АҢдатпа 6-бет 3-бет



жүктеу 0.51 Mb.
Pdf просмотр
бет4/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3   4   5

Арықбай АҒЫБАЕВ,

заң ғылымдарының докторы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қазақстан Республикасы Азаматтық про-

цестік кодексінің 10­тарауымен процестік 

мерзімдерге қатысты нормалар қамтылған. 

Аталған Кодекстің 121­бабына сәйкес, про-

цестік әрекеттер белгіленген мер зімдерде 

жасалады.  Процестік  әрекеттер  жасауға 

арналған мерзім Кодексте белгіленбеген 

жағдайда оны сот тағайындайды. Сот тағай-

ындайтын процестік мерзім процестік әре-

кеттер жасау үшін ақылға қонымды және 

жеткілікті болуға тиіс.

Процестік әрекеттер жасауға арналған 

мерзімде болуға тиісті оқиға көрсетіле оты-

рып, дәл күнтізбемен есептелетін уақыт ке-

зеңімен айқындалады. Соңғы жағдайда әрекет 

бүкіл кезең ішінде жасалуы мүмкін. Кезеңмен 

айқындалатын процестік мерзімнің ағымы 

оның басталуы айқындалған күнтізбелік 

күннен немесе оқиға болғаннан кейінгі күні 

басталады. Жылдармен есептелетін мерзім 

сол мерзімнің соңғы жылының тиісті айында 

және күнінде бітеді. Айлармен есептелетін 

мерзім сол мерзімнің соңғы тиісті айында 

бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің 

соңы тиісті күні жоқ айға сәйкес келсе, онда 

мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. 

Күндермен есептелетін мерзім белгіленген 

кезеңнің соңғы күні бітеді. Алайда, мерзімнің 

соңғы күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес 

келсе, жылдармен, айлармен және күндермен 

есептелетін мерзімнің аяқталатын күні одан 

кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

Мерзім белгіленген процестік әрекет 

мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат 

қалғанға дейін орындалуы мүмкін. Егер 

шағым, құжаттар не ақша сомалары мерзімнің 

соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дей-

ін поштаға, телеграфқа тапсырылса немесе 

өзге де байланыс құралдары арқылы берілсе, 

онда мерзім өткізіп алған болып есептелмей-

ді. Егер процестік әрекет тікелей сотта жаса-

луға тиіс болса, онда мерзім белгіленген ішкі 

тәртіп қағидалары бойынша жұмыс аяқтала-

тын сағатта бітеді.

Процестік әрекеттерді жасау құқығы Ко-

дексте белгіленген немесе сот тағайындаған 

процестік мерзімнің аяқталуымен жойыла-

ды. Процестік мерзімдер аяқталғаннан кейін 

берілген шағымдар мен құжаттарды егер 

өткізіп алған процестік мерзімді қалпына 

келтіру туралы мәлімделмесе, сот оларды 

берген адамға қараусыз кері қайтарады. Про-

цестік мерзімнің өтуі міндетті орындаудан 

босатпайды. Кодекстің 126­бабына келсек, 

аталған бабпен процестік мерзімдерді ұзарту 

және қалпына келтіру негіздері мен қағидала-

ры көзделген. Сот тағайындаған мерзімдерді 

сот ұзарта алады. Егер Кодексте белгілен-

ген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот 

дәлелді деп таныса, оларды қалпына келтіруі 

мүмкін.


Сот өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін 

қорғау үшін процеске қатысушының мүмкінді-

гін шектейтін заңды не сот актілерін сот бұзған 

жағдайда оған уақытында шағым жасауға 

немесе наразылық білдіруге кедергі болған 

өзге де мән­жайлар болған кезде сот актілеріне 

шағым жасау, наразылық келтіру үшін осы бап-

тың екінші бөлігінде көрсетілген өткізіп алған 

мерзімін қалпына келтіруге міндетті.

Өткізіп алған процестік мерзімді қалпы-

на келтіру туралы арыз арыз иесіне өзінің 

құқықтарының немесе заңды мүдделерінің 

бұзылғандығы туралы белгілі болған күн-

нен бастап бір айдан кешіктірмей процестік 

әрекеттер жасалуға тиісті сотқа беріледі. 

Арыздың қаралатын уақыты мен орны туралы 

іске қатысатын адамдар хабарландырылады, 

алайда, олардың келмеуі кедергі келтірмей-

ді. Мерзімді қалпына келтіру туралы арыз 

берумен бір мезгілде құқықтарды қорғау ту-

ралы талап, мерзімді өткізіп алу себептерінің 

дәлелділігін растайтын құжат ұсынылуға тиіс.

Соттың өткізіп алған процестік мерзімді 

ұзартудан немесе қалпына келтіруден бас 

тарту туралы ұйғарымына апелляциялық 

тәртіппен шағым жасалуы және наразылық 

білдірілуі мүмкін өз кезегінде, соттың про-

цестік  мерзімді  ұзарту  немесе  қалпына 

келтіру туралы ұйғарымы шағым жасалуға, 

наразылық білдірілуге жатпайды.



Т.ТҰРҒАНБАЕВ,

Астана қаласы мамандандырылған 

ауданаралық 

экономикалық сотының судьясы

Заңға түсіндірме



РАҚЫМШЫЛЫҚ ПЕН 

КЕШІРІМ ЖАСАУ – 

ІЗГІЛІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ 

АЙҚЫН КӨРІНІСІ

ПРОЦЕСТІК ӘРЕКЕТТЕР 

БЕЛГІЛЕНГЕН МЕРЗІМДЕ 

ЖАСАЛАДЫ

МЕДИАЦИЯНЫҢ 

МҮМКІНДІГІ МОЛ

Медиацияның белгілі бір жетістіктерге жету мүмкіндіктері зор, себебі мұнда ерекше про-

цессуалдық жағдайлармен қатар, медиатордың кәсіпкерлік көмегі, тараптардың бір келісімге 

келуі қарастырылған.

Бүкіләлемдік тәжірибе, медиацияның ірі бизнестерден бастап, жанұялық дау­жанжалдар-

да, неке бұзу мен мүлікті бөлісу сияқты мәселелерде қолданылатынын дәлелдейді. Медиация 

бір шешімге келу мүмкіндіктері тәмәмдалды деген жағдайда да өз шешімін тауып, көптеген 

қаржылық шығынға ұшырамай достық, серіктестік, қарым­қатынастарды сақтап қалумен қатар 

абыройға кір келтірмеуге мүмкіндік береді. Медиацияның ең негізгі артықшылықтарының бірі, 

оның іс жүргізілу рәсімінің құпиялылығы болып табылады, яғни, не болғаны, не айтылғаны 

құпия болып қалады. Сонымен қатар, құпия болып табылатын медиатормен жазылған ақпа-

раттар, іс жүргізілу рәсімінің құжаттары мен материалдары жойылады.

Медиатордың негізгі қызметі тараптардың бір қөзқарасқа келуіне барлық күш­жігерін 

салу болып табылады. Тараптардың бір қөзқарасқа келуі, олардың алда өткен келіссөздің аса 

дұрыс нәтижелі болды деген сенімін бекіте түседі. Осындай жолмен жасалған келісімде жеке 

арақатынастық мәселелер қарастырылады, яғни, келісімде талқыланған жағдайлар ресми сот 

талқылауы кезінде сыртқа шығарылып айтылмауы әбден мүмкін. Келісімнің жеке арақатынас­

тық мәселелерге қатысты болуы келісімнің аса берік болуына негіз болады.

Елімізде «Медиация туралы» заңның қабылдануы, медиацияның дамуы, өркениет көшіне 

батыл бет түзеген қоғамымыздағы оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын 

көрінісі екендігі даусыз. Қазіргі таңда, соттар қабылданған заңның жағымды тұстарын бағалап, 

сот медиация интитутын жаңғырту мақсатында оны дамытуға үлестерін қосуда. Мысалы, Бөрлі 

аудандық сотында биылғы 9 ай ішінде медиация тәртібімен 75 азаматтық іс қысқартылған.

Тәжірибе барысында сотқа жүгінген тараптардың басым көпшілігі медиацияның не екенін 

де білмейді. Халықтың медиация институтымен танысу мүмкіндігін жүзеге асыру үшін оларға 

әрдайым медиация ұғымы жайлы және оның ерекшеліктері жөнінде ақпарат беріліп, сондай­ақ, 

азаматтық істерді қарау барысында медиация институтын қолданудың тәртібі мен салдары 

туралы сот тарапынан мүмкіндігінше насихаттау шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта медиаторлардың қатысуымен істердің тиімді шешіліп келе жатқанын айту 

қажет. Соттарда медиация институтын енгізу мен оның дамуы жөніндегі белсенді  жұмыстары 

келешекте мемлекеттік саясаттың да міндеттерін жүзеге асыруға өз септігін тигізуі ықтимал, 

себебі осы даулар мен жанжалдарды шешудегі медиация әдісін қолдансақ, сот тәртібінде қа-

растыруға тиіс даулардың саны қысқартылады, соттың жүктемелері азаяды. 



Г.ҚОЖАБЕКОВА,

Бөрлі аудандық сотының судьясы

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Бітім


7

zangazet@maiI.ru



№145 (2923) 

27 желтоқсан 2016

Президенттің міндетін 

атқарушы – редакторлар 

кеңесiнiң төрағасы



Мақсат СЕМБЕКОВ

Бас редактор



Бекжан ӘШІРБАЕВ

Бас редактордың орынбасары



Айнұр СЕМБАЕВА

Жауапты хатшы-дизайнер 

міндетін атқарушы

Шолпан НҰРЖАУОВА

Нөмірдің кезекшісі



Елеусіз МҰРАТ

Астана

Алматы 

Атырау

Ақмола 

Қызылорда 

Оңтүс тiк 

Қазақстан

Шығыс 

Қазақстан

Газет  бетiндегi  жарияланымдардың 

позициясы мен фактiлерi үшiн редакция 

жауап бермейдi.

Жарнама  мен  хабарландырулардың 

маз мұнына жарнама берушi жауап ты. 

Жарнама берушi нiң жiберген қа телiгiне 

байланысты талап-тiлектер хабарлан-

дыру жарияланған күн нен бастап екi ай 

мерзiм iшiнде қа былданады. 

Газеттi  есепке  қою  туралы 

№12292-Г 

куәлiктi 2012 жылғы 20 ақпанда Қа-

зақстан  Респуб лика сының  Мәде ниет 

және ақпарат министрлiгi берген. 

Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс-

тары «Заң» Медиа-корпорация» ЖШС 

компьютерлiк орта лығында жа салды. Ал-

маты облысы, Iле ауданы, Өтеген батыр 

ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт 

плюс» ЖШС баспаханасында басылып 

шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27, 

8 (727) 51-78-31

Алматы қаласы 

Тел: 8(727) 292-29-27, 292-40-89

факс: 8 (727) 292-29-92 

E-mail: zanreklama@mail.ru



Астана  қаласы  Абай  көшесі,  78, 

105-кеңсе

тел: 8 (7172) 34-58-28

Меншiк иесi:

 

«ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ» 

ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI 

СЕРIКТЕСТIГI

Айша Құрманғали,

8 707 851 91 13; 

Айтақын Бұлғақов,

8 702 239 62 99

Құралай ҚУАТОВА

8 701 678 9077

Қалкөз Жүсiп, 

8 701 300 14 74.

Нағымжан Сауяев,

8 778 282 7782.

Шадияр Мекен бай ұлы,

8 775 773 56 65.

Азамат Қасым,

8 702 276 93 76

МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР: 

ЖАРНАМА БӨЛІМІ: 

«ÞðÑëóæáà» ÆØÑ

Êөêøåòàó  қ.,  М.Горьêий  êөøåñi,  37, 

107-бөлмå. 

Òåл.: 8 (7162) 25-77-17



«Âåðñèÿ-Ïðåññ» ÆØÑ

Ïàâлоäàр қ., Åñòàй êөøåñi, 40. 

Òåл.: 8 (7182) 32-47-67, 32-49-04

«Àéäè» ÆØÑ

Қàрàғàíäû қ., Æàмбûл êөøåñi, 11. 

Òåл.: 8 (7112) 42-00-71

Қàëèàñқàðîâ Íұðëàí 

Íұðғèñûíұëû ÆÊ

Ïåòроïàâл қ., Ê.Ñүòiøåâ êөøåñi, 58, 

30-бөлмå, 3-қàбàò

Òåл. 8 (7152) 46-02-57, ұÿлû òåл.: 

8 (777) 572-29-91, 8 (701) 315-54-59

Ìèõååâà Îëüãà Ñòàíèñëàâîâíà ÆÊ

Қоñòàíàй қ., Гоголь êөøåñі, 110, ВÏ 

67  (Чåхоâ-Гоголь  êөø.  қиûлûñû), 

8(714-2)  50-97-07,  8-7758847211, 

8-7013506918 

«Îçàò-1» ÆØÑ

Àқòөбå қ., Àлòûíñàриí êөøåñi, 31. 

Òåл.: 8 (7132) 40-41-05, 87774348344

жәíå Àқòàó қàлàñû



ИП  «SAPA  KZ»  Аòûðàу  қàëàñû, 

87781063779, e-mail:zan-at@mail.ru 

Åðøîâà Ëþäìèëà ÆÊ

Øûмêåíò қ., Æåлòоқñàí êөøåñi, 20 б.



ÆØÑ  «Íàçàð-1  фèðìàñû»  ÆØÑ 

(«РУТÀ» ÆÀ) 

info@nazar1.kz

Øûмêåíò қ., Èлÿåâ êөøåñi, 47, 

à/ж 144. 

Òåл.: 8 (7252) 53-40-48, 30-12-10



«Þðèäè÷åñêàÿ фèðìà 

«Êîíñуëüòàíò» ÆØÑ Îрàл қ., 

Ë.Òолñòой, 28. 

Òåл.: 8 (7112) 50-88-05

«Ðåêëàìà» ÆØÑ

Îрàл қ., Äоñмұхàмåäоâ êөøåñі, 43/1. 

Òåл.: 8 (7112) 50-47-34

«Ëèð» ÆØÑ 

Қоñòàíàй  қ.,  Áàйòұрñûíоâ  êөøåñi, 

67, 

417-ïәòåр. Òåл.: 8 (7162) 54-57-03



«Êîìпàíèÿ Æåòå» ÆØÑ

Òàлäûқорғàí қ., м-оí Молоäåжíûй 

3  үй,  1  ï.  Òåл.:  8(7282)  24-29-66, 

87058147221



ÆÊ Гàâðèëåíêî И.И. Қоñòàíàй қ.,

ïр. Àль-Фàрàби 119 үй, êàб.407-À

òåл/фàêñ: 8 (7142) 53-63-21.

«Æàñ Îòàу» ÆÊ Қûäûðбàåâà Í.Í. 

Қûзûлорäà  қ.,  Әйòåêå  би  ê-ñі.,  27, 

òåл: 26-45-89, ұÿлû òåл: 8 (777)402-

28-28; 8 (700) 332-24-78.



ÆÊ Тàжèбàåâà, Òàрàз қàлàñû 

Қойêåлäі êөøåñі 158 à, ХҚΠàóмàғû

òåл.: 87017268772, 87054422939

ИП Íîâîñåëîâà Ïåòроïàâл қàлàñû, 

Êоíñòиòóциÿ Қàзàқñòàí êөøåñі, 

28 үй, 1-қàбàò òåл: (87152) 46-74-77

«Вåðñàëü  Бèçíåñ»  Àòûрàó  қàлàñû, 

Мàхàмбåò êөøåñі, 107-à, 2-êàб., òåл: 

32-14-29, 30-65-24, 8701 920 45 38

ÆÊ «Ìàðцåфåй», Өñêåмåí қàлàñû, 

60 òåл, 8(7232) 578414, 87772256506



ÆÊ  «Бàõäàуëåòîâà  А.»  Àлмàòû 

қ.,  Æібåê  жолû  ê.,  55,  Àлмà  ñàó-

äà  орòàлûғû,  4-қàбàò,  426-íүê-

òå.  Òåл:  2714939.  87052083694 

Email:ardawka_94@mail.ru

ЖАРНАМА 


ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР:

050012, Алматы қаласы

Х.Досмұхамедұлы көшесi 

(бұрынғы Мичурин), 68 «б»-үй.

Қабылдау бөлмесi: 

292-43-43; 292-79-61 (факс); 



Астана  қаласы  Абай  көшесі,  78, 

105-кеңсе

тел: 8 (7172) 34-58-28

E-mail: zan@zanmedia.kz

«Заң газеті» аптасына 3 рет –  

сейсенбі, сәрсенбі, жұма күндері 

жарық көреді.



РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ: 

Жеке таралым 10253 дана

Апталық таралым 30759 дана

Тапсырыс №289  Индекс 65921



Газет Қазақстан Республикасы 

бойынша таралады

ӘРТҮРЛІ


ТАРАТУ

БАНКРОТТЫҚ

ЕЛДЕН-ЖЕРДЕН

Жолдауға — қолдау

Міндет

«ІЗДÅÍГÅÍ 



ÆÅÒÅР МҰРÀÒҚÀ»

Баға


Құрық

Елбасының жыл сайынғы жолдауын жұртшылық асыға күтеді. Жол-

даудың тәуелсіз елдің бір бөлшегіне, бір атрибутына айналғанын осыдан 

білуге болады. Ал, жыл сайынғы құжаттың өз жаңалығы, өз тапсырмасы 

бар. Былтырғы жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, 

реформалар, даму» деп аталатын жолдауға ел тәуелсіздігінің 25 жыл-

дығының алдындағы мақсатты жұмыстар топтастырылған болатын. 

Құжатты көпшілік назарына ұсынғанда Мемлекет басшысы: «Жаңа 

қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің 

көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санк-

циялар алмасуы дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорт-

тық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. 

Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай 

түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі 

үшін аянбай тер төгуіміз керек» деген болатын. Міне, діттеген мезгілге 

жеткенде біз жаһандық дағдарыстың ел бірлігі, ынтымағының алдында 

дәрменсіз екеніне көз жеткіздік. Қаншама қиындық, бағаның өсуі орын 

алса да бірлігі бекем еліміз дағдарыспен көп болып күресті. Және осын-

дай сындарлы сәттен шығынсыз шығып қана қоймай, әлемнің бәсекеге 

қабілетті отыз озық елінің сапына қосылуға талап жасады. 

Бүгінде жолдауда көзделген міндеттер ретімен орындалуда. Барлық 

құрылымдар өз жұмысын халықтың көңілінен шығатындай сапалы, 

жедел, арзан, ашық жүргізуге күш салуда. Мәңгілік ел идеясын өмір-

шең ету үшін жасалған мұндай қадамдар алдағы уақытта да жалғасын 

табатын болады.

Меруерт ӘБІЛДА,

Алматы қаласы Жетісу аудандық Әділет басқармасының 

бас маманы

ФÎÐУÌ ÁӘÑÅÊÅГÅ 

ҚÀÁІËÅÒÒІËÅРÄІ 

ÀНЫҚÒÀЙÄЫ

Дүниежүзілік экономикалық форумның беделі мықты, әлемнің бар-

лық елі мойындаған орталық. Жыл сайын әлемнің бәсекеге қабілетті 

елдерінің тізімін жасайтын форумның қорытындысы күмән тудырмай-

ды. Терең сұрыпталып, шынайы жасалатын болғандықтан форум көр-

сеткішіне қарап бизнес әріптестерін таңдайтындар жоқ емес. Сондай-ақ, 

өз кәсібін өркендеткісі келгендер де осы көрсеткіш нәтижесіне көз сала 

отырып өзге елдермен ортақ келісімге келеді. 

Бір қуанарлығы, бәсекеге қабілетті елдер қатарына жыл өткен сайын 

жақындап келеміз. Айталық, 2015 жылдың қорытындылары бойынша 

бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан өзінің өткен жылғы орнын 

8 тармаққа жақсартып, әлемнің 140 елі арасында 42-орынды иеленді. 

Осы уақытқа дейін еліміз мұндай үздік нәтижеге қол жеткізе алған жоқ. 

Және мұндай межені бағындыру оңай болды деп тағы айта алмаймыз. 

Бұрынғы бауырлас елдер арасында Қазақстан Әзірбайжаннан кейін 

екінші орында тұр. Ал, өзіміз көп жағдайда үлгі ететін Ресей бұл көрсет-

кіштен тек 45- қатарды місе тұтса, Грузия 66-орынды, Украина 79-орын-

ды, Тәжікстан 80-орынды, Армения 82-орынды, Молдова 84-орынды, 

көршілес Қырғыз Республикасы болса 102-орынды иеленген. Яғни, 

көрші елдермен салыстырғанда Қазақстанның дағдарысты еркін мең-

геріп, дамудың даңғыл жолына түскенін осыдан-ақ бағамдауға болады. 

Дегенмен, қол жеткізген жетістікпен, бағындырған межемен шектеліп 

қалу әбестік. Сондықтан, қазір барлық құрылымдар жаһандық бәсекеге 

қабілеттілік жөніндегі рейтинг көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұ-

мыстар жүргізуде.

Ербол ИМАНБАЕВ,

Алматы қаласы Алмалы аудандық әділет басқармасының 

жетекші маманы

3. «Vertex Innovation Technologies» ЖШС жарғылық капиталын азайту 

туралы  жариялайды.  Талап-шағымдар  осы  хабарландыру  жарияланған 

күннен бастап 1 ай мерзім ішінде мына  мекенжайда қабылданады: Алматы 

қаласы, Дорожник шағын ауданы, 41-үй, 11-пәтер.

9.  «Қапшағай  Солар»  ЖШС  жарғылық  капиталын  азайту  туралы 

жариялайды.  Талап-шағымдар  осы  хабарландыру  жарияланған  күннен 

бастап 1 ай мерзім ішінде мына  мекенжайда қабылданады: Алматы қаласы, 

Дорожник шағын ауданы, 41-үй, 11-пәтер.

10. «Сентрас капитал» ЖШС, орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Манас 

к.,  32А,  204  кеңсе,  «Коммеск-Өмір»  Сақтандыру  компаниясы»  АҚ-ның 

0,95669934%  (1 171 дана) дауыс беру акциясын ерікті түрде сатып алатыны 

туралы хабарлайды және аталған қоғамның қалған акционерлеріне  оларға 

тиесілі акцияларын 1 акцияны 58 300 теңгеге сатуды ұсынады. 

16. «Караганданеруд» Акционерлік қоғамы (Қарағанды облысы, Абай ауданы, 

Қарабас кенті, 025 есеп тоқсаны, 343 құрылыс) 2016 жылы 24 желтоқсан күні болып 

өткен  «Караганданеруд»  АҚ  акционерлерінің  кезектен  тыс  жалпы  жиналысында 

қабылданған  дауыс  беру  қорытындылары  мен  шешімдері  туралы  акционерлерді 

хабардар  етеді.  Бірінші  сауал  бойынша  дауыс  беруге  қатысқан  дауыстар  саны  – 

151 740. Дауыс бергендер: «иә» –151 740, «қарсы» – 0, «қалыс қалғандар» – 0. 

Шешілді: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) жасалуында мүдде бар ірі 

мәмілелерді жасау, оның ішінде: 1) Келісімнің қосымша келісімінде анықталған және 

Банкпен  келісілген  шарттарда  негізгі  қарызды  және  сыйақыны  өтеу  мерзімдерін 

ұзартумен  байланысты  Келісім  шегінде  жасалған  банк  қарыздары  шарттары 

бойынша қаржыландыру  шарттарын  өзгерту  туралы  «СтройКам»  ЖШС  мен  Банк 

арасында 22 .05.2009 ж. жасалған № KS 01-07-22/CK несиелік желісін ұсыну туралы 

Келісімге (әрі қарай – Келісім) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. 2) Келісім 

бойынша  «СтройКам» ЖШС, «Караганданеруд» АҚ барлық міндеттемелері бойынша 

Банкке  бұрын  кепілге  ұсынылған  «Караганданеруд»  АҚ  мүлкіне  Банктің  кепілдік 

құқығын растап сақтауға; Банк алдында барлық өз міндеттерін «СтройКам» ЖШС, 

«Караганданеруд»  АҚ    орындамаған  не  мүлде  орындамаған  жағдайда  Банкте, 

сондай-ақ,  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерін  іске  асыратын  банктер 

мен  қаржы  ұйымдарында  ашылған  және  қызмет  көрсетілетін  «Караганданеруд» 

АҚ  барлық  шоттарынан  қаражат  алуға  және  сот  тәртібінен  тыс  кепілдік  мүлікті 

сатуға  Банк  келісімін  растауға;  Екінші  сауал  бойынша  дауыс  беруге  қатысқан 

дауыстар саны – 151 740. Дауыс бергендер: «иә» – 151 740, «қарсы» – 0, «қалыс 

қалғандар» – 0. Шешілді: «Караганданеруд» АҚ Президенті акционерлердің жалпы 

жиналысының, «Караганданеруд» АҚ директорлар Кеңесінің қосымша мақұлдауынсыз 

«Караганданеруд» АҚ атынан несиелік желінің жалпы сомасына және несиелік желі 

мерзіміне Келісіммен белгіленген шегінде Келісім бойынша барлық сомаларды қайтару 

тәртібі, мерзімі және шарттарына өзгерістер енгізуге қатысты Келісім шегінде жасалған 

Келісімдер мен шарттар бойынша қаржыландыру шарттарын өзгертумен байланысты 

кез келген шешімдерді өз қарауына қарай қабылдауға, осыған байланысты барлық 

қажетті  құжаттарға,  қосымша  келісімдерге  қол  қоюға,  сонымен  қатар  негізінде 

жоғарыда аталған шарттармен байланысты мәмілелерді қамтамасыз ету ұсынылатын 

немесе болашақта ұсынылатын Келісімінің кез келген шарттары, банк қарыздары 

шарттары, кепілдік шарттары, қосымша келісімдер мен өзге шарттарды жасаумен, 

өзгертумен,  қысқартумен  және  анықтаумен,  Банкпен  және  өзге  тұлғалармен 

келіссөздерді  жүргізумен  байланысты  акционерлердің  кезектен  тыс  жалпы 

жиналысының күн тәртібінің бірінші сауалы бойынша қабылданған шешімдерді іске 

асыру үшін әрекеттерді жасау өкілеттіктеріне ие болсын. Үшінші сауал бойынша дауыс 

беруге қатысқан дауыстар саны –151 740. Дауыс бергендер: «иә» – 151 740, «қарсы» 

– 0, «қалыс қалғандар» – 0. Шешілді: Барлық акционерлер, инвесторлар, несиегерлер 

және жұртшылық назарына   «Караганданеруд» АҚ КАЖЖ шешім қабылдаған күнінен 

бастап үш жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде «Юридическая газета» 

беттерінде ақпаратты жариялау жолымен Қоғамның КАЖЖ қабылдаған шешімдері 

туралы ақпарат мәлім еткізілсін. 

15.  «АТФБанк»  Акционерлік 

қоғамының еншілес ұйымы – «АТФ 

Финанс»  Акционерлік  қоғамы, 

2.  «Батыс  Қазақстан  облысы  Жәнібек  аудандық 

тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі 

және  автомобиль  жолдары  бөлімі»  ММ-нің  «Жәнібек 

жол»  (шаруашылық  жүргізу  құқығындағы)  МКК  өзінің 

таратылатыны  туралы  хабарлайды.  Барлық  талаптар 

хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім 

ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: ҚР, Батыс 

Қазақстан  облысы,  Жәнібек  ауданы,  Жәнібек  ауылы, 

Г.Қараш к., 35, №2 бөлме. 

5. «Мәмбет-Әулие» қоғамдық қоры, БСН 130440006504, 

өзінің таратылатынын хабарлайды. Талап-шағымдар осы 

хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім 

ішінде  мына  мекенжайда  қабылданады:  Қазақстан 

Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, 

Байтұрсынов көшесі, 47-үй, пошта индексі 120014.

6.  «Жасылкент-су»  су  пайдаланушылар  селолық 

тұтыну кооперативі (БСН 120440014533) өзінің ерікті түрде 

таратылатыны туралы хабарлайды. Талап-шағымдар осы 

хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай мерзім 

ішінде мына мекенжайда қабылданады: ҚР, ОҚО, Сайрам 

ауданы, Бадам-1 ауылы, Жұлдыз көш., 53-үй.

7.  «Жаңартылатын  Энергия  Көздерінің  Орталық-

азиялық Қоры» ЖШС, БСН 141140018224, өзінің ерікті 

түрде  таратылатыны  туралы  хабарлайды.  Талаптар 

хабарландыру  жарияланған  күннен  бастап  2  (екі)  ай 

мерзім  ішінде  Серіктестік  орналасқан  мына  мекенжай 

бойынша қабылданады: Алматы қ., Медеу ауданы, Достық 

даңғ., 172-үй. 

8.  «Үшарал»  су  пайдаланушылар  ayылдық  тұтыну 

кооперативінің жабылуына байланысты, екі ай мерзімде 

мына  мекенжайда  өтініштер  қабылданады:  Алматы 

облысы,  Панфилов  ауданы,  Үшарал  ауылы,  Жамбыл 

көшесі, №44 үй.

Байланыс телефоны: Тел.: 8 (72831) 22-0-04, 

Ұялы телефон: 8 701 247 8235.

4. Алматы қ., МАЭС-ның 21.12.2016 жылғы 

ұйғарымымен «HANKELDI COMMERCE» ЖШС-

не қатысты банкроттығы туралы іс қозғалды. 

Алматы қ., 050000, Фурманов к-сі, 100, БСН 061140003764, 

өзінің ерікті түрде таратылатындығы туралы хабарлайды. 

Кредиторлардың  шағымдарын  тарату  комиссиясы 

тарату туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 

екі айдың ішінде келесі мекенжай бойынша қабылдайды: 

Алматы қ., Фурманов к-сі, 100.

11.  «Қазақ  тілін  дамыту»  қоғамдық  қоры  (БСН 

130440004200) өзінің таратылатыны туралы хабарлайды. 

Талаптар хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай 

мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: ҚР, 

140000, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ломова к., 140 үй, 

тел.: 8 (7182) 67-78-60. 

12. «Жанкелдин атындағы орта мектебі» мемлекеттік 

мекемесінің  кәсіподақ  комитеті»  қоғамдық  бірлестігі 

(БСН:  100440002704)  жалпы  жиналыстың  20.12.2016 

жылғы  №  4  хаттамасымен  кәсіподақты  тарату  туралы 

шешім қабылданғандығын хабарлайды. Талап-шағымдар 

хабарлама  жарияланған  күннен  бастап  екі  ай  мерзім 

ішінде мына мекенжайға хабарласуға болады: Қазақстан 

Республикасы, Маңғыстау облысы, 30104, Бейнеу ауданы, 

Сарға селосы, «Жанкелдин атындағы орта мектебі» ММ-

нің ғимараты. 

13.  «Бейнеу  мектеп-интернаты»  мемлекеттік  меке-

месінің  кәсіподақ  комитеті»  қоғамдық  бірлестігі  (БСН: 

060340013885)  жалпы  жиналыстың  20.12.2016  жылғы 

№  4  хаттамасымен  кәсіподақты  тарату  туралы  шешім 

қабылданғандығын  хабарлайды.  Талап-шағымдар 

хабарлама  жарияланған  күннен  бастап  екі  ай  мерзім 

ішінде мына мекенжайға хабарласуға болады: Қазақстан 

Республикасы,  Маңғыстау  облысы,  130100,  Бейнеу 

ауданы,  Сарға  селосы,  «Бейнеу  мектеп-интернаты» 

мектебі.


14. «Gaffney, Cline and Associates LLP (Гэффни, Клайн 

энд Эссошиэйтс)» ЖШС, БСН: 140640007869, ЖШС-тің 

таратылуы туралы хабарлайды. 

Наразылықтар  хабарландыру  жарияланған  күннен 

бастап екі ай мерзімінде Қазақстан Республикасы, Алматы 

қаласы, Қазыбек би көшесі, 20А үй, 3-қабат мекенжайы 

бойынша қабылданады.

17. «Ойл Құрылыс групп» ЖШС, БСН 041140001744, 

өзінің таратылатындығы туралы хабарлайды. Талаптар 

газетте  хабарландыру  жарияланған  күннен  бастап  екі 

айдың  ішінде  мына:  ҚР,  Астана  қ.,  Сарыарқа  ауданы, 

Ақбұғы  к-сі,  8/1-үй,  59-пәтер  мекенжайы  бойынша 

қабылданады. тел.: 8 705 1722355.

Таяуда осы мерекеге байланысты түзеу мекемелері қызметкерлерінің салтанатты жиыны бо-

лып, онда департамент бастығы, әділет полковнигі Манас Тұяқбаев көпшілікті айтулы датамен 

құттықтап, қызметтік міндеттерін адал атқарған ЛА-155/18 түзеу мекемесінің бастығы, әділет 

подполковнигі Бақытжан Баймағанбетов пен Күзет бөлімінің бастығы, әділет майоры Алик 

Ахмет жановты Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісімен марапаттады. Ал, ЛА-155/6 

түзеу мекемесі тәрбие бөлімінің бастығы, әділет майоры Алма Бәзілбаеваға еліміздің Ішкі істер 

министрінің алғыс хаты тапсырылды.  

Жиын бас бостандығынан айыру орындарында қызмет етуге ниет білдірген 10 жас қызмет-

кердің ант қабылдау рәсімімен аяқталды.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 0.51 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет