өткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады;
оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар;
Эвристикалық шығармашылық деңгей:
танымдық ізденім түріндегі тапсырмаларды орындау барысында жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек;
өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтерді диаграмма, графиктер салу арқылы жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар;
оқушыларды белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың икемділігін байқататын дүние жасап шығуы негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару);
олимпиада есептерін шығару;
берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау. Демек бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
1-деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға қалау бойынша 2,3-деңгейлік тапсырмаларды орындау тапсырылады. Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына және дәстүрлі оқытудағы келесі проблемаларының шешілуіне жақсы жағдай жасалады. Олар:
әр оқушының барлық пән бойынша толық үлгеруіне кепілдік алуы;
оқушының «екі алып қалу», «үлгермей қалу» үрейінің жойылуы;