АҢдатпа 8-бет 6-бет



жүктеу 0.54 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата07.06.2017
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3   4   5   6

сәбит ЖәмбеК: 

–  Экономикалық  жаңғыру  деген 

бар да, рухани жаңғыру бар. Болат 

ағаның айтқан сөзін тірілткім келеді. 

Біз кешегі Кеңес Одағының шекпені-

нен  шықтық,  ұзақ  жылдар  патша 

өкіметінің отарында болдық. Сол бо-

дандық психологиядан арылу, тәуел-

сіз елдің азат азаматы екендігімізді 

сезіну үшін де рухани жаңғыру қажет 

деп ойлаймын. Ол үшін ұлттық мәде-

ниетімізді, әдебиетімізді, дәстүріміз 

бен  тілімізді  дамытуға  жете  көңіл 

бөлуіміз керек. Елбасы мақаласында 

кеттік  университеті  де  біраз  көмек 

қолын  созды.  Аталмыш  оқу  орны 

осыдан бірнеше жыл бұрын бірқатар 

жаратылыстану  пәндері  бойынша 

ағылшын  тілінде  оқытатын  бөлім 

ашып,  жұмыс  істей  бастаған  еді. 

Өткен  жылы  сол  бөлімнің  алғашқы 

түлектері оқуды бітіріп шықты. 



сәбит ЖәмбеК:

– Қазір заман өте жылдам өзге-

ріп  жатыр.  Кешегі  жаңа  технология 

саналған жетістік бүгін ескіріп, пай-

даланудан  шығып  жатады.  Осыған 

орай, жастарға заман талабына сай 

білім беруге жете көңіл бөлінуі тиіс 

деп ойлаймын. Мәселен, 3d принтер 

деген  бар.  Оны  пайдалану  арқылы 

кез келген нәрсені жасап шығаруға 

болады. тіпті, сіз ол затты жасау ды 

білмейтін  болсаңыз  да,  әлгі  құрал-

дың көмегімен оп-оңай істеп аласыз. 

Мұны  жастар  білуі  қажет.  Біздің 

университетімізде  жаңа  заман  тех-

нологияларын  оқытып,  үйрететін 

бөлімдер,  үйірмелер  аз  емес.  таза 

ағылшын  тілінде  оқытатын  топтар 

бар. Менің ойымша, білім деген тек 

жоғары  оқу  орнын  бітіріп,  диплом 

алып шығу емес. Қос-қостан дипло-

мы  бар,  бірақ,  еш  жерге  жұмысқа 

жарамай жүрген жастар да кездеседі. 

Сондықтан, білім ең алдымен кәсіпке 

лайықталып берілуі қажет. Бұл арада 

жастардың сол болашақ мамандығы-

на деген ынтасы үлкен рөл атқармақ. 

– Адамдарды отансүйгіштік-

ке, елжандылыққа тәрбиелеуге 

үндейтін «Туған жер» бағдарла-

масы жайында қандай ой­пікір-

леріңіз бар?

Талғат ыбырАев: 

–  Өзім  жетекшілік  ететін  облыс-

тық  тарихи-мәдени  мұраны  қорғау 

және пайдалану орталығы деген ме-

кеме еліміз бойынша алты облыста 

ғана  бар  екен.  Біздің  облыста  осы 

орталықтың жұмыс істеп жатқанына 

қазір  он  бес  жылдай  уақыт  болып-

ты.  Осы  жылдардың  ішінде  тарихи 

ескерткіштерді ашу, оны қорғау, ха-

лыққа таныстыру бағытында қыруар 

жұмыстар  атқарылды.  Мәселен, 

осы дан он бес жыл бұрын, яғни, ор-

талық  құрылған  кезде  облысымыз-

дың аумағында 242 тарихи ескерткіш 

болса, қазір олардың саны 1500-ге 

жетті.  Жаңа  ескерткіштерді  ашу, 

оны  тізімге  алып,  табылған  тарихи 

мұрағаттарды зерттеу – бәрін өзіміз 

атқарып жатырмыз. Ашылған тарихи 

ескерткіштерге  арналған  қазақ-о-

рыс тіліндегі сурет пен безендірілген 

энциклопедия  шығардық.  1,5  мың 

данамен шыққан энциклопедия об-

лысымыздағы  барлық  мұражайлар 

мен  кітапханаларға,  мемлекеттік 

мекемелерге  таратылып  берілді. 

Сонымен  бірге,  жергілікті  жерлер-

дегі  тарихи-мәдени  ескерткіштерді 

тізімге  кіргіздік.  Қазіргі  күні  осы 

тізімде  1032  тарихи  ескерткіш  бар. 

Қолға алған тағы бір инновациялық 

жобамыз: облысымыз дың аумағында 

орналасқан тарихи ескерткіштердің 

геотопографиялық  картасын  жа-

сау  болып  табылады.  Онда  тарихи 

ескерткіштердің  кадастры  жасала-

ды. Бұл жұмыстар алдағы төрт-бес 

жылға дейін созылады деп отырмыз. 

Жыл  сайын  дерлік  арнайы  ар-

хеологиялық  экспедициялар  ұйым-

дастырып,  тарихи  ескерткіштерді 

ашу  жұмыстарын  жүргіземіз.  Осы 

кезге  дейін  табылған  1044  тарихи 

артефакттерді,  яғни,  мұрағаттарды 

республикалық  және  облыстық  та-



Талғат ыбырАев: 

–  Біз,  негізінен,  тарихи  ескерт-

кіштерді қорғау инспекциясы түрін-

дегі мекемеміз. Сондықтан, жас ұр-

паққа тәлім-тәрбие беру мәселесіне 

онша араласа алмаймыз. Дегенмен, 

өткен он жылдан астам уақыт ішінде 

біз  ұйымдастырған  археологиялық 

зерттеу  жұмыстарына  үш  жүзден 

астам  мектеп  оқушылары  қатысты. 

Оған  қоса,  жоғары  оқу  орындары-

ның студенттері үнемі қызығушылық 

танытып жүр. Осындай қазба жұмыс-

тарына  бір  рет  қатысқан  баланың 

санасы  өзгереді,  олардың  тарихқа, 

ата-бабадан  қалған  мәдени  мұра-

ларға деген қызығушылығы, құрметі 

оянады. 


– Елбасы мақаласында сон-

дай­ақ,  «Қазақстанның  киелі 

жерлерінің  географиясы»  жо-

басын жасау туралы да мәселе 

көтерді. Осы жайында не айтар 

едіңіздер?

серік ысқАқов: 

–  Биыл  жазда  өтетін  халықара-

лық  «ЭКСпО  –  2017»  көрмесіне 

орай,  біз  жоғарыдағы  құзырлы  ор-

гандардың тапсырмасымен 6 тарихи 

ескерткіш  нысанын  дайындадық. 

Олардың  арасында  Астананың  ір-

гесіндегі  Қабанбай  батыр  кесенесі, 

Бурабайдағы  Абылай  хан  алаңы 

және  Қорғалжын  ауданындағы  17-

18  ғасырларда  салынған  жергілікті 

халық арасындағы бірнеше беделді 

тұлғалардың  мазарлары  бар.  Атап 

айтқанда,  Алыптомар,  Алдыоңғар 

және Бытығай мазарлары. Кірпіштен 

әшекейлеп  салынған  бұл  сәулетті 

ескерткіштер  ғасырлар  бойы  сол 

қалпында  сақталып  қалған.  Қазір 

бұл ескерткіштерге баратын жол бар 

және адамдар барып тұрады. 

Әлгінде  тәкең  айтып  кеткен 

тізімге енгізілген мың жарымдай та-

рихи ескерткіштердің 251-і зеренді 

ауданының  аумағында.  зеренді-

Қош қарбай  қорымында  бүгінгі  күні 

елуден  астам  тарихи  ескерткіштер 

ашылды.  Жыл  сайын  осы  өңірге 

арнайы экспедиция ұйымдастырып, 

зерттеу  жұмыстарын  жүргіземіз. 

Оған  Көкшетаудағы  жоғары  оқу 

орындары  тарих  факультеттерінің 

студенттері қатысады. Сонымен бір-

ге, ескерткіштерді зерттеуге мектеп 

оқушылары  да  үлкен  ынта  таныту-

да. Көне заманнан жеткен ыдыстар 

мен  бұйымдарды  өз  көзімен  көріп, 

қолымен ұстаған студенттің немесе 

мектеп  оқушысының  көзқарасы  тү-

гелдей өзгереді. Олар тарихымызға 

құрметпен қарайтын болады.

Елбасы  мақаласында  атап  көр-

сетілген  «Қазақстанның  киелі  жер-

лерінің географиясы» жобасына ке-

летін болсақ, біздің облысымыздың 

аумағында  ондай  ескерткіштер  аз 

емес.  Қуанарлығы,  өзге  аймақтар-

дан өзгешелігіміз, біз жыл сайын сол 

ескерткіштерді  зерттеу,  ашу  және 

сақтау  жұмыстарымен  мақсатты 

айналысып  келеміз.  тарихымызды 

жаңғырту,  жас  ұрпақты  отансүй-

гіштікке  тәрбиелеу  және  жоғарыда 

айтылып  кеткен  ұлттық  бірегейлі-

гімізді сақтау үшін де бұл өте қажет 

деп санаймын. 

Талғат ыбырАев: 

– Осы арада мына бір жайға на-

зар аударғым келеді, біздің елімізде 

әлі күнге дейін археологиялық зерт-

теулер жүргізу жөніндегі арнайы заң 

жоқ.  Мәселен,  біз  тарихи  ескерт-

кіштердің сақталуына жауап беретін 

қадағалаушы органбыз, сондықтан, 

археологиялық зерттеу жұмыстарын 

жүргізуге  құқығымыз  жоқ.  Оны  та-

рихи-өлкетану музейлерінің ғылыми 

мамандары  жүргізуі  тиіс.  Ал,  олар 

бүгінгі күні мұндай зерттеу жұмыста-

рымен  айналыспайды.  Сондықтан, 

депутаттарымыз  осындай  заңды 

қабылдауға  назар  аударса  деген 

тілегім бар. Елбасы мақаласында кө-

терілген жобаны жүзеге асыру үшін 

де мұндай заң қажет деп ойлаймын. 

–  Мақалада  көтерілген  ең 

маңызды  мәселенің  бірі  –  ла-

тын әліпбиіне көшу жайы. Енді 

осы  мәселеге  байланысты  пі­

кірлеріңізді айта кетсеңіздер.

сәбит ЖәмбеК: 

–  латын  әліпбиі  бізге  жат  емес, 

өткен  ғасырдың  отызыншы  жылда-

рында латын әліпбиі пайдаланылды. 

Бірақ, кейінірек кириллицаға көштік. 

Бұл  да  сол  кезде  саяси  жағдайдан 

туындаған  қадам  болды.  Қазір  Қы-

тайдағы қазақ бауырларымыз Ахмет 

Байтұрсынов жасаған араб әліпбиін-

дегі төте жазуды пайдалануда. Олар 

да  біраз  уақыт  латын  әліпбиінде 

болған.  Дегенмен,  бізге  қазір  төте 

жазу  емес,  латын  әліпбиі  қолайлы 

болып тұрған сияқты. Өйткені, латын 

әліпбиі – бұл  интернет тілі. Біз қазір 

электронды  пошта  арқылы  хабар-

ласа  алмаймыз,  өйткені,  қазақтың 

өзіне  тән  төл  әріптерінің  таңбасы 

түспей  қалып  жатады.  Ал,  латын 

әліпбиіне  көшсек,  ондай  қиындық 

болмас еді. Мұның тағы бір қолайлы 

жағы: қазіргі күні түркия, Әзірбайжан 

және Өзбекстан мемлекеттері латын 

әліпбиін пайдаланады. Біз де соған 

көшсек,  онда  олардың  газет-жор-

налдарын  оқып,  түсіне  алуға  мүм-

кіндік болар еді. Яғни, түбі бір түрік 

бауыр ларымыздың  арасын  жақын-

дата түсетін болады. Сонымен бірге, 

латын әліпбиін меңгеру арқылы қазір 

әлемге  кең  таралған  ағылшын  тілін 

үйренуге  де  жеңілдік  туады  дейтін 

пікірлер бар. 

Десе  де,  таяқтың  екі  ұшы  бо-

латыны  сияқты,  мұның  бір  көңілге 

күмән  ұялататын  қиындау  тұстары 

да жоқ емес. Мектепте оқып жүрген 

балалар латын әліпбиін тез меңгеріп 

кетер-ау, бірақ, көзін кириллицамен 

ашқан  аға  ұрпақ  өкілдері  қайтпек? 

Олар  оқу-жазуды  меңгергенімен, 

бұрынғыдай  жылдам  оқу  техника-

сынан айырылып қалуы мүмкін. Сон-

дай-ақ, орыс алфавитімен жазылған 

миллиондаған томдық мол кітап қо-

рымызды  қайтеміз?  Оларды  бүгінгі 

ұрпақ  қалай  пайдаланады?  Міне, 

осындай мәселелерді шешсек, латын 

әліпбиі бізге, келешек ұрпағымызға 

игілік әкелері анық.



– Мақалада көтерілген тағы 

бір  маңызды  мәселе:  «Қа-

зақстанның  100  жаңа  есімі» 

жобасы.  Осы  жоба  туралы  не 

айтасыздар?

сәбит ЖәмбеК: 

–  Әр  өңірде  елге  еңбегімен, 

өнерімен, қабілетімен танылған ай-

тулы тұлғалар болады. Еліміз тәуел-

сіздігін  алғаннан  кейінгі  жылдарда 

елге,  халыққа  еңбегі  сіңген  ондай 

адамдарды  жұртшылыққа  танытып, 

еңбегін  көрсетіп  насихаттауға  ар-

налған  жоба  деп  ойлаймын  мұны. 

Арамызда  жүрген,  жұртқа  танымал 

ондай жандарды насихаттау арқылы 

жас  ұрпаққа  елжандылықты,  отан-

сүйгіштікті, еңбекқорлықты, басқа да 

жақсы қасиеттерді бойларына сіңіру-

ге  жағдай  жасалатыны  анық.  Бірақ 

та, осы арада мынадай бір күмәнді 

ой  келеді,  жүз  есімнің  тізіміне  кім-

дерді кіргізуге болады, оған қандай 

өлшем  алынуы  керек?  Әртістеріміз 

бар, ақын-жазушыларымыз бар, ға-

лымдарымыз  бар,  басқа  да  атақты 

адамдарымыз аз емес. Ертең жұрт-

шылық арасында «анау неге тізімге 

кірмей қалды, мынау неге жоқ, ана 

кісі лайықты емес еді» деген сөздер 

шығып жүрмей ме? Осы жағына да 

назар аударған жөн сияқты. 

болат ЖАнәділов: 

–  Осы  Көкше  өңірінде  жүз  жаңа 

есім тізіміне кіруге лайықты адамдар 

аз  емес.  Менің  ойымша,  ондай 

адамдар ең алдымен халық үшін игі 

істер  жасаған,  еліміздің  дамуына 

лайықты  үлес  қосқан  жан  болуы 

тиіс. Мәселен, менің ойымша, осын-

дай тізімге бүгінде бизнесін тастап 

кетсе де, облысымыздың ғана емес, 

еліміздің өндірісінде үлкен орны бар 

«Көкшетау  минералды  сулары»  АҚ-

тың  негізін  салушы,  тақыр  жерден 

бастап  осындай  алып  компанияны 

аяғынан  тұрғызған  Асқар  Әлиевті 

кіргізуге  болар  еді.  Ол  іргесін  қа-

лаған  компания  қазір  облыс  бюд-

жетіне  миллиардтап  түсім  беріп 

отыр.  Сондай-ақ,  жергілікті  жер-

лерде  үлкен  шаруашылықтардың 

тізгінін  ұстап,  халықты  жұмыспен 

қамтып, сол елді мекендердегі мек-

теп,  клуб,  дәрігерлік  амбулатория 

сияқты  әлеу меттік  мекемелер ді 

ұстап  отырған,  жұртшылыққа  бас-

қа  да  көмектерін  беріп  тұратын 

кә сіпкерлер  де  осындай  құрмет-

ке  лайықты  деп  білемін.  Жобаға 

байланысты  Елбасы  мақаласында 

«Қазақстанның  100  жаңа  есімі»  тек 

республикалық  деңгейде  ғана  жа-

салмай, өңірлік жобаларда да жаса-

луы қажеттігі айтылған. Сондай өңір-

лік жобамызға енгізілетін есімдерді 

жер-жерден  анықтап,  олар  туралы 

БАҚ арқылы халыққа таратып, соғыс 

ардагерлеріне  арнап  шығарылып 

жатқан «Естелік кітап» сияқты кітап-

тар  шығарсақ,  мұның  жас  ұрпаққа 

берер тәлімі аз болмас еді. 



– Келелі мәселеге пікір қос­

қандарыңызға рақмет.

қалкөз ЖҮсіП,

«заң газеті»

АҚМОлА ОБлыСы



(Соңы. Басы 1-бетте)

рихи-өлкетану музейлеріне тапсыр-

дық. 

–  Тарихи  ескерткіштерді 

ашу,  сақтау  бағытында  біраз 

шаруалар атқарып жатыр екен-

сіздер, дұрыс­ақ. Бірақ, тарихи 

ескерткіштерді  жас  ұрпаққа 

таныстыру, сол арқылы олар-

дың бойындағы отансүйгіштік, 

туған жерін қадірлеушілік деген 

қасиеттерді  орнықтыру  бағы-

тында не істеп жатырсыздар?

сәбит ЖәмбеК

Талғат ыбырАев

болат ЖАнәділов

Айсұлу Кеңесқызы

серік ысқАқов


5

zangazet@maiI.ru



№31 (2956) 

25 сәуір 2017

ТҰҒЫР

Алтын көпір



ТӨРАҒА ДӘРІСІ СОТТАҒЫ 

ЖАҢАЛЫҚТАРҒА АРНАЛДЫ 

Кездесу

(Соңы. Басы 1-бетте)

 – Заң жобасындағы өзегерістер қоғам көңілінен 

шығады деп ойлайсыз ба?

– Бұл құжат Бюджет, Әкімшілік құқықбұзушылық 

туралы кодекстерге, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін 

қорғау және пайдалану туралы», «Мәдениет туралы» 

және тағы басқа заңдарға өзгеріс енгізуді көздейді. 

Заң аясында жоғарыда айтып кеткенімдей, біраз мәсе-

лелер қамтылып отыр. Өздеріңіз білесіздер, бүгінде 

Парламент жаңа форматта жұмыс істеп жатыр. Заң 

шығару ісіне Парламент депутаттары мен құзырлы 

орын өкілдерімен қатар үкіметтік емес ұйымдар, қоғам-

дық бірлестіктер, саяси партиялар, олардың ішінде 

оппозициялық партия өкілдері, тәуелсіз сарапшылар 

тартылып, олар құжатты талқылау барысында өздерінің 

ұсыныс-пікірлерін  қосуда.  Заң  жобасы  бойынша 

құрылған жұмыс тобы құжатта қамтылған мәдениет 

мекемелерінің бірқатарында болып, олардағы қалып-

тасып отырған  проблемаларды зерделеді, жер-жердегі 

жағдайды  сараптап, мамандар пікірін тыңдап, зиялы 

қауым өкілдеріне құлақ салып, заң жобасында осы 

жұмыс барысында айқындалған мәселелерді қамтуға 

тырысты. Мәселен, заң жобасында театрға қатысты 

мәселені толыққанды қамту үшін Алматы мен Аста-

надағы және аймақтағы  бірнеше театрға  бардық. 

Көпшілікпен бірлесіп жасалған жобаның көп көңілінен 

шығарына күмән жоқ.

– Заң жобасындағы театр қызметкерлерінің жа-

лақысына қатысты мәселені шеше алмапсыздар. Неге? 

Отыз-қырық мыңның айналасында жалақы алатын 

біздің театр ұжымдары күн көру үшін той жағалап, аса-

ба болып жүр. Мұндай жағдайда олардың толыққанды 

жұмысы, беделі жайлы не айтуға болады?

– Жалпы, театрлардың мәселесі қолданыстағы 

заңда жан-жақты қаралған. Дегенмен, театр шығар-

машылықпен жұмыс істейтін ерекше сала ғой. Сон-

дықтан, онда директормен қатар көркемдік жетекші 

болады. Өкінішке қарай, осы екі лауазым иесінің  көп 

жағдайда бастары бір қазанға сыймай жатады.  Негізі, 

қолданыстағы еңбек кодексінде театр үшін бір адам 

ғана жауап беретіндігі нақты дәйектелген. Дегенмен, 

бұл саланың өз ерекшелігін ескере отырып, қаралып 

жатқан заң жобасына тайға таңба басқандай нақты 

жауапты адамды көрсету қажет деген байламға келдік. 

Енгізіліп отыр ған өзгеріс бойынша енді театрдағы 

негізгі лауазымды тұлға директор болып, ол барлық 

қаржы-шаруашылық, ұйымдастыру мәселесіне жау-

апты болады. Бірақ, көркемдік мәселесіне көркемдік 

жетекші иелік етеді және кеңес құрады. Сонымен 

қатар, осы құжат аясында олардың өз қаражаттарына 

гастрольге шығып немесе сырттан маман шақырып, 

өз тәжірибелерін жетілдіре алатын мүмкіндік жаса-

дық. Осылайша, оларға көркем фильм түсіру немесе 

қойылымдарға  дайындалу  барысында  туындаған 

идеяларды жүзеге асыру мақсатында қосымша қаржы 

жұмсау құқығын да бердік. Өйткені, мемлекеттік са-

тып алу ісіндегі қабылданған ережеге сай  бұл тұрғыда 

қиындықтар бар еді. Онда аталмыш мәселені шешуге 

айына бірақ рет рұқсат етіледі. Театрлар оны бұза 

отырып, жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл қаржы тәртібін 

бұзушылық болғасын заңға сай жауапкершілік арқа-

лауға тура келеді. Үкіметпен ақылдаса отырып, осы 

жағдайды жаңа құжатта реттедік. Мұның бәрі біздің 

театр, кино өнерін мүмкіндігінше жаңа бағытта да-

мытып, сапасын көтеру мақсатында жасалып отырған 

шаралар. Әрине, бұған қоса сала қызметкерлерінің 

жалақысын да көтеру шешілгенде нұр үстіне нұр 

болар еді. Алайда, бұл мәселе тек бюджетке қатысты 

заңнамада қарастырылатын болғандықтан мүмкінді-

гіміз келмеді. Театрдың мәселелерін айта берсек, аз 

емес. Алайда, олардың бәрін шешу қаржыға байла-

нысты.  Осы заңды  қарау барысында Үкіметке жеті 

рет жібердік. Сонда да бірқатар мәселелер шешілмей  

қалды. Алдағы уақытта олар тағы да басқа құжаттар 

аясында қамтылады деген үміттеміз.

С.Аманжолов  атындағы  Шығыс  Қазақстан 

мемлекеттік университетінде Шығыс Қазақстан 

облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров заң 

факультеті студенттеріне дәріс оқыды. Аталмыш 

шара судьялардың VII съезіндегі тапсырмаларды 

жүзеге асыруға, яғни, қоғамды құқықтық тәрбие-

леуге бағытталған. Осы орайда Шығыс Қазақстан 

облысы соттарының қолға алуымен жоғары оқу 

орындарында құқықтық айлық өткізілуде.  

Судьялардың  VII  съезінің  қорытындысы 

бойынша қоғамды құқықтық тәрбиелеу негізінде 

тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Х.До-

смұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік уни-

верситетінде студенттермен кездесу өтті. Аталған 

шараға Атырау облыстық сотының төрағасы 

М.Бектұрғанов, судьялар Р.Аққұлова және Ж.Ма-

дьярова қатысты.

Кездесу барысында облыстық соттың төрағасы 

М.Бектұрғанов университет пен судьялар корпусы көп 

уақыттан бері тығыз байланыста жұмыс жасайтынын 

айтты. Бұдан кейін Елбасының «Қазақстан – 2050» 

бағдарламасына тоқталып, Президенттің Қазақстан 

халқына Жолдауындағы өзекті ұсыныстарды студент-

терге түсіндіріп өтіп, соның ішінде, адами капиталдың 

дамуына, сот жүйесіндегі реформалардың негізгі қо-

рытындыларына ерекше мән берді.

Сот жүйесінің басқа да жетістіктері тура лы облыс-

тық соттың судьялары Р.Аққұлова мен Ж.Мадьярова 

айтып, студенттермен әңгімелесуде оларды азаматтық 

және қылмыстық заңдылықтарға енгізілген өзгерту-

лермен, соттарда жаңа инновациялық технология-

ларды қолданумен, судья лауазымына кандидаттарға, 

қызметтегі судьяларға, отставкадағы судьяларға қойы-

латын  жаңа талаптармен таныстырды.



Атырау облыстық сотының 

баспасөз қызметі

ЗИМАНОВ ОҚУЛАРЫ 

Игі іс 


Маңғыстау  облыстық  сотының  бастамасымен 

құқықтық  сауаттылық  айлығы  аясында  Ш.Есенов 

атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және 

инжиниринг университетінде «Зиманов оқулары» өтті. 

Заң ғылымының докторы, профессор Салық Зимано-

втың ғылыми шығармашылығы мен өміріне арналған 

жиынға қатысушылар құнды мәліметтерді ортаға салды. 

Студенттер заң ғылымының заңғары туралы арнайы 

дайындалған слайд көрсетті. 

С.Зимановтың 1990 жылы Қазақ мемлекеттігі мен 

қазақ халқының тарихында шешуші рөл атқарған «Қа-

зақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклара-

циясының» жобасын дайындау жөніндегі комиссияны 

басқарғанын, 1991 жылы «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі 

туралы» Конституциялық заңның жобасын дайындау 

жөніндегі комиссияның жетекші мүшелерінің бірі 

болғанын студенттер жарыса баяндап, профессордың 

қазақ тарихындағы айшықты орны туралы айтты. Со-

нымен қатар, Салық Зиманұлының көзін көріп, дәрісін 

тыңдап, сұхбаттас болған судьялар, атап айтқанда, 

Маңғыстау облыстық сотының судьясы Г.Бақытжанова, 

Г.Иманғалиева, Мұнайлы аудандық сотының төрағасы 

Б.Елемесовтер профессордың заң ғылымына қосқан 

үлесі туралы ғана емес, оның табиғаты, адамгершілік 

қасиеттері мен қабілеттері туралы әңгімеледі. 

–  Салық  Зиманұлы  қазақ  халқының  құқықтық 

жүйесін зерттеп, билер мен шешендердің билік өнерін 

бүгінгі ұрпаққа жеткізген ғалым. Қазақстан егемен ел 

болғаннан кейін де мемлекеттің Конституциясы мен 

қолданыстағы заңдарын қабылдау және жетілдіру мақ-

сатында көп тер төкті. Республика Жоғарғы кеңесінің 

депутаты,  Комитет  төрағасы  және  Жоғарғы  кеңес 

Төралқасының мүшесі бола жүріп, ел үшін аса маңызды 

заңдардың жүйелі жасалып, орнықты бекітілуіне атса-

лысты, – деді Г.Бақытжанова. 

Келелі басқосуда академик С.Зимановтың мемле-

кеттік билікке кәсіби маман ретінде қатысып, заң шыға-

рушылық қызметке үлес қосуы жеке зерттеуді талап 

ететіні айтылып, ғылым жолындағы студенттер мен 

оқытушыларға бағыт-бағдар ұсынылды. 

Мұнан әрі аймақтағы құқықтық сауаттылық ай-

лығы Маңғыстау облыстық соты судьяларының сту-

денттер алдында түрлі өзекті тақырыптар бойынша 

дәріс оқуымен толықтырылып отырды. Нақты ай-

тқанда, судьялар Х.Қаженова мен Н.Комаровалар «Су-

дьялық Әдеп кодексі» тақырыбында студенттерге дәріс 

оқып, аталған заңның «100 нақты қадам» Ұлт жоспа-

рының 19-қадамын орындау мақсатында венеция лық 

комиссия сарапшыларының, сот корпусы мен құқықта-

нушы ғалымдардың ой-пікірлері мен көзқарастары 

және басқа да халықаралық құжаттардың ережелері 

негізінде әзірленгенін түсіндірді. Ал, судья Г.Иманға-

лиева  «Даулардың  жекелеген  санаттары  бойынша 

дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді 

енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» 

дәріс оқып, қатысушыларға татулас тыру рәсімдерінің 

қолдану аясын кеңейту, халықтың дауларды соттан 

тыс реттеуге қызығушылығын ояту мәселелерін бірге 

талқылады. 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 0.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет