АҢдатпа 8-9-беттер 3-бет



жүктеу 1.17 Mb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата27.04.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Р

е

д

а

к

ц

и

я

д

а

н:

10

№117/1 (2895/1) 

22 қазан 2016

zangazet@maiI.ru



ӘЛЕУМЕТ

ЕСКІНІ ЖИНАСАҢ, 

ЕСІҢ КЕТЕДІ   

Еліміз тәуелсіздік алған тұста шет елдерден ескі көліктер легі ағылғаны белгілі. Сонан 

кейін ескі көліктердің елімізге лек-легімен келуі өткен жылы тіркелді. Орыс ақшасының 

құнсыздануы ресейліктердің тақымында тозған темір тұлпарлардың шекара асуына түрткі 

болды. Салдарынан елімізде ескі көліктер саны күрт артты. Статистикалық мәліметке 

сүйенсек,  бүгінгі  таңда  елімізде  5  миллионнан  астам  жеңіл  көлік  тіркелген  екен.  Ал, 

соңғы үш жылда Қазақстанға шетелден 1 жарым миллионнан астам автокөлік жеткізіліпті. 

Алайда, олардың жартысынан көбінің, яғни, 60 пайызға жуығының тозығы жеткен. Тіпті, 

қатарында зауыттан шыққанына 20-25, 30 жыл болған көліктер бар. 

Ескі көліктердің көбеюі бірқатар проблемалар туындатып отыр. Ең басты мәселе, ескі 

көліктерден қоршаған ортаға келер зиян көп. Мамандардың мәліметіне қарағанда, ескі 

көліктер ауаға жылына шамамен 200 мың тоннадан астам улы газ тарататын көрінеді. 

Сондай-ақ, тозған темір тұлпарлардың  қатысуымен жол-көлік апаты да жиі болады екен. 

Сандарды сөйлетсек, еліміздің жолдарында 2016 жыл дың үш айында 3570 жол апаты 

орын алса, соның көбі ескі көліктердің қатысуымен болған.

Ескі көліктердің келтірер зиянын ескерген ел үкіметі оларды утилизациялауды қолға 

алды. Бұл халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған шара. 

Сонымен  қоса,  бұл  шара  ескі  көлікті  утилизациялау  арқылы  отандық  автоөнеркәсіпті 

дамытуға серпін береді. Алайда, біздің елде ескі көлікті утилизациялау тетігі жасалмаған. 

Мысалы, Германияда ескі көлік утилизацияға  өткізілмейінше, есептен шығарылмайды. 

Ал, бізде керісінше. Есептен шығара береді. Нәтижесінде ескі көліктің қаңқасы онсыз да 

қордаланған қоқыс көлемін ұлғайтады.

Бұл бастама Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімен де байланысты. 

Тимур  НҰРАШЕВ,  Индустриялық  даму  және  өнеркәсіптік  қауіпсіздік  комитеті 

төрағасының орынбасары:

–  Бәріңізге  белгілі,  қазіргі  таңда  «100  нақты  қа дам»  Ұлт  жоспарын  жүзеге  асыру 

барысында  және  еліміз  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  қосылғандықтан  бірқатар  заң­

дарымызды жетілдіріп, қажет жеріне түзетулер енгізу керек болып жатыр. Пайдаланылған 

автокөліктерді жылына қарай тіркеу шарасы да осы себептерге және еліміздің экологиялық 

тазалықтарына, сондай­ақ, жол қауіпсіздігіне орай жасалуда. Мұндай тәжірибе әлемнің 

бірқатар дамыған елдерінде бар.

Елімізге ескі көліктерді әкелуге қарсы шараның бірі тіркеу алымдарын қымбаттату 

болды. Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Қазақстанда үш жылдан 

астам уақыт жүрілген көліктерді тіркеу алымы 500 айлық есептік көрсеткішті құрайтын 

болды.  Заң  қабылданғанға  дейін  автокөліктерді  бастапқы  тіркеу  үшін  барлық  жеңіл 

автокөлік үшін алым 0,25 айлық есептік көрсеткішті құраған еді. Жаңа заңға сәйкес, жаңа 

автокөліктерді тіркеу үшін алынатын алым 0,25 есептік көрсеткіш мөл шерінде қалды. Ал, 

зауыттан шыққанына 1-3 жыл болған көліктерді тіркеу үшін алынатын бір реттік алым 50 

айлық есептік көрсеткіш болса, үш жылдан асқан көліктер үшін алым 500 айлық есептік 

көрсеткіш  мөлшерінде  белгіленді.  Автобустар  мен  жүк  көліктері  үшін  алым  одан  да 

қымбат. 

Егер  утилизация  қолға  алынбаса,  2020  жылы  еліміздегі  ескі  көліктердің  үлесі  70 

пайызға  жетуі  мүмкін  еді.  Салыстырмалы  түрде  қарайтын  болсақ,  бұл  көрсеткіш 

Германияда 8 пайызды құрайды екен. 

Қазақстанда  ескі  көліктерді    утилизациялау  2014  жылдан  басталады  деп  күтілген 

болатын.    Алайда,  әртүрлі  себептерге  байланысты  бұл  шара  биылғы  жылға  дейін 

кешеуілдеді.  Сөйтіп,  бұл  мәселе  биыл  шешімін  тапты  және  ескі  көлік  үшін  берілетін 

ақшаның  мөлшері  де  белгілі  болды.  21  қазаннан  бастап  еліміздегі  ескі  көліктер  315 

мың  теңгеден  қабылдана  бастайды.  Тапсырылған  ескі  көліктің  орнына  сертификат 

беріледі. Жауапты мамандардың мәліметіне сүйенсек, бұл шара екі кезеңнен тұрады. 

Бірінші  кезең  2016  жылдың  қазан  айынан  бастап  2016  жылдың  31  желтоқсанына 

дейін  жалғасады.  Бұл  кезеңде  тек  жеңіл  көліктер  қабылданады.  Ал,  бағдарламаның 

екінші  кезеңінде,  яғни  2017  жылдың  1  қаңтарынан  2021  жылдың  31  желтоқсанына 

дейін  автобустар,  шағын  автобустар  және  жүк  көліктері  қабылданатын  болады. 

Қабылданатын ескі көліктер мынадай талаптарға сай болуы тиіс. Ең басты талап – утилге 

тапсырылатын көлік кем дегенде алты ай қолданыста болуы шарт. Одан өзге қосымша 

талаптар бар.

Утилге тапсырылатын ескі көлікте мыналар болуы тиіс:

1. шанақ (шасси); 2. есіктері; 3. капот, жүксалғыштың қақпағы; 4. қозғалтқышы; 5. 

радиаторы;  6.  беріліс  қорабы  (коробка);  7.  аккумуляторы;  8.  дөңгелектері;  9.  аспап-

құралдар панелі; 10. орындықтары.

Көлігіңіз осы талаптарға сай болған жағдайда ғана сертификат ала аласыз. Алдын 

ала мәліметтерге қарағанда, сертификатты сатуға немесе пайдалану үшін басқа да бір 

адамға беруге болды.  

Ескі көліктерді қабылдайтын пункттер еліміздің әрбір облыс орталығында ашылады деп 

жоспарланып отыр. Жобаға қатысу үшін көлік иесі көлігін қажетті пунктке немесе дилерлік 

орталыққа жеткізіп, тиісті өтініш жазуы қажет. Сондай-ақ, төлемақы алуға келісімшарт 

жасасып,  құжаттарды  жинау  керек.  Сонан  соң  қабылданған  көлік  тиісті  тексеруден 

өткізіледі. Барлығы талапқа сай болған жағдайда көлік иесіне сертификат беріледі.

ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау Орталық коммуникациялар 

қызметінде сөйлеген сөзінде, Қазақстанда автокөліктерді толықтай қайта шығаратын 

бірнеше зауыт салынатыны жайлы айтты. 



Альберт РАУ, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі: 

– «Оператор РОП» ЖШС стратегиясына сәйкес, үш зауыт салынады деп жоспарланып 

отыр. Біріншісі Астана мен Қарағанды аумағында, екіншісі Алматыда, ал үшінші зауыт 

Шымкентте. Бірінші зауыт жарты жылдың ішінде ашылады. Мысалы, Жапонияда көлікті 

жеті жылдан артық пайдалану тиімсіз. Өйткені, көлік ескірген сайын оған көрсетілетін 

қызмет  бағасы  да  қымбаттай  береді.  Сондықтан,  жапондар  үшін  жаңа  көлік  алған 

тиімдірек. Ал өткізілген көліктер қосымша айналымға түседі. Біздің де түпкі мақсатымыз 

сол. Сол мақсатқа жету үшін жұмыс жасауымыз қажет. 

Вице-министрдің айтуынша, Көліктердің утилизациясы – барлық ескі автокөліктерді 

қолданыстан алып тастау деген сөз емес. «Бұл бағдарлама қоршаған ортаны қорғауға 

бағытталған. Сондықтан ескі көліктерді зорлықпен тартып алмаймыз», – дейді Альберт 

Рау. 

Сондай-ақ, вице-министр еліміздің машина жасау саласында жыл басынан бері 29 



пайызға құлдырау байқалғаны жайлы мәлімдеді. Десе де, сарапшылар, жалпы машина 

жасау  саласы  экономикалық  дағдарысты  біртіндеп  еңсеріп  келе  жатқанын  айтады. 

Мысалы, тамыз айында өсім байқалып, шілде айымен салыстырғанда 117 пайызға артқан.

Ал, баз біреулер «мемлекеттік органдар тіркеу алымдарын қымбаттату арқылы көлік 

сатып, нәпақа тауып жүрген кәсіпкерлердің қолын байлады», –деп байбалам салған еді. 

Альберт Раудың айтуынша, мәселе автодилерлердің лицензиясына қатысты. Бұдан былай 

лицензиясыз алыпсатарлар шеттен көлік әкеліп сата алмайды. Шілде айында Еуразиялық 

экономикалық одақ елдерінен келетін көліктерді шектеу бойынша құзырлы министрліктің 

бұйрығы да шыққан. 

Альберт РАУ, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі:

–  Еуропада  тауарды  шығарушының  сенімхатынсыз  автосалон  ашып,  олардың 

көлігін саудалай алмайсың. Ал, бізде ондай «сұр диллерлер» емін­еркін Ресейден көлік 

айдап әкеліп, салон ашып, сата қоямын деп ойлайды. Енді оған жол жоқ.  Расымен де, 

бағдарламаның мақсаты кәсіпкерлердің қолын байлау емес. Басты мақсат ескі көліктердің 

қоршаған ортаға тигізетін зиянын азайту және адамдардың денсаулығын, қауіпсіздігін 

сақтау болып табылады. Сондықтан, мұндай игі жобаға қолдау көрсеткеніміз абзал.

 Бетті дайындаған Қалдар БЕРДІБЕКҰЛЫ

Кеңес үкіметі тұсында Ресей Федера-

циясы  аумағындағы  алыс  ауылдарды 

жалғайтын  жолдар  сайрап  жатқанда 

Қазақстандағы  облыстық  дәрежедегі 

жолдардың  жағдайы  әлдеқайда  нашар 

болды. Ауылдарды айтпағанда, аудандар 

мен  облыс  орталық тарын  жалғайтын 

жолдардың жай-күйі де көңіл көншітпеді. 

Оның өзіндік себептері де болды. Оған 

қоса,  ол  тұста  Қазақ станда  көлік  саны 

аз  еді.  Ал,  егемендік  алғаннан  кейін 

елімізде  көлік  саны  күрт  артты.  Енді 

жол салу қажеттілігі туындады. Өйткені, 

сапасыз жолдар жол апатының артуына 

да кесірін тигізді.

Сондай-ақ,  Қазақстанда  табиғи  ресурстар 

мен  ірі  экономикалық  орталықтар  бір-бірінен 

алшақ жатқандықтан, жүк көп тасылады, осыдан 

болар басқа елдерге қарағанда, Қазақстан жол-

көлік кешенінің жұмысына көбірек тәуелді. Бұған 

қоса,  Қазақстанның  географиялық  орналасуы 

транзиттік-көліктік  әлеуетті  дамытуға  қолайлы. 

Осыны  ескерген  ел  Үкіметі  көлік  жолдарының 

құрылысын дамытуды жоспарлады.

2008 жылы 6 ақпандағы Қазақстан халқына 

Жолдауында  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаев  «Батыс  Еуропа  –  Батыс  Қытай» 

транзит дәлізін салу идеясын ұсынды. Атал мыш 

жобаны жүзеге асыруды Үкіметке жүктеді. Сол 

жылы  22  қыркүйекте  Ресей  Федера циясының, 

2009  жылдың  16  сәуірінде  Пекинде  ҚХР 

Коммуникация министрліктері арасында «Батыс 

Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізін 

құру  жайында  меморандумға  қол 

қойылды. Халықаралық транзиттік 

дәліздің жалпы ұзындығы 8445 

ш а қ ы р ы м .   О н ы ң   і ш і н д е , 

Қазақстан  Республикасы 

аумағынан–2787 шақырым, 

Р е с е й   Ф е д е р а ц и я с ы 

аумағынан–2233  шақы-

рым,  Қытай  Халық  Рес-

пуб ликасы  аумағынан 

3 4 2 5   ш а қ ы р ы м   ж о л 

өтеді.  Дәліздің  негізгі 

бағыттары:  Санкт-Пе-

тербург – Мәскеу – Ниж-

ний  Новгород  –  Қазан 

–  Орынбор  –  Ақ төбе  – 

Ырғыз – Арал – Қызылорда 

– Шымкент – Тараз – Қордай 

–  Алматы  –  Қорғас  –  Үрімші 

–  Ланьчжоу  –  Чженчжоу  –  Лянь-

юньган.  Барлығы  2452  шақырым 

жол  қай та  жаңартуға  жатады  (Ақ төбе 

олысында  –  358,  Қызыл орда  облысында  – 

817,  ОҚО-да  –  458,  Жамбыл  облысында–  480, 

Алматы облысында– 339 шақырым).

Құрылыс  жұмыстарын  жүргізуге  35  мың 

адам  және  4,5  мың  техника  жұмылдырылды. 

Жобаның  жалпы  құны  825,1  миллиард  теңге. 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  әлем  алдын-

дағы  беделінің  арқасында  аталмыш  жобаға 

Дүниежүзілік банк, Еуропа Қайта құру және Даму 

банкі,  Ислам  Даму  банкі,  Азия  және  Жапония 

Даму банктері инвестиция бөлді. 

Жалпы, Қытай мен Еуропа аралығында жаңа 

жүк тасымалы легінің пайда болуы Қазақстанның 

транзиттік  әлеуетін  дамытуға  мол  мүмкіндік 

береді.  Жоба  іске  асқаннан  кейін  Қазақстан 

Республикасы  аумағы  бойынша  2020  жылы 

жүк  тасымалы  2,5  есеге  артады.  Сарапшы 

мамандардың  болжауынша,  жүк  тасымалын 

Қытай – Қазақстан бағыты бойынша 25 пайыз, 

Қытай – Орталық Азия бағыты бойынша 35 пайыз 

және Қытай – Қазақстан – Ресей – Батыс Еуропа 

бағыты бойынша 40 пайызға жеткізу көзделген. 

Сондай-ақ, мамандар бұл дәліз арқылы Орталық 

Азия, Ресей Федерациясы және Еуропа елдері 

арасындағы  жүк  тасымалының  шамамен  80 

пайызы  Қазақстан  арқылы  өтетін  болады  деп 

жобалауда.  Халықаралық  сарапшылардың 

бағалауы бойынша, бүгінде транзиттік жолы бар 

елдер  жылына  1  триллион  доллар  көлемінде 

табыс  табады  екен.  Демек,  жоба  толықтай 

іске  қосылғаннан  кейін  біздің  елдің  жүк  тасы-

Игі іс

КӨЛІК ЖОЛЫ – 

ЭКОНОМИКАНЫҢ 

КҮРЕ ТАМЫРЫ

ДЕРЕК

Елімізде 3 264 400 жеңіл автокөлік 

тіркелген. Автокөлік тасжолдарының 

ұзындығы 96 мың км-ден асады. Қазақстан 

арқылы жалпы ұзындығы 23 мың км 

болатын бес халықаралық автокөлік бағыттары 

өтеді. Қазақстанның басты даңғыл жолдары:

Алматы-Астана-Қостанай; Алматы-Петропавл; 

Алматы-Талдықорған; Алматы-Шымкент; 

Қызылорда-Ақтөбе-Орал қала жолдары.

Өзбекстан мен Түркіменстан арқылы Иранның

Түркияның, Пәкістанның теңіз порттарына 

шығатын халықаралық бағыттардағы 

автомобиль жолы.

малындағы үлесі қомақты болмақ. Соңғы жыл-

дары  Қазақстан  аумағынан  өтетін  транзиттік 

тасымалдың көлемі 40 пайызға өсті, одан түсетін 

табыс та соншаға артты. 

Жоба  іске  қосылған  соң  экономиканың 

қарқынды  дамуына  қомақты  үлес  қосады. 

Ішкі-сыртқы  сауда  дамиды.  Жұмыс  орындары 

а ш ы л а д ы .   Ә л е м д і к   к ө л і к   к о м п а н и я л а р ы 

Қазақстан  нарығына  шоғырлана  бастайды. 

Көлік  нарығында  бәсекелестік  қалыптасады. 

Көлік  кешені  дамып,  халықаралық  байланыс 

күшейеді,  бұл  ел  экономикасының  одан  әрі 

дамуына серпіліс береді. Мәселен, қазір Еуропа 

мен Қытай арасындағы тауар айналымы шамамен 

800 миллиард долларды құрайды екен. Ал, бұл 

көрсеткіш  алдағы  уақытта  арта  түсері  анық. 

Сондықтан,  бұл  жобаға  қосылу  біздің  еліміз 

үшін үлкен табыс көзі болғалы тұр. Транзиттен 

табатын пайда миллиардтаған доллар қаржыны 

құрайтын болады және көрші елдермен арадағы 

сауда-ынтымақтастық қатынас та нығая түседі.

«Батыс  Еуропа  –  Батыс  Қытай»  транзит 

дәлізіннен өзге «Нұрлы жол»  инфрақұрылымды 

дамыту мемлекеттік бағдарлмасы аясында басқа 

да жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет 

басшысының  тапсырмасымен  Астанадан 

барлық аймаққа жол тарту қолға алынды. Көлік 

инфрақұрылымын  модернизациялау  аясында 

2020 жылға дейін 7 мың км жол салу көзделуде. 

Осы  мақсатқа  302  млрд  теңге  бөлінген,  оның 

ішінде  «Нұрлы  жол»  жобаларының  іске  асуына 

Ұлттық қордан 178 млрд теңге қарастырыл ған.

Сонымен қатар, Алма-

т ы н ы ң   ү л к е н 

а й н а л м а 



ДЕРЕК

Көлік – Дүниежүзілік шаруашылық 

жүйесіндегі материалдық өндірістің үшінші 

бір жетекші саласы. Бүкіл қатынас жолдары, көлік 

кәсіпорындары мен көлік құралдары қосылып, дүниежүзілік 

көлік жүйесін құрайды. Дүниежүзілік көлік саласында 100 

миллионнан астам адам жұмыс істейді. Көлік желісінің жалпы 

ұзындығы (теңіз жолын қоспағанда) 35 миллион км-ден асады. Жыл 

сайын дүние жүзінде көліктің барлық түрлерімен 100 миллиардтан 

астам жүк және 1 триллионнан астам жолаушы тасымалданады. 

Бұл тасымалға бірнеше миллиондаған көлік құралдары қатысады. 

Дүниежүзілік көлік желісі жалпы ұзындығының және дүниежүзілік 

жүк және жолаушылар айналымының 75- 80 пайызы экономикасы 

дамыған елдердің үлесіне тиесілі. Автомобиль жолдарының 

ұзындығы ұдайы өсуде, ол XX ғасырдың соңында 25 миллион 

шақырымға жетпек. Оның шамамен 50 пайызы АҚШ, 

Үндістан, Ресей, Жапония, Қытайға тиесілі.  Елді 

автомобильдендіру жөнінен АҚШ ең жоғарғы 

деңгейге жетті. Мұнда 1000 тұрғынға орта 

есеппен 600 автомобильден 

келеді.

автожолын салу мәселесі де жоспарланып отыр. 

Жоспар  бойынша  бұл  жол  «Батыс  Еуропа  – 

Батыс Қытай» дәлізі арқылы жүретін транзиттік 

көліктің  ағымын  Алматы  қаласынан  айналып 

өтуге мүмкіндік туғызып, көлік жүйесін реттейді.  

Одан өзге, «Орталық-Оңтүстік» жобасы аясында 

қолданыстағы  Теміртау,  Қарағанды,  Балқаш 

және  Қапшағай  жолдары  арқылы  Астанадан 

Алматыға дейінгі жолдардың 1 282 км құрылысы 

жоспарда бар. 

«Орталық-Шығыс» жобасы бойынша Петро-

павл  және  Семей  қалалары  арқылы  1  018  км 

жол салынады. Құрылыс 2017 жылы аяқталады 

деген  сенім  бар.  Сонымен  қатар,  Мемлекет 

басшысының  ҚХР-ге  сапары  аясында  ҚХР-

дің  «ЭксимБанкінен»  жеңілдікпен  несие  алу 

мәселесі  шешілді.  Несиенің  жалпы  сомасы 

2,6 млрд долларды құрайды. Қаражат «Нұрлы 

жол»  бағдарламасының  автожол  жобаларын 

і с к е   а с ы р у ғ а   б а ғ ы т т а л а д ы .   Б ұ ғ а н   қ о с а , 

2020  жылға  дейін  7  000  км  республикалық 

маңыздағы  автомобильдік  жолдарға  ақылы 

жүйе енгізіледі. 

Сондай-ақ,  межеленген  уақытта  респуб-

ликалық  маңыздағы  автожол  жиектеріндегі 

сервистерді  дамыту  бағдарламасының  2020 

жылға  дейінгі  жоспарына  сай  200  сервистік 

нысан  салынып,  2000  жаңа  жұмыс  орны 

ашылмақ.


Бастама

ДЕРЕК

Қазақстандықтардың иелігіндегі 

жеңіл  машиналардың  саны  жыл 

сайын  артып  келеді.  Статистика 

комитетінің мәліметінше, 10 жыл 

бұрын 100 қазақстандықта 11 машина 

болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 

екі есеге өскен. Қазақстандықтар 

тұтынуындағы барлық машинаның 

59  пайыздан  көбінің  жасалған 

уақыты 10 жылдан асып кеткен. Ал, 

шығарылған жылы үш жылдан кем 

болатындар саны 626 мыңнан сәл 

асып жығылады.

11

zangazet@maiI.ru



№117/1 (2895/1) 

22 қазан 2016

ҚИҒАНЫҢ ОРТАСЫНДА ЖҮРЕТІН, ҚАЙНАҒАН ӨМІР КӨРІНІСТЕРІНІҢ КУӘГЕРІ БОЛАТЫН 

ЖУРНАЛИСТЕР ҚАУЫМЫ ҮШІН КЕЙДЕ ТАРИХИ МИССИЯ АТҚАРЫП, ҚАЙРАТКЕРЛІК 

ДӘРЕЖЕГЕ КӨТЕРІЛЕТІН КЕЗДЕР БОЛАДЫ. БАТЫС ЕУРОПАДА ӨМІР СҮРІП, АҚШ АҚПАРАТ 

ҚҰРАЛЫНДА ЕҢБЕК ЕТСЕ ДЕ ҰЛТЫНЫҢ ҚАМЫН ӘРКЕЗ ЕСТЕН ШЫҒАРМАҒАН, ҚАЗАҚТЫҢ 

МҮДДЕСІ ҮШІН ҚОЛЫНАН КЕЛГЕННІҢ БӘРІН ЖАСАҒАН АДАЛ НИЕТТІ, ЖАЛЫНДЫ 

ЖУРНАЛИСТ-ПУБЛИЦИСТ РЕТІНДЕ ХАСАН ОРАЛТАЙ АҒАМЫЗДЫҢ ҚАЙРАТКЕРЛІГІ 

БӘРІМІЗГЕ ӨНЕГЕ БОЛАРЛЫҚТАЙ. ХАСАН АҒАНЫҢ САНАЛЫ ҒҰМЫРЫ ОТАРШЫЛ 

ИМПЕРИЯЛАРДЫҢ ЖЫМЫСҚЫ ПИҒЫЛЫН ӘШКЕРЕЛЕЙ ОТЫРЫП, ҰЛТ АЗАТТЫҒЫ ҮШІН 

ҚАЖЫМАЙ КҮРЕСУМЕН ӨТТІ. ШЫН МӘНІНДЕ, ҚОЛҒА ҚАРУ АЛЫП ҚАРСЫ КЕЛГЕН 

ЖАУМЕН АТЫСУДАН ГӨРІ, ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ШАЙҚАСТЫҢ, СӨЗБЕН ҚАРУЛАНЫП, АҚПАРАТ 

АЙДЫНЫНДА АЙҚАСУДЫҢ АНАҒҰРЛЫМ КҮРДЕЛІ ЕКЕНІН АЙТЫП ЖАТУДЫҢ ӨЗІ АРТЫҚ. 

ОЛ БАРШАМЫЗҒА АЯН, БАСЫ АШЫҚ ӘҢГІМЕ.

О

Қаруы – қаламы

Публицист Хасан Оралтай қарша-

дай кезінде қытай басқыншыларымен 

болған ұлт-азаттық соғысты көзімен 

көріп, туған ел, жерінен ауып көшуге 

мәжбүр  болған  эмигрант  тұлға. 

Түркия өкіметінің қолдауының арқа-

сында  есейіп,  кейін  кеңестік  отар-

лығымен қаламды қару етіп, аянбай 

күресті.  Әрдайым  шындықты  пір 

тұтқан қайраткер қаламгер артында 

ө ш п е с   м ұ р а   қ а л д ы р ғ а н   т а р и х и 

публицист.  Мақалада  біз  ол  кісінің 

бір  ғана  қырына  тоқталмақпыз. 

Анығырақ айтқанда, биылғы жылы 30 

жылдығы  аталып  жатқан  Желтоқсан 

ереуілі  тұсында  журналист  ретін-

де  қалай  еңбек  еткенін  ғана  сөз 

етпекшіміз.

Алматыда  өткен  қазақ  жастары-

ның  ереуілін  кеңес  басқыншылары 

әскер  мен  сақшылардың  күшімен 

аяусыз  басып-жаншып  таратқаны 

туралы  ақпаратты  1986  жылдың  18 

желтоқсанында  Бесс  Браун  деген 

америкалық  әріптесінен  алғанын 

шетелдегі қазақ диаспорасы арасынан 

шыққан  халықаралық  деңгейде 

танымал публицист, қаламгер Хасан 

Оралтай сағат, минутына шейін көр-

сетіп, өзінің «Елім-айлап өткен өмір» 

кітабында жазып кеткен.  

Әлемнің  бірқатар  елдері  Жел-

тоқсан  көтерілісі  туралы  алғашқы 

ақпаратты Мәскеудегі өз елшіліктері 

арқылы  алған.  Шетелдік  дипломат-

тар  оқиғаның  ресми  билікке,  кеңес 

идео логиясына  жасалған  жаппай 

наразылық екенін білді. Ал, баспасөзге 

арналған  жалғыз  ресми  ақпараттық 

көз  ТАСС-тың  жалаға  толы  жалған 

мәліметі  ғана  болды.  Неше  жерден 

қайта құру мен жариялылық басталып, 

кеңес  қоғамы  өзгеше  бағытқа  тың 

қадам  жасап,  демократияға  бет 

бұрып жатқан, қырғи-қабақ соғыстың 

айтарлықтай жылымық тұсы болса да 

дәл  осы  қазақ  жастарының  ұлттық 

мүддеге  адалдық  танытып,  жетпіс 

жылғы  орыс  үстемдігіне  төзімдері 

таусылғандықтан бейбіт қарсылыққа 

ш ы қ қ а н ы   ж а й ы н д а ғ ы   ш ы н а й ы 

ақпарат дер кезінде ашық айтылмай, 

ө р е с к е л   б ұ р м а л а н д ы ,   ш ы н д ы қ  

тұншықтырылды. 

Ол  тұста  исі  қазақтың  арасынан 

туған  антикоммунист,  жалынды 

публицист  Хасан  Оралтай  «Азаттық» 

радиосы  бас  редакторының  орын-

басары  қызметінде  болатын.  Қолда 

бар деректі пайдаланып, әлем жұрт-

шы лығын  қазақ  жастарының  комму-

нистік  жүйеге  тегеурінді  қарсы лық 

көрсеткенін  хабарлап  үлгергенімен, 

бұл  ақпарат  жеткіліксіз  еді.  Журна-

листің қолына түскен әрбір сан, мәлі-

мет,  ақпарат,  материал  атаулының 

бәрі дерек бола алмайтынын ескерсек, 

кеңес  қоғамы  секілді  томаға-тұйық 

жүйеден  мардымды  бірдеңе  күтудің 

өзі артық еді. 

Дерек  дегеніміз,  біріншіден, 

шынайы  түрде  болып  өткен  дүниені 

бейнелейтін,  тексеруге  болатын 

(верификация) ақпараттық материал. 

Сонымен  қатар,  дәйектендірілген 

ақпаратты  (мәліметтің  көшірмелері, 

сұхбаттың  расталған  мәтіні,  кітап 

немесе мақалалардан алынған ресми 

сілтемелер т.б.) нақты ақпарат көзінен 

алынған  дерекпен  салыстырып, 

алыпқашпа  жел  сөздерден  ажырату 

маңыз ды.  Егер  дәл  осылай  дәйек-

тендірілмеген  жағдайда  оны  пайда-

лану  керек  болса  міндетті  түрде 

ресми түсініктеме қоса берілу талап 

етіледі. 

Халықаралық беделді әрі ықпалды 

ақпарат  құралын  басқарып  отырған 

елеулі тұлға болса да ол тұста Хасан 

ағаның өзі тас керең кеңес аумағынан 

шынайы дерек табуы қараңғы үңгірден 

бір  тал  ине  іздеумен  бірдей  күрделі 

жағдай еді. 

Екіншіден,  деректің  атқаратын 

рөлі айтарлықтай және оның нысаны 

–  маңызы  терең  оқиғалар,  мәлімде-

мелер, іс-әрекеттер. Деректің сипаты 

туралы мәселені журналистің қоғам-

дық  позициясымен,  әдістемелік 

бағытымен тікелей байланысты түсін-

діруге  болады.  Егер  журналистің 

әдісте мелік  позициясы  дұрыс  бол-

маса, ақпарат жинауда да, оған баға 

беруде  де  теріс  тұжырым  жасауға 

итермелейді.  Оның  салдарынан 

қоғам да жалған деректер етек жайып, 

оның  соңы  айықпас  дау-дамайға, 

шуға ұласып кетуі мүмкін. 

Ал, бұл тұрғыдан келгенде, Хасан 

Оралтайдың  өз  ұлтына  деген  адал-

дығы,  қазақ  ұлтының  мүддесі  үшін 

күрестегі  табандылығы  өлшеусіз 

болатын.  


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 1.17 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет