АҢдатпа 8-9-беттер 3-бет


Қызылорда облыстық сотының



жүктеу 1.17 Mb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата27.04.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қызылорда облыстық сотының 

баспасөз қызметі

Экология


ЗАҢСЫЗДЫҚҚА КӨЗ ЖҰМА ҚАРАМАЙЫҚ!

Кесел


«ҰРЛЫҚ ТҮБІ – ҚОРЛЫҚ»

Қ.АЛИАСҚАРОВ,

Алакөл ауданы прокуратурасының 

аға прокуроры,

2­сыныпты заңгер

3

zangazet@maiI.ru



№117/1 (2895/1) 

22 қазан 2016

«БАЛАМДЫ  МЕДРЕСЕГЕ  БІЛ  ДЕП  БЕРДІМ»  ДЕМЕУШІ  МЕ  ЕДІ  АБАЙ.  СОЛ  СЕКІЛДІ  ӘР 

АТА-АНА  ОҚЫСЫН,  БІЛІМ  АЛСЫН,  ІЛІМ  ЖИНАСЫН  ДЕГЕН  МАҚСАТПЕН  БАЛАСЫНА 

МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАТАДЫ. «ҒАЛЫМ ДА, ШАХТЕР ДА БАС ИЕТІН. ҰСТАЗЫМ 

БАР СЕНІҢ ҚАСИЕТІҢ» ДЕП КЕЛЕТІН ӘН ӘРКІМНІҢ-АҚ ЕСІНДЕ БОЛАР. РАС, БҰЛ ӘННІҢ 

СӨЗІ ҒЫЛЫМ МЕН ҚАРА ЖҰМЫСШЫНЫҢ ҚАДІРІНЕ ЖЕТЕ БЕРМЕЙТІН БҮГІНГІ ЗАМАНҒА 

АСА КЕЛІҢКІРЕМЕУІ ДЕ МҮМКІН. ҚАЙБІР КҮНІ «800 МЫҢ ТЕҢГЕ АЛАТЫН ДЕПУТАТ ТА 

80  МЫҢ  ТЕҢГЕ  АЛАТЫН  МҰҒАЛІМНЕН  ОҚЫҒАН»  ДЕГЕН  ЖАЗБАНЫ  КӨЗІМ  ШАЛДЫ. 

МІНЕ, ОСЫЛАЙ ДЕУ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙДЫ ДӘЛІРЕК, ҰТЫМДЫРАҚ СУРЕТТЕЙДІ. ХАЛЫҚ 

ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ  ЖАЛАҚЫСЫ  СОЛ  ШАМАДА  БОЛЫП  ҚАЛУЫ  МҮМКІН.  БІРАҚ,  80 

МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚТЫ АРМАН КӨРЕТІН МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БАР ЖӘНЕ КӨП ЕКЕНІ ШЫҒАР 

КҮНДЕЙ ШЫНДЫҚ. 2050 ЖЫЛЫ ЕРТЕГІ ӨМІР СҮРЕТІНДЕЙ КӨРІНЕТІН МЕМЛЕКЕТІМІЗДЕ 

50 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖАЛАҚЫҒА ЖАН БАҚҚАН ҰСТАЗДАР ЖОҚ ЕМЕС.

МИНИСТРЛІКТІҢ ДЕГЕНІНЕ 

МЕКТЕП ПЕН АТА-АНА КӨНЕ МЕ?!

ҚОҒАМ

Көкейкесті

Дерек пен дәйек

СЕНАТТА БАС ПОЛИЦЕЙ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

Есесіне,  мектеп  мұғалімінің  бей-

нетін  айтыңыз.  Әсіресе,  қазір.  Жыл 

сайын  реформа,  өзгеріс,  жаңа  оқу 

бағдарламасы.  «Тас  түскен  жеріне 

ауыр»  демекші,  соның  бәрі  тікелей 

мұғалімге салмақ салады. Арасында 

мектептің  бітпейтін  ішкі  жұмыстары 

бар.  Оған  ата-аналармен  жұмыс 

жасауды қосыңыз. Осылайша, мұрнына 

су  жетпей  жүрген  мұғалімдеріміздің 

арқасындағы  жүкке  «үш  тұғырлы 

тіл» қосылды. Енді соған байланысты 

ағылшын  тілін  меңгерулері  керек. 

Жаңа  талапқа  орай  ұстаздың  бәрі 

ағылшын  тілін  игеріп  алса,  ағылшын 

тілі  пәнінің  оқытушылары  нансыз 

қалатын  шығар,  сірә.  Талап  тастай. 

Білім  және  ғылым  министрлігі  арқа-

ны  кеңге  салдырмайтын  сыңайлы. 

Бірер  күн  бұрын  өткен  брифингтегі 

мәлімдемеден осыны ұқтық. Екі жарым 

жылдан  кейін  енетін  жаңашылдық 

үшін  екі  жарым  айда  мұғалімдерге 

ағылшын тілін үйретуге бекініп отыр. 

Нақтырақ айтсақ, Астана, Алматы 

және  Қарағанды  қалаларында  қолға 

алынған  пилоттық  жоба  бойынша 

75 мұғалім химия, физика, биология 

мен  информатика  пәндерінен  ағыл-

шын  тілінде  сабақ  беруге  үйренеді. 

Министрліктің  арнайы  бағдарлама-

ға  негізделген  бұл  тапсырысын 

«Professional  development  centre» 

мойнына алған. Орталықтың өкілдері 

75  мұғалімді  екі  жарым  айда  ағыл-

шынша  еркін  сөйлеу  тұрмақ,  жазуға 

да  үйретіп  үлгеретіндеріне  сенімді. 

Ал, ол 75-тің тізімін министрлік бер-

ген,  білім  беру  басқармалары  жол-

даған ұсынысты негізге ала отырып. 

Ағылшын  тілінен  әліпті  таяқ  деп 

білмейтін  (әзірше)  химия,  физика, 

биология  және  информатика  пән-

дерінің  оқытушылары  жыл  аяғына 

дейін  оқытудың  бастапқы  кезеңінен 

бастап  А1-А2-В1  секілді  барлық 

сатыларынан өтеді-мыс.

Әрине, аяқ астынан ағылшын тілін 

меңгеруге  мәжбүр  болған  мұғалім-

дердің жай-күйінен біз бейхабармыз. 

Дегенмен,  оларға  тілді  үйрететін 

аталмыш  орталықтың  департамент 

директоры  Аида  Уразаевға  сенсек, 

алаңдайтын  еш нәрсе  жоқ  көрінеді. 

«Осы  уақыттың  ішінде  (екі  жарым 

Бір  өкілінің  жасаған  қателігі 

үлкен қоғамдық резонансқа айнала-

тындардың  бірі  –  полиция.  Былай 

қарасаң,  жұмыстары  қиын.  Қауіп-

қатердің  ортасында  жүреді.  Қала 

берді,  таңнан  кешке  дейін  қаланың 

көшелерін  аралап  тыным  таппайды. 

Сырттағыларына  да  елсіз  иен  дала-

дағы  күре  жолдың  бойында  көлік 

ж ү р г і з у ш і л ер і н і ң  ж о л   е р е жес і н 

бұзбауын  бақылап  тұру  оңай  емес. 

Соған  қарамастан,  қоғам  үшін 

полициямыз әлі де жағымды образға 

айнала  алмай  келеді.  Сол  тәртіп 

сақшыларымыз  нендей  жұмыстар 

атқарды,  жол  ережесінің  сақталуын 

бақылау арқылы оны бұзушылардың, 

жол апаттарының санын қаншалықты 

азайта алды деген секілді және басқа 

да  сауалдарға  кеше  еліміздің  бас 

полицейі жауап берді. Депутаттардың 

алдында. 

Кеше  Ішкі  істер  министрі  Қал-

м ұ х а н б е т   Қ а с ы м о в   П а р л а м е н т 

Сенатындағы парламенттік тыңдауда 

«Жол қозғалысы саласындағы құқық-

тық  реттеудің  жай-күйі  мен  пробле-

малары»  жайлы  сөз  етті.  Әрине, 

ресми  органның  жетекшісі  болған 

соң  міндетті  түрде  статистикалық 

мәліметтер келтіреді, сапырылысқан 

сандарды алға тартады. Биылғы мен 

былтырғы  ахуалды  салыстырады. 

Содан келіп қорытындысын шығара-

ды.  Сенсек,  биыл  Қазақстанда  жол 

апаттарының саны 5 пайызға азайған. 

«Біздің елімізде жол апатының шырқау 

шегі 2007 жылы тіркелген. Сол кезде 

Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау 

ұйымының  мәлімет теріне  сәйкес 

Қазақстанда 1000 адамға шаққанда 28 

адам қаза тауып, еуропалық өңірдегі 

ең  жоғары  көрсеткіш  тіркелген.  Тек 

сол жылдың ішінде ғана Қазақстанда 

4365 адам қаза тапты. Дегенмен, 2013 

жылдан бастап апаттың барлық негізгі 

көрсеткіштері  қысқаруының  тұрақты 

тенденциясы  байқалады.  Мәселен, 

2013 жылдың қорытындысы бойынша, 

жол-көлік  оқиғалары  санының  өсімі 

65  пайызға,  жарақаттанғандар  саны 

71  пайызға  артса,  ал  2014  жылы 

жол-көлік апаты санының 13 пайызға, 

қаза тапқандардың саны – 15, жара-

қаттанғандардың  саны  13  пайызға 

кеміді. 2015 жылы жол-көлік апаты – 7, 

қаза тапқандар – 5, жарақат алғандар 

7 пайызға азайды. Дәл осындай жайт 

ағымдағы  жылы  да  байқалып  отыр. 

Жол-көлік  апаты  –  5  пайызға,  қаза 

тапқандар саны 4 пайызға төмендеді», 

–  деді  Қалмұханбет  Қасымов.  Және 

ол мұның себебін жүргізілген кешен-

ді  шаралармен  және  қабылданған 

заңнамалармен  байланыстырды. 

Министрдің  меңзеп  отырғаны  2014 

жылы  қабылданған  «Жол  қозғалысы 

туралы»  заң,  тәуекелдерді  басқару 

жүйесінің енгізілуі, көлік құралдарына 

талаптардың  бекітілуі  мен  Әкімшілік 

кодексте жол-көлік оқиғасының негіз-

гі  себебі  саналатын  құқықбұзушы-

лықтарға жауапкершіліктің күшейтілуі 

секілді шаралар. 

Бас  полицейдің  сөзіне  сүйенсек, 

25  мас  жүргізуші  ұсталған.  Бұл 

жыл  басынан  бергі  көрсеткіш.  Заң-

ды  өрескел  бұзған  35  мыңдай  жүр-

гізуші  сот  шешімімен  көлік  жүргізу 

қ ұ қ ы ғ ы н а н   а й ы р ы л с а ,   3 , 5   м ы ң 

құқық бұзушы әкімшілік тұтқындауға 

іліккен.  Полицейлер  жол  ережесін 

бұзғандарды ұстап қана қоймай, оның 

алдын алу жұмыстарын да атқарады. 

Осы  ретте  шамамен  2  миллион  жол 

қозғалысы ережесін бұзу әрекеттеріне 

тосқауыл қоя алған.

Бір қуанарлығы, Ішкі істер министрі 

кей жүргізушілердің бәзбір ережелерді 

бұзуға  амалсыздықтан  баратынын 

жасырмады.  «Жолдардағы  қауіпсіз-

дікті  қамтамасыз  ету  үшін,  әсіресе, 

жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге 

тек қана полиция санкциясын қолдану 

автомобилизациялану өсімі қарқыны-

на жол инфрақұрылымын дамыту дең-

гейі сай болмаса ұзақмерзімді тиімдік 

бермейді.

Оған тұрғын үй алаптарымен қатар 

халық жаппай жиналатын орындардағы 

тұрақ орындарының қажетті санының 

болмауы  да  қарапайым  мысал  бола 

алады. Жыл сайын біз аялдама, тұрақ 

ережесін  бұзғаны  үшін  20  мыңнан 

астам жүргізушіні жауапқа тартамыз. 

Дегенмен,  көптеген  жүргізуші  қала-

ларымыздағы  аумақтық,  көліктік 

жоспарлаудың  жетілдірілмеуі  сал-

дары нан  жол  қозғалысы  ережесін 

бұзуға мәжбүр». Мұнысы құптарлық. 

Жалпы,  елдегі  жол  ережесін  бұзу 

көрсеткіші  мен  жол  апаттарының 

көрсеткішін  азайту  бір  ғана  темір 

тұлпар  тізгіндегендердің  қолында 

емес. Көлік күн сайын көбейгенімен, ол 

көліктердің жүріп-тұруына жасалатын 

жағдай  жыл  сайын  жақсарып  келе 

жатқан жоқ. 

Жол  апаты,  көлік  мәселесінде 

көбіне  ірі  қалалардың  төңірегін 

шиырлай тынымыз  бар.  Бұл  ауыл-

дарда  ондай  түйткіл  жоқ  дегенді 

білдірмесе  керек.  Осыны  ескерген 

бас  полицей:  «Өңірлерде  көлік 

тұрағы  орындарының  жетіспеушілігі 

проблемасы әлі шешілмей жатыр. Ал, 

жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі 

дәл  осы  ауылдық  елді  мекендерде 

орын  алатындығы  белгілі»,  –  деп 

атап  өтті.  Иә,  көлігі  аз  саналатын 

өңірлерде  тұрақ  табылмай  жатса, 

онда көшелерінде күніне 700 мыңнан 

астам автомашина жүретін Алматыға 

не жорық дейсің еріксіз. 

Әлбетте, парламенттік тыңда лым-

да  министр  ғана  сөйлеп,  сенатор-

лар  тек  тыңдарман  рөлінде  қалған 

жоқ.  Сауалдар  қойылды.  Мәселен, 

«Теледидардан  көптеген  жарнама 

беріледі.  Ал  жол  қауіпсіздігін  наси-

хаттау мәселесі өз деңгейінде емес. 

Бұл  бүкіл  халқымызға  керек  мәселе 

ғой.  Соған  байланысты  Үкімет  тара-

пынан  бұл  мәселеге  көзқарасты 

өзгертіп, жол қауіпсіздігін насихаттау 

мәселесіне  көбірек  көңіл  бөлінсе». 

Бұл  сауал  дейміз  бе,  өтініш  дейміз 

бе,  сенатор  Қуаныш  Айтахановтың 

аузынан  шыққан  сөз.  Ішкі  істер 

министрі Қалмұханбет Қасымов бұған 

орай роликтерді барлық телеарналар 

ақшасыз алатын Ресейді мысал етті. 

Бізде  22  млн  теңгенің  ролигін  бір 

ғана  телеарна  алып,  қалғаны  оны 

көрсетпегенін айта келе министр «заң 

бойынша  роликтерді  тегін  көрсетсе 

дұрыс  болар  еді»  деген  тілегін  жет-

кізді. 

Сенатор  Қуаныш  Айтахановтың 



к е л е с і   с а у а л ы   б ұ ғ а н   д е й і н   д е 

айтылып  жүрген  айыппұл  көлемі-

н е   б а й л а н ы с т ы   б о л д ы .   « Қ а з і р 

халық тың  жағдайы  ауырлап  кетті. 

Бірақ,  айыппұлдың  көлемін  соңғы 

кездері  көбейтіп  жібердік.  Осыған 

сіз  қалай  қарайсыз?  Айыппұл  көле-

м і н   к ө б е й т к е н   ж а қ с ы   м а ,   ә л д е 

оны  халықтың  жағдайын  ескере 

отырып  төмендету  мақсатында 

қайта қарау керек пе?», – деп сұрақ 

қойды  сенатор.  Министрдің  қолма- 

қол  жауабы  былай  шықты:  «Жаңа 

кодекске  сәйкес  7  күннің  ішінде  өзі 

келсе айыппұлдың 60 пайызын ғана 

төлеуге  болады.  Мәселен,  бұрынғы 

заңда жолдан ауытқығаны үшін 3 АЕК 

көлемінде айыппұл салынатын. Қазір 

5  АЕК-ті  құрайды.  Бірақ,  7  күннің 

ішінде  өз  келіп  төлесе,  ол  2,5  АЕК 

қана  болады.  Яғни,  бұрынғы  заңда 

көрсетілгеннен  де  төмен  айыппұл 

төлейді.  Сондықтан,  қазір  қайта 

қараудың  қажеті  жоқ».  Сенатор-

дың  сенімсіз  сауалына  қарағанда 

м и н и с т р  д і ң   ж а у а б ы   ә л д е қ а й д а 

мығым. Ал, біз парламенттегілерден 

өткірлік  күтеміз-ау.  Қайта  сенатор 

Сергей  Ершов  батылырақ  екен. 

Жол  полициясында  жемқорлық 

көп  екенін  айта  келе,  министрге 

б а я н д а м а с ы н д а   б ұ л   м ә с е  л е г е 

т о қ т а л м а ғ а н ы н   е с к е р т т і ,   ж е м -

қор лыққа  қарсы  қандай  шаралар 

атқарылып  жатқанын  сұрады.  «Біз 

өзіндік  қауіпсіздік  қызметімен  олар-

дың  қызметтеріне  тексеру  жүр-

гіземіз.  Шынымен  де,  бұл  қызметте 

жемқор лыққа  қатысты  фактілер 

көп.  Бұған  қоса,  жемқорлыққа  қар-

сы  қызмет,  яғни,  қаржы  поли ция сы 

да  тексеру  жүргізеді.  Бар,  біз  мұны 

мойындаймыз»,  –  деді  Қалмұханбет 

Қасымов. Мойындау да ерлік. Сондай-

а қ ,   С е р г е й   Е р ш о в   м и н и с т р д е н 

полиция  арасындағы  жемқорлық-

ты  жоюда  батыл  қадамға  барған 

Грузияның  тәжірибесін  зерттеп 

көрген-көрмегендерін,  Қазақ станға 

қолдануға  болатын  не  болмай ты-

нын  сұрады.  «Грузияға  біздің  қыз-

меткерлер  бірнеше  мәрте  барды, 

барлық  қызметтер  комиссия  болып 

та  барып  қайтты.  Ол  жақтағылар 

полиция  қызметкерлерінің  бәрін 

жұмыстан шығарып жіберіп, айлықты 

екі есе көтерген. Содан кейін жаңа-

дан  жұмысқа  алған.  Мархабат.  Біз 

мұндай  қадамға  баруға  дайынбыз», 

– деді Қасымов та қарап қалмай. 

Жоғары  жалақы  құқық  қорғау 

органдары  өкілдерінің  арасындағы 

жемқорлықты  тоқтатуға,  қызметтік 

көлігінде ұйықтайтын, көлікте отырып 

көшеге  дәрет  сындыратын  поли-

цейлердің енді болмайтынына кепіл-

дік  бола  алса,  онда  министрге  де 

«мархабат» деу керек шығар. 



С.ҚАЛДЫБАЕВ

«Заң газеті»

айда  –  С.О)  үш  қалада  білім  алатын 

мұғалімдер  күніне  төрт  жарым  сағат 

ағылшын  тілін  үйренетін  болады. 

Барлық  сабақтар  тек  сол  тілде  ғана 

өтеді. Пилоттық жоба үшін біз арнайы 

бағдарлама  даярладық.  Мұғалімдер 

сол бағдарлама бойынша тіл үйренетін 

болады.  Шыны  керек,  бастапқыда 

олардың  тарапынан  бір  қорқыныш 

болды.  Алайда, қазіргі кезде олардың 

бойында  кәдімгідей  құлшыныс, 

тілді  үйренемін  деген  мақсат  анық 

байқалады», – дейді директор.

Иә,  қорқыныш  тек  мұғалімдерде 

ғана емес, бүкіл қоғамда, ата-аналарда 

болғаны  рас.  Және  ол  әлі  де  сейіле 

қоймады.  Бір  анығы,  беталысына 

қарасақ, бұл мәселеде министрліктің 

«шегінерге жері жоқ» секілді.

Жалпы, біздің түсінігімізде, мектеп 

табалдырығын  аттаған  оқушының 

бар  зейіні  ең  алдымен  екі  нәрсеге 

ауғаны  жөн.  Ол  білім  мен  тәрбие 

алуға.  Алаңсыз  оқуы  керек.  Шыны 

керек,  кейде  дейміз  бе,  соңғы  кез-

де  дейміз  бе,  осы  мақсаттан  ауың-

қырап  кетіп  жатамыз.  Басқа  қоғам-

дық  мәселелермен  баланың  басын 

қатыратын  кездеріміз  де  жоқ  емес. 

Тіпті, ол мәселелер мектеп деңгейінен 

шығып,  министрлікке  дейін  жеткенін 

қайтерсіз. Аталмыш баспасөз мәсли-

хатында  ведомство  өкілдері  сондай 

бірер түйткіл турасында сөз қозғаған-

ды.  Әуелгісі,  оқушылардың  мектеп-

ке  діни  киіммен  келуіне  ұстаны мын 

білдірді.  Әрине,  бас  ауруы мызға 

айналған діни ахуалдың ақыр соңында 

орта білім ошақтарына да өз салқынын 

тигізгені өкінішті-ақ. 

Білім  және  ғылым  вице-министрі 

Эльмира  Суханбердиеваның  сөзіне 

сүйенсек, қазіргі уақытта министрлікке 

дәл  осы  мәселеге  орай  5  мыңнан 

астам  өтініш  түскен.  Ұстанымдарын 

білдіруге түрткі болған сол өтініштер 

болса  керек.  Бір  жағы  ата-аналар 

да  ведомстводан  түйткілдің  түйінін 

тарқатып  беруді  сұраған.  Вице-

министр  балаларын  мектепке  діни 

де моральдық зардап тигізбейміз деп 

ойлаймын»,  –  деді  Эльмира  Суxан-

бердиева бұған ата-аналар оң көзбен 

қарайтынына үмітті екендіктерін еске 

салып. 


Ескерерлігі, бұл соңғы жағдайларға 

байланысты  қабылданған  шешім 

емес.  Брифингте  мұны  «Бұл  жаңа 

тыйым емес. Бұл талап бұрыннан бар. 

Бұл  талап  білместіктен  орындалмай 

кел ді. Мектеп формасының енгізілуі-

мен  бұл  сұрақ  өзекті  болып  кеткені 

рас.  Аталған  талап  бізде  бұрыннан 

келе  жатыр»,  –  деп  Әділет  вице-

министрі Зәуреш Баймолдина көптің 

қаперіне  салып  өтті.  Дін  істері  және 

азаматтық қоғам министрлігі Дін істері 

комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин 

болса,«Бірінші кезекте діни киім киетін 

ата-аналармен  сөйлесіп,  соларға 

түсіндірген  абзал.  Мемлекеттік 

органдар  бұл  жұмысты  діни  ұйым-

дармен  бірге  атқарып  келеді,  нәти-

желері  де  бар.  Мысал  ретінде, 

Атырауды алатын болсақ, 2015 жылы 

жол  жоқ  деп  түсінуге  болмайды. 

К е р і с і н ш е ,   д і н и   н а н ы м - с е н і м 

бостандығы бар. Бостандық береміз 

деп  еркінсітіп  алғанымыз  да  рас. 

«Айқайлағанның  бәрі  әнші  емес» 

демекші,  сақал  қойғанның  немесе 

тұмшаланғанның бәрі діншіл еместігін 

көз  көрді.  Сондықтан,  кім  қай  дінді 

ұстанатыны  өз  еркі  десек  те,  тұтас 

қоғамның  тыныштығы  үшін  кей 

тұстарда  шектеуге,  бақылауға  тура 

келді.  Мектепке  оқушылардың  діни 

киіммен келуіне тыйым салу шарасы 

да осы мақсаттан туындаса керек. 

Енді  діни  түйткілден  әлеуметтік 

мәселеге ойыссақ. Орта білім ошақ-

тарында  тыйым  салынған  тағы  бір 

дүние бар. Ол – оқушылардан ақша 

жинау.  «Бізде  министр  бұйрығымен 

мектепте  түрлі  мақсаттарға  ақша 

жинауға тыйым салу бойынша нақты 

қағидалар  бекітілген.  Бұл  бұрыннан 

бар  және  бұл  бірінші  бұйрық  емес. 

Ол туралы барлық білім беру депар-

т а м е н т т ер і   м е н   б ө л і м ш е л е р і н е 

айтылды.  Біз  мектептерде  ақша 

жинауға  тыйым  салуға  қатысты  сая-

сат ты  қатаң  ұстанамыз.  Бірақ,  бұл 

талап  жергілікті  жерлерде  бұзылып 

жатады»,  –  деді  брифингте  Білім 

және ғылым вице-министрі Эльмира 

Суханбердиева  бұған  қатысты. 

Сондай-ақ,  министрдің  бұйрығын 

бұзып,  оқушылардың  ата-аналары-

нан  ақша  жинаған  қызметкерлер, 

мұғалімдер  жұмыстан  қуылатынын 

айтып Суханбердиева сес көрсетті. 

Жергілікті  жерлерде  әлі  де  ақша 

жинау  бар  екенін  мойындағанына 

қарағанда,  мектеп  қызметкерлерінің 

арасында  министрліктің  сесінен 

сескене бермейтіндер бар-ау. 



Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

«Заң газеті»

мектепке  оқушы  xиджабпен  келген 

315  оқиға  тіркелген.  Мемлекеттік 

органдар  мен  діни  ұйымдардың 

бірлескен жұмысының арқасында енді 

тек 113 бала қалды. Дегенмен, жұмыс 

әлі аяқталған жоқ», – деді бірер нақты 

мәлімет келтіріп.  

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, 

оқушылардың білім ұясына қандай да 

бір  діни  киіммен  келуіне  болмайды. 

Министрлік бекіткен бірыңғай мектеп 

формасы  бойынша  киінуге  міндетті. 

Ол  анық.  Тек,  ведомствоны  сол 

міндетке мойынсына қоймайтын ата-

аналар  аздап  алаңдатып  отырған 

сыңайлы. Иә, діни мемлекет емеспіз. 

Зайырлылықты  ұстанатынымызды 

жиі айтамыз. Мұны біздің елде дінге 

киіммен  әкелетін  ата-аналармен 

біраз  түсініспеушіліктер  болғанын 

да  жасырмады.  Өйткені,  орта  білім 

ошақтарының  жарғысында  тәртібі 

көрсетіле  тұра,  көбісі  оны  орындай 

қоймайтын  көрінеді.  «Егер  оқушы 

діни  киіммен  келетін  болса,  ата-

анаға ескерту жасалады. Баланы біз 

қумаймыз,  діни  атрибутиканы  шешу 

үшін  ата-аналарын  шақыртамыз, 

оқушы  ары  қарай  сабағына  қатыса 

береді.  Егер  екінші,  үшінші  рет 

қайталана  беретін  болса,  баланы 

мектепке  кіргізіп,  ата-анасын  күтеді. 

Тағы  бір  рет  ескертеміз,  оқушы 

мектепке кірді ме, діни атрибутикасын 

шешуі  тиіс.  Мектептен  шығысымен 

қайта кисе де болады. Мұнда ешкімге 


4

№117/1 (2895/1) 

22 қазан 2016

zangazet@mail.ru



таразы

Сан соғып алданғандар, шындық іздеп шарқ 

ұрғандар  ақиқатқа  араша  болады  деп  сеніп 

сотқа  келеді.  Соттың  міндеті  жазалау  емес, 

заңды  шешім  шығарып,  аяғын  шалыс  басып 

адасқандарға  заң  аясында  қол  ұшын  созу, 

тәртіпке шақыру.

Судья  үшін  әрбір  қараған  ісінің  нүктесін 

қою, шешімін шығару оңайлыққа түспесі анық. 

Оның қабылдаған шешімі заңға сәйкес болға-

нымен, бір тараптың көңілінен шықса, екінші 

тарап риза бола қоймайды. Себебі, судьяның 

мақсаты тұлғалардың мүдделерін заң аясында 

қорғау.  Алайда,  кейбір  іске  қатысушы  тұлға-

лардың  орынсыз  өкпе  білдіріп,  істің  дұрыс 

қаралмағанын, созбалаңға салынғанын айтып, 

соттарға  сырттай  реніш  білдіріп  жататыны 

бәрімізге мәлім. Осындай сотқа қатысты теріс 

ойлардың  жалпы сот жүйесіне деген халықтың 

сеніміне тигізер кері әсері көп.

Сол  себепті,  қандай  санаттағы  азаматтық 

іс  болса  да  оның  уақтылы  қаралып,  заңға 

сәйкес шешімін табуы судьяның істі сот талқы-

лауына  дайындықты  дұрыс  және  жан-жақты 

жүргізуімен және азаматтық істердің қаралуын 

негізсіз кейінге қалдырмауымен тікелей бай-

ланысты.

Азаматтық  процестік  кодекстің  (АПК) 

163-бабына сәйкес, арыз соттың іс жүргізуіне 

қабылданғаннан және азаматтық іс қозғалған-

нан  кейін  судья  оны  уақтылы  және  дұрыс 

шешуді қамтамасыз ету мақсатында істі сотта 

талқылауға дайындауды жүргізуге міндетті. Істі 

өндіріске қабылдағаннан кейін қазы дайындық 

өткізу туралы ұйғарым шығарып, осы сатыда 

жасалуға тиіс әрекеттерді көрсетеді, бұл ұйға-

рым шағымдануға немесе наразылық келтірілу-

ге жатпайды.  Сот талқылауына  дайындық  15 

жұмыс күн ішінде өткізілуі тиіс. 

  Әрбір  іс  бойынша  істі  дұрыс  шешу  үшін 

маңызы  бар  мән-жайларды  нақтылау,  та-

раптардың  құқықтық  қатынастарын  және 

сот  басшылыққа  алуға  тиіс  заңды  айқындау, 

іске  қатысатын  адамдардың  құрамы  туралы 

мәселені шешу және оларға сот отырысының 

уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабар-

лау,  әрбір  тараптың  өз  талаптарын  немесе 

қарсылықтарын негіздеуі үшін ұсынылуға тиіс 

дәлелдемелерді  айқындау  және  тараптарды 

татуластыруға жәрдемдесу азаматтық істі сот 

талқылауына  дайындаудың  міндеттеріне  жа-

тады.


Қазақстанның құқық қорғау жүй-

есін  реформалаудағы  жетекші  рөл 

адам  капиталын  басқаруға  берілді. 

Ал,  жоғары  кәсіби  кадр  құрамын 

қалыптастыру  құқық  қорғау  орган-

дары  жұмысы  тиімділігінің  міндетті 

шарты болып табылады. Мемлекеттік 

органдарды  білікті  кадрлық  құрам-

мен  қамтамасыз  ету  үміткерлерді 

іріктеу  тәртібін  қатайтуды  талап 

етеді.  Осыған  байланысты  Елбасы 

мемлекеттік  қызметшілерді,  оның 

ішінде, әсіресе күш блогының қыз-

меткерлерін іріктеу және жоғарылату 

кезінде  меритократия  қағидасын 

қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше 

Прокуратура


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 1.17 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет