АҢдатпа 7-бет 5-бет


– Ауыл жастары кепілдікке ауылдағы үйін



жүктеу 1.18 Mb.
Pdf просмотр
бет6/11
Дата20.03.2017
өлшемі1.18 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

– Ауыл жастары кепілдікке ауылдағы үйін 

қоя ала ма?

–  Әрине, ауылдың үйлері де қойылады.



– Сыннан өткенде үміткердің білімі, жауабы 

қаншалықты әділ бағаланады?

– Әділ бағаланатынына шүбә келтірмесеңіз 

де  болады.  Оған  ешқандай  танысты  да  араға 

салудың  қажеті  жоқ,  білімің  болса  байқаудан 

өтесің. Егер оқи алмай оқудан шығып қалатын 

болсаң, мемлекетке ақшаны қайтарасың. Ондай 

оқиғалар да болды. 

– Елге оралған соң жұмыс табу қиындық 

тигізбеді ме? 

– «Болашақпен» бітіріп келген түлек міндетті 

түрде  Елбасының  басты  назарында  және 

оларды  жұмыспен  қамтамасыз  ету  мәселесі 

де  жолға  қойылған.  Бастысы,  жұмыс  істеуге 

деген ниетің болуы тиіс. Бұл тұрғыда  «Болашақ 

қауымдастығына» мүшелік етудің де тигізер көмегі 

мол.  Жалпы,  «Болашақпен»  бітіріп  келгеннен 

кейін елдің алдындағы міндетіңді өтеу борышы 

мойныңда тұрады. Қанша уақыт оқып келгеніңге 

байланысты  2  жылдан  бастап  5  жылға  дейін 

Қазақстанның шекарасында еңбек етуіңіз керек.

Әртүрлі институттар құру арқылы белгілі бір ой 

төңірегінде  пікір  қалыптастыруда  «Болашақ» 

түлектерінің  ойлары  міндетті  түрде  бірінші 

кезекте қолдау табатыны көңілге медеу.



–  Уақыт  тауып  сұрағымызға  жауап  бер­

геніңізге рақмет.

Бауыржан РАҚЫШЕВ, кардиохирург:

«БОЛАШАҚТЫҚТАР» 

ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Сіз не дейсіз?

«Болашақ» бағдарламасы «Қазақ-

стан-2050», «Нұрлы жол», «100 нақты 

қадам»  бағдарламаларына  кадрлар 

даярлауды  мүлтіксіз  жалғастыруда. 

Қазірдің өзінде аталмыш бағдарлама 

жемісін  көрсетіп  жатыр  деуге  де 

болады, себебі, «Болашақпен» шет- 

елде  білім  алып  келген  түлектер 

мем лекеттік  органдар  мен  меке-

мелерде,  жекеменшік  және  мемле-

к е т т і к   с е к  т о р д а ғ ы   Қ а з а қ с т а н 

компания ларында  айтарлықтай 

жұмыс атқарып жүр.

Шынында,  «Болашақ»  бренд 

болып  та  үлгерді.  Мәселен,  соңғы 

3  жылда  «Болашақ»  бағдарламасын 

бітірген  мемлекеттік  қызметшілер 

саны  39  пайызға  өскен.  Былтырғы 

мәліметке  көз  жүгіртсек,  «Болашақ» 

бағдар ламасы  аясында  3  мың-

нан  астам  инженер,  600-ден  аса 

біліктілігі  жоғары  дәрігер,  330-дан 

артық  мемлекеттік  қызметші,  80 

ғалым,  1500-ден  аса  отандық  ЖОО-

лар  мен  ғылыми  орталықтардың 

оқытушылары,  200  мектеп  ұстазы, 

150 шығармашылық сала қызметкері, 

2  мыңға  жуық  мемлекеттік  және 

жеке компаниялардың менеджерлері 

даярланған.

« Б о л а ш а қ п е н »   о қ ы п   к е л г е н 

Бауыржан Рақышев айтпақшы, түлек-

тердің  барлығын  жұмыспен  қамту 

жайы қарастырылған, демек, олардың 

екі қолға бір күрек таппай қалуы сирек. 

Мысалы, былтыр бағдарламамен оқып 

келгендердің  98  пайызы  жұмысқа 

орналастырылыпты.  Олардың  ара-

сында  «Нұр  Отан»  партиясы  төраға-

сының  бірінші  орынбасары  болып, 

қ а з і р г і   т а ң д а   А л м а т ы   қ а л а с ы н 

дамытуға білек сыбана кіріскен қала 

әкімі  Бауыржан  Байбек,  Ұлттық 

экономика  министрлігін  басқарып 

о т ы р ғ а н   Қ у а н д ы қ   Б и ш і м б а е в , 

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла 

Әбдірахымов, Қазақстан қаржыгерлер 

қауымдастығы  кеңесінің  төрағасы 

Мағжан Әуезов, «Даму» кәсіпкерлікті 

дамыту  қоры»  АҚ  басқармасының 

төрағасы  Қуаныш  Төлеушин,  халық-

а р а л ы қ   г р о с с м е й с т е р   Д ә р м е н 

Сәдуақасов, С.Торайғыров атындағы 

Павлодар мемлекеттік университетінің 

ректоры  Арын  Орсариев  және  тағы 

басқа  қаншама  түлектерді  атай 

аламыз.  Біліммен  сусындап,  елге 

орал ған «болашақтықтардың» басын 

біріктіретін «Болашақ қауымдастығы» 

құрылған еді, оның да қазақ қоғамы 

үшін  тигізіп  жатқан  пайдасы  мол. 

10-нан  аса  шетелдік  мультфильмді 

қазақша сөйлетті, стартап жобаларды 

грантпен қамтамасыз етті, қарияларға 

демеу болып, қайырымдылық көрсетіп 

отыруды  дәстүрге  айналдырған. 

Демек,  «Болашақ»  түлектері  ел 

экономикасын  дамытуға  атсалысып 

жатқанынан  бөлек,  үлкенге  құрмет 

көрсетуден де қалыс қалмақ емес.



(Соңы. Басы 1-бетте)

Бетті дайындаған Нұрсұлу МҰРЗАХМЕТОВА

№111/1 (2889/1) 

8 қазан 2016

9

zangazet@mail.ru



төртінші билік

(Соңы. Басы 1-бетте)

Алайда,  мұнда  бір  елеулі  айыр-

машылық бар. Айталық, мемлекеттік 

деңгейдегі қоғамға кеңінен танымал 

адамдар  жайындағы  ақпараттар 

салыстырмалы  түрде  ашықтау  әрі 

азырақ  қорғалса,  қатардағы  жеке 

адамдар  туралы  мәліметтер  жабық 

әрі  тұйықтау  болып  келетіндігімен 

ерекшеленеді.



Журналист 

еркіндігі

Конституция және тағы басқадай 

заңдық-құқықтық актілерде көрсетіл-

ген  нормалар  аясында  журналист 

бостандығының (құқығы мен міндеті) 

деңгейі анықталады. Әлем елдерінің 

бәрінде болмаса да, бірсыпырасын-

да  журналистердің  шығармашылық 

еркіндігі мен баспасөз бостандығына 

қатысты  құқықтық  нұсқаулар  мен 

қарарлар БАҚ туралы заңдарда орын 

тепкен. 


ТМД  республикаларының  көбі 

дерлік  1991  жылы  БАҚ  туралы  өз 

заңдарын  қабылдады.  Осы  жылы 

Қазақстанда да аталмыш заң өмірге 

келді.  Кейін  қайта  қаралды,  өзгер-

тулер  енгізілді.  Журналист  үшін  ең 

басты  мақсат  –  ақпарат  алу.  Олай 

болса,  осы  жағы  заңда  ойдағыдай 

қарастырылуы тиіс. Ашығын айтқан-

да,  журналисті  шенеуніктер  алдына 

жығып  беретін  заңдардың  қабыл-

данып  кетпеуіне,  сөз  бостандығын 

қорғауға  бағытталғанын  ғана  жұрт 

қадағалауға тиіс. 

Жалпы  еркіндік  берілген  сайын 

адамның өзіне қойылатын бақылауы 

күшейетіндігі,  «самоцензураның» 

санада нық орнығатыны белгілі. Са-

надағы цензурадан айыға алмаудың 

салдары  шығармашылықтың  еркін 

ойына,  жазу-сызу  тәсіліне  де  әсер 

етпей  қоймайды.  Сондықтан,  осы 

жайға да азырақ тоқтала кеткен жөн. 

Жалпы журналистің өзіне деген жа-

уапкершілігін,  сақтығын,  бақылауын 

жоққа шығаруға болмайды. Қателікке 

ұрынбау  үшін  олардың  болуы  заң-

ды  да.  Алайда,  ол  үшін  көлеңкеден 

қорқудың, бәрінен үрейленіп негізсіз 

шектеулерге  ұрынудың  қажеті  жоқ. 

Сонда  бұл  жерде  өзіндік  бақылау 

мен цензураның айырмашылығын да 

анық аңғаруға болады.

Ресейдің  әйгілі  журналистиката-

нушысы, доктор, профессор Я.Н.За-

сурский:  «Ішкі  бақылау  (самоцензу-

ра)  дегеніміз  нақты  бір  нұсқау  мен 

шешімнің  орындалуын  талап  еткен 

белгілі  күштердің  қысымымен  жа-

салатын  шектеу...  Ал,  журналистің 

өзіндік бақылауы – этикалық белгілі 

бір  норманы  ұстанып,  белгілі  мөл-

шерде  адам  өзін  ерікті  түрде  шек-

тейтіндігімен  ғана  өзгешеленбейді, 

керісінше,  журналистің  ар-ұжданы 

алдында жауапкершілікті саналы түр-

де сезінуі», – дейді.

Өзіндік  бақылау  деген  ұғымға 

ең  алдымен  ешкімді  жақтамайтын 

әділдік пен объективтілік жатқызыла-

ды.  Мұны  шынайы  ұстанғанда  ғана 

нағыз тәуелсіз журналист бола ала-

мыз. Өкініштісі, бізде көбінесе кімнің 

қолында  билік  болса  соның  ығына 

жығылу жағы басым түсіп жатады.

Әлемнің көптеген елдерінде жур-

налист этикасы нормаларының жүй-

есі  қалыптасқан.  Журналист  қыз-

метінің ережелері сол арқылы пайда 

болады.  Айталық,  Швецияда  бас-

пасөз  консулы  атты  үкіметтік  емес 

ұйым  және  оның  омбудсмен  деген 

лауазымды  қызметі  бар.  Ол  жур-

налистердің  істеріне  байланысты 

шағымдарды  қабылдайды,  оны  сол 

журналистің жұмыс орнымен бірлесіп 

қарайды да, шешім қабылдайды. 

БАҚ-қа  ренжіген  адам  соттан 

бұ рын  баспасөз  консулына  барып, 

омбудсменге жүгінуге тиіс. Осындай 

жолмен ушыққан ахуалды сауықтыру 

арқылы  журналистерді  сотталудан 

қорғап қалады.

Вашингтондағы ұлттық қауіпсіздік 

архивінде «Азат ақпарат» деген ар-

найы  жоба  бар.  Басты  миссиясы 

– ақпараттық бостандықты қамтама-

сыз ету. Тарихи шындықты қалпына 

келтіруге атсалысатын, құпия дерек-

терді, маңызды ақпараттарды ашуды, 

халыққа жария етуді көздейтін атал-

мыш  мекеме  АҚШ  орталық  барлау 

басқармасының жабық істері туралы 

жеке кітап әзірлеп бастырған. Жоба 

директоры  Уильям  Ферроджиаро: 

ТыйыМ САлыНБАғАН АҚпАРАТ 

ҚАНА ТАРАТылАДы

«Бірер құпия деректің ашық жария-

лануының өзі саясатқа үлкен ықпал 

етеді.  Үкіметтің  ішкі  саясатының 

астарын халықтың біліп отыруы оның 

дұрыс  бағыт  алуына  жәрдемін  тигі-

зеді. Біз саяси дағдарыстың ішкі сыр-

ларын  ашып  отырамыз.  Еліміздің 

сыртқы саясаттағы қадамдарын 

бақылап, нәтижесін Конгреске 

хабарлаймыз.  Себебі,  Кон-

гресс  өз  Конституциялық 

құқығын  ақпаратсыз  жү-

зеге  асыра  алмайды», 

– дейді.

Ақпаратты еркін алу, 

оны  ешбір  кедергісіз 

та ратуға  мүмкіндік  жа-

с а л м а й ы н ш а   д е м о -

кратия  да,  азат  журна-

листика  да  жоқ.  1999 

жылы  жапондар  ақпарат 

алу  бостандығы  туралы 

заң  қабылдаған.  Оның  өзі 

қай  елде  болсын  үкіметтік 

қызметтегілер  мемлекеттік 

құпияны  желеу  етіп,  өз  істерін 

халықтан жасырғылары келіп тұра-

тындығын көрсетсе керек. Ал, АҚШ 

журналистері өздерінің ақпарат алу 

мүдделері  шектелген  жағдайда  де-

реу сотқа жүгінеді. Күні бүгінге дейін 

Америка  журналистикасының  та-

рихында  журналистер  арасында 

шындықты  бұрмалаған,  өз  кәсібіне 

опасыздық жасаған оқиға сотта қа-

ралмаған.  Мемлекеттік  құпия,  бас-

пасөз туралы жеке заңдары жоқ алып 

елдегі бұл жайт журналистика сынды 

қоғамдық институтқа төртінші билік 

деген  атаудың  кездейсоқ  берілме-

генін аңғартады.



«БАҚ туралы» 

заң

Журналист  қызметінің  құқықтық 

тұрғыдан  реттелуі  жалпы  адам  құ-

қығының мәнімен тығыз астасып жа-

тыр. Адамдар мемлекет ретінде бір 

қоғамда шоғырланғаннан кейін ғана 

құқықтық тұрғыдан тепе-теңдікке ие 

болады.  Адам  құқығының  реттелуін 

екіжақты қарастыруға болады. Бірін-

шіден,  адамның  шынайы,  туғаннан 

бергі ажырамас құқығы болса, екін-

шіден,  мемлекет  тарапынан  шыға-

рылатын заңдар негізіндегі адамның 

құқығы мен бостандығының өлшемі 

пайда болады.

Анығына келсек, құқықтық тұрғы-

дан  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясы,  Қазақстан  Респуб-

ликасының «БАҚ туралы» заңы, Қа-

зақстан Республикасының Қылмыс-

тық,  Азаматтық,  Әкімшілік  құқық 

бұзушылық,  «Тіл  туралы»,  «Мемле-

кеттік құпия туралы» заңдары арқылы 

реттеледі.

Тоқсаныншы  жылдары  билік 

қыз меткерлері  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының өткір сындарына мән 

бермеген,  назар  аудармаған  кез-

дері  де  болды.  Қоғамда  сыбайлас 

жемқорлық  етек  алып,  қазынаны 

талан-таражға салу кең өрістегенде 

билік ақпарат құралдарын қолдану-

дың жаңа амалын тапты. Яғни, газет 

пен көгілдір экранға қылмыстық істер 

мен коррупцияны әшкерелейтін ма-

териалдар  мен  сюжеттерді  көбірек 

шығаруын қолға алды. Осы тұста «ҚР 

БАҚ туралы» екінші заңды қабылдау 

мәселесі  қарастырыла  бастайды. 

1999 жылы 23 шілдеде «БАҚ туралы» 

екінші заң қабылданды да. 

Ақпарат алу 

механизмін 

жетілдіру керек

Журналистер өздеріне жүктелген 

міндеттерді  жақсы  біледі  және  оны 

орындай  да  алады.  Алайда,  заңдық 

кепілдіктің  болуына  қарамастан  іс 

жүзінде  ақпарат  алу  мен  таратуды 

жүзеге  асыру  механизмі  бізде  әлі 

қалыптасқан жоқ. Мәселен, әлдебір 

мекемедегі қызметкерлер өз маман-

дығы бойынша қабылданған заңның 

аясында қызмет атқарады. Олардың 

бәрі  «БАҚ  туралы»  заңды  біле  бер-

мейді. 

Сонымен  қатар,  прокуратура, 



жол көлігі және тағы басқа қоғамдық 

органдар жайында ақпарат таратуға 

болмайтын  баптар  Қылмыстық  Ко-

дексте бар. Оның сыртында мемле-

кеттік, авторлық, сақтандыру, сайлау, 

зейнетақы  жинақтау,  салық,  банк, 

мұрагерлік, ақыр аяғы – шағын кре-

дит  беруге  шейін  сан  алуан  құпия-

лардың түрлері жеткілікті. Сондықтан 

мекеме  қызметкері  журналиске  өз 

мамандығының заңына сәйкес және 

өзіне қолайлы әрі тиімді, тіпті жарна-

малауға  орайластырылған  ақпарат-

ты ғана береді. Ал, сонда қоғамдық 

мүдде қайда қалады? – деген заңды 

сауал туады.

Егер  баспасөзде  заңмен  тыйым 

салынбаған  барлық  материалдар 

ер кін  жарияланатын  болса,  бұл  сол 

ел  тұрғындарының  жалпы  және  не-

гізгі  құқықтарының  сақталып  отыр-

ғандығын  көрсетеді.  Сондықтан,  ол 

– іргелі адам құқықтарының бірегейі 

болып табылады. 

Баспасөздің  еркін  материалдар 

жариялауға,  редакциялық  коммен-

тарийлер  жасауға  құқығы  бар.  БАҚ 

тұрақты демократияның даму кепілі 

болса, сөз бостандығын дамыту де-

геніміз – адам бостандығына ықпал 

ету болмақ. Ақпарат ала отырып, кез 

келген  азамат  өз  қоғамының  саяси 

өмірі  үшін  маңызды  рөл  атқарады. 

Сайлаудың  өзі  еркін  ақпарат  көзін-

сіз шатағы көп, күрделі механизмге 

айналады. Еркін ақпарат сайлаушы-

ларды  қоғамдық-саяси  көріністерді 

қаз-қалпында  үнемі  хабардар  етіп 

отырады.  Алайда,  БАҚ  еркін  болға-

нымен, билік деген ұғым тағы бар. 

Билік тармақтары арасында ешбір 

заңды бұзбай, БАҚ еркін сөйлей ала 

ма?  Ол  үшін  кез  келген  журналист 

өз сөзіне жауап беруге дайын болуы 

тиіс. Яғни, БАҚ еркін сөйлей отырып, 

мемлекетке  де,  қоғамға  да,  жеке 

адамға  да  кесірін  тигізбеу  керек. 

«БАҚ және адам құқығы» атты халық-

аралық  декларацияда  көрсетілген-

дей,  ешбір  адам  сөз  бостандығын 

қолдана  отырып,  мемлекет  азамат-

тарының құқығына көрсете алмайды.

«БАҚ  пен  билік  арасындағы  дау, 

әртүрлі топтар мен тұлғалар арасын-

дағы  «ақпараттық  соғыстар»,  БАҚ 

арқылы  жасалатын  «саяси  тапсы-

рыстар»,  журналистер  құқығының 

бұзылуы немесе керісінше, БАҚ-тың 

ойбайға  басатын  байбаламшылды-

ғы  –  бүгінгі  таңда  туындап  отырған 

проб лемалардың тек бір қыры ғана. 

Ел Конституциясының 20-бабын-

да  көрсетілгендей,  журналист  заң 

жүзінде тыйым салынбаған кез кел-

ген  тәсілмен  ақпаратты  алуға  және 

таратуға құқығы бар. Мұның барлығы 

заңды. Сонда ақпаратты алу мен та-

ратудың кез-келген тәсілі заңды жол-

мен жүзеге асса, заңсыз түрде ақпа-

ратты  алып  немесе  таратуға  бола 

ма?  Мәселен,  интернеттен  алынған 

веб-сайттардың көшірмелерін тарату 

заңды ма, әлде заңсыз ба?

Дерек шын 

болсын

Интернеттің әлемдік ақпарат жүй-

есіне ықпалының артып бара жатқа-

нын айтпағанның өзінде, жаңа ақпа-

раттық, электрондық технологиялар 

жедел  және  сенімді  түрде  дамып, 

әлемнің  дамыған  және  дамушы  ел-

дерінде  оны  пайдаланушылар  қа-

тары күн сайын өсіп, географиялық 

ауқымын да ұлғайтып бара жатқаны 

белгілі. Интернет жүйесіндегі ақпарат 

көздерінің  молдығы  мен  әр  алуан-

дығы  кәдімгі  дәстүрлі  бұқаралық 

ақпарат құралдарын тықсырып бара 

жатқандай көрінетіні рас. 

Алайда,  газет-журнал-радио-те-

левизия пайда болған кезде де осы 

тақылеттес мәселелер туындағыны-

мен  кейін  олардың  қоғамдық-сая си 

өмірде өз орындарының бар екен дігі, 

өзара  сабақтаса  отырып,  бір-бірін 

толықтыра түсетіні белгілі болған.

ҚР «БАҚ туралы» заңының «Бұқа-

ралық  ақпарат  құралдарын  есепке 

қоюдан  босату»  атты  12  бабында: 

«таралымы  жүз  данаға  жетпейтін 

мерзімді  баспасөз  басылымдарын 

есепке  қоюдан  босату»  туралы  жа-

зылған.  Таралымы  жүз  данаға  жет-

пейтін басылымдарды есепке қою та-

лап етілмейді. Сонда тираж саны жүз 

бір болса, онда ол заңсыз таралым 

болып  есептелінеді.  Жүз  оқырман 

мерзімді басылымды оқи алады да, 

жүз  бірінші  адам  одан  құр  қалады. 

Алайда,  сол  басылымды  оқығысы 

келген  тағы  да  жиырма  адам  оның 

көшірмесін жасап алады. 

Беделді  бір  азамат  таралымы 

жүз  данадан  аспайтын  бюллетень, 

журнал,  газет  шығарып  немесе  ин-

тернетте  веб-сайт  жасағысы  келіп, 

сол сайтқа бір дана ақпарат енгізсе, 

осының барлығы оның жеке басының 

шаруасы  болып  шығады.  Егер  ба-

сылым қаржылық пайда түсіру түріне 

жатса, шағын бизнес ретінде салық 

төлеуге міндетті болады. Яғни, оның 

іс-әрекеті салық төлеу органдарымен 

реттеліп отырады. Дәл сол азамат өз 

басылымында  мемлекеттік  құпияны 

жария етіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 

172-бабын бұзса, құқық қорғау ор-

гандарының алдында жауап береді.

Жауапқа  тартылатын  журналист 

ақпаратының  қандай  БАҚ  арқылы 

жария  етілгеніне,  оның  таралымы-

ның  көлемі  қанша  екендігіне  назар 

аударылмайды.  Бұл  тұста  заң  бұ-

зылғандықтан,  заң  алдында  жауап 

беру  ұстанымы  ғана  жүзеге  асады. 

Қазіргі заманда қоғамдағы қатынас-

тар  –  күрделі  механизмді  елестеді. 

Мемлекеттер арасында ұлттық мүдде 

жолындағы күрестер, коммерциялық 

ұжымдар  арсындағы  қатаң  бәсе-

келестік,  жеке  топтардың  қарапай-

ым  халық  атынан  билік  жүргізуге 

ұмтылысы, қоғамнан жоғары тұруға 

талпыну – бүгінгі заманның ақиқаты. 

Қоғамдық  қатынастардың  алмасу 

процестері  –  ақпарат  көзі  арқылы 

жүзеге асады.

Алайда  ақпарат  атаулының  бар-

лығы  ашық  бола  бермейді.  Мемле-

кеттегі ұлттық қауіпсіздіктің факторы 

және  маңызды  ақпараттық  ресурс 

болып  табылатын-құпия  ақпарат-

тардың қоғамда орны бөлек. Осыған 

орай  ҚР  «БАҚ  туралы»  заңындағы 

екінші  бапты  мысалға  келтіруге  бо-

лады. Яғни, «Қазақстан Республика-

сының мемлекеттік құпиялары болып 

табылатын  мәліметтерді,  заңмен 

қорғалатын өзге де құпияларды тара-

ту үшін пайдалануға жол берілмейді» 

деп жазылған. 

Олай  болса,  мемлекеттік  құпия 

дегеніміз  не?  Жалпы,  мемлекеттік 

құпиялар және мемлекеттік, қызмет-

тік құпия деген түсініктер бар. Осы-

лардың  мағыналарын  ажыратудың 

да маңызы зор деп білеміз. Мемле-

кеттік  құпиялар  таратылуын  өкімет 

жалпы  қабылданған  халықаралық 

құқық нормаларына қайшы келмей-

тін  әскери-экономикалық,  сыртқы 

саяси, барлаушылық, қарсы барлау-

шылық,  жедел  іздестірушілік  және 

өзге де қызметті тиімді жүзеге асыру 

мақсатымен  шектейтін,  мемлекет 

қорғайтын мемлекеттік және қызмет-

тік құпияларды құрайтын мәліметтер.

Ал, мемлекеттік құпияға – жария-

ланған  немесе  жоғалған  жағдайда 

Қазақстан Республикасының ұлттық 

қауіпсіздігіне  нұқсан  келтіретін  не-

месе нұқсан келтіруі мүмкін әскери, 

экономикалық,  саяси  және  өзге  де 

сипаттағы мәліметтерді жатқызамыз. 

Қызметтік  құпия  деп  мемлекеттік 

құпияның құрамына кіруі мүмкін, жа-

рияланған немесе жоғалған жағдайда 

мемлекеттің  ұлттық  мүдделеріне, 

Қазақстан Республикасының мемле-

кеттік органдары мен ұйымдарының 

мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін 

жекелеген  деректер  сипаты  бар 

мәліметтерді айтады.

Егер  журналист  құпиясызданды-

рылған  ақпараттарды  алып,  заңды 

бұзбаған  жағдайда  оның  конститу-

ция лық құқығы тағы бір рет іс жүзін-

де дәлелденеді. Журналист сұратқан 

ақпаратты беруден негізсіз бас тарту, 

не  заңдарда  белгіленген  мерзімде 

табыс етпеу – лауазымды адамдарға 

айлық  есептік  көрсеткіштің  елуге 

дейінгі  мөлшерінде  айыппұл  салуға 

әкеп  соғатынын  да  шенеуніктердің 

білгендері абзал.

түйін

Жалпы,  бірқатар  заңдар-

дағы баптар баспасөз еркінді-

гіне кепілдік берсе, көпшілігі 

оны шектейді. Алайда, қандай 

жағдайда болса да, заң қағаз 

жүзінде  қалмауы,  орындалу 

тетігінің болуы шарт. 

Сайып келгенде, БАҚ мем-

лекет  тізгіні  кімнің  қолында 

екендігіне қарамастан жоғары 

саяси мәдениеттілікті игерген 

салмақты сыншының міндетін 

атқара  алады.  Ол  үшін  еш-

кімнің  ығына  жығылмайтын, 

ешбір саяси партияны жақта-

майтын  және  оны  орынсыз 

теріске  шығармайтын,  ай-

ыптамайтын  қара  қылды  қақ 

жаратын әділ болуға тиіс. Сол 

сияқты  үкіметтің  қателіктері 

болса, оны сынап әшкерелеу­

мен  қатар,  дұрыс  қадамына 

қолдау  көрсету  де  парыз. 

Қысқасы,  өкіметтің  өкшесін 

сығалау, «отырса опақ, тұрса 

сопақ» ету емес. Елдің қамын, 

ұлттың  мүддесін  қорғауды 

ниет еткен жоғары саяси мә-

дениеттің  өзі  қоғамға  деген 

адалдықпен қатар әр мәселе-

ге ақылмен, парасаттылықпен 

қарауда ғана.

Қуандық ШАМАХАйҰЛЫ,

медиатанушы


10

№111/1 (2889/1) 

8 қазан 2016

zangazet@maiI.ru

ЕШЕГІ КҮНГЕ ДЕЙІН БАЯҒЫ ОДАҚТЫҢ КЕЗІНЕН САНАҒА СІҢІП ҚАЛҒАН ОЙДЫҢ ӘСЕРІ 

МЕ, ӘЙТЕУІР, ӘЙЕЛДЕР КОЛОНИЯСЫ ДЕГЕНДЕ ЕҢ АЛДЫМЕН ЕСІМІЗГЕ АЛМАТЫ 

ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ЖАУҒАШТЫ АУЫЛЫНДА ОРНАЛАСҚАН 

ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІ ОРАЛАТЫН. ОДАН БЕРІДЕ ЗАМАН ДА, АТАМЫЗ ҚАЗАҚ ОТБАСЫНЫҢ 

АЛТЫН ҰСТЫНЫ МЕН ҰЙЫТҚЫСЫ ДЕП ӘСПЕТТЕГЕН ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІҢ ДЕ 

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАРЫ МЕН ТАБИҒАТТАРЫ ӨЗГЕРДІ. ОЛАЙ ДЕУІМІЗГЕ ӘЙЕЛДЕР 

АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ ШАПШАҢ ӨСУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ НӘЗІКЖАНДЫЛАРДЫ 

ҰСТАЙТЫН ТЕМІР ТОРЛЫ ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БІРНЕШЕ ОБЛЫС АУМАҒЫНАН 

АШЫЛЫП, КОЛОНИЯЛАР САНЫНЫҢ ӨСЕ ТҮСУІ ДӘЛЕЛ. РАСЫНДА ДА, ӘЙЕЛДЕР 

АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС НЕГЕ КӨП? ОЛАРДЫ ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҰСТАУДЫҢ 

БЕЛГІЛЕНГЕН ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ? 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 1.18 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет