АҢдатпа қазақ роман-эссе жанрының қалыптасу тарихы, оны оқытудың даралық-дәстүрлік ұстанымдары



жүктеу 70.14 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.02.2017
өлшемі70.14 Kb.

Балтабаева Наргиза Смаиловнаның  

6D011700-Қaзaқ  тілі  мен әдебиеті мамандығы бойынша философия 

докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясына  

 

АҢДАТПА 

 

Қазақ роман-эссе жанрының қалыптасу тарихы, оны оқытудың 



даралық-дәстүрлік ұстанымдары 

Бүкіләлемдік  әдебиеттану  ғылымында  жанр  типологиясының  ӛзгеріске 

түсіп, үнемі жаңарып, жаңғырып отыруы заңды құбылыс болса, бұл арнаның 

қайта  бағамдалу  мәселесі    де  толастамайтын  үрдіс.  Әсіресе  бұл  эссе 

жанрымен  трансформацияланған  шығарма  түрлерінен  анық  байқалады. 

Сондықтан  да  роман-эссенің  табиғатын  ашу  үшін  алдымен  оның  жанрлық 

сипатына  және  эссе  жанрының  ӛзіне  тоқталуға  тура  келеді.  Ӛйткені 

романның  зерттелу  тарихына  қарағанда  қазақ  эссеистикасы  туралы 

толыққанды зерттеулерді кездестіре алмадық.   

Әдетте жанр мәселесіне келгенде даулы пікірлер кӛп. Әдебиет теориясы 

туралы  еңбектердің  негізгі  кӛпшілігінде  әдебиеттің  тегі  –  жанр,  ал  әдеби 

шығарма  –  жанрлық  түр  деп  тұжырымдалады.  Бұл  күнге  дейін  терең  және 

тиянақты әр түрлі зерттеулер жүргізілгенімен, әлі де болса кӛптеген сұрақтар 

мен  шешілмеген  мәселелер  бар  екені  даусыз.  Осы  уақытқа  дейін  жанрлар 

табиғаты, олардың жіктелуі, шығарма параметрлері туралы таластар толастар 

емес.  Сондықтан да жанр проблемаларын бар қырынан ашып кӛрсетпей-ақ, 

эссе  жанрының  генезисі  мен  типологиясын  айқындау  арқылы  жанр 

теориясын бірнеше аспектіде қарастырғанды жӛн санадық.  

ХХ  ғасыр  әдебиеттануында  әдебиеттің  жанрлық  жағынан  дамуын 

талдап,  тану  үшін  классикалық  эстетика  қалыптастырған  жанрлық 

детерминациялану теориясын  негізгі әрі басты бағыт етіп ұстау қажет деген 

ұстаным  қалыптасқан.  Бүгінгі  жанрлық  даму  теориялары  қандай 

ӛзгешеліктермен  ерекшеленсе  де,  олардың  барлығы  жанрдың  «әлемдік 

жағдаймен»  және дәуірлік санамен байланысы мәселесіне келіп тіреледі. Бұл 

жағдай  табиғаты  жағынан  әр  түрлі  жанрлық  теорияларды,  әсіресе 

жанрологиядағы  тарихи  (историзм)  және  салыстырмалы-типологиялық 

бағыттарды жақындату мүмкіндігін айқындап береді.  

 Әдебиет жанрларының жиынтығы белгілі бір жүйені құрайды және бұл 

жүйе  тарихи  дәуірлер  сипатына  қарай  әр  түрлі  болып  келеді.  Егер 

типологиялық  жағынан  қарастыру жанрдың тұрақтылығын әйгілесе, тарихи 

тұрғыдан  қарастыру  жанрдың  ӛзгермелілігін айқындайды да жанрдың даму 

тәртібі  бұзылады.  Жанрлық  жүйенің  «әлем  жағдайы»  мен  санаға  тәуелділігі 

туралы  жалпы  пікір  бұл  екі  тәсіл  бойынша  олардың  белгілі  бір  мӛлшерде 

байланысып  кететін  айқындайды.  Бірақ,  типологиялық  концептіде  ол  бӛліп 

алынып және жалпылай қарастырылса, екінші концептіде жанрды белгілі бір 

тарихи  кезеңнің  жанрлар  жүйесіне  қатыстырып  қарастыруды  мақсат  ететін 

тарихи категория ретінде түсіндіруде бұл байланыс нақты алынған кезеңмен 

шектелген. 



Эссе  жанры  кеңес  әдебиетінде  тамырын  терең  жая  қойған  жоқ.  Керек 

десеңіз, оны ӛміршең құбылыс деп санамау да орын алған еді. Ал, батыстық 

әдебиетте, әсіресе ағылшын-американдық және латынамерикандық әдебиетте 

ӛте танымал, әрі оқырман сұранысына ие болды. Десе де, кеңестік кезеңдегі 

қазақ  әдебиетінде  «мемуар»,  «очерк»  деген  атаулармен  телініп  жазылса  да, 

бұл жанрда біршама шығармалар бар. Мысалы:

 

Сәкен Сейфулиннің «Тар жол 



тайғақ  кешу»,  Сәбит  Мұқановтің  «Ӛмір  мектебі»,  Ғабиден  Мұстафиннің 

«Ӛмір  белестері»  т.б.    сияқты  шығармаларды  атауға  болады.  Бұлардың 

барлығы  кең  кӛлемдегі  ғұмырбаяндық  роман  жанрының  алғашқы  негізі 

болып  саналады.  Ал  эссе  деген  атпен  нақтылы  жазылған  шығармалар 

қатарына  ең  алдымен  Оралхан  Бӛкейдің  «Ел  мен  жер»  (1975ж.)  атты  эссесі 

жатады.  



Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі.  Қазіргі  әдебиеттің  даму  бағдары 

әдебиеттану ғылымының алдына күрделі міндеттер қойып отыр. Соның бірі  – 

әдебиеттегі  роман-эссе  жанрының  қалыптасу  тарихы,  оның  кӛркемдік-

идеялық  қызметі  мен  оны  оқытудағы  даралық,  дәстүрлік  ұстанымдар. 

Романда  шығарманың  сюжеті  характерлер  дамуының  қисынынан, 

кейіпкерлердің  ӛзара  қарым-қатынасынан  туындаса,  эсседе  сюжет  түйсікке 

негізделеді.  Бұған  еркін  форма  –  шексіздік  тән. Міне осы сипат роман және 

эссенің  тұтасуына,  бір  жанрға  айналуына,  оның  жеке  жанр  ретінде 

оқшаулануына алып келді.  

  Әдебиеттегі  роман  туралы  да,  эссеистика  туралы  да  алғашқы 

пайымдаулар  әлемдік  әдебиеттануда  ӛзінің  бастауын  белгілі  бір  кезеңнен 

алады.  Мұны  романның  да,  эссенің  де  еуропалық  Ренессанс  –  қайта  ӛрлеу 

дәуірінде (ХV ғасыр) туып, қатар дамып отырғанынан кӛруге болады. 

Роман-эссе  жанрын  қазіргі  әдебиеттің  арқауында  қарастыру  –  қазақ 

әдебиеттануында  қолға  алынбаған  тың  мәселе.  Ұлттық  әдебиетіміздегі 

роман-эссенің  алғашқы  негізін  айқындау,  қай  кезеңнен бастау алатындығын 

дәлелдеу,  оның  поэтикалық  құрылымы  мен  ӛзіндік  қырларын,  кӛркемдік 

деңгейін саралау әдебиеттану үшін аса қажет. Осы тұрғыдан алғанда әлемдік 

әдебиеттанудағы  роман  мен  эссенің  ара  қатынасы  мәселесімен  байланысты 

қарастыра  отырып,  роман-эссенің  жеке  жанр  ретіндегі  ӛзіндік  ерекшелігін 

ашу,  ұлттық  әдебиетіміздегі  даму  сипатын  зерделеу  тақырыптың  ӛзектілігін 

айғақтайды.  

Кеңес  ӛкіметі  тұсында роман-эссе туралы түсінік болған жоқ, тіпті эссе 

жанрының  ӛзі  де  толық  мойындалмай  келді.  ХХ  ғасырдың  басында  бұл 

жанрдың  теориялық  аспектілерін  зерттеу  бастамасы  «Айқап»  журналында 

кӛрінгенмен,  бірақ  кеңес  әдебиетінің  топырағына  толық  орнықпады.  Орыс 

әдебиеті  зерттеушілерінің  бұл  мәселеге  назар  салуы  ХІХ  ғасырдың  аяқ 

шенінен  басталса,  қазақ  әдебиетінде  кӛркемдік  жанрдың  үлкен  бір  арнасын 

қалыптастырған  эссеистика  ХХ  ғасырдың  соңынан  яғни  тәуелсіздік  алған 

жылдардан  бастап  қана  тікелей  қолға  алына  бастады.  Ал  содан  бері  қазақ 

роман-эссесін арнайы қарастырған зерттеу жұмысы мүлде жазылмаған екен.  

Роман-эссенің  қалыптасу  және  даму  тарихын  зерделеуге  арналған  бұл 

еңбекте  осы  жанрдың  кӛркемдік  мәтіндегі  тұтастай  кӛрінуін  тек 


шығармашылық  даралық  шеңберде  ғана  емес,  оқытудың  мәдени-әдеби 

дәстүрде әрекет ететін құбылыс ретінде қарастырамыз.  



Зерттеудің  мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың басты мақсаты – 

ұлттық  әдебиетіміздегі  роман-эссенің  қалыптасу  және  даму  тарихын  жан-

жақты  кӛрсетіп,  роман  мен  эссенің  ӛзара  байланысын  анықтау  арқылы 

жанрлық ерекшелігін  ашып кӛрсету және де ЖОО аталған жанрды оқытудың 

даралық және дәстүрлік ұстанымдарын айқындау.  

Осы мақсатқа жетуде алдымызға тӛмендегідей міндеттер қойдық: 

–  роман  мен  эссенің  әлемдік  әдебиеттегі  белгілерін  саралап  кӛрсетіп, 

жеке жанр ретінде маңызды орын алғанын дәлелдеу. 

– роман-эссенің әдебиеттің басқа жанрларымен типологиялық ұқсастығы 

мен айырмашылығын ашып кӛрсету;  

–  кӛркем  формалардың  бір-бірімен  байланысы,  сол  арқылы  жанрдың  

түрлерін  анықтау:  «эссе»,  «эссе-повесть»,  «эссе-сын»,  «эссе-толғау»,  эссе-

баллада» «тарихи-эссе», «толғау-эссе», «естелік-эссе». 

–  ұлттық  әдебиетіміздегі  роман-эссенің  жанр  ретінде  қалыптасуын 

мәдени-әдеби  дәстүрден  туындаған  заңды  құбылыс  екенін  мәтіндік, 

кӛркемдік талдаулар арқылы ғылыми негіздеу; 

–  қазіргі  әдебиеттегі  роман-эссенің  жанрлық  сипатын  нақтылы 

шығармаларға талдау жасау барысында даралап кӛрсету; 

 –  роман-эссенің  ұлттық  әдеби  дәстүрімізден  нәр  ала  отырып,  тың 

ізденістермен  байығанын,  бұл  тарапта  ойды  жеткізудегі  роман-эссенің 

кӛркемдік шындық аясында бейнелеушілік астарын сараптау;  

 –  роман-эссенің  әдеби  жанр  ретіндегі  танылуы  адамзаттық  ізгі 

мұраттарды суреттеу мақсатында еркін форма түрінде енгенін кӛрсету; 

 –  роман-эссенің  ӛмір құбылыстарын танытудағы кӛркемдік таным мен 

жаңашыл ізденіс арақатынасын саралау; 

 



 роман-эссенің  кӛркемдік деңгейі, сапалық ерекшелігі, ӛзіндік маңызы, 

тарихи орны бар екенін дәлелдеу; 

– ЖОО роман-эссе жанрын оқытудың әдіснамасын айқындап, ғылыми-

теориялық негіздерін зерделеу;  

–  қазіргі  білім  беру  үдерісінде  роман-эссе  жанрын  оқытудың 

ұстанымдарын анықтау; 

–  оқыту  үдеісінде  роман-эссе  жанрын меңгертетін тиімді интербелсенді 

әдіс-тәсілдерді  жүйелеу; 

–  роман-эссе  жанрын  оқытуға  бағытталған кешенді жұмыс түрлері мен 

тапсырмалар жүйесін жіктеу және саралау; 

–  роман-эссе  жанрын  оқытудың  даралық  және  дәстүрлі  ұстанымдарға 

негізделген  әдістемелік  жүйесінің  тиімділігін  эксперимент  нәтижелеріне 

сүйеніп дәлелдеу; 

       –  роман-эссе  жанрын  оқыту  барысында  күтілетін  білім  нәтижелерін 

айқындау. 

Зерттеу нысаны

 

Қазақ әдебиетіндегі эссенің әдеби жанр ретінде пайда 



болу  тарихы,  қалыптасуы,  дамуы  және  Абай   қарасӛздерінен бастау алатын 

эссе  жанрының  түп  негізі,  классикалық  үлгідегі  сипаты,  сондай-ақ  әлемдік 



әдебиеттанудағы  эссе  жанрының  классификациясы,  жанр  құраушы 

факторлары,  жалпы  жүлгесі  мен  қазақ  әдебиетіндегі  эссеге  тән  кӛркемдік 

үйлесімі, әдеби үрдіске айналу сипаты негізге алынды

.  


Ұлттық  әдебиеттегі  эссеистік  сарындағы  шығармалар,  алғашқы  бастау 

кӛздері,  Абай  Құнанбаевтың  «Отыз  сегізінші  қара  сӛзі»  мен  Шоқан 

Уәлихановтың  «Ыстықкӛл сапарының күнделіктері» және  

Шәкәрім 


Құдайбердіұлының «Мұтылғанның ӛмірі» шығармасы.  

Абай  қарасӛздері  арқылы  ӛзіндік  мектеп  қалыптастырған  қазақ 

қаламгері 

мұрасындағы 

эссеистика 

түрлері 


дәстүрге 

ұласып, 


жаңашылдықпен  дамыды.  Оралхан  Бӛкейдің  «Ел  мен  жер»,  Әбділда 

Тәжібаевтың «Хаттар сӛйлегенде», Ғафу Қайырбековтің «Елтінжал», Әзілхан 

Нұршайықовтың 

«Мен 


және 

менің 


замандастарым», 

Сафуан 


Шаймерденовтің «Бір таба нан», Тұрсынбек Кәкішевтің «Сәкен Сейфуллин», 

Мұзафар  Әлімбайұлының  «Кӛңіл  күнделігінен»,  Қабдеш  Жұмаділовтің 

«Таңғажайып  дүние»,  Мұхтар    Мағауиннің  «Мен»,  Қалихан  Ысқақовтың 

«Келмес  күндер  елесі»,  Тұрсын  Жұртбайдың  «Бесігіңді  түзе»  т.б.  осы 

саладағы  шығармалары  тақырыпқа  байланысты  қамтылды.  Ал  тарихшы 

ғалым  Қойшығара  Салғараның  «Алтын  тамыр»  (1986),  «Кӛмбе»  (1989), 

«Қазақтың қилы тарихы» (1992), «Қазақтар» (1995) атты тӛрт томдық роман-

эссесі мен академик Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім» (1997) роман-

эссесі негізгі зерттеу нысанына алынды.

 

Зерттеу әдістері.  

Зерттеудің  ғылыми-теориялық  және  әдіснамалық  негіздерін  айқындау 

барысында салыстырмалы-тарихи, объективті-аналитикалық және жинақтау, 

даралау,  ой  қорыту,  жалпылау  әдістері;  экспериментті  ұйымдастыру 

кезеңінде  бақылау,  сауалнама,  әңгіме,  диагностикалық  әдістер;  зерттеу 

нәтижелерін  қорытындылау  барысында  аналитикалық  әдістер:  талдау, 

қорыту  мен  ақпаратты  ӛңдеу  әдістері:  эксперименттік  мәліметтерді  сапалық 

және сандық тұрғыда сараптау, жинақтау әдістері қолданылды. 

Зерттеу  жұмысын  жазу  барысында  салыстырмалы-тарихи,  объективті-

аналитикалық және жинақтау, даралау әдістері қолданылды.  

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыстың 

негізгі  жаңалығы  ретінде  қазіргі  әдебиеттану  ғылымындағы  роман-эссе 

жанрының алғаш рет кең кӛлемде жан-жақты қарастырылуын айтамыз.  

Ұлттық  әдебиеттің  даму  деңгейі,  кӛркемдік  ізденістер  мен  жетістіктері 

мәселесін ғылыми бағытта саралап, бұл мәселеге жаңа жанр тұрғысынан келу 

күллі  кӛркемдік  тұтастықты  танытуда  үлкен  маңызға  ие.  Қазақ  әдебиетінің 

кӛрнекті  ӛкілдерінің  шығармаларын  зерделей  отырып,  роман-эссенің 

жанрлық  ерекшелігін  ашу  үшін  жасалған  маңызды  ғылыми  тұжырымдар  – 

жұмыстың басты жаңалығы. Түрлі тақырыптағы проза мен поэзияның орнын 

таныту,  әдеби  жанрлардың  арналы  бір  саласы  роман-эссеге  жүгіну  арқылы 

талдау жасау барысында кӛз жеткізу – тың байламдар. Адамның ӛмір жолы, 

қат-қабат  жан  әлемі,  ойлап-сезінуі,  күйініш-сүйініші,  батыл  болжамдар  мен 

ӛткір  ұсыныстары  сияқты  мәселелердің әдебиеттегі концептуалдық кӛрінісі, 

оның осы жанрмен тығыз байланысын нақты мысалдармен дәлелдеп кӛрсету 



де  жұмыстың  салмақты  табысы  болып  табылады.  Сонымен  қатар  зерттеу 

барысында  роман-эссе  жанрын  оқытудың    әдістемелік жүйесін саралау 

арқылы   аталған  жанрдың   мән-мазмұны  айқындалып,  оны оқытудың 

даралық  және  дәстүрлі   ұстанымдары   ғылыми  негізделді,  ЖОО 

оқытудың мазмұндық-құрылымдық   жүйесі жасалды,  инновациялық  әдіс-

тәсілдердің тиімділігі  тәжірибе арқылы кӛрсетілді.  



Зерттеудің  теориялық  және  әдіснамалық  негізі.  Роман-эссенің 

жанрлық  сипатын  танытуға  арналған  бұл  жұмыста  А.Байтұрсынұлы, 

М.Әуезов,  Қ.Жұмалиев,  З.Ахметов,  З.Қабдолов,  Ш.Елеукенов,  С.Қирабаев, 

Т.Кәкішев,  Р.Бердібаев,  М.Мырзахметов,  Т.Нұртазин,  А.Марғұлан, 

А.Нұрқатов, 

Р.Нұрғали, 

С.Қасқабасов, 

С.Негимов, 

А.Еспенбетов, 

Б.Әбдіғазиұлы,  С.Әшімбаев,  М.Мағауин,  С.Қасқабасов,  М.Әлімбаев, 

Б,Ғабдуллин, Р.Сыздықова, К.Ӛмірәлиева, Г.КБельгер, А.Исмакова, Г.Есімов, 

А.Ж.Жақсылықов  т.б  әдебиеттанушы  ғалымдардың  зерттеулері  мен 

Ә.Қоңыратбаев,  Т.Ақшолақов,  С.Тілешова,  Т.Жұмажанова,  Б.Сманов, 

Ж.Қараев,  А.Әлімов,  Т.Сабыров,    А.Сатбекова,  т.б.  әдіскер-  ғалымдардың 

еңбектері негізге алынды.  

Эссеистика  тарихында  кӛрнекті  орын  алатын  Англияның  эссеистері: 

Ф.Бэкон,  А.Коули,  Дж.Драйден,  Дж.Аддисон,  С.Джонсон,  Т.Карлейль, 

Р.У.Эмерсон, М.Бирбом, Г.К.Честертон, М.Арнолд, Дж.Оруэлл, М.Оден және 

басқа  да  Х.Ортега-и-Гассет,  Х.Л.Борхес,  Ж.Амаду, Лао-Цзы мен Конфуций 

сияқты шетелдік  және орыстың Ф.Достоевский, В.Белов, Ю.Бондарев жазған 

эссеистикалық прозасының үлгілері басшылыққа алынды. Сол секілді роман-

эссе  жанрын  оқыту  мен  меңгертуде  әдістеме  ғылымында  соңғы  жылдарда 

қалыптасқан  жаңалықтар  мен  жетістіктерді  тиімді  пайдалану  зерттеу 

жұмысының әдіснамалық  негіздерін құрады. 



Тақырыптың  зерттелу  деңгейі.  Қазақ  әдебиеттануында  роман-эссе 

жанры зерттеу нысанына алынған жоқ. Десе де, қазақ эссе жанры және оның 

жекелеген  түрлері  туралы  «Традиции  жанра  эссе  в  современной  прозе 

Казахстана»,  «Қазақ  прозасындағы  Мұхтар  Әуезов  бейнесі  және 

шығармашылық  тұлға  концепциясы»,  «Әбділда  Тәжібаев-мемуарист  –

жазушы»  атты  кандидаттық  диссертацияларын  атауға  болады.  Аталған 

авторлар  негізінен  эссеистика мәселесіне әр қырынан келіп, салмақты ойлар 

тұжырымдаған. 

Сондай-ақ 

қазақ 


прозасында 

эссеистика  туралы 

Қ.Ергӛбектің, С.Негимовтің, Д.Ысқақтың бірнеше мақалаларында сӛз болды. 

Орыс  және  шетел  әдебиеттануында  эссеистика  кӛп  қарастырылғанмен, 

роман-эссе туралы жазылған арнайы ғылыми жұмысты кездестіре алмадық. 

Тек  Н.Новоселованың  «Эссе  романного плана»   т.б. еңбектері бар. Аталған 

еңбектерде эссе табиғаты, жанрлық сипаты  романдық форманың эссешілдік 

бастаулардан басымдығы кеңінен қарастырылып, тұжырымдар жасалады. 



Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Ғылыми еңбекте 

бұрын  арнайы  зерттеу  нысанына  алынбаған  роман-эссе  жанры  жан-жақты 

тереңдей  зерделенеді.  Бұл  зерттеу  ұлттық  әдебиеттанудағы  роман  мен 

эссенің ӛзара байланысын ғылыми негіздейтін еңбектер қатарында маңызды. 

Зерттеу жұмысының қорытындылары мен нәтижелері әдебиеттану, әдістеме, 


педагогика  ғылымдары  теорияларын  жетілдіруге, ЖОО  роман-эссе жанрын 

тиімді  оқытуда,  оны  студенттерге  меңгертуде  ықпал  етеді.  Диссертация 

материалдарын  жоғарғы  оқу  орындарының  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

мамандығының  студенттеріне  қосымша  оқу  құралы  ретінде,  «Қазақ  

әдебиетінің поэтикасы», «Қазақ әдебиетінің даму үрдісі» арнаулы курстарын 

оқытуда пайдалануға болады. 



Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациялау) және олардың 

енгізілуі. 

Зерттеу  жұмысының  басты  нәтижелері  12  мақала  жарияланды.  5  мақала  – 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым 

саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған журналдарда; 2-мақала Scopus 

компаниясының  деректер  базасына  кіретін  халықаралық  ғылыми журналда; 

5-мақала  отандық  және  шетелдегі  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік 

конференцияларда  апробацияланған.  Олардың  ішінде  4  –  мақала  шетелдік 

журналда, 8-мақала отандық журналдарда жарияланған.  



Зерттеу  жұмысының  жарияланымы  мен  сыннан  өтуі.  Ғылыми 

зерттеу жұмысының негізгі мазмұны ғылыми басылымдарда, атап айтқанда, 

Пәкістаннан  шығатын  SCOPUS  тізіміне  енген  «The  Social  Sciences»  импакт 

факторлы  журналына,  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

саласындағы  бақылау  комитеті  бекіткен  Л.Н.Гумилев  атындағы  ЕҰУ,  Абай 

атындағы  ҚҰПУ,  С.Торайғыров  атындағы  ПМУ,  М.Ӛтемісов  атындағы 

БҚМУ,  Ш.Уәлиханов  атындағы  КМУ  хабаршыларында,  шетелдік 

жарияланымдарда  жарық  кӛрген  мақалаларда,  түрлі  Халықаралық  және 

республикалық 

ғылыми-теориялық 

конференцияларда 

жасалған 

баяндамаларда кӛрініс тапты. 

Жұмыс  ҚазМемҚызПУ-дің  қазақ  әдебиеті  кафедрасы  мәжілісінде 

талқыланып, қорғауға ұсынылды. 

Зерттеу  жұмысының  құрылымы.  Диссертация  кіріспеден,  үш 

бӛлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.   

 

 

 



 

 

 



 

жүктеу 70.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет