4 жасөспірім қыз да бар.
өтеп жатқандар да баршылық.
қамтиды.
туған ошақтарына оралды.
– Сотталғандарды мерзімінен
бұрын шартты түрдегі жазаға босату
мәселесінде қандай қиыншылықтар
бар?
өтеуге жұмсайды.
аз емес.
пайдалы жағы осы.
– Алайда, соншама адамды
жұмысқа орналастырып, олардың
әлеуметтік жағдайын жақсарту
сияқты маңызды мәселелерді заң
талабына сай шешуге елімізде
енді ғана еңсесін көтеріп келе
жатқан пробациялық қызметтің
мүмкіншілігі жетеді деп ойлайсыз
ба?
түсіру үшін 4-5 сағат керек.
жіберілуі ықтимал.
– Статистикалық мәліметтерге
жүгінсек, соңғы бірер жыл көле
мінде ғана еліміздің аумағынан
бесалты әйелдер колониясының
ашылуы бір қолымен бесікті, бір
қолымен әлемді тербететін нәзік
жандылардың арасында небір
ауыр және аса ауыр қылмыстарға
баратындардың көбейгендігін көр
сетуде. Оның түпкі себебі неде деп
ойлайсыз?
төмендігінен шығады.
қамалады.
тілегін орындаудан бас тартады.
– Колонияда үш психолог маман
қызмет атқаратын көрінеді. Олар
600ге жуық адаммен жеке жеке
әңгімелесіп, жұмыс жүргізіп үлгере
ала ма?
зерттеліп, қаралу үстінде.
– Әңгіме арасында түзеу меке
месінде 645 адамның жазасын
өтеп жатқанын айтып қалдыңыз.
Соншама сотталушының қаншасы
ақылы жұмыспен қамтылған?
қамтып отыр.
тиімді жолдарын қарастыру үстіндеміз.
– Сотталушылар шығаратын
өнімнің түрі қандай?
қамтып отыр.
№111/1 (2889/1)
8 қазан 2016
11
zangazet@mail.ru
Тағылым
АзАмАттық-құқықтық қАтынАстАр:
Кеше және бүгін
оңғы жылдарда біз азаматтық-құқықтық жүйеде өз міндет-
терін орындамай жатқандармен жиі кездесетін болдық.
Әсіресе, бұл келеңсіздік азаматтардың тауар-ақша айналы-
мы қатынасында анық байқалады. келісімшарттар уақтылы
орындалмай, тауар, құрал-жабдықтардың жеткізілім мерзім-
дері сақталмай, серіктестер өзара борыштарын орындамай-
тын фактілер көбейіп кетті. ал, азаматтар араларындағы қа-
рызға алған ақшаларын немесе тауарларын қайтармай жүру
Әдеті күнделікті құбылысқа айналып кеткенге ұқсайды.
с
қазіргі таңда миллиондаған теңге
қарыздары бар адамдар, мекеме бас-
шылары өздерін қалай сезінетіндерін
бір Жаратқан білер, сірә. Осындай уә-
деде тұрмаушылық, заңды, салтты құр-
меттемей белінен басып жатқандығы
туралы бұқаралық ақпарат құралда-
рында да үнемі жария етілуде. Алайда,
мұндайларды адалдыққа шақыру, ұял-
ту, заңды түсіндіру сияқты талпыныс-
тан көбінесе ештеңе шықпайды. Дәл
осындай себептерге байланысты қазіргі
таңда соттардың өндірісіне мыңдаған
азаматтық және қылмыстық істер түсіп
тұрады.
мені кәсіби заңгер ретінде ежелгі
замандарда азаматтық-құқықтық қаты-
настардың қандай болғаны, ережелер
мен қағидалардың әдет-ғұрыптармен
реттестірілгені, олардың маңыздылық
деңгейі, міндеттердің орындалмаған
жағдайда жауапкершілік көзделген бе
деген сұрақтар қызықтыратын еді.
іздестіріп қарасам, тарихи және
заң әдебиеттерінде, ұрпақтан-ұрпаққа
ауыз екі тілде айтылып келген дүниелер-
де қазіргі заңдардағыдай адами қа рым-
қатынастарды реттестіретін актілер мен
ережелер туралы көптеген деректер
кездесті. мұндай мағлұматтарды түрлі
діндердің: құран, библия, тора сияқты
бас кітаптарынан, сонымен қатар, Хам-
мурапи (ежелги Вавилон), ману (ежелгі
үндістан), ежелгі римнің, грекияның
құқық жәдігерлерінде, мұсылманның
көрнекті қайраткерлерінің хадистері
мен пәтуа жинақтарынан да табуға
болады. маңызды мағлұматтар төре
бітігі, (Армяно-кыпчакский судебник
1519-1594 гг.) деп те аталады, Алма-
тыда 2003 жылы басып шығарылған),
қасым ханның қасқа жолы, есім ханның
ескі жолы жинақтарында, тәуке ханның
«Жеті жарғы» деп аталатын қазақтың
әдет құқықтарының жиынтығында да
келтірілген. бұл дереккөздердегі талап-
тар ғасырлар бойы қолданылып келген,
түрлі көріністегі кәсіпкерлік саласын-
дағы құқықтық қатынастар, мәмілелер
және, әрине, діни ағымдардың ереже-
лерінен келіп шығатын тәжірибелерге
негізделген. құранда және жалпы мұ-
сылманшылықта кәсіпкерлік абырой-
лы қызмет саналады. мұсылман заң-
дарында, сонымен қатар, күнделікті
мәмілелерді жүзеге асыру мәселелерін
тәптіштеуден басқа, мысалға саудада
алдауға жол берілмейтініне, тіпті, та-
разының дәлдігіне де аса мән беріл-
ген. бұл жайында құранда: «Өлшемде
әділ болыңдар. таразыдан жемеңдер»
(«рахман» сүресі, 9-аят). сондай-ақ,
мутаффифин сүресінің 1-7 аяттарын-
да: «Кем өлшеушілерді қарғыс атсын!
Олар біреуден алғанда толық алады да,
басқаға өлшеп бергенде кемітеді. сон-
да олар қияметте ... күллі әлем Иесінің
алдында тікесінен тік тұрады. Ондайлар
(өлшеммен, таразыдан) жегенін қой-
сын», – делінеді. Ал, Вавилон патшасы
Хаммурапи кезінде мұндай ережелерді
бұзған адамдар мүлкін тәркілеуден
бастап, өлім жазасына дейін тартылған.
(библияның мәдени-тарихы түсінікте-
месі. X. Уолтон, X. мэтьюз, У. Чавалес).
шариғат ережелеріне сәйкес, сау-
дада адалдықтың бір белгісі ретінде
сатушы тауарының кемістігі туралы
алушыға мәлімет беруі тиіс. Аятолла
мақарем ширазиның (1924 жылы, Иран,
ширазы қаласында туған) № 751 пәтуа-
сында «егерде тауарда бұрын ешкім
білмеген ақауы болса немесе сатушы
тауардың айырмашылықтарын алушыға
сипаттағанынан кейін оның жалғанды ғы
анықталса, мұндай мәміле жойылу ға
тиіс» деп айтылған. Ал, төре бітігіне
сәй кес, тауардың кемістігін жасырған
са тушыға тауарын кері қайтарғанмен
қа тар, оған айыппұл жазасы да қарас-
тырылған. бұл ережелер қазіргі біздің
қолданыстағы қазақстан республи-
касы Азаматтық кодексінің 422, 428,
429-баптарымен үйлесіп тұр.
мүлік және онымен байланысты
міндеттер қазақтардың кәдуілгі құқық
нормаларымен де реттелген. Әрине,
ежелгі замандарда қазақтың негізігі
күнкөріс көзі мал шаруашылығы болған,
сәйкесінше ол нормалардың көптеген
ережелері дәл сол қызмет аясына тиісті
болған. қазіргі көріп жүрген құқықтық
қатынастар ол кезде де дамымаған,
себебі, мүліктік қатынастар әдеттегідей
сату-сатып алу, айырбастау, қарыз
беру, жұмысшы жалдау т.б. мәмілелер-
мен шектелген болатын.
Діни және басқа да құқықтық дерек-
көздерде мәмілелер жүзеге асырылған
кезінде адамдар өз серіктестеріне
төзімділік, кешірімділік танытудың қа-
жеттілігі айтылған. қасиетті құранның
«бақара» сүресінің 280-аятында «егер
борышқор ауыр жағдайда болса, жақ-
сарғанша қарау керек», – делінген.
Аятолла макарем ширазының №768
пәтуәсінде «егер ол (мұсылман) бо-
рышқорға қарызын қайтару мерзімін
ұзартса, ол жасаған істеріне есеп
бермей, жылдам сырат көпірінен өтіп
кетеді», – деп айтылған.
төре бітігі де қарыз берген адам-
дарға: «егер біреу бір нәрсені бел-
гіленген мерзімге қарызға алып, кейін
жоқшылыққа ұшыраса, оған қысым
жа самай, рақымшылық таныту қажет,
онан өсім (пайыз) алуға болмайды,
бірақ, оған мерзім беріп, тек қана алған
ақшасын төлету керек»; әлде: «егер
кеме батып кетсе немесе қарақшылар
тонаса, өрт болса немесе борышқор
сауда әлде жұмыстарымен, әлде басқа
оқиғаға ұшыраса, сот оның аман-сау
келгеніне дейін тиісті мерзім беру ке-
рек», – деп кеңес айтқан.
ежелгі дереккөздерде мердігерлік-
тен, жұмысқа жалданудан, теңіз, керуен
тасымалдаудан, мүлік жалдаудан туын-
дайтын міндеттемелер де кездеседі.
Әрине, заманына сай соғыс олжасын
бөлуді, жесірлер мен құлдарды пай-
далануды реттестіретін нормаларды
да көруге болады. Кейбір деректерде
дәл қазіргі заңдарға ұқсас мәміле-
лердің нысаны, атап айтқанда, олардың
жазбаша түрде жасақталып бекітілуі
туралы талаптар қойылған. мысалға,
қасиетті құранның «бақара» сүресінің
282-аятында шарттары қарастырылған
мәмілелер жазбаша түрде жазылғаны
қажет деп айтылған. Жазбаша қол-
хаттардың тараптар араларында дау
тұрған кезде дәлелді күшінің маңыз-
дылығы жөнінде төре бітігінде де көр-
сетілген. бұл тұрғыда бір қызық жайт:
қазақтар арасында жазбаша мәміле
қолданылмаған немесе өте сирек жа-
салған. мұның себебі, ол кезде сауатты
адамдардың аздығынан емес, жалпы,
халқымызда сөзде тұрмау, алдау-арбау
деген сирек кездескен, күнә саналған.
Жалпы айтқанда, қасиетті құранның
«маида» сүресінің 1-аятындағы: «Әй
мүміндер! Уәделеріңді орындаңдар»
делінген өсиеттері біздің ата-бабала-
рымыз үшін құр сөз болмаған сияқты.
қала берсе, қазақтың кәдуілгі құқығы-
на сәйкес міндеттердің орындалуын
қамтамасыз ететін нақты тәсілдер де
қарастырылған. сонда қауқарсыз бо-
рышқордың міндеті олардың кепілгер-
леріне, әлде ру мүшелеріне жүктелетін-
дігі туралы да айтылады.
Көптеген дереккөздерде, діни әде-
биеттерде қазіргі таңда қоғамымыз да
кең тараған қарызға ақша алу-беру
мәселелерін реттестіретін көптеген
қа ғидалар кездеседі. құран және ша-
риғат нормаларында мұсылмандарға
қиыншылыққа ұшырап қалғанда қарыз
сұрауға (мубах) ықтияр берілген және
оны берудің (мандуб) қолданатыны ай-
тылған. Ал, Убу Хурайрының «ас-сахих»
аль-бухари және муслим» хадистер жи-
нағында мұхаммед пайғамбардың өзі
де қарыз алғандығы туралы айтылған.
матфейдің евангелиясында: «Өзің-
нен сұрағанға бер, қарыз сұрағаннан
бұрылып теріс қарама» деген Иса пай-
ғамбардың сөздері келтірілген.
Алайда, шариғат және көптеген ха-
дистер мұсылмандарды қолдан келсе
ешкімге тәуелді болмау үшін қарыз
алудан тартынуға шақырады. Ан-на-
саи хадисте: «О Алла, кәпірден қорға-
уыңды және борышқордың күнінен
сақтағайсың», Лұқпан Хәкім сопы: «бас
бостандық кезіңізде қарыз алмаңыз
және қорқыныш күйде өмір кешпеңіз»
– делінген даналы өсиеттерін де айту
керек (Ислам білім беру порталы, ха-
дистердің мағыналарының аудармасы).
шариғат егер адам алған қарызын
қайтара алмайтынын алдын ала білсе
оны алудан тартынуға кеңес береді,
сондай-ақ, қарыз беруші ол қаржының
игілікті іске жұмсалмайтынын анық біле
тұра берсе (құмар ойындарға, арақ-ша-
рапқа), бұл қарам іспен теңестіріледі.
түрлі мағлұматтарда, қазіргі қоғамда
дерт болған қарызды қайтармаушылық
бұрыннан ауыр күнә деп саналған. мы-
салға, хадистардың бірінде қиямет күні
қарыздан басқа барша күнә кешірілуі
мүмкін деп айтылған. қайтарылмаған
қарыз жөнінде тіпті соғыста қаза бол-
ғандардан да (шейттерден) сұралады
деп айтылған. Имам Ат-термезінің
«Ас-сунан» хадис жинағында Пайғам-
бардың: «Адамның жаны үш нәрседен:
менмендіктен, соғыс олжасын ұрлаудан
және қарыздан бос болса жәннетке
барады» деген сөздері келтірілген. ер-
тедегі заңдарға сәйкес, мұндай қылық
жасаған адамдар қатаң жазаланатын
болған. ежелгі римнің «Хіі кесте заңын-
да» осындай әрекеті үшін борышқорды
құлдыққа сату, қараңғы үйде ұстау,
тіпті, өлім жазасы да қарастырылған.
Осы заңның бір тармағында «үшінші
екен. сондай-ақ, тәртіпсіз бересі бар
адамдар борышқорлық шұңқырға са-
лынатын кездері де болған. қызығы, ол
жерге қарапайым адамдармен қатар,
ақсүйектер өкілдерінің де қамалғанда-
ры аз болмаған. ежелгі Израильде бо-
рышқорлар өздерінің жақын туыстарын
кредитордың үйіне қызметкер ретінде
жолдаған. сонда олар мүлкін тәркілет-
пеу мақсатында ортақ борыштарын
кредитордың үйінде кезектесіп қызмет
жасау тәсілі де қолданылған. Алайда,
мұндай қызметтің мерзімі заңға сәйкес
алты аймен шектелген (Исход 21:2-11).
тағы бір жайт: төре бітігі бойынша,
егер борышқор қамалса, оның сол
жерде сақталуына күніне 1-2 грош-
ты кредитордың өзі түрмеге төлейді
екен. мүмкін, бұл біздің қазірде көріп
жүргеніміздей, кейбір азаматтардың
оңға-солға қарыз беріп, өздері алданып
қалмауына сабақ болсын деп табылған
айлаға ұқсайды.
ескі дәуірлердің заң нормаларына
сәйкес, қарыз қайтарылмаса, әлде
кешігіп қайтарылса борышқорға басқа
да: айыппұл салу, зиянды мәжбүрлеп
өтету, мүлкіне тыйым салу сияқты жа-
залар қолданылған. Осыларға ұқсас
жазалар қазіргі кезде басқа мемлекет-
термен қатар, біздің республикамыз-
дың заңдарында да қарастырылған.
Көптеген діндер ақшаны, әлде
мүлікті өсім алу мақсатында қарызға
бергенді жарамайтын қылық деп санай-
ды. мұсылманшылықта ол риба (араб
ті лінде «өсім», «артықшылық», «харам»)
деп аталып, табыс келтіретін әрбір
шарт тарға тыйым салынған. Осындай
мәмі лелерден пайда табуға оқталған-
ның өзі шариғаттың басты принциптері
болған – әділеттік принципіне қайшы
келетінімен түсіндірілген. құранда бұл
жайында былай айтылған: «Алла сауда-
ны халал, өсімді харам етті» («бақара»
сүресі, 275-аят). соның өзінде қарызын
толығымен қайтарғаннан кейін шариғат
ережелері борышқорға қарыз берген
адамды қонаққа шақырып сыйлық бе-
руге, құрмет көрсетуге жол берген.
Осыған ұқсас көзқарас христиан
дінінде де тараған. мысалға, рим па-
пасы Климент V 1311 жылы қарыз па-
йыз өсімін қолдануға рұқсат берген,
3 жыл ішінде сол заңды жоймаған ел
билеушінің шіркеуден аласталатынын
ескерткен. Ал, рим императоры Юсти-
ниан қарызға өсім пайыздың мөлшерін
заң тәртіпте реттестірген. соған сәй-
кес, жоғары лауазымды адамдар қарыз
алыс-беріс мәмілелерде қолданылатын
өсімінің мөлшері 4%-6%-бен шектел-
ген, саудагерлер 8%, теңіз тасымалда-
умен байланысты қарыздағы өсімдер
12% болған.
ежелгі ресейде, ал, кейін ресей
им периясында өсімқорлар бекітілген
па йыз мөлшерін арттырып жіберген
жағдайда олар заңмен қудаланған. бұл
шара: «өндіріс саласы еңбек арқылы
әділ жолымен дамиды», ал, өсімқорлық
«өсімқор еңбектенбей алдау жолымен
ақшасын көбейтеді» деп дәлелденген.
1113 жылы Киев кедейлері өсімқорлар-
ға қарсы көтерілгенінде ұлы князь
Владимир мономах қарыздардан өсім
пайызын алуды тәртіпке салуға шара
алған. ежелгі үндістанның мемлекет
мысалға, ертеде өз елімізде барымта
деп аталған бөтеннің малын айдап кету
деген құбылыс кеңінен орын алғаны
белгілі. қазір қоғамда барымтаға тек
қана жағымсыз әрекет делінген пікір қа-
лыптасқан. бірақ та, кезінде барымтаға
басқаша көзқарас болған. түсіндірме
сөздіктердің бірінде: «барымта де-
ге німіз – жәбірші билердің шешімін
орындаудан жалтарған жағдайда оның
жеткізген зиянының орнын толтыру
мақсатында жылқыларын зорлықпен
басып алып айдап кету – рулық даулар-
ды шешудің бір нысаны деп танылады»
деп көрсетілген. сонымен, ол кездерде
барымта азаматтарға міндеттерін орын-
датуын қамтамасыз етуге бағытталған
мәжбүрлеу шарасы деп саналған.
ежелгі римде кредитордың құқық-
тары борышқордың мүлігін кепілдікке
қою арқылы қарыздың қайтарылуын
қамтамасыз ететін ең тиімді жолы деп
танылған. сонымен қатар, бұл тәсіл-
дер тараптарды тәртіпке салатын шара
екендігін де жоққа шығармау керек.
Әрине, құқықтық жәдігерлерде түр-
лі заңнамаларды қолдану және міндет-
темелердің орындалуын қамтамасыз
ету мәселелері әбден пысықталғаны
айтылады. мысалға, шариғат норма-
ларына сәйкес, қарыз қайтарылмаған
жағдайда кредитор борышқордың өт-
кізіп қойған кепіл мүлкін өзінің иелігіне
алу, оның ұшынан ұстап қалып немесе
алып тастау арқылы талабын қанағат-
тандыруға құқылы. борышқор кепіл
ретінде кредиторға сатуға, сатып алуға
және пайдалануға жарамды мүлікті қоя
алатын болған. сонда борышқор кре-
диторға тек қана өзінікі емес, бөтеннің
мүлкін де иесінің рұқсатымен қоюға
құқылы болған. бір қызықты жайт, бо-
рышқор қарызын қайтармаған жағдай-
да кредитор оның кепіл ретінде қойған
затын тараптар араларында кикілжің
болмастық үшін тек қана соттың рұқса-
тымен пайдаланатын болған.
Әйгілі исламтанушы г.м.Керимов
қарыз қайтару мәселесінде батыс құ-
қықтануында кездеспейтін бір таңға-
ларлық тәсілдемені келтіреді. мысалы,
жағдайы бар адам біреу қарызын қайта-
ра алмай күйі нашарлап жүргенін біліп,
көмек ретінде оған айтпай кредитор
алдындағы қарызын жабады. Ал, бо-
рышқор өзін кімнің қарыздан құтқарға-
нын аңғаруы да, әлде мүлдем білмеуі де
мүмкін. бұл әрекет қайырымдылықтың
бір сипаты деп саналады (Керимов.
шариат закон жизни мусульман, Изда-
тельство «Диля», 2009, Казань).
қазіргі қолданыстағы заңдардың
міндеттерді орындау туралы кейбір
ережелерін ежелгі заңдармен салыс-
тырсақ, олардың кейде үйлесетіндігін
байқауға болады. мысалы, қр Азамат-
тық кодексінің 315-бабының 3-тармағы-
на сәйкес, кепiл ұстаушы өзiне кепiл ге
берiлген нәрсенi шартта көзделген
реттерге сәйкес пайдалануға құқылы.
шарт бойынша кепiл ұстаушыға ол
нәрсенiң негiзгi мiндеттеменi өтеу
мақсаттарында немесе кепiл берушiнiң
мүдделерi үшiн жемiстермен табыстар
табу мiндетi жүктелуi мүмкiн деп ай-
тылған. төре бітігінде де, «егер кепіл
мүлікті ұстаушы ол мүлікті пайдаланған-
ның арқасында қосымша табыс тапса,
ол табыс негізгі борыштың төлемінің
есебіне қосуға міндетті», – деп ай-
тылған. сондай-ақ, осы жерде егер
кепіл ұстау шы кепілдегі құрылысты өз
есебін жақсартуға жасаса, жөндеуге
(құрылысына) жұмсалған шығыны
негізгі борышпен қоса саналуға тиіс.
төре бітігі кепіл мүліктің сақталуына
өте қатал және әділетті қараған. Онда
егер кепіл мүліктің жоғалып кеткеніне
кепіл ұстаушының кінәсі болмаса, ол
ант беру арқылы жауапкершіліктен
бо сатылуы мүмкін, ал, кінәсі болған
жағдайда жоғалған заттың екі бағасын
өтеуге міндеттелген.
сонымен, адамзат тарихында мін-
деттемелердің орындалмауы әрқа-
шанда әрбір қоғамда өте өзекті мәселе
болып келген. біздің мемлекетімізде
атқарылған маңызды шараларға қа-
рамастан, бұл құбылыстан шет қала
алмады. баршамызға мәлім, қазіргі
таңдағы экономикалық, әлеуметтік
және басқа да салалардағы жағымсыз
жайттардың себептері де міндеттеме-
лердің орындалмауының салдарынан
болып тұр десек қателеспеспіз.
байқағанымызша, қазір қоғамымыз-
да әрбір тұлға мемлекет және халық
алдындағы өз міндеттерін мүлтіксіз
ат қаруының маңыздылығы туралы се зі-
ніп жатқанға ұқсайды. соңғы жылдары
атқарылып жатқан сот-құқықтық ре-
фор малар аясында заманауи талаптарға
сай жаңа кодекстер, көптеген заңнама-
лық және нормативтік-құқықтық актілер
қабылданды. Олардың баршасы халқы-
мыздың тұрмысын, әлеуметтік қорғаны-
сын жан-жақты жақсартуға бағытталған.
бірақ, заңдар қандай жақсы және
сапалы болғанымен, олар өз бетімен
құқықтық мемлекет орнату міндеттерін
шеше алмайды. заңның қоғам алдында
тұрған міндеттерін тиімді шешуі үшін
азаматтарымыз арасында жиі кезде-
сетін құқықтық сауатсыздықты еңсеру,
жалпы және құқықтық мәдениеттерін
дамытудың айрықша маңызы бар. бұл
тұрғыда тек қарапайым азаматтар
емес те, сондай-ақ, түрлі деңгейдегі
басшылардың, қоғамдық және мем-
лекеттік қызметкерлердің заңға бағы-
нушылығына, олардың сыпайылығы
мен төзімділігіне де аса қатаң талап
қойылуы қажет. сонымен қатар, қоғам-
ның рухани өркендеу бағытында діннің
рөлін де ұмытпауымыз керек. бар-жоғы
15-20 жыл бұрын «дін мәдениетімізден
ажыратылмайтын адамзаттың көп ға-
сырлық тәжірибесі», – деп ойламайтын
едік. Дінге көзқарасты түпкілікті өзгер-
ту, әркімнің ар-ождан, діни сенім бос-
тандықтары жайлы мәселелері еліміз
егемендік алғаннан кейін ғана қозғала
бастады. республикамызда 1992 жылы
«Діни сенім бостандығы және діни бір-
лестіктер», 2011 жылы «Дін аясындағы
қызмет және діни бірлестіктер» туралы
заңдар және осы салаға тиісті басқа
да актілер қабылданды. Жастардың
діни сауаттылығын қалыптастыру, оның
гуманистік және рухани ұғымға негіз-
делген рөлін жеткізу мақсатында оқу
орындарында «Дінтану негіздері» пәні
енгізілді. расында да, егер жастарымыз
діни ережелеріне сай «сапасыз тау-
арды сату – харам, ұрлық – күнә, ал,
өсімқорлық – азғындық» саналатынын,
әлде радикалдық діни ақпараттарға сын
көзімен қарауды игерсе, мұның өзінің
несі жаман?
қазіргі кезде көптеген мемлекеттер
ұлттық заңнамаларын түрлі діндердің,
әлде өздерінің ұлы ата-бабаларының,
ойшылдарының, философтарының
ілімдеріне негіздеп, соларға сәйкес
өздерінің күнделікті өмірлерін жасап
жатыр.
бұл тұрғыда біз үшін ұлы Абайдың
қара сөздері және қазақтың басқа
да ойшылдарының, тарихи тұлғала-
рының, философтарының еңбектері,
сондай-ақ, ғасырлар бойы ұлы далада
қалыптасқан кәдуілгі құқық нормала-
ры ақылдың нағыз кені болар еді. бұл
білім бұлақтары ата-бабаларымыздың
инабаттылыққа, төзімділікке, қоғамды
құрметтеуге шақыруы даналық ақыл
сілтеу лерімен қоса, әмбебап ұғым бола
тұра мемлекеттік мүддеге сай болып
тұр. соңғы жылдары заңдарымызға
та раптар араларында дауларды медиа-
ция, татуласу және бітімгершілік арқылы
шешуге бағытталған өзгерістерді де
дәл сонымен түсіндіруге болады. соған
қарағанда, заң шығару жұмысында
дін нің және онымен тығыз байланысты
қоғамның дамуын қамтамасыз ететін
тарихи-құқықтық процестерінің мүм-
кіншіліктерін елемей болмайды. соңғы
кезде республика соттары Отанымыз-
дың құқықтық тарихын және оның
құқықтық мемлекет құруындағы зор
үлесін, басқа мемлекеттердің заңна-
маларын зерделеу, тәжірибе алмасу
істері белсенді түрде жүріп жатқанын
белгілеу қажет. қазақ хандығының 550
жылдығына арналған шаралар аясында
осы тақырыпқа тиісті, оның ішінде заң
шығару мәселелері талқыланған бірқа-
тар семинарлар болып өтті. Ол да өткен
құқықтық тәжірибелермен жергілікті
жерлердегі соттардың қауышқанын,
елімізде тұрақтылық пен ынтымақтас-
тық орнату үшін оң нәтиже шығатын-
дығын куәландырады.
Ата-бабаларымыздың баға жеткісіз
тәжірибесіне сүйенген мемлекетімізде
заң шығару, құқық қолдану және өзге
деңгейдегі атқарылып жатқан кешенді
шаралар азаматтарымызға өздерінің
қоғам алдындағы міндеттерін орындау
сезімінің дамуына әкеледі деп сенгіміз
келеді.
Поделитесь с Вашими друзьями: