АҢдатпа 8-9-беттер 3-бет



жүктеу 1.17 Mb.
Pdf просмотр
бет11/11
Дата27.04.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Аðàйëûì ÅÑіÌБÅÊÎВА,

Øûғûñ Қàçàқñòàí îбëûñòûқ іøêі 

ñàÿñàò бàñқàðìàñû «Æàñòàð» 

ðåñуðñòûқ îðòàëûғûíûң äèðåêòîðû:

– Қаншама жастар облысымыздың 

түкпір-түкпірінен  келіп,  бақ  сынасып 

жатыр. Аттың құлағында ойнаған осын-

дай  сері  жігіттерімізді  көріп,  қуанып, 

көңіліміз  марқайып  қалды.  Жастарды 

өнерге  баулитын,  спортқа  ұмтылды-

ратын,  елін-жерін  сүюге  жетелейтін 

мұндай сайыстарды алдағы уақытта да 

ұйымдастырамыз. 

Ñûìбàò ÐАÌАзАÍÎВ, 

«Íұð Îòàí» пàðòèÿñû îбëûñòûқ 

фèëèàëû ñàÿñè жұìûñòàð бөëіìіíің 

êåңåñøіñі:

–  Жастарға  ұлттық  құндылықтар 

мен салт-дәстүрді, ұлттық ойындарды 

дәріптеп,  қазақстандық  патриотизмді 

насихаттауға бағытталған бұл байқау-

ды көрген де, көрмеген де арманда.

Ғûëûìõàë ÌАÍАй, 

ñàйûñқà Ұëàí àуäàíûíûң àòûíàí 

қàòûñуøû:

–  Бұл  дегеніңіз  -  қазақтың  салт-

дәстүрін,  әдет-ғұрпын  жаңғырту 

ғана  емес,  жалғастыру,  жандандыру. 

Осы  арқылы  ертеңгі  ұрпаққа  жеткі-

зу.  Біз  қазақилығымызды  сақтаймыз, 

салт-дәстүрлерімізді  дамытамыз  де-

сек,  қазақтың  әрбір  ұлттық  дүние-

лерін  рухани  түрде  көтеруіміз  керек. 

Соған  бәріміз  бірдей  атсалысумыз 

қажет.  Жалпы,  бұл  сайысқа  үлкен 

дайындықпен келдік. Жігіттің ептілігін, 

мықтылығын талап ететін сын болды.

Øîëпàí БАйÆÎÊИÍА, êөðåðìåí:

–  Жігіттер  бар  өнерлерін  ортаға 

салды.  Қазақтың  ұлттық  салт-дәстүр-

лерін  насихаттаған  мұндай  шараның 

өсіп келе жатқан ұрпақтар үшін маңызы 

өте  зор  деп  ойлаймын.  Әсіресе,  жеті 

басты айдаһардай жан-жағын жайпаған 

жаһандану заманында құндылықтарды 

сақтауда осындай дүниелердің пайда-

сы тимесе, зияны болмасы анық.  

Åðàñûë ÆАҚÑыËыҚÎВ, 

«Æіãіò ñұëòàíû-2016» ñàйûñûíûң  

жåңіìпàçû:

–  Сайыс  әділ  өтті  деп  ойлаймын. 

Осындай шаралар көбірек ұйымдасты-

рылып, салт-дәстүрлеріміз ұлықталып, 

«Жігіт  сұлтаны»  сайысы  келесі  жылы 

тағы  да  жалғасын  тапса  екен  деп 

тілеймін. 

Қàíûøà ÍҰÐҒАËИÅВА, 

«Íұð Ñàíà» қîғàìäûқ ұйûìûíûң 

òөðàйûìû:

–  Тәуелсіздігіміздің  25  жылдығына 

орай ұйымдастырылып отырған «Жігіт 

сұлтаны»  байқауы  жоғары  деңгейде 

өткізілгендігін атап өткім келеді. Оған 

әрине,  ең  бірінші,  облыстық  әкімдік 

және  аудан  әкімдігі  тарапынан  үлкен 

қолдау болғандығы айқын сезілді. Бас-

шылардың демеуінің арқасында киелі 

өлкеде  дүбірлеткен  дода  орын  алды. 

Қоңыр күздің қара суығына қарамастан 

білекті де жүректі жігіттеріміздің сайыс 

алаңын қыздыра білген көзсіз ерліктері 

бізді  еріксіз  тәнті  етті.  Ауданымызда 

бәсі басым байрақты бәсекелер қата-

ры мол болғай.

Аçàìàò ҚАÑыÌ,

«зàң ãàçåòі»

ØығыÑ ҚÀзÀҚÑÒÀН ÎÁËыÑы



16

№117/1 (2895/1) 

22 қазан 2016

zangazet@mail.ru



алаң  жұрт

ақында алматы қаласында бірнеше рет автобус пар-

кінің жүргізушілері жұмысқа шықпай қалды. нәтиже-

сінде қала тұрғындары күздің суығында, аялдамада 

бүрсең қағып, жоқ қоғамдық көлікті сағаттап күтіп, 

баратын  жерлеріне  кешікті.  бір  емес,  бірнеше  бағытта 

қатынайтын коғамдық көліктердің бұл әрекеті қала 

халқын айтарлықтай әбігерге салды. жүргізушілердің 

мұндай  қарсылығы  бұған  дейін  де  бірнеше  рет  қай-

таланған  болатын.  айналып  келгенде,  жолақыдан 

түсетін табысты бөлісе алмаған автобус паркі қожай-

ындары мен көлік жүргізушілерінің текетіресі қара ха-

лықты қарбаласқа түсірді.

ж

Айта  кетер  жайт,  «Оңай»  элек-

тронды  төлем  жүйесінің  іске  қо-

сылуы  жылдар  бойына  жалғасып 

келе  жатқан  автобус  паркі  мен 

қоғамдық  көлік  жүргізушілері  ара-

сындағы  тартысты  тыйып,  бірнеше 

жылда  қоғамдық  көліктердің  жаңа-

руына, халықтың қыста жылы, жазда 

іші  салқын  қоғамдық  көліктермен 

қамтылуына  жол  ашады  деп  күткен 

едік.  Өйткені  «Оңай»  төлем  жүйесі 

шын  мәнінде,  халықтың  жолақыға 

төлеген  ақшасының  далаға  кетпей, 

тиісті орынға жетіп, кондуктор, көлік 

жүргізушісі,  автобус  паркі  қожай-

ындары  секілді  бірнеше  бағытқа 

бөлінуіне жол бермейтін тиімді жүйе 

еді.  Және  бір  жүйеге  бағытталған 

қаржының  да  қайтарымы  болып, 

қала  ішіндегі  ескі  қоғамдық  көлік-

терден  тезірек  құтылатынымызға 

сенгеніміз есте...

«Оңайдың» оңтайлы 

жүйе екенін сезіне 

алдық па?

Қазақстанның  ірі  мегаполисі 

болғандықтан,  жаңашыл  жобалар 

мен тың дүниелер көбінесе Алматы 

шаһарынан басталады. Осыны еске-

ре отырып, биылғы жылдың басынан 

бастап Алматы қаласындағы қоғам-

дық  көліктерде  электронды  төлем 

жүйесі  енгізілген  болатын.  Уақыт 

талабына  сай  электронды  төлем 

жүйесі  қазынаны  қампайтуға  үлкен 

сеп болмақ еді. Бірнеше рет кейінге 

қалдырылған электронды төлем жүй-

есі  қазіргі  уақытта  толыққанды  іске 

қосылып,  қаладағы  муниципалды 

көліктердегі  валидаторлардың  бар-

лығы алынып тасталды. Жолаушылар 

тек электронды төлем жүйесі арқылы 

жолақысын төлеуде. 

Десек  те,  тұрғындардың  біра-

зы  әлі  де  жол  жүру  картасын  алып 

үлгермеген.  Тіпті,  соңғы  кездері 

алғашқы  кезде  зорлықпен  карточка 

алған  халық  онысын  қолданбай  да 

жүрген  секілді.  Өйткені,  қоғамдық 

көліктерде  «Оңай»  төлем  жүйесін 

қолданған  халықтан  қолданбаған 

халықтың  қарасы  көп.  Қоғамдық 

көліктерде де бұрынғыдай қолма-қол 

төлем  жинайтын  кондукторлар  кө-

бейген. 


«Алматы  қаласы  көлiк  холдингi» 

ЖШС  төрағасы  Рифат  Әбдірама-

нов  «Электронды  төлем  картасы 

жоқ  жолаушылар  айыппұл  төлеуге 

міндетті.  Біз  әкімшілік  полициямен 

бірлесіп,  қалада  үлкен  рейд  шара-

ларын  жүргіземіз.  Билетсіз  жүрген 

жолаушыларға  заң  жүзінде  4242 

теңге  көлемінде  айыппұл  саламыз. 

Мұндай жазадан көлік жүргізушісі де 

аман қалмайды. Егер ол тізгіндеген 

көлікте  электронды  билет  құрылғы-

сы бұзылып қалғанына қарамастан, 

жүрісін  жалғастырып,  жолаушылар-

дан  қолма-қол  ақша  алған  болса, 

10605  теңге  көлемінде  айыппұл 

арқалайды. Осы ретте айта кетейік, 

электронды билет құрылғысы жұмыс 

істемей  тұрған  қоғамдық  көліктің 

бағытын  жалғастыруына  тыйым  са-

лынады. Мұндай кезде жолаушылар 

жолақысын жүргізушіге төлемей-ақ, 

көліктен  шығып  кетуге  құқылы», 

–  деген  еді.  Әйтсе  де,  бүгінгі  күні 

мұндай  заң  бұзушылардың  қатары 

көбейгенімен,  айыппұл  салынып 

жатқаны  байқалмайды.  Айта  ке-

тейік,  жүйе  толықтай  іске  қосылған 

алғашқы  күні  түске  дейін  бақылау-

шылар 172 жолаушыға айыппұл са-

лып үлгерген екен. 

Алматы жолаушылар тасымалына 

жауаптылардың сөзіне сенсек, элек-

тронды  билеттерді  енгізу  жобасы 

қоғамдық  көлікті  басқару  процесін 

жақсарту,  көлік  қызметі  тиімділігін 

арттыру  мақсатында  іске  қосылған. 

Сондай-ақ, электронды билет жүйесі 

қоғамдық көлікпен жүретін жолаушы-

лар легі мен қоғамдық көлік қызмет-

керлері  туралы  деректер  жинауға 

және маршруттардың ұтымдылығын 

талдауға мүмкіндік береді әрі қызмет 

көрсету  сапасын  жақсартады  екен. 

Жауапты  мамандар  жүйе  көлеңкелі 

ақшаны айналымнан шығарып, қала 

бюджетіне түсетін салықты да көбей-

туі  тиіс  дейді.  Ендеше,  неге  «Оңай-

дан» оңай бас тартып жатырмыз?!

Айта кетер жайт, қала әкімі Бауыр-

жан Байбек жүйе іске қосылған сәтте 

«Ең бастысы, адам факторын жойып, 

бюджеттен тыс кетіп жатқан ақшаны 

жарыққа  шығарады.  Мен  халықтың 

ақшасын  қайда  шашып  жатқанын 

көрсетуім керек. Қала тұрғындары өз 

қаржыларының өздеріне сапалы қыз-

мет  ретінде  қайтып  жатқанын  білуі 

тиіс. Бұған дейін қоғамдық көліктерді 

пайдаланатын  жолаушылар  есебі 

бізге белгісіз болды: қандай шығын 

шықты,  кіріс  көлемі  қаншалықты, 

жолаушылардың ақшасы қайда кетіп 

жатыр?  Ал  бүгінде  жаңа  жүйенің 

арқасында  жолаушылар  нарығының 

көлемі  19-20  миллиард  теңге  екен-

дігін  бағамдап  отырмыз.  Яғни,  6-7 

миллиард  теңгені  көлеңкелі  эконо-

микадан  шығарамыз»,  –  деген  еді. 

Ендеше, біз бүгінгі күні «Оңай төлем 

жүйесінен бас тарту арқылы жүйенің 

жүйелі жұмыс істеуінен бас тартып, 

келекшекте  сапалы  қоғамдық  көлік 

қызметінен де бас тартып жатқаны-

мызды ұғына білуіміз керек. 

Даудың басы ...

Онсыз  да  қоғамдық  көліктердің 

жұмысына  халықтың  көңілі  толмай 

тұрғанда  автобус  парктері  жолақы 

құнын өсіруді сұрап, жыл сайын қа-

лалық  мәслихатқа  ұсыныс  айтады. 

Мәселен, жақында Алматы қаласын-

дағы  бірнеше  автобус  парктерінің 

қожайындары  қаладағы  жолақы 

құнын 210 теңгеге көтеруді сұрады. 

Алматы  қалалық  тасымалдаушылар 

қауымдастығының  президенті  Ро-

берт  Кан  «Соңғы  кезде  дизельдің 

күрт  қымбаттауы  жағдайды  тіпті 

ауыр латып жіберді. Жолақы кемінде 

210 теңге болуы тиіс деп есептедік. 

Ал кей автопарктерде одан да жоға-

ры болуы мүмкін» деген еді.

Шыны  керек,  қоғамдық  көлік 

қабырғаларынан  «Автобус  паркіне 

жүргізуші  қажет.  Жалақысы  180 

мың  теңге  немесе  200  мың  тең-

ге  аралығында»  деген  жазуды  жиі 

байқаймыз.  Расында  да,  қоғамдық 

көлік жүргізушілері осындай жалақы 

ала ма? Мәселен, жақында 3 бірдей 

бағытта қатынайтын 40 шақты қоғам-

дық  көлік  жүргізушілері  наразылық 

танытып,  жұмысқа  шықпай  қойды. 

Қоғамдық  көлік  жүргізушілері  «жа-

лақымыз мардымсыз, күнделікті өткі-

зетін жоспар тым жоғары. Күн сайын 

«Оңаймен»  950  билет  және  қолма- 

қол 20 мың теңгеден өткізуіміз керек, 

жалақымыз 60 мың мен 80 мың теңге 

арасы,  жоспарды  орындамасақ  аз 

жалақы  тағайындайды»  десе,  авто-

бус паркі басшылары «жүргізушілер 

ақшаны  қолма-қол  алып  жаман  үй-

ренген, соны бергісі келмейді. Соны-

сымен қоймай олар жоспарды орын-

дамай жоғары жалақы алғысы келеді. 

Күн сайын өздерімен 20-25 мың тең-

ге алып кетеді. Ол – жолаушыларға 

билет бермей өздері жинаған ақша» 

дейді.  Демек,  даудың  басы  «оңай-

сыз» қолма-қол алған ақшада. Әйт-

се де, әлі күнге екі төлем жүйесінің 

сақталуы олардың тартысын одан әрі 

күшейткен секілді. 

«Оңай»  жүйесі  алғаш  іске  қо-

сылған  уақытта  айтарлықтай  табыс 

түсіп  жатқанын  айтып,  тиісті  орын-

дар  сүйіншілеткен  еді.  Жыл  сайын 

жолақы  құны  өссе  де,  соған  сай 

қызмет  ала  алмаған  қара  халық 

жи налған  қаржының  есебі  барына 

қуа нып  қалғаны  шындық.  Мәселен, 

жыл басында алматылық компанияға 

«Оңай»  төлем  жүйесі  қолданысқа 

түскен  алғашқы  бес  күнде  140  млн 

теңге  табыс  әкелгені,  ал  осы  уақыт 

ішінде 2 204 007 транзакция жүргізіл-

гені  де  айтылған  болатын.  Ендеше, 

сол қарқын қайда қалды?

Бүгінгі  күні  екі  төлем  жүйесінің 

сақталуы, автобус парктері мен қо-

ғамдық көлік жүргізушілерін де тар-

тыстырып  қойған  сыңайлы.  Шыны 

керек,  осы  уақытқа  дейін  қол ма-

қол  төлем  сақталғанымен,  ондағы 

қаржының  қайда  кетіп  жатқаны  ай-

тыла  бермейтін,  алайда,  автобус 

паркінің  өкілдері  түрлі  сылтаумен 

жолақы  құнын  өсіруге  қайта-қайта 

өтініш айтатын. 

Алматы  қалалық  Жолаушылар 

тасымалы  және  автокөлік  жолдары 

басқармасының  басшысы  Мақсұт 

Исахов «Жыл соңына дейін ешқандай 

жол пұлын көтеру мәселесі қаралып 

жатқан жоқ. Әзірге тек бес-ақ ком-

пания  есеп-қисаптарын  тапсырды», 

–  дейді.  Исаховтың  сөзінше,  соңғы 

екі  апта  ішінде  мұндай  есептерді 

18 тасымалдаушының тек 5-еуі ғана 

ұсынған.


Барлық  компания  есеп-қисабын 

тапсырғаннан кейін қала басшылығы 

толыққанды  тексеру  жүргізбек.  Тек 

содан кейін ғана қалалық мәслихатқа 

тарифті  көтеру  туралы  ұсыныс  жа-

салады.  Мәслихатқа  ұсыныс  жасау 

үшін әр бағыттан түсетін табыс, ав-

тобөлшектерге кететін шығын, мем-

лекеттік салық, тіпті, жүргізушілердің 

жалақысына дейін түгел тексерілмек. 

Сондықтан,  әкімдік  өкілдері  жақын 

арада тариф құны көтерілмейді деп 

сендіріп отыр. Демек, жаңа жылдан 

соң  жолақы  құнын  өсіру  туралы 

ұсыныстың  қайта  бас  көтермеуіне 

кепілдік жоқ. 

Жолаушылар 

тасымалында тиімді 

жүйеге қол жетпей 

тұр


 

Бір нәрсе анық. Еліміздің ең үлкен 

мегаполисі – Алматының басшылығы 

жолаушы  тасымалы  жүйесін  жоға-

ры  деңгейде  жолға  қою  үшін  бар 

жағдайды жасап отыр. Қалалық жо-

лаушылар тасымалы саласына соңғы 

екі жылда ондаған автобус пен трол-

лейбус,  трамвайлар  сатып  алынды. 

Демек,  алдағы  уақытта  халық  билік 

тарапынан  бекітілген  төлем  жүй-

есімен  жұмыс  істей  берсе  мұндай 

жаңа қоғамдық көліктердің саны арта 

бермек, ал түскен пайданы қалтасы-

на басуды ғана көздейтін жекеменшік 

автобус парктері уақыт өте қызметін 

ұсынудан да қалар еді. 

Халықтан  гөрі,  көліктің  саны  ар-

тып  бара  жатқан  қазіргі  уақытта 

Америка мен Еуропа елдері қоғамды 

мұнан  әрі  автомобилизациялаудың 

мүмкін емес екенін мойындап, соңғы 

жылдары, керісінше, қоғамдық көлік-

терді  жедел  қарқынмен  дамытуды 

қолға алды. Жасыратыны жоқ, бұған 

дейін қолданыста болған қолма-қол 

есепайырысудан  да,  жаңашыл  ва-

лидатор  жүйесінен  де  бюджетке 

ауыз  толтырып  айтарлықтай  пайда 

түспеді. Ескі жүйе бойынша қазына-

ның  қоржынына  тек  парк  иелерінің 

төлеген салығы ғана түсіп отыратын. 

Қолма-қол  есепайырысу  нәтиже-

сінде  қаржының  бәрі  жеке  автобус 

парктерінің  иелеріне,  жүргізушілер 

мен  кондукторлардың  қалтасына 

түсіп отырған. Ал кейін іске қосылған 

валидаторлардың да халықтың біраз 

наразылығын  тудырғаны  рас.  Жиі 

істен шығып қалатын валидаторлар-

дың темір теңгені ғана қабылдайты-

ны тағы бар. Кешкі уақыттарда авто-

бус  жүргізушілері  темір  құрылғыны 

өшіріп тастап, ол кезде де қолма-қол 

ақша  жинауды  доғармаған.  Жолау-

шының жолақысынан жалақы жасап 

үйренген жүргізушілердің жаңа енген 

жүйеге қарсылық танытуының сыры 

да сонда. Дегенмен, электронды тө-

лем  жүйесінің  бюджетті  толықтыра 

түсетінін есте сақтаған абзал. Ал қа-

зынаға түскен қаражат қайда жұмса-

лады? Әлбетте, қоғамдық көліктерді 

жаңартып,  шаһардағы  көлік  жолда-

рын  қалыпқа  келтіруге,  әлеуметтік 

жұмыстарға пайдаланылады. Алматы 

шаһарында  әлі  күнге  дейін  тозығы 

жеткен қоғамдық көліктердің қызмет 

көрсетіп жүргені белгілі. Жолақыдан 

түскен қомақты қаржыны жан қалта-

сына  жинаған  жекеменшік  автопарк 

басшылары автобустарды жаңалауға 

тырыспайтын да тәрізді. 

Оңай  төлем  жүйесіне  дейін  ва-

лидаторлар  да  халыққа  сіңіп  кете 

алмады. 2008 жылдың 1 қаңтарынан 

бастап  Алматының  троллейбустары 

мен трамвайларына орнатылған жаңа 

электронды  жүйеге  қыруар  қаржы 

жұмсалған  болатын.  $37  млн  АҚШ 

долларына  2200  валидатор  сатып 

алынған. Әр қондырғының құны $17 

мың АҚШ долларына түскен. Ал дәл 

осы уақытта Ресейдің «Мосгортран-

сы» валидатор мен турникетті небәрі 

7 жарым мың АҚШ долларына сатып 

алғаны да айталған болатын. Алайда, 

құны 17 мың доллар деп бағаланған 

қондырғылар  да  сәтті  жұмыс  істеп 

кете алмады. Америка, Ресей, Герма-

ния, Мексика сынды елдерде тиімді 

істеп  жатқан  жүйені  де  сыйдырма-

дық.  1-2  теңгеліктерді  «менсінбей-

тін», банкноттарды қабылдамайтын, 

кейде  ұсақ  тиындарыңды  да  «жеп 

қоятын»  «аллигатор-валидаторлар» 

ақырында жұмысын тоқтатты. Билет 

орнына  берілетін  ешқандай  мөрсiз, 

атрибутсыз,  қолдан  жыртылған  ақ 

қағазды  қолдан  жасап  алғандар  да 

талай рет қулығын асырды. Тіпті ва-

лидатордың  ішін  түймемен  толтыр-

ған жолаушылар да жетерлік болды. 

Нұрболат АЙЕКЕШОВ, 

әлеуметтанушы:

–  Халқымыздың  табиғатының 

өзі жаңа жүйеге тосырқай қарауға 

үйреніп алған. Әйтпесе көлеңкедегі 

қаржының күнгейге шығуына жол 

ашатын  жүйені  тосырқай  қарап, 

қоғамымызға сіңірмей отырғанымыз 

ұят болып тұр. Көптеген дамыған ел-

дерде көлеңкедегі қаржының жарыққа 

шығуы халықтың әлеуметтік жағдай-

ының артуына жағдай жасаған. Біз 

осыны түсінуіміз керек. Халықтың ақ-

шасы біреулердің қалтасында кетпеуі 

керек. Сонда жүйе дамиды. Мәселен 

осыған дейін қолма-қол төлем жасап 

келдік. Алайда төленген жолақылар-

дың қанша екені, қайда кетіп жатқа-

ны айтыла бермейтін. Қызмет сапасы 

да артпады. Көлік ішіндегі санитар-

лық тазалықты айтпағанның өзінде, 

қызмет көрсету сапасы көңілге қоным-

сыз еді. Қазір қала ішіндегі біршама 

қоғамдық көліктер жаңарды. Алайда, 

қазір де жолаушылар тасымалы сала-

сында кемшіліктер жетерлік. Қоғам-

дық көлік көпшілік орын саналатын-

дықтан, мұнда мәдениеттілік болғаны 

дұрыс. Әсіресе, кешкілік халықтың 

жұмыстан қайтатын уақытында 

адамды аузы-мұрнына дейін толты-

рып, жүргізушілердің радио дауысын 

шегіне дейін жаңғыртып қоятындары, 

темекі шегіп, дауыстарын көтере сөй-

леуі, кондукторлардың балағат сөздер 

айтып, түрлі жағымсыз қылықтар 

жасауы, жұртпен дөрекі қарым-қа-

тынасы қоғамдық көлікте қызмет 

ету мәдениетінің төмендігін байқа-

тады. Сондай-ақ халықтың көп айтар 

шағымдарының бірі – қоғамдық көлік-

тердің бекітілген кестеге сай жүрмей-

тіндігі. Біреулер таңертең көлікті көп 

күтіп қалып, жұмыстарына кешігіп 

жатса, жұмыстан кеш шығатын енді 

біреулер соңғы автобусқа үлгермей, 

үйлеріне жете алмай әуреге түседі. 

Ең болмаса жолаушылар тасымалы 

біртіндеп қалалық әкімдік қарамағына 

өтсе мұндай бассыздықтардың сұра-

уы болар еді. 

Алып  шаһар  тұрғындарының 

«Оңай»  электронды  төлем  жүйесіне 

қатысты пікірлері әлі күнге дейін бір 

арнаға тоғысар емес. Алайда, элек-

тронды төлем жүйесі – уақыт талабы.  

Әлемнің дамыған елдері бұл тектес 

жүйеге  әлдеқашан  көшіп  кеткен. 

Жаңалықты  жатырқай  қабылдауға 

дағдыланып  қалған  біздер  жүйенің 

оң-терісін  айқындай  алмадық.  Ва-

лидатор жүйесі секілді қолданыстан 

шығарып тастмасақ болғаны. Өйткені, 

күн санап қоғамдық көліктерде қол-

ма-қол төлем жүйесімен есепайыры-

сатындар қатарының көбеюі осындай 

ойға  жетелейді.  Бір  сәт  мақтаулы 

жүйеге  халық  тарапынан  да  қолдау 

керек секілді. 

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ,

«Заң газеті»

Деректер не ДейДі?

Соңғы  рет  2012  жылы  автобус  парктері  жолақыны  110 

теңгеге  көтеруді  сұрағанда  жергілікті  мәслихат  жолақы 

құнын  80  теңге  қылып  бекітіп  берген.  2016  жылдың  11 

қаңтарынан бері қалалық автобустарда тек «Оңай» картасы 

арқылы ғана төлем жүйесі іске асырылуда. Қазір Алматы қа-

ласында жалпы саны 1600 қоғамдық көлік бар. Ал бір күнде 

қоғамдық көліктерге мінетін тұрғындар саны 1 миллионға 

жуық.

КӨлЕңКЕДЕГі ҚАРЖыны 

КүнГЕйГЕ ШығАРУғА 

нЕГЕ ҚАРСыМыз?



Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 1.17 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет