АҢдатпа 6-бет 3-бет



жүктеу 0.51 Mb.

бет3/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3   4   5

судья КодеКс 

талаптарын мүлтіксіз 

сақтауға міндетті

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі 

күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Біз Азия өңірінде ғана 

емес, тұтастай алғанда ТМД бойынша да жемқорлыққа 

қарсы неғұрлым мықты дамыған заңнамасы бар елміз. 

Мұндай құқықтық актілердің бастысы ретінде “Сыбайлас 

жемқорлықпен күрес туралы” заңы мен мемлекеттік қыз-

метшілердің Ар-намыс кодексін атауға болады. Ал, 2007 

жылдың 12 қаңтарында “Жеке және заңды тұлғалардың 

өтініштерін қарау тәртібі туралы” заңы қабылданды. Бұл 

заңнамалық актілердің мақсаты – азаматтардың құқықта-

ры мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық 

көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден республика-

мыздың ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, құқық 

бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу 

және ашу, зардаптарын жою, кiнәлiлердi жауапқа тарту 

арқылы мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгер-

шiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына қойылатын 

талаптарды арттыру.  Сонымен қатар, сыбайлас жемқор-

лықпен пәрменді күресуді одан әрі жалғастыру үшін 

Қазақстан Республикасы Президенті 2009 жылдың 22 сә-

уірінде №793 «Қазақстан Республикасында қылмысқа және 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық 

қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша 

шаралар туралы» жарлыққа қол қойды.

Бұл жарлық құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқор-

лыққа қарсы жұмысты күшейтуге, құқық қорғау органда-

рының қызметін және мемлекеттік қызметке өту кезеңін 

жетілдіруге бағытталды. Жарлыққа сәйкес, сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің бірқатар тетігі іске 

қосылады. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар мен ұйым-

дардың және мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың 

басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөнін-

дегі шаралар қолдану міндетін жүктеу, оны орындамағаны 

үшін, заңда көзделгендей, жауапқа тарту арқылы қоғамда 

сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қалыптастыруға 

бағытталған шараларды іске асыру. Бұған қоса, мемлекет-

Мемлекет басшысы жариялаған 

Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» 

бағдарламасының  16-қадамында 

азаматтардың  сот  төрелігіне  қол-

жетімділігін  жеңілдету  үшін  сот 

жүйе сі  сатыларын  оңтайландыру, 

бес сатылы сот жүйесінен (бірінші, 

апелляциялық, кассациялық, қадаға-

лау және қайта қадағалау жасау) үш 

сатылы (бірінші, апелляциялық, кас-

сациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу  

көзделген болатын.

Үш сатылы сот жүйесі халықаралық 

тәжірибеде бар жағдай. Аралық саты-

лардың көп болуы сот процестерін қа-

сақана ұзартып, сот шешімін орындау-

ды созбалаңға әкеліп соғатынын бұған 

дейінгі тәжірибе көрсетіп берді. Соның 

салдарынан сот шешімінің бірнеше 

рет өзгеріп, тіпті, күшін жоюы рес-

публика атынан шешім қабылдайтын 

соттардың беделіне нұқсанын тигізіп 

келді.  Облыстық сотта апелляциялық 

және кассациялық сатылардың болуы 

сот істерінің қаралу мерзімдерін ша-

мадан тыс  созып, шешім қабылдау ды 

қиындатты. Кассациялық алқаның іс 

жүзінде Жоғарғы Сотқа жүктелген қа-

дағалау сатысының қызметін атқарып, 

күшіне енген сот шешімінің қайта-қай-

та өзгеріске ұшыратқан мысалдары да 

жетерлік.  Сондықтан, бес сатылы жүйе 

заң талабына үйлеспей, азаматтар-

дың құқықтары мен бостандықтарын, 

адамның, қоғамның және мемлекеттің 

заңды мүддесін неғұрлым жедел әрі 

сапалы қорғауға кері әсерін тигізді. 

Осындай мәселелерді ескерген ұлттық 

комиссия сот жүйе сін оңтайландыру 

туралы бастаманы қолдап, Қазақстан 

Республикасының Президенті 2015 

жылғы 31 қазанда  Қазақстан Респуб-

ликасының кейбір заңнамалық ак-

тілеріне сот төрелігі жү йесін жетілдіру 

мәселелері бойын ша өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу туралы заңға қол 

қойды. Аталған заңға сәйкес, Қазақстан 

Республикасы ҚПК-не өзгерістер мен 

толықтырулар енгізіліп, қылмыстық 

істердің апелляциялық және касса-

циялық сатыларда қаралу тәртібі өз-

гертілді. Бұл  өз кезегінде  судьялардың 

жауапкершілігін арттырып, жүктемесін  

азайтуға жол ашып берді. 

Т.МАҚҰлОВ,

Алматы қаласындағы Алатау 

аудандық сотының судьясы

төрелік етудің ең басты мақсаты тарап-

тарды табыстыру, татуластыру екенін 

айтумен қатар, бітімгершілікті дамыту 

жолдарын да көрсетіп келеді.

VII съезд судьялар корпусының 

алдына жаңа мақсаттар қойды. Судья 

әдебінің кодексі сот төрелігін жүзеге 

асыруда және соттан тыс қызметтегі 

мінез-құлықтың судья үшін міндетті 

қағидаларын белгілей отырып, сот 

және судья әдебі нормаларын бұзу 

кезінде туындайтын қоғамдық қа-

тынастарды,  сондай-ақ,  сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың 

кәсіби-әдептік стандартын айқындай-

ды. Судья іске қатысушы адамдармен, 

олардың өкілдерімен, прокурор мен, 

адвокатпен,  өзге  де  мүдделі  жан-

дармен нақты сот ісі, сот төрелігін 

іске асыруға байланысты мәселелер 

бойынша  процестік  және  өзге  де 

заң намада көзделмеген кез келген 

қарым-қатынас деп түсінілетін про-

цестік емес байланыстарды болдыр-

мауы керек. Сондықтан, бүгінгі күні 

Судья әдебі кодексінің сот төрелігін 

жүзеге асырудағы алатын орны маңыз-

ды.  Судья  өзінің  кәсіби  қызметін 

атқарған кезде заңға бағынуға және 

кез келген сырттан ықпал етулерге 

жол бермей, қыр көрсетулерге, қысым 

жасау мен құқықтық емес әсерлерге, 

сот процесіне тікелей немесе жанама 

араласуға қарсы тұруға тиіс. Жұрт-

шылық тарапынан болып тұратын 

тұрақты назар судьяға өзіне бірқатар 

шектеу қою міндетін жүктейді. Судья 

қоғамдық іс-шаралар мен басқа да 

көпшілік орындарынан, егер бұл оның 

беделіне зиян келтіретін болса аулақ 

болуға тиіс.

Мемлекет атынан шешім қабыл-

дап, сот төрелігін жүзеге асырушы 

судьяларға қойылатын талаптарының 

күшейтілуі уақыт талабымен үндес кен 

қадам. Демек, Әдеп кодексінің талап-

тарын мүлтіксіз сақтау әрбір судьяның 

міндеті.

Жанар ИБРАГИМОВА,

Алматы облыстық 

мамандандырылған

ауданаралық экономикалық 

сотының судьясы

жарлық жемқорлықты 

жоюға бағытталған

тік қызметшілерге қойылған шектеулер олардың басшыла-

рына да қолданылады. Азаматтардың сыбайлас жемқорлық 

құқық бұзушылықтарының жолын кесу мен оны ашуға 

жәрдемдесуге бағытталған қызметін көтермелеу тетіктерін 

қамтитын ынталандыру жөніндегі шараларды арттыру.

Жарлықпен мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ, 

мемлекеттік қызметтен босаған адамдардың белгілі бір 

кезең ішінде құны осы адамдардың ресми табысынан асып 

түсетін мүліктің шығу тегі туралы ақпарат ұсыну міндеті 

белгіленген. Мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік 

қызметте бұрын жұмыс істеген адамдар туралы бірыңғай 

электронды дерекқор жасау мемлекеттік қызметке үміткер-

лерді сапалы түрде іріктеп, жоғары лауазымдарға ұсынуға 

мүмкіндік беріп қана қоймай, іскерлік бет-бейнесіне дақ 

түскен адамдардың қызметке орналасуына да айтарлықтай 

тосқауыл болады. Жарлық талаптары Қазақстандағы сы-

байлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бағытында 

жасалып жатқан жұмыстарды нығайтқаны баршаға мәлім.

Г.ЕСБОлҒАНОВА,

Бостандық аудандық 

әділет басқармасының басшысы

АлМАТы ҚАлАСы 

сот сатыларын 

оңтайландыру өз 

нәтижесін көрсетуде



5

zangazet@maiI.ru



№145 (2923) 

27 желтоқсан 2016

ТҰҒЫР


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ 

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ – СЕНІМ КЕПІЛІ

Мінбер

(Соңы. Басы 1-бетте)

Өздеріңіз  білесіздер,  мұнаймен 

ілесе шығатын газ ауада жанып, қор-

шаған ортаға қаншама зиянын тигізді. 

Прокурорлық ықпал ету шараларының 

арқасында 1997 жылмен салыстырғанда 

ілеспе газдың ауада жануы қазір 10-15 

есеге азайды. Мұнай өндірушілердің 

ілеспе  газды  өңдейтін  зауыттарды 

салуына прокурорлық актілер қозғау 

болды деуге толық негіз бар. Өйткені, 

актіні жолдап қана қоймай, оның орын-

далуын қадағалап, нәтижесі шыққанша 

соңдарынан қалған жоқпыз. 

Дүйім жұртты дүрліктірген 5 мау-

сымдағы террорлық акт болған сәттен  

процессуалдық  актілер  белгіленіп, 

істің жан-жақты объективті тергеліп, 

сотқа жетуін қамтамасыз еттік. Сол 

ауыр қылмыстың салдарын саралап, 

жоюға, қайталанбауы үшін алдын алу 

шараларына көп көңіл бөлдік. 5 ай 

ішінде өте ауқымды істің  сотқа дей-

інгі тергеу-тексерулері, сотта қаралуы 

прокурорлық  қадағалаудың  сапалы 

жүзеге асырылуынан деп айта аламыз. 

Қылмыскерлердің әлеуметтік портреті 

жасалды. Олардың діни көзқараста-

рының  ара-жігін  айқындап  бердік. 

Соларға сүйене отырып, террорлық 

актіні жасағандардың теріс ағым жете-

гінде болғанына халықтың көзін жет-

кізу үшін «Оразадағы ойран» деректі 

фильмі түсірілді. Онда қылмыскер-

лердің теріс ағым жетегінде кетіп, өз 

тағдырларын өздері ойрандағандарына 

шын күйзеле өкінгендерін көрсеттік. 

Прокуратура органдарының облыстық 

деңгейдегі әр басқармасы қызметтерін 

атқару кезінде өздеріне мәлім  болған 

заңдағы қайшылықтар мен кемшілік-

терге талдау жасап, анықтап оны шешу-

ге қатысты ұсыныстарын  беріп отыра-

ды. Бұл біздің күнделікті жұмысымыз. 

Террорлық акт салдарын жоюда құқық 

қорғау органдарымен бірлесе жұмыс 

жасап, ерекше маңызға ие обьектілерді, 

мәселен, қару сататын дүкендердің 

заңмен бекітілген ережеге сай жұмыс 

істеуін қадағалап бақылауға қатысты 

өз ұсыныс-пікірлерімізді әзірленіп, 

оны. Бас прокуратурадағы заң шығар-

машылық  қызметпен  айналысатын 

арнайы басқармаға жолдадық. 

Террорлық актіге байланысты қазір 

жергілікті полиция басшылығы үстінен 

қылмыстық іс қозғалды. Бұл ретте ай-

тарым, әрбір мемлекеттік орган өз жұ-

мысын заңға сай, мерзімінде әрі тиімді 

атқарса, мұндай бассыздықтарға жол 

берілмес еді.

– Қазақстан Республикасының 

прокуратура органдары ширек ға-

сыр ішінде айрықша өзгерістер мен 

жаңаруларды бастан кешіріп, заң-

дылықтың сақталуы мен заңдардың 

қолданылуын қадағалауда ел еңсесін 

көтерерліктей қандай істер тынды-

рып, халықтың сенімді тірегіне қа-

лай айналды? 

– Жиырма бес жыл ішінде бұл түбе-

гейлі құндылықтар іске асырылуы үшін 

аз жұмыс атқарылмады. Бас прокурор-

дың қадағалауымен азаматтарды жеке 

қабылдап, арыздарын мұқият тыңдауға, 

қатты назар аударылады. Облыстық 

прокуратура тарапынан «Арыз-шағым 

жұртшылықтың пікірі», «Прокуратура 

ауылдың дамуы үшін», «Қауіпсіз орта 

қоғам гүлденуінің кепілі» сынды бір-

неше серпінді жобалар қолға алынды. 

Жас мемлекеттің іргетасын қалау, 

құру, қалыптастыру бағытындағы ең 

жауапты іс мемлекеттік қызметшілерге 

жүктеледі. Бүгінгі таңда сот жүйесі 

дамып, сапаланып, халықаралық та-

лаптар үдесінен шыға алатын дәрежеге 

жетті. Сот жүйесінде судьялардан бөлек 

«Б» корпусының мемлекеттік қызмет-

шілері, атап айтқанда, сот отырысының 

хатшылары,  сот  хатшылары,  кеңсе 

меңгерушісі, т.б. да қызмет атқарады. 

Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі 

Қазақстан Республикасының заңдарын-

да белгіленген. 

Жалпы, мемлекеттiк қызметке кiру 

кезiнде шығу тегіне, әлеуметтiк, лауа-

зымдық және мүлiктiк жағдайына, жы-

нысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге 

көзқарасына, нанымына, тұрғылықты 

жерiне байланысты немесе кез келген 

өзге мән-жайларға байланысты қандай 

да бір кемсітушілікке жол берiлмейдi. 

Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш 

рет  кірген,  сондай-ақ,  мемлекеттік 

әкімшілік қызметке оны тоқтатқаннан 

кейін  қайтадан  кірген  мемлекеттік 

қызметшілер үшін олардың атқаратын 

мемлекеттік лауазымдарына сәйкесті-

гін тексеру мақсатында сынақ мерзімі 

белгіленеді. 

Мемлекеттік қызметшілердің жұмы-

сын бағалауды жүргізудің тәртібі мен 

мерзімдерін уәкілетті органның ұсынуы 

бойынша Қазақстан Республикасының 

Президенті айқындайды. Мемлекеттік 

қызметшілердің жұмысын бағалаудың 

нәтижелері бонустарды төлеу, көтер-

мелеу, оқыту, ротациялау, мемлекеттік 

лауа зымын төмендету не қызметтен 

шығару жөніндегі шешімдерді қабыл-

дауға негіз болып табылады. 

Мемлекеттік  әкімшілік  қызмет-

шілерді оқыту оларды даярлауды, қайта 

даярлауды және біліктілігін арттыруды 

қамтиды. Мемлекеттік қызметшілерді 

көтермелеу лауазымдық міндеттерін 

үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекет-

тік қызметі, ерекше маңызды және 

күрделі тапсырмаларды орындағаны 

және жұмыстағы басқа да жетістік-

тері  үшін,  сондай-ақ,  олардың  жұ-

мысын бағалаудың нәтижелері бой-

ынша қолданылады. Сонымен қатар, 

мемлекеттік қызметшілер өздерінің 

қызметтік міндеттерін орындамағаны 

немесе тиісінше орындамағаны үшін 

Қазақстан Республикасының заңдарына 

сәйкес, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, 

әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта 

болады. Тәртіптік жаза теріс қылық 

анықталған күннен бастап бір айдан 

кешіктірілмей қолданылады және оны 

теріс қылық жасалған күннен бастап 

алты айдан асырып қолдануға болмай-

ды. Әрбір қызметкер жеке басының жа-

уапкершілігі мемлекетке деген көзқарас 

пен сенімді қалыптастыратынын жақсы 

түсінуі тиіс. «Өзің де жан – өзгені де 

жандыр» деген ұлы қағида, әрбір мем-

лекеттік қызметшінің қағидасы болса, 

нұр үстіне нұр.

Ақсұлу НУРСЕИТОВА,

Алматы қаласы

Алмалы аудандық №2 сотының 

бас маманы 

Ақылбек НҰРҒАЛИЕВ, Ақтөбе облысы прокурорының жасырын тергеу 

әрекеттері заңдылығын қадағалау жөніндегі көмекшісі

1-дәрежелі прокуратура үздігі:

«ӘР ОРГАН 

ӨЗ ЖҰМЫСЫН 

ТИІМДІ АТҚАРСА, 



ЗАҢСЫЗДЫҚҚА 

ЖОЛ БЕРІЛМЕС ЕДІ»

Орайы келген әңгіме

қосып, меморандум қабылдап қол қой-

ды. Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру 

бағытында кәсіпкерлікті дамытуға ке-

дергі болатын жәйттерге тосқауыл қою 

үшін «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы 

нәтижелі жүзеге асып жатыр. Жүздеген 

кәсіпкердің құқықтары қорғалып, олар-

дың кәсіптеріне жол ашылды.

Жалпы, заңдылықтың сақталуын 

қадағалайтын басты органға қойы-

латын  талаптың  жоғары  болатыны 

айтпаса да түсінікті. Ел аумағында  

«Қылмыстық  құқықбұзушылықтың 

электронды картасы» жасалып, іске 

қосылды. Сөйтіп, еліміздің кез келген 

тұрғыны өзі тұрып жатқан аймақта 

қылмыстың қай түрі өршігенін көрсе, 

одан сақтану шараларын қолдана ала-

ды. «Прокурордың 100 кеңесі» деген 

жобаның мобильді қосымшасы жасал-

ды. Кез келген смартфон иесі оны еркін 

пайдалана алады. Облыста «Халықты 

қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жоба-

сы қызу қолдау тапты. Жаңа форматта 

жұмыс жасаған бұл жоба бойынша 

145 мың тұрғын қамтылған ауқымды 

шаралар жүзеге асырылды. Бас проку-

рор Жақып Қажыманұлы бастаған 200  

маманнан құрылған арнайы топ халық 

арасына шығып, жұмысқа тұру, бизнес-

ті дамыту, несие мен субсидия, жәр-

демақылар алуға қатысты сұрақтарға 

жауап берді. Медициналық басқа да 

көмек алу тәртіптерін түсіндірді. Ең 

маңыздысы,  дәстүрлі  дін  бойынша 

түсінік жұмыстарын жүргізді. Теріс 

ағым ықпалында кетіп, адасып жүрген-

дермен кездесулер өткізілді. Осындай 

прокурорлық қадағалауды тиімді атқару 

үшін оның материалдық-техникалық 

жағынан толық жабдықталуының орны 

Бұның бәрі прокурорларға өз міндет-

терін жоғары деңгейде атқару бағытын-

да ерекше күш береді.  

– Әлеуметтік-экономикалық са-

ладағы заңдылықты қадағалау бой-

ынша қол жеткізген жетістіктерге 

тоқтала кетсеңіз. 

– Әлемдік қаржы дағдарысының 

қиын кезінде қоғамда әлеуметтік-саяси 

тұрақтылықты сақтау міндеттері аса 

маңызды болып табылады. Сондықтан, 

азаматтардың әлеуметтік-экономика-

лық құқықтарын қорғау мәселелері 

прокуратура органдарының ерекше 

назарында және тұрақты қадағалауын-

да болды. Бұған дәлел ретінде бір ғана 

2016 жылдың ішінде әлеуметтік-эко-

номикалық саладағы прокурорлық қа-

дағалау актілері бойынша  облыста 7015 

азаматтың конституциялық құқықтары-

ның қорғалғанын айтсақ та жеткілікті 

деп ойлаймын.

Тәуелсіздік жылдарын алсақ, ол сан 

жүздеген мыңға жетеді. Биыл прокурор-

лар қадағалауының арқасында 5 мыңнан 

астам жұмысшының еңбек ақылары 

өндіріліп берілді. Мемлекеттік бюд-

жетке 42 миллиард теңге қайтарылды. 

Жалпы, құқық қорғау органдарының 

қызметін тиімді үйлестірудің маңызы 

зор. Соның нәтижесінде тәуелсіздік 

жылдары адам өлтіру, қарақшылық жа-

сау, тонау, қорқытып алу, зорлау сияқты 

қылмыстың ауыр түрлері бір жарым-екі 

есеге азайды. Қазір қылмыс жасалған 

сәттен электронды тіркеу ге алынады. 

Ешкім болған қылмысты жауып тастай 

алмайды. 



– Кадр мәселесі қалай шешіліп 

жатыр?

– Прокуратура қызметкерлерінің  

сынан көше берілді. Мүсіні, ескерткіш 

тақтасы орнатылды. Мұғалжар уезінде 

дүниеге  келген  М.Атаниязов  1922 

жылы Қазақ АССР Юстиция халық 

комиссариатының  құрамына  енген 

прокуратураны басқарып, Юстиция 

халық  комиссары және  республика 

прокуроры болды. Жаңадан құрылған 

прокуратура органдарының жұмысын 

ұйымдастырып, оған жүктелген міндет-

терді мүлтіксіз атқарды.  Отанға еңбегі 

сіңгендердің бірегейі ретінде марқұм 

Н.Әлмұрзаевты  айтпай  болмайды. 

Тәуелсіздік жылдары Ақтөбе қаласы-

ның прокуроры, облыс прокурорының 

орынбасары болған Нұрлан Бақытқа-

лиұлы қажырлы еңбегі үшін «Қазақстан 

Республикасына еңбегі сіңген заңгер» 

деген құрметті атақ алды. Заңдылық 

пен әділеттіліктің басты қағидаларын 

нығайтуға өзінің үлесін қосқан көп-

теген әріптестерді тізбелеуге болады. 

Бірақ, мен «Ақтөбе қаласының құрметті 

азаматы» атанған Мәрия Тәжібаева ту-

ралы айтпақпын. Қазір де прокуратура 

ардагерлері кеңесінің төрайымы болып 

жүрген  апамыз  қоғам  үшін  талмай 

қызмет етіп келеді. Түрлі қоғамдық кез-

десуге барып, ел-жұртқа кеңес беруден 

шаршаған емес. 

Облыста прокуратура органдарына 

білікті мамандарды дайындап, қабыл-

дау мәселесіне үлкен мән беріледі. 

«Прокурор студенттік кезден» жобасы 

аясында білікті маман қабылдау үшін 

жоғары  оқу  орындарымен  бірлесе 

жұмыс жасап, студенттердің маман-

дық таңдауына көмек беріп келеді. 

Осы жоба жұмысқа қабылдауда жа-

риялылықтың болуын, жас маманның 

ешқандай тамыр-таныс, қандай да бір 

лауазымды тұлғаның ықпалынсыз өз 

пен жас маманың арасындағы сабақта-

стықтың үлгісі. Тәжірибелі мамандар 

жас толқынға өз білгендерін жалықпай 

үйретіп, жетекшісі бола біледі. Оларға 

қарап, бой түзейтін жас маман өз ісінің 

майталманы болуға ұмтылады. 



– Сіз 33 жасыңызда аудан проку-

роры болған екенсіз. Бұл бала кезгі 

арманыңыз ба?

– Ауылдағы  бір ағайынымыз проку-

рор болып жұмыс жасады. Үйге қонаққа 

келген сайын, оның формасына қатты 

қызыға қарайтынмын. Жоғары оқу ор-

нына 3 рет барып түсе алмадым. Ақыры 

дайындық курсы арқылы арманыма қол 

жеткіздім. ҚазМУ-дің заң факультетін 

1996 жылы бітірдім. Аудан прокуроры 

болған кезде неше жыл билікте болған 

басшының менсініңкіремей, «әкімдікке 

тиіспей, басқа жақтарды қадағаларсың» 

дегені де есімде. Алайда, заң талаптары 

сақталмаған кездерде табандылықпен, 

біліктілікпен күрестім. Мен жұмыс жа-

саған 20 жыл ішінде өзім ұстанған бас-

ты принциптен ауытқыған емеспін. Ол 

– ең алдымен адал болу, өзіңді басқа-

дан жоғары қоймау. Темір ауданында 

прокурор  орынбасары  болғанымда 

төсекке таңылған мүгедекке жәрдем-

ақысы дұрыс есептелмей, 4 ай бойына 

берілмегенін анықтадым. Анықталған 

заң- бұзушылыққа қатысты мемлекеттік 

лауазымды тұлғаның кінәсін мойындата 

білуге біліктілік пен жігер керек. Әр 

адам прокурорға бұзылған құқымды 

қорғауға  заңды  көмек  береді  деген 

сеніммен келуі керек. Сондай ахуалды 

қалыптастыру біздің басты міндетіміз. 



– Әңгімеңізге рақмет! 

Бақыт ЖАНШАЕВА

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ 

күшімен, өз білімін көрсете отырып қы-

зметке тұруын қамтамасыз етуде. Тағы 

бір жақсы шара бар ол «Жас мамандар-

дың слеті». Бұл жобада да қоғамның 

сенімін ақтау үшін кездейсоқ адамның 

қадағалаушы орган қатарына  қабыл-

дануын болдырмау жағы көзделген. 3 

жылға дейін жұмыс өтілі бар мамандар 

өздерінің біліктілігін көрсету үшін осы 

слетте сынға түседі. Бұл да бір аға ұрпақ 

әр толқыны өздерінің кәсіби шебер-

ліктерін дәлелдеп келеді. Таңдап алған 

кәсіптеріне адалдық танытады. Ақтөбе 

топырағында дүниеге келген азаматтар-

дың ішінде құқық саласын басқаруда 

өздерінің өшпес ізін қалдырғандары 

жетерлік. Мәселен, Ө.Сейітов 18 жыл 

үздіксіз Қазақ ССР-інің Бас прокуро-

ры қызметін абыроймен атқарды. Бұл 

кісінің есімі ұлықталып, Ақтөбе қала-

Ел  экономикасын  өркендетудің 

бірден-бір маңызды тетігі – кәсіпкер-

ліктің дамуы. Сондықтан, прокурорлық 

қадағалаудың өзекті мәселелерінің бірі 

кәсіпкерлік қызмет саласында констит-

уциялық құқықты қорғау болып табы-

лады. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 

облыстың барлық қадағалау-бақылау 

фукнкциясы бар мемлекеттік орган-

дары прокуратура ғимаратында бас 

ерекше.  Прокуратура  жұмысының 

тиім ділігін қамтамасыз ету мақсатында 

Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен 

заманауи  жабдықталған  облыстық  

прокуратураның ғимараты салынды.  

Тәуелсіздік жылдары облыстық бюд-

жет есебінен Алға, Мұғалжар, Темір, 

Байғанин, Ырғыз, Хромтау және Ойыл 

аудандарының прокуратуралары жаңа 

ғимараттарға көшіп, еңселерін тіктеді. 



6

№145 (2923) 

27 желтоқсан 2016

zangazet@maiI.ru

НИЗАМ

Білген жөн



Тәуелсіздік алғаннан бері 25 жыл ішінде Қазақстан-

да тоғыз мәрте  рақымшылық заңдары қабылданды. 

Олар: 

1991 жылы – Қазақ Советтік Социалистік Республи-



касының тәуелсіздігіне байланысты

1994 жылы – Халықаралық отбасылық  жылына 

байланысты;

1996 жылы – Қазақстанның жаңа Конституциясы-

ның бір жылдығына байланысты;

1999 жылы – Ұрпақтардың бірлігі және біртұтас­

тығына байланысты;

2000 жылы – Мемлекеттік егеменділік Декларация­

сының қабылдануының он жылдығына байланысты;

2001 жылы – Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына 

байланысты;

2006 жылы – Қазақстан Республикасы Тәуелсізді-

гінің 15 жылдығына байланысты; 

2011 жылы – Қазақстан Республикасы Тәуелсізді-

гінің 20 жылдығына байланысты; 

2016 жылы 13 желтоқсанда – Қазақстан Респуб­

ликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты 

Рақымшылық заңдары Парламентте қабылданды. 

Өйткені, Қазақстан Республикасы Конституциясының 

54­бабына сәйкес, Рақымшылық туралы заңды Парла-

мент қабылдауға, ал, Республика Президенті Консти-

туцияның 44­бабының 15­тармағына сәйкес, кешірім 

жасауға құқылы.

2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Респуб­

ликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты 

рақымшылық жасау туралы» заңының 2­бабында:

1. «Қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес 

қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылады».

2. Ауырлығы орташа қылмыстар үшін сотталған 

адамдар:


1) кәмелетке толмағандар;

2) жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары 

немесе мүгедек балалары бар әйелдер, сондай­ақ, кәме-

летке толмаған балалардың жалғыз ата­анасы болып 

табылатын ер адамдар;

3) I, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер;

4) елу жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс 

жастағы және ол жастан асқан ер адамдар;

5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүге-

дектері және оларға теңестірілген адамдар;

6) әскери және (немесе) интернационалдық бо-

рышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қыз-

метшілердің жесірлері, сондай­ақ, күйеулері соғыс 

мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар болып 

табылатын әйелдер жазадан босатылады.

3. Осы баптың 2­тармағының күші қолданылмайтын, 

ауырлығы орташа қылмыстар үшін сотталған: 

1) бас бостандығынан айырумен байланысты емес 

жазасын өтеп жатқан және пробациялық бақылаудағы;

2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 

63­бабы қолданыла отырып, сот үкімімен бас бостан-

дығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған адамдар 

жазадан босатылады.

3­бабында: «Заңның 2­бабы 2­тармағының күші 

қолданылмайтын, ауырлығы орташа қылмыстар үшін 

бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға жаза-

сының өтелмеген бөлігі айыппұлға не бас бостандығын 

шектеуге ауыстырылсын», – деп көрсетілген.

4­бапта – Жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін қыс­

қар ту негіздері:

1. Ауыр қылмыстар үшін сотталған: 

1) кәмелетке толмағандарға

2) жүкті әйелдерге, кәмелетке толмаған балалары 

немесе мүгедек балалары бар әйелдерге, сондай­ақ, 

кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата­анасы бо-

лып табылатын ер адамдарға;

3) I, ІІ және ІІІ топтардағы мүгедектер;

4) елу жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, ал-

пыс жастағы және ол жастан асқан ер адамдарға;

5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүге-

дектеріне және оларға теңестірілген адамдарға;

6) әскери және (немесе) интернационалдық бо-

рышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызмет-

шілердің жесірлеріне, сондай­ақ, күйеулері соғыс 

мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар болып 

табылатын әйелдерге;

7) «қылмыспен келтірілген залал толық өтелген 

жағдайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық ко-

дексінің Ерекше бөлігінде көзделген экономикалық қыз­

мет саласындағы ауыр қылмыстар үшін сотталғандарға 

осы заң қолданысқа енгізілетін күнге жаза мерзімінің 

өтелмеген бөлігінің жартысы қысқартылсын». 

2. «Осы баптың 1­тармағының күші қолданылмай-

тын, ауыр қылмыс  жасағаны үшін сотталған адамдарға 

қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда, 

осы заң қолданысқа енгізілетін күнге жаза мерзімінің 

өтелмеген бөлігінің төрттен бірі қысқартылсын».

3. Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адам­

дарға:

1) кәмелетке толмағандарға;



2) жүкті әйелдерге, кәмелетке толмаған балалары 

немесе мүгедек балалары бар әйелдерге, сондай­ақ, 

кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата­анасы бо-

лып табылатын ер адамдарға;

3) I. II және ІІІ топтағы мүгедектерге;

4) елу жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, ал-

пыс жастағы және ол жастан асқан ер адамдарға;

5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүге-

дектеріне және оларға теңестірілген адамдарға;

6)  «әскери  және  (немесе)  интернационалдық 

борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қыз-

метшілердің жесірлеріне, сондай­ақ, күйеулері соғыс 

мүгедектері және оларға теңеcтірілген адамдар болып 

табылатын әйелдерге осы Заң қолданысқа енгізілетін 

күнге жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің бестен бірі 

қысқартылсын», – деп көрсетілген.

Осы Заңның 6­бабына сәйкес қылмыстық істер 

бойынша іс жүргізуді тоқтату негіздері көрсетілген. 

Заңның осы бабында:

«Қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес 

қылмыстар бойынша барлық қылмыстық істер және сот-

тар қарамаған істер бойынша іс жүргізу тоқтатылсын».

2. Мыналарға:

1) кәмелетке толмағандарға;

2) жүкті әйелдерге, кәмелетке толмаған балалары 

немесе мүгедек балалары бар әйелдерге, сондай­ақ, 

кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата­анасы бо-

лып табылатын, ата­ана құқықтарынан айырылмаған 

ер адамдарға; 

3) I. II және ІІІ топтағы мүгедектерге;

4) елу жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, ал-

пыс жастағы және ол жастан асқан ер адамдарға;

5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүге-

дектеріне және оларға теңестірілген адамдарға;

6)  «әскери  және  (немесе)  интернационалдық 

борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қыз-

метшілердің жесірлеріне, сондай­ақ, күйеулері соғыс 

мүгедектері және оларға теңеcтірілген адамдар болып 

табылатын әйелдерге қатысты ауырлығы орташа қыл-

мыстар бойынша барлық қылмыстық істер және соттар 

қарамаған істер бойынша іс жүргізу тоқтатылсын».

Көрсетілген заңның 5­бабында рақымшылық жасау 

қолданылмайтын адамдар тізбесі анық көрсетілген. 

Олардың қатарына:

1) кәмелетке толмағанның он төрт жастан он сегіз 

жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қатысты жыныс­

тық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған жағдай-

ын қоспағанда, кәмелетке толмағандарға осындай 

қылмыс тар жасаған адамдарға;

2) террорристік қылмыстар жасаған адамдарға;

3) экстремистік қылмыстар жасаған адамдарға;

4) азаптаулар жасаған адамдарға;

5) қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайта-

лануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға

6) өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бос­

тандығынан айыруға ауыстырылған, сондай­ақ, өмір 

бойына бас бостандығынан айыру тағайындалған 

адамдарға; 

7) бұрын рақымшылық жасау немесе кешірім жасау 

қолданылған, қайтадан қасақана қылмыстар жасаған 

адамдарға;

8) қылмыстық топтар құрамында қылмыстар жа-

сағаны үшін сотталған адамдарға;

9) егер қылмыстардың біріне осы Заңның күші 

қолданылмайтын болса, қылмыстар жиынтығы болған 

жағдайда.

Сондай­ақ, 1959 жылғы 22 шілдедегі Қазақ КСР 

Қылмыстық кодексінің (1959 жылғы 22 шілдеден 1998 

жылғы 1 қаңтарға дейінгі өзгертулермен және толықты-

рулармен), 1997 жылғы 16 шілдедегі ҚР Қылмыстық 

кодексінде (1997 жылғы 16 шілдеден 2015 жылғы 1 

қаңтарға дейінгі енгізілген өзгертулермен және то-

лықтырулармен). 

2014 жылғы 14 шілдедегі ҚР Қылмыстық кодексін-

де (2014 жылғы 3 шілдеден кейін осы заң қолданысқа 

енгізілгенге дейін енгізілген өзгертулермен және то-

лықтырулармен көзделген жеке қылмыс түрлері үшін 

сотталған адамдарға рақымшылық жасау қолданыл-

майды). Ол осы заңның 5­бабының 10, 11, 12­тармақта-

рында тікелей көрсетілген.

«Рақымшылық туралы» заң жарияланған күннен 

бастап қолданысқа енгізіледі және оның орындалуы тиісті 

органдар арқылы алты ай ішінде қамтамасыз етіледі.

Кешірім беру –  бұл мемлекет басшысы қабылдайтын 

акт. Кешірім беру актісі бойынша сотталған адам тағай-

ындалған жазадан толық немесе ішінара босатылады 

немесе сот үкімі бойынша тағайындалған жаза неғұр-

лым жеңілірек жазаға ауыстырылады. Кешірім беру 

актісі бойынша бұрын жаза өтегендердің сотталғандық 

атағы да жойылуы мүмкін. Ерекше жағдайдарда кешірім 

беру арқылы қылмыс істеген адам қылмыстық жауап-

тылықтан босатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда кінәлі 

адамның ісі сотқа берілмейді. Кешірім беру актісі тұжы-

рымды, қандай да бір болмасын шарт қоюмен байланыс-

сыз болып табылады. Кешірім беру туралы өтініш беру 

қанағаттандырылмаған жағдайда мұндай тілекті екінші 

рет қоюға болады. Кешірім беру мен рақымшылық ак-

тісінің айырмашылығы мынада:

Кешірім беру актісі әр уақытта да нақты бір адам 

немесе бір топ адамдар жөнінде қабылданады, яғни, 

бұл актінің жеке­дара мәні бар. Ал, рақымшылық бол-

са, рақымшылық туралы заңның талаптары мен шарт-

тарына сәйкес келетін барлық сотталғандарға немесе 

сотталушыларға қолданылады. 




1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал