АҢдатпа 8-9-беттер 3-бет



жүктеу 1.17 Mb.
Pdf просмотр
бет8/11
Дата27.04.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өтірікті БАҚ 

әшкерелейді

Журналист  әдістемесінің  тағы 

бір  тармағына  жататын  жиналған 

деректерді түсіндіру, оған баға беру, 

бағыт  сілтеу,  тұжырым  жасау,  туын-

дының дүниетанымы мен нақты маз-

мұнын  жасау  тәсілін  Хасан  Орал-

тай  сынды  тәжірибелі  қаламгер  еш 

қиналмай-ақ  жасайтыны  белгілі 

жағдай еді. Түсіндіру тәсілі дегеніміз 

– деректерді көрініспен біріктіру, түрлі 

жағдайлардың арасын байланыстыру, 

әрбірінің  орнын  белгілеу,  мазмұнын 

анықтау,  оқиғаның  қалай  өрбуіне, 

қоғам өміріндегі мағынасына сай баға 

беру, шынайы негізді тұжырым жасау 

болса керек.  

Батыс елдерінің өркениетті қалам-

герлері  журналистика  принциптерін 

қатаң ұстанады, кез келген дерек пен 

оқиғада  бейтараптылық  танытады. 

Мұндай  жағдайда  әрине,  Хасан 

Оралтай «Азаттық» радиосының эфирі 

арқылы өзінің жеке көзқарасын, көңіл 

күй  ауанын,  кеңес  қоғамына  деген 

жек  көрінішін  ғана  тәптіштеп  айта 

беруі  мүмкін  емес  әрі  ондай  әрекет 

әлем журналистикасында қалыптасқан 

заңдылыққа  қайшы  жөнсіздік  болып 

көрінер еді. Сондықтан, айналасынан 

және әлемнің өзге елдеріндегі қазақ 

диаспорасынан Желтоқсан көтерілісін 

қолдаған, жала жабылған қандастарына 

ара түскен қандай бір  қимыл-әрекеттің 

жасалуына мүдделі болды.

Сонымен  қатар,  желтоқсанның 

ызғарлы  күндері  болып  өткен  сол 

бір  сұрапыл  дауыл  туралы  хабар-

лағанда,  оған  баға  бергенде,  қоры-

тынды  жасағанда  журналист  анық-

талмаған  немесе  бір  жақты  деректі 

ғана  ұсынуға  кәсіби  тұрғыдан  қақы-

сы  жоқ  еді.  Халықаралық  заңды-

лықтарда журналист әлде бір оқиғаға 

субъективтік түсініктеме бере алмай ды 

және үндеу тастауға ерік беріл мейді.  

Қай елде де билік халықтан әлде-

нені жасыруға тырысады. Ал, оны БАҚ 

әшкерелейді. Бұл қазір де, бұрын да 

жалпыға ортақ тенденцияға айналған 

үрдіс. Дегенмен, кеңес өкіметі секілді 

жалған  ұран  мен  жадағай  мадаққа, 

баянсыз  идеологияға  негізделген 

қоғамнан сыртқа жібі түзу ақпараттың 

шығарын  күту  қашпаған  сиырдың 

уызын дәметумен бірдей еді. 

Соған қарамастан Хасан Оралтай 

Алматыда  өткен  қазақ  жастарының 

жаппай  наразылық  шеруін  кеңес 

өкіметінің  жылдар  бойы  жасаған 

өктемдігіне қарсы шыққан ұлт-азаттық 

қозғалыстың алғашқы бейбіт түрдегі 

қадамы  деп  танитын  позициясының  

шынайылығына  өзінің  де,  өзгенің  

де  көзін  жеткізу  үшін  атсалысты.  Өз 

түйсігінің нақтылығына жырақта өсіп 

қалыптасқан  тәжірибелі  публицист 

нық сенімді болды және одан туатын 

кез  келген  салдар  мен  нәтиже  үшін  

жауапкершілікті  мойнына  алуға  да 

даяр болатын. 

жасауды  көздеді.  Ыстанбұл,  Ізмір 

қалаларындағы қазақ диаспорасының 

игі  жақсыларын  жинап,  қазақ  деген 

атпен  түрлі  қор  құрып  белсенділік 

танытып  жүрген  азаматтарға  «тым 

болмаса,  ұлттық  киімдеріңді  киіп, 

баспасөз  редакцияларына,  елшілік 

ғимараттарына барып», Қазақ елін де 

болған  желтоқсан  оқиғасына  алаң-

даушылық  білдірулерін  сұрап,  апта 

бойы  жалынумен  болса  да  нәтиже 

шықпаған.  Олардың  бір  бөлігі    «біз 

саясатқа  араласпаймыз»  десе,  іші-

нара  «орыстың  қазағы  үшін  басы-

әрекетін қолдаудың орнына, керісінше, 

«Қазақстанды  жеке  өзі  құтқаруға 

әуреленіп»  жүрген  әпендіге  балаған 

тұстары да болған екен.

Оқиғаға байланысты жалпы Қазақ 

еліне қатысты түрлі сауалдар қойған 

хаттар Түркелі комитеті мен «Азаттық» 

радиосына ағылып келіп жатты. Оның 

бәріне Хасан ағамыз дер кезінде жауап 

беріп,  ұлтының  абыройын  сақтауға, 

қазақты әлем қауымдастығына дұрыс 

түсіндіруге тырысты. Соның арқасында 

көптеген ғылыми-зерттеу институттар, 

ғалымдар,  саясаттанушылар  үшін 

Қазақстан  атты  кеңес  отарындағы 

елдің бар екендігін таныды, тарихынан 

хабардар болды, желтоқсан айының 16-

18 күндері тоталитарлық тәртіптің соңғы 

соққысын бастан кешіргенін білді.

Шетелдегі қазақ диаспорасы өкіл-

дері нің  арасында  қанына  тартпай 

Желтоқсан  көтерілісіне  селқос 

қара ғандар  көптеп  табылғаны мен, 

Бал тық  жағалауы  елдерінің  тума-

лары, Германияда тұратын бір қатар 

зиялылар  Хасан  ағаны,  Түркелі 

комитетін  өздері  іздеп  келіп,  ынты-

мақтастық танытқаны, ортақ жаулары 

кеңес  өкіметінің  зұлым дықтарын 

әшкерелеуге,  желтоқсан  кезінде 

жасалған  түрлі  қиянаттарды  АҚШ 

бастаған  әлемдік  қауымдастыққа 

жеткізуге  араласқанын  Хасан  аға 

сүйіспеншілікпен тебірене жазады. 

«Отаршылдыққа 

қарсы саналы 

көтеріліс»

Желтоқсан  оқиғасына  «жетпіс 

жыл дық  кеңес  отаршылыққа  қарсы 

жасалған  тұңғыш  саналы  көтеріліс» 

деген анықтама берген де сол тұста 

«Азаттық» радиостанциясында қызмет 

еткен  Балтық  жағалауы  елдерінің 

өкілдері болған екен. 

«Азаттық»  радиосының  қазақ 

бөліміне  басшылық  жасаған  кезінен 

бастап  жалынды  публицист,  ұлт 

қайраткері  Хасан  Оралтайдың  жыл 

сайын  Желтоқсан  көтерілісі  болған 

мерзімге  бір  апта  қалғанда  арнайы 

сұхбаттар, мақалалар дайындап атап 

өтуді  дәстүрге  айналдыруы  шын 

мәнін де тарихи ерлік болатын.   

Желтоқсан  көтерілісі  бұрқ  еткен 

1980-жылдардың  ортасы  әлемнің 

ЖЕЛТОҚСАН ШЫНДЫҒЫН 

ӘЛЕМГЕ ЖЕТКІЗГЕН ПУБЛИЦИСТ

өзгеріп жаңаруға қадам басқан тұсы-

мен  дөп  келді.  Жоғары  дамыған 

өркениетті  Англия,  АҚШ,  Германия, 

Жапония секілді елдердің қоғамдық-

экономикалық құрылымы социалистік 

жүйемен  болған  бәсекеде  жеңіске 

жетіп,  өздерінің  артықшылықтарын 

дәлелдеп  қойған  еді.  Социалистік 

әлемнің басты ядросы болып танылған 

Кеңес  Одағы  ыдырағаннан  кейін 

социалистік жүйе толығымен күйрегені 

мәлім. Желтоқсан көтерілісінен кейін 

одақтың өзге елдерінде өткен толқу-

лар мен көтерілістердің соңы осындай 

елеулі жеңіске жеткізген болатын.

Тәуелсіз  Қазақстанның  тарихи 

кезеңінің басталуына, бір партия мен 

бөтен ұлттың саяси өмірімізде шексіз 

үстемдік  құрып,  зиялы  қауымды 

марксистік- ленинистік догма қағида-

ларымен  мезі  еткен  отарлықтан 

құтқаруға Желтоқсан көтерілісі елеулі 

түрде  түрткі  болса,  Хасан  Орал тай 

сынды ұлт қайраткерлерінің де азаттық 

таңының  арайлап  атуына  сіңірген 

еңбектері айтарлықтай деп білеміз. 

Желтоқсан көтерілісі секілді тарихи 

оқиғаны  әлемде  болып  өткен  елеулі 

өзгерістер  мен  жаңарулардан  бөліп 

қарауға  келмейді.  Бұл  көтеріліс  бір 

орталықтан  басқаратын  бір  ғана 

партияның өктемдігін жоюды көздеген 

демократиялық қозғалыстың бастауы, 

отарлықтан  арылып,  ұлт  азаттығына 

бет  бұрған  батыл  қадам  еді.  Оның 

тарихи маңыздылығы да осында деп 

таныған абзал. 

Демократияның  жетістігі  адам 

құқығын жалпыға ортақ мәні бойынша 

мойындайтындығымен, әр азаматтың 

заң  алдында  теңдігін  қамтамасыз 

ететін дігімен, биліктің жоғарғы форма-

сы  болатындығымен  ғана  құнды. 

Демократия  қашанда  мемлекетсіз, 

халық билігінсіз орнықпайтыны анық. 

Қазақ қоғамының біртұтастығын сақтай 

отырып, тұрақты дамуды орнық тыратын 

саяси құрал болуына алғашқы қадам 

жасағандығымен Желтоқсан көтерілісі 

келешекке, жас буынға үлгі-өнеге. 

Демократиялық  құндылықтар 

ешқашан өз құнын жоймайды. Оның 

артықшылығы мен жемісін азғана топ 

қана  көретін  дәуір  де  уақытша.  Аға 

буынның  қажырлы  еңбегімен,  қасық 

қанымен келген тәуелсіздіктің құнын 

біліп,  әрдайым  жемісін  көруді  Алла 

бізге нәсіп етсін.

 Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ,

медиатанушы

айналдырылып, қасақана бұрмаланған 

мәскеулік  жаланы  бықсытуларына 

қарамастан,  батыстық  ақпарат 

құрал дары  оқиғаның  мән-жайынан 

жұртшылықты хабардар ете алды. 



Шындық жолындағы 

шырғалаң

Цензура торлаған кеңес қоғамынан 

шынайы ақпараттың алынуы, оқиғаға 

дұрыс  баға  берілуі  мүмкін  еместігі 

мәлімделді, Алматыдағы алаңға шық-

қан дардың әрекеттері заңды, талап-

тарының  ақылға  қонымды  екендігі 

тұтастай болмаса да әупірім деп әлем-

ге жетіп жатты. 

Хасан Оралтай желтоқсан оқиғасы 

жөнінде  там-тұмдап  алынған  әрбір 

деректі  шеберлікпен  пайдаланып, 

мақала әзірлеп күн сайын радиоэфир 

арқылы  өзі  оқып,  оны  ағымдағы 

істің құрамдас бөлігіне айналдырды. 

Бірақ, мұнымен шектеліп қалған жоқ. 

Көптеген  елдердегі  әріптестеріне, 

журналистік ұйымдарға, ғалымдарға, 

зиялыларға  хат  жазды,  Қазақстанда 

болған оқиғаның астарын әлем жұрт-

шылығына дұрыс түсіндірілуін, кеңестік 

озбырлардың  жапқан  жаласы ның 

жалған екендігі ұқтырылуын сұрады.

Осылайша,  Желтоқсан  ақиқатын 

ашып, шындықты әлем халықтарына 

жеткізу  үшін  тынымсыз  еңбек  етіп, 

шырылдаған  жан  Мюнхенде  жалғыз 

Хасан  аға  ғана  болды.  «Азаттық» 

редак циясында  бірқатар  қазақ  жур-

налистері  қызмет  ететін.  Алайда, 

олардың ешбірі селт етпегені таңданыс 

тудырады.  Сөйте  тұра  Қазақстан 

тәуелсіздік алғаннан кейін «жау кеткен 

соң  қылышын  тасқа  шапқандай» 

1986  жылы  Желтоқсан  көтерілісіне 

үн қосып, көп іс тындырғандай түрлі 

естеліктер айтып жүрді. 

Ал, Хасан ағамыз жұмысынан ақы-

пұлсыз рұқсат алып, өз қаражатымен 

Түркияға  барған.  Ондағы  мақсаты  – 

қазақтар көп шоғырланған қалаларға 

барып,  Желтоқсан  көтірілісіне  қаты-

сушыларды  қаралаушыларға  қарсы-

лық білдіруге, кеңес елшіліктері мен 

өкілдіктері алдына барып наразылық 

жиындарын  ұйымдастыруға  ұйытқы 

болу  еді.  Сол  арқылы  әлем  баспа-

сөзінің  назарын  оқиғаға  аудару, 

дүние жүзі халықтарының қазақ жас-

тарын  дұрыс  түсінулеріне  ықпал 

А л д ы м е н   ө з і м е н   қ ы з м е т т е с 

жур налистерін  жинаған  Хасан  аға 

орыс  коммунистері  қазақ  халқын 

негізсіз  жәбірлеп  қана  қоймай, 

әділдік үшін бейбіт түрде өркениетті 

күреске  шығып,  алаңға  жиналған 

жастарға «маскүнемдер, нашақорлар, 

қарақшы-бұзақылар» деп жала жауып 

жатқанын  мәлімдей  келе,  әлемдік 

қауымдастыққа  шынайы  жағдайды 

түсіндіріп,  нақты  ақпарат  беруге 

атсалысуларын өтінген. 

Қазақтарға  жасалған  кеңестік 

озбырлықты әшкерелеуге, оған қар-

сылық  танытып,  алматылық  қандас-

тарға қолдау көрсету үшін әлем нің түрлі 

елдеріндегі қазақ диаспорасы өкілдері 

мен  түркі  текті  бауырластардың 

ынтымақтаса отырып, әр ірі қаладағы 

кеңес елшіліктері алдында наразылық 

жиын дарының  ұйымдастырылуын 

қалады. Желтоқсандағы бас көтеруді 

Қазақ  жерінде  басталған  жаңаша 

бетбұрыстың  нышаны  деп  білген 

Хасан  Оралтай  сол  күні-ақ  Батыс 

елдері  радиолары  мен  телевизия 

арналарының  басты  жаңалықтарын 

Алматыдағы  наразылық  жиынына 

қарай  бұрылуына  ықпал  ете  алды. 

Кеңес елінің қолшоқпарына айналған 

кейбір  күштердің  қазақ  жастарына 

күйе  етіп  жағылған,  оқиғаның  өңі 

мызды  бәлеге  тіге  алмаймыз»  деп 

сандалғандардың  кездескенін  де 

Хасан Оралтай қынжыла жазды. 

Түркиядағы  өздерін  түркістандық 

санайтын  өзбек-ұйғыр  диаспорасы 

өкілдерінің  зиялылары  да  желтоқсан 

оқиғасы  жөнінде  ләм-мим  демегені 

қысылтаяң  шақта  кімнің  кім  екенін 

айғақтап берсе керек. Ыстанбұлдағы 

қазақтардан  Абдуали  Жан  баста-

ған  шағын  топ  қана  бір  жиын  ұйым-

дастырып,  орыстардың  қазақ  жас-

тарына  жасаған  қиянаттарын  сынға 

алған екен. 

Дегенмен, Хасан Оралтайдың жел-

тоқсан  үшін  төккен  тері  зая  кеткен 

жоқ.  Батыс  Германияның  Мюнхен 

қаласындағы  Түркелі  комите тінің 

қолдауымен  Алматыда  кеңес  отар-

лауына қазақ жастарының тегеурінді 

қарсылық  көрсеткен  ерлікке  толы 

күрестерін  айшықтайтын  іс-шаралар 

ұйымдастырылды, кітап, материалдар 

жарыққа шығарылды.

Хасан  Оралтайдың  желтоқсан 

оқиғасының  шындығын  әлемге  жет-

кізуге тырысып, тынымсыз еңбек етіп 

жүрген сонау 80-жылдардың аяғындағы 

күреске толы күндерінде оған қолдау 

көрсеткендер негізінен туыс-туғандары 

мен  жақындары  болды.  «Азаттықта» 

бірге қызмет еткен әріптестері оның 



ТӘУЕЛСІЗДІККЕ – 25 ЖЫЛ

Қ

ай елде де билік халықтан әлде нені жасыруға тырысады. Ал, оны 

БАҚ әшкерелейді. Бұл қазір де, бұрын да жалпыға ортақ тенденцияға 

айналған үрдіс. Дегенмен, кеңес өкіметі секілді жалған ұран мен 

жадағай мадаққа, баянсыз идеологияға негізделген қоғамнан сыртқа жібі түзу 

ақпараттың шығарын күту қашпаған сиырдың уызын дәметумен бірдей еді. 

Соған қарамастан Хасан Оралтай Алматыда өткен қазақ жастарының 

жаппай наразылық шеруін кеңес өкіметінің жылдар бойы жасаған өктемдігіне 

қарсы шыққан ұлт-азаттық қозғалыстың алғашқы бейбіт түрдегі қадамы деп 

танитын позициясының  шынайылығына өзінің де, өзгенің  де көзін жеткізу 

үшін атсалысты.

12

№117/1 (2895/1) 

22 қазан 2016

zangazet@maiI.ru



ТАҒЫЛЫМ

К

үні  кеше  теледидардан  өз  баласын 

қоқысқа лақтырған жандарды жерден жеті 

қоян тапқандай жарнамалап, апта бойы, 

ай бойы көрсеттік. Оларды жерден алып, жерге 

салып, айтпаған сөзіміз қалмады. Бірақ, ең басты 

назар  аударылуы  тиіс  мәселені  тағы  ұмытқан 

сияқтымыз.  Сол  безбүйректер  қайдан  шықты? 

Аспаннан  түсті  ме?  Ал  арамыздан  шыққаны 

анық  болса,  оларды  кім  тәрбиеледі?  Оларды 

тәрбиелеген – сіз бен біз, біз қалыптастырған, 

біз жасаған қоғам!

Сол қыздардың аяғы ауыр кезеңіне 

кемінде жүз адам куә болған шығар. 

Осылардың кемінде оны – жақындары 

мен  жанашырлары  болды.  Солар 

қайда  қарады?  Барар  жер,  басар 

тауы  жоқ,  ата-аналық  сезімі  де 

қалыптаспаған күйі бастан былғанып 

үлгерген  балаң  жастардың  осындай 

қатыгездікке баратынын болжап білу 

қиын ба еді? 

«Алып  анадан  туады»  деп  дәріп-

тейтін  «жатыры  асыл»  аналары мыз 

өз  ұрпағын  өлімге  қиятын  жағдайға 

жетті.  Сонда  ертең  мынау  елді  кім 

билейді?  Кімнен  туғандар  билейді? 

Кешегі  абзал  ана,  кешегі  тіршіліктің 

анасы  бүгінде  ажал  себуші  «анаға» 

айналды.  Ал  сіздер  ше?!  Аналар 

тажалға  айналғанға  дейін  қайда 

қарадыңыздар,  ақылман  ағайын?! 

Ананы  тажалға  айналдырмас  үшін 

не істедіңіз, қандай тәрбие бердіңіз,  

қандай  қамқорлық  жасадыңыз,  қай 

азабын  бөлістіңіз,  қай  қиындығын 

жеңілдеттіңіз?  Әйел-анаға  жасалған 

қай  қиянатқа  тосқауыл  болдыңыз? 

Баласын  қоқысқа  лақтырған  анамен 

бірге сіздің де қолыңыз қан емес пе?! 

Қиянат  біткен  аспаннан  түскендей 

біз  неге  өп-өтірік  аң-таң  бола  қала-

мыз?  Кеңестік  кезеңдегі  жетпіс 

жылдың  жырын  айтпай-ақ  қояйын, 

егемен ел болған ширек ғасыр бойы 

шашын  кесіп,  кіндігін  ашып,  санын 

жарқыратқан  қай  қызымызға  «тәйт» 

дедік?!  Телеарнаны  азғындықтың, 

арсыздықтың,  бетпақтықтың  жан-

ды  жарнамасына  айналдырдық.  

Қыздарымыз жеңіл жүрістілігін мақтан 

етіп,  өзін-өзі  жарнамалап,  газет-

терге  хабарландыру  беріп,  «түнгі 

көбелектер»  көшесінде  көлбеңдеп 

жүргенде  біреуін  жағынан  тартып 

жіберген  қазақтың  бір  жігіті  бар  ма 

екен?  Оның  орнына,  өз  қорасына 

шапқан қасқырдай тарпа бас салуға, 

ханталапайға  салып,  жармасып, 

жұлқылап қалуға, елден артылғанын 

шетелге  саудалап  жіберуге  жан 

салдық. 

Иман іздеп, дін қармаған қаракөз-

дерімізді  алдап-арбап,  құрығына 

түсірген  анталаған  адасқан  ағым 

өкілдері  берісі  өз  арасында,  арысы 

шетелдегі содырлар ортасында көңіл 

көтеру  құралы  мен  тегін  тауарға 

айнал дырды. Олардан аман қалғаны 

қамқорсынған  жаттың  жетегінде 

кетіп,  Кришнаның  дұғасын  жаттап, 

Йегованың кітаптарын таратып, ұлт пен 

рухты ұмытып, қала берді, көрінгенге 

көңілдес  болып  жүр.  Солардың 

қайсы сын қазақтың бір намысты ері 

арашалап алып, ел қатарына қосып-

ты?  Өзіңнен  таппағанды  өзгеден 

іздемес ке амалы қанша жолы жіңішке 

қыз баланың?

Қыздың  бәрі  атына  сай  ақылды, 

арлы, абыройлы бола бермейді. Оны 

сондай  ететін  тәрбиеші  –  қоғам. 

«Әй»  дейтін  әже,  «қой»  дейтін  қожа 

осындайда керек. Қызға қырық үйден 

тыйым салған қазақы қоғамның қатал 

да әділ тәлімін аңсамасқа амалымыз 

жоқ.


«Бақпаса  бала  кетеді,  қарамаса 

әйел кетеді» (сыпайылап айтқанымыз) 

дейді қазақ. «Баланы жастан, әйелді 

бастан» деген де сол қазақ. Осының 

бәрі  тәрбиенің  төңірегіндегі  әңгіме. 

Бірақ бұл отбасындағы тәрбиеге ғана 

қатысты сөз емес. 

Дәстүрлі  қазақ  қоғамы  қалай 

қалыптасты?  Бүкіл  ел  болып  ортақ 

құндылықтарды,  әдет  пен  әдеп 

заңдарын  ұстанғаны,  қастерлегені, 

қадаға лағаны,  сақтағанының  арқа-

сында ғана ел болды. Жалпы елдіктің 

өлшемі  –  ортақ  құндылықтар  мен 

дәстүрлерге  адалдық  десек,  артық 

айтқанымыз емес. Бүгінгі қазақ қоғамы 

да  осы  қағидатқа  бойұсынбаса,  ел 

болудан қалмақ. 

«Біреу  жаман  болса,  оған  заман-

дастарының бәрі кінәлі» дегенді Абай 

тегін айтқан жоқ. Отбасы қанша берік 

болғанымен,  жалпы  қоғамда  тұтас-

тық  болмаса,  әлеуметтік  дерттер 

жойылмайды.  Әлеуметтік  дерттер-

дің  бар  болуы  соларға  жағдай 

туғызып отырған қоғамның бар екенін 

көрсетеді.

Мысалы,  бір  ғана  аты  жаман 

жез өкшелікті  алайық.  Жарайды, 

мораль дық  тұрғыдан  азғындаған 

біреулер  адам  тәнін  саудаға  салу 

арқылы пайда табуға құнықты делік. 

Ал  соны  тұтынып  отырған  кімдер? 

Олар  –  қатардағы  қоғам  мүшелері, 

сіздер  мен  біздердің  әріптестеріміз, 

достарымыз,  көршілеріміз,  керек 

десеңіз, әкелеріміз бен ағаларымыз! 

Қоғамда дәл осы дерттің асқынуына 

қолайлы жағдай жасап отырған солар! 

Ал осыдан кейін ішкі бірлік туралы 

не  айтуға  болады?  Жезөкшелермен 

ұялмай ойнап-күлген ер адамдар өз 

аналарын, апаларын, қарындастарын, 

қыздарын  біреулердің  дәл  өзі  сияқ-

ты  қолжаулық  қылғанын  қалар  ма 

еді?  Міне,  ар-ожданының  алдында 

тартынбаған  адамнан  –  көкірегіндегі 

Құдайын  жоғалтқан  пендеден  –  қан 

тамырынан  жақын  Алланы  ұмытқан 

жандардан  барлық  нәрсені  күтуге 

болады.  «Ұялмасаң,  қалағаныңды 

істе» дегенді пайғамбарымыз осындай 

кеселділерден  түңілгеннен  айтқан 

болар.


Жақында ғана дін қызметіндегі бір 

бауырымыз  «Зинаның  жазасын  бұл 

дүниеде  тартса»  деген  мазмұндағы 

шетелдік  бейнематериалды  Ютубқа 

салыпты.  Көрген  адамның  жаны 

түршігеді. «Зина жасады» деп айып-

талған  қыз  баланы  бүкіл  ел  болып, 

тас  лақтырып  өлтіреді.  Өліп  жатқан 

қыздың  жүзіне  қарауға  жан  шыда-

м а й д ы . . .   А л   с о л   қ ы з д ы   з и н а ғ а 

итермелеген  еркек  қайда?  Ол  неге 

тасборанмен өлтірілмеді? Ол неге үріп 

ішіп, шайқап төгіп, тағы біреулермен 

зина  жасап,  жер  басып  жүр?  Оны 

ойлаған жан бар ма?

«Біреудің қаңсығы біреуге таң сық» 

деген  осы.  Әлдекімдердің  құнсыз 

құндылығын қазаққа таңбақ болған-

дар «Жеті Жарғыға» бір көз салса етті!

« Ж е т і   Ж а р ғ ы н ы ң »   1 2 - б а б ы 

бойынша «Әйел зорлау кісі өлтірумен 

бірдей қылмыс болып есептеледі». Ал 

кісі өлтірушінің жазасы – өлім! Қыздың 

абыройына дақ түсірген еркекті қазақ 

өлімге  бұйырған!  Сол  бап  бойынша 

егер ер адам өзі зорлаған қызға қалың 

мал  төлеп  үйленсе  ғана  жазадан 

босатылады.  Абыройдан  айырылған 

қызды да қазақ жазасыз қалдырмаған. 

Ата-анасының, бір рулы елдің бетіне 

шіркеу етпей, елден аластаған, онда 

да  жалғыз  қаңғытпай,  төрінен  көрі 

жуық мәужіреген шалға қосып, қалған 

өмірін қызметпен әрі қорлықпен өткізу 

жазасына  бұйырған.  Міне,  осылай 

қазақ аты жаман әдеттің ел арасына 

таралмауы  үшін  зинаға  кінәлі  еркек 

пен әйелді бірдей жазалаған. Қимасын 

құрбан  ете  жүріп,  құндылықтарды 

қорғаған. 

Қасиетті Құран Кәрімнің ұлағатына 

назар салсаңыз да, зина жасаған әйел 

жазаланып, еркек бетімен жіберілсін 

демеген.  «Зина  жасаған  әйел  мен 

ердің  әрбіріне  жүз  дүре  соғыңдар. 

Егер Аллаға, ақирет күніне сенсеңдер, 

екеуіне жұмсақтықтарың ұстамасын. 

бүгінгі  әсіре  ұраншыл,  тілде  бар  да, 

ділде  жоқ  «құрметіміз»  бен  кешегі 

кеңестік  жалған  «теңдіктен»  мүлде 

басқа, шынайы әрі терең еді.

Күні кеше маған ұлын ұяға, қызын 

қияға  қондырған  абзал  аналары-

мыздың  бірі  жыларман  боп  отырып, 

жан  сырын  айтты:  «Қыз  баққаннан 

қысырақ  баққан  оңай»  деген  рас 

екен.  Кішкентайынан  ар-абыройын 

сақтауды, әзәзіл еркектердің арбауына 

түспеуді  қызымның  құлағына  құйып 

бақтым. Обалы не керек, құйма құлақ 

қызым  айтқанымды  екі  еткен  жоқ, 

артық  қылық  көрсетпеді.  Сонда  да 

сол  қызымды  қашан  құтты  орнына 

абыройымен  қондырып  болғанша 

жаным  жай  таппады.  Бірінші  курсты 

бітірісімен  өзім  асықтырып,  сөзі 

жарасып жүрген жігітіне кешіктірмей 

ұзаттым. Өз қатарымыздағы еңгезер-

дей еркектердің өрімдей жас қыздарды 

көлігіне  салып  алып,  еш  қымсынбай 

ермек  етіп  жүргенін  көргенде,  өз 

қызымды елестетіп, жаным шүберекке 

түйілетін.  Жоғары  оқу  орындарында 

сабақ  беріп  жүрген  үйлі-баранды 

талай  еркектің  студент  қыздармен 

ойнап-күлгенін  көзім  көрді.  Талай 

қыздар да ар-ұятты жиып қойып, әр 

оқытушының «көңілін тауып», біліммен 

емес,  бүлінумен  диплом  алып  жүр. 

Қала  берді  талайы  «қыздармен 

тұрып  жатырмын»  деп,  алыстағы 

әке-шешесін  алдап,  пәтерақысын 

төлеп, тамағын әпергеніне мәз болып, 

ертең қызығын көріп, жайына кететін 

әлдекімдерге  тәнін  сатып  жүр.  Сол 

Ал  үлкен  қалалардың  ахуалы 

нешік? «Қызың өссе, қызы үлгілімен 

ауылдас  бол,  Ұлың  өссе,  ұлы  үлгі-

лімен ауылдас бол» дейді қазақ. Біз 

кіммен  ауылдас  боламыз?  Біздің 

балаларымыз кімдермен оқып жатыр?! 

Олардың сыныбында да талай болмай 

жатып бүлінген қыздар мен бүлдірген 

ұлдар жүр ғой?! Біз балаларымызды 

қалай  тәрбиелемекпіз?!  Дұрысы, 

біз  білмейтін  ортасы  оларды  қалай 

тәрбиелеп жатыр?

Әлеуметтік азғындықты асқындыра 

түскен демалыс орындары да бүгінде 

ойнастықтың  ордасына  айналды. 

Балаларыңды  алып  бара  қалсаң, 

қасыңдағылардың қылығынан бетіңді 

басасың.  Емделу  үшін  емес,  көрін-

генмен көңіл көтеріп, күнәға белшеден 

бату үшін ғана келетіндей көпшілігі. 

Осыдан бірнеше жыл бұрын белгілі 

бір  жазушы  ағамыздың  курорттағы 

хикаялар  жайлы  жазылған  әңгімесін 

оқып, бойымнан түңіліп едім. Жазушы 

демалыс орындарындағы кемді күнгі 

көңілдестік сауық-сайрандары туралы 

шабыттана  жазыпты.  Шабыттанғаны 

сондай,  мұның  ар-ожданға,  адам-

гершілік  пен  имандылыққа  жат  іс 

екенін,  нақтырақ  айтқанда  жеңіл 

жүріс  болып  табылатынын,  біреудің 

тағдырын,  жан  дүниесін  тәлкек  етіп, 

тастап  кету  екенін  мүлде  естен 

шығарып, қаны бұзық кейіпкерлерінің 

біраз  күн  қыдырып,  жүріп-тұрған 

көңілдес  келіншектерін  тастап, 

жаңадан  келген  басқа  қыздармен 

ойнап-күліп  кеткенін  бүге-шігесіне 

ҰЛТЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕЙМІН 

ДЕСЕҢ, ҚЫЗЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕ!

Әрі екеуінің жазасын мүминдердің бір 

тобы көріп тұрсын. Зина жасаған еркек 

зина жасаған немесе мүшрік әйелмен 

үйленуге  лайық.  Зина  жасаған  әйел 

де зина жасаған немесе мүшрік ермен 

ғана үйленеді. Бұлар мұсылмандарға 

харам  қылынды»  («Нұр»  сүресі,  2-3 

аяттар)  деп  әмір  етіледі  Құранда. 

Қ ұ р а н   а я т т а р ы   м е н   М ұ х а м м е д 

пай ғам бар  хадистерін  негізге  ала 

отырып, ұлттық дәстүрлерін де елеп-

ескеріп,  мұсылман  үмбеті  санатына 

енген  әрбір  ұлт  азғындыққа  айыпты 

жандарды жазасыз қалдырмады. 

Ойлап қарасаңыз, әйел құқықтарын 

қорғаудың, әйел-ананы қасиеттеудің 

төресі Құранда еді. Ол сіз бен біздің 

қыздар  да  ертең  түк  болмағандай 

біреулерге тұрмысқа шығады. Әбден 

ластанып  біткен  жатырдан  қандай 

ұрпақ дүниеге келмек».

Өткен айда оңтүстіктегі бір қаланың 

білім  саласын  басқарып  отырған 

құрдасым шағын ғана қалада мектеп 

жасындағы 70 қыздың аяғы ауыр болып 

шыққанын  ашына  жеткізді.  Одан  да 

сорақысы  −  сол  өңірдегі  шекаралас 

аймақтағы бір ғана ауданда мектепте 

оқитын 300 қыздың аяғы ауыр екен. 

Бұл  кездейсоқ  тексеріс  барысында 

белгілі болып қалған жайт. Ал белгісізі 

қаншама! Кешегі түмен бап – он мың 

әулие  өткен  имандылықтың  ордасы 

болған құт-мекеннің бүгінгі бейнесі бұл. 

дейін  айызы  қана  баяндапты.  Ол 

аз  дегендей,  кейіпкер  жігіттердің 

біріне  ғашық  болып  қалып,  жылап-

еңіреп  соңынан  жүгірген  алдыңғы 

келіншектердің  бірін  «курорттағы  аз 

күн  көңіл  көтеруді  шынайы  өмірмен 

шатастырып алған бейбақ» деп әбден 

кінәлапты.  Шығарманың  өн  бойында 

кейіпкерлердің  жеңіл  жүрістеріне 

қымсыну, айыптау атымен жоқ, қайта 

автор жан-тәнімен соларға жанкүйер 

болып  алған,  солармен  бірге  рахат-

танып,  бірге  сайран  салған.  Осыны 

жазған ағамыз азамат болған ұлынан, 

үйіндегі  жарынан,  қаламын  баққан 

халқынан  қалай  ұялмайды  екен  деп 

қайран қаласың. 

«Қайран  біздің  шешелер,  арды 

ойлаған»  деуші  еді  ғой  Мұқағали. 

Ал  мен  ардың  күзетшісі,  ақиқаттың 

алдаспаны болған қайран біздің баба-

ларды  көп  аңсаймын.  Кешегі  азамат 

ерлердің тектілік тұнған тәлімі бүгінгі 

зиялылардың бойында болса, соларға 

қарап  еріксіз  айылын  жимас  па  еді 

былайғы жұрт.

«Осы біздің халықты қарғыс атқан 

жоқ па деп қорқамын» дейді тағы бір 

апайымыз рухани жұтаңдыққа налып 

отырып. Осы сөзді естігенде көп жыл 

бұрын жазылған өз өлеңім еске түсе 

кетті:

«Ел қазақта ер қалғандай пайымды,



Келеңсізден күтіп келдің қай үлгі?!

Жұлып алып жерлемеп пе ед 

                                    жебір қол

Маңдайыңнан туып тұрған 

                                           айыңды?!

Тозған жұртпен торықсаң да тобаң

                                             бір,

Жұқпасын деп жанығасың соған

                                              кір.

Атар таңын армен бірге жоғалтып,

Құдіреттен қарғыс тиген қоғам

                                         бұл...»

«Байдың  түбі  аштан  өледі»  дейді 

халқымыз.  Кешегі  руханият  тарихын 

жасаған, рух деңгейінде өмір сүрген, 

рухани  мұраның  баға  жетпес  інжу-

маржандарынан  сарқылмас  қазына 

жиған халқымыз бүгінде рухы азған, 

тозған, азғындаған халыққа айналды. 

Несіне  жасырамыз  −  тап  солаймыз. 

«Ауруын жасырған өледі» деген, біз де 

жасыра-жасыра өлуге айналдық.

Қатты  айтсам  кешірерсіздер 

ағайын, меніңше, қазақ қыздың қарғы-

сына ұшырады. Қазақты қыздың киесі 

ұрды. Қазақты қыздың көз жасы атты.

Қырық  үйден  тыйым  салып,  қақ-

пайлап, қадағалап, қарауылдап жүріп, 

үкілеп  ұзатып,  аманатын  ақ  адал 

күйінде азаматына тапсырып, «ұлтың-

ды  тәрбиелеймін  десең,  қызың ды 

тәрбиеле»  деп  қыздың  ары  арқылы 

ұлттың қанын сақтаған қазақ бүгінде 

ғасырлар бойы кір жуытпай сақтаған 

киелі-қасиеттісін аяусыз оңды-солды 

таптауда. 

Қазақ ұлы! Қызды да Құдай жарат-

қан,  қыздың  да  иесі  бар!  Ал,  иесі 

бардың  қашанда  киесі  бар...Киеліні 

қорлаған  ешбір  халық  санатты  ел 

болып қала алған жоқ. Оның көл-көсір 

мысалын айналаңыздағы алыс-жақын 

шетелдерден  табасыз.  Сол  нәубет 

бізге де келді. 



Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 1.17 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет