АҢдатпа 8-бет 6-бет


Маңғыстау облыстық сотының



жүктеу 0.54 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата07.06.2017
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3   4   5   6

Маңғыстау облыстық сотының 

баспасөз қызметі

Орайы келген әңгіме



Майра АЙСИНА, Парламент Мәжілісінің депутаты:

«ҚАЛАМАҚЫ БӨЛУ 

ЖАСЫРЫН ТҮРДЕ 

ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ»



УНИВЕРСИТЕТ ПЕН СОТ 

КОРПУСЫ ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА

Тағы осындай ескерілмей жатқан біраз мәселені 

аталмыш құжатта қамтуға тырысып, оларды  шешудің 

нақты тетіктерін белгілеуге күш салдық. Ауқымды 

құжат болды. Сондықтан, бесінші шақырылымнан 

алтыншы шақырылымға ауысты. Мұның сыртында 

өздеріңізге белгілі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына 

байланысты 59 заң қабылданды. Үкімет енгізген осы 

заңдардың бірі заңнамаларға мәдениет және тарихи 

мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықты-

рулар енгізу мақсатында дайындалып, кейбір жедел 

шешуді қажет ететін мәселелер соған енгізілді. Мәсе-

лен, циркке қатысты біраз шаралар осы заң жобасында 

көрініс тапты.

Досжан Әміров сот төрелігін іске асыруды неғұр-

лым оңайлатуға, көптеген салалар бойынша дауларды 

татуластыру рәсімдерін қолдана отырып, реттеуге 

бағытталған жаңа Азаматтық процестік кодекстің қағи-

датты нормаларына жеке тоқталды. Сонымен қатар, 

судьялардың жаңа Әдеп кодексіне және судьялыққа 

үміткерлерді таңдау, қызметтегі судьяларға деген та-

лаптардың күшеюіне тоқталды. Қылмыстық құқықтың 

жаңашылдықтарына баса назар аудара отырып,  қылмы-

стық жазаның жаңа түрлерін де атап  өтті. 

Өз сөзінде Досжан Әміров: «Сот жұмысының сапа-

сы – мемлекетіміздің демократиялық дамуының негізгі 

факторы, біз сот жүйесінің нақты және тиімді жұмыс 

атқаруы үшін барымызды саламыз», – деді. 

Студенттер  өздерін  қызықтыратын  бірқатар 

сұрақ тарға, соның ішінде, азаматтық және қылмы-

стық істердің қаралу мерзімі, медиация институты, 

сот жүйесіндегі жаңа технологиялар және мемлекет-

тік қызметке өту, соттарда студенттердің тағылымда-

мадан өтуі жөніңдегі сұрақтарға қатысты жауаптарын 

алды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

баспасөз қызметі

– Осы заң аясында ақын, жазушы, драматург-

теріміздің қаламақы мәселесінің шешіліп жатқанынан 

хабардармыз. Қуанышты жағдай, әрине. Алайда, осы 

қолдаудың шын иелерін табатынына күдік бар. Жал-

пы, әлемдік тәжірибеде мұндай үрдіс жоқ екен. Онда 

баспаханалар өз табысын арттыру үшін ең мықты  

шығармаларды өздері тауып басып, соларды сатқан-

нан түскен табысты авторлармен бөліседі...

– Иә, шынында да солай. Алайда, біз әлі ол деңгейге 

жете қойған жоқпыз. Сондықтан, шығармашылық адамда-

рына қолдау жасау арқылы рухани қазынамызды сапалы 

дүниелермен байытып, оларды насихаттау мақсатында 

осындай қадамға барып отырмыз. Аталмыш құжатта 

осыған орай, мемлекеттік тапсырыспен қатар авторлардың  

дайын шығармаларына қаламақы төлеу арқылы шығар-

машылық иелеріне қолдау жасау жөнінде шешім қабыл-

дадық. Бұл ретте қоғамдық маңызы бар туындыларға, 

балалар әдебиетіне басымдық беріледі. Өзіңіз айтқандай, 

басқа елдерде мұндай тәжірибе жоқ. Оларда бұл үрдіс 

бәсекеге құрылған. Бізде, өкінішке қарай, осы жағы ақсап 

тұр. Бүгінде қаламақының кімдерге және қалай төленетіні-

не қатысты сұрақ көп. Жұртшылықтың алаңдаушылығы 

заңды да. Біз бұл мәселені де назардан тыс қалдырып 

отырған жоқпыз. Қаламақы төленетін әдебиеттер тізімін 

түзу объективті жүру үшін заң жобасы шеңберінде сарап-

тамалық топ құру мәселесін шештік. Олардың құрамына 

уәкілетті ұйым өкілдері, депутат, қайраткерлер кіреді деп 

отырмыз. Олар ақылы жұмыс істейді. Топ мүшелері бұра 

тартпас үшін Премьер-министрдің қасынан ведомствоа-

ралық комиссия құрылмақ. Әдебиеттер бірнеше бағытта 

сараптамадан өтеді. 



– Сенатта қаралу кезінде сенатор Жабал Ерғали-

ев қаламақы бөлуде әділеттілік болу үшін ұсынылған 

дүниелер авторлары есімінің жасырын, құпия сақта-

луы қажеттігін айтты. Ол мұның маңыздылығын 

сараптамалық топ мүшелерінің де адам болған-

дықтан өз таныстарына бұра тартуы мүмкіндігімен 

байланыстырды. Әрине, бұл соншалықты сенімді 

әдіс емес. Өйткені, ретін тапқандар шығармалары-

ның тақырыбын айтып та мәселені өз пайдасына 

шештіреді. Алайда, біздің жағдайда бұдан өзге жол 

жоқ. Осының өзі  жүзеге асса үлкен жеңіс болар еді. 

Біздің білуімізше, заң жобасы көп ұзамай Сенаттың 

қарауына шығарылады. Кешігіп қалған жоқпыз ба?

– Бұл мәселе заң жобасы аясында емес, оның не-

гізінде Үкімет қабылдайтын нормативтік-құқықтық 

актілермен шешім табады. Авторлар еңбегін жасы-

рын, құпия жағдайда қарау расында қаламақы бөлу 

мәселесін де біршама әділдік, тазалық болуына жол 

ашады. Өз басым мұны құптаймын. Оның толыққанды 

шешімін табуына еш кедергі жоқ деп есептеймін.



– Жаңа құжатта қамтылып отырған мәселелердің 

бірқатары кітапханаға байланысты екенін білеміз. 

Өзгерістерге сай біздің осы мәдениет ошақтары қан-

дай мүмкіндікке қол жеткізетін болып отыр?

–  Заң жобасын жасау барысында бізде бұл тұрғыда 

көп мәселенің шешімін таппағанын білдік. Басқаны 

айтпағанда, елімізде Ұлттық кітап палатасының мәрте-

бесі осы уақытқа дейін айқындалмаған екен. Тек мәде-

ниет туралы ғана емес, «Ақпарат туралы» заңда да осы 

құрылымға қатысты бір ауыз сөз жоқ. Біз аталмыш заң 

жобасы аясында бұл олқылықтың орнын толтырдық. 

Тағы бір шешілген мәселе – алдағы уақытта еліміздегі 

екі үлкен кітапханамен қатар, республиканың бүкіл 

мәдени-рухани қазынасына иелік етіп отырған Ұлт-

тық кітапханаға шығарылған кітаптардан бір данадан 

берілуі жолға қойылмақ. Сонымен қатар, аймақтардағы 

орталықтандырылған кітапханалар олардың өз өкіл-

дерінің өтінішімен аталмыш кітаптардың электрондық 

нұсқасын иеленетін болып шешілді. Бұл бәрінің көңілі-

нен шыққан сияқты. 

Кітапхана қорын жаңартып отыру мақсатында 

жаңа шыққан кітаптар жіберілетін кітапхана санын екі 

мыңнан бес мыңға дейін көбейту де осы заң аясында 

көзделіп отыр. Енді еліміздегі барлық деңгейдегі кітап-

ханаларға баспадан шыққан әрбір кітаптың бір данасы 

жеткізіліп тұратын болады. 

Кітапхана жүйесіндегі алаңдатарлық мәселенің 

бірі – жер-жерде ашылған рухани ошақтардың жа-

былып қалуы немесе басқа салаға бейімделіп кетуінен 

көрінеді. Бұл жағдайды көбіне құзырлы орындар білмей 

қалады. Осының салдарынан бірнеше кітап ханамыздан 

айырылып қалдық. Аталмыш заң жобасында осы мәсе-

ле де реттеліп отыр. Тоқ етерін айтқанда, бұл құжат 

аясында біраз мәселе қамтылды. Оның бәрі еліміздің 

мәдени өміріне тың өзгеріс әкелетініне сенім зор. 



Уақыт тауып, ой бөліскеніңізге рақ мет.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,

«Заң газеті»

6

№31 (2956) 

25 сәуір 2017

zangazet@maiI.ru

Жегіқұрт

БІРЛІГІ БЕРІК ҚАУЫМНЫҢ 



БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ДЕ ЖОҒАРЫ

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ СОТ ЖҮЙЕСІ 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЛЫПҚА ТҮСТІ

Тұтынушы құқығы

Көзқарас

Мінбер


ТЕМІРҚАЗЫҚ 

Биылғы  жыл  Қазақстан  үшін  аса 

маңызды  әлеуметтік-саяси  жаңалық-

тардан  басталды.  Өткен  жылдың 

соңында  ғана  тәуелсіздіктің  25  жыл-

дығын  тойлаған  еліміз  өзінің  даму 

тарихында  тағы  бір  жаңғыру  кезеңі не 

аяқ  басты.  Ол  –  Елбасының  «Қазақ-

стан  Республикасы  Президентінің 

билік  тармақтары  арасында  өкілет-

тіктерді  қайта  бөлу  мәселелері  жөнін-

дегі  Үндеуінен»  басталды.  Іле-шала 

М е м л е к е т   б а с ш ы с ы н ы ң   « Қ а з а қ -

стан ның  Үшінші  жаңғыруы:  жаһан-

дық  бәсекеге  қабілеттілік»  атты  Жол-

дауы  жарияланды.  «Қазақстан  Рес-

пуб ликасының  Конституциясына  өз-

герістер  мен  толықтырулар  енгізу 

туралы»  Президент  өкіміне  сәйкес, 

Ата  заңға  енгізілетін  өзгерістер  бір  ай 

бойы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп, 

Тәуелсіз  мемлекетіміздің  Бас  құжаты 

жаңартуға батыл қадам жасады. Осы лай 

Халық  арасында  би  атанған  тұлға-

лар  –  қазақ  тарихындағы  қайталанбас 

біртуар азаматтар, шешендігі мен әділдігі 

сай қоғам қайраткерлері екендігі айдан 

анық. Дала демократиясында өшпес із  

қалдырған билеріміз өздерінің ақыл-ой 

мен парасаттылығын таразыға тең салып, 

адал  әрі  әділ  шешім  шығара  білген. 

Қазақ билерінің өзіне тән ерекшелігі мен 

басқа халықта кездеспейтін қасиетін – 

дау-жанжалдарды мағыналы, шешендік 

сөздермен шешуінен байқауға болады. 

Қиыннан қиыстырар тапқырлық танытып, 

асқан  шешендікпен  қара  қылды  қақ 

жарып,  тура  шешім  қабылдай  білген 

дала билері билер кеңесінің құрылуына 

жол  салды.  Билер  –  өз  заманының 

дәстүрлі  құқықтары  мен  әдет-ғұрып 

ережелерін заңи тұрғыдан реттеп, заман 

ағымына  қарай  жаңартып  отыратын  

білікті заңгерлер бола білді. 

Қазақ  қоғамын  саяси  басқару  мен 

сот  жүйесін  модернизациялаудың 

жемістілігін,  саяси  реформалардың 

ежелден  қалыптасқан  саяси  дәстүр-

лермен,  қоғамдық  құндылық тармен 

сабақтасуында  деп  білеміз.  Судьялар 

сот төрелі гін жүзеге асыру барысында 

билер  кеңесінің  әділеттілік,  теңдік 

қағидаларын негізге ала отырып, даулы 

мәселелерді  шешуде  үлгі  алуда.    Сот 

билігі адамдар тағдырындағы ең жоғарғы 

әділеттік таразысы іспеттес. 

Қазақстандағы  сот  жүйесі  –  мем-

лекеттің  ең  негізгі  құрылымды  бөлі-

гі,  әлеуметтік,  саяси  және  эконо-

мика лық  жаңғыру  жолындағы  елдің 

демократиялық  даму  тұтқасының  бір 

САУАТТЫҢ ТӨМЕНДІГІ 

САН СОҚТЫРАДЫ



Құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз дегенімізбен, жаңа 

шыққан  заңдардағы  өзгерістерге  мән  бермейтін,  өз  мүддесін  өз 

бетінше қорғауға ұмтылмайтын жандар әлі де баршылық. 

Ал, сауатсыздықтың көп жерде опық жегізетіні айтпаса да түсінікті. 

Мәселен, өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікті сатарда кейбір азаматтар 

делдал адамдардың көмегіне жүгініп, құжатты рәсімдеуге жәрдем сұрап 

жатады.  Бүгінгі  заң  мұндай  делдалдарсыз-ақ  жылжымайтын  мүлікке 

құқықты тіркеуді жеңілдетті. Ол үшін заңды мұқият оқып, әділет органы 

қызметкерлерінен нақты кеңес алуға болады. 

«Жылжымайтын  мүлікке  құқықтарды  мемлекеттік  тіркеу  туралы» 

заңның  20-бабының  2-тармағында  мүлікке  құқықты  электрондық  тір-

кеу  тәртібі  толық  көрсетілген.  Қазақстан  азаматтары  үшін  міндетті 

саналатын  бұл  процедура  кезінде  алдымен  сатып  алу,  сату  туралы 

мәмілені нотариустың куәландыратыны белгіленген. Бұдан кейін құқық 

иеленушiнің жазбаша келісімін алған нотариус құқық белгiлейтiн құжатты 

электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырып,  көшірмені бiрыңғай 

нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық 

жүйесіне жiбередi. Мүлікті сатып алушыға құжатқа бірыңғай нотариаттық 

ақпараттық жүйеде берілген бірегей нөмірді таныстыру да нотариустың 

міндеті.  Және  мәміле  жасау  барысында  салық  заңнамасына  сәйкес 

төленуге  тиіс  алым  сомасы  немесе  алымды  төлеуден  босататын  мән-

жайлар да азаматтарға түсіндіріледі. Көріп отырғанымыздай, бұл жерде 

нотариустың  да  жауапкершілігі  арттырылған.  Жылжымайтын  мүлікті 

тіркеуде  кемшіліктердің  орын  алмауы  үшін  нотариусқа  құжаттардың 

заңдылығын  толық  тексеру  жүктелген.  Мұндай  өзгеріс  азаматтардың 

құзырлы орындарға деген сенімін нығайта түсері даусыз.



Нұрзат САУРАМБАЕВ,

Алматы қалалық Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке 

құқықты тіркеу бөлімінің басшысы

үшінші мүшелге аяқ басқан Қазақ стан 

өзінің үшінші жаңғыруын бастады. 

Бұл  сөздің  Елбасы  Жолдауының 

тақырыбынан орын алуы да кездейсоқтық 

емес.  Өйткені,  төртінші  өнеркәсіптік 

революция  жүріп  жатқан  заманда 

бізге бұрынғыдай баяу жүріспен көшке 

ілесуге  болмайды.  Ұлы  мұраттарға 

жету  үшін  дүркін-дүркін  жаңғырып 

отыру  –  бүгінгі  жаһандық  дамудың 

басты  талабы.  Ол  үшін  заң  шығарушы 

билік  пен  атқарушы  биліктің  жедел 

де  ұтқыр  әрекет  ететін,  қажетті  заң-

дар  мен  бағдарламалық  құжаттардың 

шұғыл  қабылданып,  олардың  уақтылы 

да  нәтижелі  орындалуын  қамтамасыз 

ететін  құқықтары  мен  өкілеттіктері, 

жауапкершілігі болуы қажет. Сондықтан 

да  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 

алдымен  Президенттің  40-қа  жуық 

өкілеттігін  өз  еркімен  Парламент  пен 

Үкіметке  беріп,  ол  бүкілхалықтық  қол-

дауға  ие  болған  соң  Конституцияға 

енгізілді.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  бұл 

саяси  оқиғаның  мәні  мен  нәтижесі  

жалпыхалықтық  референдумнан  әсте 

кем емес.

Елбасы кезекті Жолдауында Қазақ-

станды Үшінші жаңғырту міндетін қойды. 

Оның негізгі мәні – еліміздің жаһандық 

бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз 

ететін экономикалық өсімнің жаңа үлгі-

сін  құру.  Мемлекет  басшысы  оның– 

экономиканың  жеделдетілген  техно-

логиялық жаңғыртылуы, бизнес-ортаны 

түбегейлі  жақсарту  және  кеңейту, 

макро экономикалық тұрақтылық, адами 

капитал  сапасын  жақсарту,  инстит у-

ционалдық  өзгерістерге,  қауіпсіздікке 

және  сыбайлас  жемқорлықпен  күрес 

сияқты  –  бес  негізгі  басым  бағытын 

айқындап  берді.  Осылардың  негізінде 

бірінші  басымдық  бойынша  цифр-

лық  технологияны  қолдану  арқылы 

құрылатын  жаңа  индустрияларды 

өркендету  және  дәстүрлі  базалық 

салаларға серпін беру міндеті қойылып 

отыр. Қарап отырсаңыз, осы бес бағыт-

тың  бәрінде  де  экономикалық  және 

заңдық  сипат  басым.  Көбіне  еңбек 

өнімділігін  еселеп  арттыру,  иннова-

циялық  технологияларға  негіз дел-

ген  жаңа  жұмыс  орындарын  ашу, 

халықты  жаппай  кәсіпкерлікке  тарту, 

дәстүрлі салаларды дамыту мәселелері 

айтылады.  Бұл  өте  маңызды.  Өйткені 

заңдық негіз жасалған және ол мүлтіксіз 

жұмыс  істейтін  қоғамда  ғана  бәсеке 

қалыптасып, кәсіпкерлік дамып,  еңбек 

өнімділігі, елдің ең басты экономикалық 

көрсеткіші  –  жан  басына  шаққандағы 

ішкі жалпы өнім көлемі еселеп артатын 

болады. Меніңше, кәсіпкерліктің дамуына 

кедергі болып тұрған екі басты мәселе 

бар.  Оның  біріншісі  –  азаматтардың 

бастапқы капиталға, жеңілдікті несиеге 

қол  жеткізудегі  қиыншылықтар  болса, 

екіншісі – шағын және орта кәсіп өкілдерін 

заңдық тұрғыда толық қорғауды қамта-

масыз  ете  алмай  отырғанымыз.  Бұған 

сыбайлас жемқорлық пен заңна мадағы 

кейбір  кемшін  тұстар  кесірін  тигізіп 

тұрғаны сөзсіз. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің 

күшіміз  бірлікте  екенін  жиі  айтады. 

Ал  ел  бірлігі  отбасы  бірлігінен  бастау 

алады.  Әр  отбасында,  әр  ауылда,  әр 

аймақта  бірлік  болса  –  бүкіл  елде 

бірлік  болады.  Бірлігі  берік  қауымның 

бәсекеге  қабілеттілігі  де  жоғары,  күш-

қуаты  да  мықты.  «Қазақстан  –  2050» 

стратегиясында»  біздің  күшіміз  – 

салт-дәстүрімізде  екені  де  айтылған. 

Сондықтан,  Үшінші  жаңғыру  тұсында 

жаңарған Ата заң аясында біздің бүкіл 

заңнамамыз да жаңғыруы тиіс. Олардың 

біразын  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 

ұлттық  салт-дәстүр  тұрғысынан  қайта 

қарау артық болмас еді. Сонда жаңарған 

Ата  заң  –  жаңғырған  Қазақстанға  жол 

ашып,  жаһандық  бәсекеге  қабілет-

тілігіміз де арта түсетіні сөзсіз!

Жұмабай ЖАНӘДІЛОВ,

Маңғыстау облысы 

Жаңаөзен қалалық сотының төрағасы 

У.РАХМАТУЛЛАЕВ,

Астана қаласы мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының 

төрағасы 

дауларды  шешудің  баламалы  түрін 

енгізу,  бұқара  халықты  сот  төрелігінің 

ашықтығымен  қамтамасыз  ету  және 

сот  корпусының  кәсібилігін  арттыруға 

байланысты  бес  тапсырма  қойды.  

Сонымен бірге,  2015 жылы «Нұр Отан» 

партиясының XVI съезінде осы аталған 

тапсырмалар  анағұрлым  кеңейтіліп, 

Қазақстанның  сот  корпусының  алдына 

жаңа  бағыттағы  11  қадамнан  тұратын 

тапсырма қойылды. Қазақстанды әлем-

нің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына 

қосу  мақсатында  реформалар  мен 

алға  қойылған  мақсаттарды  жүзеге 

асыру  үшін  ел  Президенті  «100  нақты 

қадамды»  айқындап  берді.  Елбасы 

басты  бағыттардың  бірі  ретінде  заң 

үстемдігін белгілеп, «100 нақты қадам» 

Ұ л т   ж о с п а р ы   р еф о р м а с ы н д а   с о т 

жүйесіне баса назар аударылды. Қазіргі 

уақытта  Астана  қаласы  бойынша  сот 

оты рысының  барлық  залдары  дыбыс-

бейнежазба  жүйесімен  100  пайыз 

жабдықталған. Бұрын әрбір жүргізілген 

процесс  бойынша  істің  күрделілігіне 

байланысты  хатшылар  оған  көп  уақыт 

пен  қағаз  жұмсай  отырып,  көлемді 

хаттамалар  дайындайтын.  Ал  сот-

т а р д ы ң   ж ұ м ы с ы н а   д ы б ы с - б е й н е 

тіркеу  жүйесі  енгізілгеннен  бастап 

ахуал  оңалды.  Заманауи  электрондық 

қызмет  сот  төрелігінің  ашықтығы 

мен  қолжетімділігіне  бағытталған, 

сондай-ақ,  қағазбастылықтан  арылып, 

құқықтық қоғамның барлық мүшелеріне 

және  бұқаралық  ақпарат  құралдарына 

сот тардың  қызметі  туралы  жедел  ақ-

парат алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. 

бөлігі  болып  табылады.  Тәуелсіз  әрі 

күшті  сот  билігін  мемлекет  пен  аза-

маттық  қоғамның  үйлесімді  қарым-

қаты насының  кепілі  деп  білеміз.  Сот 

жүйесіне  енгізілген  тың  өзгерістер, 

бүгінде  дамыған  елдердің  қатарына 

кіруге  лайықты  сот  жүйесінің  қызмет 

атқаруына септігін тигізіп отыр. 

Республика судьяларының VI съезінде 

Елбасы  сот  қоғамдастығының  алдына 

заңнамалық  нормаларды  жетілдіру, 



АҚПАРАТТЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ 

МҮМКІНДІГІ ЗОР



Қазақстандық  сот  жүйесінің  даму  тарихында  судьялар  құрыл­

тайының  алар  орны  ерекше.  Төрт  жыл  сайын  өтетін  алқалы  бас­

қосуда  еліміздің  сот  төрелігіне  қатысты  аса  маңызды  шешімдер 

қабылданып, келелі шаралар шындыққа айналады. Соның бірі, сот 

төрелігінің жаппай ақпараттық технологияларға көшуі.

2013 жылғы қазылардың VI съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

Назарбаев пәрмен берген бастама бүгінгі таңда сот жүйесіне тың серпін 

беріп отыр. Елбасы аталған құрылтайда ақпараттық технологиялар енгізу 

қажеттілігіне  тоқтала  келе,  «Сот  төрелігіне  азаматтардың  қалың  тобы 

қол  жеткізуін  қамтамасыз  ету  маңызды.  Соттың  іс  қарауы  хаттамасын 

толық  және  сапалы  қамтамасыз  ететін  тетік  ретінде  сот  үдерістерінің 

электронды тіркелімін жаппай енгізген жөн. Бірінші инстанциядағы барлық 

соттарды бейнеконференция байланысымен қамтамасыз ету қажет, бұл 

сот төрелігін қашықтан жүзеге асыруға мүмкіндік береді» деп еліміздің сот 

жүйесін дамытудың жаңа бағытын айқындап берген болатын. 

Бүгінгі уақытта аталған межені толықтай бағындырдық деуге толық 

негіз бар. Республика соттары түгелге дерлік ақпараттық технологиямен 

қамтылған.  Сот  процестері  толықтай  бейне-дыбыс  жазбаларына  тас-

паланады. Сотқа жүгінушілер талап-арыздарын сот өндірісіне электронды 

түрде  үйінде  немесе  жұмыс  орында  отырып-ақ  жолдай  алады.  Бұл 

Жоғарғы Соттың бастамасымен іске асырылған «Сот кабинеті» электронды 

ақпараты сервисінің көмегімен жүзеге асуда. 

2014 жылдың тамыз айынан қолданысқа енген «Сот кабинеті» бірыңғай 

терезесінің  қызметін  пайдаланушылардың  қатары  бүгінде  біртіндеп 

көбейіп келеді.

Гүлназ БАУБЕКОВА,

Сарқан аудандық сотының судьясы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

ӨРКЕНИЕТТІҢ 

БАСТЫ ЖАУЫ 

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік­экономикалық даму, нарықтық 

экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және 

демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына 

кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төн діре­

тін құбылыс. 

Елбасы  «Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру  –  мемлекеттік 

саясаттың  басты  мақсаты»  атты  Жолдауында  «демократиялық  қоғам 

жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше 

мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз 

құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты 

жанданып әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Сонымен  қатар,  сыбайлас  жемқорлықпен  пәрменді  күресу  үшін 

халықтың  құқықтық  сауатсыздығын  жоятын,  құқықты  түсіндіру  жұмы-

сының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Азаматтар өзіне 

қарсы  қандай  да  бір  құқыққа  қайшы  іс-әрекет  жасалған  жағдайда  не 

істеу керектігінің нақты жолдарын білуі қажет. Сыбайлас жемқорлық пен 

оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның 

институттарына деген сенімін нығайту басты мақсат болып табылады. 

Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде 

«Қазақстан  Республикасында  қылмысқа  және  сыбайлас  жемқор-

лыққа  қарсы  күресті  күшейту  және  құқық  қорғау  қызметін  одан  әрі 

жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы 

Президентінің  Жарлығы  қолданысқа  енгізілген.  Бұл  Жарлық  еліміздегі 

құқық  қорғау  органдары  қызметтерін  жетілдіруге  бағыттала  отырып, 

жемқорлыққа қарсы әрекеттер мен олардың пайда болуының алдын алуда 

жүйелі жұмыстар жүргізуді қамтамасыз етеді.

 

Алуа МҰХАМЕТҚАЛИ,

Алматы гарнизоны әскери сотының

 бас маманы­сот отырысының хатшысы 

Қоғамда  құқықбұзушылыққа  мүл-

дем  төзбеушілікті  қалыптастыру  тұр-

ғындардың тәртіпті сақтап, заңды сый-

лауына  негіз  қалайды.  Жасыратыны 

жоқ, көшеде жүру мәдениетін ескермей, 

тазалықты  сақтамай  әкімшілік  құқық- 

бұзушылыққа  жол  беретіндер  әлі  де 

бар. Салынған айыппұл олардың қар-

жылық  жағдайына  әсер  етеді.  Әрине, 

білместіктен,  байқаусызда  жасалған 

заңбұзушылық  екендігі  көзге  көрініп 

тұрса  да,  «білмей  қалдым»  деу  заң 

шеңберіндегі  жауапкершіліктен  еш-

қашан құтқармайды.

Сот  шағымды  он  күн  мерзімде 

қарайды.  Сот  прокурорға,  шағым 

берген адамға, сондай-ақ, іс-әрекетіне 

шағым  жасалып  отырған  әкімшілік 

органға  немесе  лауазымды  адамға 

сот  отырысының  өткізілетін  уақыты 

мен  орны  туралы  хабарлайды.  Десек 



Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 0.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет