АҢдатпа 6-бет 3-бет


Е.КАМАЛ ҮЗДІÊТÅРÌАÐАПАТТАËДЫ



жүктеу 0.51 Mb.
Pdf просмотр
бет5/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3   4   5

Е.КАМАЛ

ҮЗДІÊТÅРÌАÐАПАТТАËДЫ

Бүгінде ұрлықты күнкөрістік кәсіп қылып, 

сонымен жан бағатын жас қыз-жігіттер қатары 

көбейіп барады. Бәлкім бұл шетелдік арзанқол 

кинолардың әсері ме, кім білсін. Көкшетау 

қаласында біреудің үйіне түсіп, 5 миллион тең-

генің алтын бұйымдарын ұрлаған азамат қолға 

түсті. Оның басқа да онға тарта қылмысқа қа-

тыстылығы дәлелденіп отыр.

Соңғы кездері Көкшетауда коммерциялық 

үйлер көптеп салынуда. Ақшасы бар адамдар 

басын  ауыртпай  барлық  жағдай  қарасты-

рылған кең, жайлы пәтерлерді сатып алады. 

Әрине, мұндай көп қабатты бағасы қарапайым 

жұрттың қалтасы көтермейтін  жайлы үйлер-

ге  бақуатты адамдардың ғана қолы жететіні 

белгілі.  Егер  қарапайым  қисынға  салсақ, 

коммерциялық сәулетті қымбат үйде байлар 

ғана тұрады және олар ақшалары мен бағалы 

заттарын тек банкте  емес, үйлерінде де сақта-

уы мүмкін. Ұрлықты кәсіп қылған жас жігіт 

те осылай ойлаған сияқты. Қылмыс жасардың 

алдында үйді біраз бақылып, қалай кіріп, қалай 

кететінін де алдын ала жоспарлап алған болса 

керек. Қызығы сол, ұры екінші қабатта тұратын 

пәтерге оның пластикалық терезесін арнайы 

кілтпен бұрап кеңіту арқылы ашып кіріпті. 

Үйде ешқандай саусақ ізін қалдырмағанына 

қарағанда қолғаппен жұмыс істеген сияқты. Еш 

ың-шыңсыз, жымын білдірмей кіріп, бақуатты 

қожайынның үйіндегі бес миллион теңгеге 

бағаланатын алтын бұйымдарын алып кеткен. 

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, із 

қалдырмаған кәнігі ұрыны ұстау да оңай бол-

маған. Сол маңайда тұратын көршілерден 

сұрап жүріп, ұрлық болған күні үй аумағында 

қалада сиректеу кездесетін шетелдік автокөлік-

тің тұрғаны белгілі болады. Сол автокөлікті 

іздеу арқылы көп ұзамай ұрының ізіне түседі. 

Қолға түскен жігіттен ұрланған заттардың бір 

бөлігі табылды. Қалғанын ол Астананың лом-

бардына тапсырып, ақшасын алған. Полиция 

қызметкерлері қазірдің өзінде бұл жігіттің 

қалада жасалған онға тарта пәтер ұрлығына 

қатыстылығын анықтап отыр. Оның серіктері 

болуы да мүмкін. Бұл бағытта да жұмыстар 

жүргізілуде. 

Қазіргі күні ұрыдан табылған алтын бұй-

ымдар иесіне қайтарылды. Тергеу амалдары 

біткен соң іс сотқа жіберіледі. Ұрлықты кәсіп 

етіп, бойындағы бар қабілет-қарымын, білік-

тілігін соған жұмсап жүрген 26 жастағы жігіт-

тің  ендігі тағдырын сот шешетін болады. 

Қалкөз ЖҮСІП,

«Заң газеті»

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ



Еліміздің тәуелсіздік 

алғанына 25 жыл толу 

мерекесі Қылмыстық 

атқару жүйесінің 

Алматы қаласы бой-

ынша департаментіне 

қарасты құрылымдар 

қызметкерлерінің 

арасында да лайықты 

деңгейде аталып 

өтілді.

ҰÐЫ ҚÎËҒÀ ÒҮÑÒІ

8

№145 (2923) 

27 желтоқсан 2016

zangazet@maiI.ru

ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІ

Тағдыр


Шара

Атырау қаласының тұрғынымын. 

2000 жылы он екі жаста, 7 сыныпта 

оқитын едім. Әкем де, анам да жа-

нымда, адам қызығатындай жанұя бол-

дық. Сыныптастарым кимеген киімді, 

тақпаған бұйымдарды тақтым. Күн-

дердің-күнінде әкем анамды тастап, 

өзінен он жас кіші жас келіншекке үй-

леніп кетті. Содан үйде анам, мен және 

кіші сіңлім үшеуміз ғана қалдық. Анам 

балабақшада тәрбиеші болып қызмет 

етті. Бір күні төбемізден жай түскендей, 

анамызды жұмыстан шығарып жіберді, 

енді бұрынғы зәулім үйімізді күн көру 

мақсатында, жатақханаға ауыс тырып 

алдық. Алайда, анам жұмыстан шыққа-

нымен қоймай, жатақхананың жаман 

әйелдерімен дос бола бастады. Үнемі 

үйге  еркек,  әйелдер  жиналып  арақ 

ішіп, темекі тартып, мас күйлерін-

де бір-бірімен жыныстық қатынасқа 

түсіп жүргендерін көріп сіңлім екеуміз 

сабағымызды тастап, қарнымыздың 

ашқандығынан қоқыстардан шөлмек 

жинауға кірістік.

Таңертең ертемен тұрып, сіңлімді 

жетектеп, қапшығымды арқалап шөл-

мек теріп, оны қақаған аязда жуып-шай-

ып, тапсырып сол ақшаға тамақ алып 

жеп,  қарнымызды  тойдыратынбыз. 

Анамызда біздің тәрбиемізге қарайтын 

шама жоқ еді. Аузы арақтан босамай-

тын анамыздың түрін көріп шошитын 

дәрежеге де жеттік. Сөйтіп, анашым 

арақтың буымен өзінің тәнін сататын 

«тірі тауарға» айналды. 

Сіңлімнің болашағын уайымдап, 

оның адам болуын, сабағын оқуын 

ойластырып, нағашы апама тапсырып, 

өзім анамның қасында болайын деген 

ниетпен үйге қайтып оралдым. Сол 

күн әлі есімде. Қараңғы болатын. Жан- 

жағымдағы шамдарға қарап, әкемді 

есіме алып, бізге қайтып келіп баяғы 

бақытты шақтарымыз қайта оралса екен 

деп тәтті армандармен үйге келдім. 

Үйіміз темекінің көк түтіні, шөл-

мек, толған еркектерден арылмаған 

екен. Анам мән бермеді, тіпті, балам 

деп те қарамады. Сөйтіп, шаршаған-

дықтан төсек салуға да мұршам жетпей, 

сандықтың үстіне жата кеттім. Таңға 

жақын анамның төсекте ләззат алған 

үнінен оянып кеттім. Сол кезде жаныма 

бөтен бір еркек келіп, қарсыласқаныма 

қарамастан, мені сандықтың үстінен 

Қоғамымыздағы жазалардың ізгілендірілуі тәртібі темір-

дей қатал түзеу мекемелеріне де сәулесін түсіре бастады. 

Қазір кесімді жазасын өтеу барысында ішкі тәртіп ережелерін 

бұзбай, өнегелі мінез-құлқымен түзу жолға түскенін дәлел-

деген сотталушының мерзімінен бұрын еркіндікке шығуына 

қолданыстағы заңдарымыздың өзі қолайлы мүмкіндіктер 

беріп қойған. Сондықтан да, түзеу мекемелерінде сотталған-

ның еңбекке және қоғамдық жұмыстарға деген оң көзқара-

сымен бірге көпшілік шараларына белсене қатысуына да көп 

көңіл бөлінеді. Бұл ретте соңғы жылдары бас бостандығынан 

айыру орындарында жиі ұйымдастырылатын «Ашық есік» 

күндері шарасының жазасын өтеушілердің көңіл-күйіне ерек-

ше ықпал ететіндігін тәжірибенің өзі дәлелдеп отыр.

Таяуда осындай шараның бірі қылмыстық атқару жүйе-

сінің Алматы қаласы бойынша департаментіне қарасты ЛА-

155//1 тергеу абақтысында болып өтті. Оны түзеу мекемесінің 

басшылығы мен тәрбие бөлімі бірлесіп ұйымдастырды. 

«Ашық есік» күніне түзеу мекемесіндегі шаруашылық қызмет 

көрсету жасағында жазасын өтеп жүрген 58 сотталғанның 

78 туған-туысқаны келіп, ет жақындарымен қауышып, меке-

менің тұрмыс-тіршілігімен танысты.

Жаңажылдық шырша басында бас қосқан жазасын өтеу-

шілердің отбасылары жиынға арнайы шақырылған «Аршын» 

тобы әншілерінің өнерлерін тамашалап, балалары Аяз ата мен 

Ақшақардың үлестірген сыйлықтарын алды.

– Мақсатымыз жазасын өтеушінің жан күйзелісіне ұшы-

рамай, бір сәт бала-шағасымен жүздесіп, көңілін көтеруіне 

жағдай жасау дейді,– мекеме бастығының тәрбие жұмыстары 

жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қуаныш Сейдахметов.



 Е.КАМАЛ

Суретте: Мерекелік шарадан көрініс

Қ

ылмыстық атқару жүйесінің Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты түзеу мекеме-

лерінде қызмет етіп жүргеніме он екі жыл болды. Осы аралықта түзеу мекемелеріне келген сан 

түрлі адамдармен сұхбаттасып, пікірлестім. Кейбір жазасын өтеушілер арадағы әңгімеден кейін нәтиже 

шығарып, түзу жолға түссе, ал, кейбіреулері сөзіңе құлақ аспайды. Өкінішке қарай, ондай тұлғалардың 

ішінде әйел азаматшалар да бар. 

2015 жылдың қыркүйек айында қызмет бабымен Атырау қаласындағы әйелдер колониясына барған 

кезімде, мекемеге жаңадан келген сотталғанмен сұхбаттасып, оған мекеменің ішкі тәртіп ереже-

лерін, ізгілік актілерінің қолдану барысы туралы түсіндірдім. Сол азаматша 1988 жылы туылғанына 

қарамастан, маған тым ересек көрінді. 2016 жылдың қыркүйек айында тергеу изоляторы бастығының 

орынбасары лауазымына тағайындалып, жұмыс бабымен камераларды аралап жүрсем, бұрын әйелдер 

колониясынан кездестірген әлгі әйел осы мекемеде жазасын өтеп жүр. Мекеме қызметкерлерінен мәсе-

ленің жай-жапсарын сұрағанымда олар оның әйелдер колониясының ішкі тәртіп ережелерін бірнеше рет 

өрескел бұзғаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеуге қамалғанын айтты. Сотталушымен 

жеке сұхбаттасу барысында ол ешбір түзеу мекемесінің ішкі тәртіп ережелеріне бағынғысы және барлық 

түзеу мекемесі қызметкерлерін көргісі келмейтіндігін айтты. Әйелдің жеке ісімен танысқан кезде, оның 

тек әйелдер колониясында емес, осы тергеу изоляторының өзінде бірнеше рет ішкі тәртіп ережесін 

бұзғанын байқадым. Одан кейін онымен бірнеше рет жеке әңгімелесіп, тәртіп бұзғаны үшін жазаны өтеу 

мерзіміне тағы да мерзім қосатынын түсіндіріп, бала-шағасының қасына ертерек жетуі үшін түзу жолға 

түсіп, мекеменің ішкі тәртіп ережесіне бағынып, мәдени іс-шараларға белсене қатысуы қажет екендігін 

түсіндірдім. Сонымен бірнеше рет пікірлескеннен кейін ол менің жеке қабылдауымда болып, өзінің өмірден 

көрген қиыншылықтарын айтып, шер тарқатып алды. Мен оған өз кезегінде өмірдің осымен аяқталмай-

тындығын, уақыт өте келе балаларымен жүздесуге, оларды тәрбиелеу шараларына қатысу мүмкіндігі 

бар екендігін айттым.

Мен оның әңгімесін тыңдай отырып, өмірбаянын қағаз бетіне түсіруін сұрадым. Оның не үшін деген 

сұрағына, өмірде оның тағдырына ұқсас адамдардың көп екендігін, бастан өткен оқиғаларының өзі си-

яқты тұлғалардың дер кезінде ойланып, түзелуіне ықпалы тиюі мүмкін екендігін айтқанымда ол бірден 

келісіп, өмірбаянын қағаз бетіне түсіріп, тек өзінің аты-жөнін көрсетпеуімді өтінді. Енді сол әйелдің 

бастан кешкендерін оқырмандар назарына ұсынып отырмын.

Е.ДАУЛЕТҚАЛИЕВ,

Қылмыстық атқару жүйесінің Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты

 тергеу изоляторы бастығының орынбасары, әділет майоры

ӨМІРІМ ӨЗГЕЛЕРГЕ САБАҚ БОЛСА ИГІ

жерге  жатқызып,  арам  ойын  жасап 

үлгерді.  Қанша  көмекке  шақырсам 

да анам орнынан да тұрмады. Арам 

ойын жүзеге асырып болған соң әлгі 

еркек анамның бетіне бес жүз теңгені 

лақтырып, «қызына ие бола алмаған 

жезөкше» деп кетіп қалды. Бөтен ер-

кектің үйден шыққанын көріп, есікті 

кілттеп, есімнен айырылып қалдым. 

Есімді жисам едәуір уақыт өтіп кетіпті. 

Дәрігерлерден анамды сұрап едім, олар 

маған осы уақыт ішінде оның бірде-бір 

рет келмегенін айтты. Ауруханадан 

шыққан соң баратын жерім болмаған-

дықтан, өз үйіме оралуыма тура келді. 

Үйге қарай жақындап барсам, бейкүнә 

сіңлім ештеңеден хабары жоқ аулада ой-

нап отыр екен. Оны көріп үйге кірместен 

қайтадан нағашы апамның үйіне апарып 

тастадым. Олар мені табалдырықтан да 

аттатқан жоқ. Амалымның жоқтығынан 

үйге қайтып келсем, үйде анам бөтен бір 

еркекпен төсектес болып жатыр. Сол 

кезде көзім қарауытып, еденде жатқан 

бос шөлмекпен анамның басынан салып 

қалдым. Шошып кеткен әлгі еркек тыр 

жалаңаш күйінде үйден қаша жөнелді. 

Сол күннен бастап өмірдегі барлық 

әйелдерді де, еркектерді де жек көріп 

кеттім  және  анам  менің  таяғымды 

жеуден көз ашпады. Жақсы, жаман 

болсын анам ғой, ауырғаны жаныма 

батты. Анам арақтан жүрек ауруына 

шалдығып,  төсекке  таңылды.  Мен 

намысымның тапталғанына ұялып, сы-

ныптастарыма көрінуден жасқандым. 

Адамның бетіне қараудан қалдым. Сөй-

тіп жаман адамдардың қасына ілесіп, 

солармен дос болып, тура жолдан тая 

бастадым. Бір күні аяғымның ауыр 

екенін сездім. Дәрігерлерге барып тек-

серткен кезде, расында да әлгі бейтаныс 

жігіттің зорлауынан аяғым ауырлапты. 

2003  жылы  тұңғышым  Асылжанды 

дүниеге әкелдім. Баламды анамның 

қолына беріп, жұмыс іздей бастадым. 

Жұмыс іздеп жүрген кезімде кафеде 

бір жігітпен таныстым. Ол жігіт маған 

деген сезімін білдіріп, екі айдай бірге 

жүріп, тұрмысқа шығуымды сұрады. 

Ол жігіт ауқатты адамдардың баласы 

еді. Обалы не керек ақ көйлек кигізіп, 

тойымызды өткізді. Тойдан кейін енем 

менің жоқ-жітік жерден екенімді бетіме 

басып, анамның жүріс-тұрысын қай-

та-қайта айтып, жолдасым екеумізді 

ажырастыруға тырысып бақты. Сөйтіп 

жүргенде 2004 жылы Дамир атты екін-

ші ұлым дүниеге келді.

Жолдасым менімен заңды некеде 

тұрғанымен  қоймай,  үйде  баламен 

отырғанымда өзге әйелді әкелді. Ал, 

енем болса сол әйелдің сөзін сөйлеп, 

мені кішкентай баламмен үйден қуып 

жіберді. Анамның үйіне баруыма тура 

келді. Анам ол кезде біршама емделіп 

қалған еді. Заң жүзінде жолдасымнан 

ажырасып кеттім. 

Анамды және балаларымды асы-

рау үшін, тойларға барып ән айтып та 

жүрдім. Бір күні тойда жүргенде тағы 

бір жігіт артымнан қалмады. Еркек 

атаулыдан көңілім қалғандықтан оған 

сене қоймадым. Қу дүние жеткізбеген-

діктен қатты күйзеліп, араққа үйір бола 

бастадым. Сол қу арақты ішкен кезде 

ғана барлық проблемаларымды ұмы-

тып кететіндей сезілді маған. Арақ ішіп 

жүріп баяғы анамның күйін кешіп, ер-

кектермен кездесе бастадым. Танысам 

да, танымасам да бірге арақ ішіп, төсек 

қатынасына түсе бердім. Тағы да аяғым 

ауыр болып, 2005 жылы Асланбек атты 

үшінші баламды дүниеге әкелдім. 

Үйде жатсам, біреу есікті қақты, 

анам ашып, бейтаныс жігіттің шақырып 

тұрғанын айтты. Барып қарасам, әлгі 

тойда танысқан жігітім қолында бір 

шоқ гүлі бар, маған тұрмысқа шығуды 

ұсынды. Көп ойланбастан келісімімді 

бердім. Сөйтіп, екеуміздің отбасылық 

өміріміз басталып кетті. Анамның да 

жағдайы түзеліп, көлік жуатын бекетке 

жұмысқа орналасты, бірақ, арақ ішуін 

қоймады. 

2008 жылы анамды арақтан емдейін 

деген ниетпен әулиелер басына барып 

бірнеше күн түнеген едік. Сол жерге 

анамның бұрынғы шөлмектесінің інісі 

де арақтан емделуге келіпті. Анаммен 

ол үйге еріп келді. От жағайын деп 

көмір алып келе жатып, еңбектеп жүр-

ген баламды еңгезердей жігіттің бір 

тепкенін көріп, көзімнің алды қарауыт-

ты. Столдың үстінде тұрған асхана пы-

шағын алып, еркектің мойнына қалай 

сұғып алғанымды өзім де байқамай 

қалдым. Салған пышағым күре тамы-

рға тиген екен. Анам мен балаларыма 

үйден кетуін талап етіп, полиция, жедел 

жәрдем және әлгі жігіттің туысқанда-

рын сол жерге шақырттым. Кінәмді 

«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ

мойындап, сот үкімімен жеті жарым 

жылға сотталдым. Алты жыл өткеннен 

кейін ғана шартты түрде мерзімінен 

бұрын босатылып, Атырау қаласына 

қайтып келдім. Бостандыққа шыққан-

нан кейін ішкі істер органына тіркелуге 

де барған жоқпын. Жолдасымды алдап, 

оның ақшасын ұрлап, арақ ішіп, есірткі 

қолдануға көштім. Жолдасым ақшаны 

не үшін ұрлап жүргенімді біліп қойып, 

менімен  ажырасатындығын  айтқан 

кезде, оның кеткенін қаламай, есірткіге 

және ішімдікке мас күйімде бесінші 

қабаттан секіріп кеттім. Құдайдың өзі 

көмектесіп, ажалдан аман қалып, бір 

ай ауруханада жатып ем алдым. Әбден 

жазылып шыққасын ішкі істер органда-

рына тіркеуге уақытылы бармағаным, 

жазамның өтелмеген бөлігін қайтадан 

өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберді. 

2014 жылы түзеу мекемесінен бо-

сатылғаннан кейін, жолдасым мені 

түзелсін  деді  ме  бір  бөлмелі  пәтер 

алып, сонда екеуміз ғана тұрдық. Ба-

лаларымыз енемнің қолында болды. 

Оларды көру үшін апта сайын қонаққа 

барып тұратынбыз. Осылайша бақытты 

өмір кешіп жүрдік. Бірақ, жолдасым 

жұмысқа кеткен кезде басыма арам ой 

келіп, қайтадан есірткі қолдана баста-

дым. 2014 жылдың аяғында анам маған 

хабарласып, әкемнің іздеп жатқанын 

айтты. Мен әкеме кезінде бізді тастап 

кетіп, қандай қиындыққа жол бергенін 

айтып,  кешіре  алмайтынымды  біл-

дірдім. Әкем менен кешірім сұрады. 

Өткен ісіне өкінеді екен. Менің атыма 

он екі бөлмелі үлкен үйді тарту етті. 

Бірақ, мен ол үйден бас тартып, анама 

бергіздім. Себебі, оның да осындай 

сыйлық алуға құқығы бар еді. 

Өзім қайтадан арақ пен есірткіге бас 

қойдым. 2015 жылдың қаңтар айында 

анам қайтыс болды. Ішіп жүрген маған 

бұл қайғы одан бетер әсер етті. Маған 

енді жолдасым қосылып, екеуміз бірігіп 

ішетін болдық. Бір күні таңғы сағат 5-те 

оянып кетіп, жолдасымды арақ әкелуге 

жұмсадым. Бірақ, жолдасым дүкеннен 

жалғыз оралған жоқ. Оның қасында 

бейтаныс екі жігіт болды. Олармен дү-

кеннің алдында танысыпты. 

Арақ ішкеннен кейін әлгі екі жігіт 

менің жолдасыма жабылып, төбелесіп 

кетті. Оны көріп шыдай алмаған мен қо-

лыма түскен балғамен әлгі жігіттердің 

бірін ұра беріппін. Олар үйден қашып 

шықты. Ал, біз болсақ жайбарақат ұй-

ықтап қалдық. Таңертең есікті қаққан 

дыбыстан оянып кетсем, үйге полиция 

қызметкерлері келіп тұр. Сөйтсем әлгі 

балғамен соққан жігіт алынған жа-

рақаттан қайтыс болып кетіпті. Кінәмді 

толықтай мойындап, сот үкімімен 9 

жылға бас бостандығымнан айырылып, 

Атырау қаласындағы әйелдер колония-

сына жазамды өтеуге келдім. Колония-

да мекеменің ішкі тәртіп ережелеріне 

бағынбай, бірнеше рет тәртіптік изоля-

торға және жалғыз адамдық камераға 

жабылдым. Мекеме қызметкерлері, 

психологтардың сұхбаттарынан да еш 

нәтиже шығармадым. Сөйтіп жүріп 

мекеме қызметкеріне де қол көтердім. 

Осы жазам үшін тергеу изоляторына 

ауыстырылдым. Осы тергеу изолято-

рына келіп, мекеме қызметкерлерінің 

тәрбиелік мәні зор сұхбаттарынан нәти-

же шығара бастадым. Ол адамдармен 

сөйлесу барысында өмірдің мұнымен 

аяқталмайтындығын, әлі де менің түзу 

жолға түсіп, бостандыққа шығып, ба-

лаларымның қасына оралу мүмкінді-

гімнің бар екендігін түсіндім. 

Сөз соңында осы мақаланы оқып 

отырған замандастарыма, апа-сіңлі-

леріме айтарым – өмірден түңілмеу 

керек екен. Абақтыға жабылғанымның 

өзін мен тағдырдың маған берген бір 

сыны шығар деп есептеймін. Ең бас-

тысы әйел азаматшалар – өздеріңнің 

бірінші  кезекте  ана  екендіктеріңді 

ұмытпай, балаларыңды дұрыс тәрбие-

лесеңдер, алдағы келешек ұрпағымыз 

жақсы болып өседі. Себебі, менің осын-

дағы төрт қабырғаға қамалып отырған-

дағы бір түсінгенім – бостандыққа 

жететін ештеңе жоқ екен. Сондықтан, 

қандай жағдай болмасын бостандығы-



мызды бағалай білейік! 

Айгүл ИБРАГИМОВА,

УГ-157/1 мекемесінде жазасын 

өтеуші 

(аты-жөні өз сұрауы бойынша 

өзгертіліп алынды.)

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 0.51 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет