АҢдатпа 7-бет 5-бет



жүктеу 1.18 Mb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата20.03.2017
өлшемі1.18 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 Гүлнар ЖАМАНҚҰЛОВА, 

Алматы қалалық 

ІІД баспасөз қызметкері

Жаңа технология

ту орталығында электронды цифрлы қолтаңба 

алуы  қажет.  «Сот  кабинеті»  сервисі  арқылы 

заңды  тұлғалардың  мемлекеттік  баж  төлеу 

мәселесі де шешімін тапқан. 

«Сот  кабинеті»  және  «Сот  құжаттарымен 

танысу» электронды сервистері Жоғарғы Сот-

тың www.sud.kz ресми сайтында іске қосылған. 

аталған қызметтерді электронды цифрлы қол-

таңбасы бар кез келген азамат тұтына алады.

Қармақшы аудандық сотында «Сот кабинеті» 

тақырыбы бойынша әрқашан дөңгелек үстелдер 

болып өтеді. Қазіргі таңда біздің сотқа заңды 

тұлғалардан келіп түсетін талап арыздар 100 

пайыз электронды түрде жіберіледі. Ол соттың 

да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен 

жұмысын азайтады. Мысал келтіретін болсақ, 

азамат немесе заңды тұлға өзінің уақыты мен 

қаражатын кетірмей, үйінен талап арыз жіберсе, 

ол электронды түрде соттың базасына түседі. 

Сот қызметкері дайын электронды түрде түскен 

арызды тіркейді. Ол үшін құжаттарды сканерден 

өткізіп, базаға салып жатпайды, өйткені, олар-

дың барлығы дайын түседі. айтып өтетін жайт, 

бұл жоба қызметкерлердің азаматтармен бай-

ланысын азайтады және сыбайлас жемқорлыққа 

бейімділікті жояды.

Бұған қоса, Жоғарғы Соттың және жергілікті 

соттардың  сайтында  «Сот  құжаттарымен  та-

нысу»  сервисі  іске  қосылған.  аталған  сервис 

сот  өндірісінің  жеделдігі  мен  қолжетімділігін 

қамтамасыз  ету  үшін  Қазақстан  Республика-

сы Жоғарғы Сотының сайтындағы электронды 

сот құжаттарымен танысуға мүмкіндік береді. 

Сотқа жүгінген азамат талап арызы тіркелгені 

туралы  талон  алады,  бірнеше  күннен  кейін 

оның ұялы телефонына оның арызы бойынша 

сот құжаты шыққаны туралы хабарлама келеді. 

Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа 

барып  уақытын  кетіріп,  қаражатын  шығындап 

әуреге түспейді.

Сот жүйесінде қазіргі заманғы технология­

ларды  енгізу  және  қолдану  сот  ісін  жүргізуді 

жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жоя-

ды деп есептеймін.



А.НҰРҒАЛИЕВ,

Қармақшы  аудандық сотының бас маманы

ҚызылОРДа ОБлыСы

Медиациямен бітетін істер саны артты

Кездесуде сот төрағасы жасалған 

жұмыстардың  статистикалық  де-

ректерін  қатысушылар  назарына 

ұсынды. Тоғыз айдың қорытындысы 

бойынша  статистикаға  сәйкес,  сот-

«Сот кабинеті» 

халық үшін тиімді



3

zangazet@maiI.ru



№111/1  (2889/1) 

8 қазан 2016

ЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ  ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН НЫҒАЙТУ 

ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ 

БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ – ХАЛЫҚТЫ ҚОЛЖЕТІМДІ 

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ. СОҒАН ОРАЙ, ҮКІМЕТ 

«ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА-2020» БАҒДАРЛАМАСЫН 

ДАЙЫНДАДЫ. НӘТИЖЕСІНДЕ ЕЛІМІЗДЕ ЖЫЛ САЙЫН 

МИЛЛИОНДАҒАН ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙ-

ДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ.

Банктердің ішкі 

саясаты ел заңдарына 

қайшы болмауы керек

Бүгінгідей қиын жағдайда мемле-

кет  бөлген  қаржыны  қомақты  деуге 

болады.  Бірақ,  несиені  төлей  алмай 

жатқан  борышкерлер  саны  да  көп. 

Және  қарыз  сомасы  5  триллионға 

жуық  екені  де  кезінде  айтылды. 

Жұмыссыздық  өз  алдына,  барының 

жалақысы  өте  төмен.  Коммунал-

дық  қызметтер  бағасы  өсуде.  30-

40  мың  теңге  айлық  алатын  адам 

несие төлей ме, әлде күнін көре ме? 

Несиені  банктер  аннуитеттік  әдіспен 

берді.  Мысалы,  алдымен  банктің 

үстемеақысы,  сыйақысы  өтеледі 

де,  негізгі  қарыз  сол  күйі  қалады. 

Соның  салдарынан  бүгінде  негізгі 

қарыздардың  мұрты  бұзылмай  тұр. 

Өйткені, борышкерлер 5-10 жыл бойы 

банктің  өсімақысын  құйып  келді. 

Арамызда бағдарлама аясында қайта 

қаржыландыруға  іліккендер  де  бар. 

Бірақ, аз. 

Несиені  доллармен  алғандардың 

әлеуметтік  жағдайы  да  ескерілуде. 

Шынымен де төлеуге шамасы жоқты-

ғы  тиісті  құжаттармен  дәлелденсе, 

188,35  курсқа  аударылуда.  Алайда, 

жоғарыда  айтқанымыздай,  соның 

өзіне ілігу оңай емес. Мысалы, қаржы 

әлеуметтік  жағдайы  төмен  жандарға 

бөлінгенімен,  банктер  тарапынан 

кедергілер  шығуда.  Атап  айтқанда, 

Казком,  АТФ,  БТА  ипотека,  Форте 

банк кепілде тұрған мүлікке қатысты 

мәселені  сотсыз  шешу  үшін  өтінішті 

нотариуспен  бекітіп  өткізуді  талап 

етуде.  «Тұрғын  үй  қатынастары 

туралы»  заңда  соттың  шешімінсіз 

бейбіт  келісіммен  кепілде  тұрған 

затты  бірден  беру  немесе  соттың 

шешімімен  алу  –  осы  екі  мәселе  де 

көрсетілген.  Сондықтан,  банктердің 

борышкерге  алдын  ала  мұндай 

т а л а п   қ о ю ы   з а ң с ы з .   О л а р   о с ы 

талаптары  арқылы  борышкерлер 

құқығына  нұқсан  келтіруде.  Себебі, 

борышкер  несиені  төлей  алмаса 

сотқа  шағымдана  ма,  әлде  соттың 

шешімінсіз үйді банкке беруге келісе 

ме – оны өзі шешеді. Банктің талабы 

заңға  қайшы  екенін  Ұлттық  банк 

отырыстарында  талай  көтердік. 

Ұлттық банкте «банктің ішкі саясаты» 

деген  ұғым  қалыптасқан.  Негізі.  кез 

келген банктің ішкі саясаты Қазақстан 

Республикасының  заңдарына  қайшы 

келмеуі керек. 



Үкіметтің қолдауын 

ортадағылар 

қармауда

Мен  өзім  күнделікті  көріп  отыр-

мын,  банктер  тарапынан  халық ты 

орынсыз  сандалту  көп.  ҚР  Ұлттық 

банкі  Қаржылық  қызмет  тұтыну-

шыларының  құқықтарын  қорғау 

жөнiндегi  департамент  директоры 

12  мың  борышкердің  банктерге 

өтініш  түсіргенін  және  соның  6-7 

мыңы жеңілдікке ие болғанын айтты. 

Алайда,  қоғамдық  бірлестіктерден 

саусақпен  санарлық  адам  ғана 

ілігуде.  Мүгедектер  де  кірмеуде. 

Сонда  банктер  қаржыны  кімдерге 

беруде,  белгісіз!?  Екінші  деңгейлі 

банктердің заңға қайшы әрекеттерін 

м ы н а   ж а ғ д а й л а р д а н   д а   к ө р у г е 

болады.  Мысалы,  сату-сатып  алу, 

техпаспорт  т.б.  үй  құжаттарының 

бірде-бірі борышкерлер қолында жоқ. 

Барлық түпнұсқа банкте. Сөйте тұра 

олар сол құжаттардың көшірмелерін 

нотариуспен бекітуді сұрайды. Және 

банк  өкілдері  баратын  нотариусқа 

өздері  жол  сілтейді.  Бәлкім,  олар 

таныс  нотариустарының  жұмысын 

жүргізгісі  келетін  шығар.  Алайда, 

бұл  жерде  нотариустар  да  заңды 

белінен  басуда.  Өйткені,  кез  келген 

құжат  түпнұсқамен  ғана  бекітілуі 

тиіс. Құжаттың түпнұсқасын көрмей, 

құр  көшірмені  бекіткені  үшін  нота-

риустарды  сотқа  беруге  болады. 

Банктер  мен  нотариустар  арасында 

осындай  да  заңсыздықтар  орын 

алуда. Тағы бір мысал, борышкердің 

ажырасқанын растайтын құжаты бар. 

Бірақ, оның көшірмесі де нотариуспен 

бекітілуде. Одан кейін банктің өзінде 

тұрған анықтаманы алу үшін 4-5 мың 

теңге  төлейсіз.  Яғни,  банктегілер 

борышкердің  қанша  қарыз  екенін 

беске  біледі.  Бірақ,  қарыз  туралы 

а н ы қ т а м а   т а л а п   е т е д і .   Б ұ л   д а 

халық  қалтасын  қағудың  бір  жолы. 

Бір  жиында  А.Терентьев  мырзаға 

борышкер  өзінің  құжат  тапсыруы 

үшін  15  мың  теңге  төлегенін  айтты. 

«2000  теңгені  төлей  салмай  ма?» 

деген Форте банк өкілі: «2000 теңгені 

қиынсынған борышкер несиені қалай 

өтейді?» – деп сұрақ қойып, оған өзі 

Президент  жолдауында  «Қолжетімді  баспананы»  дамытудың  жолдарын 

көрсетіп:  «Біз  жарты  мил ли он  нан  ас там  жас  отбасын  жеке  баспанамен 

қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл үшін жалға берілетін тұр ғын үй алаңын 1 миллион 

шар шы  метрге  жеткізу  қажет.  Ұзақ  мерзімді  жалға  беруде  сатып  алы натын 

және  сатуға  жат пайтын  екі  түрлі  жолды  қарас тыру  қажет.  Оған  қоса,  жалға 

алғаны  үшін  жа са латын  төлем  әл-ауқаты  орташа  от ба сы  мүмкіндігіне  сай 

болуы тиіс», – деген еді. Соған орай, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын 

үй  құрылысы  жинақ  ақшасы  туралы»  заңға  өзгерістер  мен  толықтырулар 

енгізілді.  Жаңадан  енгізілген  толықтыруларда  тұрғын  үй  құрылысы  жинақ 

банктерінің тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі бағдарламасын іске асыру 

туралы  Елбасының  тапсырмасын  орындау  үшін  бақылаушы  органдармен, 

соның  ішінде  Қазақстан  Республикасының  Бас  прокуратурасымен  өзара 

іс-қимыл  туралы  меморандумға  қол  қоюға  ниетті.  Бұл  туралы  биыл 

алғашқы  отырыс  өткізген  осы  қоғамдық  институттың  мүшелері  мәлімдеді. 

Сонымен  қатар,  отырыста  қоғамдық  кеңеске  жаңа  мүшелер  қабылданды.  

Кеңес құрамына Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, саясаттанушы 

Айдос Сарым, танымал журналист, тележүргізуші және медиа-жаттықтырушы 

Сергей Пономарев, қоғам қайраткері Мереке Құлкенов, жылжымайтын мүлік 

бойынша  сарапшы  Ирина  Лукьяненко,  «Болашақ»  қозғалысының  жетекшісі 

Дәурен  Бабамұратов,  «Караван»  газетінің  экономикалық  шолушысы  Сергей 

Туник, «Время» газетінің шолушысы Михаил Козачков және банк салымшылары 

кірді. 


Іргетасы  қаланғалы  бері  қоғамдық  кеңес  Тұрғын  үй  құрылыс  жинақ 

банкінің қарапайым салымшыларының мәселелерін шешіп келеді. «Біз тікелей 

атсалыстық, нысандарды барып көрдік, көшпелі отырыстар ұйымдастырдық. 

Өздеріңізге мәлім, Елбасының тапсырмасымен Үкімет жаңа «Нұрлы жер» атты 

тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бұл – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 

салымшылары үшін өте жағымды жаңалық. Енді бұл кеңес ең алдымен осы 

бағдарламаны іске асырудың ашықтығын, құрылыстың салыну мерзімдері мен 

сапасын бақылауға бел буып отыр», – дейді қоғамдық кеңес мүшесі Сергей 

Пономарев. 

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» 

АҚ  жанындағы  қоғамдық  кеңес  2014  жылы  құрылды.  Мақсаты  –  Өңірлерді 

дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын (2015 жылғы 1 қаңтарға дейін 

– «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы) іске асыру барысы туралы 

қоғамға  толыққанды  әрі  объективті  ақпарат  беру.  Осы  уақыт  ішінде  жалпы 

ауданы  109  мың  шаршы  метр  болатын  30-дан  аса  сақалды  құрылыстың 

мәселелері шешімін тапты.



Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі 

ТҰРҒЫН ҮЙГЕ 

ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТТЫ

жауап таба алмады. Меніңше, үкіметтің 

қарызды  қайта  қаржыландыру  үшін 

халыққа  жасаған  жеңілдігін  банктер 

пайдаланбауы тиіс. Халық шырылдап 

ж ү р .   О л а р д ы ң   д а у ы с ы н   е ш к і м 

естімейді.  Департаментке  барамыз, 

олар  бәрін  үкімет  қолдап  жатыр, 

дұрыс  болады  дейді.  Жеме-жемге 

келгенде  банктердің  қолдан  жасап 

отырған кедергілері орасан. 

Ата-аналар алған 

қарызды өздері 

шешкісі келеді

Бағдарламаның  талаптары  өте 

жоғары. Үйдің көлеміне байланысты, 

алған  сомаң  200  мың  доллардан 

аспауы,  яғни,  37  миллион  теңгеге 

ж е т п е у і   к е р е к .   О д а н   к е й і н   т е к 

борышкердің  жеке  басына  қарайды. 

Оның  отбасында  мүгедек  немесе 

қарт  кісілер  болуы  мүмкін.  Олар 

ескерілмейді.  Мысалы,  2005-те 

несие  алған  көпбалалы  отбасының 

үлкендері  бүгінде  кәмелеттік  жасқа 

жетті. Сол үшін олар ілікпейді. Бүгінде 

көпбалалы  аналардың  балаларының 

өзінде  несие  бар.  Өз  отбасыларын 

зорға  асырап  жүр.  Сондықтан,  ата-

аналар өздері алған қарызды өздері 

шешкісі  келеді.  Көпбалалы  ана 

статусынан ешкімнің айыруға құқығы 

жоқ.  Бірақ,  банктер  балаларының 

кәмелеттік  жасқа  толғандығын  алға 

тартып, аналардың құқығына нұқсан 

келтіруде.  Бізде  жұртты  жаппай 

жұмыспен қамтып, айлығын уақтылы 

беріп  отырған  зауыт-фабрика  бар 

ма?  Бәрінің  баратыны  базар,  көше 

жағалап  қолдарына  түскенін  сатуда. 

Мүгедек  жандардың,  қайтыс  болған 

борышкердің  қарызын  толық  кешіру 

мәселесін  көтеріп  жүрмін.  Бірақ, 

оны елеп-ескеріп жатқан ешкім жоқ. 

Үстемеақыларды  кешіргені  үшін  10 

пайыз салық төлену тиіс. Бағдарламаға 

кіргендерді салықтан босатуға болады.



Қаржы бергенімен, 

мәселе шешілмейді

Үкімет қаржыны бөлмей-ақ қойсын. 

Өйткені,  одан  мәселе  шешілмейді. 

Қарызды  түгелдей  кешірсін.  Себебі, 

бұл қарыз 20 жылда онсыз да құнын 

жоғалтады.  Сондықтан  да,  үкімет 

бұған  салмақты  және  салауатты 

түрде  қарауы  тиіс.  Банктің  баланс 

секторын  өтелмеген  қарыздардан 

тазарту мақсатын қойып отыр. Бірақ, 

мынадай  әдіспен  ешқашан  тазалай 

алмайды.    Қарызы  кешіріліп,  халық 

еңсесін көтерсе, ары қарай тірліктерін 

жандандырып  кетеді.  Экономиканы 

банк  емес,  халық  көтереді.  Банк-

терге  халықты  жем  етуден  ештеңе 

шықпайды.  Халық  қазір  қарызға 

шырмалып, қол-аяғы байлаулы отыр. 

Біз Еуропа емеспіз. Мысалы, шетелдің 

с а л ы ғ ы н   б і з б е н   с а л ы с т ы р ғ ы с ы 

келеді. Алдымен шетелдің өмір сүру 

деңгейін  салыстырсын.  Олардың 

ж а л а қ ы л а р ы ,   т ұ р м ы с - ж а ғ д а й ы 

біздікімен  мүлде  сай  келмейді.  50 

мың  жалақысы  бар  қызметкермен 

500  мың  айлық  алатын  шенеуніктің 

ақшасын  қосып  жалақының  орта 

есебін шығару – өзімізді-өзіміз алдау. 

Мысалы, 2009 жылы ай сайын төлеп 

жүрген проблемасыз борышкерлерге 

10  миллиард  теңге  бөлінді.  Мен 

Ұлттық  банктің  жұмыс  тобындамын. 

БАНК ЖҰМЫСЫ

Қарап  отырсам,  2009  жылы  қайта 

қаржыландырылғандар,  яғни,  көмек 

алғандар  да  қазіргі  бағдарламада 

жүр.  Сондықтан,  банктік  жүйені 

өзгертіп,  пайыздың  көлемін  түсіру 

керек.  Қазақстандағы  банктердің 

пайызы еш елде жоқ. Кепілде тұрған 

үйлердің  басым  көпшілігі  ескі.  1949, 

1956 жылғы үйлер бар. Қазіргі курспен 

есептесең  бағасы  сұмдық.  Кезінде 

банктен  7  миллионға  алынған  үйлер 

қазір 21 миллионға шығып тұр. 

Банктер кезінде 200 мың долларға 

бағаланған  үйлерді  борышкерден 

алып, 50 мың долларға басқа біреуге 

сата салады. Өйткені, ол үйдің құны 

баяғыда  өтеліп  қойған.  Бұл  жердегі 

банк саясатын қалай түсінуге болады? 

Борышкерге де неге солай кешірмеске?  

Қазақстан  банктері  2018  жылы 

халықаралық  Базель-III  стандартына 

кіруі керек еді, ол 2021 жылға созылды. 

Елбасы  халыққа  жолдауында  бұл 

стандартқа проблемалы несиелерден 

тазарып  кіру  керектігін  айтты.  Оның 

талаптары өте жоғары. 

Борышкер 

отбасындағылардың 

да жағдайы ескерілуі 

керек

Қаржы  20  жылға  берілді,  10  жыл 

бойы  банк  оны  өзі  айналдырады. 

2004-2009 жылдарғы қаржы да қазір 

банкте.  Сондықтан  да,  банктердің 

борышкерлерге қатал талаптар қоюы 

орынсыз.  Мысалы,  адам  жалғыз 

баспанасын қойып кәсіппен айналысу 

үшін  несие  алды.  Жұмысы  жүрмей 

қалып,  баспанасынан  айырылу  қаупі 

төнді. Соның өзінде жеке кәсіпкерсің 

деп оларды бағдарламаға кіргізбеуде. 

Егер  балаларының,  өзінің  жағдайы 

болса,  біздің  халық  үкіметке  қол 

жаймайды.  Бағдарлама  аясында 

жасалып  жатқан  жұмыстардың  көбі 

заңға қайшы. Мысалы, заң бойынша 

кепілдікте баспана тұрса, ол ипотека 

саналады. Бұл – банктен алған ақшаға 

жылжымайтын мүлік сатып алу деген 

сөз. Ал, ипотекалық тұрғын үй заимы 

дегеніміз  –  бар  баспанасын  банкке 

кепілдікке қойып қаржы алу. Қоғамдық 

бірлестіктер  банктермен  алысып 

жүріп,  қайта  қаржыландыруға  екінші 

санатты  да  кіргіздік.  Қалай  дегенде 

де,  жалғыз  баспана  екені  ескерілуі 

керек. Содан кейін тек борышкердің 

жеке басы емес, отбасындағылардың 

да  жағдайына  қарау  қажет.  Банкке 

қарыздардың  сауы  жоқ.  Бәрінің 

жүйкесі  жұқарған.  Мемлекет  бөлген 

қаржыдан  банктер  онсыз  да  пайда 

көруде,  енді  оны  халықтың  игілігіне 

жаратуға қаржыгерлер адал тер төксе 

деген тілек бар.



ҚОҒАМ

ҚАРЫЗҒА  БЕЛШЕСІНЕН  БАТЫП,  БАСПА-

НАСЫНАН  АЙЫРЫЛУ  ҚАУПІ  ТӨНГЕНДЕРГЕ 

Б Ы Л Т Ы Р   М Е М Л Е К Е Т Т І К   Б А Ғ Д А Р Л А М А 

АЯСЫНДА 130 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ. НАҚТЫ 

АЙТСАҚ,  ЕЛБАСЫ  ҮКІМЕТКЕ  2004-2009 

ЖЫЛДАРЫ ИПОТЕКАЛЫҚ ҚАРЫЗ АЛЫП, ОНЫ 

ӨТЕЙ  АЛМАЙ  ЖҮРГЕНДЕРДІҢ  НЕСИЕЛЕРІН 

3  ПАЙЫЗДАН  АСПАЙТЫН  ҮСТЕМЕАҚЫМЕН 

20  ЖЫЛҒА  ҚАЙТА  ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ 

ТАПСЫРДЫ.  ТАҒДЫР  ТАУҚЫМЕТІНЕ  ТҮСІП, 

ТҮРЛІ  ЖАҒДАЙМЕН  ТӨЛЕМ  ҚАБІЛЕТІНЕН 

АЙЫРЫЛҒАН  БОРЫШКЕРЛЕРДІҢ  ЖАЛҒЫЗ 

БАСПАНАСЫН  САҚТАП  ҚАЛУ  ҚАМЫМЕН 

ҚОҒАМДЫҚ  БІРЛЕСТІКТЕР  ҚҰРЫЛҒАНЫ 

БЕЛГІЛІ.  АЛМАТЫ  ҚАЛАСЫНДАҒЫ  «КӘУСАР-

БҰЛАҚ»  ҚБ-НІҢ  ТӨРАЙЫМЫ,  ЖҰМЫС  ТОБЫ-

НЫҢ  МҮШЕСІ  ҰЛДАНАЙ  ҚАМБАРОВАДАН 

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ 

ЖАЙ-ЖАПСАРЫН СҰРАП БІЛГЕН ЕДІК. 

Бетті дайындаған Түймегүл ИБАШЕВА

М


4

№111/1 (2889/1) 

8 қазан 2016

zangazet@maiI.ru

Соңғы  рет  мұндай  жиын  үш 

жыл  бұрын,  республикамыздың 

судья лары  және  Ресей,  Украина, 

Молдова,  Қырғызстан,  Грузия,  Сауд 

Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері 

мемлекеттерінің  судьяларының, 

халық аралық ұйымдар өкілдерінің бас 

қосуымен  елорда  төрінде  өткізілген 

болатын.

Съезде  Елбасымыз  республика 

соттарының  алдына  бес  тапсырма 

қойды:  елдегі  заң  нормаларын 

халық аралық  стандартқа  сәйкес­

тендіру,  сот  құрылымын  одан  әрі 

жетіл діру, даулар мен келіспеушілікті 

шешудегі баламалы әдістерді енгізу, 

сот  төрелегіне  халықтың  қолжетім­

ділік  аясын  кеңейту,  Қазақстанның 

сот  корпусының  кәсіби  біліктілігін 

жоғарылату.

Бүгінгі күні берілген тапсырмалар 

түгелдей дерлік орындалғанына көзіміз 

жетіп  отыр.  Айталық,  мемлекетіміз 

экономикасының  дамуына,  инвес­

тициялық ахуалдың жақсаруына 1999 

жылы  қабылданған  Азаматтық  іс 

жүргізу  кодексін  жаңарту  қажеттілігі 

туындады. Осыған орай, Елбасымыз: 

«Азаматтық сот ісін жүргізуді жаңғырту 

қажет.  Азаматтық  істерді  қарау 

тәртібі  процестің  тараптары  үшін 

ыңғайлы және тез, оларды бітістіруге 

және  заманауи  технологияны  кең 

қолдануға  бағытталуы  тиіс»,  – 

деген  болатын.  Уақыт  салып,  2015 

жылдың  31  қазанында  Қазақстан 

Республикасының  жаңа  Азаматтық 

процестік  кодексі  қабылданып, 

Елбасымыздың  аталған  заңнамаға 

қол  қою  рәсімі  жариялы  түрде 

жүргізілді. 

Жа ңа  заңның  мақсаты  азамат­

тардың  және  заңды  тұл  ға лардың 

конституциялық құ қықтарын, бостан­

дықтары  мен  заңды  мүдделерін 

сотта тиімді қорғау, дауларды қарау 

мен  шешудің  жеделдігін  арттыру, 

сот  актілерінің  сапасын  қамтамасыз 

ету  болып  табылады.  Одан  басқа, 

Азаматтық  процестік  заңнамада 

тараптар  сотқа  дейін  бітімгершілік 

тәртіпте  дауларды  шешуге  мүмкін­

шілік  алады.  Бұның  ішінде  жай 

ғана  медиация  емес,  одан  басқа, 

тараптардың  өкілдері  –  адвокаттар 

арасындағы  келісімге  келу,  яғни, 

партисипативтік жолмен дауды шешу 

тетігі  енгізіліп  отыр.  Бұл  мәселе 

бойынша  ағымдағы  жылдың  тамыз 

айында  Ақтөбе  облыстық  сотының 

төрағасы мен Ақтөбе облысының әкімі 

арасында  өзара  ынтынмақтастық 

туралы меморандумға қол қойды. 

Уақыт  ағысымен,  соттағы  іс 

жүргізуге  жаңа  технологиялар  да 

енгізілгенін  айта  кету  керек.  Бұдан 

жиырма  жыл  бұрын  судьялар  сот 

актілерін  жазба  машинкасымен 

шығаратын  болса,  қазіргі  уақыт­

БІТІМГЕРШІЛІК 

ДАЛА ТАРИХЫНАН 

БАСТАУ АЛАДЫ

2011  жылғы  5  тамызда  заңды  күшіне  енген  «Медиация 

туралы»  заңның  қабылдануы  сот  билігіне  қа тыс ты  орын  алған 

елеулі  өзгерістің  бірі  болды.  Медиацияны  қарапайым  тілмен 

айтқанда  бітімгершілік  деп  түсі ну ге  болады.  Яғни,  қандай  да 

бір  мәселе  бойынша  келіс е  алмаған  жеке  азаматтар  не месе 

заңды  тұлғалар  оны  соттан  тыс,  өзара  келісім  жағ дай ын да  шеше 

алады.  Сот  пен  медиация  арасында  көп  айырмашылық  бар. 

Қазақстан үшін батыс елдерімен салыстырғанда, медиация – мүлдем 

жаңа процедура. Бұл заң Қазақстан Республикасында медиацияны 

ұйымдастыру  саласындағы  қоғамдық  қатынастарды  реттейді, 

оны  жүргізу  қағидаттары  мен  рәсімін,  сондай­ақ,  медиатордың 

мәртебесін айқындайды. Жаңа қабылданған Заң жеке және заңды 

тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық 

қатынастарынан, сондай­ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа 

қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында 

қаралатын дауларды шешуге қолданылады. 

Медиация рәсімі оған қатыспайтын үшінші тұлғаның және әрекетке 

қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделеріне қатысты болған 

жағдайда қолданылмайды. Сонымен қоса, медиация тараптардың бірі 

мемлекеттік орган болып табылатын дауларға, сыбайлас жемқорлық 

қылмыстар  және  мемлекеттік  қызмет  пен  мемлекеттік  басқару 

мүдделеріне  қарсы  өзге  де  қылмыстар  туралы  істер  бойынша 

қолданылмайды.

Сот өндірісінен оның айырмашылығы – медиацияның нәтижесінде 

«кінәлілер» мен «кінәсіз» деген тараптар болмайды. Медиация, сонымен 

қатар, тараптарға қажетті құпияны жария етпеуге мүмкіндік береді. 

Қазақстан  Республикасының  «Медиация  туралы»  Заңы  бойынша 

дауларды  жеке  қарсылық  аясынан  шығарып,  мүдделі  пікірталас 

аясына беру көзделген. Мүдделі азаматтар мен ұйымдарға дауларды 

сотқа жүгінбестен, сотқа дейінгі сатыда қарау барысында шешу іс­

әрекеттерін бір жүйеге келтіру қамтылады. Медиацияның арқасында 

соттарда қаралатын істердің саны да айтарлықтай азаймақ.

Бұған  қоса,  Заңның  әлеуметтік  бағыты  да  баршылық.  Себебі, 

жергілікті қауымдастық деңгейінде пайда болған кейбір жанжалдарды 

медиация арқылы шешу мүмкіндігі заңмен реттеліп отыр. Дауларды 

сотқа  жеткізбестен,  өзара  бітімгершілікпен  аяқтау  судьялардың 

жүктемесін азайтып қана қоймайды, сонымен бірге, қоғамда орын 

алып отырған даулардың шешімін табуға септігін тигізіп, мемлекеттік 

мекеме атына айтылатын сынды да азайтпақ. 

Медиатор қызметіне нақтырақ тоқталатын болсақ, қырық жасқа 

толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар 

медиатор  қызметін  кәсіби  емес  негізде  жүзеге  асыра  алады. 

Медиатор болу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын 

тәртіппен даярлау бағдарламасын өткендігі жөнінде сертификат алуы, 

жоғары білімі болуы шарт. Ол адамның жиырма бес жасқа толуы және 

кәсіпқой медиаторлар тізілімінде тұруы қажет.

Медиаторлар  тәуелсіз  және  бейтарап  болуы  тиіс.  Медиация 

тараптары  теңқұқылы  болады,  медиация  рәсіміне  араласуға 

болмайды.  Сонымен  қатар,  заң  талабына  сай,  медиатор  өзіне 

белгілі  болған  құпиялықты  сақтауға  тиіс.  «Медиация  туралы» 

заңда  медиаторға  қарсылық  білдіру,  медиациядан  бас  тарту 

сияқты талаптар да қарастырылған. Жалпы, «Медиация туралы» 

заңның  9­бабына  сәйкес,  тәуелсіз,  бейтарап,  істің  нәтижесіне 

мүдделі  емес,  медиация  тараптарының  өзара  келісімі  бойынша 

таңдалған,  медиаторлар  тізіліміне  қосылған  және  медиатордың 

функцияларын  орындауға  келісім  берген  жеке  тұлға  медиатор 

бола алады. 

Түптеп келгенде, медиация институты қазаққа жат емес. Медиа­

цияны  көп  жағдайда  алаш  жұртында  орын  алған  ежелгі  билер 

сотымен салыстырып жатады. Оған себеп, медиация бітімгершілік 

пен ымыраластыққа бағытталған. Бір кездегі қазақтың билер сотының 

қазіргі сот жүйесінен ерекшелігі, ондай билерді ешкім сайламаған да, 

тағайындамаған. Бұқара халық өзі мойындап, әділдікті ту еткендердің 

алдына жығылып отырған.

Екіншіден, қазақ билері әділ төрелік жасағанда, ең алдымен кеткен 

шығынды қалпына келтіру мәселесін қаперде ұстанатын. Бұл да – 

бүгінгі біздің қоғамның сұранып тұрған өзекті мәселесі, медиацияның 

негізі  де  осы.  «Медиация  туралы»  заңның    сот  саласында  тигізер 

пайдасы зор. Алайда, іс жүзінде медиацияны қолдану барысы баяу 

екенін байқауға болады.  

Медиация барысында медиатор екі жаққа да медиацияның рөлі 

және оның құқықтық әсерлері жөнінде толық мәлімет беру керек. Бұл 

ретте екі жақтың да құқығы бірдей екенін және олардың бір­ біріне 

сыйластықпен қарау керектігін түсіндірген жөн. 

Медиация  бірнеше  қадамнан  құралады.  Басталар  алдында 

медиатор  оған  дайындық  жүргізеді.  Тараптарды  тыңдап,  даудың 

«басын»  шешіп,  екі  жақтың  позициясы  жөнінде  мәлімет  жинайды. 

Барлық құжаттардың көшірмесін алып, медиатор даудың «тарихын» 

сызады.  Медиацияның  бірінші  қадамында  медиатор  тараптардың 

әрқайсысынан  даудың  «тарихын»  тыңдап,  қандай  сұрақтарды 

талқылау  қажеттігін  шешеді.  Бұл  ретте  медиатор  нақты  тыңдау 

және рефрейминг (қайталап сұрап, конструктивті мағынасын табу) 

шараларын қолданады.

Екінші  қадамда  медиатор  екі  жақтың  талабын  тыңдап,  ол 

талаптың қайсысы болашақта тараптарды біріктіретінін жобалайды. 

Бұл  кезде  медиатор  нейтралитет  сақтауы  қажет.  Үшінші  қадам 

кезінде  медиатор  тараптарға  даудың  түрлі  шешімдерін  ұсынады. 

Төртінші  қадамда    медиация  шешімі  дайындалады.  Тараптардың 

қатысуымен медиатор болашақ шешімнің талаптарын оқып береді 

және оның әр бабын талқылайды. Медиацияның бесінші қадамында 

медиация  шешіміне  екі  жақ  қол  қояды.  Медиациялық  шешім 

олардың екеуінің де көңілінен шығуы керек. Осы орайда медиаторға 

жүктелетін  міндет  өте  ауыр  десе  болады.  Медиатор  шын  мәнінде 

адамдармен тіл табыса алатын психолог әрі сабырлы, байыпты жан 

болуы тиіс.

Қорытындылап келгенде, медиацияның біздің елімізде болашағы 

бар  деуге  болады.  Қазірдің  өзінде  заңның  тиімділігін  түсініп,  ісін 

сотқа жеткізбей, өзара келісім арқылы шешетіндердің көбеюі осыны 

аңғартады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 1.18 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет