АҢдатпа 6-бет 3-бет



жүктеу 0.51 Mb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3   4   5

Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

«Заң газеті»

Еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын қал-қадірінше атап 

өтті. Айтулы мереке халықтық сипат алды деп айтуға болады. 

Оған мейрам қарсаңында жер-жерде ұйымдастырылған түрлі 

шаралар дәлел. Әр мереке бұған өзінше үлес қосуға тырысып 

бақты. Дәстүрлі шараларды өткізгендер қаншама, сондай-ақ, 

саласымен, бағытымен қабыса бермейтін ізгі дүниелерді ұй-

ымдастырып, батыл қадамға барғандар да жоқ емес. Бесжұл-

дызды «Алматы» шипажайы мұрындық болған мүшәйраны 

соңғылардың қатарына жатқызуға болады.

Талайдың дертіне дауа болған «Алматы» шипажайы 

құрылғанына 50 жыл толғанын Тәуелсіздіктің 25 жыл-

дығымен сабақтастыра отырып, ақындардың жырымен өр-

нектегенді жөн көріпті. Тақырыбы да ерекше: «Өз жеріңде 

демал, өз еліңде ем ал!» Әрі насихат. Айтулы мерекеге орай, 

шипажайдың мәжіліс залында аталмыш республикалық 

жыр мүшәйрасының ақтық сайысы өтті. Онда әр өңірден 

өлеңін жолдаған 40-тан астам ақынның 12-сі жүрекжарды 

жырларын оқыды. 

Талап бойынша бір өлең ширек ғасыр толған Тәуел-

сіздікке, екінші өлең жарты ғасырдан бері жанға дауа болып 

келе жатқан шипажайға арналуы тиіс. Мүшәйрада өлең ғана 

оқылған жоқ. Саят Нұрғазин бастаған бірқатар дәстүрлі 

әншілер әуелеген әнмен жыр кешінің көркін аша түсті. 

Соңын ала жас та болса есімдері елге танылған айтыскерлер 

Қалижан Білдәш пен Шұғайып Сезімхан сөз қағыстырып, 

келушілерді бір серпілтті. Бұдан соң кеш тізгінін ұстаған-

белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлы бастаған, Бекжан 



Қазіргі  таңда  қазақ  тілін 

дамыту  мен  оның  мәртебесін 

асқақтату мақсатында бірқатар 

шаралар жүзеге асырылуда. Мем-

лекет басшысының Қазақстан 

Республикасында тілдерді да-

мыту мен қолданудың 2011-2020 

жыл дарға арналған іс-шаралар 

жоспарын бекіту туралы бағдар-

ламасы қабылданды. 

Осы бағдарламаны жүзеге асыру 

мақсатында Қазақстан Республикасы 

Жоғарғы Сотының ресми сайтында 

«Аtau.kz» ономастикалық, «Emle.kz» 

орфографиялық, «Termincom.kz» тер-

ми нологиялық электрондық дерек қор-

лары ашылды. Жаңа технологиялар дың 

құндылығы қандай десек, «Atau.kz» 

ономастикалық электрондық дерекқо-

рында Қазақстандағы жер-су, қалалар 

мен елді мекендер, мекемелер, көше, 

саябақ т.б. нысан атаулары, бұған қоса, 

ономастикалық атаулардың тарихы, 

этимологиясы, жасалу ерекшеліктері 

туралы танымдық сипаттағы ғылы-

ми, ғылыми-көпшілік, анықтамалық 

әдебиет тер мен мақалалар ұсынылған.

Бұл өз кезегінде ісқағаздарын жүр-

гізу барысында жер-су, қалалар мен 

елді мекендердің мемлекеттік тілде қа-

Қазақстандағы мемлекеттік басқа-

рудың тиімділігін арттырудың заманауи 

әдістерін қоса алғанда, озық тәжірибе-

лердің  енгізілуі үкіметтің стратегиялық 

мақсаттарының бірі болып табылады. 

Әсіресе, қарқынды геосаяси трендтер 

мен жаһандық қатерлер аясында уақыт 

талабына сай болу өте маңызды.

Мемлекет басшысының мемлекет-

тік сектордағы басқарудың жаңа және 

заманауи идеялары мен әдістерін қол-

дап отырғанын атап өткен орынды. 

Әлеуметтік-экономикалық және саяси 

жаңғыртулар барысында мемлекеттік 

басқару жүйесін ретке келтіру және 

тиімділігін арттыру маңызды рөл атқа-

ратыны бірнеше мәрте расталды.

Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік басқа-

рудың даму векторында барынша да-

мыған әлемдік экономика тәжірибесінің 

маңызы зор. Мәселен, ЭЫДҰ елдерінің 

үздік практикалары мемлекеттік басқа-

руды реформалау және адами капитал-

ды дамыту стратегиясын құруға үлес 

қосты. 


2014 жылы ЭЫДҰ «Қазақстандағы 

бәсекеге қабілеттілікті арттыру» жоба-

сы шеңберінде Қазақстандағы билік-

тің орталық деңгейіндегі мемлекеттік 

басқару жүйесіне бағалау жүргізілді. 

Негізгі мақсат – мемлекеттік жоспарлау, 

ведомствоаралық өзара әрекеттестік пен 

есептілік, мемлекеттік қызметті жетіл-

діру, мемлекеттік аппарат қызметінің 

тиімділігін арттыру, билікті орталық-

сыздандыру сияқты жекелеген негізгі 

бағыттардың сапасын арттыру бойынша 

ұсынымдар беру. 

ЭЫДҰ жүргізген бағалау нәтиже-

сі бойынша берілген ұсынымдардың 

көпшілігі Мемлекет басшысының «100 

нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарлама-

сында көрініс тапты.

Ұлт жоспарын жүзеге асырумен қа-

тар, мемлекеттік органдар реформаның 

барлық бағыттары бойынша белсенді 

жұмыс атқаруда және қазірдің өзінде 

белгілі бір нәтижелер бар. Мәселен, 

соңғы екі жылда біздің еліміз Дүние-

жүзілік экономикалық форумның 2015-

2016 жылдардағы жаһандық бәсеке-

ге қабілеттілік индексі рейтингінде 

50-орын нан 42-орынға алға жылжыды.  

Жоба шеңберінде ЭЫДҰ Қазақстан-

дағы мемлекеттік аппарат қызметінің 

тиімділігін бағалау жүйесіне және оны 

жетілдіруге ерекше мән береді. 

ЭЫДҰ ұсынымдарының 37-ден 10-ы 

дәл осы аталған бағытқа арналғанын 

атап өту керек.

ЭЫДҰ Қазақстанның мемлекеттік 

аппараттың тиімділігін бағалау жүйе-

сін құруда зор табысқа жеткендігін 

атап көрсетуде. Мемлекеттік органдар 

жұмысының нәтижелілігі жыл сайын 

қадағаланып отырады және ол 2010 

жылы құрылған Мемлекеттік орган дар 

қызметінің тиімділігін бағалау жүйе-

сінің негізгі басты идеясы. ЭЫДҰ-ның 

көптеген  қатысушы  елдері  сияқты  

мемлекеттік аппараттың тиімділігіне 

бағалау  жүргізу  әдістемесі  жұмыс 

процесі мен аралық нәтижеден гөрі ба-

рынша түпкілікті қорытындыға назар 

аудару мақсатында үнемі жетілдіріліп 

отырады. Тиісінше мемлекеттік ап-

параттың жұмысын бағалау жүйесін 

жетілдіру Ұлт жоспарының 93-қада-

мында көзделген.  

ЭЫДҰ-ның басқа да елдерінің тә-

жірибесіне келетін болсақ, мемлекеттік 

органдарды бағалау процесіндегі мақ-

сатты индикаторлардың тым көптігінің 

жағымсыз әсері болуы мүмкін екендігі 

мемлекеттік  аппараттың  тиімділігі 

мәселесіне арналған Ұлыбритания ми-

нистрлер кабинетінің баян дамасында 

көрсетілген. Осыған орай, Қазақстан-

дағы Мемлекеттік аппараттың жұмысын 

бағалау жүйесінің жаңа жетілдірілген 

моделінде бағалау 5 бағыттан төмендегі 

3 бағытқа азайтылды. Олар:

– стратегиялық мақсаттарға қол жет-

кізу және бюджеттік бағдарламаларды 

іске асыру;

– мемлекеттік органдардың азамат-

тармен өзара іс-қимылы;

– мемлекеттік органдардың ұйым-

дас тырушылық дамуы. Сонымен қатар, 

аталған бағалау шеңберінде сыртқы  

тәуелсіз бағалау институты – Мемлекет-

тік органдар қызметін бағалау жөніндегі 

комиссияны енгізу көзделуде. Бұдан 

әрі ЭЫДҰ азаматтардың мемлекеттік 

органдардың тиімділігі туралы ақпарат 

алу мүмкіндігін кеңейтуге, сол арқылы 

мемлекеттік сектордың ашықтығын  

күшейтуге үлес қосуына назар ауда-

руда. Мәселен, ЭЫДҰ сарапшылары-

ның пікірінше, «қызмет нәтижелері 

туралы деректерді жариялау үкіметтің 

азаматтардың алдындағы есептілігін 

күшейтеді. Бұл қызметтің тиімділігін 

арттыруға ықпал етеді және талдау-

шылардың пікірінше, қалыпты нәрсе, 

адамдар өздері төлейтін салықтың қайда 

жұмсалып жатқандығын білуге құқығы 

бар (Prat 2006).

Мемлекеттік аппараттың жұмысын 

бағалау жүйесінің жетілдірілген моделі 

аясында есепке алынған және 2016 

жылы  Мемлекет  басшысы  бекіткен 

аталған ұсыныс, мемлекеттік орган-

дардың қызметінің тиімділігін бағалау 

интернет-порталында бағалау қоры-

тындысын жариялау арқылы, сондай-ақ, 

ашықтықты  арттыруды  қамтамасыз 

ете отырып, қоғаммен кері байланыс 

арқылы іске асырылды.

ЭЫДҰ бірқатар басқа да қатысушы 

елдер практикаларымен қатар, мемле-

кеттік органдар тиімділігі «қысқарту, 

оңайлату, сезіну» деген үш негізгі то-

бымен өлшенеді. Осыған байланысты 

мемлекеттік  аппараттың  жұмысын 

бағалау жүйесінің жетілдірілген моделі 

аясында ұқсас құрамдас бөліктер көз-

деледі. Мәселен, бағалаудың бірінші 

«Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу 

және бюджеттік бағдарламаларды іске 

асыру» бөлігінде бюджеттік бағдар-

ламаларды іске асыру тиімділігі мен 

бюджет қаражатын игеруді ұштастыра 

отырып,  мемлекеттік  органдардың 

мақсатына қол жеткізу ұсынылады. 

«Мемлекеттік органдардың азаматтар-

мен өзара іс-қимылы» екінші бөлігі бой-

ынша «Мемлекеттік қызмет көрсету 

сапасы», «Азаматтардың өтініші» және 

«Мемлекеттік органдардың ашықтығы» 

сияқты негізгі өлшемшарттар бойынша 

жүргізіледі. Ал, үшінші «Мемлекеттік 

органдардың ұйымдастырушылық да-

муы» бөлігінде «Персоналды  басқару» 

және «Ақпараттық технологияларды 

қолдану» сияқты негізгі өлшемшарттар 

бойынша жүзеге асырылады.

Қорытындылай келе, Мемлекеттік 

органдар қызметінің тиімділігін  бағалау 

жүйесін жетілдіру бойынша ауқымды 

жұмыс жүргізілгенін атап өтуге  болады. 

Жоғарыда көрсетілген шараларды іске 

асыру мемлекеттік органдардың бірінші 

басшыларының дербес жауапкершілігін 

арттыру, ашықтықты қамтамасыз ету, 

сондай-ақ, қоғаммен кері байланыс ор-

нату мүмкіндігін береді.

Бұл қадамды тұтастай мемлекеттік 

басқаруды реформалаудың және ЭЫДҰ 

елдерінің жоғары стандарттарын енгізу-

дің бастапқы кезеңінің бірі деп санауға 

болады. ЭЫДҰ-ның стандарттарын ен-

гізу және үздік практикаларын экономи-

каның барлық салаларында және қоғам 

өмірінде қолдану Қазақстанға әлемнің 

ең дамыған елдерінің отыздығына кіру 

бойынша өршіл мақсатына қол жеткізу 

мүмкіндігін береді.

Қазақстан Респуб­

ликасында мемле­

кеттік басқаруды 

трансформациялау 

қалай өтуде  десек, 

2050 жылға қарай 

Қазақстан әлемнің 

барынша дамыған 30 

мемлекетінің біріне 

айналуы тиіс. Осы 

мақсатқа қол жеткізу 

үшін Мемлекет бас­

шысының тапсырма­

сы бойынша үкімет 

маңызды қайта құру­

ларды жүргізуде. 

Оңтайлы бағалау 

жүйесі – мемлекеттік 

басҚару тиімділігінің  

көрсеткіші

Мәдина  

Әбілқасы

М

ова,

қ

азақстан Республикасының Ұлттық  

экономика  вице-министрі

(Соңы. Басы 1-бетте)

Жыр кеші


«өз жеріңде демал, 

өз еліңде ем ал!»

Әшірбаев, Серікзат Дүйсенғазы, Олжас Отар сынды ақын-

дардан құралған қазылар алқасы сахнаға шығып, мүшәйра 

қорытындысын жария етті. Он екі ақынның өлеңіне төрелік 

еткен қазылар бірінші орынға Серік Қалиевті лайықты деп 

тауып, оған «Алматы» шипажайына LUX санаттағы 10 

күндік жолдаманы табыстады. Екінші орын Қуаныш Қолқа-

ев пен Олжас Қасымға берілді («Алматы» шипажайына 

STD санаттағы 10 күндік жолдама). Үшінші орын Айдана 

Сегізбаева, Бауыржан Әлқожа мен Наурызбек Саршаевқа 

бұйырды («Алматы» шипажайына STD санаттағы 7 күндік 

жолдама). Астаналық Рауан Қайдар мен шығыстағы Аягөз-

ден келген Қазбек Байжұманға шипажай президенті Талғат 

Тұңғышбаев арнайы жүлде табыстады (7 күнге стандарт 

нөмірде демалуға жолдама). Ал, ынталандыру сыйлығын 

алған Манас Қайыртай, Аслан Тілегенов, Сайлаубай Той-

лыбаев, Ұлмекен Лесбекова сынды ақындар енді шипажай 

бассейнінде бір жыл бойы тегін жүзе алады. 

Мұндай жыр кеші шипажайға тәнін сауықтыруға келген-

дердің жанын да сауықтырары сөзсіз.

С.ҚАЛДЫБАЕВ

Пікір


тілді дамытуда 

технологияның көмегі көп

тесіз жазылуына септігін тигізеді. Со-

нымен қатар, бұл дереққорлардың аза-

маттарымыздың сауаттылық деңгейін 

арттыра түсетіні де күмән келтірмейді. 

Мәселен, «Emle.kz» орфографиялық 

электрондық дерекқорында графика 

мен орфографияға қатысты теориялық 

мәліметтер мен сөздіктер орналас-

тырылған. Электрондық дерекқорда 

оқырмандарға қазақша  дұрыс жазу, 

сөзді дұрыс айту (дыбыстау) ережелері 

түсіндіріледі.  Дерекқорда сөздердің 

дұрыс жазылу ережелері, кірме сөз-

дер мен терминдік мәнге ие сөздердің 

бұрынғы және қазіргі жазылу бары-

сындағы айырмашылықтар салыстыр-

малы түрде көрсетілген. Сондай-ақ, 

тыныс белгілердің қойылу ретіне қа-

тысты ережелер, қысқарған сөздер мен 

олардың толық атаулары, қысқартылу 

реті туралы да түсінік беріледі.

«Termincom.kz» терминологиялық 

электрондық дерекқорында Қазақстан 

Республикасының Үкіметі жанындағы 

республикалық терминология комис-

сиясы бекіткен терминдер әліпбилік 

ретпен  бекітілу  мерзімі  бойынша 

берілген. Сонымен қатар, электрондық 

дерекқорда салалық терминологиялық 

сөздіктер орналастырылған.

Қызықтыратын  жайт,  сайттың 

«Ойталқы» атты бөлімінде  оқырман 

талқыға түскен сөздер тізбесінен кез 

келген сөздің бірін таңдап, оның қа-

зақша аудармасын ұсына алады. Әри-

не, аталған технологиялар  интернет 

сүйер қауымның көңілін баурайтыны 

сөзсіз. Біздің ойымызша, бұл қазақ 

тілін меңгерудегі ең тиімді шаралар-

дың бірі. Алайда, қазақ тілін дамыту, 

оның қолданылу аясын тек арнайы 

технологиялар мен қондырғыларды 

енгізу арқылы ғана емес, барша ха-

лықты, ел азаматтарын мемлекеттік 

тілде сөйлеуге ынталандыру арқылы 

жүзеге  асатынын  естен  шығармау 

керек. Сондықтан, әрбір азамат қазақ 

тілін дамытуға белсене атсалысуы тиіс. 

Өйткені, мемлекеттік тілді дамытуда 

технологияға сүйенгеннен гөрі өзіміз 

әрекет етуге тиіспіз.

Айжан ЫБЫРАйЫМ,

Жамбыл облысы бойынша 

қылмыстық істер жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық 

сотының бас маманы


4

№145 (2923) 

27 желтоқсан 2016

zangazet@mail.ru

Таразы

Түйткіл


Жегіқұрт

Жазалары 



жеңілдетілгендерді 

жауапқа тартуға 

не кедергі?

Съезден соң



(Соңы. Басы 1-бетте)

Меже


Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы сот қаулысының 

күшін жойып, пробация қызметі басшысының ұсынысын қанағаттандырусыз 

қалдырған кезде ҚР ҚК-нің 44-бабының 3-бөлігін және Қазақстан Республикасы 

Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы №6 «Жазаны өтеуден шартты түрде 

мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл 

түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практи-

касы туралы» нормативтік қаулысын басшылыққа алған.

Осы нормативтік қаулының 20-тармағындағы түсіндірме бойынша, бас бос-

тандығынан айыру жазасынан ауыстырылған бас бостандығынан шектеу жазасы 

– ол сотталған адамның жағымсыз тәртібіне байланысты бұзылуы мүмкін емес 

делінген. ҚР ҚК-нің 44-бабының 3-бөлігіне сәйкес, бас бостандығын шектеуге 

сотталған адам жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда бас бостандығын 

шектеудiң өтелмеген мерзiмi дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi 

жазаға ауыстырылады делінген. Яғни, осы заң талабына сәйкес және нормативтік 

қаулының түсіндірмесі бойынша, бас бостандығын шектеуге сотталған адам ғана 

жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда бас бостандығынан айыру жа-

засына ауыстырылуға жатады.

Егер үкім бойынша бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, кейін ол 

бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылып, азамат бас бостандығынан 

шектеу жазасын өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда жоғарыда аталған заң 

талаптары бойынша оның жазасы қайтып бас бостандығынан айыру жазасына 

ауыс тырылуға жатпайды. Осындай заңның олқылығына байланысты ағымдағы 

жылы жазасын өтеуден қаскөйлікпен жалтарған басқа да бірнеше сотталғандар 

бойынша пробация қызметкерлерімен берілген ұсыныстар соттармен қанағаттан-

дырусыз қалдырылған. Бастысы, сотталғандар өздеріне заңмен жүктелген міндет-

терді орындамай жаза өтеуден жалтарса да, жазасыз қалып отыр. Сондықтан, қазір-

гі таңда қылмыстық заңда қарама-қайшылық бар деп айтуға болады. Өйткені, бас 

бостандығынан шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған 

жағдайда ол адамның жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруға 

жатады. Ал, екінші адамның бас бостандығынан айыру жазасы бас бостандығынан 

шектеу жазасына ауыстырылып, ол адам жазасын өтеуден қаскөйлікпен жалтарған 

жағдайда жазасын қайтып бас бостандығынан айыруға ауыстыруға жатпайды. Бұл 

мәселе Қылмыстық-процестік кодексте де реттелмеген.

Қазіргі кезде осы заңдағы қарама-қайшылықты басқа да сотталғандар біледі 

және олар оны өз пайдаларына ұтымды пайдаланып жүр. Бұндай жағдайда заң 

барлық сотталғандарға бірдей және әділ болу үшін ҚР ҚК-нің 44-бабының 3-бөлі-

гіне толықтыру енгізіліп, осы баптың талаптары – жазалары бас бостандығынан 

айырудан бас бостандығынан шектеуге ауыстырылған сотталғандарға да қатысы 

барын заңмен белгілеу қажет. Сонда ғана заң бәріне бірдей және әділ болады. 

Майлыбай КОСУМБЕТОВ,

                                                   Ақтөбе облыстық сотының судьясы 

Мұндай талап құқық қорғау сала-

сында тіптен жоғары. 2013 жылы қа-

былданған «Құқық қорғау органдарының 

кадр саясаты» тұжырымдамасы негізінен 

құрылымдарды сапалы мамандармен қамта-

масыз етуге бағытталған. Кадр саясатына 

лайықталып арнайы тұжырымдаманың 

жасалуы тегін емес. Жалпы, өркениетті 

елдер көшіне ілесуді мақсат еткен елде қа-

уіпсіздіктің сақталуы, азаматтар құқының 

мінсіз қорғалуы басты талап. Ал, құқық 

бұзушылықтар санының өсуі, жасалған 

қылмыстардың дер кезінде ашылмауы аза-

маттардың күштік құрылым қызметкерлері-

не ғана емес, елдің ертеңіне деген сенімін 

азайтары анық. Сондықтан, тұжырымдама-

да кадр саясатына қатысты жаңа реформа-

лар қарастырылған. Осы мақсатта ТМД 

елдері, АҚШ, Сингапур, Германия, 

Ұлыбритания, Польша және тағы басқа 

мемлекеттердің кадрмен қамтамасыз 

ету тәжірибесі жан-жақты зерделенген 

болатын. Шетелдің тәжірибесінен бай-

қағанымыз, онда кадрлық жоспарлау 

қысқа мерзімдік және орта мерзімдік 

перспективаға лайықталып жүзеге асы-

рылады. Бұл елдерде білімнің жоғары 

деңгейі  ең  басты  басымдық  болып 

табылады. Сондай-ақ, тағы бір үлгі 

етерлік дүние бұл елдерде кадрларды 

тұрақты орнықтыру мақсатында жас 

мамандарды бейімдеудің тиімді жүйесі 

жасалған. Тәлімгерлік институтының 

дамуы жастардың ортаға бейімделіп, 

сапалы кадрлар сапына ертерек қо-

сылуына септігін тигізеді.

Тұжырымдама екі кезеңнен тұрады. 

2013-2016 жылдар аралығын қамтыған 

бірінші кезеңде кадрларға қажеттілікті 

қанағаттандырудың тиімді жүйесін 

енгізу; лауазымдарға жаңа талаптарды 

белгілеу және оларды бағалаудың әділ 

тәсілдерін енгізу; бос лауазымдарға 

орналасудың ашықтығы мен әділдігін 

қамтамасыз ету; кәсіби, қызметтік және 

дене даярлығының инфрақұрылымын 

құру көзделген болатын. Біз қазір осы 

міндеттерді кезең-кезеңімен орындауға 

қол жеткіздік.  Ал, екінші кезеңде кадр-

ларды кәсіби даярлау мен қайта даярлау 

сапасын арттырудың тиімді тетігін 

құру; бүкіл қызмет кезеңінде кәсіби 

дамытудың үздіксіздігі мен жүйелілі-

гін қамтамасыз ету; қызметкерлерді 

жоғары корпоративтік рухта тәрбие-

леу, қызметкерлерді уәждеудің тиімді 

жүйесін құру; органдардың оңтайлы 

ұйымдық-штаттық құрылымын жасау 

көзделген. 

Кадр саясаты қолданысқа мери-

тократия ұғымын енгізген болатын. 

Бұл  кәсіби  құзыреттілік  деңгейіне 

сәйкес бос орындарға орналасуға тең 

қолжетімділікті  қамтамасыз  етуге 

бағытталған. Үміткерлердің жұмысқа 

тұруына теңдей мүмкіндіктің берілуі, 

тәлімгерлік мектептің жолға қойылуы, 

ынталы  жастардың  сатылап  өсуіне 

қолдау көрсетілуі сала құрылымын 

сапалы кадрмен жасақтауға көмекте-

сері анық. 



Қайсар МОлдАКАшЕВ,

Алматы қаласы бойынша

 ҚСжАЕА басқармасының бөлім 

прокуроры

тұжырымдама 



жастардың өсуіне 

мүмкіндік береді



Мықты басшы маңайына білімі мен білігі келіскен, талабы мен 

таланты ұштасқан жандарды топтастыра біледі. Өз саласының 

ертеңін ойлаған жетекшінің азаматтарды тамыр-таныстықпен 

жұмысқа қабылдаудан бас тартатыны тағы белгілі. Себебі, ара-

ағайын арқылы мансап іздегендер мамандығының маңызын түсін-

бейді, оны ілгерілетуге еңбек етпейді. Ал, өз кәсібіне берілген 

жандар саланың жетістігін еселеуге қызмет етеді. Бұл қашаннан 

дәлелденген қағида.

Судьяға қойылар адамгершілік 

құқықтық талаптар ел Конституция-

сының нормаларында бекітіліп, сот 

төрелігінің демократиялық қағида-

ларына  енгізілген.  Әділ  сот  үшін 

маңызды әдеп дәрежесі қандай десек, 

ол ең алдымен баршаның сот пен заң 

алдындағы теңдігі екені белгілі. Яғни, 

бұл сотта іс қараудың әділдігі, бей-

тараптылығы, тең құқықтылығы мен 

адамгершілік т.б. қағидаттар қамтама-

сыз етіледі. Сондықтан, жаңа кодекс-

те судьяның берген антына адал, өз 

әрекеттерімен лауазымының жоғары 

мәртебесіне лайық болуы, сот төрелі-

гін іске асыруға, әдеп нормаларын 

мүлтіксіз сақтауы нақты көрсетілген. 

Өйткені, судья қызметі арқылы аза-

маттардың бойында Қазақстан Респу-

бликасының Конституциясын, елдің 

заңдарын құрметтеу сезімін қалыптас-

тырып, заңның үстемдік принципін 

орнықтыруға тиіс. 

Съезде Елбасы судьяларға жүк-

темені төмендету мәселесін көте-

ріп, билердің тәжірибелерінен үлгі 

алуға шақырды. Мемлекет басшы-

сы: «Азаматтарға істі сот процесіне 

жеткізгеннен гөрі татуласу тиімді 

екендігін түсіндіру керек. Бұл ретте 

құқықтық-ағартушылық  мәселесі 

маңызды болып саналады. Халықтың 

заңгерлік сауаттылығының арқасында 

сот дауларын еселеп қысқартуға бо-

лады», – деді. Әр съезд сайын Елбасы 



Е

л тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткен VII съезде судьялардың жаңартылған Әдеп кодексі 

қабылданды. Онда судьяларға қойылар талаптар ауқымы кеңейтілген. Сондай бір ерекшеліктің 

бірін айтар болсақ, бұдан былай сотқа жүгінуші судьяның іс-әрекетіне көңілі толмаса, Жоғарғы Сот жа-

нындағы Сот жюриіне шағымдана алады. Бұған қоса, құжатта судьяларға Президент, халық тарапынан 

қойылар талаптың барлығы ескерілген. Қысқаша айтқанда, Әдеп кодексінде судьялар жауапкершілігі 

одан әрі арттырылған.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 0.51 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет