Бірақ оны мемлекетке 

салығын төлеп отыратын адамдар ала-

ды. Дегенмен кейде осы салада заң 

бұзу 

шылықтар кездесіп жатыр. Олай 

болмас үшін жұмысты мықтап ұйымдас-

ты рып, қадағалауды босаңсытпау керек.

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, 

Орал

Дәрігерлердің есебін-

ше, адам жылына 14 келі 

балық жеуі тиіс екен. Біздің 

жеп отырғанымыз бес-ақ 

келі. 80 мыңнан аса өзені, 

50 мыңға жуық көлі бар 

Қазақстанда сенсеңіз де, 

сен бесеңіз де балық тап-

шы. Бекіресі тайдай тула-

ған Жайық, шортаны шор-

шыған Алакөл, ақ ша бақ-

тың айдыны ерке Ертісте 

бұрынғыдай дәурен жоқ. 

1990 жылы елімізде 

80 мың тонна балық аулан-

са, қазіргі жағдай 20 мың-

ның төңірегіне күрт кеміп 

кетті. Тұрғындарды балық 

өнімдерімен толық қамту 

үшін жылына 230 мың тонна 

балық аулау қажет. Ол бізге 

әзірге арман болғандықтан, 

импорт қа тәуелдіміз. Балық 

өні мі бізге дүниенің төрт 

бұры шынан әкелінеді. Ба-

сым бөлігін Ресей, Норвегия 

мен Қытай береді. Мысалы, 

2012 жылы Ресейден 

10 мың тонна, Норвегиядан 

25 мың тонна, Қытайдан 

3 мың тонна балық өнімі 

импортталған.

Балыққа да бап керек

Тестілеуге қажетті құжаттар тізімі:

1. Нысандағы өтініш;

2. Бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелері (салыс-

тыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нота-

риат та  куәландырылған);

3. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі 

(салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда 

нотариатта куәландырылған);

4. ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың 

көшірмесі.

Егер азамат еңбек қызметін атқармаған болса 

немесе оның өтінішінде көрсетілген лауазым санаты 

бойынша жұмыс өтілі талап етілмесе, осы тармақ-

тың 3-тармақ шасында көрсетілген құжатты ұсыну 

та лап  етілмейді.

* қосымшасымен диплом («Болашақ» бағдарла-

масының бітірушілері нотариатта куәландырылған 

орыс немесе мемлекеттік тілге аударылған дипломды, 

сон дай-ақ «Халықаралық бағдарламалардың орта-

лы ғы» АҚ-ның анықтамасын тапсырады).

Мемлекеттiк әкiмшiлiк бос лауазымына ор-

наласуға конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құ-

жаттар:


1. Нысанға сәйкес өтініш;

2. 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толты-

рылған сауалнама; 

«Б» корпусының лауазымдарын алу үшін тестілеуге және мемлекеттiк әкiмшiлiк бос 

лауазымына орналасу үшін конкурсқа қандай құжаттар тізімі керек? 

Айгүл МЫҢЖАСАРОВА, Астана қаласы

3. Бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәлан-

ды рылған  көшiрмелерi; 

4. Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариал-

дық куәландырылған көшiрмесi; 

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ми-

нистрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұй ры-

ғымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нор ма-

тивтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жы лы 21 

желтоқсанда №6697 болып тіркелген) ны сан дағы 

ден саулығы туралы анықтама; 

6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке 

куәлігінің көшірмесі;

7. Құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен 

белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тесті-

леуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған жә не 

конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұ мыс өтілі 

талап етілмейтін жағдайларда осы тармақтың 4-тармақ-

шасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Мұндай жоғары көрсеткіш бұған дейін 

өңірімізде тіркелмеген көрінеді. Шаруашы-

лықтың бас көкөніс өсірушісі Тамара Ош-

ла кова аталған жетістікке жету үшін көп 

жыл дар аянбай тер төккендерін айтады. 

Өсіру технологиясы, сапалы тұқым мұқият 

таңдалыпты. «Дайтон» деп аталатын тұ қым-

ды таңдағанда ғана осындай нәтижеге қол 

жеткен.


Тамара ОШЛАКОВА, «Екімбаев» шаруа 

қожалығының бас көкөніс өсірушісі: 

– Биыл көктем күрделі болып, өс-

кін дер жетілгенше қатты алаңдадық. 

Олар көтерілмейінше, суаруға бол май-

ды ғой. Суықта бірден өсіп кете алған 

жоқ. Күн жылынып, жерден едәуір кө-

те 

ріл 

гесін ғана суаруды бастадық. 

Биыл бұған дейін қол жетпеген мол 

өнім алсақ та, әлі де көңілім толмай ты-

нын жасыра алмаймын. Бұдан да 

жоғары жетістікке жетуге болар еді. 

Келер жылы барынша тырысатын 

боламыз.

Азамат ҚАСЫМ, 

Өскемен

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 2.07 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет