АҢдатпа 7-бет 5-бет



жүктеу 1.18 Mb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата20.03.2017
өлшемі1.18 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әскерге құрметті 

арттырудың бір жолы

Қазақстандық кәсіби армия құру, 

жастардың патриоттық рухын көтеру 

басты мақсаттардың бірі. Бұл тұрғы-

да  халық  қалаулылары  тарапынан 

сең  қозғалды.  Еске  салсақ,  Үкімет 

басшысына  «Ақ  жол»  Парламенттік 

фракция  мүшелері  –  А.Перуашев, 

А.Тұртаев, Е.Никитинская, Н.Жазыл-

беков.  М.Қазбекова,  Т.Ерғалиев, 

А.Әбілдаев, с.Қадралиевалар ұсыныс 

хат жолдап, онда: «Отан алдындағы 

әскери борышын өтеу – ол мақтаныш, 

жоғарғы абыройлы өлшем болуы тиіс. 

Өкінішке қарай, қазір жастар арасын-

да кейде әскери міндетін өтеушілерге 

әлеуметтік кемітушілік нышандары да 

байқалады. сондықтан, біз сарбазда-

рымызды төс белгілерімен ғана емес, 

медальдармен де марапаттағанымыз 

жөн. Ұлттық Ұлан, Қорғаныс минис-

трлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 

шекара  қызметі  қарулы  күштерінің 

қатарында  қызмет  атқару  жастар 

арасында беделін арттырудың ықпал-

ды  түрлерінің  бірі  мерзімді  әскери 

қызметтегі сарбаздарды медальдар 

және  ерекшелік  белгілерімен  ма-

рапаттау  болып  табылады.  Бүгінгі 

күні  Қазақстан  Республикасы  Қа-

рулы  күш терінің  40  пайызы  ғана 

мерзімді қызмет әскери қыз метшілері 

есебінен құралады. Мерзімді қызмет 

әскері  негізінен  қарапайым  азамат-

тардың  балалары  екендігі  құпия 

емес» дейді.

сонымен  қатар,  ақжолдықтар 

Ресей  Федерациясында  мерзімді 

қыз мет солдаттарын марапаттау жүй-

есінде  40-тан  астам  ведомстволық 

медаль мен белгі барлығын, ал, АҚШ 

қарулы  күштерінде  мемлекеттік  на-

градалармен қатар, мерзімді қызмет 

солдаттары әскери және әскери емес 

жетістіктері үшін АҚШ Қорғаныс ми-

нистрлігінің  бірқатар  ведомстволық 

медальдарымен  марапатталатынын 

мысалға  келтіреді.  Бұған  қоса  бұл 

елдер де  мерзімді  қызметін  өтеген 

солдаттарға жоғарғы білім алуға білім 

деңгейіне  қарамастан  мем лекеттік 

гранттар  да  қарастырылған  екен. 

Осыған байланысты, партия өкілдері 

жастардың Отан алдындағы азамат-

тық борышы мен негізгі Конституция-

лық  міндеттерін  орындауға  деген 

пат риот тық  сезімін  оятып,  құл шы-

нысын арттыру, мерзімді әскери қыз-

меттің  беделін  көтеру  мақсатында, 

Отан қорғаушы күніне немесе әскери 

қызметтің  аяқталуына  байланысты 

мерзімді қызмет сарбаздарын мара-

паттауға арнап Қорғаныс министрлі-

гінің,  Ұлттық  ұлан,  Шекара  қызметі 

әскерінің «Адал қызметі үшін» ведом-

стволық медалін табыстау және Отан 

алдындағы  міндетін  үздік  атқарған 

сарбаздарға  мемлекеттік  гранттар 

арқылы  жоғары  білім  алу,  тағы  да 

басқа әлеуметтік қол даулар көрсету 

мүмкіндіктерін  қа растыруды  сұрап, 

арнайы  марапаттарды  сарбаздарға 

құрметті арттырудың бір жолы ретінде 

ұсынды.


Жоғарыда аталған азаматтардың 

бұл ұсынысы құптарлық. себебі, біз 

беделі  әлсіреген  әскердің  бұрынғы 

мәртебесін  қайтарудың  сан  жолын 

саралауға тиіспіз. Және дәл қазіргі-

дей кезде азаматтық борышты өтеу-

дің маңыздылығын түсіндіретін, мәнін 

арттыратын  кез  келген  ұсыныстан 

бас тартпауымыз керек.

деттер  көп.  Бұрын  кеңес  заманында  әскери 

қызметке  бекерден-бекер  екі-үш  жыл  бөлін-

ген жоқ. Мысалы, мен 3 жыл әскерде бол дым. 

Әскери  теңіз  қатарындағылар  4  жыл  қыз мет 

етті.  Қазір  біз  әскери  борышты  өтеуді  бір 

жыл ға  қысқарттық  та,  келісімшартпен  қыз-

мет  ететіндерге  басымдық  бердік.  Мұның  өз 

ке зегінде салдары барлығын енді байқап жа-

тыр мыз.  Қарапайым  тілмен  айтқанда,  біз де 

келісімшартпен қызмет ететіндердің мо бильді 

түрде  жасақталған  қосымша  күші  жоқтың 

қасы (мобрезерв). Осы мәселені, дариға Нұр-

сұлтанқызы дер кезінде қозғады. сондықтан, 

генералдар  бірауыздан  қолдаймыз.  Біздің 

әскер  онсыз  да  үлкен  емес.  Жігіттерімізді 

не бәрі  бір  жыл  әскери  өмірге  баулу  деген 

тым аз. Оқу, білім, үйрену инемен құдық қаз-

ған дай.  Балалар  колледждің  өзінде  екі  жыл 

оқиды.  Әскери  техника,  радиоэлектроника 

өте күрделі. Байқасаңыздар әскерге негізінен 

қаланың  емес,  ауылдың  балалары  барады. 

Олардың арасында өздері сұранып келетіндер 

көп.  Жастар  әскерде  екі  жыл  болсын.  Онда 

тұрған не бар? Біз де, балаларымыз да Отан 

алдындағы борышын солай өтеді.  



– Патриоттық тәрбие, оны балалар бойы-

на сіңіру жайлы не айтасыз?  

–  Жасыратыны  жоқ,  біз  балаларымызды 

отансүйгіштікке баулу шараларын назардан тыс 

қалдырып  алдық.  Оның  нәтижесін  қазір  ғана 

байқап  жатырмыз.  Отанын,  елін,  жерін  сүю 

үшін әскерге ел азаматтарының бәрі баруы ке-

рек. Әскерге, әскери адамдарға баяғыдағыдай 

құрмет жоқ. Бұрын «халық пен әскер бір» деген 

ұғым болатын. Қазір ол ұғымды ұмыттық. Мен 

1960  жылдары  әскерде  болғанда  кез  келген 

үйге  келсем,  есігін  ашып,  «солдат»,-деп  құ-

шақтап қарсы алатын. Алдымызға барын қойып, 

сыйлайтын.  Мен  әскери  борышымды  забай-

калда өтедім. Қазір солдаттарға бір адам жылы 

қабақ  танытпайды.  Тіпті,  аяушылық  сезіммен 

қарайтындар да бар.



– Неге?

–  Өйткені,  әскерге  деген  көзқарас  солай 

болып кетті. Қалталарында ақша, астыларында 

машина. Көбісі, солдаттарға жоғарыдан қарай-

ды. Әскердегі сарбаздар арасында бай баласы 

некен саяқ. сондықтан, барлық жастың әскерге 

барып, қасиетті борышын өтеу жағын кеңінен 

қарастыру керек.



– Бүгінде қаржы төлеп, қажетті анықта-

маны алу мүмкіндігі бар ғой.

– Иә, дариға Нұрсұлтанқызының айтқанына 

риза болғаным, кей жас екі ай оқып, ақшасын 

төлейді. Одан кейін танкист немесе радиора-

кетші,  инженер,  т.б.  бойынша    әскери  білім 

алады. Шын мәнінде бұлардан ешқандай маман 

шықпайды. Осы себепті, әскерді нығайту мәсе-

лесі өте дұрыс көтеріліп отыр. Жастар қиындық, 

кедергілерді көру арқылы шыңдалады.

– Мобильді жасақталған құрам жоқтығын 

айттыңыз. Оны қалай қалыптастырамыз?

–  Мобильді  түрде  қосымша  жасақталған 

құрамның  жоқтығын  мынадан  көруге  болады. 

Мысалы,  бір  рота  командирі,техник-механик, 

айтишник  аяқасты  көз  жұмса,  оның  орнына 

қоятын  маман  жоқ,  неге  десеңіз  резерв  жоқ. 

Біз әскерге барып-келген жастарды ұмытып ке-

теміз. Оларды шақырып, әскер қатарында алған 

білім-біліктерін  одан  әрі  тереңдету  шаралары 

кемшін.  Біз  осы  мәселені  көптен  бері  көтеріп 

жүрміз. Мобильді түрде жасақталған қосымша 

құрам  болу  үшін  арнайы  орталық  ашу  керек. 

Әскерде  бір  жыл  қызмет  еткендерді  жинап, 

даярлықтан  өткізейік.  генералдар  арасында 

оларды оқытатын ұшқыш та, танкист те, ракетші 

де,  барлық  маман  бар.  Жастарға  білгенімізді 

үйретейік.  Осы  бастамамызға  қолдау  болмай 

тұр. Біз бәрін алдын ала ойлауға тиіспіз. «Жа-

ман  айтпай,  жақсы  жоқ»  бірдеңе  бола  қалса, 

Отанымызды  кім  қорғайды? заманауи  әскери 

техникаларға кім отырады? сондықтан, дариға 

Нұрсұлтанқызы жақсы пікір айтып отыр. Әске-

ри борышын өтеп қайтқандарды екі-үш жылда 

бір рет қайта даярлау шараларына тарту керек. 

Олардың  үйрегендерін  ұмытып  қалмаулары 

үшін бізге мұндай қадамдар керек. Былтыр са-

мараға бардым. сонда жүздеген гектар жерге 

ашық аспан астында әскери мұражай салыпты. 

Барлық қарулы күштер техникалары қойылған. 

Тіпті, кезінде В.И.ленин отырған әскери машина 

да  тұр.  Атомдық  су асты  қайықтары,  ракетаға 

дейін бар. солардың ішінде өзім әскери қыз-

метте  пайдаланған  қаруларды  көріп,  қуанып 

қалдым. Жас кезім ойыма түсті. Мектептердегі 

әскери  жетекшілерде  ручкадан  басқа  ештеңе 

жоқ.  Біз  соны  түзеуіміз  керек.  Отансүйгіштік 

қасиет отбасы мен мектепте қалыптасады. 

–  Әр  сарбаздың  өз  облысында  әскери 

борышын өтеуіне қалай қарайсыз?

– Мен мұны құптамаймын. Жылы жерде өскен 

бала суық жаққа барсын. Мысалы, Шымкенттің 

жігіті Петропавлдың табиғатын көрсін. суығына 

тоңып, ыстығына күйсін.  Отан қорғар азамат-

тарымызды шектен шыға мәпелеуге болмайды. 

Оларға  өмірді  әр  қырынан  көрсетуге  тиіспіз. 

сонда, Отанның, елдің, халықтың қадірін біледі. 



– Әңгімеңізге рақмет.

Бетті дайындаған Түймегүл Ибашева

Корабльдер жиын-жорығы аяқталды

2016 ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің корабльдері Каспий теңізінің қазақстандық секторы бойынша жиын-жо-

рықты аяқтады ҚР ҚК ӘТК-нің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, Әскери-теңіз күштерінің корабльдері 

Каспий теңізінің су айдыны бойынша корабльдердің жиын-жорығы аяқталды. Жиын-жорықтың мақсаты Каспий 

теңізінің қазақстандық секторында қолайлы жедел режімді ұстап тұру болып табылады. Жиын-жорықты жасау 

кезінде ҚР ҚК ӘТК-нің корабльдері, яғни, «Сарыарқа», «Орал» және «Қазақстан» зымыран-артиллериялық корабль-

дері 7 күн бойы шекара маңындағы су аумақтары бойынша Каспий теңізі қазақстандық секторының барлық су ай-

дынын жүзіп өтетіндігімен ерекшеленеді. 

Жиын-жорықты өткізу барысында корабльдер теңізге өтуде корабльдің әуе шабуылына қарсы қорғанысын 

ұйымдастыру, корабльге қарсы және минаға қарсы қорғанысты ұйымдастыру, біртекті корабльдердің жалғануы 

құрамындағы орағыту, АК-306, 23 мм ЗУ-23-2 мен 12,7 мм «Утес» НСВП 30 мм артиллериялық қондырғыдан теңіз 

нысаналары бойынша практикалық оқ атуларды өткізу және корабльді қорғаудың барлық түрлерін ұйымдастыру 

секілді тапсырмалар пысықталды. «Мен алғаш рет экипаждың ұйымдасқан және үйлесімді іс-әрекетінің куәгері 

болдым», - деді «Орал» зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы құрамында теңізге алғаш рет шыққан 2016 

жылдың түлегі лейтенант Есбол Әбілқайыров. 

 «Бас қолбасшының қойған барлық тапсырмалары орындалды. Практикалық оқ атуларда барлық нысаналар 

жойылды», – деді корабльдердің жиын-жорығындағы жетекші 29011 әскери бөлімінің командирі 1-дәрежелі капитан 

Қанат Ниязбеков. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы корабльдердің жиын-жорығы ҚР ҚК ӘТК бас қол-

басшысы вице-адмирал Жандарбек Жанзақовтың басшылық етуімен өткенін естеріңізге сала кетейік. Корабльдердің 

жиын-жорығы жылына бір рет өтеді.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

(Соңы. Басы 1-бетте)

Қ

ы

с

Қ

а

 

н

ұ

с

Қ

а

Орайы келген әңгіме



Рүстем ҚАЙДАРОВ, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

«ЖАсТАР ҚИыНдыҚ АРҚылы ШыңдАлАды»



–  Әскери  борышты  өтеу  мерзімін  екі 

жылға ұзартудың қажеттілігі бар ма?

–  депутаттар  да,  дариға  Нұрсұлтанқызы 

да бұл мәселені өте дұрыс көтеріп отыр. Неге 

десеңіз,  бір  жылдың  ішінде  әскер  қатарына 

алынған  сарбаздардың  жаңа  техникаларды 

меңгеруге мүмкіндігі де, уақыты да жетпейді. 

Өздеріңіз  білесіздер,  қазір  жаңа  технология-

лар заманы. Әскери техникалар да жаңаруда. 

соның бәрін кәсіби маман ретінде бір жылда 

меңгеру  қиын.  Әскерде  жастар  Жарғыларды 

жаттайды,  арнайы  сабақтары  бар,  т.б.  мін-


8

№111/1 (2889/1) 

8 қазан 2016

zangazet@maiI.ru



ДИДАР

–  Бауыржан,  айтыңызшы,  «Болашақ» 

бағдар ламасы  ұсынатын  білімнің  артық­

шылығы неде?

– Неліктен қазақстандықтарды шетелге жіберіп 

оқытады?  Кейде  таныстарымыз  «онда  алған 

білімді осы жерде де алуға болмайтын ба еді» деп 

түсінбестік танытып жатады. Жалпы, мемлекет 

қайтарымсыз жобаға ақша салмайды. Және егер 

өзге елдерде шыңдалуға мүмкіндік жоқ болса, 

шәкірттерді шетелге аттандырмас еді. Бізде жоқ 

білімді жастар қазір шетелдерден меңгеріп келіп 

жатыр.  Ол  үшін  еліміздегі  университеттерден 

деңгейі жоғары оқу орындары таңдалады. Яғни, 

шетелдің бұрыннан келе жатқан, өзіндік тарихы 

бар, дәстүрлі білімі қалыптасқан білім ордалары 

Биылдың  өзінде  барлығы  700 

стипендия  тағайындалған.  Бұл 

өткен  жылғымен  салыстырғанда 

100  стипендияға  артық.  Оның  2016 

жылғы  бюджеті,  яғни,  түлектерді 

шетелде  оқыту  үшін  19  млрд  теңге 

бөлінген.  Жылдың  басында  137 

стипендияның иегері де анықталған, 

басым  көпшілігі  магистратура  мен 

докторантураға  баратын  болса,  70-

ке  жуық  маман  тағылымдамадан 

өтпек.  Қалған  стипендиаттар  екін-

ші,  үшінші  кезеңдерінен  соң  белгілі 

болады.  Негізі,  «Болашақ»  стипен-

диаттарының  санын  арттыру  Қазақ-

стан  Республикасы  Үкіметінің  2005 

жылғы  4  сәуірдегі  қаулысымен 

« Х а л ы қ а р а л ы қ   б а ғ д а р л а м а л а р 

орталығы»  акционерлік  қоғамына 

тапсырылған.  Ал,  стипендия  үлесін 

арттырудағы  мақсат  не?  Еліміздегі 

білімді  мамандар  қатарын  көбейту. 

Себебі,  білікті  маман  қашанда,  қай 

жерде болсын сұранысқа ие.

 

Жаңа модель 



бойынша оқыту

Америка немесе Еуропа елдерінің 

бірінде білім алуың үшін шет тілін білуің 

шарт. Бұл тұрғыда бұрын тілді үйрену 

үшін  стипендия  иегерлері  18  айға 

шетелге жіберілсе, бұл мерзім қазір 

12 айға қысқарып отыр. «6+6» деген 

тілдік дайындықтың моделі бойынша 

ағылшын тілі 6 ай Қазақстанда, 6 ай 

шетелде оқытылады. Тілдік дайындық 

Астана  мен  Алматыда  орналасқан 

арнайы  орталықтарда  өтеді.  Соның 

негізінде қазір бөлінетін қаражат екі 

есеге дейін үнемделіпті. Тілді алты ай 

елімізде меңгергенімен, сол уақытта 

стипендия  жүріп  тұрады.  Өйткені, 

білімін  өзге  елде  жалғастырғысы 

келгендер  жұмыстан босатылып, бар 

уақытын өзге тілді меңгеруге арнауы 

тиіс  екен.  Олар  таңғы  10:00-ден 

кешкі  18:00-ге  дейін  тіл  курстарын 

оқиды. Кейін тіл үйрену үшін адамға 

оның ортасы көп ықпал ететіндіктен, 

жарты жыл шетелде оқуға жіберіледі. 

Бұдан соң тіл меңгергенін дәлелдеген 

талапкер    шетелдегі  академиялық 

оқуға кетпек.

Одан  бөлек,  «Болашақ»  бағда-

ламасының  2016-2020  жылдарға 

арналған  даму  жоспары  әзірленді. 

Ол  алдағы  уақытта  стипендияны 

жетілдіруге бағытталып отыр. Мыса-

лы,  тың  өзгерістердің  бірі  –  енді 

бай қауға қатысу үшін екі жыл жұмыс 

өтілінің  болуы  талап  етілмейтін 

б о л д ы .   Ж а қ ы н д а   Х а л ы қ а р а л ы қ 

бағдар ламалар  орталығы  шетелдің 

беделді  жоғары  оқу  орындарына 

магистратура  мен  докторантураға 

өз  бетiмен  түскен  үміткерлерге 

2  жылдық  еңбек  өтiлi  талабының 

алынып  тасталғанын  жеткізген. 

Есесіне,  егер  бұрын  тіл  білімінің 

бастапқы деңгейі бойынша қабылдай 

берсе, енді үміткерлерден ағылшын 

т і л і н і ң   о р т а ш а   д е ң г е й і   т а л а п 

етіледі.  Яғни,  «Болашақ»  жобасын 

таңдағандарға  шет  тілін  «Болашақ» 

бағдарламасымен  оқуға  түсу  үшін 

IELTS  жүйесі  бойынша  5  баллдан 

артық  жинауың  қажет.  Себебі,  бұл 

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ 

САЛЫНҒАН КАПИТАЛ

ағылшынның  орташа  деңгейі  боп 

есептеледі.

Бағдарлама 

қазақстандықтарға не 

береді?

Бірінші  кезекте,  әрине,  жоғары 

білім беріп, ғылымды меңгеруге жол 

ашып  отыр.  Өйткені,  ұлт  болашағы 

білімдінің  қолында.  «Атың  барда 

жер  таны  желіп  жүріп,  асың  барда 

ел  таны  беріп  жүріп»  демекші, 

екіншіден,  стипендиясының  арқа-

сында Қазақстаннан жырақ елдерді, 

олардың  тұрмыс-салтын  көзбен 

көріп, Елбасы айтпақшы, дәстүрімен 

танысып  қайтады.  Ал,  бұл  адамның 

ойлау  көкжиегін  кеңейтіп,  салмақты 

ой  түю  қабілетінің  қалыптасуына 

септігін тигізетіні анық. Десек те, бұл 

сұрағымызды  «Болашақ»  бағдар-

ламасы бойынша 2010-2012 жылдары 

Мәскеу  қаласындағы  А.Н.Бакулев 

а т ы н д а ғ ы   ж ү р е к - қ а н   т а м ы р ы 

хирургиясы  ғылыми  орталығында 

оқып  келген,  қазір  А.Н.Сызғанов 

атындағы  Ұлттық  ғылыми  хирургия 

орталығында  жұмыс  істеп  жүрген 

Бауыржан  Рақышевқа  жолдаған 

едік.  Жас  маман  да  жобаның  тиімді 

тұстарын жіліктеп тұрып айтып берді.

 

Стипендиаттар кім, 

стипендияны иелене 

алатын кімдер?

Жалпы, стипендияға үміткерлерді 

іріктеу  биыл  үш  кезең  бойынша 

жүргізілуде.  Тіпті,  құжаттар  қабыл-

даудың соңғы мерзімі 14 қазанға дейін 

ұзартылып отыр. Оны халыққа қызмет 

көрсету  орталықтарынан  бөлек, 

«Электронды үкімет» порталы арқылы 

да тапсыруға болады. Ал, стипендия 

«Магистратура»,  «Докторантура», 

«Резидентура», «PнD» және «Тағылым-

дама»  бағдарламалары  бойынша 

тағайындалмақ.

Қазір  бағдарлама  аясында  оқуға 

болатын мамандықтардың тізбесі 100-

ден асады. Бастапқыда «Болашақпен» 

оқуға болатын он шақты ғана шетелдік 

жоғары оқу орындары ұсынылса, кейін 

білім  беруге  шақыратын  ЖОО  саны 

да  екі  есеге  артып,  200-ге  жеткен. 

Алғашында  «болашақтықтардың» 

басым  көпшілігі  әлеуметтік-саяси, 

экономика  және  заң  мамандық-

тары  бойынша  білім  алса,  бүгінде 

оқытылатын  салалардың  ауқымы 

кеңей тілген.  Оған  техникалық  және 

меди циналық  мамандықтар,  мемле-

кеттік  басқару  мамандығы  мен  жаңа 

аэроғарыштық,  талдамалы  химия, 

агрономия,  өндіріс  технологиясы 

мен  ауыл  шаруашылығы  өнімін 

өңдеу,  токсикология  мамандықтары 

қосылған.  40  пайыздан  астамы 

техникалық мамандықтар үлесінде. 

2014  жылы  бұқаралық  ақпарат 

құралдары  (БАҚ)  мен  мәдениет 

өкілдеріне де «Болашақ» президенттік 

бағдарламасына  қатысуға  мүмкіндік 

туса,  келер  жылдан  бастап  ауыл 

мұғалімдері  де  стипендиат  атана 

алады.  Яғни,  ауыл  мұғалiмдерiне 

«Болашаққа»  түсу  үшін  жеңілдіктер 

қарастырылып отыр. Бұл – мұғалімдер 

орта деңгейдегi ағылшын тiлiн бiлсе, 

бағдарламамен магистратурада оқып 

келе алады деген сөз.

Ж а л п ы ,   « Б о л а ш а қ »   б а ғ д а р -

ламасымен  оқу  үшін  үміткерлерді 

іріктеу  байқау  негізінде  өтеді.  Одан 

сүрінбей өткендер магистр дәрежесін, 

доктор, ғылым кандидаты дәрежесін 

алуға  және  ғылыми  тағылымдама-

д а н   ө т у   м ү м к і н д і г і н   и е л е н б е к . 

Білім,  ғылым  қуған  азаматтар  үшін 

«Болашақ»  бағдарламасымен  оқуға 

түсу  тәртібі  egov.kz  электронды 

үкімет  порталында  бүге-шігесіне 

дейін  көрсетілген.  Соңғы  жылдары 

байқауға  қатысу  үшін  шет  тілі  мен 

мемлекеттік  тілді  білу  талабы  да 

күшейтілді дегенімізбен, бағдарлама 

әрбiр азаматқа қолжетiмдi. 

тізімге  енеді.  Қанша  дегенмен,  тәуелсіздік 

алғанына  небары  25  жыл  толған  Қазақстанға 

қарағанда олардың білім саласын жетілдірудегі 

тәжірибесі көп. 

Елбасы 1993 жылы «Болашақ» бағдарламасын 

бекіткелі бері қаншама қазақ азаматтары шетелден 

білім алуда. Мұны еліміздің тәуелсіздік алғаннан 

кейінгі  стратегиялық  дамуына  байланысты 

салынған бірден-бір инвестиция деп білу керек. 

Себебі,  адами  ресурстарды  дамыту  арқылы 

еліміздің әлеуметтік және экономикалық жағдайын 

түзете  аламыз.  Сондықтан,  «Болашақпен» 

оқып келген азаматтардың, ең біріншіден, елге 

тигізетін  пайдасы,  ол  –  елдің  дамуына  үлес 

қосуымен  өлшенеді.  Қазір  бір  емес,  бірнеше 

сала  бойынша  мамандар  даярланады.  Тіпті, 

соңғы  жылдары  журналистика  мамандықтарын 

да  қосып  жатыр.  Бизнес  болсын,  мемлекеттік 

басқарма,  медицина,  экономика  немесе  IT 

салалары  көптеген  жаңа  кадрлармен  толығып 

келеді. Сырттан оқып келген әрбір қазақстандық 

үйреніп келген тәжірибесімен бөліседі. Елбасының 

Қазақстан-2030,  Қазақстан-2050  стратегиясы 

негізінде  дамыған  30  елдің  қатарына  кіру  жос-

парын орындауға көмегін тигізеді.  

Мысалы, елімізде бағдарламамен бітіріп келген 

түлектердің  алғашқы  легі  бүгінде  қала  әкімі, 

облыс әкімі, министрлік, президент көмекшісіне 

дейінгі  қызметтерде  істеп,  еліміздің  саяси-

әлеуметтік  дамуына  қолғабыс  етуде.  Сондай-

ақ,  бағдарламамен  оқып  келген  азаматтардың 

көбі  мемлекеттік  қызметтерден  басқа,  жеке 

кәсіпкерлікті  дамыту  ісінде  де  белсенділік 

танытуда. Шетелдік тәжірибені қолдана отырып 

елімізде шағын және орта бизнесті өркендетуге 

де кірісіп кетті. Оған дәлел – бизнесін дөңгелетіп, 

ірілі-ұсақты  компанияларды  тізгіндеп  отырған 

жастар  аз  емес.  Сонымен  қатар,  аймақтарда 

қаншама кардиохирургиялық орталықтар ашылды. 

Бұл жерлерде жұмыс істеп жатқандардың көбі  

«Болашақ»  бағдарламасымен  шетелде  оқып 

келген  түлектер.  Олардың  арасында  ғылыми 

жұмыспен айналысып жатқандары да бар. 

– Өзіңіз стипендияға қалай қол жеткіздіңіз 

және сіздерге қандай талаптар қойылды?

– Мен «Болашақ» бағдарламасымен оқыған 

жылдарда баллдық жүйе бойынша дипломдағы 

балл  ескерілетін,  ағылшын  және  таңдайтын 

оқу  орныңа  байланысты  шет  тілін  білу  шарты 

қойылатын.  Ол  кезде  бакалавр,  магистратура, 

резидентурада оқуға жіберетін. Кейінгі кездері 

бакалавр  білімін  алуға  жібермейтін  болды, 

өйткені, оны елімізде де оқытады. Стипендияға 

үміткерлер  алдымен  Астана  қаласына  барып, 

тиісті  құжаттар  тапсыруымыз  қажет  болды. 

Екінші кезеңде қазақ тілінен және психологиялық 

тест тапсырдық, ал, одан өтсең, үшінші кезекте 

тәуелсіз эксперттік комиссияның сұхбаттасуына 

барасың.  Ол  Білім  және  ғылым  министрлігінде 

өтті. Комиссия құрамына әр саланың мамандары 

кіреді.  Сондықтан  да,  өз  мамандығыңнан  тыс 

түрлі  салалар  бойынша  кез  келген  сұрақты 

қояды. Соған мүдірмей жауап бере алсаң, келесі 

кезеңде республикалық комиссияның отырысы 

және оның шешімі болмақ. Оған негізгі төрағалық 

ететін – Мемлекеттік хатшы. Сол кезде стипендия 

тағайындалады.  Сосын  барып  университетті 

таңдайсың. Айта кету керек, оқуға бармас бұрын, 

кепілдікке үйіңді қоясың. Оның құнын тәуелсіз 

бағалаушылар  бағалайды.  Бірақ,  кейіннен 

талаптардың кейбірі өзгертілді, жеңілдетілді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 1.18 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет