АҢдатпа 8-9-беттер 3-бет



жүктеу 1.17 Mb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата27.04.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Айнұр ӘБДІРӘСІЛҚЫЗЫ

«Алып анадан туады» деп дәріптейтін «жатыры асыл» 

аналарымыз өз ұрпағын өлімге қиятын жағдайға жетті. 

Сонда ертең мынау елді кім билейді? Кімнен туғандар 

билейді? Кешегі абзал ана, кешегі тіршіліктің анасы бүгінде 

ажал  себуші  «анаға»  айналды.  Ал  сіздер  ше?!  Аналар 

тажалға айналғанға дейін қайда қарадыңыздар, ақылман 

ағайын?! Ананы тажалға айналдырмас үшін не істедіңіз, 

қандай тәрбие бердіңіз, қандай қамқорлық жасадыңыз, 

қай  азабын  бөлістіңіз,  қай  қиындығын  жеңілдеттіңіз? 

Әйел-анаға жасалған қай қиянатқа тосқауыл болдыңыз? 

Баласын  қоқысқа  лақтырған  анамен  бірге  сіздің  де 

қолыңыз қан емес пе?! Қиянат біткен аспаннан түскендей 

біз неге өп-өтірік аң-таң бола қаламыз? Кеңестік кезеңдегі 

жетпіс  жылдың  жырын  айтпай-ақ  қояйын,  егемен  ел 

болған ширек ғасыр бойы шашын кесіп, кіндігін ашып, 

санын жарқыратқан қай қызымызға «тәйт» дедік?! 

№117/1 (2895/1) 

22 қазан 2016

13

zangazet@mail.ru



ТұТынушы  құқығы

Ақтөбеде  2016  жылдан  бас тап 

ыстық-салқын су, жылу мен жарыққа 

ай  сайынғы  коммуналдық  төлем 

отыз пайызға өсті. Қаңтардан бастап 

салқын  су  үшін  36,19  пайыз,  жылу 

үшін 33,51 пайыз, су бұру қызметіне 

33,51 пайызға қымбатырақ тө лейтін 

болды.

Өскеменде  де  электр  энергия-



сының  бағасы  өсті.  Жеке  тұлға-

лар  бұрынғыдан  10  пайызға  артық 

төлесе, заңды тұлғалар 9,3 пайызға 

бұрынғыдан  көбірек  шығындалады. 

Бұл  тұста  Табиғи  монополияларды 

реттеу  және  бәсекелестікті  қорғау 

департаменті  мамандарының  ай-

туынша,  монополистер  бағаны  бір-

ден  23  пайызға  көтеруді  сұраған 

көрінеді. Алайда, халықтың жағдайын 

ойлаған  шенеуніктер  оған  рұқсат 

бермепті. 



Бағаға 

тоқтам жоқ

Елімізде  тариф  тағы  көтерілуі 

мүмкін.  Себебі,  аймақтарда  ком-

муналдық  ақының  әртүрлі  болуы 

Премьер-министрді  таң  қалдырды. 

Мәселен,Тараз  тұрғындары  кәріз 

жүйесі  үшін  8  теңгеден  төлесе, 

қарағандылықтар  бұған  он  еседен 

артық,  яғни  96  теңге  төлейтін  бо-

лып шықты. Енді бұл айырмашылық 

теңестірілуі  тиіс.  Бұл  өз  кезегінде 

барлық облыста коммуналдық ақы-

ның  жаппай  қымбаттауына  әкелуі 

мүмкін. Оның үстіне, халықтың жылу, 

жарық , су тарататын мекемелердің 

алдындағы  берешегі  5  миллиард 

теңгеге жеткен. Барлық өңірде жылу, 

су, кәріз құбырларының 60-70 пайы-

зы ескірген.

Жылу есептегіш 

құралдары 

шығынды 

үнемдейді

Коммуналдық  төлемдер  ішінде 

ең  қымбаты  –жылу.  Жылу  бағасы 

әр шаршы метр үшін төленеді. Бұл 

тұтынушылардың қалтасына ауырт-

палық  түсірері  сөзсіз.  Сондықтан, 

Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  На-

зарбаевтың тапсырмасымен тұрғын 

үйлерге  арналған  жылу  есептегіш 

құралдарын жаппай орнату бойынша 

бағдарлама  қолға  алынды.  Бағдар-

лама аясында республика бойынша 

2016  жылдың  соңына  дейін  6015 

жылу есептегіш құралы орнатылады 

деп  көзделуде.  Бұл  жалпы  респуб-

ликалық  қажеттіліктің  43  пайызын 

құрайды. Бүгінгі таңда 1,5 млрд со-

маға 2275 құрал орнатылған. Тұрғын 

үйлерге  арналған  жылу  есептегіш 

құралдарын жаппай орнату бойынша 

бағдарламаны  жүзеге  асыру  үшін 

мемлекеттік бюджеттен 6 млрд теңге 

бөлінді. 

Қайсар БАЙДАЛЫ, 

«Тұрғын үй-коммуналдық 

шаруашылығы дамыту қоры» 

АҚ басқарма төрағасы: 

–  2015  жылдың  қыркүйек  ай-

ынан  бері  республика  бойынша 

1,4  млрд  теңге  сомасына  2235 

жылу есептегіш құралы орнатыл-

ды.  Ағымдағы  жылдың  соңына 

дейін  тұрғын  үйлерге  арналған 

тағы  6015  жылу  есептегіш  құра-

лын  орнату  көзделуде.  Бүгінгі 

таңда  «ТКШ  дамыту  қоры»  АҚ 

және  «Еуропа  қайта  құру  және 

даму банкі» мандаттық хатқа қол 

қойды.  Құжатта  12,2  млрд  теңге 

со масына кредиттік келісім қарас­

тырылған, оның ішінде 10,2 млрд 

теңгесі ­ тұрғын үйлерге арналған  

жылу есептегіш құралдарын орна-

туға, ал 2 млрд теңге – атвомат­

тандырылған  жылу  бекеттерін 

орнатуға  және  жылу  мен  суды 

коммерциялық  есептеудің  авто-

маттандырылған жүйесін енгізуге 

бағытталатын болады.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 

Тұрғын үйлерге арналған жылу есеп-

тегіш  құралдарын  жаппай  орнату 

өңірлерде  де  қарқынды  жүргізіліп 

жатыр. Өйткені, жылу есептегіш құ-

ралдар тұрғындарға ақша үнемдеуге 

мүмкіндік  береді.  Мәселен,  Шым-

кент  қаласы  бойынша  тұрғындар 

пайдаланылған жылудың әр шаршы 

метрі үшін 86,6 теңге төлейтін бол-

са, есептегіш құралдары бар тұрғын 

үйлерде бұл көрсеткіш 40,9 теңгеге 

тең болуда. 

П а в л о д а р д а   1 3 3 4   т ұ р ғ ы н 

үй  орта лықтандырылған  жылуға 

қосыл ған  болса,  соның  338-інде 

есепте гіш  құралдары  орнатылған. 

Қазір гі уақытта Елбасының тапсыр-

ТАрифТі ТЕЖЕугЕ 

НЕ КЕдЕргі?

туынша,  есептегіш  құралдарын  са-

тып  алу  көпшілік  шарты  негізінде 

жүзеге  асырылып,  оны  тұрғындар 

атынан басқару компаниясы жасай-

ды.  Бұдан  басқа,  пәтер  иелерімен 

жазбаша сұрау салу арқылы шешім 

қабылдауға болады. Егер тұрғындар-

дың жартысынан көбі дауыс беретін 

болса,  онда  мәселенің  шешімі  та-

былды деп есептеледі.

Жылу есептегіш құралының кеп-

ілдік  мерзімі  –  12  жыл,  ал,  тексеру 

аралығы – 4 жылды құрайды.



Коммуналдық 

қарыздар – 5 млрд

Бүгінгі  таңда,  қазақстандықтар-

дың коммуналдық қарызы 5 милли-

ардқа жуықтаған. Бұл туралы Үкімет-

тің селекторлық жиынында айтылды. 

дебиторлық  берешектің  көлемі  ар-

тып тұрған өңірлер қатарында Алма-

ты көш бастап тұр. Оңтүстікастана-

лықтардың  коммуналдық  қарызы  2 

млрд  теңгеден  асып  жығылған.  Ал, 

бас  қаламыздың  тұрғындарының 

берешегі 1 миллиардқа жуықтаған.

Коммуналдық қарыздар – кәсіп-

орын  басшыларының  бас  ауруы-

на  айналған  өзекті  мәселенің  бірі. 

Халықтың  берешегі  шаш  етектен. 

Қарыздың  413  миллионын  тұрғын-

дар,  337  миллион  теңгесін  заңды 

тұлғалар,  қалғанын  бюджеттік  ұй-

ымдар  төлемей  жүр.  Бұл  жағдай 

коммуналшыларды әбден тығырыққа 

тіреді. Миллиондаған қарызды жинау 

жылма-жыл күрделене түсуде. 

Шығыс  Қазақстан  облысында 

да  коммуналдық  қарыз  шырмаулы 

мәселеге  айналған.  Сондықтан, 

тұтынушылардың  коммуналдық  ме-

кемелер алдындағы қарызын өндіру 

жұмыстары белсенді жүргізіле баста-

ды.  Бүгінге  дейін  28  мыңнан  астам 

борышкерге ескерту хабарламалары 

жөнелтіліп,  соңғы  үш  айдың  ішінде 

3 мыңнан астам іс сотқа жіберілген. 

Облыстағы  3  ірі  шаһар  тұрғында-

рының  коммуналдық  мекемелерге 

қарызы 1 миллиард теңгеге жуықтап 

қалған.  Мәселен,  риддер  қаласы-

ның  халқы  мен  кәсіпорындары  112 

миллион теңге берешек болса, өске-

мендіктердің  борышы  123  миллион 

теңгеге жеткен. Қарызға белшесінен 

батқандардың  басында  Семей  тұр. 

Шаһардағы су және жылумен қамту 

мекемесінің елден алашағы 633 мил-

лион теңгеден асып жығылады. Қазір 

атқарушы  органдар  осы  қарызды 

өндіру жұмыстарына белсене кірісті. 

Мамандардың  айтуынша,  берешек 

қомақты  болғанымен,  жылыту  мау-

мың теңгенің 111 дана мүлкін 

тәркіледі.  Дегенмен,  бұл 

қарыз  мөлшеріне  қарап 

өлке қыс маусымына дай-

ын  емес  деп  айтуға  бол-

майды.  Ағымдағы  және 

күрделі  жөндеу  жұмыста-

ры әзірге 88 пайызға жүр-

гізілген.  Сондықтан,  қысқа 

үлкен  дайындықпен  кіреміз 

деген сенімдеміз.

Семей  қаласында  жылуға  қарыз 

тұрғындармен жаңаша күрес бастал-

ды. Шаһар әкімі бастаған топ жақын-

да бірнеше пәтерді аралап, есіктерін 

шешіп  алмақ  болды.  Сот  орын-

даушылар,  коммуналдық  қызмет 

өкілдері,  учаскелік  полицейлер  сау 

ете түскенде тұрғындардың кейбірі 

есігін ашпай қойды. Ал енді біреулері 

үйлерінде  болмаса,  басқалары  сол 

жерде қолмақол ақшамен қарызды 

жауып тастады. «Бірнеше рет ескер-

ту  жасалғанмен,  нәтиже  болмаған 

соң, сот шешімімен дүние-мүліктерін 

тәркілеуге мәжбүрміз дейді», – жылу 

беру компаниясының өкілдері. 2 жа-

рым сағаттық рейд кезінде 230 мың 

теңге жиналған. Мамыр айында қала 

тұрғындары мен заңды тұлғалардың 

жылу мекемесіне қарызы 1 миллиард 

теңге болған. Бүгінде 767 млн теңге 

қайтарылған.  Алайда,  Семей  қала-

сы әкімінің борышкерлермен күресі  

Премьер-министрге ұнамады.

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, 

ҚР Премьер-министрі: 

–  «Бұл  дұрыс  емес.  Ертең 

есік  алдын  жинап  жүретін  шы­

ғарсыңдар.  Біз  осы  ісімізбен 

әкімдіктің, биліктің беделіне нұқ-

сан келтіріп жатырмыз. Қарызды 

төлетудің  басқа  жолын  табу  қа-

жет»,– деді өз сөзінде .

Бір  қызығы,  борышкерлер  ара-

сында  зейнеткерлер  жоқ.  Керісін-

ше,  қарызды  төлемей  отырғандар 

арасында  ауқатты  азаматтар  көп 

көрінеді. Алматының тау бөктерінде 

тұрғызылған, құны миллион доллар 

болатын  зәулім  үйлердің  көбі  ком-

муналдық  қызмет  үшін  ақы  төле-

мейтін  болып  шыққан.  Бұл  жағдай 

Коммуналдық мекеме қызметкерлері 

мен журналистер бірлесе жүргізген 

рейд  барысында  анықталды.  Биік 

дуалмен қоршалған зәулім сарай ие-

лерінің бірі есігін ашпаса, енді бірінің 

алдында  тұрған  күзетшілер  «жеке 

меншік  аумақ»  деп  тексерушілерді 

үйдің маңына жолатпаған. Арасында 

қабаған иттерін босатып жіберетін-

дер  де  табылады  екен.  Ал  мұндай 

қарыздардың  заңға  құлақ  асатын 

тұрғындарға зияны тиіп жатыр.

салын-

ғ а н   а у ы л -



дарда  инфроқұрылым  жоқ.  Сон-

дықтан жол салу, су, электр желісін 

тарту  секілді  шаруаларды  тұрғын-

дар  өздері  жүргізеді.  Ал  олардың 

көпшілігі электр қуатын заңсыз пай-

даланады, яғни, рұқсатсыз, өз бетін-

ше қосып алады. Турасын айтқанда, 

ұрлайды.  Оны  тексеріп  жатқан  да 

ешкім  жоқ.  Алда-жалда  біреу  тек-

серіп келе қалса, 10-15 мың теңгені  

қолына  ұстата  салады.  Ол  тексе-

рушіге  де,  ұрлықшыға  да  тиімді. 

«Судың  да  сұрауы  бар»  демекші, 

электр энергиясының да есебі бар. 

Яғни, тасымалданған электр қуаты-

ның құны мен төленген төлем сәй-

кес  келмейді.  Нәтижесінде,  электр 

қуатын тасымалдаушы кәсіпорындар 

бағаны  көтеруге  мәжбүр  болады. 

демек,  тарифтің  жыл  сайын  қым-

баттауына өзіміз де себепші болып 

жатамыз.  Егер  Елбасы  айтқандай, 

энергетикалық,  әлеуметтік,  комму-

налдық инфроқұрылымдарды жасап 

алып,  сонан  соң  ауыл  тұрғызатын 

болсақ, электр қуатын, суды ұрлап 

пайдалану деген мәселе болмас еді.  

Соңғы  жылдары  енгізілген  диф-

ференциалдық тариф электр қуатын 

тұтыну көлемін азайтуға, қуаттылық 

резервтерін босатуға мүмкіндік бе-

реді. Мұндай тариф үнем үшін керек. 

Мысалға алсақ, Алматы қаласы мен 

Алматы  облысы  үшін  үш  деңгейлі 

тариф қолданылады. 

«Нұрлы жол» 

қолдау көрсетуде

Коммуналдық  мекемелер  та-

рифтің  өсуін  құбырлардың,  электр 

желілерінің  ескіргенімен  байланыс-

тырады.  Мамандардың  айтуынша, 

Кеңес  өкіметінен  қалған  электр 

желілері мен құбырлардың 70 пайы-

зы ескірген. Сондықтан,  жыл сайын 

құбырларды  жаңартуға  қомақты 

қаржы  жұмсалып  отыр.    Мысалы, 

биылғы жылы Шымкентте 6,5 шақы-

рым  магистральды  жылу  құбыры 

жаңартылып  жатыр.  Қайта  құру 

жұ мыстарына  республикалық  бюд-

жеттен «Нұрлы жол» бағдарламасы 

бойынша 1 млрд 60 млн теңге бөлін-

ген.  Оңтүстік  бөлігінде  ағымдағы 

жөндеуге 15,7 шақырымға 125 млн 

теңге  қаржы  қалалық  бюджеттен 

бөлінген.

Ал, Оралда «Нұрлы жол» бағдар-

л а м а с ы   б о й ы н ш а   и н ж е н е р л і к 

желілерді жаңарту жұмыстары қызу 

жүріп  жатыр.  Қалада  жалпы  ұзын-

дығы 6 мың шақырымдай су, кәріз, 

жылу және газ құбырлары бар. Орта 

есеппен алғанда соның 70 пайызға 

жуығының  ескіріп,  әбден  тозығы 

жеткен. Өткен жылы осы мемлекеттік 

бағдарлама бойынша ұлттық қордан 

2  млрд  580  млн  теңгедей  қаржы 

бөлініп,  ұзындығы  13  шақырымдай 

жылу  және  кәріз  жүйелері  жаңар-

тылды.  Бұл  жұмыс  биыл  да  жалға-

сын  тапты.  «Нұрлы  жол»  бағдарла-

масы  бойынша  Оралда  инженерлік 

желілерді  жөндеуге  бағытталған  9 

жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл 

мақсатқа  1,7  млрд  теңге  қаржы 

бөлінген. Оған жалпы ұзындығы 14 

шақырымдай су және кәріз құбыры 

мен жылу жүйелері жаңартылады.

Ақтөбеде де өткен жылы «Нұрлы 

жол»  бағдарламасы  арқылы  11,2 

шақырым жылу құбыры жаңартылып, 

жөнделді. Сонымен қатар, үш қазан-

дық  қайта  жарақтандырылды.  Бұл 

жұмыстарға  3  миллиард  теңгеден 

астам қаржы жұмсалған. Коммунал-

дық мекеме қызметкерлері жаз бойы 

құбыр ауыстырып, магистралды құ-

бырлардың жылу сақтау мүмкіндігін 

арттыруда.

«Магистральды жылу құбырының 

12 жобасы қайта жаңартылды. 

Жалпы  алғанда,  республиканың 

барлық өңірлерінде де «Нұрлы жол» 

бағдарламасы аясында құрылыс жұ-

мыстары қызу жүріп жатыр.

Энергетика  министрлігінің  мәлі-

метіне  қарағанда,  Қазақстанның 

энергетика  кәсіпорындарындағы 

жөн деу  жұмыстары  бекітілген  кес-

теге сәйкес жүргізіледі. Тұтынушы-

ларға электр және жылу энергиясы 

шарттарға және кестелерге сәйкес 

тұрақты беріледі.

2016  жылға  арналған 

Қазақстанның  Бірыңғай 

энергетикалық  жүйесі 

электр  станциялары-

ның негізгі жабдықта-

рын  жөндеу  кестесі-

не сәйкес 2016-2017 

жылдың  күзгі-қыс-

қы маусымында елі-

міздің  тұтынушы-

ла рын  энергиямен 

т ұ  р а қ т ы   қ а м т а м а -

сыз  ету  үшін  9  энер-

гоблокқа,  56  энергети-

калық  қазандыққа  және 

39  турбинаға  күрделі  және 

кеңейтілген  ағымдағы  жөндеу 

жұмыстарын жүргізу қарастырылып 

отыр. Электр станцияларда жиналған 

көмірдің қоры – 3,3 млн тонна, мазут-

тың қоры – 121 мың тонна. Жиналған 

қор көлемі алдыңғы жылғы деңгейге 

сәйкес келеді және күзгі-қысқы ке-

зеңді бастау үшін жеткілікті. Биылғы 

күзгі-қысқы  маусымда  үш  аймақта 

орын  алып  отырған  жағдай  тұты-

нушыларды  тұрақты  энергиямен 

жабдықтау жұмыстарына кедергілер 

тудыруы мүмкін.

Энергия  кәсіпорындарындағы 

жөндеу жұмыстарын ойдағыдай жүр-

гізуге және тұтынушыларды энергия 

көздерімен тұрақты қамтамасыз ету-

ге кедергі болып отырған негізгі се-

бептердің бірі –отынға дебиторлық 

берешектің көп болуы. Мысалы, қыр-

күйектің ортасында энергия өндіруші 

ұйымдардың  «ҚазТрансгаз-Аймақ» 

АҚ  алдындағы  шілде  айына  дейінгі 

берешегі – 7 471 млн теңгені құрап 

отыр. 


Биылғы  жылы  күн  райы  құ-

былмалы болып, еліміздің бар-

лық  өңірінде  қазан  айында  қар 

жауды.  Ауа  райы  тіпті  Оңтүстік 

Қазақстанда  да  мінез  көрсетті. 

Ал, шымкенттіктер ауа райының 

мұндай мінезіне дайын болмай 

шықты.  Кеш  басталған  қысқа 

үйренген оңтүстіктегі кейбір үй-

лерге жылу әлі де берілген жоқ. 

Қала  басшыларының  айтуына 

қарағанда, жылу құбырын ауыс-

тыру  жұмыстарының  бітпеуіне 

себеп  бар.  Мердігер  компания 

белшеден батқан қарызына бай-

ланысты  ауыстыру  жұмысын 

әдеттегіден кешіктіріп бастаған. 

Сондықтан,  қыста  қиындыққа 

тап болмас үшін, жауапты меке-

мелер жылу маусымына дайын-

дықты жаздың басында бастаған 

жөн!  Сондай-ақ,  тұрғындар  да 

коммуналдық  төлемдерді  дер 

кезінде төлеп отырса, үйге дер 

кезінде  жылу  қосылар  еді.  Әрі 

монополистердің тарифтерді кө-

теруіне сылтау болмас еді.

Қалдар КөМЕКБАЕВ 

(Соңы. Басы 1-бетте)

масы  бойынша  аталған  құрылғы-

ларды  барлық  тұрғындарға  орнату 

жұмыстары «ТКШ дамыту қоры» АҚ 

қаржыландыру  лизингі  шартының 

негізінде жүргізілуде. Құралды сатып 

алу  және  оны  монтаждау  қаражаты 

пәтер иелерімен тұрғын үйдің ауда-

нына  байланысты  қайтарылады.  29 

ай өткеннен кейін есептегіш құралы 

кондоминимум объектісінің меншігіне 

айналады. 

ТКШ  бөлімі  мамандарының  ай-

сымының дайындық сапасына әсер 

етпейді. 

Ринат ОМАРОВ, 

Облыстық Энергетика және ТКШ 

басшысының міндетін атқарушы: 

–  Бүгінгі  күні  рейд  шаралары 

ұйымдастырылып, арнайы жұмыс 

тобы  құрылды.  Тұтынушыларға 

ескерту ха бар ла ма ла ры жі беріл ді. 

Сот  орын даушы лары  берешегін 

бермегендерден  5  миллион  800 

Электр қуатын 

заңсыз 

пайдаланудың да 

кесірі тиіп отыр

Бүгінгі  таңда  еліміздің  барлық 

жерінде  жеке  тұрғын  үй  құрылысы 

қарқынды жүріп жатыр. Алайда, жаңа 



14

№117/1 (2895/1) 

22 қазан 2016

zangazet@maiI.ru



М

емлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір бола шақ» 

атты Жолдауында ұзақ мерзімді  тұжырым дама әзірлеу қажеттігін тапсырып, 

театр өнерін дамытпайынша, оны жүзеге асыру мүмкін болмайтынын айтқан 

болатын. Өйткені, елдің жан-жақты өсіп, танылуында өнердің орны бөлек. Сондықтан, халықтың 

өнері  мен өнерпаздары алдыңғы шепте жүруі  керек. Мұны айтып отырғанымыз, театртанушы, 

сыншы Әшірбек Сығаев кезінде театр майталмандары ерлі-зайыпты Есболған Жайсаңбаев пен 

Салиха Қожақованы «Терезеге тамған қос тамшыдай» деп, қос тамшыға теңеген екен. Айтары 

жоқ, дәл теңеу. Есболған Жайсаңбаевтың есімі  қазақ өнерімен мәңгі  жасарына дау жоқ. Сондай 

асыл азаматтың отын өшірмей, атын аялап, артында қалған мұрасын ардақтап отырған сүйікті  

жары Салиха Қожақова да белгілі  актриса – сахна саңлағы.

Қазақтың театр, кино өнеріне өлшеусіз үлес қосқан актерлер 1960 жылдардың басында 

небәрі  он тоғыз бен жиырма жасында бір-біріне өмірлік жар болуға серттесіп, отау көтереді. 

Алланың қалауымен үш атұстар өмірге келді. Сығаев айтқандай, қос тамшыдай қос актер 

сахнада қатар шығып, рөлдерді  қанаттаса сомдады. «Майра» қойылымында Жайсаңбаев 

–  Бақтиярды,  ал,  Қожақова  –  Айбаршаны,  «Түнгі   сарында»  –  Нұрхан  мен  Мөржанды, 

«Қобыландыда» – Қарлығаш пен Қараманды сомдаса,  «Жәмилада» – бірі  Сейіт, екіншісі  

пошташы қызды бейнеледі. Олар бұдан басқа да бірнеше спектакльде қатар ойнап, көрермен 

ықыла сына  бөленді.  Алайда,    Есболған  атамыздың  көрер  жарығы  мен  татар  дәмі   ерте 

таусылып, 43 жасында өмірден озды. Сыңарынан айырылған Салиха апамыз 33 жылдан бері  

өмір мектебінде де,  өнер мектебінде де атамыздың өзіне деген айырықша махаббатына адалдық 

танытып келеді. 

«Орнында бар оңалар» демекші,  Салиха апамыз бүгінде асылдың сынығы – тұлпардың 

тұяғы  болған  текті   ұлдарынан  өсіп-өнген  ұрпағының  саясында.  Талантты  актриса  57 

жылдық өнер жолында 50-ден астам рөл сомдады. Биыл М.Әуезов атындағы Қазақ мем-

лекеттік академиялық драма театрының актрисасы, Қазақстанның еңбек сiңiрген артисі  

Салиха ҚОЖАҚОВА 75 жасқа толды. 

КЕЛБЕТ

–  Екі  бірдей  актердың,  яғни, 

өнер  адамдарының  бір  шаңырақ 

астында өмір сүруінің қызығы мен 

шыжығы аз емес шығар? 

–  «Әйел  қырық  шырақты»  деген 

рас.  Ананың  жүгі  ауыр.  Тоғыз  ай 

бала көтеріп, оны түн ұйқысын төрт 

бөліп,  мәпелеу  оңай  емес.  «Қатын» 

деген  сөзге  біреулер  ренжиді.  Шын 

мәнінде, бұл атау қадірлі екенін менің 

күйеуім көп айтатын. Есболған өмірін 

кітап оқумен өткізді. Жаратылысынан 

білімді  болып  туған  жан.  Оқудың 

өзі  қанмен  беріледі.  Есболған  жеті 

ағайынды. Солардың ішіндегі ерекшесі 

болды. Жүрегі нәзік, әйелге, балаға, 

бауырларына деген махаббаты кере­

мет  еді.  Ұйықтамайтын,  қолынан 

кітап  түспейтін.  Автобуста  да  оқып 

отыратын. Дубляжы, радиосы, киносы, 

спектаклі бар, бір тынбайтын. Сондай 

адам болды.

Өнер  жолы  инемен  құдық  қаз­

ғандай.  Әйел  ең  бірінші  отбасы 

шаруа сына жауапты. Актердің, ақын­

жазушы,  жалпы,  шығармашылық 

адамдарының  жары  болудың  жауап

­

кершілігі жоғары. Кез келген отбасы­



ның  өз  қызық,  шыжығы  болады. 

Ес болған  мені  алақанына  салып 

аялады.  Есболған  актер  болған  соң 

жора­жолдастары  көп.  Кейде  ащы 

судан  ұрттап  қояды.  Сондай  кезде 

тырысып қалатынмын. Арақ десе төбе 

шашым  тік  тұрады.  Кейін  түсіндім 

ғой,  шаршағанда  ішкісі  келетінін. 

Достары келгенде дастарқанға қояды. 

Мені  көрсе  «ойбай,  кеп  қалды»  деп 

бәрі  жасыра  қоятын.  Мұның  өзі 

сыйлағандықтың белгісі.  

Он жылдан кейін қыз тумақ болып 

көтерген  балам  ұл  болды.  Әкесі 

оны  Нарлан  атады.  Сол  Нарланым 

1­сыныпта оқып жүргенде күйеуімнен 

айырылдым.  Ол  уақытта  бала  туған 

соң  үш  айдан  кейін­ақ  жұмысқа 

шығып кететінбіз. Айналып келгенде, 

бәрі  әйелге  тіреледі.  Қиындыққа 

мойымай,  өмірін  бала­шағаға  арнау 

– жалғыз маған емес, әйел атаулыға 

тән қасиет. «Еркек – үйдің егесі» ғой. 

Азаматыңның қарайып отырғанының 

өзі бір ғанибет.  Есболған 43 жасында 

көз  жұмды.  Үш  баланы  жеткізу 

оңай болған жоқ. Үй мен мектептің, 

жұмыстың  арасында  жүгіріп  жүре­

с і ң .   Б а л а л а р д ы ң   с а б а ғ ы н а   і н і­

сіңлілеріміз  көмектесті.  Бәрі  жақсы 

оқыды. Мұхтарым да, Шыңғысым да 

әкесі  сияқты  математик.    Есболған 

математика мен химияны шемішкеше 

шағатын. 22 жыл ғана бірге тұрыппыз. 

Қуанышымыз  көп  болды.  Өте  тату 

тұрдық,  ерлі­зайыптылар  секілді 

ұрысып­керіспеппіз де.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 1.17 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет