АҢдатпа 7-бет 5-бет


Қ.СҰЛТАНОВ, Павлодар облысы



жүктеу 1.18 Mb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата20.03.2017
өлшемі1.18 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қ.СҰЛТАНОВ,

Павлодар облысы 

Лебяжі аудандық сотының төрағасы

2013  жылдың  20  қараша  айында  өткен  Қазақстан 

Республикасы  судьяларының  VI  съезінде  талқыланып 

жүктелген  міндеттердің  бірі  сот  жүйесін  реформалауға 

бағытталған болатын. Жалпы, жаңа бастамадан, рефомадан 

қашпаған жөн. Өйткені, қозғалыссыз қалған қоғамда алға 

даму болмайды. Бұған қатысты бабаларымыз да «Тосылған 

су тұнығы болмайды» деп әділ айтқан. Қазіргі кезеңде сот 

жүйесі саласында осы аталған міндеттемелердің орындалуы 

барысында көптеген игі істер атқарылды.

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2015  жылғы 

20  мамырдағы  «Ұлт  жоспары  –  бес  институционалдық 

реформаны  жүзеге  асыру  жөніндегі  100  нақты  қадам» 

бағдарламасының  «Заңның  үстемдігін  қамтамасыз  ету» 

деп  аталатын  екінші  бөлігінде  сот  жүйесін  реформалауға 

байланысты  атқарылуға  тиіс  түбегейлі  өзгерістер  нақты 

көрсетілген.

Айталық,  16­қадамда  азаматтардың  сот  төрелігіне 

қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын 

оңайлату, бес сатылы сот жүиесінен (бірінші, апелляциялық, 

кассациялық,  қадағалау  және  қайта  қадағалау  жасау)  үш 

сатылы (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі 

жүйесіне  көшу  ағымдағы  жыл  басынан  бері  толықтай 

атқарылып келеді.

20­қадамда  барлық  сот  процестеріне  бейне  және 

таспаға  жазу  шараларын  міндетті  түрде  енгізу,  судьяның 

бейнежазуды тоқтатуға немесе аудиожазу материалдарын 

редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс екендігі көрсетілген 

болатын.  Қазіргі  кезде  сот  процестері  өтетін  залдар 

міндетті түрде бейне және таспаға жазу құрылғыларымен 

жабдықталған.

22­қадамда  адамның  және  азаматтардың  конс­

титуциялық  құқын  шектейтін  барлық  тергеу  қызметі 

жөніндегі  өкілеттікті  тергеу  судьясына  біртіндеп  беруді 

қамтамасыз  ету  арқылы  сотта  айыпталушы  және 

қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету туралы 

талап та халықтың сотқа деген сенімінің жылдан­жылға 

артып  келе  жатқанын  аңғартады.  Мұның  мәні  билік 

айтушы  ешкімді  алаламайтын  адал,  қара  қылды  қақ 

жарған әділ болуы керектігінде. Сот жүйесі тек әділдікке 

негізделіп,  заңға  ғана  бағынатын,  заман  талаптарына 

сай болуы тиіс. 

Мемлекет  басшысының  Қазақстан  Республикасы 

судьяларының  VI  съезінде  қойған  басым  міндеттерін 

іске  асыру,  шынайы  құқықтық  мемлекетті  дамытудың 

айқындаушы факторы ретінде сот жүйесінің тиімді қызметін 

қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Уақыт ағымы көрсетіп 

отырғандай, сот жүйесін реформалау туралы негізгі шаралар 

тұтас алғанда жүзеге асырылған.

Сотта  істерді  қараудың  процессуалдық  мерзімін  бұзу 

барынша  азайтылған.  Қазақстан  Республикасының  сот 

жүйесі қазіргі жаһандану кезеңінде халықаралық құқықтық 

мемлекеттердің талаптарына сай даму үстінде. Сондықтан, 

осы  кезеңге  дейінгі  жетістіктерге  тоқталып  қалмай, 

жаһандану  кезеңінде  енгізіліп  жатқан  жаңа  өзгерістерге 

сәйкес,  сот  жүйесін  ілгері  қарай  дамытып,  реформалап 

отыру заман талабы болып саналады.

Мұратқали ИСКАКОВ,

Атырау облысы

Мақат аудандық сотының төрағасы                     

«ТОСЫЛҒАН СУДЫҢ 

ТҰНЫҒЫ БОЛМАЙДЫ»

СОТ БЕДЕЛІН КӨТЕРУДІҢ 

БЕС БАҒЫТЫ

ИЫЛ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН 

РЕСПУБЛИКАСЫ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ ЖЕТІНШІ 

СЪЕЗІН ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР. АТАЛҒАН 

ШАРАНЫҢ КҮН ТӘРТІБІНЕ АЛТЫНШЫ СЪЕЗДЕ 

ЕЛБАСЫМЫЗ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚОЙҒАН 

ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ ЖАҒДАЙЫН 

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ, ЖАҢА СУДЬЯ ӘДЕБІ КОДЕКСІН 

ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ӨЗЕКТІ 

МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚОЙЫЛЫП 

ОТЫР.

та  судьялар  мен  мамандардың 



әрқайсысы  дербес  компьютермен 

жабдықталған.  Әрине,  бүгінгі  күні 

мұндай  жаңалықтармен  ешкімді 

таңқалдыра алмайсың.

Бұнымен  тоқталмай,  Елбасы­

мыздың берген бағыттарының арқа­

сында, сот жүйесіне «Сот кабинеті», 

«Сот  отырыстарының  үн­бейне­

жазбасы»  деген  жаңа  ұғымдар 

қолда нысқа  енді.  Тараптар  енді  сот 

ғимараттарына  келіп,  арыздарын 

тапсыруға  кезекке  тұрып,  өзінің 

уақытын жоғалтпайды. Сот жүйесінде 

«Сот кабинеті» сервисі іске қосылғалы 

тараптар  үйден  шықпай,  жай  ғана 

Интернет желісіне қосылу мүмкіндігін 

пайдаланып, тиісті сотқа өзінің талап­

арызын,  өтінішін,  апелляциялық 

шағымын жолдауға, өзіне қатысты іс 

бойынша  сот  актілерімен  танысуға 

мүмкіндік  алды.  Қазіргі  уақытта 

аталған қызмет халық арасында кең 

таралуда. 

Бүгінгі күні елімізде сот саласында 

жүріп жатқан қарқынды жұмыстардың 

бірі сот қызметінің ашықтығын жолға 

қоюға  бағытталған  деуге  болады. 

Осы  мақсатта  заманауи  технология 

негізінде  үн­бейнежазба  жүйелерін 

сот үрдістерінде қолдануға айрықша 

маңыз  беріліп  отыр.  Қазіргі  таңда 

Ақтөбе облысы соттарының залдары 

осы құрылғымен жабдықталған.  

Жоғарыда аталған жаңашылдықтар 

Елбасымыздың  «100  нақты  қадам» 

Ұлт жоспары бағ дарламасы аясында 

сот жүйе сіне сот қызметінің беделін, 

х а л ы қ т ы ң   с о т қ а   д е г е н   с е н і м і н 

арттыруға  бағытталған  бірқатар  тың 

талаптар негізінде қолданысқа енгізіліп 

отыр.  Онда  Мемлекет  басшысы: 

«ХХІ  ғасыр  ұлт  дамуының  маңызды 

өлшемі  –  мінсіз  және  тиімді  ұлттық 

сот  төрелігі  жүйесі.  Тәу ел сіз  және 

әділетті сот – құ қықтық мемлекеттің 

негізі. Онсыз әлемнің бірде­бір елінде, 

тіпті,  ең  дамыған  мемлекеттерде 

қолайлы  инвестициялық  ахуалдың 

да,  аза маттар  әл­ауқатының  жо ғары 

деңгейінің  де,  қоғамның  табысты 

дамуының  да  болуы  мүмкін  емес. 

Біз  «Қазақстан­2050»  Стратегиясын 

темірқазық ете отырып, сот жүйесін 

жетілдіруді  жал ғастыра  беруіміз 

қажет», – деген болатын.

Осыған  байланысты,  өткізілетін 

судьялардың жетінші съезінде қабыл­

данатын  тарихи  маңызды  құжат­

тар ­ Тәуке  ханның «Жеті жарғысы» 

секілді, Қазақстан Республикасы сот 

жүйесінің  тарихында  алтын  әріппен 

жазылып,  азаматтардың  құқықтары 

мен  бостандықтарын  қорғауға,  ірі 

реформаларды  және  өзгерістерді 

жүзеге  асыруға  бағытталған  бірден­ 

бір  қадам  болып  табыларына  сенім 

мол. 

Назгүл ҚАНАПИЯ,

Ақтөбе қалалық сотының 

судьясы

СЪЕЗД ҚАРСАҢЫНДА

Б


5

zangazet@maiI.ru



№111/1  (2889/1) 

8 қазан 2016

ТАРАЗЫ

–  Түркістан  халқының  сотқа 

жүгіну деңгейі қандай?

–  Қалалық  сотқа  түсетін  азамат­

тық  істер  саны  соңғы  жылдары 

көбейгені байқалған болатын. Бірақ, 

биылғы  көрсеткіш  былтырғымен 

салыстырғанда  азайған.  Өйткені, 

бірқатар  санаттағы  даулар  сот 

бұйрығын шығару тәртібімен шешімін 

табуда. Есесіне сот бұйрығын шығару 

тәртібімен шешілген даулардың саны 

артты.  2015  жылдың  тоғыз  айында 

642 сот бұйрығы, 1839 шешім болса, 

2016  жылғы  тоғыз  айда  2080  сот 

бұйрығы мен 1839 шешім болған. Сот 

бұйрығын  шығару  туралы  арыздың 

дені  Түркістан  қаласы  бойынша 

Мемлекеттік кірістер басқармасынан 

келіп  түскен.  Осы  орайда,  борыш­

к е р м е н   а к ц е п т е л г е н   қ а р ы з д а р 

бел гіленген  мерзімде  төленбеген 

жағдайда,  төлем  тапсырысы  атқару 

парағы  ретінде  сот  орындаушысына 

жолданып  отырса,  бюрократиялық 

тежеуге ұшырамай тез орындалар еді 

деген  пікір  туындауда.  Себебі,  бұл 

борышкермен акцептелген, ешқандай 

даусыз қарыздар. Оған коммуналдық 

төлемдер үшін қордаланған қарыздар 

да жатады.   

– Шағын шаһардағы сот шешім­

дерінің орындалуы қай межеде? 

– Қазір мемлекеттік сот орындау­

шыларымен  қатар  жеке  сот  орын­

даушылар  институты  жұмыс  істеу­

де.  Соңғы  екі  жылда  жеке  сот 

орындаушылар  саны  алтыға  артты. 

Сонымен  қатар,  борышкерлерге 

қолданылатын  санкциялар  бойынша 

әлемдік  тәжірибе  негізінде  борыш­

керлерді  сот  шешімін  орындауға 

мәжбүрлеу тетіктері көбейтілді. Нәти­

жесінде,  орындалатын  сот  шешім­

дерінің  саны  көбеюде.  Алайда,  сот 

актілерінің орындалуына адамдардың 

жұмыссыздығы,  соған  байланысты 

материалдық  жағдайының  төмен 

болуы кері әсерін тигізуде. 

–  Медиация  рәсімі  енгізілуіне 

байланысты оны халыққа түсіндіру 

жұмыстары  жер­жерде  жүргізіліп, 

әкімдіктер  жанынан  медиаторлар 

кабинеті  ашылуда.  Сіздерде  ол 

жағы қалай?

–  Биыл  25  маусымда  Оңтүстік 

Қ а з а қ с т а н   о б л ы с т ы қ   с о т ы н ы ң 

төрағасы  Нұрсерік  Шәріпов  пен 

облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өзара 

ынтымақтастық туралы меморандумға 

қол  қойды.  Ондағы  мақсат  –  дау­

жанжалдарды  сотқа  дейін  және 

соттан тыс реттеу институттарын жан­

жақты  дамыту  және  белсенді  түрде 

енгізуге  қолдау  көрсету.  Аталмыш 

құжат  аясында  облыс  аумағында 

үлкен  жұмыстар  атқарылуда.  Соның 

бір  дәлелі  ретінде  Түркістан  қаласы 

әкімдігінің ғимаратынан 31 кәсіби емес 

медиатордың  қатысуымен  медиатор 

кабинеті ашылды. Бұған дейін Яссы, 

Қарашық,  Шорнақ,  Жаңа  Иқан, 

Шаға, Ораңғай секілді алты ауылдық 

әкімдікте  кәсіби  емес  медиаторлар 

кабинеттері  ашылса,  алты  әкімдік 

кабинет  ашуға  дайындалуда.  Сотқа 

келсек,  биыл  75  азаматтық  істер 

бойынша даулар медиация тәртібімен 

шешілді. 

–  Судьяларға  да  медиация 

рәсімін жүргізу құзыреті берілді. Бұл 

қаншалықты оң шешім және өзіңіз 

медиаторлық қызмет атқарған сот 

процестері болды ма?

–  Сот  медиациясы  тәртібімен 

біздің сотта алты іс бойынша тараптар 

бітімге келді. Оның үшеуі өзім қараған 

істер. Бұл өте дұрыс және дер кезінде 

қолданысқа  енгізілген  тетік  деп 

ойлаймын.  Өйткені,  судьялардың 

дауларды  шешуде  тәжірибесі  мол. 

Әрі іске қатысушы тараптар медиатор 

іздеп  әуреге  түспейді.  Сотта  істі 

қарауға әзірлеу кезеңінде, істі негізінен 

қарау кезеңінде де судья тараптарға 

олардың  медиация  тәртібімен,  оның 

ішінде сот медиациясы арқылы бітімге 

келуге мүмкіндіктері бар екенін айтып, 

оңтайлы жақтарын түсіндіреді. Заңда 

тараптар  арасында  келіссөздер 

жүргізу үшін азаматтық іс бойынша іс 

жүргізуді тоқтата тұру қарастырылған. 

Алайда, біздің тәжірибемізде тараптар 

бірден  мәміле  жасап,  бітімге  келіп 

жатады.


–   С о н д а й ­ а қ ,   м е д и а ц и я н ы 

енгізудегі бір мақсат – сот жүкте­

месін  азайту  десек,  ол  мақсат 

орын далып жатыр ма?

– Әрине, «Медиация  туралы» Заңды 

қабылдаудағы  басты  мақсаттардың 

бірі  соттардың  жүктемесін  азайту 

болған. Бұл демократияның бір көрінісі 

десек қателеспейміз. Халық әділдікке 

соттың  қатысуынсыз,  медиатордың 

қатысуымен  мәміле  жүргізіп,  өзі  қол 

жеткізеді.  Халықта  «Елге  бай  құт 

емес,  би  құт»  деген  дана  сөз  бар. 

Медиаторлар  –  бүгінгі  билеріміз. 

Өйткені, белгілі бір іріктеуден өтетін, ел 

ішінде беделді, өмірлік тәжірибесі мол, 

парасатты  азаматтар  ғана  медиатор 

бола алады. Аузы дуалы, сөзі жүйелі 

ел ағаларына жұрт жүгінетіні белгілі. 

Біршама  даулар  қазіргі  таңда  сотқа 

жетпей өз шешімін тауып жатыр. Оған 

дәлел  ретінде  киелі  шаһарымыздың 

бірінші  кәсіби  медиаторы  Бақытжан 

Бейсенбаев  биылдың  өзінде  сотқа 

дейін  65  дау  бойынша  медиация 

тәртібімен  тараптарды  мәмілеге 

келтіргенін айта кету керек.



– Соңғы кезде енгізілген өзгеріс­

тердің  бірі,  ол  азаматтық  даулар 

бойынша  қаралатын  істерге  про­

Заң жобасы



курор ларды  қатыстырмау.  Бұл 

қандай  қажеттіліктен  туды  және 

аталмыш  өзгерістің  сотқа  берері 

не?

– ҚР Азаматтық процестік кодек­

с і н і ң   5 4 ­ б а б ы   1 , 2 ­ б ө л і к т е р і н і ң 

талабына  сай,  азаматтық  сот  ісін 

жүргізуде заңдардың дәл және біркелкі 

қолданылуына  жоғары  қадағалауды 

мемлекет атынан Қазақстан Респуб­

ликасының  Бас  прокуроры  тікелей, 

сондай­ақ,  өзіне  бағынышты  про   

к урор лар  арқылы  жүзеге  асырады. 

Прокурор  өзіне  заңмен  жүктелген 

міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 

іс  бойынша  қорытынды  беру  үшін 

процеске кірісуге құқылы. 

Қазақстан  Республикасы  Бас 

прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтар­

дағы  №  21  бұйрығына  1­қосымша 

бұйрықпен  бекітілген  «Азаматтық 

сот ісін жүргізуде заңдардың қолда­

нылуына  прокурорлық  қадаға лау­

ды  ұйымдастыру  және  соттарда 

мемлекеттің  мүддесіне  өкілдік  ету 

туралы»  нұсқаулығының  8­бөлігінде 

прокурорлардың қандай істер бойын­

ша процеске қатысатыны көрсетілген.  

Сәйкесінше, жыл басынан енгізілген 

талапқа сай прокурорлардың бірқатар 

азаматтық  істерге  қатысуы  міндетті 

емес.  Бұл  да  дұрыс  шешім  деп 

ойлаймын. Бұрын күрделілігі жағынан 

болсын, мемлекеттің үлесі, мүддесіне 

қатысы  жоқ  даулар  бойынша  аза­

маттық  істерге  прокурорлардың 

қатысуы  міндетті  болатын.  Түркістан 

қаласының  тәжірибесіне  келсек, 

қаншама  күрделі  істер  қаралып 

жатқанымен,  прокурорлар  онша 

к ү р д е л і   е м е с   і с т е р г е   қ а т ы с ы п 

уақытын  кетіріп,  соның  салдарынан 

қатысуы қажетті істерге қатыса алмай 

Сұхбат

Сәкен АБСАМАТОВ, Түркістан қалалық сотының судьясы: 

«ШЕШІМДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫНА 

ЕЛДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТА 

КЕРІ ӘСЕР ЕТУДЕ»

қалатын  жағдайлар  жоқ  емес­тін. 

Өйткені, уақыт тығыз, бәріне үлгере 

алмайтын.  Көп  санаттағы  азаматтық 

істерге  прокурорлар  қатысатын. 

Себебі  қатысуға  міндеттелген. 

Тіпті,  прокурордың  қатысуынсыз 

с о т т а р   м е м л е к е т т і ң   м ү д д е с і н 

қорғауға  қауқары  жетпейтіндей 

әсер  қалдыратын.  Кейбіреулер  бұл 

жағдайды сотқа деген сенімнің аздығы 

деп  түсінетін,  айтып  та  жүретін. 

Сондықтан,  бұл  өте  дұрыс  өзгеріс 

деп білемін.   

–  Судьялыққа  кандидаттарға 

қойылатын талаптардың күшейтілуі 

білікті  сот  корпусын  жасақтауға 

қаншалықты әсер етпек? 

–  Судьялыққа  кандидаттарға 

қойылатын  талаптардың  күшейтілуі 

ертең  судья  болып  келетін  азамат­

т а р д ы ң   б і л і м   д е ң г е й і   ж о ғ а р ы 

болуының, адами қасиеттерінің мыз­

ғы мастығының  кепілі  деп  түсіне мін. 

Судья биік парасаттың, ар­намыстың 

и е с і   б о л у ғ а   т и і с .   С о н д ы қ т а н , 

үміткерлерге қойылатын талаптардың 

күшейтілуі  заңдылық.  Бұл  жоғары 

талаптар тек кандидаттарға ғана емес, 

тәжірибелі  судьяларға  да  қатысты 

екені анық. Себебі, тиісті талаптарға 

сай екеніңді көрсетіп судьялыққа келу 

бар  да,  судьялық  қызмет  жылдары 

бойы соны дәлелдеу бар.   

– Судьяларды тағайындау емес, 

сайлау керектігі жайлы мәселе жиі 

көтеріледі. Жақында оған қатысты 

Жоғарғы  Сот  төрағасы  да  пікір 

білдірді. Сіз қандай көзқарастасыз?

–  Бірден  айта  кетерлігі,  бұл 

тұрғыдағы  Жоғарғы  Сот  төрағасы 

Қайрат  Әбдіразақұлының  пікірімен 

т а н ы с п ы н   ж ә н е   о н ы м е н   т о л ы қ 

келісемін. Судьяның Ата Заңымызбен, 

сот жүйесіне қатысты заңнамамызбен 

жүктелген тікелей міндеті – дауларды 

қарап, заңды әрі әділ шешім қабылдау. 

Ол  үшін  әрбір  судья  кез  келген  істі 

қарағанда  бейтарап,  тәуелсіз  болуы 

тиіс.  Қазіргі  таңдағы  судьяларды 

іріктеп,  сыннан  өткізіп,  тағайындау 

арқылы  қызметке  қою  тәртібі  өзін 

өзі  қаншама  жылдан  бері  ақтап 

келе  жатқанын  ешкім  жоққа  шығара 

алмайды. 

Ал,  судьяларды  сайлау  арқылы 

іріктеуге  өз  басым  қарсымын.  Бұл 

біздің  елде  сайлау  әділетті  өтпейді, 

« С а й л а у   т у р а л ы »   З а ң н а м а н ы ң 

талаптары  орындалмайды  дегеннен 

емес,  керісінше,  сайланған  судья 

өз  сайлаушыларына  тәуелді  болып 

қала  ма  деген  қауіптен.  Соттарда 

қаралатын  даулардың  саны  да  көп, 

даулар  да  әр  қилы.  Әлеуметтік, 

экономикалық  жағдайларға,  мате­

риал дық,  рухани  құндылықтарға 

қатысты  қаралып  жатады.  Кейде, 

саясатқа тікелей қатысы болмаса да, 

саяси  жағдайларға  жанама  қатыс­

тылығы бар конфликттілік сипатқа ие 

істер қаралады. Қоғам қайраткерлері, 

саясаткерлер,  басқа  да  беделді 

азаматтар  іске  қатысушы  болтын 

кездер  де  бар  екені  құпия  емес. 

Сондай  жағдайларда  судья  ешбір 

мекеме,  ұйымға  немесе  адамға 

алаңдамай,  тәуелді  болмай  шешім 

қабылдау мүмкіндігіне ие болғаны жөн 

деп санаймын.  



–  Еліміздің  сот  өкілдері  судья­

лардың VІІ съезіне қызу дайындық 

үстінде.  Жалпы,  айтулы  уақиғаға 

айналғалы тұрған аталмыш жиын­

нан не күтесіз?

–  Біздер,  яғни  сот  өкілдері  әрбір 

съезді  оған  дейінгі  атқарылған 

жұмыстарға  баға  беру,  келешекке 

бағдар  жасап,  бағыт  түзеу  деп 

т ү с і н е м і з .   Е л б а с ы м ы з д ы ң   с о т ­

қ ұ қ ы қ т ы қ   р е ф о р м а с ы   а я с ы н д а 

атқарылған істер аз емес, жетістіктер 

де  қыруар.  Ал,  атқарылар  шаруалар 

одан  да  көп.  Өткен  есептік  кезеңде 

кемшін  тұстар  да  кеткен  шығар. 

Бірақ,  шетелдік  сарапшылардың, 

құқықтанушы  ғалымдардың  қазақ­

стандық  сот  билігіне  берген  оң 

бағалары  еліміздегі  сот  төрелігінің 

ж ы л д а н   ж ы л ғ а   ж а қ с а р ы п   к е л е 

жатқандығының  бір  дәлелі.  Осыдан 

он жыл бұрын Жоғарғы Сотқа келген 

Батыс  Еуропа  елінің  судьялары 

бізде  сол  кезде  қолданылып  жатқан 

электрондық  құрал­жабдықтарды 

көріп, өздерінде олар әлі қолданысқа 

енбегенін айтқаны есімде. Одан бері 

үш съезд өтті. Қазақстанның сот жүйесі 

қандай  қарқынмен  дамып  жатқанын 

осыдан да көре аламыз. Ол кезде қазір 

қолданылып  отырған  технологиялар 

атымен  жоқ  болатын.  Ал,  бүгінгі 

күні  «Төрелік»  бағдарламасымен 

жұмыс  істеп  келеміз.  Сот  залдары 

бейне­дыбыстіркеу  құралдарымен 

жабдықталған,  электрондық  хаттама 

жасауға,  онлайн  режимде  сот  оты­

рысын  өткізуге  қол  жетті.  Бұл  ат­

қарыл ған  істердің  бір  парасы  ғана. 

Сот­құқықтық реформасын жүргізуде 

елеулі жетістіктерге жетуде Жоғарғы 

Сот төрағасы Қайрат Мәми мырзаның 

рөлі  зор  екені  сот  өкілдеріне  жақсы 

мәлім.  


М е н   б ұ л   с ъ е з д е   ж а с а л ғ а н 

жұмыстарға  әділ  баға  беріліп,  ең 

қажетті  деген  мәселелерге  ден 

қойылып,  реформа  аясындағы  жүр­

гізілетін  жұмыстардың  мән­мағы­

насы  тереңдетілетініне  сенемін. 

Судьялардың  материалдық,  әлеу­

меттік  жағдайына  көңіл  аударылады 

деген  де  үмітім  жоқ  емес.  Өйткені, 

судьялар  да  басқа  адамдар  сияқты 

б а л а ­ ш а ғ а с ы н ы ң   м а т е р и а л д ы қ 

жағдайы  жақсы  болғанын,  жоғары 

оқу  орнында  оқу  мүмкіндіктері 

болғанын  қалайды.  Бұл  сот  төрелі­

гінің  тәуелсіздігіне  әкелетін  жол. 

Әрқашан да бір жағынан ел­жұрт әуелі 

судьялардың қоғамдағы орнына, оның 

материалдық  жағдайына,  әлеуметтік 

мәртебесіне  қарап  та  баға  береді. 

Барлық  тұрғыдан  «төрт  құбыласы 

түгел»  судьяның  мәртебесі  артпай 

тұрмайды. Бұл жастардың болашақта 

судья  болуға  талпынуына  түрткі 

болатынын да ұмытпауымыз керек.   



– Әңгімеңізге рақмет.

Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

«Заң газеті»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­

стан судьяларының VI съезінде сөйлеген 

сөзінде  «Демократиялық  қоғамдастықта 

кең ауқымды сот жүйесін дамыту еліміздің 

басты  басымдықтарының  бірі  болып 

саналады. Біз осы ұлттық сот жүйесін тек 

әділдікке негіздеп, заңға ғана бағынатын, 

заман талабына сай қалыптастыруымыз 

қажет.  Құқық  жоқ  жерде  бостандық  та, 

демократия да жоқ», – деген болатын.

Әділсот үшін әділдіктің маңызды әдеп 

дәрежесі  –  ең  алдымен  баршаның  сот 

пен заң алдындағы теңдігі. Бұл соттардың 

тәуелсіздік қағидасы, сотта істі қараудың 

әділдігі, бейтараптығы, тұрақтылығы, тең­ 

құқықтылығы мен адамгершілік қағидасы 

болып табылады. Аталмыш қағидалардың 

әлдеқайда  кең  талқылаудан  өткенін 

процестік заңнамалардан көруге болады. 

Осыған орай, адамгершілік нормаларына 

тоқталсақ,  ол  қоғамдық  қатынастарды 

реттеу қабілеті кең, барлық индивидтерге 

қатысы  бар  және  тарихи  қоғамда 

қабылданған  ізгі­ниеттілік,  адамгершілік 

сияқты  құндылықтарды  өмірдің  қажет­

тілігіне  айналдырған  нормалардың 

жиынтығы болып табылмақ. 

Судья  –  әділдіктің,  заңдылықтың 

айнасы.  Ал,  оның  әдептілігі,  бет­

бейнесі,  түр­сипаты,  өзін­өзі  таныту 

жолындағы  іс­әрекеті,  ұстанған  жолы, 

әлбетте адамгершілік пен парасаттылық 

қасиеттеріне байланысты қалыптасады.

Судьяның  сот  талқылауында  адам­

гершіліктің  негізін  қамтамасыз  етуі 

оның  қалыптасқан  ережелерді  мүлтіксіз 

орындауынан туындайды. Сот төрелігінің 

адамгершілік­әдептік  негіздері  деп, 

өнегенің көпшілік мойындаған нормалар 

жүйесін  және  әділ  сотты  жүзеге  асыру 

бойынша  құзыреттерді  реттейтін  және 

сот  пен  сот  әдебінің  ерекшелігін  анық­

тайтын  өнегелі  құқықтық  сипаттағы 

жазбаларды  түсіну  қажет.  Олар  сот 

құзыретінің құқықтық реттелуінің дамуы­

на  өнегелі  әсер  ету,  адамгершілікті  сот 

төрелігін  жүзеге  асыру  рәсімдеріне 

және  сот  әдебінің  қалыптасуына  әсер 

ету,  адамгершілік­әдеп  нормаларының 

судьялардың  сана­сезіміне  және  кәсіби 

сапасының  қалыптасуына  әсер  етуі, 

соңғысы  сот  әдебі  кодексінің  міндетті 

нормасы ретінде кәсіби және қызметтен 

тыс мінез­құлықтың әдептік бастамаларын 

бекіту  секілді  сатылардың  нәтижесінде 

қалыптасады.

Құқықтық  сана  әділсоттың  өнегелі 

әдеп  негіздерін  сот  әдебі  тұрғысынан 

қарастырады.  Оның  үстіне,  сот  ісін 

жүргізудің  өнегелі  негіздеріне  арнал­

ған  салалық  зерттеулерде  «сот  әдебі» 

м е н   « с о т т ы қ   ә д е п »   т ү с і н і к т е р і н і ң 

сабақтастырылғандығы  байқалады. 

Әрине,  екі  түсінік  те  әділсоттың  өнегелі 

негіздерінің  элементі  болып  табыла­

тынына  қарамастан,  әрқайсысы  өз 

бетінше тапсырмалар мен пәнді иеленеді. 

Сондықтан,  екі  түсінікті  қосумен  келісу 

қиын.


Әдептіліктің негізгі мақсаты – адамға 

жамандықтың  зияндығын  түсіндіріп, 

жағымсыз  қылықтардан  бойын  аулақ 

ұстауға үйретіп, тура жолда адамгершілік 

жолын  сілтеу,  адалдықтан  ғанибет 

алу,  елдің  алғысына  бөлену,  халқын 

риза  ету.  Ал,  әдептілік  –  турашылдық, 

азғыруға  қарсы  тұра  білу,  адамдарға 

қайырымдылық  жасау,  мейірбандық 

көрсету, со нымен қатар, қанағатшылдық, 

кішіпейілділік,  кешірімділік,  өзінің  ғана 

емес,  өзгелердің  де  тілек­талаптарын 

құрметтеу,  ұқыптылықты,  тазалықты, 

тәртіпті  қатаң  сақтау  қағидаларынан 

тұрады. 

Сот әдебі кодексінде баяндалғандай, 

әркімнің  өз  құқықтары  мен  бостан­

дықтарын  сот  арқылы  қорғау  жөніндегі 

конституциялық  құқығын  іске  асыру 

үшін  Қазақстан  Республикасы  атынан 

сот  төрелігін  жүзеге  асыру  кезінде  тек 

Конституция  мен  заңға  ғана  бағыну 

судьяның адамгершілік және моральдық 

әдептік бейнесіне жоғары талаптар қояды.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 1.18 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет