16
№111/1 (2889/1)
8 қазан 2016
zangazet@mail.ru
алаң жұрт
үгінде АлмАты қАлАсының экологиялық жАғдАйы өте
нАшАр деңгейде. Әсіресе, АуАсының құрАмы мАмАндАр-
ды АлАңдАтып отыр. мӘселен, қАзіргі тАңдА қАлА АуА-
сының құрАмындАғы оттегінің үлесі 17 пАйызғА Әзер
жетеді екен. эколог-мАмАндАр «мұндАй экологиялық
АхуАлды оңАлтудың жАлғыз жолы – АғАш егу» дейді.
Ал, АлмАты қАлАсындАғы АғАштАрдың сАны жыл өткен
сАйын АзАйып бАрАды. «бір тАл кессең, жүз тАл ек» деген
қАғидАны ескермеуіміздің соңы АлмАтының экология-
лық АхуАлын одАн Әрі нАшАрлАтАтын түрі бАр.
б
Алматының экологиялық жағдайы
на орай экологмамандар талай рет
дабыл қаққанымен, табиғатқа жа
нашырлық таныта алмай отырмыз.
Мәселен, соңғы бес жылда Алматы қа
ласының ағаштары 100 мыңға азайып
кеткен. Ал қалай болса солай оталып
жатқан ағаштарға тыйым салмасақ,
алдағы уақытта жасыл желегімен
көмкеріліп, көрік беріп тұрған қала
бар әсемдігінен айырылып, ағашсыз
жалаңаш қалуы әбден мүмкін.
Айта кетер жайт, соңғы кездері
Алматыдай ажарлы қаланың ағашта
рының рұқсатсыз кесілу дерегі де
жиілеген. Қала әкімдігінің рұхсатымен
онсыз да кесіліп жатқан ағаштардың
орнына шыбық егу үрдісі де сақта
ла бермейтін көрінеді. Өткен жылы
Алматы қаласында 15 мың түп ағаш
рұқсат бойынша кесілген. Алайда,
олардың орнына егілген ағаштар ту
ралы дерек жоқ. Рұқсатсыз кесілген
ағаштардың саны да белгісіз бо
лып тұр. Алматы қаласы әкімдігінің
мәліметіне сүйенсек, 2010 жылы Ал
матыда 1 470 000 ағаш болса, қазір
1 360 000 ағаш қалған. Әкімдік кел
тіріп отырған мәліметке орай, маман
дар «егер осылай жалғаса беретін
болса, Алматыда 60 жылдан кейін
ең соң ғы ағаш кесіледі» деп жазады.
Шын мә нінде Алматыдай әсем қа
ланың әде мілігін сақтап қала алмау
әрбір ал матылыққа сын екені даусыз.
Расында да, соңғы кездері Алматы
қаласында ағаштарды жаппай отау жиі
орын алып кетті. Жергілікті басқарушы
билік өкілдері «біз тек түбі шіріген,
ұзақ жасаған ағаштарды ғана кесу
деміз. Алматыдағы жасыл желектің 80
пайызы 125 жыл болған ескі ағаштар,
оларды бағалы тұқым ды ағаштарға
алмастыру қажет» дейді. Соған қа
рамастан, сол кесілген ағаштардың
орнына егіліп жатқан талдарақ тағы
жоқ. Әйтпесе жерге шы бық қадасаң
терекке айналатын, то пырағы құнар
лы, жер жаннаты саналатын Жетісу
өңірінде бес жылдың ішінде ағаш саны
осылай кемімес еді.
Ағаш егу мерекесін
өткізу дәстүрге
айналса...
Өткен жылы Алматы қаласында
көше бойы мен бақтарда өсіп тұрған
ағаштың көп оталып жатқанын айтып
дабыл қаққан эколог Мелс Елеусізов
қалада шамамен 30 мыңнан астам
ағаш кесіліп, экологиялық жағдайға
кері әсер еткенін айтқан болатын.
Тіпті, «Алматыда Кеңес Одағы кезінде
егілген ағаштың жартысынан азы қал
ды. Кесілген ағаштың орнын толтырып
жатыр ма, жоқ па – оны ешкім бақы
ламайды. Норма бойынша оталған бір
ағаштың орнына он ағаш егу керек
болатын. Бұл норманы үнемі бақылап
отыратын болса, Алматының айнала
сы қазір орман болып кетер еді», –
деген еді.
Осы орайда айта кетер жайт, жыл
сайын көктем мезгілінде Қытай елі
ағаш егу мерекесін атап өтеді. Бұл
мереке Қытай және Тайвань елдерін
де мемлекеттік мәртебеге ие. Бүкіл
халық 12 наурызда елдің бар аймақта
рында ағаш отырғызады. 1981 жылы
V Қытай халқының ұлттық конгресінің
төртінші отырысында «Ерікті ағаш егу
шарасы» туралы шешім қабылда
нады. Шешім қабылдау барысында
«Ағаш отырғызу күні» деп 12 наурыз
бекітіледі.
Бұл шешім талқыланған кезде 11
жастан 60 жасқа дейінгі әрбір дені
сау, ақылесі дұрыс азамат бір жылда
бес ағаш егіп, олардың өсіп кетуіне
ықпал етуі тиіс деген талаптар қарас
тырылған болатын. Егер де белгілі
бір себептерге байланысты ағаш егу
мүмкіндігі болмаса, ол өзге ағаштар
ды суару, әктеу, жанжағындағы арам
шөптерін жұлу, қопсыту сияқты жұ
мыстарға атсалысуға міндетті деп бел
гіленген. Қазіргі таңда жаппай ағаш
отырғызу шарасы бірқатар елдерде
әртүрлі мезгілде жүргізіледі. Ағаш
отырғызу шарасы Америка, Украина,
Оңтүстік Корея, Алжир, Мысыр, Жапо
ния, Бразилия, Германия, Португалия,
Бельгия, Италия елдерінде жыл сайын
өткізіліп тұрады. Сондықтан, біздің
елімізге де ағаш егуді дәстүрге айнал
дыратын кез жеткендей.
Табиғат
байлығын
қорғайтын заң
керек
Кейбір дамыған елдерде өсіп тұр
ған бір ағашқа немесе өз бетінше
көктеген кез келген өскінге заңсыз
қол тигізе алмайсың. Өйткені, олар
дың әрбір қылтанақты қорғайтын ар
найы заңы бар. Олардың әр қадамы
құқықтық тұрғыда дәйектелген. Мі
не, сондықтан да, біз үшін болмашы
нәрсе көрінетін шөп жұлу, бұтақ
кесудің соңы шетелде миллиондаған
айыппұлмен аяқталуы әбден мүмкін.
Ал, бізде бір ағаш түгіл, ормандар
гектарлап оталып жатса да, жазық
тының жазасыз қалатын кезі көп.
Заң осал ма, әлде талдарақ, жа
сыл желек, ормантоғайдың қадірін
білмейміз бе?! Заңның әлсіздігі ме,
тіпті, елімізде қаншама ағашты еш
жерден рұқсат алмастан кесіп тастай
салатындар бар. Мәселен, өткен
жылы Алматының «жасыл тәжі» Көк
төбедегі 400ден аса ағашты заңсыз
кесіп тас таған. Бұдан кейін не болды
дейсіз ғой. Бар болғаны – саябақ
әкімшілігіне айыппұл салынған. Атал
мыш мекеме кесуге рұқсат сұрамақ
түгіл, кесілген ағаштардың орнына
басқа жерден ағаш егу туралы ой
ламаған да. Көркем Көктөбенің жа
лаңаштанып, есесіне түрлі ойын са
уық автоматтарының көбеюі, ке сілген
ағаштар дың орнына кафе са лынып
кеткені өз ал дына бөлек мә селе. Ал
матыдағы ағаш тарды кесіп, тек айып
пұл төлеумет құтылып кете берсек,
аз уақытта тұтас қаланы ағаш сыз
қал дыруымыз әбден мүмкін ғой. Бәл
кім, осы орайда ағаштардың құқын
қор ғайтын заң керек шығар?!
Айта кетер жайт, Көктөбені тықыр
лап отырғанымыз бірінші рет емес,
Yvision.kz блогплатформасында жа
рияланған Google Earth мәлімет
теріне сүйенсек, 2013 жылдан бері
Көктөбеде 1,7 гектар көшет кесілген
көрінеді. Айыппұл аз болған соң әр
кім ойына келгенін істеп отырғаны,
міне, осыданақ көрінеді. Әсіресе,
қал талылар үшін ағаштың қалың
Әсемдікке жасалған
қиянат
Алматы қаласы әкімдігінің мәлі
метінше, Алматыдағы жасыл желек
тің 80 пайызы 125 жыл болған ескі
ағаштар, сондықтан, оларды бағалы
тұқымды ағаштарға алмастыру қа
жет. Осы орайда, Алматы қаласында
2016 жылы 2,3 мыңнан астам шіріген
ағашты кесу жоспарланған көрінеді.
Дерек көздеріне сүйенсек, 2011 жылы
Алматы қаласында қураған 4 мың
ағаш кесілген. Олардың орнына кө
галдандыру мекемесі үйеңкі, емен,
шаған сынды жапырақтұқымдас және
қылқанжапырақты 27 мың түп ағаш
отырғызуды жоспарлаған екен. Қала
ның жасыл қорын жаңарту мақсатын
да 2012 жылы 9 мыңдай ағаш кесілген.
Ағаштарды кесіп, санитарлық отау
жұмыстарына қала бюджетінен 628
млн теңге де бөлінген көрінеді. Жыл
соңына дейін кесілген ағаштар орнына
28 мың екпе көшеттері отырғызылаты
ны да айтылған.
Ал, өткен жылы қалада 2,3 мыңнан
астам шіріген және кәрі ағаштарды
кесу жоспарланған. Жалпы саны 11,1
мың құлағалы тұрған ағашты кесу
ге рұқсат етілген. Сонымен қатар,
заң сыз кесілген ағаштар бойынша
өтем ақылық міндеттеме есебінен 45
мыңға жуық ағаш көшетін отырғызу
көзделген. Бұл арнайы рұқсатпен
кесілген ағаштар саны болса, рұқ
сатсыз кесілгендері қаншама?! Тіпті,
өтемақылық есебінен қайта егілуі тиіс
көшеттер қай жерге отырғызылғаны
жөнінде де деректер жоқ. Сонысына
қарағанда, бұл жаза айтылған жерде
қалатын сияқты.
Шетелде жол салу
үшін бір ағашты
айналып өтеді,
ал, бізде...
Алматыда алты жолайрықты салу
үшін жалпы саны 3900 ағаш кесілген.
Оның орнына 9500 тал отырғызыла
тыны айтылған. Бірақ, ойға алынған
істің орындалуы кемшін. Сонда жасыл
желектің жоқтаушысы кім?!
Қайбір жылы «Жасыл желекті қор
ғау» экологиялық ұйымының бел
сенділері қала басшылығы мен сол
ағаштарды құрылыс үшін кесетін
кәсіпкерлерге наразылығын білдірді.
Алайда, ауыз толтырып айтарлықтай
нәтижеге жете алмады. Белсенді
салынатын аумақта 23 мыңға жуық
ағаш кесілген. Компания сарапшы
ларының есептеуінше, 21,5 гектар
орманды алқапта 22 644 ағаш өсіп
тұр. «Қазақстан заңдары бойынша
мәжбүрлі түрде кесілетін ағаштар дың
орнына 58 907 ағаш отырғызылуы
тиіс болған, ал, бюджетке келтірілген
шы ғын есебінен 1 824 259 теңге төле
неді» делінген хабарламада. Айыппұл
дың қайда, қалай төленіп жатқанын
қойшы, егілген ағаштар қайда?!
Кесілгенінен
қалғаны өртелуде...
Еліміздегі орман өрттері де ағаш
тардың күрт азаюына ықпал етіп
отыр. Мәселен, Алматыдағы қорық
аумағында 2011 жылдың 17 мамырын
да болған алапат дауыл салдарынан
құлаған 100 мыңнан астам ағаш сол
күйі жиналмай қалған. Нәтижесінде
сол қураған ағаштар келер жылы
өрт тің өршуіне себепкер болды. Ал
маты маңындағы тауларда тұтанған
өрт 2012 жылы 18 гектар алқапты
жалмағаны көпшіліктің есінде. Бұдан
кейін де Алатаудағы өрт үйреншікті
жағдайға айналды. Бір шыршаның бой
көтеруі үшін 50 жылдай уақыт керек.
Дала өрті Алматы тауларының басты
байлығы – көк шыршаны қынадай
қырып барады. 2015 жылдың басынан
бері мемлекеттік орман қорының ай
мағында 47 өрт оқиғасы орын алған.
Мамандардың айтуынша, орман өрт
терінің басым бөлігі немесе 67 жағдай
Шығыс Қазақстан облысында және
50 жағдай Павлодар облысында орын
алған көрінеді. Ал, Алматы қаласын да
өткен жылы жасыл желекті отаған дар
ға 117 хаттама толтырылып, 5 мил
лион теңгеге жуық айыппұл салынып
ты. Сол орман өрттерінің алдын алсақ
бол мас па?!
Жергілікті
тұрғындар отын
мәселесін шешіп
алған
Жасыл желекке оранған Алматы
ның өзі ғана емес, қала сырты да осы
уақытқа дейін жайқалып тұратын.
Соңғы кездері Алматыға кіреберіс
жол дардағы жағалай орналасқан
ағаш тардың айтарлықтай азайғаны
байқалады. Жол жиегіндегі кафе ие
лерінің кәуап пісіру үшін де, жақын
жердегі тұрғындардың отына тамызық
өскенінен гөрі сол жасыл желекті отап
тастап, орнына ақша түсетін мекеме
салған әлдеқайда тиімді. Олар пайда
дегенге халықтың игілігі, табиғаттың
көркеюі тұрғысынан емес, қалтаға
түсетін ақшаның көлемімен, аз күнгі
табыспен өлшейді. Біздің қоғамның
қасіреті осында. Шын мәнінде жасыл
желек – Алатауға көрік берген Алма
тының сәні, бар байлығы. Ендеше,
Алматыны жалаңаштауға неге сонша
тырысамыз?!
лердің жанайқайы айтылған жерінде
қалды да қойды. Тек Алматы билігі жол
айрығын салу үшін кесілген ағаштар
дың орнын артығымен толықтыруға
уәде берді. Сол кезде «оның басым
бөлігі сол нысандар аумағына отырғы
зылатыны айтылған». Десе де, күн са
нап көшеде қалқалайтын ағаш қалмай
бара жатқанын көз көріп отыр.
Қала ішін қойып, қала сыртындағы
ағаштарды да отап барамыз. Мәсе
лен, «КөкЖайлау» таушаңғы курорты
қылу үшін де жол жиегіндегі ағаштарға
балта алып жүгіре беруінің соңы Ал
маты айналасының жалаңаштануына
ықпал етіп отыр. Ағаш отаушыларға
қатаң жазаның жоқтығы осылайша жа
сыл желектің оталуына себеп болуда.
Жаңа жылдың бір күндік сауығы үшін
таудағы шыршаны аяусыз кесіп әкеле
салатындар да жетерлік. Бір шаңы
раққа бір шыршадан дегеннің өзінде
ғасыр бойы өсетін қылқанжапырақты
лардың қаншамасы қырқылып кетіп
жатқанын есептеу қиын емес. Ауадағы
улы газды өзіне сіңіріп, оттегін бөлетін,
даланы шөлге айналудан сақтайтын
ағаштарды аяусыз кесуін қоймаса,
адамзат үлкен апатқа ұшырауы мүмкін
екенін мамандар жасырмайды. Қазіргі
таңда ғалымдар жер бетіндегі орман
ды алқаптар жылына 5,2 млн гектарға
кеміп жатқанын айтуда.
Аяусыз оталған
орманның да
сұрауы жоқ
Қазақтың жері кең болғанымен,
орманы аз, 5 пайыздан астамын
да ғана ағаш өседі. Ағаштың дені
Шығыс Қазақстан (47 пайыз), Сол
түстік Қазақстан (18,6 пайыз), Алма
ты (10,7 пайыз) және Павлодар (8,1
пайыз) облыстарында шоғырланған.
Өкініштісі, жердің өкпесіне баланған
ормандардағы ағаштар селдіреп ба
рады. Қызылжарда ақ қайыңның 90
пайызы өседі. Ағаштың сұлуы – мың
бұралған қайыңның да басына қазір
қайғы бұлты үйіріліп тұр. Себебі, ол
отын ретінде аяусыз шабылып жатыр.
Жалпы, Біріккен Ұлттар Ұйымының
дерегінше, Жер шарының 2 миллиард
тан астам тұрғыны ағашты жылыну
жә не тағам пісіру үшін пайдаланып
отыр екен. Қазақстан тұрғындарының
да жартысына жуығы ауылда тұраты
нын ескерсек, ит тұмсығы өтпес ну
ор манның селдіреп кету себебін тап
қандаймыз. Бұған өрт пен қар көшкіні
сияқты табиғи апаттардың кесірін тағы
қосыңыз.
Қазақ жері ормандарының тек
12 пайызын ғана бағалы саналатын
қылқанжапырақты ағаштар алып жа
тыр. Жаңа жыл мерекесіне жыл он
екі ай жапжасыл реңін жоғалтпайтын
дәл осы ағаштар пайдаланылады.
Шырша ғасырдан астам уақыт өседі,
ал, адамдар көбіне ендіенді тамыр
таратып келе жатқан 1520 жылдық
жас ағаштарды кеседі. Жылына нақты
қанша шыршаға балтаның жүзі тие
тінін ешкім дөп басып айта алмайды.
Алайда, әлі күнге жылына санаулы
ғана сантиметр өсетін шыршаға заң
жүзінде ара түсе алмай отырмыз.
Ормандарымыздың
60 пайызы
қартайған
Рас, Қазақстанда қылқанжапы
рақты ағаштарды кесіп, сатуға тыйым
салынған. Бірақ, тыйым бәріне бірдей
емес, мемлекеттік мекемелерге тірі
шырша қоюға рұқсат берілген. Мыса
лы, өткен жылы Солтүстік Қазақстан
облысында 1088 қылқанжапырақты
ағашты кесуге рұқсат беріліпті. Бұл
– рұқсат берілгені ғана, ал, ешкімнің
рұқсатынсыз кесіп, базарға апарып
сатып жатқандар қаншама!
Атап айта кетерлік жайт, қазіргі
таңда еліміздегі барлық орманның 60
пайыздайы қартайған көрінеді, ал, жас
ағаштар жалпы ағаштар санының 15
пайызын ғана құрайды екен. Сонда
кесілген ағаштың орнына еселеп ағаш
отырғызу қағидасы қайда?! Демек,
бұл міндетті ешкім орындап отырған
жоқ. Ең болмаса кесілген ағаштардың
орнын жыл сайын жас көшеттермен
толықтырып отырсақ мұншалықты
дабыл қаға қоймас едік.
Осыдан мыңдаған жыл бұрын жер
дің құрғақ бөлігін тегіс ормандар жа
уып жатқан екен. Бүгінде оның 31 па
йызында ғана ағашты алқаптар қалды.
Бұған қарап орманды біз ғана отап
жатпағанымызды түсінеміз. Бірақ, өзге
елдер қауіпті дер кезінде бағамдап,
әрекет етуге кіріскен сияқты. Мыса
лы, Біріккен Ұлттар Ұйымы таратқан
мына бір мәліметте 20052010 жылдар
аралығында әлемнің 80дей елінде
орманды алқаптар көбейе бастағаны
айтылған. Испания, Италия, Норвегия,
Уругвай, Чили, Куба, Тунис, Морокко
сияқты елдерде орман алқаптарының
аумағы артқан. Біздің құрлықта Қы
тай, Үндістан, Вьетнам мен Филиппин
бастаған елдер табиғатты ерекше
қорғауға алған көрінеді, соның есебі
нен оң нәтижеге қол жеткізген.
Ендеше, бізге де оталған орманда
рымызды қалыпқа келтіріп, жыл сайын
тозып бара жатқан, пайдалануға жа
рамсыз жерге айналған өңірлерімізді
қамқорлыққа алатын кез жеткен секіл
ді. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын»
деген сөз бар. Еліміздің әрбір тұрғыны
тал егуді әдетіне айналдырса кеңбай
тақ жеріміздің де сәні кіре түсер еді…
Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ,
«Заң газеті»
ЭКОлОГИялыҚ АхУАлДы
ОңАлТУДың ЖАлғыЗ
ЖОлы – АғАШ ЕГУ