АҢдатпа 7-бет 5-бет


Б илер  сотын  кемеліне  келтіре  зерттеп,  артына



жүктеу 1.18 Mb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата20.03.2017
өлшемі1.18 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Б

илер  сотын  кемеліне  келтіре  зерттеп,  артына 

«Қазақтың билер соты – бірегей сот жүйесі» деп 

аталатын  бірнеше  томдық  құнды  мұра  қаттап 

кеткен  қазақтың  осы  заманғы  ғажап  ойшылы,  ғалым-

заңгер, академик Салық Зиманов: «Бір кездері ежелгі қазақ 

даласындағы заңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасыры» 

қайтадан біздің тарихымыздың құрамдас бөлігіне – алтын 

бетіне және болашақта жалпы өркениеттің мұрасына айналар 

деген үмітім бар... Уақыт өте келе қазақ құқығы әлемдік 

өркениеттің құқықтық жүйелерінің ішінен лайықты орын 

алатындығына сеніммен қараймын», – деген екен. 

№111/1 (2889/1) 

8 қазан 2016

13

zangazet@mail.ru



аймақ

лтайдың  балы  жайында  аңыз  көп.  алтайдың  балы  туралы 

жұрттың бәрі аузының суы құрып айтады. неге? алтай балының 

құдіреті неде? берісі ресей, қытай, тМд, арысы аМерика, еуропа 

МеМлекеттеріне дейін дабылы кеткен алтай балы несіМен 

құнды? 

а

Көшпенділерден 

қалған кәсіп

Әуелі тарихқа көз жүгіртейік. Ата-

бабаларымыздың  аузында  «ара», 

«бал»,  «омарта»  деген  сөздер  тегін-

нен-тегін  жүрмегені  анық.  Демек, 

араның пайдасын кезінде көшпенділер 

де  білген.  Тарихи  деректер  мен 

археологиялық  жәдігерлер  ертедегі 

қазақтың  омарта  шаруашылығымен 

жақсы таныс болғандығын аңғартады. 

Әсіресе,  самырсыны  самсаған  сұлу 

табиғаты,  саф  ауасы  бар  Алтай  тау-

ларында  аталарымыз  ара-тұра  бұл 

кәсіппен шұғылданып тұрған. Алайда, 

зерттеушілер ерте ғасырларда омар-

та шаруашылығы жабайы түрде жүр-

гізіліп,  оның  мәдени  түрі  қазақ  хан-

дықтарының  Ресей  империясының 

қол  астына  кірген  кезеңінен  бастау 

алады деп есептейді.

Алтайға мәдени тәсілмен өсірілетін 

бал аралары 18-ші ғасырдың аяғында 

келген. Өскемен бекінісінің коменданты 

Николай  Аршеневтің  жазбаларында 

айтылғандай, ең алғашқы ара ұялары 

салынған жәшіктер 1786 жылы Киев-

тен  әкелініпті.  Кейін  Алтайдың  сай-

салаларында пәсікшілер пайда болып, 

омарта  шаруашылығы  ілге рілей  түс-

кен.  Кейбір  деректерге  қара ғанда, 

ең  алғашқы  балды  мәдени  жолмен 

өн діретін омарта Өскеменнен 40 ша-

қырым жерде құрылыпты. 1825 жылы 

Өскемен маңайында 86 мыңнан астам 

ара  ұясы  болған,  1834  жылы  Бұқ-

тыр ма  жағалауларынан  жиналған  12 

мың пұт таза бал Оралда өткен Ірбіт 

жәр меңкесіне жеткізіліпті. Ал кеңестік 

дә уір Алтай балының атағы дәуірлеген 

тұс.


Алтай  балының  атағы  жер  жарып 

тұрса  да,  бұл  кәсіпке  білек  сыбана 

кірісіп  отырғандардың  саны  аз.  Де-

мек,  біздің  омарташылар  әлемдік 

деңгейде  қалыптасып,  дайын  тұрған 

«Алтай балы» деп аталатын атышулы 

брендті  өз  деңгейінде  пайдалана 

алмай  отыр.  Омарташылықты  кәсіп 

қылып,  ара  ұстап,  бармақтарынан 

бал ағызған кәнігі пәсікшілердің көбі 

90-шы жылдары Ресейге, Германияға 

көшіп  кеткен  көрінеді.  Қазекем  бол-

са,  көз  алдында  қойы  маңырап,  қо-

зысы  жамырап  жатпағасын  арамен 

«араласуға»  соншалықты  құлшыныс 

таныта  қоймапты.  Біле  білсек,  ара 

ша руашылығының пайдасы шаш етек-

тен, бұл кәсіпке білек сыбана кіріскен 

шаруа бір маусымда орта есеппен 2 

миллионнан 12 миллион теңгеге дейін 

табыс  таба  алатын  көрі неді.  Пайда 

көлемі  өсірілетін  ара  жәшіктеріне 

байланысты.

1991 жылға дейін қазақ елі Жапо-

ния, Оңтүстік Корея, Германия сияқ-

ты  ірі  мемлекеттерге  және  Кеңес 

Одағының өзге де республикаларына 

жылына  50  мың  тонна  бал  шығарса, 

бұл көрсеткіш қазір небәрі 1 тоннаға 

жетер-жетпес көлемде. Мамандардың 

айтуынша, республиканың әр тұрғыны 

жылына  орта  есеппен  40  грамм  бал 

жейді  екен.  Бұл,  әрине,  аз.  Қазір 

елімізде  шамамен  73  мыңнан  астам 

омарта бар, соның 70 пайызы Шығыс 

Қазақстан  облысында  орналасқан. 

Ендеше, түгін тартсаң, май шығатын 

Алтайдың,  гүлін  тартсаң,  бал  шыға-

тынын да ұмытпауымыз керек.

Ара бағу оңай ма, 

мал бағу оңай ма?

Катонқарағай  ауданы,  Майемер 

ауылында  тұратын  омарташы  Самат 

Азбаевтың  айтуынша,  ара  өсіру  аса 

қиын  шаруа  емес.  Еңбекқор  жігіт 

өткен  жазда  ешкімнен  ешқандай 

субсидия  алмай-ақ  35-тен  аса  ара 

жәшігін  ұстап,  айтарлықтай  пайда 

тапқан.

–  Ара  өсіруді  қиынсынатындар 



бар.  Әрине,  жәндіктің  бабы  қиын, 

бірақ  ол  мал  өсіруден  әлдеқайда 

оңай. Еңбекқор араға қолайлы жағдай 

тудырсаңыз  болғаны,  өздері  ұшып 

кетіп, гүл тозаңдарын жинап, қайтып 

келеді.  Бұл  маусымдық  жұмыс  қой, 

қазір  ауылдағы  қолы  білетіндер  бұл 

кәсіппен  ептеп  айналыса  бастады. 

Жаз маусымында жәшіктерге мұқият 

болсаң  болғаны,  қыста  малымызды 

бағамыз.  Бұл  –  нағыз  ауылдың  жұ-

мысы, – дейді ол.

Шығыстың бренді

абыройына  мән  беруі  қажет.  Нағыз 

балды  жасанды  балдан  түсіне,  сал-

мағына  қарап  ажыратып  үйренген 

дұрыс,  –  дейді  омарташы.  Биыл  ол 

ара  жәшіктерін  60-тан  асыруға  бел 

буып отыр. Бал өндіру жайында осы 

іспен  көптен  бері  айналысып  келе 

жатқан  Ресей  ауыл  шаруашылығы 

ака демиясының омарта шаруашы лы-

ғы бөлімінде оқыған кәсіпқой ма ман, 

Өскемендегі  «Пчелоцентр  Айтас» 

фир масының  бас  технологы  Игорь 

Рукавицынның да пікірін білген едік.



Игорь РукавИцын, 

Өскемендегі «Пчелоцентр Айтас» 

фирмасының бас технологы:

–  Омарта  шаруашылығы  өте 

пай далы  сала.  Бұл  жұмыспен  жеке 

адамдар,  тіпті,  зейнеткерлер  де  ай-

налыса алады. Ара өсірудің пайдасын 

көргендер  одан  қайтып  айырылып 

қалмаудың қамын ойлайды. Сонымен 

бірге омарта шаруашылығы егін мен 

бау-бақшаға  да  пайдасын  тигізеді. 

Себебі, ара ең алдымен өсімдіктерді 

тозаңдандырушы,  әртүрлі  өсімдік 

ауруларының  емшісі.  Жақын  маңда 

омартасы  бар  шаруашылықтардың 

егін мен бау-бақшадан өнімді басқа-

лардан  біршама  көп  алатындығы 

ғылыми түрде дәлелденген.

Тәжірибелі  маманның  мына  бір 

келтірген  деректері  де  назар  ау дар-

арлық.  Рукавицын  мырзаның  ай-

туын ша,  басқа  шығындарды  есеп-

те мегенде  сатып  алу  бағасы  500 

тең ге ден  болатын  балды  әр  ұядан 

35 келіден жинағанда 100 омартадан 

3,5 тонна өнім алып, жаздың төрт-бес 

айы ішінде екі миллион теңгеге жуық 

таза пайда табуға мүмкіндік бар. Бұл 

ең төменгі бағамен алғанда. Ал егер 

омар ташы нағыз іскер маман болса, 

100-ден астам ара ұясын ұстай алады. 

Омарташылық  –  маусымдық  жұмыс, 

жылдың  төрт-бес  айынан  басқа  уа-

қытта бос деуге болады. Әрі аса көп 

шығынды  қажет  етпейді,  экология 

үшін пайдасы болмаса, зияны жоқ.

Ғалым  Құдайберді  Бағашардың 

айтуынша, Алтай балының адам ден-

саулығына берер пайдасы мол. Атап 

айтатын  болсақ,  бал  ағзадағы  қан 

құрамын жақсартып, ішкі қызметтерді 

жандандырады екен. Балдың ең ғажап 

қасиеттерінің бірі – оның иммунитетті 

арттыратындығында. Дененің физио-

логиялық  күш-қуатын  қалпына  кел-

тіру, ми қызметін күшейту, тыныс алу 

жолдарын  артық  қақырықтар  мен 

қабынудан сақтайтын да осы бал екен. 

Тұмау  немесе  суық  тигенде  ыстық 

сүтке бал қосып ішудің сыры осында 

жатса керек. Алтай балы, сондай-ақ, 

жүрек-қан  тамырлары  ауруларына, 

бауырға, бүйрекке,  ішек-қарын жол-

дарына,  құяңға  өте  пайдалы.  Балды 

құрт  ауруына,  ұйқысыздыққа,  бас 

ауруына,  қан  қысымына,  асқазан 

жарасына, тіпті, күйікке де ем ретінде 

пайдалануға болады екен.

Дәстүрге айналған 

бал фестивалі

Өскеменде жыл сайын қоңыр күзде 

бал фестивалі өтеді. Шығыстың ғана 

емес, өзге өңірлердің омарташылары 

осында бас қосады. Пікірлеседі, ақыл-

дасады, ұсыныстарын айтады, мәсе-

лелерін көтереді. Биылғы фес тивальге 

110 омарташы қатысып, 63 тонна бал 

өнімін әкелді.

Бал  жәрмеңкесіне  Өскемен  қа-

ла сы  мен  Глубокое  ауданының 

омар ташылары  белсене  қатысты. 

Об лыс  орталығынан  22,  Глубокое 

ау да нынан 22 ара шаруашылығы, Зы-

рян  ауданынан  17,  Ұлан  ауданынан 

16,  Катон қарағай  ауданынан  13  ара 

шаруа шылығы  келіп,  сатып  алу шы-

ларға түйе жапырақ, қара құмық, тау, 

дала  шөптері  мен  гүлдері нің  балы 

сияқты  тіл  үйірген  түрлі-түрлі  бал 

сорт тарын  ұсынды.  Глубокое  ауда-

нының  омарташылары  жәрмеңке  өт-

кен  жарты  күннің  ішінде  сегіз  тонна 

бал сатып үлгерді.

Өскемендіктер мен қала қонақтары 

күзгі бал жәрмеңкесіне бұл жолы да 

көп  жиналды.  Жасы  да,  қариясы  да 

бар қалың ел жеке-жеке палаткаларға 

қойылған облысымыздың әр өңірінен 

келген алуан түрлі балдың дәмін та-

тып көріп, сатып алды. 

–  Көпшілік  ел  Катонқарағайдың 

балын  жақсы  деп  таңдай  қағып  жа-

тады,  ол  рас,  таласым  жоқ.  Әйт се 

де,  маған  Үржардың  балы,  «дон ни-

гі»  қатты  ұнады,  хош  иісі  мен  ем дік 

қасиеті  жағынан  және  балдан  кә-

дімгі дала гүлінің нәрі анық сезіледі. 

Балдың ыдысын аша салысымен хош 

иісі бұрқ ете қалды, дертке дәру на-

ғыз  «Алтай  балы»  екенін  бірден  аң-

ғардым.  Міне,  кезекке  тұрып  сатып 

алдым, халық үсті-үстіне келіп жатыр, 

–  дейді  Глубокое  ауылынан  қала да-

ғы  балаларына  келген  Халида  Тұр-

сынханова.

Халида апай мақтаған бұл балды 

жинап алып жатқан үржарлық омар-

ташы  Шәкіржан  Баянов  екен.  Көл-

де нең  ауылында  тұратын  омарта шы 

жәр меңкеге 500 келі бал алып келіп ті. 

Ақшыл  түсті  қоюлау  келген  «дон-

ник»  –  түйе  жоңышқа  шөбінің  балы 

да,  тау  шөптерінің  мөлдіреген  сары, 

қоңыр  балы  да  бар  ішінде.  89-жыл-

дан  бері  омарташылықпен  айна лы-

сып келе жатқан «Алтын бал» ша руа 

қожалығының  иесі  ау дан  омар та шы-

ларының  балды  шекаралас  Қытай 

еліне  де  шығарып  жатқандықтарын 

айтты.  Шәкіржан  ағаның  айтуынша, 

ол  елдегілер  шығыстың  балының 

қа сиетін,  жоғары  сапасын  қатты  ба-

ға лайтын  көрінеді.  Елімізге  туристік 

са пармен келген шетелдіктер де қа-

зір  алдымен  «Алтай  балын»  іздейтін 

болды. «Алтай балы» бүгінде бір ғана 

шығыстың емес, бүкіл еліміздің бетке 

ұстар брендіне айналды. 

Зайсанның балы 

1905 жылы 

Нью-Йорктегі 

көрмеге қойылған

 

Үржарлық  омарташылар  шығыс-



тың балын экспортқа шығарып жатса, 

зайсандықтар ара ұстауды енді ғана 

қолға  алып  жатыр.  Үш  жылдан  бері 

ара  өсіруге  кіріскен  Үлкен  Қаратал 

ауылының  тұрғыны  Айып  Салбанов 

орман, тоғайлы Ақши телімін дегі омар-

тасынан жәрмеңкеге Зайсан ның балын 

әкелді. Аудандық ауыл шаруашылығы 

бөлімінің  маманы  Ермек  Әділбаев: 

«Ау дан тарихының шежіресінде со нау 

патша  заманында,  1905  жылы  Зай-

санның  балы  Нью-Йорктегі  көрмеге 

де йін барғаны туралы дерек бар. Зай-

санның сол әйгілі балының атын қай-

тадан шығармақпыз, қазір «Ауыл ша-

руашылығын қаржылай қолдау қоры» 

АҚ арқылы ара ұстаймын деген ниет-

пен несие алып жатқандар бар» дейді.

Ара шаруашылығы, омарташылық 

аса  қарқынды  дамып  келе  жатқан 

аймақтарымыздың  алдында  Катон-

қарағай ауданы тұр. Биыл бұл ауданда 

«Катонқарағай шәрбәті» деген омар-

ташылардың  үлкен  кооперативі  құ-

рылған  болатын.  Осы  кооперативтің 

22 мүшесі жәрмеңкеге 20 тонна бал 

әкелді.  Кооператив  талайдан  бері 

келе  жатқан  күрмеулі  мәселелер дің 

біразын  шешіп  те  үлгеріпті.  33  ара 

шаруашылығының  басын  біріктір-

ген  ұжым  алдымен  өнімді  өткізудің 

ама лын  іздестіріп,  балды  арнайы 

ыдыс тарға  құйып,  қаптап  сататын 

өн діріс  орнын  ашқан.  Кооператив 

мү шелері  өздері  қосылып,  20  млн 

тең геге  сатып  алған  «Медофит»  деп 

аталатын  ресейлік  құрал-жабдықта 

қапталып,  шығарылған  бал  өнімдері 

енді  Қазақстан  қалаларымен  бірге 

Қытайға өткізіледі.

–  Биыл  Қытайға  250  тонна  бал 

шы ға рамыз.  Жуықта  Бейжіңнен  кел-

ген  кәсіпкерлер  балдың  құрамын 

талдап, тексеруге сынама алып кет ті. 

Экспорттаудың,  санитарлық,  вете-

ринарлық  қауіпсіздік  талапта ры-

ның  құжаттары  жасалып,  даяр лан-

ды.  Қазіргі  күні  ауданда  437  омарта 

шаруашылығы, 21 мың ара ұясы бар. 

Ауданда  жыл  сайын  400  тоннадан 

артық бал өндіріледі. Ең басты мәселе 

балды  өткізу  болып  келген,  қазір 

оның  тетіктері  табылып,  өңірімізде 

омарта  ұстаушылар  көбейіп  жатыр, 

–  деді  шығыстың  екі  бренді:  марал 

мен  балдың  мекеніндегі,  өлкесінде-

гі  омарташылықтың  келешегі  тура-

сында  Катонқарағай  аудандық  ауыл 

шаруашылығы  және  кәсіпкерлік  бө-

АлТАЙДың 

БАлы

Самат Азбаев өткен маусымда 35 



ара жәшігін Алтай тауының бөктерінде 

ұстаған  екен.  Өзі  айтқандай,  жаз 

бойы атқарған еңбегінің нәтижесінде 

омартасынан  15  күбі  бал  алыпты. 

Оның әрқайсысында 50-54 келі таза 

Алтай  балы  құйылғанын  есепке 

алсақ, Саматтың омарталық маусымы 

бекерге  өтпегенін  оңай  болжауға 

болады. Балдың келісін 1200 теңгеден 

облыс  орталығынан  келіп,  сатып 

алып кеткен делдалдар Алтай балын 

шетелге жіберетіндерін айтыпты.

–  Қазір  жасанды  бал  сататындар 

көбейіп  тұр.  Омарташы  алдымен 

өзі  өндірген  балдың  сапасы  мен 

лімінің  басшысы  Рақымғали  Бай-

гереев.

Омарташыларға 



облыстық 

бюджеттен 

субсидия беріледі

2010  жылы  облыста  39,  8  мың 

омарта  шаруашылығы  болса,  2016 

жылы  аймақта  олардың  саны  екі 

есеге көбейіп 77,4 мыңға жетіп отыр. 

Шығыста  жыл  сайын  өткізіліп  келе 

жатқан дәстүрлі бал фестивальдары, 

жәрмеңкелері  облыста  ғана  емес, 

елімізде ара шаруашылығының қайта-

дан  өркендеуіне  өзіндік  ықпа лын 

тигізуде.  Көптеген  облыс тарда  біз-

дегідей омарташылар қауым дас тығы 

құрылып,  олар  «Бал  ара»  ұлттық 

омарташылар одағының бір құрылымы 

бола отырып, бал өндірісін арттыруға, 

омарташыларды  даярлауға,  саланы 

дамытуға  үлес  қосуда.  Облыстағы 

ара  өсіруші  кәсіпкерлер  Польша, 

Израиль, Түркия, Украина, Ресейдегі 

омарташылар  орталығында  болып, 

тәжірибе жинақтап қайтқан. Омарта-

шыларымызға  облыстық  бюджеттен 

субсидия беріліп келеді.

Сіз не дейсіз?

Дүйсенғазы Мусин, 

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 

орынбасары:

– Бал фестивалін өткізудегі бас­

ты мақсат ­ облыста ара шаруа­

шы лы ғын одан әрі өркендету. Әйгілі 

Алтай балын өндіруді арттырып, 

өнімнің тұтынылу нарығын кеңей­

те беру, омарташыларды өз кәсібіне 

ынталандыру.

 

Атақты  медицина  ғұламасы  Әбу 



Әли  ибн  Сина  «Жастығыңды  сақта-

ғың  келсе,  жиі  бал  же»  деген  екен. 

Омар ташылар  жәрмеңкеге  балдың 

өзімен  бірге  балауызы,  тұнбасы 

тәрізді  араның  адам  ағзасына,  ден-

саулығына,  ажарына  пайдасы  мол 

алуан  түрлі  өнімдерін  қойды.  Ара 

шаруашылығының  бұл  өнімдерін 

әдейілеп  келіп  сатып  алып  жатқан 

косметологтар да болды.

Фестиваль  соңында  облыстық 

Ауыл  шаруашылығы  басқармасының 

басшысы Қонысбай Төлеубеков үздік 

шыққан омарташыларды марапаттап, 

еңбектеріне табыс тіледі. Ауыл шаруа-

шылығы, тағамтану, кәсіпкерлік сала-

сы мамандарынан құралған комиссия 

мүшелері V бал фестивалінің жеңім-

паз дарын төрт аталым бойынша анық-

тады.


PS: 

Осыдан  екі-үш  жыл 

бұрын  Бердібек  Сапарбаев 

Шығыс  Қазақстанның  әкімі 

болып  тұрғанда  өңірдегі  мек-

тептердің  ас  мәзіріне  бал  ен-

гізілген  еді.  Әр  оқушының  ап-

тасына  тұтынатын  бал  көлемі 

80  грамды  құраған-ды.  Қазір 

облыстағы  мектеп  оқушылары 

балды тұтына ма, тұтынбай ба, 

ол  жағы  беймәлім.  Денсаулық 

бәріне  ортақ  қой.  Осы  игі  дәс-

түр  жалғасын  тапса,  Шығыс 

өңі рі  ғана  емес,  еліміздің  өзге 

об лыстарында да қолға алынса 

деп ойлаймыз.   

Тақырыпқа 

тұздық

Қасиетті  Құран  Кәрім  сүресінде 



(Ән-Нахл сүресі) ара туралы жазылуы 

тегін емес. Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғам-

барымыз  да  Хадистерінде  екі  түрлі 

емге: Құран мен ара балына айрықша 

ілтипатты  болуға  шақырады.  Көктен 

түскен  қасиетті  төрт  кітаптың  бірі 

Інжілде  бал  туралы  бірнеше  мәрте 

айтылады.



Азамат ҚАСЫМ,

«Заң газеті»

ШыҒыС ҚАЗАҚСТАН ОБлыСы



14

№111/1 (2889/1) 

8 қазан 2016

zangazet@maiI.ru



ТЕМІРҚАЗЫҚ

Дерек пен дәйек



Мемлекеттік 

қызметкер 

мемлекеттік тілді 

жетік білсін!

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 

еліміздегі  мемлекеттік  қызметшілер 

жаңа этикалық кодекспен өмір сүре 

бастады.  Жаңа  кодекске  сәйкес, 

барлық  деңгейдегі  мемлекеттік 

қызметкерлер  адалдықты,  әділдікті, 

қарапайымдылықты  ту  етіп  ұстауға 

міндетті.  Жаңарған  құжатта  мемле­

кеттік қызметкерлердің бет­бейнесі, 

сыртқы  түр  келбеті  басқаларға  үлгі 

болуы  керектігіне  ерекше  назар 

аударылған.  Барлық  деңгейдегі 

басшылар  байыпты,  ізетті,  сыпайы 

мінез  танытуға  дайын  болуы  керек. 

Атап  айтарлығы,  мемлекеттік  қыз­

метшілер  үнемі  іскерлік  стильмен 

киініп,  жалпыға  ортақ  моральдық­

этикалық  нормаларды  сақтауға 

ұмтылғаны  жөн.  Демек,  барлық 

деңгейдегі соттардағы мамандар да 

осы ережелерді қатаң ұстануы тиіс.

Осыған  орай  бірқатар  ой­пікір­

лерімді қоғамның талқысына салғым 

келеді. Менің пайымдауымша, сотта 

қызмет ететін әрбір маман мемлекеттік 

тілді жетік меңгеруге міндетті. Себебі, 

Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаев: «Мемлекеттік тіл – біздің 

еліміздің көк туы, елтаңбасы, әнұраны 

сияқты  мемлекеттік  символы»  деп 

атап  көрсетті.  Олай  болса,  әрбір 

мемлекеттік қызметкер қазақша таза 

сөйлеу,  сауатты  жазу  мәдениетін 

меңгеруі  керек.  Жасыратыны  жоқ, 

қазіргі  кезде  соттағы  қағаз  құжат­

тардың дені ресми тілде толтырылады. 

Сот қызметіне жүгінген азаматтармен 

көбінесе  орыс  тілінде  сөйлесіп 

жататын жағдайларының жиі­жиі куәсі 

боламыз.  Қазақша  сөйлеп  тұрсақ 

та,  дөрекі  тілдесеміз.  Меніңше,  бұл 

дұрыс ұстаным емес. Керісінше, сотқа 

келген адамға жылы қабақ танытып, 

қазақша  тіл  қатсақ  нұр  үстіне  нұр 

болар еді. Сыпайы сөйлеу арқылы әр 

маман  өзі  қызмет  ететін  мекеменің 

ғана емес, жалпы сот жүйесінің бақ­

беделін биікке көтереді. 

Жаңартылған  кодексте  іскерлік 

киім кию жөнінде айтылыпты. Іскерлік 

киім кию – соттағы  әрбір маманның 

міндеті. Алайда, сол міндетті барлық 

қызметкерлер  ұстанып  жүрген  жоқ. 

Мысалы,  соттағы  жігіттер  біркелкі 

костюм­шалбар киеді. Ұқыптылық пен 

жарасымдылық  бірден  көзге  көрініп 

тұрады.  Ал,  қыздардың  киім  киюіне 

қатысты  мәселе  бар.  Мәселен,  көп 

қыздар  кеудесі  өте  ашық  немесе 

денесі көрініп тұратын матадан тігілген 

киім  киеді.  Меніңше,  сотта  жұмыс 

істейтін  қыздарға  кеудесін  көрсетіп 

тұратын  немесе  қысқа  етек  көйлек 

киюге, көзге оғаш көрінетін киіммен 

жүруге  тыйым  салу  қажет.  Бұлай 

киіну сыпайылыққа, биязылыққа жат. 

Егер  олар  ақ  түсті  кеудеше­көйлек, 

етегі  ұзын  белдемше  кисе  немесе 

іскерлік  стильдегі  шалбар­костюм 

кисе жарасымды­ақ болар еді. Халық 

арасында: «Киіміңе қарап қарсы алып, 

ақылыңа  қарап  шығарып  салады» 

деген  қанатты  сөз  бар.  Өзі  сыпайы 

сөйлеп,  ұқыптылықпен  киінген  сот 

қызметкеріне келген адамдардың да 

құрметі артады.

Сөзімізді түйіндейтін болсақ, «100 

нақты қадам» Ұлт жоспарында біздің 

қоғамда заңның үстемдігін қамтамасыз 

етуді,  қарапайым  азаматтардың 

құқықтары мен мүдделерін қорғауды 

жаңа сапалы деңгейге көтеруге мықты 

іргетас  қаланды.  «Біріміз  бәріміз 

үшін, бәріміз біріміз үшін» деген сөз 

бар.  Сондықтан,  мемлекетілігімізді 

нығайтып,  бүгінгі  Ұлт  көшбасшысы 

ұсынған 5 институционалдық рефор­

маны жүзеге асыруға өз үлесін қосу 

–  әрбір  судьяның,  соттағы  әрбір 

қызметкердің  абыройлы  міндеті. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Халқы 

заңын  сыйлайтын,  сотына  сенетін 

қоғам  –  ең  дамыған  қоғам.  Біздің 

мақсатымыз  –  дәл  сондай  қоғам 

құру. Осы мақсатты жүзеге асыруда 

өздеріңізге  артылған  үмітті  ақтап, 

адал жұмыс істейтіндеріңізге сенемін» 

деді.  Ендеше,  біздің  әрқайсымыз 

сол сенімді ақтауға дайын болуымыз 

керек. 

Маманнан 

– көмекшіге, 

көмекшіден – 

судьялыққа

«100  нақты  қадам»  –  Ұлт  жос­

парының 17­ші қадамын жүзеге асыру 

мақсатында  жыл  басынан  бері  сот 

жүйесіне  қатысты  жаңа  ережелер 

заңнамалық  деңгейде  қолданысқа 

енгізілді. Мысалы, судьяға қойылатын 

талаптар күшейтілді. Міндетті түрдегі 

талаптың бірі – сот істерін жүргізуге 

қатысудың  5  жылдық  өтілі.  Сондай­

ақ,  заңгерлік  мамандықпен  кем 

дегенде  10  жыл  жұмыс  істеуі  керек. 

Кәсіби дағдысы мен іскерлік қабілетін 

ляциялық  соттың  (штаттың  немесе 

федералдық  соттың)  мүше лерінің 

бір­бірден көмекшілері бар. Жоғарғы 

Соттың  мүшелеріне  төрт  көмекшіге 

дейін жұмысқа алуға құқық берілген. 

Негізінен  алғанда,  бұл  жұмысқа  заң 

факультетін  үздік  бітірген  түлектер 

тартылады. Олар заңдық мәліметтерді 

жинайды, әрбір іс бойынша түсіндірме 

дайындайды, кейбір сот шешімдерінің 

жобасына талдау жасайды. 

Судья  көмекшілерінің  отандық 

корпусын  қалыптастыру  үшін  сот 

төрелігі  институтының  магистрлері 

мен сот кеңсесі мамандарынан іріктеп 

алуға  болады.  Мемлекет  басшысы 

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында 

атап көрсеткендей, судья лауазымы на 

үміткерлер соттарда шәкіртақы төлене­

тін бір жылдық тағылымдамадан өтеді. 

Олардың тағайындалуы туралы шешім 

шығарылған  соң  бір  жылдық  сынақ 

мерзімі  басталады.  Менің  ойымша, 

судьялыққа  үміткерлерді  іріктеу 

тетігінің  бірі  –  судьяның  көмекшісі. 

Өйткені,  болашақ  судья  әуелі  оның 

Соттардағы  мұрағат  жұмысы  –  сот  іс 

жүргізуінің  негізгі  бөлігі.  Мұрағат  дегеніміз  – 

тарихи  деректік  құжаттар  сақталатын  алтын 

қазына. Мұрағатта әр кезеңдегі тарихи уақиғалар, 

дипломатиялық  қарым­қатынастар,  қоғамның 

саяси­әлеуметтік,  экономикалық  бағыттары 

жөнінде құнды құжаттар сақталады. Сондықтан 

да,  мекемелер  мен  кәсіпорындарда,  оқу 

орындарында іс қағаздарын жазғанда бекітілген 

номенклатура негізінде ұқыпты, нақты, дәлелді, 

мазмұнды жазылған, дәйектелген іс­шаралардың 

құжаттары мұрағатта орналастырылады. 

Жыл сайын сот мұрағатына аяқталған істер, 

журналдар    мен  нарядтар,  есептік­ақпараттық 

құжаттар  тапсырылады.  Мұрағат  жұмысының 

басты бағыты – істерді есепке алу мен оларды 

беру.  Судьялар  мен  сот  мамандары  мұрағат 

істерін қызмет бабында қолдануға құқылы. Ал, 

мұрағатшы  істерді,  материалдарды  сақтауға 

қажетті  жағдайларды  жасайды,  сұрау  хаттар 

бойынша  мұрағат  істерінен  құжаттардың 

көшірмелерін  береді,  сот  мұрағаты  журналын 

жүргізеді.

«Ұлттық  мұрағат  қоры  және  мұрағаттар 

туралы»  Қазақстан  Республикасының  заңына 

сәйкес, ұйым қызметінде пайда болған тарихи, 

ғылыми,  әлеуметтік,  экономикалық,  саяси 

немесе  мәдени  айрықша  маңызы  бар  және 

белгіленген  тәртіппен  Ұлттық  мұрағат  қоры 

құрамына  енгізілген  құжаттар,  халықтың 

тарихи­мәдени  мұрасының  ажырамас  бөлігі 

болып  табылады  және  оларды  Қазақстан 

Республикасының  ұлттық  игілігі  ретінде 

мемлекет қорғайды.

Көрсетілген  құжаттар  мемлекеттік  мұрағат 

мекемесіне  тұрақты  сақтауға  тапсырылғанға 

д е й і н   ұ й ы м д а   у а қ ы т ш а   с а қ т а л а д ы .   А л , 

ведомстволық  мұрағаттардағы  уақытша 

сақтаудың  шектік  мерзімі  уәкілетті  органмен 

анықталады. Мұрағаттық құжаттарды мемлекеттік 

сақтауға дайындауға, тасымалдауға, тапсыруға 

байланысты  барлық  жұмыстар  ұйымның 

күшімен  және  есебінен  жүзеге  асырылады. 

Ұлттық  мұрағат  қоры  құрамына  жатқызылған 

құжаттарды  жоғалтқаны  және  бүлдіргені  үшін 

ұйымның  лауазымды  тұлғалары  Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты 

болады.

Мұрағат  өз  қызметінде  Қазақстан  Респуб­



ликасының мұрағат ісі жөніндегі заңнамалық және 

заңға  тәуелді  нормативтік  құқықтық  актілерін, 

жоғары тұрған орган басшыларының және ұйым 

басшысының бұйрықтарын (өкімдерін), жергілікті 

атқарушы органның, тиісті мемлекеттік мұрағат 

мекемесінің нормативтік­әдістемелік құжаттарын 

және  Мұрағат  туралы  ережені  басшылыққа 

алады.


Мұрағатқа  ұйымның  тұрақты,  уақытша  (10 

жылдан  астам),  уақытша  (10  жылға  дейінгіні 

қоса алғандағы) сақталатын іс жүргізуі аяқталған 

басқарушылық,  жеке  құрам,  алдыңғы  ұйым 

қызметінде пайда болған тұрақты, уақытша (10 

жылдан астам), уақытша (10 жылға дейінгіні қоса 

алғандағы) сақталатын, жеке құрам, мұрағатты 

толықтыру көзі болып табылатын өзге ұйымдар 

қызметінде пайда болған тұрақты, уақытша (10 

жылдан астам), уақытша (10 жылға дейінгіні қоса 

алғандағы) сақталатын құжаттары, жеке құрам, 

жеке тектік құжаттары және ұйым немесе өзге 

ұйым қызметіне пайда болған басқа да, соның 

ішінде  ақпараты  дәстүрлі  және  электрондық 

тасығыштардағы  дыбыс­бейнежазу  және 

ғылыми­техникалық  құжаттама,  құрылымдық 

бөлімшелерден  және  өзге  ұйымдардан  келіп 

түскен  құжаттарға  ғылыми­анықтамалық 

аппараттың  элементтері,  ведомстволық  баспа 

басылымдары келіп түседі.

Мұрағаттың  негізгі  міндеттері  құрамы 

жоғарыда аталған құжаттарды жинау, мұрағатта 

уақытша  сақталатын  құжаттар  құндылығына 

сараптама жүргізудің сапасын, сақталуын, есепке 

алынуын және пайдаланылуын қамтамасыз етуге 

негізделген. Және ұлттық мұрағат қоры құрамына 

жатқызылған  құжаттарды  мемлекеттік  мұрағат 

мекемесінің тұрақты сақтауына дайындау және 

тапсыру, ұйымдағы іс жүргізу мен мұрағат ісін 

жетілдіру  саласында  әдістемелік  басшылықты 

жүзеге  асыру  мәселесі  де  бүгінде  өз  шешімін 

тауып отыр.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 1.18 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет