АҢдатпа 8-бет 6-бет


Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының



жүктеу 0.54 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата07.06.2017
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3   4   5   6

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының 

баспасөз қызметі

борышкер көлік жүргізу құқығынан да айырылады. Алда 

борышкерлермен күрес күшейе бермек.

Б.САИМОВА,

Қызылорда облысы Әділет 

департаментінің баспасөз хатшысы

ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛУДЫҢ 

ШЕШІМІ ТАБЫЛДЫ



№31 (2956) 

25 сәуір 2017

3

zangazet@mail.ru



қоғам

Бүгінгінің бас тақырыбы

Қорғаныс саласында 

Қордаланған мәселе көп

Мәселе

еліміз  Қарулы  күштерінің  бү-



гінгі  таңдағы  өзекті  мәселелері 

талқыланған  бұл  жиында  Қорға-

ныс  министрі  сәкен  Жасұзақов 

депутаттар  алдында  есеп  беріп, 

саланың  жетістіктері  мен  кемшілігі 

жайлы  баяндаған  болатын.  елба-

сымыз  құрған  Қарулы  күштеріміз 

биыл өзінің 25 жылдығын атап өтеді 

екен. министрдің айтуынша, бүгінгі 

таңда  еліміздің  Қарулы  күштері 

Құрғақ  жол  әскері,  әуе  Қорғаныс 

күштері  және  соғыс-теңіз  күштері 

сынды үш бөлімнен тұрады. Қарулы 

күштердегі әскер қатарын толықты-

ру  шақыру  және  шарт  бойынша 

жүзеге  асады.  Бүгінгі  таңда  оның 

толықтырылуы 93 пайыз деңгейінде. 

офицерлер,  сонымен  қатар,  сер-

жант  және  қатардағы  құрам  бөлігі 

шарт  бойынша  жасақталған.  Бұл 

барлық әскердің 82 пайызы кәсіби 

жауынгерлер деген сөз.

елбасының тапсырмасымен же-

дел  қызметке  шақырылатын  аза-

маттар  қатары  кезең-кезеңімен 

артып келеді. Былтыр бұл көрсеткіш 

бұрнағы жылдан екі мың адамға кө-

бейіп, барлығы он мың азамат әске-

ри қызметке шақырылды. олардың 

қатары  биыл  да  екі  мың  адамға 

көбеймек.  министр  мырзаның  ай-

туынша,  бұл  жастарға  патриоттық 

тәрбие  беру,  оларды  жұмыспен 

қамту  және  жұмылдыру  ресурсын 

толықтыру  мәселелерін  оңтайлы 

шешудің  мүмкіндігі  болып  отыр. 

әскери дайындықтың қарқыны бес 

есеге  артты.  мұнда  негізгі  уақыт 

тәжірибелік сабақтарға бөлінеді.  

министр Қарулы күштер саласы-

ның әскери техникамен жабдықта-

луына  да  тоқталды.  Жасұзақов 

мырзаның айтуынша, қорғаныс са-

ласын үзіліссіз тұрақты түрде мате-

риалдық-техникалық жабдықтармен 

қамтамасыз ету үшін осы шараның 

біріктірілген жүйесін құру жұмыста-

ры қолға алынып, бүгінде ол аяқта-

луға  жақын  қалыпты.  материал-

дық-техникалық жақтан қамтамасыз 

етудің аймақтық қағидаты бойынша 

оның тактикалық деңгейінен бастап 

стратегиялық  деңгейіне  дейінгі 

жұмылдырушы және стационарлық 

компоненттері құрылған екен

 елімізде 12 тәулік бойына соғыс 

әрекеттерін  жасауға  мүмкіндік  бе-

ретін  материалдық  жабдықтардың 

әскери  және  жедел  қорларын  жа-

сақтау мақсатты түрде жолға қой-

ылған.  Бұған  қоса,  стратегиялық 

қорларды  құру  бағытында  жұмыс-

тар  жүргізілуде.  өйткені,  соғыс 

жанжалдарының тәжірибесі әскерді 

отыз  тәулік  бойы  қамтамасыз  ету 

қажеттігін көрсетіп отыр. 

Қорғаныс  күштері  қызметіндегі 

келесі  бағыт  әскери  білім  жүйесін 

дамыту  болып  отыр.  министрдің 

айтуынша, Ұлт көшбасшысы атын-

дағы Ұлттық қорғаныс университеті 

стратегиялық, жедел стратегиялық 

және басқару буынының жедел так-

тикалық  мамандарын  даярлаудың 

жаңа  сапалық  деңгейіне  көтерілді. 

әскери  мамандық  иеленгендер 

қатары  былтырғы  214  адамнан 

352-ге  артыпты.  Жыл  сайын  2000 

әскери  қызметкер  және  Қарулы 

күш қызметкері, басқа әскер және 

әскери  құрылым  қызметкерлері 

дайындықтан  өтеді. аталмыш  уин-

верситетте ұлттық гвардия факуль-

тетімен  қатар,  шекаралық  қызмет 

факультеті  ашылды.  сол  секілді, 

Құрғақ  жол,  әуе  күштері,  инсти-

туттарынан шығып жатқан кадрлар 

да  аз  емес.  Жыл  сайын  еліміздің 

әскери  институттарында  650  офи-

цер  дайындалады  екен.  ақпарат-

тық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету 

мақсатында радиоэлектроника мен 

байланыстың  әскери-инженерлік 

институты құрылған. 

министр  әскерилердің  әлеу-

меттік-тұрмыстық  мәселесіне  де 

тоқталды.  Жасұзақов  мырзаның 

айтуынша,  оларды  тұрғын  үймен 

қамтамасыз  ету  жоспарлы  түрде 

жүзеге  асуда.  дегенмен,  бүгінгі 

таңда  38  мың  әскери  қызметші 

тұрғын  үй  кезегінде  тұр.  Жалпы, 

министрдің сөзінен түйгеніміз, Қа-

рулы  күштер  саласының  өзекті 

мәселесі  –  қаржының  тапшылығы. 

саланың  бюджеті  оның  нақты  қа-

жеттілігіне  сай  емес.  Жыл  сайын 

бөлінген қаржы әскери доктринада 

айқындалған Ішкі жалпы өнімнің бір 

пайызы  деңгейіне  жетпей  қалады. 

ал,  алдағы  2018-2019  жылдарда 

оның  көлемін  0,73  пайызға,  яғни, 

Ішкі  жалпы  өнімнің  0,62  пайызына 

дейін азайту көзделіп отыр. 

егер  жыл  сайынғы  қаржылан-

дыру  деңгейі  Ішкі  жалпы  өнімнің 

бір  пайызына  жетсе,  Құрғақ  жол 

әскерінің, әуе қорғаныс және әске-

ри-теңіз  күштерінің  әлеуетін  за-

манауи  техникалармен  жабдықтау 

арқылы арттырып, әскери қалалар-

дың тозығы жеткен қорларын жаңа-

лап,  қызметкерлердің  әлеуметтік 

мәселелерін шешуге қол жетер еді. 

Қарулы күштерді қаржыландыру-

дың өзектілігі депутаттар пікірінен де 

аңғарылды. соңғы жылдары ауған-

станда,  Иракта,  Украинада  болып 

жатқан  шайқастар  қазіргі  әскери 

әрекеттердің сипаты мен амалдары-

ның өзгергенін көрсетеді. еліміздің 

Қарулы күштері кез келген төтенше 

жағдайға сақадай сай болуы керек. 

өйткені, жетілдірілген әскери әдіс-

терден тұратын будандық соғыс, ки-

бер, ақпараттық соғыстар, басқа да 

әскери әрекеттердің қалыптан тыс 

жолдары кеңінен таралуда. депутат 

мәулен  әшімбаев  қазақстандық 

әскерді  қарудың  заманауи  түр-

лерімен қайта қаруландыру аясында 

отандық кәсіпорындар әлеуетін кеңі-

нен пайдалану қажеттігін атап көр-

сетті. өкінішке қарай, бұл көрсеткіш 

бүгінде 25 пайыз деңгейінде ғана. 

мәулен сағатханұлының айтуынша, 

бұл  ретте  Қарулы  күштерді  қару-

ландыруда қазақстандық мазмұнды 

арттыру қажет. ол үшін кәсіпорын-

мен ұзақ мерзімді шарт жасасу өте 

маңызды. 

депутаттар  тарапынан  көтеріл-

ген  тағы  бір  мәселе  –  бейбітшілік 

уақытында  әскери  емес  шығын-

дарға  жол  берілмеудің  өзектілі-

гі.  өкінішке  қарай,  бүгінде  көбіне 

командирлердің  өз  міндеттеріне 

салғырт қарауы салдарынан әскери 

қызметкерлердің  бейбіт  уақытта 

қаза болуы жиілеп кетті. депутаттар 

осы ретте биылғы жылдың 17 ақпа-

нында Жамбыл облысының  көксай 

шатқалында  көшкін  салдарынан 

тау-егерь полкінің жеті әскери қыз-

меткерінің ажал құшқанын мысалға 

келтірді. Бұрнағы жылдары да осын-

дай  қайғылы  жағдайлар  болды. 

мұның бәрі халық қалаулыларының 

айтуынша, апаттардың алдын алуда 

жүйелі  жұмыстардың  жолға  қой-

ылмағанын  көрсетеді.  Тоқ  етерін 

айтқанда,  Қарулы  күштер  саласы 

уақыт ағымы, замана талабына сай, 

өз жұмыстарын жетілдіруі қажет.



А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА,

«Заң газеті» 

Қ

ыста  қар  қалың  жа-

уып, көктемде су тас­

қыны  қаупі  күшті  болады 

деп  дайындық  жасалға-

нымен,  ақмолалықтар  та-

биғат  апаты  дәл  осылай-

ша тұтқиылдан келіп, қапы 

қалдырады  деп  күтпеген 

еді.  Миллиондаған  қаржы 

бөлініп, мұзды жарып, өзен 

жағасына дамба тұрғызға-

нына  қарамастан,  табиғат 

апаты өз дегенін істеді. Ауа 

райының  күрт  жылын уы, 

оған  қоса  көктемде  әлсін­ 

әлсін жауған қар апат қаупін 

күшейте түскен. 

әсіресе,  16-17  сәуірде  жағдай 

күрт  қиындап,  облыстың  12  ауда-

нындағы    35  жолды  су  алып  кетті, 

сондай-ақ, 34 елдімекенге су жай-

ылды.  Бүгінге  дейін  облыста  900-

ден  астам  үйді  су  алды.  Төтенше 

жағдайлар  қызметі  мен  жергілікті 

атқарушы органдардың жедел ша-

ралар  қолдануының  арқасында 

2403 тұрғын мен 2206 үй жануары 

қауіпсіз  жерге  жеткізілді.  Қазіргі 

күні  су  астында  қалған  318  үйдің 

суы сорылып алынды. осыған орай, 

307 адам өз тұрғын үйлеріне қай-

та оралған. дегенмен, әлі де 1619 

тұрғын қауіпсіз орындар мен туыс-

тарының  баспанасын  паналауда. 

апат  салдарымен  күреске  1055 

адам,  263  техника  мен  11  жүзу 

құралы жұмылдырылған. 

Бас прокуратурада Қр мемлекеттік 

хатшысы  Гүлшара  әбдіхалықованың 

төрағалығымен  «Тұрмыстық  зор-

лық-зомбылықтың  алдын  алу  сала-

сындағы Қазақстан республикасының 

заңнамасын жетілдіру» тақырыбында 

Ұлттық  комиссияның  Қр  президенті 

жанындағы  тұрмыстық  зорлық-зом-

былықтың  алдын  алу  мәселесі  бой-

ынша әйелдер және отбасы-демогра-

фиялық  саясат жөніндегі кеңейтілген 

көшпелі отырысы өткен-ді. Ішкі істер 

министрі  Қалмұханбет  Қасымов, дін 

істері және азаматтық қоғам министрі 

нұрлан ермекбаев, мәжіліс депутаты 

Владимир  Божко  және  басқалар  қа-

тысқан жиында Гүлшара әбдіхалықо-

ва  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың 

қоғамға шектіріп отырған орасан зор 

зиянын сөз еткен болатын. 

Жиындағы әңгіме жай ғана жалпы-

лама сөзбен өрбімей, статистикалық 

мәліметтер  мысалға  келтірілді.  сан-

дарға қарап мәселенің мәз еместігін 

аңғаруға  болады.  олай  дейтініміз, 

нәзік  жандыларға  қатысты  қылмыс 

былтырғы  ахуалмен  салыстырғанда 

биыл 90 пайызға өскен. көшпелі оты-

рыста  айтылған  деректерге  сенсек, 

отбасындағы әрбір үшінші қылмыс кісі 

өлтірумен аяқталады екен. 2016 жы-

лы 36 әйел «өз үйі – өлең төсегінде» 

өмір мен қош айтысқан. әңгіме «аса-

рын асап, жасарын жасап», ұлын ұяға, 

қызын қияға қондырып барып дүние 

салғандар жайлы емес. Былтыр тұр-

мыстағы  зорлық-зомбылықтың  құр-

баны болғандардың ішінде 1 бала бар. 

Қала берді, 2481 әйел мен 851 бала 

зорланған.  отбасындағы  ойранның 

кесірінен 742 әйел, 175 жасөспірім өз 

өмірін өзі қиюға мәжбүр болған. 

Біз көшпелі отырыста басқалардан 

гөрі Бас прокурор ортаға салған ұсы-

ныстарға  орын  бермекпіз.  әуелгісі, 

жастарды қарапайым кәсіп түрлеріне 

үйретіп, қабілетін ашу, масылдық пси-

хологиядан арылту мақсатында мек-

тептерге арнайы курс енгізіп, кәсіпке 

пайдалы пәндерді оқу процесіне қосу. 

елбасының «Болашаққа бағдар: руха-

ни  жаңғыру»  мақаласында  айтылған 

қасиеттерді  жастарға  сіңіру  үшін 

мектептерге отбасы, этика және отба-

сылық өмірдің психологиясы негіздері 

бойынша пәндер енгізу – екінші жол. 

Үшіншісі  неке  және  отбасы  тура-

лы,  қылмыстық,  әкімшілік  кодекстер 

секілді  тиісті  заңнамаларды  өзгерту. 

Төртіншіден, Бас прокуратура, әділет, 

ақпарат және коммуникациялар, мә-

дениет  және  спорт,  дін  істері  және 

азаматтық қоғам министрліктері де өз 

бағыттары бойынша профилактикалық 

жұмыстар  жүргізуі  тиіс.  Тұрмыстық 

зорлық-зомбылықтың  алдын  алуда 

мемлекеттік  органдар  жүргізген  жұ-

мыстардың  тиімділігін  бағалайтын 

жаңа  индикаторлар  енгізу  бесінші 

мәселе.  алтыншысы,  орталықтан-

дырылған  және  аймақтық  деңгейде-

гі  қаржыландыру  мәселесін  дұрыс 

жүйелеп,  отбасымен  жұмыс  істейтін 

дербес құрылымдар құру қажеттілігі. 

соңғысы  Бас  прокурордың  сөзінше, 

«Зорлық-зомбылықтан  жапа  шеккен 

жәбірленушілерден гөрі, агрессорлар-

мен жұмысты күшейту қажет. Жылда 

5 млрд теңге қажет ететін айықтыр-

ғыштардан гөрі, психологиялық орта-

лықтар құрған дұрысырақ». 

отбасылық кикілжіңдерді болдыр-

маудың  осындай  жеті  жолын  жіпке 

тізген Жақып асанов соның аясында 

үйленем  деушілерге  арнайы  курс 

ашуды ұсынды. «сүйдім-күйдім деген 

екі жас көп ұзамай үйленеді. Басында 

тамаша,  кейін  көңілдері  қалып,  дау- 

жанжалға, тіпті қол жұмсауға барады. 

арты  сот,  балаларды  бөліп  алады, 

құдалардың арасы ашылады. мүлікке 

талас  басталады.  Бүгінде  ажырасу 

жағынан  Қазақстан  алғашқы  жағым-

сыз  ондықтың  ішіне  кіреді.  Басты 

себеп, отбасы деген не, бақытты от-

басының құпиясы неде екенін жастар 

біле бермейді. сондықтан, үйленемін 

деушілерге  арналған  міндетті  курс, 

осыны  ерекше  атап  өтемін,  міндетті 

курс болуы қажет. одан өтпесе, неке 

болмауы керек», – деді ажырасушы-

лардың  көбейгеніне  алаңдаған  аса-

нов. оқушылар мен отау құрмақ ниет-

тегілерге тиесілі болуы тиіс аталмыш 

тәжірибе сауд арабиясы, малайзия, 

Италия,  латвия  және  басқа  бірнеше 

елде бар көрінеді.

мемлекеттің  мығым  болуында 

отбасылардың  алар  орны  жоқ  дей 

алмаймыз. ерлі-зайыптының арасына 

есі  кеткен  түсетіні  туралы  түсінікті 

жиыстырып қойып, Бас прокурордың 

бұған  мемлекеттік  деңгейде  назар 

аудартып жатқаны сондықтан шығар. 

алайда,  үйленбей  тұрып  алдымен 

курстан  өтуді  қазақы  сана,  болмыс-

тың қабылдауы қиын шаруа. көпұлт-

тылығымызды  ескерсек,  ұсыныс ты 

қолдайтындар  да  бар.  Қайсыбір  от-

басылық  қарым-қатынас  бойынша 

кеңесшілер мұның керекті курс екен-

дігін  айтады.  сондай-ақ,  тұрмыстық 

зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін 

үйленбей  жатып  бірге  тұратындарға 

заңмен тыйым салу қажеттігін де қа-

перге салады.  себебі, мамандардың 

пікірінше,  үш  жылдан  астам  уақыт 

некесіз бірге тұрғандардың 80 пайы зы 

аХаТ бөліміне жетпей екі айырылысып 

кетеді екен. өйткені, оларда шынайы 

отбасыға  тән  құндылық,  түсінік,  екі 

«жартыны»  бір  «бүтін»  ете  түсетін 

ортақ  мақсат  болмайды-мыс.  со-

дан  келіп  үйлену  алдындағы  «сынақ 

мерзімі» сәтсіз аяқталады. Бас проку-

рордың меңзеп отырғаны, осы «сынақ 

мерзімінің»  орнына  арнайы  курс  ен-

гізу.  ал оның дұрыс, не бұрыстығын 

әркім  өзінше  таразылар.  Тек  әлгі 

курстан өтпегендердің некесін қидыр-

мау  қаншалықты  қисынға  сыятынын 

білмедік.  Үйлену  парыз  ғана  емес, 

адамның құқы. ендеше, бұл құқыққа 

қол салу емес пе деп көңіл алаң. әри-

не, қазір отбасы ойран болып, ошағы 

сөнгендердің қатары артқанын жоққа 

шығара  алмаймыз.  Бұл  ретте  Бас 

прокурордың  алаңдауы  да  орынды. 

әйеліне  әлімжеттік  жасайтындардың 

тірлігіне қол қусырып құр қарап оты-

руға болмайтыны тағы анық. 

Бас  прокурор  бастап,  біз  қостап 

ұзақ-сонар  әңгіме  етіп  жатқан  бұл 

мәселені  қазақ  «үйлену  оңай,  үй 

болу  қиын»  деп  бір-ақ  ауыз  сөзбен 

түйіндеп кеткен. сол қиындыққа шы-

дамай, одан құтылудың жалғыз жолы 

ажырасу деп қарайтындардың қарасы 

көбейгеніне қарап, жақын болашақта 

«алтын  той»,  «гауһар  той»  жасайтын 

жұптар қалмайды-ау деген қорқыныш 

ұялайды.  ата-апаларымыз,  әке-ше-

шелеріміз отбасылық құндылықтарды 

құлаққа  құятын  арнайы  курссыз  да 

шаңырақ көтеріп, сондай тойға жетті 

емес пе. Иә, ертең Бас прокуратура-

ның  ұсынысы  қолдау  тауып,  жаста-

рымыз тіл үйрену курсына емес, жа-

па-тармағай үйлену курсына жазылып 

жатса, таң қалмаспыз.

Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

«Заң газеті»         

Төтенше жағдай

900-ден 

астам үйді 

су алды

Қар суының көбеюі мен жаңбыр 



жаууы  жағдайды  күрделендіріп, 

Жабай  өзенінің  деңгейі  күрт  кө-

терілгендіктен, 17 сәуірде төтенше 

жағдай жарияланған болатын. өзен 

жағалауында орналасқан 9 елдіме-

кеннің жанынан өтетін өзен ернеуі 1 

метрден 2 метрге дейін жоғарыла-

ды. мұндай су тасқыны соңғы рет 

1964  жылы  болған  екен.  әсіресе, 

атбасар  қаласындағы  жағдай  өте 

күрделі  болып  отыр.  өзен  деңгейі 

мұнда  6,1  метрге  дейін  көтеріл-

ді.  Қауіп  шегі  3,45  метр  екендігін 

ескерсек,  су  деңгейінің  бұлайша 

күрт  жоғарылауының  қаншалықты 

қатерлі екендігі айтпаса да түсінікті. 

Қауіпсіздік үшін тұрғызылған бөгет  

төрт жерден бұзылып, 400-ге тарта 

үйді  су  алды.  1370  адам  қауіпсіз 

аймаққа көшірілді. 2014 жылы да су 

деңгейі 2,5 метр көтеріліп, 567 үй су 

астында қалған болатын. 

Қазір нұра өзенінен ағатын су-

дың  бөгеліссіз  өтуін  қамтамасыз 

ету  үшін  мұзды  жару  жұмыстары 

қолға  алынуда.  Целиноград  ау-

данының  семеновка,  Қараөткел, 

Қоянды  және  Талапкер  ауылдары 

аумағында  өзен  суын  сорып  алу 

жұмыстары жүргізіліп жатыр. семе-

новка ауылының маңында Қалқұтан 

өзенінен  келетін  судың  еркін  өтуі 

үшін  600  метрлік  су  өткізгіш  арық 

қазылды. дегенмен,  осындай  сақ-

тық  шараларына  қарамастан,  өт-

кен  жұмада  семеновка  ауылының 

34  үйі  су  астында  қалды.  Бір  үй 

құлаған.  осыған  орай  Қр  парла-

менті  сенатының  депутаты  рашит 

әкімов  келіп,  жағдайды  көзімен 

көріп  қайтты.  атбасар  мен  сан-

дықтау аудандарындағы су басқан 

елдімекендерден су  қайтуда. өзен 

деңгейі  ақырындап  төмен  түсіп 

келеді.  Бірақ,  су  астында  қалған 

үйлердің  біразы  жарамсыз  болып 

қалған  және  тұрғындар  қажетті 

киімдері мен мүліктерінен айрылды. 

осыған орай, «нұр отан» партиясы 

бас  болып,  облыстық  мекемелер 

су тасқынынан зардап шеккендерге 

көмек қорын ашып, ақшалай-заттай 

жәрдем көрсетілуде. 

нұра  өзеніндегі  су  деңгейінің 

көтерілуі  астана  маңындағы  ел-

дімекендерге  қатер  төндіруде.  су 

тасқыны  қаупі  әлі  толық  сейілген 

жоқ.  облыста  төтенше  жағдайлар 

жөніндегі арнайы штаб құрылып, су 

тасқыны қаупі әуеден бақылануда. 



Қ.КЕЛдіҒҰЛҰЛЫ

аҚмола оБлысы



А

лдыңғыларын қайдам, қазіргі Бас прокурор Жақып Асанов 

жиі мәлімдемелерімен ерекшеленіп жүр. ішінде батылы 

да бар, тосыны да жоқ емес. Сондай бір мәлімдемесінің қоғамда 

жаңғырығы әлі басылған жоқ. Айтпағымыз, үйленуге ниеттілерді 

некесін қимай тұрып арнайы курстан өтуге міндеттеу туралы 

бастамасы. Қадағалаушы органның басшысына салсақ, ондай 

курстан өтпегендердің некесін қидырмауға да бейіл. 

ҮйленУ кУрсы 

Үй БолУды ҮйреТе ме?!

(Соңы. Басы 1-бетте)


4

№31 (2956) 

25 сәуір 2017

zangazet@mail.ru



алқа

тілге тиек болған Абайдың даналығы, 

Әуезовтің  ғұламалығы  мен  Құр-

манғазының  күйлері  –  бәрі  рухани 

мәдениетіміз.  Ол  мәдениет  барша-

мызға ортақ. Осының бәрі жиылып, 

ұлттық  бірегейлікті  құрайды.  Осы 

арада  назар  аударарлық  тағы  бір 

жай:  ұлттық  бірегейлік,  ұлттық  код 

деген тек қазақтарға ғана тән бол-

мауы  тиіс,  бұл  барша  қазақстан-

дықтарды біріктіретін, отансүйгіштік 

идея төңірегіне топтастыратын күш 

болуы  шарт.  Яғни,  елімізді  мекен 

ететін  барлық  ұлттар  мен  ұлыстар 

ортақ  мәдениеті,  дәстүрі,  тарихы 

бар  біртұтас  қауымдастық  болуы 

қажет  деп  түсінемін.  Ұлт  Көшбас-

шысы мақаласында алға басудың екі 

шартына  назар  аударып,  біріншісі, 

ұлттық код, яғни, ұлттық сипат пен 

бірегейлік  және  мәдениетті  сақтау, 

екіншісі,  өткеннің  кертартпа  тұста-

рынан бас тарту қажеттігін айтады. 

Ұлттық бірегейлік, мәдениет пен 

тарихымызды  жаңғырту  қажеттігі 

жайында айтып жатырмыз, ал, алға 

жылжуымызға  кедергі  келтіретін 

жаман  әдеттер  мен  дәстүрлер  ту-

ралы  да  әңгімелеуіміз  керек  деп 

ойлаймын.  Мәселен,  жершілдік, 

рушылдық.  Былай  қарағанда,  жер-

шілдік  деген  оншалықты  залалды 

нәрсе  емес  сияқты.  Өзінің  туған 

жерін сүю, ауылдастарын іштарту – 

жаман ба? Бірақ та, оның астарын-

дағы тамыр-таныстық, жең ұшынан 

жалғасқан бүгінде белең алып кеткен 

жемқорлық  сияқты  жаман  қасиет-

терге ол да себеп болып отырғанын 

естен  шығармағанымыз  жөн.  Руын 

білу  керек  дегенді  малданып,  жік-

шілдікке  тартуды  тәуелсіз  мемле-

кетіміздің ту ұстары болып отырған 

қазақ  ұлтының  болашағына  қатер 

төндіретін құбылыс деп білемін. 

Дегенмен  де,  өткеннің  бәрі  жа-

ман  деп  шекеден  қарауға  болмай-

ды.  Ұлттық  тәрбиенің  бүгінгі  күні 

де  маңызын  жоймаған  ұлағатты 

мұ ра лары аз емес. «Нанды аяқасты 

етпе,  көк  шөпті  жұлма,  айға  қарап 

саусағыңды кеземе, үлкеннің алдын 

кесіп өтпе» деген сияқты тыйымдар, 

қайырымдылыққа  бастайтын  «обал 

болады» дейтін тәрбиелік ұлағаттар 

арқылы қазақ кейінгі ұрпақты ізгілік-

ке тәрбиелеген. Сондықтан, өткеннің 

жақсысын алып, жаманынан жерінген 

жөн деп ойлаймын. 



–  Елбасы  мақаласында  кө-

терілген  тағы  бір  маңызды 

мәселе – білім. Үміт етіп отыр­

ған жастар Елбасы айтқан үде-

ден табыла ала ма?

Айсұлу Кеңесқызы: 

–  Жастар  еліміздің  болашағы 

десек, еліміздің ертеңгі тағдыры сол 

жастардың  қолында.  Еліміз  бола-

шақта қандай болады? Ол ел тізгінін 

ұстар жастарға байланысты болмақ. 

Сондықтан, Мемлекет басшысының 

мақаласында  айтылып  отырған  за-

ман  талабына  сай  жастарға  білім 

беру жайы өте маңызды. Өз басым 

ҰлттыҚ ҚҰНДылыҚ 

ҚАзАҚСтАНДыҚтАРДы тОптАСтыРАтыН 

Күш БОлуы шАРт

үш тұғырлы тіл саясатын толық қол-

даймын. Өйткені, қазіргі жастар үшін 

компьютер, интернет тілі саналатын 

ағылшын  тілін  меңгерудің  маңызы 

зор. Рас, алғашында мұғалімдеріміз 

тарапынан  біраз  сенімсіздіктер, 

ағылшын  тілін  үйрене  аламыз  ба 

деген  қорқыныштар  болған.  Бірақ, 

«көз  қорқақ,  қол  батыр»  демекші, 

кейін  келе  ұстаздарымызды  жаңа 

бағдарламаға  сай  дайындау  бары-

сында  қиындықтарды  жеңіп,  ойға 

алған шаруаларымызды жүзеге асы-

ра бастадық. 

Бұл  мәселені  шешуге  ш.уәли-

ханов  атындағы  Көкшетау  мемле-


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 0.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет