АҢдатпа 8-9-беттер 3-бет


лбасы «Нұр ОтаН» партиясыНың XVI съезіНде ҚазаҚстаНдағы



жүктеу 1.17 Mb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата27.04.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

лбасы «Нұр ОтаН» партиясыНың XVI съезіНде ҚазаҚстаНдағы 

ҚОғамдыҚ  ҚатыНастардың  жүйесіН  түбегейлі  өзгертуге 

жәНе ҚазаҚ мемлекеттілігіН Нығайтып, ОзыҚ дамығаН Отыз 

елдің ҚатарыНа кіруге бағытталғаН бес иНституциОНалдыҚ 

рефОрмаНы ұсыНды. бес иНституциОНалдыҚ рефОрмаНың 

біріНші  тармағы  замаНауи,  кәсіби  мемлекеттік  аппарат 

Қалыптастыруға бағытталғаН. 

е

ҮМІтКЕрлЕрдІ ІрІКтЕудІң жАңА тӘртІбІ

тоқталды.  Қадағалау  қызметінің 

ерекшелігін  ескере  отырып  проку-

ратура  органдарына  қызметке  заң 

және  басқа  мамандандырылған 

жоғары  оқу  орындарының  биік  мо-

ральды-адамгершілік  және  жеке 

қасиеттеріне ие, ең үздік түлектері, 

сондай-ақ, басқа күш органдарының 

тәжірибелі әрі білімді қызметкерлері 

қабылдануы тиіс.

Соңғы 12 жыл ішінде прокуратура 

органдарына  қызметке  қабылдау 

тәртібін  жетілдіру  жөнінде  маңыз-

ды  жұмыстар  атқарылды.  Мысалы, 

2004  жылға  дейін  үміткердің  бас-

шымен  әңгімелесуі,  арнайы  тек-

серіс және ішкі істер органдарының 

әскери-дәрігерлік комиссияларында 

медициналық куәландырудан өтуден 

тұратын қарапайым алгоритм қолда-

ныста болды.

2004  жылы  оған  компьютерлік 

тестілеу ресімі қосылып, ал, үміткер-

лерді  іріктеу  облыс  прокуратурала-

рының аттестаттау комиссияларына 

жүктелді.

2008  жылы  Қазақстан  респу-

бликасы Президентінің 2008 жылғы 

20  мамырдағы  №595  бұйрығымен 

бекітілген  «Қазақстан  республика-

сының  прокуратура  органдарын-

да  қызмет  өткеру  Ережесіне»  сай 

қызметке  қабылдау  кезінде  сынақ 

мерзімі енгізілді. Сондай-ақ, облыс 

прокурорлары мен қала, аудан, ма-

мандандырылған  прокурорларының 

лауазымына  үміткерлер  үшін  жоға-

рылатылған критерийлер белгіленді.

Сонымен қатар, Елбасының тап-

сырмасымен  2012  жылы  өткізілген 

кезектен  тыс  аттестаттау  нәтижесі 

бойынша  кадрларды  іріктеудің  са-

пасын  арттыруға  бағытталған  ұй-

ымдық-практикалық  шаралар  қа-

былданды  (үміткерлерді  басқа 

мемлекеттік органдардың базалары 

бойынша  тексеру,  заңнаманы  білу-

ге  онлайн  тестілеуді  Кадр  жұмысы 

департаментімен  өткізу,  бас  про-

куратураның  порталында  «резерв 

мәліметтер базасы» деген тараудың 

қолданысқа енгізілуі, үміткерлердің 

тізімін орналастыру және оның кадр 

қызметтері  үшін  ашық  және  қол-

жетімді  болуы,  әскери-дәрігерлік 

комиссияларда міндетті түрде поли-

графологиялық зерттеуден өтуді заң 

жүзінде бекіту).

Қазақстан республикасының 2011 

жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау 

қызметі  туралы»  заңына  сай,  про-

куратура  органдарын  құқық  қорғау 

органдарына жатқызуға байланысты 

алғашқы  қызметке  қабылданушы-

лар үшін байқау тәртібі және құқық 

қорғау органдарының бұрынғы қыз-

меткерлері,  судьялар,  әскери  қыз-

метшілер  және  депутаттар  үшін 

бай қаудан  тыс  қызметке  қабылдау 

тәр тібі,  сондай-ақ,  құқық  қорғау 

ор гандарының арасында қызметкер-

лерді қызметтен шығармастан іс-са-

парға жіберу ресімі енгізілді.

Осы  Заңның  6-бабында  құқық 

қорғау  органдарына  ерікті  негізде 

Қазақстан  республикасының  18 

жасқа  толған,  өздерінің  жеке,  мо-

ральдық,  іскерлік,  кәсіби  қасиет-

тері,  денсаулық  жағдайлары  және 

дене дамуы, білім деңгейі бойынша 

жүктелген  лауазымдық  міндеттерді 

атқаруға қабілетті азаматтар қабыл-

данатыны көрсетілген.

Қазақстан республикасы бас про-

курорының 2013 жылғы 28 та мыз дағы 

№90  бұйрығымен  бекітіл ген  және 

Әділет  министрлігінде  2013  жылғы 

4 қазанда 8780 санымен тіркелген, 

Қазақстан республикасының проку-

ратура  органдары,  ведомстволары 

мен  мекемелері  қызметкерлерінің 

лауазымдарына біліктілік талаптары 

прокуратура органдарының, ведом-

стволарының  және  мекемелерінің, 

саяси лауазымдардан басқа, барлық 

қызметкерлеріне білім деңгейі, ден-

саулық  жағдайы,  кәсіби  қасиеттері 

және  жұмыс  тәжірибесі  бойынша 

біліктілік  талаптарын  айқындайды. 

Аудан  прокуратурасының  прокуро-

ры төменгі лауазымына мамандығы 

бойынша еңбек өтілі талап етілмейді.

2016 жылдың қаңтарынан бастап 

алғашқы рет прокуратура органдары-

на қабылдау ресімі екі бөлімге бөлін-

ді. Іріктеу кезінде үміткер құжаттар 

жинау,  тестілеу,  арнайы  тексеріс, 

медициналық  куәландыру  және  по-

лиграфологиялық  зерттеуден  өтсе, 

тікелей байқауда тағылымдама және 

әңгімелесу жүргізілетін болды.

Үміткерлерді іріктеу немесе «бай-

қауға  дейінгі  ресімдерді»  жүргізу 

мәселелері  Қазақстан республика-

сы  бас  прокурорының  2015  жылғы 

26  қаңтардағы  №156  бұйрығымен 

бекітілген  «Қазақстан  республика-

сының  прокуратура  органдарына 

қызметке қабылдануға үміткерлерді 

іріктеу және оларды алдын ала зер-

делеу Ережесімен» (одан әрі – Іріктеу 

Ережелері) толықтай реттелген.

Осы  Ережелерге  сәйкес,  қазіргі 

уақытта  іріктеу  төрт  бірізді  кезеңге 

бөлінген:

Үміткер деңгейінің кәсіби құзірет-

терге сәйкестігін анықтау

Қазақстан  республикасының 

ағым дағы  заңнамасын  білуге  ком-

пьютерлік тестілеу өткізу

Әскери-дәрігерлік комиссияларда 

медициналық  және  психофизиоло-

гиялық, сондай-ақ, полиграфология-

лық зерттеу жүргізу;

Міндетті арнайы тексеріс жүргізу.

тестілеуді  орындау  уақыты  90 

ми нуттан  тұрады  (120  сұрақ).  тес-

тілеу барысында үміткер шекті мәнді 

сұрақтардың  жалпы  санының  70 

пайызына жауап беруі керек. Қазақ-

стан республикасының Конс титуция-

сы,  Қазақстан  республикасының 

«Прокуратура  туралы»,  «Сыбайлас 

жем қорлыққа қарсы іс-қимыл тура-

лы»  заңдары,  Мемлекет тік  қызмет-

шілердің  әдеп  кодексі  бойынша 

дұрыс  жауаптардың  саны  әрбір 

нормативтік-құқықтық  актінің  70 

пайызынан төмен болмауы тиіс. Сон-

дай-ақ, компьютерлік тестілеу кезін-

де  шекті  мәннен  төмен  баға  алған 

үміткерлер медициналық, психофи-

зиологиялық,  полиграфоло гиялық 

зерттеуге  және  арнайы  тексеріс 

жүргізуге  жіберілмейді  әрі  қайта 

компьютерлік  тестілеуге  алғашқы 

тестілеудің  нәтижесін  алған  күннен 

бастап үш айдан кем емес уақыт өт-

кеннен кейін ғана жіберіледі.

Прокуратура  органдарына  қыз-

метке  қабылдау  үшін  байқау  және 

тағылымдама  өткізу  мәселелері 

Қазақстан республикасы бас проку-

рорының 2014 жылғы 4 мамырдағы 

№40  бұйрығымен  бекітілген  «Қа-

зақстан  республикасы  прокуратура 

органдары,  ведомстволары  мен 

мекемелеріне  орналастыру  үшін 

байқау  және  тағылымдама  жүргізу 

Ережесімен» толық, егжей-тегжейлі 

реттелген.

Осы Ережелер байқау жариялау-

дың  шарттарын,  тәртібін,  мерзімін, 

үміткерлерден құжаттар мен матери-

алдар жинаудың және оларды қарау-

дың мерзімі мен тәртібін, байқау өт-

кізудің ретін, байқау комиссиясының 

өкілеттігін, тағылымдама өткізу, бай-

қау комиссиясының түпкілікті отыры-

сын  өткізу,  оның  шешім  қабылдау, 

үміткерді  жарияланған  лауазымға 

тағайындау тәртібі мен мерзімдерін 

нақты айқындайды.

Прокуратура  органдарына  қыз-

метке қабылдау үшін үміткерлерді 

іріктеу,  сондай-ақ,  байқау  және 

тағылымдамадан  өткізу  туралы 

ережелер Астана қаласы прокура-

турасының ресми ғаламтор ресур-

сында  орналастырылған  (astana.

prokuror.kz). Осы жерден арыздың, 

анкетаның,  өмірбаянның  дайын 

бланктерін басып шығарып, толты-

руға болады.

Прокуратура  органдарына  қыз-

метке орналасуға ниеті бар азамат-

тар  Астана  қаласы  прокуратурасы-

ның  Кадр  жұмысы  басқармасына 

байқау  іріктеуіне  және  алдын  ала 

зерттеуге  жіберу  туралы  өтінішпен 

жүгініп,  байқауға  дейінгі  іріктеудің 

барлық  кезеңдерінен  бірізді  түрде 

өте алады.

Астана  қаласы  прокуратурасы-

ның  Кадр  жұмысы  басқармасының 

байланыс  телефондары:  71-24-07, 

71-24-16.

Р.ИМАНҒАЛИЕВ,

Астана қаласы 

прокуратурасының

Кадр жұмысы басқармасының 

бастығы

Мінбер


дӘлЕлдЕМЕлЕр бІрІншІ САтыдАғы 

СОттА ұСынылуы тиІС



даНалар  байырғыдаН ҚОғамдағы 

с ұ ра п ы л   д е р т т і ң   б а р л ы ғ ы 

әділетсіздіктеН деп баса айтҚаН. 

тек  әділдікке  шаҚыру  арҚылы 

адамдар ОртаҚ тОҚтамға, ымыраға 

келе алады. 

е

Кодекстің 165-бабында көрсетілген істі сот 

талқылауына  дайындау  тәртібімен  судьяның 

жүргізетін  әрекеттері  шектеулі  емес,  яғни, 

істі дұрыс әрі уақтылы қарау және шешу үшін 

судья заң аясында өзге де қажетті процестік 

әрекеттерді жасауға құқылы.

Соттардың назарына айта кететін бір жайт, 

осы  дайындық  жүргізу  туралы  шығарылған 

ұйғарымда сот талқылауына дайындықтың қай 

күні бітетіндігін көрсетіп, жауапкерге талап қо-

юға қатысты дәлелдерді теріске шығаратын құ-

жаттарды, сондай-ақ, жауапкер пікірінің көшір-

мелерін және оған қоса берілетін құжаттарды 

талап  қоюшыға  және  іске  қатысатын  басқа 

да  адамдарға  жібергені  туралы  құжаттарды 

қоса тіркеп, талап қою арызында пікірді сотқа 

ұсынудың міндетін көрсетіп кеткен жөн болар. 

Себебі,  кодекстің 153-бабының 1-бөлігіне сай, 

бастапқы  талап  қоюмен  бірлесіп  қарау  үшін 

екінші  жақтың  да  талабын  тыңдау  маңызды. 

Аталған  уақыт  өткеннен  кейін  қарсы  талап 

қою  көзделмеген.  Егер  жауапкер  істі  дайын-

дау сатысында істі сот талқылауына дайындау 

уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабар-

ланбағандықтан сот талқылауына қатыспаса, 

сот  талқылауы  барысында  қарсы  талап  қою 

қабылдануы  мүмкін.  Сол  себепті  дайындық 

сатысында  тараптарды 

мүмкіндігінше  берілген 

он  бес  күндік  уақыттың 

бірінші  бес  күнінің  ішін-

де  шақырып,  олардың 

құқықтарын  жан-жақты 

түсіндіру қажет. 

тысында ұсынылуы мүмкін (АПК-нің 73 бабы). 

Соған орай, соттар тараптарға дайындық са-

тысында қолда бар дәлелдемелерді ұсынбаған 

жағдайда осы дәлелдемелерді апелляциялық, 

кассациялық сатыларда сотқа ұсыну мүмкіндігі 

болмайтынын  жеткізіп,  түсіндіруі  қажет.  Се-

бебі, апелляциялық шағымда бірінші сатыдағы 

сотқа мәлімделмеген талаптар болмауға тиіс, 

тек  қана  егер  жаңа  дәлелдемелерді  бірінші 

сатыдағы  сотқа  ұсынудың  мүмкін  еместігінің 

негіздемесі қамтылса, оның ішінде егер адам 

бірінші сатыдағы сотта іске қатысуға тартыл-

маса, сондай-ақ егер бірінші сатыдағы сотта 

дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап 

етіп  алу  туралы  өтінішхат  мәлімделсе,  бірақ, 

ол  қанағаттандырусыз  қалдырылса,  бірінші 

сатыдағы сотқа ұсынылмаған жаңа дәлелдеме-

лерге сілтеме жасауға жол беріледі. Алдын ала 

сот отырысында сонымен қатар сотқа жүгіну 

мерзімдерін өткізіп алу фактілерін және талап 

қоюдың  ескіру  мерзімдерін  зерттеу  сияқты 

мәселелер талқыланады. 

тараптар  мен  іске  қатысатын  басқа  да 

тұлғалар  алдын  ала  сот  отырысына  шақы-

рылып,  істің  мән-жайларын  тараптармен 

талқылайды, сұрақтар қояды, даулы құқықтық 

қатынастардың сипаты мен тараптардың тату-

ласуына ықпал ететін мән-жайларды анықтай-

ды.  Қатысушы  тараптар  мен  іске  қатысатын 

басқа  да  тұлғалар  тыңдалуға  тиіс.  Судья  істі 

дайын деп танығаннан кейін, оны сот отыры-

сында талқылауға тағайындау туралы ұйғарым 

шығарып,  тараптарды  және  іске  қатысатын 

басқа да тұлғаларды істің қаралатын уақыты 

мен орны туралы хабарландырады. Азаматтық 

істің уақтылы қаралуы істің қаралуын негізсіз 

кейінге қалдырмауымен тікелей байланысты.

Қазіргі таңда әрбір судья өзінің өндірісіндегі 

істерді  заңда  көзделген  мерзімнен  кешіктір-

мей заңды басшылыққа ала отырып қарайды, 

себебі  сот  шешімімен  келіспеген  тарап  заң 

талаптарына сай соттың апелляциялық, касса-

циялық сот алқаларына шағымдана алады. бұл 

жерде жоғары сатыдағы соттар төменгі сот ак-

тілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді, 

өрескел қателер болған жағдайда сот актілері 

бұзылып,  судьяға  қатысты  хаттар  жолданып, 

жеке қаулылар  шығарылуы мүмкін. Сонымен, 

қазіргі таңда  iстi талқылауды кейiнге қалдыру 

негіздері шектелген, оның тек қана жоғарыда 

көрсетілген жағдайларда ғана орын алуы мүм-

кін екендігі айқын көрсетілген.

 

Нұрлан БЕКЕНОВ,



Астрахан аудандық сотының судьясы 

АҚМОлА ОблыСы

Кодекстің  72-бабына  сәйкес,  әр  тарап  өз 

талаптарының  және  қарсылықтарының  не-

гізі  ретінде  сілтеме  жасайтын  мән-жайларды 

дәлелдеуге,  қорғаныс  құралдарын  пайда-

лануға,  фактілерді  растауға,  оларға  дау  ай-

туға,  процесті  адал  жүргізуге  сәйкес  келетін 

және іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған 

дәлелдемелер  және  дәлелдемелерге  қарсы 

қарсылықтарды  судья  белгілеген  мерзімде 

келтіруге тиіс. 

Азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, 

соттар істің нақты мән-жайын анықтау мақса-

тында  өз  бастамасымен  айғақтар  жинаудан 

босатылған.  Олар  тараптың  дәлелді  өтініші 

бойынша ғана оған заңмен көзделген тәртіппен 

қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.

тараптар  мен  іске  қатысатын  басқа  да 

тұлғалар дәлелдемелерді істі сот талқылауына 

дайындау  сатысында  бірінші  сатыдағы  сотқа 

ұсынуы қажет. Егер дәлелдемелерді ұсынған 

тұлғалар  оларды  істі  сот  талқылауына  дай-

ындау  сатысында ұсынудың мүмкін еместігін 

негіздесе,  дәлелдемелер  сот  талқылауы  са-


№117/1 (2895/1) 

22 қазан 2016

5

zangazet@mail.ru



ЭХРО-2017

Дүниежүзінде  орын  алған 

ғылым  жаңалықтарын  жұрт-

шылық үлкен халықаралық көр-

мелер  арқылы  білетіні  анық. 

Міне,  қазақ  елі  де  166  жылдық 

тарихы  бар  «ЭКСПО»  көрмесін 

өз  елімізде  өткізу  мәртебесіне  

ие  болды.  Елордамызда  «ЭКС-

ПО-2017» көрмесі өткізілетін күн 

жақындаған сайын ел болып, жұрт 

болып қызу дайындық жасап жа-

тырмыз. Ендеше, ЭКСПО көрмесі-

не  қатысты  соңғы  жаңалықтарды 

саралап көрейік.

Осыдан  бірнеше  жыл  бұрын 

Қазақстан  бүкіләлемдік  көрмені 

елімізде  өткізу  мүмкіндігін  жеңіп 

алды  деп  біріміз  бөркіміз  аспанға 

атсақ, енді біріміз тіпті «ЭКСПО-ның» 

не екенін, не мақсатта өткізілетінін 

де  түсінбеген  едік.  Ал  енді  біреу-

лер мүндай ірі көлемдегі іс-шараны 

өткізу  мемлекетіміз  үшін  пайдадан 

гөрі, қып-қызыл шығын деп те пікір 

білдірісіп  жатты.  Яғни,  бұл  көрмені 

елімізде өткізуге ынта танытушылар, 

бастама  көтерушілер,  ұйымдасты-

рушылар  шараның  маңыздылығын, 

қажеттілігін, пайдалылығын іс жүзін-

де дәлілдей алғанда ғана ел құрметі-

не бөленетінін ұмытпауымыз шарт.

Қалай десек те, Қазақстан әлем 

алдында  «ЭКСПО-2017»  көрмесін 

өткізуге  қол  жеткізді,  ендігі  мақ-

сат  –  көрмені  абыроймен  атқару. 

2012-2013 жылдары «ЭКСПО-2017» 

нысандарын жобалауға жауапты ше-

неуніктер  «әлі  уақыт  бар  ғой»  десе 

керек, салғырттық танытқан кездер 

де  болды.  Осы  орайда  Президент 

шенеуніктерді қатты сынға алғаннан 

кейін  жұмыс  жүре  бастады.  Енді 

міне,  көзді  ашып-жұмғанша  2016 

жыл  да  аяқталуға  жақын.  Көрмеге 

небәрі 8 ай уақыт қалды. 

Тақырып 

таңдауда 

қателеспеген 

сияқтымыз

«ЭКСПО-2017»  көрмесін  өткізу 

Қазақстан  үшін  халықаралық  дең-

гейдегі үлкен қадам ғана емес, бұл 

шара  өзін  әлем  алдында  мойында-

тудағы  үлкен  сын  болмақ.  Мұндай 

ірі  көрме  мақтан  үшін  емес,  ел 

экономикасын,  халықтың  әлеуетін 

жоғарылатып,  білім  мен  ғылымды 

ел  игілігіне  жарату  мақсатында  ұй-

ымдастырылатыны тарихтан белгілі. 

Елімізге «ЭКСПО» деп ағылып келген 

қонақтардың ең алдымен назарына 

ілігетіні, көрменің ұйымдастыру жұ-

мыстарының  сауатты  жүргізілгені. 

Өйткені, елдерді достастыру, ауыз-

бірлікке шақыру, инфрақұрылымдар-

ды  лайықты  деңгейде  дамыту  – 

жоғары дәрежеде өтетін кез келген 

іс-шараның мақтанышы. 

Осыдан кейін «ЭКСПО» көрмесі-

нің  заманға  сай  тақырып  таңдауы 

жұртшылықтың  назарын  аударары 

талассыз.  Қазақстан  әлемдік  қа-

уымдастыққа «Болашақ энергиясы» 

тақырыбын  ұсынып  отыр.  Бүгінде 

елімізде  баламалы  көздерден  қуат 

алу  мәселесі  әлі  де  болса  шешіл-

мегені жасырын емес. Ал, әлем да-

мудың жаңа, экологиялық тұрғыдан 

қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, 

сондықтан  да,  Қазақстан  «Жасыл 

экономикаға» бет бұрды. 

Жылыжайлық газдар деңгейі мен 

су пайдаланудың өсуі, судың ласта-

нуы, жер мен табиғи ресурстардың 

тозуы жаңа энергия көздерін іздеуге 

мәжбүрлейді. Бұларға биогаз техно-

логияларын да қосуға болады. Бол-

жам бойынша, қосымша энергия көзі 

ретінде,  биомассаның  үлесі  2040 

жылға  дейін  дүние  жүзінде  жалпы 

энергия  қолданудың  23  пайызынан 

асып түседі.

Биогаз  –  бұл  баламалы  энер-

гетиканың  бір  түрі  ғана,  ал  оның 

бүкіл  спектрімен  Астанада  өтетін 

«ЭКСПО-2017»  бүкіләлемдік  көр-

меде  танысуға  болады!  Еліміздің 

географиялық  орналасу  жағдайын, 

жел және күн энергиясын пайдалану 

мүмкіндігін, сондай-ақ, мұнай және 

газ  ресурстарының  энергетикалық 

әлеуетін  ескерсек,  бұл  қажеттілік-

Бүгінгінің бас тақырыбы

«ЭКСПО-2017» КӨрМЕСінің 

БАСтАлуынА 8 Ай ҚАлДы 



Маңызды шараға дайындық қалай?

тің  орнын  толтыруға  тамаша  мүм-

кіндік  туып  отыр.  Мамандардың 

айтуынша,  Қазақстанның  сағатына 

1 трлн кв энергия өндіруге мүмкін-

дігі  бар.  Мұны  көріп-біліп  отырған 

сарапшы  мамандар  еліміздің  мүм-

кіндіктері  мен  артықшылықтарын 

толық  мойындауда.  Сондықтан  да 

болар, бірқатар елдер «ЭКСПО-ның» 

Қазақстанда  өтуіне  мүдделі  болды 

десек те қателеспейміз. 

«Болашақ энергиясы» тақырыбы 

бүгінде бүкіл дүниежүзінде маңызға 

ие.  Осы  орайда  көрмеге  қатысты 

соңғы жаңалықтардың бірімен бөлісе 

кетсек,  «Экспо-2017»  халықаралық 

көрмесінде  «Үздік  тәжірибелер  ай-

мағы»  павильонына  қойылатын  ең 

үздік  жобалар  анықталды.  Онда 

баламалы  қуат  көзін  алатын  түрлі 

технология мен жобалар қойылмақ. 

Байқауды  халықаралық  іріктеу  ко-

миссиясы  жүзеге  асырады.  Оның 

құрамында нобель сыйлығының ла-

уреаты Джордж Смут, халықаралық 

термоядролық  реактор  сынағының 

бас директоры Бернар Биго сынды 

мамандар бар. 

«Үздік тәжірибелер аймағы» көр-

менің  орталығында  болады.  Онда 

қуат  көзін  алу,  сақтау,  шығарудағы 

үздік жобалар таныстырылмақ. Сон-

дай-ақ, көрме қатысушылары энер-

гетика  саласындағы  үздік  жетістік-

терді көрсетіп қана қоймай, тәжірибе 

алмасып, өзара пікір бөлісе алады.

Халықаралық іріктеу комиссиясы-

ның мүшесі, нобель сыйлығының лау-

реаты  Джордж  Смуттың  ай туынша, 

«Үздік тәжірибелер аймағы» «ЭКСПО» 

көрмесіндегі қызық ты павильондар-

дың  бірі  болады  деген  сенімдемін. 

Онда  дүниенің  түкпір-түкпірінен  ең 

мықты  технологиялар,  өнімдердің 

жаңа түрлері мен құрал-жабдықтар 

көрсетіледі. Дүниежүзі бойынша 133-

ке жуық өтінім келіп түсті. Халықара-

лық  іріктеу  комиссиясы  20-ға  жуық 

жобаны таңдаған. 

«ЭКСПО-2017» 

көрмесі бізге 

не береді?

«Астана  ЭКСПО-2017»  ұлттық 

ком паниясы» АҚ басқарма төрағасы 

Ахметжан Есімовтің айтуынша, осын-

дай  ауқымды  шараны  өткізу  шағын 

және орта бизнестің дамуына және 

жаңа  технологияларды  меңгеруге 

айрықша серпін береді.

«EXPO»  Астана  мен  аймақтарда 

46 мың жұмыс орнын ашуға мүмкін-

дік ұсынбақ. Былтыр көрме жұмыста-

рына 300-ге жуық отандық компания 

тартылған болатын. 

Соңғы  кездері  А.Есімов  мырза 

біздің  елімізде  өтетін  көрмеге  қа-

тысатын  бірқатар  көршілес  және 

алыс  шетелдердің  басшыларымен 

кездесіп,  көрмеге  дайындық  бары-

сын, тиімді ынтымақтастық мәселе-

лерін талқылап жүргені баршаға аян. 

Осындай кездесулердің бірі жақында 

«EXPO-2017»  халықаралық  маман-

дандырылған көрмесінің ұйымдасты-

рушылар кеңсесінде өтті.  

«Астана  ЭКСПО-2017»  ұлттық 

компаниясы» АҚ басқарма төрағасы 

Ахметжан  Есімов  Қырғызстан  рес-

публикасы  Сыртқы  істер  министрі 

Эрлан Абдылдаевпен кездесу бары-

сында Қырғыз елінің алдағы көрмеге 

қатысуындағы  техникалық  мәселе-

лерін  талқылды.  Кездесудің  негізгі  

мақсаты  –  «EXPO-2017»  көрмесіне 

дайындық  барысы  жөніндегі  тиімді 

ынтымақтас тықты  дамыту  болды. 

Қырғызстан  республикасы  Сыртқы 

істер  министрі  өз  сөзінде  «EXPO-

2017»  көрмесінің  мемлекет  үшін 

маңыздылығын атап өтті. «Көрменің 

тақырыптық  бағыты  экономиканың 

маңызды  бағытын  дамытумен  сәй-

кес.  Сондықтан,  бұл  мемлекеттің 

имиджін  ілгерілетудегі,  яғни,  басқа 

мемлекеттермен жаңа байланыстар, 

жаңа  мүмкіндіктерге  жол  ашатын 

тиімді  алаң  болары  анық»,  –  деді 

Э.Абдылдаев.  Өз  сөзінде  Ұлттық 

компанияның  басқарма  төрағасы 

бауырлас Қырғызстанның өз техно-

логияларын  көрсетуіне  жан-жақты 

қолдау  көрсетуге  дайын  екендігін 

жеткізді.

Көрме елорданың инфрақұрылы-

мы мен нысандарының құрылысына 

жеке  инвестиция  тартуға  ықпал 

етеді. «ЭКСПО-2017» – ұзақ мерзімді 

әлеуметтік-экономикалық дамуға оң 

әсер  ететін  еліміздің  туристік  тар-

тымдылығын  көтеруге  бағытталған 

имидждік жоба. Сондықтан, көрменің 

бас тақырыбына орай отандық өнер-

тапқыштарымыз бен ғалымдарымыз-

дың еңбегі ерекше назарда болмақ. 

Осы  орайда,  биыл  «ЭКСПО-2017» 

ұлттық компаниясы Энергетика ми-

нистрлігімен бірлесіп, ғалымдар ара-

сында байқау жариялаған болатын. 

Енді қазақстандық өнертапқыштар-

дың жобаларын бәйгеге қосып, үздік 

атануға  мүмкіндіктері  бар.  Әзірге 

іріктеуден өткен 6 жұмыс yourexpo.kz 

сайтында  жарияланған.  Естеріңізге 

сала кетейік, «Болашақ энергиясы» 

тележобасы  «Хабар»  мен  «Хабар 

24» телеарналарында күн сайын екі 

тілде  шығады.  Өтініштерді  қабыл-

дау  желтоқсанға  дейін  жалғаспақ. 

Байқау жеңімпазының жобасы келер 

жылы  халықаралық  көрме  кезінде 

көрсетіледі.

«Астана ЭКСПО-2017» АҚ Қоғам-

мен  байланыс  департаментінің  ме-

неджері ләззат Сағындықованың ай-

туынша, олардың барлық жұмыстары 

арнайы құрылған комиссиямен тек-

серілетін  болады.  Олардың  патент-

тері болуы керек және де ұсынылған 

еңбектер  осыған  дейін  болмаған 

жоба  болуы  тиіс.  Қазақстандықтар 

сол жобаларды таңдап, ең тәуірі, ең 

кереметі дегенге дауыс береді.

Көрмеде біз не 

көрсете аламыз? 

Бір мысал...

Қазіргі  таңда  еліміздің  өнертап-

қыштары мен ғалымдарының жұмыс-

тарын жоғарыда айтып өткеніміздей 

телеарналар мен әлеуметтік желілер 

барынша жиі насихаттауға тырысып, 

үздіктерін таңдауға атсалысуда. Көр-

менің  басты  тақырыбына  қатысты 

жұмыс авторларының бірі атыраулық 

өнертапқыш «ЭКСПО-2017» көрмесі-

не «Күн ағашын» ұсынуға ниетті екен. 

Атырау  тұрғыны  Ержан  нұриде-

нов  Астанада  өтетін  «ЭКСПО-2017» 

халықаралық  мамандандырылған 

көрмесіне «Саманея» инновациялық 

зерттемесін ұсынбақ. Автор өзі ұсы-

нып  отырған  «Күн  ағашы»  жобасы 

жаяужолдар,  тіпті,  жақын  маңдағы 

үйлерді  жылытып,  жарықтандыра 

алатынына сенімді. Сонымен қатар, 

құрылғы  ауа  температурасы  мен 

ылғалдылығын, желдің жылдамдығын 

өлшейтін тетіктермен жабдықталған. 

Қалалықтар  бұл  құрылғы  арқылы 

гаджеттерінің  аккумуляторларын 

зарядтап,  Wi-Fi  жүйесіне  қосыла 

алады.


Дайындық қызу 

жүріп жатыр

таяуда  «ЭКСПО-2017»  халықа-

ралық  маман данды рыл ған  көрмесі-

не  әзірлік  жұмыстарының  аясында 

елордада  «Болашақтың  энергиясы: 

баршаға  қуат»  деген  тақырыппен 

халықаралық форум өткен болатын. 

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компа-

ниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахмет-

жан Есімов бұған дейін атқарылған 

жұмыстар  барысы  туралы  баяндап, 

алдағы жоспарлардың жай-күйін ор-

таға салды. Оның айтуынша, көрме 

нысандарының  құрылысы  кестеге 

сай жүргізіліп жатыр. Қазір құрылыс 

жұмыстарының 85 пайызы толықтай 

аяқталған.  Құрылыс  жұмыстары 

жыл  соңына  дейін  тәмамдалады. 

Қазірдің өзінде дайын болып қалған 

павильондар қазан айының соңынан 

бастап  көрмеге  қатысушыларға 

беріле бастамақ.

–  «ЭКСПО»  құрылысына  13  мың 

адам  мен  560  техника  тартылды. 

Біздің  көрмеге  әлемдік  қоғамдас-

тық  тарапынан  қызығушылық  өте 

зор.  Қазір  103  мемлекет  пен  17 

халықаралық  ұйым  көрмеге  қаты-

сатындарын  растады,  –  деді  А.Есі-

мов.  Жауапты тұлға атап өткендей, 

Халықаралық көрмелер бюросымен 

арадағы келісімнің арқасында көрме 

билетінің  барынша  арзан  болуы-

на  қол  жеткізіліпті.  Бұл  ел  халқын 

және  шетелдік  туристерді  шараға 

қызықтыру үшін жасалған маңызды 

қадамдардың бірі.

Осы  орайда,  таяуда  ғана  ком-

пания халықтың көрмеге деген қы-

зығушылығын  арттыру  мақсатын-

да  ақпараттық  тур  өткізгенін  айта 

кету  керек.  Бұл  шараға  әлемнің 

түкпір-түкпірінен 100-ге тарта турис-

тік оператор келген болатын. Ақпа-

раттық тур кезінде туристік опера-

торлар еліміздің көрікті жерлерін 

аралап, оған туристерді қызықты-

руға  болатындығына  көздерін 

жеткізді. Олар «ЭКСПО» қонақта-

рына арналған 73 туристік марш-

рутпен жүріп өтті.

Халықаралық  көрмені  тама-

шалауға  ниет  білдіріп  жатқан 

адамдардың  қатары  қазірдің 

өзінде аз емес. Осы басқосуда 

айтылғандай, күні бүгінге дейін 

74  мың  билетті  сату  үшін  5  ірі 

келісімге  қол  жеткізіліпті.  Көр-

ме  аясында  3  мыңнан  астам 

тақырыптық  және  мәдени-са-

уықтық іс-шара өткі зі леді, этно-

туризмге басымдық беріледі. 

«ЭКСПО-ның»  халықара-

лық арена дағы танымалдығын 

арттыруға  әлемдік  кеңістікте 

беделі  жоғары  БАҚ-тар  да 

тартылған.  Масс-медианы 

пайдаланып жасалған насихат 

жұмыстары 221 млн адамдық 

аудиторияны қамтыпты. Жыл 

соңына дейін бұл көрсеткіш 

500  млн  адамға  дейін  же-

теді деп жоспарланып отыр. 

Қазан айында халықаралық 

павильондар қатысушы ел-

дерге берілетін болады. 

Халықаралық  маман-

дандырылған көрме Астана 

қаласында 2017 жылғы 10 

маусым-10  қыркүйек  ара-

лығында  өтеді.  Шамамен 

сырттан 2 миллион қонақ 

келсе, көрмеге 5 миллион 

адам кіреді деп болжанып отыр. 

«ЭКСПО-2017» барысында 3 мыңнан 

астам тақырыптық және ойын-сауық 

шаралары ұйымдастырылады.  

Көрме логотипімен 110 тауар на-

рыққа шығады

«Астана  ЭКСПО-2017»  ҰК»  АҚ 

коммерцияландыру департаменті ди-

ректорының орынбасары Илья Ора-

зақовтың айтуынша, қазіргі уақытта 

Қазақстанда  «ЭКСПО»  логотипімен 

лицензияланған  тауарлар  бағдар-

ламасы  іске  қосылуда,  олар  жақын 

күндері  сатыла бастайды. 

– Біздің тізімде 55 тауардың түрі 

бар, олар нарыққа жақында  шыға-

ды.  2017  жылдың  көктеміне  қарай 

олардың саны екі есе көбейеді, яғни, 

«ЭКСПО»  логотипімен  110  тауар 

түрі ұсынылады, – деді И.Оразақов 

«ЭКСПО-2017» – қолөнер дамуының 

және кәдесый өнімдері өндірісі әле-

уеті»  тақырыбында  өткен  дөңгелек 

үстел барысында.

Оның айтуынша, тізімге тұрмыс-

тық  тауарлар,  кеңсе  заттары,  гад-

жеттерге  арналған  түрлі  қосымша-

лар мен өзге де нарықта сұранысқа 

ие тауарлар кірді.

«Астана  ЭКСПО-2017»  Ұлттық 

компаниясы  еліміздің  50-ге  жуық 

турагенттігімен  келісімге  қол  қой-

ды. Бұл туралы халықаралық көрме 

аясында қазақстандық туризмді да-

мытудың жай-жапсарын талқылаған 

жиында айтылды. Демек, туристерді 

тартып, ішкі туризмді дамытудың сәті 

туды. Бұл ретте отандық туропера-

торлар белсенді жұмыс істеуге әзір. 

Жан-жақтан келген туристердің Қа-

зақстаннан сапалы, ұлттық кәдесый-

лар ала кетуі үшін бүгінде еліміздің 

әр  аймақтарында,  жер-жерлерде 

қолөнер шеберлері кәдесыйлар әзір-

леумен  айналысып  жатыр.  Оларға 

жергілікті  әкімдіктер  жалақы  тағай-

ындап, жұмыс істеулеріне жағдай жа-

сап отыр. Солардың бірі – Қараған-

дыдағы «Достық» үйінде орналасқан 

шағын орталықтың шеберлері. Олар 

«ЕХрО-2017» көрмесіне келушілерге 

арнап  кәдесыйлар  жасауды  қолға 

алды. 50-ден астам қолөнер шебері 

теріден, ағаштан, жүннен және басқа 

да табиғи таза шикізаттардан түрлі 

бұйымдар дайындауда.

Түйін

«Тойдың  болғанынан  бо-

ладысы  қызық»  демекші, 

жалпы  алғанда  дайындығы-

мыз  жаман  емес.  Енді  тек 

2017  жылдың  10  маусымы 

мен 10 қыркүйегі аралығын-

да  өтетін  «ЭКСПО»  көрмесі 

елімізге абырой бергей деп 

тілейміз! 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 1.17 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет