АҢдатпа 8-9-беттер 3-бет


– Имамдар бұл институтқа білі­



жүктеу 1.17 Mb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата27.04.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

– Имамдар бұл институтқа білі­

мін  жетілдіруге  бір  рет  қана  келе 

ме? 

–  Еліміз  бойынша  7  мыңға  жуық 

имам, олардың орынбасарлары, мол-

далар  мен  азаншыларымыз  бар. 

Имамдардың білімін жетілдіру инсти-

туты  ашылғаннан  бергі  14  жылда 

бас-аяғы  1300-дей  имам  осында 

оқудан  өткен.  Сауалыңызға  нақты 

жауап ретінде айтарым, имамдар жыл 

сайын келіп білімін жетілдіріп тұрғаны 

дұрыс.  Алайда,  әзірге  оған  біздің 

мүмкіншілігіміз келіңкіремейді. Қазіргі 

ғимаратымыздың  жағдайында  ары 

кетсе 80 адам ғана қабылдай аламыз. 



– Оларға кімдер сабақ береді?

–  Ұстаздарымыз  кіл  ғылым  док-

торлары,  профессорлар  мен  дү-

нияуи  пәндердің  ғалымдары.  Әл-

Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық 

университетінің  профессорлары, 

ака де миктері де мұнда сабақ өткізеді. 

Дәріс  беретін  ұстаздардың  ара-

сында  Мысыр,  Ташкент  пен  Бұқара, 

Түркияда  оқып  келгендері  де  бар. 

Жалпы, мұндағы бәріміздің қызметіміз 

имамдардың алаңсыз оқуына бағыт-

талған. 

–  Бүгінгі  имамдарымыздың 

қоғам  алдындағы  моральдық  бет­

бейнесі қандай болуы керек?

–  Сауалыңыз  өте  орынды.  Инс-

титутта  имамдарға  ортақ  негізгі  үш 

қағида  бойынша  жұмыс  істейміз. 

Б і р і н ш ісі,  имамдардың  біліміне 

қараймыз.  Екі  айда  не  оқығанын 

сараптаймыз,  себебі,  нәтиже  болуы 

керек. Екіншісі, қатысуына мән береміз. 

Олар  шақырған  уақытта  келуі,  екі 

ай  оқуы  тиіс.  Яғни,  сабаққа  ынтасы 

бағаланады. Үшіншісі, көркем мінез, 

адамгершілік  қасиеттеріне  назар 

аударамыз.  Өйткені,  имам  жүріс-

тұрысы,  сөйлеуі,  сабырлылығы  бас-

қадан  ерекшеленіп  тұратын  тұлға 

болуы тиіс. Халыққа үлгі болатындай 

жақсы  қасиеттері,  көп  алдында 

беделі,  сый-құрметі  болғаны  абзал. 

Намаз оқуы, Құран оқуы, адамдарды 

дінге шақыруы, уағызы оның көркем 

мінезімен ұштасып жатуы керек. Бұлар 

былтыр Астанада өткен имамдардың 

форумында  да  сөз  болды.  Институт 

та имамдардың бойында көркем мінез 

қалыптастыруды  мақсат  етеді.  Бұл 

ретте  жаңағы  үш  қағида  өте  жақсы 

әсерін беріп жатқанын айта кеткен жөн. 

Білімді болу – имамдарға қойыла-

тын басты шарттың бірі. Олар инсти-

тутқа  келгенде  бірден  тест  қабыл-

даймыз.  Білім  деңгейін  анықтап, 

соған сәйкес екі топқа бөлеміз. Сол 

бойынша  сабақ  өтіп,  екі  аптадан 

соң тағы да сынақ аламыз. Мұндағы 

мақсат,  олардың  білім  деңгейін 

арттыру,  бақылап  отыру.  Оның  бәрі 

имамның ел алдындағы бет-бейнесі, 

беделі үшін. Өйткені, ол білім жағынан 

да, тәрбие жағынан да жоғары тұруы 

тиіс.  Ел  алдына  жиі  шығатын  тұлға 

болғандықтан,  имамның  қандай 

екендігі, көркем мінезі оның сөйлеген 

сөзінен, жүріс-тұрысынан байқалады. 

Имамның  білімі  мен  аһлағы,  яғни, 

көркем  мінезі  бір-бірімен  үйлесіп, 

бірін-бірі  толықтырып  тұруы  керек. 

Сондықтан, біз осында оқып  жатқан 

51  имамға  емес,  солар  арқылы  51 

қауымға,  51  мешіттің  жамағатына 

сабақ,  дәріс  беріп  жатырмыз  деп 

қараймыз өз ісімізге. 

– Имам мен молда бір ме, әлде 

аражігі бар ма?

– Бұл екі түсінік бір-бірінен алыс 

емес. Имам араб тілінен шыққан сөз. 

Мағынасы «басшы» дегенді білдіреді. 

Түркістан қаласында үш жыл бас имам 

ның айтқанын істе, істегенін істеме» 

деген  сөз  бар.  Имамға,  молдаға 

деген  осы  көзқарас  қазір  қанша­

лықты өзгерді?

–  Қазақстан  мұсылмандары  діни 

басқармасының, оның қарамағын да-

ғы республика бойынша мешіттердегі 

имамдардың  елге  жасап  отырған 

діни қызметі зор. Әрине, пенде бол-

ған  соң  кемшілік  те  кетеді.  Білім 

жағынан,  көркемдік  мінез  жағынан 

бәзбіреулері ақсаңқырап жатады. Қай 

салада болмасын, адамға білім, оған 

қоса  адамгершілік,  бәрінен  бұрын 

тәжірибе  керек.  Тәжірибе  жылдар 

бойы  қалыптасады,  оны  сатып  ала 

алмайсың. 



–  Ел  азаматтарының,  әсіресе, 

жастардың теріс діни ағымдарға еріп 

кетуін біреу діни сауатсыздықтан, 

бірі сыртқы күштердің ықпалынан, 

енді  бірі  әлеуметтік  жағдайдан 

деп жатады. Сіздіңше, түпкі себеп 

неде?

–  Бұл  мәселеде  біржақты  айтуға 

да, бұған тікелей біреуді кінәлауға да 

болмайды.  Жақсылық  та,  жамандық 

та  бір  Алладан.  Тағдырға  сенетін 

елміз. Дегенмен, иә, себептер барын 

жоққа  шығара  алмаймыз.  Бірақ, 

мұны  Үкіметтен  де,  дінбасынан  да 

көр меуіміз  керек.  Әркім  кемшілікті 

әуелі өзінен іздегені абзал. Қаншама 

ғасырлар бойы еліміз, жеріміз, халқы-

мыз  қасиетті  ислам  дінінде  келе 

жатыр. «Кімсің?» десе, «әлхамдилла, 

мұсылманбыз» дейміз, «қашаннан бері 

мұсылмансың?»  десе,  «әлмисақтан 

бері мұсылманбыз» деп жауап қататын 

елміз.  Әлмисақтан  дегеніміз,  ол  қай 

заман?! Ол әлі адам да жаратылмаған, 

адамның рухы жаратылған уақыт. 

Қазақстан  Үкіметі  «Діни  сенім 

бос тандығы  және  діни  бірлестіктер 

туралы»  заңын  қабылдады.  Ол  бо-

йынша 18 жасқа толған Қазақ стан ның 

кез келген азаматы қай дінді қабыл-

даймын  десе,  өз  еркі.  Оған  ешкім 

шектеу  қоя  алмайды.  Әрине,  қалай 

болғанда  да,  біз  мұсылман  мемле-

кетпіз.  Оны  Еуропа  да,  бас қасы  да, 

бәрі мойындайды, біледі. Сондықтан, 

бұл  арада  қорқатын,  жалтақ тайтын 

ештеңе жоқ. 

– Қазір қауіпке айнала бастаған 

түрлі діни ағымның көбеюін сол діни 

наным­сенімге  бостандық  берген 

заңмен байланыстыратындар бар. 

Бұған не дейсіз?

– Оны теріске шығаруға болмайды. 

Бұл  бүгінгі  күні  өте  өзекті  мәселеге 

айналып отыр. Жалпы, аталмыш мәсе-

леде көршілерге, өзге алпауыт мемле-

кеттерге  қарайлайтынымыз  да  бар. 

Бірақ,  меніңше,  елімізде  мұсылман 

діні  бірінші  орында  тұруы  керек. 

Басқа  діндер  одан  кейінгі  орында 

болғанынан зиян шекпейміз. 

Деректерге  сүйенсек,  бізде  4 

Әрине,  бірінші  кезекте  Алланың  хақ 

діні,  одан  кейін  барып  халықтың 

салт-дәстүрі  тұрады.  Ал,  неліктен 

қазақтың  ғұрпы,  салты  жойылып 

кетуі  керек?!  Сырттан  келген  жат 

діни  ағымдардың  ең  басты  мақсаты 

– қазақ ұлтының салт-дәстүрін жоққа 

шығару.  Оны  бидғат  деп  сөгеді, 

«ол  дінде  жоқ,  пайғамбарымыз  оны 

істеген  жоқ»  деген  сияқты  әртүрлі 

сылтауларды,  өздерінің  дерек-

дәйек терін  алға  тартқандай  болады. 

Олар  теріс  пиғылдарымен  қазаққа, 

адамға, жалпы адамзатқа зұлымдық, 

жамандықтан  басқа  ешнәрсе  алып 

келмейді. 

– Әсіресе, соңғы бес­алты жыл­

да анық байқатты.

–   Д ұ р ы с   а й т а с ы з .   Б а с қ а н ы 

айтпағанда,  тарихтан  Мәуереннаһр 

деп аталып келе жатқан Орта Азияда, 

оның ішінде қазақтың жерінде сонау 

IX  ғасырдан  бастап  Жамбыл  төңіре-

гіндегі  Қараханид  мемлекетінің 

тұсында  ислам  мемлекеті  болып 

саналдық. Содан бері 11 ғасыр, яғни 

мың жылдан астам уақыт бойы сүннит 

бағытымен,  Ханафи  мәзһабымен  біз 

асыл  дініміз  –  ислам  дінін  ұстанып 

келеміз.  Одан  ешқашан,  ешқандай 

зиян  шеккен  жоқпыз.  Салтымыз  бен 

дәстүрлерімізді исламнан алыстатпай, 

сонымен  қабыстырып,  астастырып 

бізге,  ұрпаққа  қалдырған  ата-баба-

лары мызға  алғыс  айтуымыз  керек, 

тіпті.  Исламға  қайшы  дәстүрлер 

болғанда  баяғыда  қалып  кетер 

еді.  Асыл  дінімізге  қарама-қайшы 

келмегендігінен  қазақтың  үлкенді 

сыйлау, бата алу, қолға су құю, әйел-

дердің ер адамның алдын кесіп өтпеуі 

сынды  салт-дәстүрлері  өміршең 

болып  бүгінге  жетті.Бір  сөзбен 

айтқанда,  қазақ  халқының  болмысы 

и с л а м   д і н і м е н   б і т е   қ а й н а с қ а н . 

Оған  еш  шүбә  келтіруге  болмайды. 

Ұлтымыз  ас  бергеннен,  қол  жайып 

Алладан  тілеп,  үлкендерден  бата 

алғаннан жаман болып, адасып кеткен 

жоқпыз. Үйге келін түсіп, ол келін ата-

енесіне,  әулеттің  үлкендеріне  иіліп 

сәлем  салғаннан  дінімізді  өзгертіп 

жіберген  жоқпыз.  Одан  не  буддист, 

не католик болып кеткеніміз жоқ. Әлі 

күнге  әлхамдилла  мұсылман  болып 

келе  жатырмыз.  Сондықтан,  мың-

даған  жылдар  бойы  ұстанып  келе 

жатқан діни бағытымызды ары қарай 

жалғастыра берсек, одан адаспаймыз. 



– Діни сипат берілген лаңкестік 

актілер  болған  сайын  тиісті  заң 

қатайтылады. Жазаны күшейту қан­

шалықты нәтиже береді?

–  Дұрыс  заңның  болғаны  дұрыс. 

Оның қатайтатын тұсын қатайту қажет. 

Сонымен қатар, кінәсіз адамдар қосақ 

арасында кетіп, жаза арқаламауы тиіс. 

Біздер, яғни, діндарлар осыған қатты 

алаңдаймыз.  Үкімет  мұның  бәрін 

Бұл  жағынан  Үкіметке  түсіністікпен 

қараймыз.  Өйткені,  бірден  қатаң 

талапқа  көшсе,  әлемдік  саясаттан 

«Қазақстан  ислам  мемлекеті  бол-

мақшы» деп бүйректен сирақ шығара-

тын  жау  тауып  алуы  да  ғажап  емес. 

Сонда да, бір жолын табуға тиістіміз. 

Мысалы,  түркімендердің  қыздары 

тақиясын  тастамайды,  шалбарын, 

оның сыртынан ұлттық көйлегін киіп 

жүреді. Одан оларға ешнәрсе болып 

жатқан жоқ қой. 

Хиджабқа келсек, ол арабтың киім 

үлгісі  емес.  Ол  «жабық  киіну,  ұятты 

жерлерді жабу» дегенді білдіретін сөз. 

Ал,  шариғат  ешқашан  да  арабтың, 

болмаса  иранның,  тағы  басқаның 

киімін киюге мәжбүрлемейді. Жабық 

киінуді  әр  ел  өзінің  ұлттық  киімдері 

арқылы да жүзеге асыруына болады. 

Сондықтан, «хиджаб» орнына, «әдепті 

киіну»  немесе  «қазақы  киіну»  деген 

секілді бір жолын, атауын табуымыз, 

сөйтіп,  ұл-қыздарымызды  ұлттық 

киім  киюге  тәрбиелеуіміз,  соны 

енгізуіміз  керек.  Және  Үкімет  ұлт-

тық киім өнеркәсібіне қаражат бөліп, 

сол  саланы  өркендеткені  абзал.  Біз 

инсти туттың, діни басқарманың аты-

нан осы мәселені Парламентке дейін 

көтермекпіз. 



–  Жақында  Дін  істері  және 

азаматтық  қоғам  министрі  дінге 

ден  қойғандардың  арасында  кең 

тараған  «иншаллаһ»,  «машаллаһ», 

«ифтар» деген секілді арабтың кірме 

сөздерін  қолданбауға  шақырды. 

Қолдауға болатын ұсыныс па?

–  Өте  дұрыс.  Айтып  отырғаны-

мыздай,  неге  қазақ  халқына  ғасыр-

лар  бойы  ұстанып  келе  жатқан 

салт-дәстүрін  өзге  ұлттар  секілді 

жалғастырмасқа?!  Діни  басқарма 

алғаш  құрылған  жылдары  бізде 

министрдің  мәлімдемесіне  түрткі 

болып  отырған  жағдай  байқалмаған 

еді.  Шыны  керек,  кейінгі  кезде  жас-

тардың  арасында  осындай  діни 

терминдер кең таралып кетті. Әрине, 

тіл  білсін,  араб  тілін  білсін.  Бірақ, 

сонымен  шектеліп,  сондай  фраза-

ларды  айтқандар  өзін  үлкен  діндар 

етіп  көрсететін,  нағыз  мұсыл ман 

санайтын,  қалғандарын  шатасып 

жүрген  адамдар  сияқты  көретін 

ахуал қалыптасты қазір. Көбі шариғи 

тұрғыдан, шын жүректен айтпайды. 

Сондықтан,  былтыр  Қазақстан 

мұсылмандары  діни  басқармасының 

төрағасы  Ержан  қажы  Малғажыұлы 

бас  мүфти  ретінде  ғұламалардың 

кеңесімен  «Алла  тағала»  деп  айтуға 

пәтуа  қабылдады.  Қазақ  бағзыдан 

солай айтып келе жатқан халық қой. 

Тіпті, арабтардың өзінде «Аллаһ» деп 

айтпайды,  тек  жазылуында  солай 

көрсетіледі. Абай атамыз да «Алланың 

өзі  де  рас,  сөзі  де  рас»  деп  кеткен 

жоқ  па.  Өзіміз  де  бала  кезімізден 

«Алла  тағала»,  «Алла  жарылқасын, 

қолдасын»,  «Құдай  қаласа»  дегенді 

естіп  өстік.  «Құдай  қаласа»  дегенді 

қазір  «иншалла»  деп  айтып  жатады. 

Былай қарағанда, екеуінің мағынасы 

бір.  Құдай  –  түркі  халқының  сөзі. 

Бәрінің түбі – бір Алла. Яғни, Құдай 

қаласа – ол Алла қаласа. Иншалламыз 

да осы. 

Балағын  қырқып,  намаз  оқып, 

сақалды  қалай  болса  солай  қойып, 

шетелде  өздерінің  шейхтары  бар 

екенін  айтып  шатасып  жүретін  кей 

жастарымыз  «иншалла»,  «машалла» 

немесе  «субханалла»  деп  жатады. 

Мен  имам  ретінде  бұл  сөздерге 

қарсы  емеспін.  Олар  өте  қасиетті 

сөздер.  Сол  теріс  ағымдағылар 

бір-бірін  «аһи»,  қыздарды  «уһти» 

деп  айтатыны  тағы  бар.  Қазақта 

көзінің  кемістігі  бар  адамды  «ақи» 

дейтіні белгілі. Қазақстандағы жалпы 

мұсылман  қауым  үшін  бұл  ерсі 

естілетін  сөз.  «Аһи  деген  бауырым 

деген сөз» деп қайсысын үйретесіз?! 

Алматыдағы «Төле би» мешітінің бас 

имамы ретінде тілден адасып жүрген 

көптеген  жастарымызға  «аһи»  емес, 

«бауырым»  деп  айтуға  кеңес  беруге 

тура келген кездеріміз болды. Бұл ол 

сөздерге тікелей қарсылығымыз емес. 

Бірақ,  біз  қазақ  деген  халықпыз. 

Өзіміздің  салт-дәстүріміз  бар  және 

соны  темірқазық  етіп  жүруіміз 

керек. Кез келген ел белгілі бір дінді 

ұстана ды,  алайда  салт-дәстүрін  де 

тәрк  етпейді.  Сондықтан,  жағдай 

сұрағанға  «Құдайға  шүкірімізді» 

айтып, ауызашарымызға шақырып, өз 

тілімізде  қалғанымыз  абзал.  Себебі, 

ифтар  дегенді  екінің  бірі  түсінбей 

Кенжеәлі МЫРЗАБАЕВ, ҚМДБ Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры

«Төле би» мешітінің бас имамы: 

«ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДАР 

ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІН 

ЖОҚҚА ШЫҒАРУДЫ КӨЗДЕЙДІ»

болдым. Мұндағы айтпағым, ол жақта 

имамды  дамыла  немесе  молдеке 

деп атайды. «Дамыла» сөзіне келсек, 

ол  түрік  тілінен  енген.  Ал,  молда 

қазақтың  ертеден  келе  жатқан  сөзі. 

Иә,  кей  ғұламалар,  ғалымдар  молда 

сөзін  парсы  тілінен  шыққан  деседі. 

Алайда, бір анығы, ол қазақтың тіліне 

сіңісті болып кеткен сөз. Сондықтан, 

имам мен молданың мағынасы, мәні 

бір.

–  Сұрамағым,  қазақта  «молда­

мыңнан астам діни ағым бар еді, қазір 

соның 3 мыңдайы қалған. Қазақстанда 

тарихы, шығу төркіні белгісіз, беймәлім 

діни  ағымдар,  секталар  әлі  де  көп. 

Соның  ішінде  ислам  дінін  жамылған 

жат ағымдар мемлекетіміздің бірлігіне 

нұқсан  келтіріп,  ары  қарай  дамуына 

айтарлықтай қауіп төндіріп тұр. Соңғы 

10-15  жылда  олар  өздерінің  теріс 

ағымдар  екенін,  ислам  дініне,  оның 

ішінде  қазақтың  дәстүрлі  исламына 

қайшы  екендіктерін  көрсетіп  келеді. 

ескеріп  жатыр  деп  ойлаймыз.  Оған 

күмәніміз жоқ. Бұл бірігіп атқаратын 

шаруа, негізі. Себебі, болашақ бәрі-

мізге керек. 

Заңды қатайтып қана қоймай, діни 

мәселені  тек  діндарларға  ысырмай, 

бұл  баршаға  ортақ  дүние  екенін 

ескергеніміз  жөн.  Бала  ата-ананың 

да, мұғалімнің де бақылауында болуы 

қажет.  Ата-аналар  жұмыс  істеуі 

тиіс.  Баласының  намаз  оқығанына 

мәз  болып,  кейбірі  оның  не  оқып, 

не  қойып  жүргеніне  мән  бермейді. 

Ұлының  немесе  қызының  намаз 

оқығалы  бері  тіл  алғанды  қойғанын, 

т і п т і ,   қ а р с ы   ш ы ғ а т ы н ы н   а й т ы п 

шағым данатын  ата-аналар  да  бар. 

Дін  ұстану  намаз  оқумен,  оранып 

киінумен,  қажылыққа  барып  немесе 

ораза  ұстаумен  бітпейді.  Алла 

тағала  Құранда  «Жаратушыларыңа 

мойынсыныңдар және ата-аналарыңа 

жақсылық  істеңдер»  деген.  Намазға 

жығылғанның  көбі  осыны  ескере 

бермейді. 



– Білім және ғылым министрлігі 

жақында  мектеп  оқушыларының 

хиджабпен  сабаққа  келуі  мектеп 

жарғысына  қайшы  екенін  айтып, 

ұ с т а н ы м ы н   б і л д і р д і .   А л ы п ­

қосарыңыз бар ма?

–  Бұл  дұрыс  та  шығар.  Бала  он 

бір  жылын  мектепте  өткізеді.  Соған 

байланысты тәртіп болуы керектігіне 

дауымыз жоқ. Бірақ, жоғары сынып-

тарда  оқитын,  бойжете  бастаған 

қыздардың  мектеп  формасының 

етегі қысқа келсе, ол соған үйреніп, 

қалыптасып қалса, ол да жақсы емес. 

Сондықтан,  мұны  бірден  өзгерту 

қиын шығар, дегенмен, уақыт керек. 

қалуы  мүмкін,  ал  ауызашар  бәріне 

де  түсінікті.  Діннің  қадір-қасиетін 

арттыруға, амалдарын атауға өзіміздің 

бай  тіліміздің,  сөздік  қорымыздың 

мүмкіндігі жетеді.



–  Жаңа  министрдің  тағы  бір 

ұсынысы  –  мешіттерде  уағызды 

орысша  да  жүргізу.  Оған  қоғамда 

қарсы пікір қарша борады. Сіз бұл 

мәселеде қай жағындасыз?

– Қазір «Төле би» аталып жүрген 

Тастақ мешітіне жеті жыл бұрын бас 

имам  болып  келгенімде  өз  ара ла-

рында  көбіне  орысша  сөйлесетін 

солтүстік пен батыс өңірдің жігіттерінің 

өтінішінен  соң  аптасына  бір-екі  рет 

уағызды  орыс  тілінде  жүргізгеніміз 

бар. Бірақ, әрине, олардың «қазақша 

уағызды  түсінбейміз»  дегені  аяздай 

арқамызға батты. 

Тәуелсіздік алған елімізде имамдар 

қазақ  тілінде  сөйлегені  дұрыс.  Иә, 

қазақ  ұстамды,  шыдамды,  сабырлы 

халық.  Дегенмен,  меніңше  аталмыш 

мәселе  ұлтымыздың  ұстанымына 

қайшы,  намысына  тиеді.  Қазақша 

түсінбейтін белгілі бір аудиторияларда 

өз  шақыртуларымен  діни  тақырыпта 

сұрақ-жауап  ретінде  әңгіме,  уағыз 

жүргізуге имам ретінде қарсы емеспіз. 

Ондай кездесулер өтіп те жүр. 

Солтүстік  пен  шығыс  өңірлерден 

келген  имамдардың  арасында  орыс 

тілінде  еркін,  әдемі,  діни  термин-

дермен  сөйлейтіндері  сирек.  Ондай 

имамдар  да  бізге  керек.  Себебі, 

сыртқы  орталарда,  жиындар  мен 

конференцияларда  Қазақстанның, 

Қазақстан  мұсылмандары  діни  бас-

қар масының  атын  әлемдік  деңгей де 

насихаттайтын, айта алатын дін өкілдері 

қажет  екенін  жоққа  шығар маймыз. 

Ал,  мұның  бір  амалы  орыс  тілінде 

жатыр. Сондықтан, имамдар орыс тілін 

білмесін, сөйлемесін деген шектеу жоқ. 

Алайда,  мешітте  қазақша  сөй-

леуіміз  керек.  Менің  жеке  пікірім. 

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңей-

туді  Елбасының  өзі  де  тапсырып 

отыр  емес  пе.  Мәселен,  инсти туты-

мызға  білімін  жетілдіруге  келетін 

имамдардың арасында дүнген, ұйғыр, 

өзбек немесе түрік секілді өзге ұлттың 

өкілдері де бар. Мұнда діни сабақтар 

қазақ  және  араб  тілінде  жүреді.  Тек 

түсінбеген  тұстарына  байланысты 

жекелеген  сұраулары  бойынша  ғана 

орысша айтып береміз. Екі айлық оқу 

кезінде  сөйтіп  аздап  болсын  оларға 

қазақша  үйретіп  жібереміз.  Оқу 

мерзімі біткенде олар рақметін айтып 

кетіп  жатады.  Өйткені,  тіл  білгеннің 

зияны жоқ екенін өзге ұлт өкілдері де 

жақсы біледі. 

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан 

Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

«Заң газеті»


8

№117/1 (2895/1) 

22 қазан 2016

zangazet@mail.ru



Талқы

емес,  зиян  келтіруден  және  басқа 

да негіздерден пайда бола алатыны 

түсінікті.

Олай  болса,  зиян  келтіруші  бо-

рышқор  болып  есептелуі  керек  те, 

зиян  тартқан  несие  беруші  болып 

есептелінуі тиіс. Алайда, іс жүзінде 

олай болуы мүмкін емес, себебі зиян 

тартқан  адам  жәбірленуші  болған-

дықтан, зиянкеске ешқандай несие 

бере алмайды. 

Жағдайды  керісінше  қарастыр-

сақ,  жәбірленушіміздің  өзін  бо-

рышқор деп атауға тура келуші еді, 

себебі  борышқор  несие  берушіге 

қарама  қарсы  тұрған  тарап  болып 

есептеледі.  Яғни,  зиян  келтіруден 

пайда  болған  міндеттемелердегі 

екінші тарап несие беруші деп ата-

луы дұрыс емес. Мәселені анықтап 

алу үшін, шарттардан пайда болған 

міндеттемелердің бірнешеуін салыс­

тырып көрейік.

Мүлікті  сатып  алу­сату  шарты 

бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті 

екінші  тараптың  (сатып  алушының) 

меншігіне,  шаруашылық  жүргізуіне, 

бір  сөзбен  айтқанда,  керегіне  бе-

руге міндетті, ал, сатып алушы жақ 

бұл мүлікті қабылдауға және ол үшін 

белгілі бір ақша сомасын (бағасын) 

төлеуге міндеттеледі.

Бұл  жерде  біз  сатушыны  несие 

беруші тарап деп білуімізге болады, 

себебі, сатып алушы жақ мүлікті са-

тып алуға ниет білдірген соң, ақша 

төлеуге міндеттеледі, яғни борышқор 

болып  шығады.  Алайда,  Кодексте 

«Мүлікті тегін пайдалану шарты» деп 

аталатын 604­ші бап бар. Бұл баптан 

біз  «Мүлiктi  тегiн  пайдалану  шарты 

(несие  шарты)  бойынша  бiр  тарап 

(несие берушi) екiншi тарапқа (несие 

алушыға) мүлiктi тегiн уақытша пай-

далануға бередi, ал соңғысы мүлiк-

тiң қалыпты тозуын ескере отырып, 

қандай  күйде  алса,  сондай  күйде 

немесе  шартта  ескертілген  күйде 

қайтаруға  мiндеттенедi»,  –  дегенді 

оқимыз.  Бұл  шарттағы  тараптар-

дың бірі несие беруші деп тіке-

лей аталып, жалпы міндеттеме 

ұғымында  аталған 

н е -

сие  беруші  та-



рап атауымен 

дәлме  дәл 

а й т ы л ы п 

тұр, ал, бо-

Ұсыныс

ҚазаҚстан  Республикасы  азаматтыҚ  кодексінің  (осыдан 

былай кодекс) «міндеттеме ұғымы» деп аталатын 268-бабы: 

«міндеттемеге сәйкес біР адам (боРышҚоР) басҚа адамның 

(несие беРушінің) пайдасына мүлік беРу, жұмыс оРындау, 

аҚша төлеу және т.б. сияҚты белгілі біР әРекеттеР жасауға, 

не белгілі біР әРекет жасаудан таРтынуға міндетті, ал несие 

беРуші  боРышҚоРдан  өз  міндеттеРін  оРындауын  талап 

етуге  ҚұҚылы.  несие  беРуші  боРышкҚоРдан  атҚаРылғанды 

Қабылдауға міндетті», – деп бекітеді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 1.17 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет