АҢдатпа 6-бет 3-бет



жүктеу 0.51 Mb.

бет1/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3   4   5

Бүгінгінің бас тақырыбы

АҢДАТПА

6-бет

3-бет

(Соңы 3-бетте)

№145 (2923) 27 желтоқсан 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

Оңтайлы бағалау жүйесі —  

мемлекеттік басқару 

тиімділігінің  көрсеткіші

рақымшылық пен кешірім 

жасау — ізгілік қағидасының 

айқын көрінісі

Орайы келген әңгіме



(Соңы 5-бетте)

Түйткіл


Ақылбек НҰРҒАЛИЕВ, 

Ақтөбе облысы прокурорының 

жасырын тергеу әрекеттері 

заңдылығын қадағалау жөніндегі 

көмекшісі, 1-дәрежелі 

прокуратура үздігі:

«Әр орган өз 

жұмысын 

тиімді 


атқарса, 

заңсыздыққа 

жол берілмес 

еді»


Жазалары 

жеңілдетілгендерді 

жауапқа тартуға не кедергі?



Баспасөз — 2017

құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып 

жатқанын естеріңізге салғымыз келеді. 

төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, 

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


(Соңы 4-бетте)

– Ақылбек Молданиязұлы, об-

лыстық прокуратура ықпалымен  

қол жеткізген, ауыз толтырып 

айтарлықтай атқарған жұмыстар 

туралы айтсаңыз...

– Қоғамдағы тәртіп пен заңдылықты 

қамтамасыз  ету  міндеті  жүктелген 

құқық  қорғау  органдарының  орны 

айрықша. Олар заңдылық қағидасы не-

гізінде әрекет етеді. Ал, заңдылықтың 

мәні – құқық қорғаушы органдардың 

құқықтық нормаларды адал, жауапкер-

шілікпен сақтауында, орындауында, 

пайдалана және қолдана білуінде. Бұл 

тұрғыдан алғанда прокуратура орган-

дарына жүктелген міндет аса салмақты 

және жауапты. Тәуелсіздік жылдары 

прокуратура  ықпалымен  шешілген 

мәселелер көп. Олардың ішінен мұнай-

лы аймақтың экологиялық  ахуалын 

жақсартуға қосқан прокуратура үлесін 

ерекше атағым келеді. 



Қыстың қамын жаз ойлағанды жөн көретін елміз. Туризм саласына жауаптылар, 

керісінше, алдағы жаздың жайына қыстан бастап қамданып отыр. Әлбетте, «атың бар-

да жер таны, желіп жүріп» ұстанымымен шет мемлекеттерге саяхаттайтындар жыл он 

екі ай бойы табылады. Дегенмен, туризмнің көркі жазда қыза түсетіні аян. 

Ақпарат


ЕлбАСы рАДиАцияғА төзімДі 

трАнСфокАтор объЕктивтЕрін 

ШығАрАтын кәСіпорынғА бАрДы

мемлекет  басшысы  ресей  федерациясына 

жұмыс сапары барысында осындағы «Диаконт» 

акцио нерлік қоғамының қызметімен танысты.

кәсіпорынның  таныстырылымы  алдында 

Қазақстан  мен  ресей  президенттері  ресей  фе­

дера  циясының Қорғаныс министрлігі ұшағының 

апатқа ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады. 

нұрсұлтан назарбаев ресей халқына тағы да көңіл 

айтты.


«Диаконт»  акционерлік  қоғамы  радиацияға 

төзімді трансфокатор объективтерін шығаратын 

әлемдегі екі кәсіпорынның бірі болып саналады 

және  ғылымды  қамтитын  экономикадағы  қа­

уіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылғылар әзірлеу 

және өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылар 

қатарына кіреді.

                                                    Е.КАМАЛ

 

Қ.тоҚАЕв ҮСтЕл тЕнниСі 

фЕДЕрАцияСының прЕзиДЕнті 

болДы


Қазақстан республикасы үстел теннисінің фе­

дерациясын Қазақстан республикасы парламенті 

Сенатының төрағасы Қасым­Жомарт тоқаев басқа­

рады. бұл шешім кеше Астанада федерацияның ке­

зектен тыс өткен конференциясында қабылданды.

бұл лауазымда Қасым­Жомарт тоқаевтың ал­

дында бақтықожа ізмұхамбетов болған еді. одан 

басқа, федерацияның басшылық органы сайланып, 

Данияр Абулғазин бас хатшылыққа тағайындалды.

«нәтижелі  жұмысқа  және  маған  көрсетілген 

сенімге орай, мен конференцияға қатысушыларға 

алғыс  білдіремін.  біздің  алдымызда  төрт  жыл­

дық жаңа кезең басталды. 2020 жылы токиода 

өтетін олимпиадада маңызды жарыстарда сынға 

түсетін боламыз. Үстел теннисіндегі нәтижелерді 

жақсарту  жөніндегі  күрделі  де  қиын  жолдар­

ды бірге бағындырамыз. Сондықтан, аймақтар­

дағы материалдық­техникалық базаны нығайту 

және аймақтық федерацияны дамыту, жаттықты­

рушылар құрамының біліктілігін арттыру, біздің 

спортшыларды сапалы жаттығу жағдайларымен 

қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты 

дамыту және үстел теннисінен әлемдік спорт аре­

насында Қазақстанның орнын күшейту қажет деп 

санаймын. федерацияның басты міндеттерінің бірі 

үстел теннисінің елімізде кеңінен қанат жаюын 

қамтамасыз ету, спорттың осы түріне бұқаралық 

сипат  беру  болып  табылады.  Сондай­ақ,  үстел 

теннисін дамыту саласында озық тәжірибелермен 

алмасуды ұйым дастыру да маңызды», – деп атап 

өтті Қ.тоқаев.

конференцияға  қатысушылар  Қазақстандағы 

осы спорт түрін дамытудың қазіргі кездегі өзекті 

мәселелерін талқылады. Сондай­ақ, конференция­

да федерация атқару комитетінің жаңа құрамы 

бекітілді.



                            С.ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 

өзінің халыққа арнаған дәстүрлі 

жолдауларында ұлттық құқықтық 

жүйені халықаралық құқықтық 

стандарттармен сәйкестендіре 

отырып реформалар жүргізу ке-

ректігін айтқан болатын. Осы 

орайда, елімізде жаңа Қылмыс­

тық, Қылмыстық­процестік және 

Қылмыстық атқару кодекстері 

қабылданды. Осылайша жоғары-

да аталған заңдар 2015 жылдың 

1 қаңтарынан күшіне еніп, қол-

данылып келеді. Сонымен қатар, 

Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт 

жоспарында да әлемдегі дамыған 

мемлекеттердің отыздығына кіру 

үшін заңның үстемдігін қамта-

масыз етуді басымдылық ретінде 

белгіледі.  Осы  жолдауда    сот 

саласын және құқық қорғау ор-

гандарының қызметін жетілдіру 

туралы кеңінен айтылған.  Алай-

да,  қазіргі  таңда  Қылмыстық, 

Қылмыстық­процестік заңдар әлі 

де толықтыруды қажет етеді деп 

есептеймін. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 73­

бабы бойынша жазаның өтелме-

ген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза 

түріне ауыстыру қолданылған 

адамдарға, егер олар жеңіл жа-

заны өтеуден қаскөйлікпен жал-

тарса немесе заңбұзушылықтарға 

жол берсе, осы бапта жеңіл жаза-

ның күшін жою жөнінде тәртіп-

тері көрсетілмеген.  

Сот практикасында үкім бо­

йынша бас бостандығынан айы-

рылып сотталған адамдар, кейін 

жазалары  жеңіл  жазаға  –  бас 

бос тандығынан шектеуге ауысты-

рылып, ол адамдар осы жеңіл жа-

заны өтеуден қасақана жалтарып, 

өздеріне жүктелген міндеттерді 

орындамаған жағдайда ол сот-

талғандар жауапқа тартылусыз 

қалып жатыр. Себебі, ондай сот-

талғандарға заң бойынша шара 

қолдану реттелмеген. Мысалы, 

Ақтөбе облысы Алға аудандық 

сотының  7  сәуір  2011  жылғы 

үкімімен азамат ҚР ҚК 179­бабы 

2­бөлігінің «а,в,г» тармақтарымен 

8 жылға бас бостандығынан айы­

рылып, белгіленген жазаның қа-

таң тәртіптегі түзеу мекемесінде 

өтеуге сотталған. Ақтөбе облысы 

Мұғалжар аудандық №2 сотының 

16 сәуір 2015 жылғы қаулысымен 

оның өтелмеген 3 жыл 9 ай 20 

күн бас бостандығынан айыру 

жазасы жеңіл жаза түріне – бас 

бостандығынан шектеу жазасы-

на ауыстырылған. 14 мамырда 

ол  Алға  ауданының  пробация 

қызметіне есепке алынып, оған 

бас бостандығынан шектеу жаза-

сын өтеу тәртібі мен жағдайлары 

және оның міндеттері түсіндіріл-

ген. Алайда, ол азамат бас бос­

тандығынан  шектеу  жазасын 

өтеу кезінде өзіне жүктелген мін-

деттерді орындамай, жаза өтеу 

тәртібін  бірнеше  рет  өрескел 

бұзған. Сонымен қатар, бір рет ау-

дандық пробация қызметіне арақ 

ішкен мас күйінде барған.

Осы жағдайларды ескеріп,  ау-

дандық пробация қызметінің бас-

шысы сотқа ұсыныс беріп, оның 

бас бостандығынан шектеу жаза-

сын қайтып бас бостандығынан 

айыру  жазасына  ауыстыруды 

сұраған. Ақтөбе облысы Алға 

аудандық сотының 7 сәуір 2011 

жылғы  қаулысымен  аудандық 

пробация қызметі басшысының 

ұсынысы қанағаттандырылып, 

бас бостандығынан шектеу жа-

засы бас бостандығынан айыру 

жазасына ауыстырылған. Бірақ, 

Ақтөбе облыстық сотының қыл-

мыстық істер жөніндегі сот алқа-

сының 21 маусым 2016 жылғы 

қаулысымен Алға аудандық соты-

ның 7 сәуір 2011 жылғы қаулысы-

ның күші жойылып, жаңа қаулы 

қабылданып, пробация қызметі 

басшысының ұсынысы қанағат-

тандырусыз қалдырылған.



Осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын еліміздің барлық құқық қорғау, 

қадағалау, сот органдары қылмыстық заңының және қылмыстық іс жүргізу 

заңының жаңа моделіне көшті. 

қор туристерге қолдау 

көрсете ала ма?!

Айтпағымыз, қазақстандық азаматтардың құ­

қығын кепілдендіру жүйесі жайлы. Бұл – Үкімет 

қаулысымен мақұлданған жүйенің ресми атауы. 



2

№145 (2923) 

27 желтоқсан 2016

zangazet@mail.ru

құқық

Батыс Қазақстан 

облыстық сотының 

азаматтық істер жө­

ніндегі апелляция лық 

сот алқасы Орал қа­

ласының №2 соты­

ның шешімін өзгеріс­

сіз, ал, апелляциялық 

шағымды  қанағат­

тандырусыз қалдыр­

ды.

Іс материалдарына сәйкес, 

К.Қазмұхамбетов өртке қарсы 

қызмет органында прапорщик 

дәрежесінде қызмет атқарып, 

қызмет  етудің  шекті  жасы-

на жетуіне байланысты 2013 

жылдың қыркүйегінде меке-

ме  бұйрығымен  қызметінен 

босатылған. Қызметінен бо-

сатылған кезде жалпы еңбек 

өтілі 25 жылды құраған. Оның 

ішінде  еңбек  жылдарының 

13 жыл 6 айын мемлекеттік 

өртке қарсы қызмет органына 

арнаған. Алайда, жұмыстан бо-

сату кезінде оған заңға сәйкес 

зейнетақы тағайындаудан бас 

тартылған.  

Орал  қаласының  №2  со-

тының  10.11.2016  жылғы 

шешімімен К.Қазмұхамбетов­

тің  жауапкер  «БҚО  бойын-

ша ішкі істер департаменті» 

ММ­нің әрекетін заңсыз және 

бұзылған құқықтарын жоюды 

міндеттеу туралы талап арызы 

бойынша, зейнетақы төлеуден 

бас тарту туралы әрекеті заңсыз 

деп танылды. Талап арыздың 

қалған бөлігі қанағаттандыру-

сыз қалдырылды.

Бірінші сатыдағы соттың 

шешімімен келіспеген мекеме 

өкілі шешімнің күшін жойып, 

жаңа шешім шығару туралы 

апелляциялық шағым түсір-

ген. ҚР Азаматтық іс жүргізу 

кодексінің 427­бабының та-

лаптарына сәйкес, апелляция­

лық тәртіппен сот шешімінің 

күшін жоюға не оны өзгертуге 

іс үшін маңызы бар мән­жай-

лар ауқымының дұрыс айқын-

далмауы және анықталмауы, 

дәлелденбеуі,  материалдық 

немесе процестік құқық нор-

маларының бұзылуы немесе 

дұрыс қолданылмауы негіз бо-

лып табылады. Мәні бойынша 

дұрыс сот шешімінің күші бір 

ғана формалды пайымдаулар 

бойынша жойылмайды.

Облыстық соттың азамат-

тық істер жөніндегі сот алқасы 

азаматтық іс материалдарын 

зерделеп, талапкердің, жауап-

кер өкілінің жауаптарын және  

прокурордың қорытындысын 

тыңдап, бірінші сатыдағы сот 

шешім  шығаруда  жоғарыда 

аталған бұзушылықтарға жол 

бермегендігін  басшылыққа 

алып, шешім өзгеріссіз қалды-

рылуға жатады деген шешімге 

келді.


Айжан НҰРЖІГІТОВА,

Батыс Қазақстан облыстық 

сотының баспасөз хатшысы 

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы 

Әбдіқанов Қазақстан Республикасы Тәуелсізді-

гінің 25 жылдығына арнайы салтанатты жиналыс 

өткізді. Іс­шараға судьялар, сот жүйесінің ардагер-

лері мен қызметкерлері қатысты. Әділет департа-

ментінің басшысы А.Дермановский мен Медиа­

цияны дамыту орталығы өкілдігінің директоры 

А.Әміржанов салтанатты жиналыстың құрметті 

қонақтары болды.

Сот төрағасы тәуелсіз Қазақстанның негізгі 

жетістіктері мен тәуелсіз еліміздің құрылуындағы 

Елбасының рөлі туралы баяндама жасады. Облыс­

тық соттың баспасөз қызметі әзірлеген Қазақстан 

Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ар-

налған видеофильм көрсетілді.

Салтанатты жиналыста Н.Әбдіқановқа А.Дер-

мановский Қазақстан заңгерлері одағы атынан 

«Қазақстанның құрметті заңгері» төсбелгісін та-

быс етті. «Қазақстанның құрметті заңгері» төсбел-

гісі адамның құқығы мен бостандығын, құқықтық 

мемлекет құруда, еліміздің мемлекеттігін нығай-

тудағы елеулі үлесі үшін мемлекет және қоғам 

қайраткерлеріне, танымал заңгерлерге беріледі.

 А.Әміржанов облыстың сот жүйесін Тәуел-

сіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, Медиацияны 

дамыту орталығының атынан медиация ісін дамы-

туда және келісімді азаматтық қоғам қалыптасты-

руда қосқан белсенді үлесі үшін Ақмола облыстық 

сотының судьясы Роза Ертаеваға, Көкшетау қала-

лық сотының судьялары Айнагүл Аймурзинова 

және Қайрат Хасеновке алғысхаттар табыс етті. 

Облыстық сот төрағасы құрметті қонақтарға 

табысты әріптестігі үшін ҚР Тәуелсіздігінің 25 

жылдығы қарсаңында Құрмет грамоталарын та-

быс етті. Салтанатты іс­шара судьялар мен сот 

жүйесінің қызметкерлерін қызметтік міндеттерін 

үлгілі әрі адал атқарғандары үшін марапаттаумен 

жалғасты.

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 

«Үш би» құрмет белгісімен Ақмола облыстық со-

тының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 

төрағасы Ерлан Жанәділов және Ақмола облыстық 

сотының судьясы Сәуле Қияшева марапатталды. 

Іс­шара мерекелік концертке ұласты. 

Ақмола облыстық сотының 

баспасөз қызметі

Сот іс қарады



Зейнеткер құқығы 

апелляциялық сатыда қорғалды 

Жиын

Судьялар марапатталды

Шығыс Қазақстан облыстық 

сотының  төрағасы  Досжан 

Әміров Тарбағатай аудандық со­

тында болып, азаматтарды қа­

былдады. 

Қабылдауда болған азаматтар М.Абуғазин, 

М.Исадилова, М.Атантаеваға айтқан өтініштері 

бойынша қандай мемлекеттік органдарға жү-

гіну тәртібін түсіндіріп, мәселенің шешімін 

табудың заң тұрғысында жолдарын ұғындырды. 

Қабылдауда аудандағы кәсіби емес медиаторлар 

медиация тәртібімен дауды сотқа дейін шешудің 

тиімділігі туралы ойларын бөлісті. Сонымен 

қатар, Қазақстан Республикасы судьяларының 

кезектен тыс өткізілген VІІ cъезінде қабылдан­

ған судьялардың Әдеп кодексінің нормалары 

түсіндірілді. Елбасы Н.Назарбаевтың әділ сот 

төрелігін жүзеге асырудағы міндеттерін орын-

даудың маңыздылығын пысықтап, жыл бойы 

атқарған жұмыстарға ризашылығын білдіре 

келе, алдағы уақытта да мінсіз қызмет етуге 

бағыт­бағдар берді.



Тарбағатай аудандық сотының 

баспасөз қызметі

ШығыС ҚАзАҚСТАН ОБлыСы

Қабылдау

Төраға тұрғындармен 

кездесті


Жоғарғы Сот департаменті 

мен Астана қаласының сотта­

ры қайырымдылық акциясын 

ұйым дастырды. Акция шең-

берінде  сот  жүйесінің  қыз-

меткерлері көпбалалы, аз қам­

тылған  отбасыларға  көмек 

көр сетті. Жеті баланың анасы, 

«Алтын алқа» иегері Мәрияш 

қаланың шеткі ауданында тұра-

ды. Отбасының материалдық 

жағдайы төмен, меншігінде 

баспанасы жоқ. Қазіргі уақыт-

та жатақханада бөлме жалдап 

тұруға мәжбүр.

Сот қызметкерлері осы от-

басыны азық­түлікпен, жылы 

киім­кешектермен, тұрмыстық 

техникамен, мектепке қажетті 

заттармен және балалар ойын-

шықтарымен қамтамасыз етті. 

Мәрияш ана көрсетілген көмек 

пен қолдау үшін сот қызмет-

керлеріне өз алғысын білдірді.

Департамент  басшысы 

А.Тоқ саба батыр анамен әң­

гіме лесу барысында бұл қайы­

рым дылық  акциясы  Астана 

қа ласының соттары макулатура 

жинап, тапсырғаннан түскен 

қаражатқа ұйымдастырылға-

нын атап өтті. Мұндай қай-

ырымдылық  акциялары  ал-

дағы уақытта да тұрақты түрде 

жалғасын таппақ.

Әскери соттар әкімшісінің 

басшысы  Н.Байтілесов  сот 

жүйесінің  электрондық  құ-

жат айналымына көшуі кеңсе 

қағаздарын сатып алуға кететін 

бюджет қаражатын үнемдеу-

ге мүмкіндік бергенін айтты. 

Сатып алынатын аз көлемдегі 

кеңсе қағаздары пайдаланған-

нан кейін қоқысқа тасталмай, 

жинақталып макулатура өңдей-

тін арнайы мекемелерге тапсы-

рылады. Түскен қаражат қайы-

рымдылыққа бағытталмақ.

Еске салсақ, ҚР Жоғарғы 

Сотының бастамасымен 2016 

жылдың сәуір айынан бастап 

республика соттары макулату-

ра жинау жұмысын қолға алған 

болатын. Бүгінгі күні респу-

блика бойынша барлық сот-

тардан 70 тоннадан астам ма-

кулатура жиналып, одан 2 млн  

теңге  шамасында  қаражат 

түскен. Оның ішінде 8 тон-

надан  артық  макулатураны 

Астана қаласында орналасқан 

соттар, соның ішінде әскери 

соттар жинаған. 



Ерлан АХМЕДЖАНОВ

Акция


Қағаздан түскен қаржы 

қайырымдылыққа 

жұмсалды


ҚР Мемлекеттік қызмет іс­

тері  және  сыбайлас  жемқор-

лыққа қарсы іс­қимыл агенттігі 

төрағасының орынбасары Алик 

Шпекбаев  жұмыс  сапарымен 

Қызылорда облысына келді. 

Сапар барысында агенттік 

төрағасының орынбасары «Нұр 

Отан» партиясының Қызылорда 

облыстық филиалының ғимара-

тында азаматтарды жеке мәселе-

лерімен қабылдады. Қабылдауға 

келген тұрғындар негізінен мем-

лекеттік қызметке тұру, құқық 

қорғау органдарына кадр дайын-

дау, мүмкіндігі шектеулі жандар 

үшін кедергісіз орта қалыптас­

тыру, мемлекеттік көрсетілетін 

Ішкі істер органдарының 19 зейнеткері бойла-

рында аздап толқыныс болса да, көтеріңкі көңіл 

күймен Алматы қаласына желтоқсанның 6­сы күні 

аттанған болатын. Солтүстіктің аязынан Алматы-

ның жылы ауа райына аттанған олар ведомстволық 

шипажайда 10 күн емдеу­сауықтыру курстарынан 

өтіп, ем алып қайтты. Сапарды ұйымдастыру, арда-

герлермен ілесіп жүру және басқа да мәселелер бой-

ынша кеңес беру ІІД кадр жұмысы басқармасының 

қызметкерлеріне жүктелді. Енді, міне, туған өлкеге 

келетін уақыт та келіп жетті. Теріскейдің қытымыр 

аязы мен уақыттың кештігіне қарамастан, ардагер-

лердің жүздерінен қуаныш байқалады.

«Шипажайда түрлі ем шараларын қабылдадық. 

Күн сайын түс ауа қала ішін аралап, шаһардың 

көрікті жерлерін көріп келуге мүмкіндік болды. 

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына және  Жаңа жыл 

мейрамына орайластырып осындай сапар ұйым­

дас тырған ІІД басшылығына, кадр жұмысы басқар-

масы мен ІІД ардагерлер кеңесіне алғысымызды 

білдіреміз», – дейді ішкі істер органдарының арда-

гері Нина Бенграф.

Облыстық ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы 

Сұраған Көпеев нақтылағандай, ардагерлерді 

Алматы шипажайына жіберу бастамасын ІІД 

бастығы, полиция генерал­майоры Берік Біләлов 

қолға алған. Бұл ардагерлердің биылғы жылы 

ұйымдастырылған екінші сапары болып отыр. Екі 

жыл ішінде осы сынды 6 сапар ұйымдастырылды. 

Таулы жердегі шипажайда 125 солтүстікқазақстан-

дық ардагер ем қабылдап қайтты. 

Юрий КЛЫКОВ, 

СҚО ІІД баспасөз қызметі

Іссапар


Алик Шпекбаев 

азаматтарды қабылдады

қызметтердің сапасы, сонымен 

қатар, облысымызда мемлекет-

тік мекемелер жұмысының әр 

уақытта басталуы сияқты мәсе-

лелер төңірегінде сауалдар қой-

ды. Өз кезегінде А.Шпек баев  

тұр ғындардың  сұрақтарына  

жауап беріп, көтерілген кейбір 

мәселелердің заң аясында қара-

латынын жеткізді.

Жеке  қабылдаудан  кейін 

агенттік төрағасының орынба-

сары Қызылорда қаласындағы 

халыққа қызмет көрсету орта-

Шипажай

Солтүстікқазақстандық ішкі 

істер органдарының 20-ға жуық 

ардагері Қазақстан Республика-

сы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын 

оңтүстік астанамыздың ведом-

стволық шипажайында қарсы 

алды.

Ардагерлерге 



құрмет 

көрсетілді

лығында болып, мекеменің жұ-

мысымен танысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері 

және сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл агенттігі 

Қызылорда облысы бойын-

ша департаментінің баспасөз 

қызметі


№145 (2923) 

27 желтоқсан 2016

3

zangazet@mail.ru



қоғам

Көзқарас


Бүгінгінің бас тақырыбы

Қор туристерге Қолдау 

көрсете ала ма?!

Түсінікті тілде тарқатып көрсек, 

«ел көрейін, жер көрейін» деген желеу-

мен туристік сапарға аттанып, ақырын-

да барған жерінде түрлі жағдайға тап 

болып, елге қайта алмай әуреге түсетін 

туристер  қаншама.  Мәселен,  осы 

уақытқа дейін бас-аяғы 12 мың адам 

сапарлаймын деп сарсаңға түскен. Бұл 

Инвестициялар және даму министрлі-

гінің өкілдері келтірген дерек. Атал-

мыш министрлікке қарасты Туризм 

департаменті туристік операторлардың 

салғырттығынан туристердің өзге мем-

лекеттердегі демалыс орындарының 

ақысы мен қайтар билеттері төленбей 

қалған жағдай, әсіресе, 2014-2015 

жылдары көп тіркелген. 

Осындай олқылықтарды болдыр-

мау  үшін  Үкімет  кешегі  қарашада 

қаулы қабылдаған-ды. Сол бойын-

ша арнайы «Туристік Қамқор» қоры 

құрылды. Бұдан былай аталмыш қор 

шетелден қайта алмай қалғандарға 

қол ұшын созады. «Туристер төтенше 

жағдай болған уақытта елге қайта 

алмай қалып жатады. Ал, туропера-

торлар өз міндеттерін орындай ал-

майды. Мұндай жағдайды болдырмау 

үшін осы қорды құрып отырмыз. Осы 

бағытта екі құралды жүзеге асырамыз. 

Біріншіден, туроператорлар банкке 

бірнеше кепілдік түрін төлейді. Егер 

тәуекел жоғары болса, туроператорлар 

30 млн теңгеге дейін кепілдік ұсынады. 

Ал, егер қарапайым қызмет түрі болса, 

кепілдік құны 10 млн теңгені құрайды. 

Екіншіден, турдан түскен қаржының 

бір бөлігі қорға аударылады. Ол ақша 

шұғыл жағдай болған кезде қажетке 

жаратылады», – деп сендіреді қор ди-

ректоры Инна Рей. 

Қор басшысының сөзінше, қорға 

аударылатын ақша 0,5 АЕК, яғни 1061 

теңге шамасында болмақ. Ал, банктегі 

туроператор төлеген кепілдік сақтан-

дыру қызметін атқарады. Яғни, осы 

жүйенің қатысушысы саналатын туро-

ператордың кесірінен турист шетелде 

қиын жағдайда қалса, жүйенің әкімшісі 

банкке хабарласып, ондағы кепілдікте 

тұрған қаржы қорға беріледі-мыс. Сол 

қаржының есебінен қор туристің қо-

нақүйде тұрған ақысын, тамақ ақысын, 

қайту билетін төлейді. Әрине, бұл ту-

роператор «бүлдіреді», оны қор «қал-

пына келтіреді» дегенді білдірмейді. 

Тұтынушыларын жат жерде қалдырған 

мекемелер қалайда онысы үшін жауап 

беретін болады. 

Сондай-ақ, біз сөз етіп отырған 

азамат тардың құқығына кепілдік беру 

жүйе сі жұмыс істеп, қор көмекке мұқ-

таж болғандарға қол соза алуы үшін 

туроператорлар оған мүше болуы тиіс. 

Сондықтан, қазіргі уақытта туристік 

қызмет ұсынатын коммерциялық меке-

мелерді жүйеге қосу жұмыстары жүріп 

жатқанын айта кету керек. Таяуда осы 

мәселеге байланысты Орталық комму-

никациялар қызметінде Инвестициялар 

және даму министрлігі өкілдері мен қор 

директорының қатысуымен баспасөз 

мәслихаты өтті. Сонда «2016 жылдың  

7 қарашасынан бастап Қазақстаннан 

туркодсыз шығу заңсыз болып табы-

лады. Бұл арада мәселе еріктілік, қалау 

немесе қаламау жайлы емес. Осы күні 

40 туроператор қордың мүшелігіне 

енді және 25-тен астамы келіссөз жасау 

үстінде. Жыл соңына дейін бәрі заңды 

болуы тиіс», – деп бұл талаптан барлық 

туроператорлардың өтуі тиістігін мең-

зеген қор директоры Инна Рей туркод 

туралы да түсінік бере кетті. Яғни, 

турист туркомпаниядан туркодты талап 

етуі керек, ал, туркод қор сайтындағы 

сандық нөмірден тұрады. Турөнімді 

сатып алған азамат аталмыш қорда 

сақтандырылғаны туралы сайттан біле 

алады. Егер өзін реестрдан тапса, онда 

шетелге еш уайымсыз шыға беруіне бо-

лады. Өйткені, «қор оны қиын жағдайда 

қалдырмайды, аталған жүйе Еуропа, Ре-

сей мен АҚШ-та бар» деп сендірді «Ту-

ристік Қамқор» қорының басшысы. Ал, 

Инвестициялар және даму министрінің 

туризм мәселесі бойынша кеңесшісі 

Қайрат Сәдуақасов қорда жеткілікті 

қаржы көлемі жиналғаннан кейін, тіпті, 

алдағы уақытта шетелде түрлі төтенше 

жағдайға тап болған туристерге матери-

алдық өтемақы төлеу секілді қосымша 

көмектер де қарастырылуы мүмкін 

екендігін жеткізді.

Бір сөзбен айтқанда, «Туристік 

Қамқор» қоры да, оған қолдау көрсетіп 

отырған министрлік те қазақстандық 

туристер шетелде алаңсыз демалса, 

уақытын жақсы өткізсе екен дегенді 

мұрат тұтатын секілді. Ал, аталмыш 

қордың туристерге қатысты қорда-

ланған мәселені қаншалықты шеше 

алатынын, әрине, уақыт көрсетеді. 




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал